Тұлға және тұлғааралық қарым-қатынас


5ДӘРІС. ТҰЛҒА ЖӘНЕ ТҰЛҒААРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС.
Тақырыптың негізгі ұғымдары: Тұлға, жеке адам, қарым-қатынас, тұлғааралық қатынас.
Дәрістің мақсаты: Тұлға және тұлғаарлық қатынасты теориялық-әдіснамалық
тұрғыда қарастыру.
Қарастыратын тақырыптар:
- Тұлға және жеке адам туралы жалпы түсінік.
- Жеке адам және оның бағыт-бағдары.
- Жеке адам және қарым-қатынас психологиясы.
- Қарым-қатынастың жақтары мен түрлері.
- Қарым-қатынастың формалары мен түрлері.
- Тұлғааралық қатынастарды зерттеу және бағалау әдістемелері.
Белгісіз нәрсе мақсат бола ала ма? Егер мәселе жеке адамның өміріндегі тұрмыстық мақсаты жайында болса, мұнымен келісуге болады. Егер қоғам үшін маңызды процесс, жоғары білім мақсаты туралы айтсақ ол маңызды мәселе. Жоғары білімнің басты мақсаты ретінде тұлғаның сәтті дамуы психологиялық зерттеудің пәні ретінде тұлғаның мәніне ғылыми енуінің деңгейіне өте қатты байланысты. Сонымен мұнда тек теориялық емес, сонымен бірге ғылыми-қолданбалы, практикалық аспектінің мәні де зор. Соңғысына ең алдымен тұлғаны диагностикалау жатады. Тұлғаны диагностикалаудың нақты әдістерінсіз нәтижелі бақылау және өзін-өзі бақылауды, сонымен қатар, тұлғаның дамуы мен өзін-өзі дамытуын анықтау қиынға түседі. Кез-келген тұлғаның теориясы диагностикалық практикасыз және т. б. жасалмайды. Біздің елімізде жарамсыз ғылыми бағыттарды қудағалаумен, әсіресе 1936 жылы педалогия мен диагностикалық тестілеуге тыйым салумен байланысты қиын жылдар тұлға психологиясының дамуына да кері әсерін тигізді. Осы саладағы атаулы келеңсіздіктер көрсеткіші тұлғаны зерттеудің отандық әдістемелердің жеткілікті деңгейде өңделмегендігінен, практиктердің шектен тыс валидтілігі жеткілікті деңгейде емес шетел әдістемелеріне сүйенуінен көруге болады.
Тек тұлғаның жалпы психологиялық теориясы тұрғыдан жіктеуді айтпағанда құруға ғана емес, сонымен бірге оның практикалық мақсаттарда қолдануға кедергі болатын кейбір қиындықтарды атап өтейік:
- Тұлға көрініс беретін және зерттеуге болатын, шындық аумағын шектелген түсінік. Көп жағдайда мұндай аумақ зерттелетін адамдар контингентіне байланысты еңбек, оқу және т. б. «іс-әрекетке» алып келеді. Осыған байланысты А. Н. Леонтьевтің «Деятельность. Сознание. Личность. » атты еңбегі еске түсірсек жетіп жатыр. Әрқашан психологиялық құбылыстарды жүйелі түрде түсінуге ұмтылған Б. Ф. Ломов психологтарды едәуір кең шынайылылықты зерттеуге шақырған (мәселен, мінез-құлық және т. б. ) . Тұлға көріністерінің едәуір бара-бар және кең көлемді аумағы болып, К. А. Абульханова-Славская атап өткендей, жалпы өмір сүру кейпі мен өмір сүру әрекеті табылады. Шын мәнінде, студенттің декларативті мінез-құлқы оқу іс-әрекетінде демалыс уақыты мен формальді емес өзараәрекеттерде көрінетін шынайы мотивтер жасырып қалады.
- Көптеген психологиялық зерттеулерде және диагностикалық әдістемелерде кездесетін тұлғаның бытыраңқылығы мен оның көріну жағдайлары. Бұл тұлғаны «қасиеттер теориясының» арнасында зерттеу барысында көрінді. Америка психологиясының жетекші психологы Ю. Дженнинге (1961 ж. ) осы салада жазылған көптеген зерттеулерге қорытынды жасай отырып былай деген: «Аталған зерттеулерде лидерлерге тән көптеген қасиеттер айтылған практикалық міндеттерді шешпейді. 50 жыл бойы жүргізілген зерттеулер лидерлерді лидер еместерден ажыратуға мүмкіндік беретін тұлғаға тән қырлары мен қасиеттері жиынтығын бермеді». Осыған ұқсас зерттеулер біздің елде де жетерлік.
- Әлеуметтік факторлардың рөлін асыра бағалау, яғни онтогенезде тұлғаның дамуы генетикалық түрде шартталмаған және оқудың, әлеуметтенудің нәтижесінде меңгерген табиғи, диалектикасын есепке алмай, адамның әлеуметтену процесі ретінде ғана көрінеді. Әлеуметтенуді осылай жоғары бағалау, белсенділігі төмен және шығармашыл емес тұлғаның қалыптасуына алып келетін қатаң түрде берілген сыртқы эталондар ретінде әлеуметтік факторлардың бір жақты әсерімен сәйкес келетіндігі қызықты. Психологиялық әдебиеттерде тұлғаны зерттеу қиындықтарын мойындау қандай да бір оң ұсыныстарымен қатар жүреді. В. А. Богданов әлем бірлігіне тоқталу, модельдеу әдісінде мінез-құлық пен психикалық сананың философиялық дуализімін жеңудің негізгі жолын көреді: «Дуализмнің әсері жағдайды талдау және психикалық құбылыстардың талдау категорияларының әртүрлігіне байланысты шығады. Осы қиындықтан өту үшін психологиялық координаттарда жағдайларды жіктеу керек». Біз төменде байқайтынымыздай, соңғы сөйлем өте құнды. Алайда дуализмді жеңудің нақты жолдарын іздестірген тиімді. Стильдің (өмір, тұлға, қарым-қатынас, іс-әрекет және т. б. ) түрлі психологиялық зерттеулерде мұндай нақты жол жасалып жатқанына көп болды (Г. Олпорт, 1937; А. Адлер, 1927; С. Стаднер, 1962; В. С. Мерлин, 1982 және т. б. ) . «Тұлғаның іс-әрекеті мен қасиеттерінің объективті талаптарының өзараәрекеттесуі» ретіндеіс-әрекеттің стилінеедәуір сәтті және жалпыланған анықтама С. Мерлин берді . В. С. Мерлиннің іс-әрекет стиліне берген анықтамасына сүйене отырып, біз өмір сүру стилінің едәцір кең концепциясын жасадық: «Адам өмір сүруінің стилі дегеніміз бұл тұлғаның қасиеттерін және өмір сүрудің объективті талаптарын салыстырумен анықталатын оның тіршілік әрекеті амалдарының тұрақты жүйесі. Өмір сүру кейіпіне қарағанда өмір сүру стилі өмір сүрудің объективті жағдайларын қамтымайды, тек олардың субъективті бейнесі ғана енеді. Стильдің мәні адамның өмір сүру әркетінің әртүрлі түрлері бойынша оның тұлғалық потенциалын қалай жұмсайтындығығынан көрінеді». Осыған сәйкес, тұлғаны диагностикалауға байланысты жүйелі-стильдік әдіс жасалынды. Оның сыртқы көрінісі Дж. Келлидің «репертуарлық торына» ұқсайды, алайда әдебиеттерде кездесетін тұлғаны зерттеу әдістемелерінен Д. Келли және оның ізбасарлары ұсынған әдістемесі мазмұны жағынан ерекшелінеді. Оның басты ерекшелігі бұл тұлғаның басқа концепциясын, яғни жүйелі-стильдік тұжырымдамасы түрде жүзеге асыруда. Онда тұлға өмір сүру стилінің ішкі жүйесі ретінде қарастырылады. Біздің концепциямызға сай, тұлғаны жүйе-стильдік әдіс бойынша зерттеу өзін-өзі бағалаудың екі жақты карталар ретінде жүзеге асады. Оның бірінші өлшемі - тұлғалық қасиеттер (құндылықтар, ұстанымдар, бейімділіктер және т. б. ), ал екіншісі - өмір сүру әрекетінің түрлері (тұлға қалыптасатын жағдайлар) . Біздің жеткілікті дәрежедегі кең психодиагностилық тәжірибеміз көрсеткендей, сол не басқа тұлғалық ерекшеліктері көрінетін индивидтің өзінің өмірлік мәселелері мен жұмысының түрлерін белгілі бір түрде реттеу (жіктеу, ранжирлеу және т. б. ) бұл индивидтің тұлғасы жөнінде пікірлерді білдіруге жоғары ақпараттық және оның өмірлік жолын және кәсіби дамуын болжауға жоғары дәрежелі валидті болып табылады. Сонымен, тек диагностикаға ғана емес, сонымен бірге тұлғаның дамуына қатысты маңызды мәселе бар. Өмір сүру стилі аясында тұлға және өмір сүру әрекеті деген екі түрлі құбылыстарды біріктірудің теориялық негізі бар ма екен? Олардың бірегейлігін, тіпті «туыстығын» көрсету үшін тұлғаның жаңа түсініктемесінен шығуы керек.
- Адамның тұлғасы - бұл оның өмір сүру әрекеті тәжірибесінің едәуір жалпыланған және дамушы жүйе. Сондықтан да тұлғалық ерекшеліктерінің адамның жекелік тәжірибесін жоғарылататын білімдермен, ептіліктермен, дағдылармен бірлігін көруге болмайды. Тәжірибелердің аталған әртүрлі формаларының арасындағы принципиалды айырмашылық - жалпылау процестерінің мазмұны мен бағыттылығында.
- Тұлғаның құрылымға келтірілуі - адамгершіліктің, мотивациясының, танымдық стилінің, эмоцияналдылығы, әрекеттерді еріктік басқару және т. б. сол не басқа параметрлері бойынша жалпылаудың қалыптасқандығына байланысты. Жалпылаудың қандай да бір «аумағына» болсын кез-келген субъектілікке негізделген түрлі объекттер кіруі мүмкін: адам өміріндегі жеке жағдайлар, сыртқы объектілер немесе олардың көріністері (мысалы, түстердің түрлері, олардың қанықтығы немесе ашықтығы және т. б. ), субъективті жағдайлар мен көңіл-күйлер және т. б. Жалпылаудың ерекшелігіне байланысты, қандай да бір индивид бір жағдайда мысалға, адал (еңбекқор, қарым-қатынасқа оңай түсетін және т. б. ) болса, басқа бір жағдайда басқа, тіпті қарама-қайшы қасиеттерін көрсетуі мүмкін.
- Тұлға - дамушы және динамикалық (өзгергіш) жүйе. Оның дамуы тек сыртқы өлшемдермен, үлгілермен ғана анықталмайды. Мұнда мәселе қандай да болмасын тұлғалық қасиеттердің қалыптасуындағы жалпылаудың кең көлемін қамтуда емес, нақтырақ айтсақ, бірдей қасиеттердің түрлі жағдайларда индивид үшін жағымды әсер беретін жағдайлардың едәуір ажыратылуында.
- Тұлға жеке тәжірибені жинақтау мен жалпылаудың ерекше жүйесі ретінде өзінің дамуының сыртқы детерминациясымен шектелмеген, ол тұлғаның кейбір құрылымдарында анық көрінетін (темперамент, қабілеттер және т. б. ) адамның барлық табиғи ресурстарын диалектикалық түрде қосып алады. Әрине, өмір сүру әрекеттерінің стильдік ерекшеліктерінде де бұл ресурстар өзінің көрінісін табу керек. Көптеген практикалық мақсаттар үшін тұлғалардың типтерін ажырату өте маңызды. Тұлға тұтастай өмір сүру әрекетінде толық және бара-бар түрде көрініс табатындығын ескере отырып, өмір сүру әрекетінің стилінің типологиясын құруға мақсатты түрде ұмтылады. Абстракты тұлғалық қасиеттерді диагностикалауға қарағанда стильдердің диагностикасы түзетушілік мүмкіндіктерге ие болады. Өйткені, ол белгілі индивидтің (студенттің, талапкердің, маманның) тұлға потенциалының көрінуінің жағымды және жағымсыз жағдайлар жайлы ақпарат бере алады.
Әрине, біз тұлға түсінігінің басқа түрлі психодиагностикалық құралдарды құрастыру мен қолдануға байланысты басқа да теориялық тұрғыларды жоққа шығармаймыз. Жаңа әлеуметтік-экономикалық, соның ішінде нарықтық жағдайларда психодиагностикалық құралдарды ғылыми тұрғыдан талдаушы-теоретиктер мен практик-психологтар, педагогтар арасында ашық бәсекелестік пен серіктестік қатынастарға мүмкіндік туғызады.
Адам - белгілі бір қоғамның мүшесі, ол қандай болмасын бір іспен айналысады, оның азды-көпті тәжірибесі, білімі, өзіне тән ерекшеліктері болады. Осы айтылғандардың жиынтығы оны «жеке адам» етеді. Мәселен, жаңа туған нәрестені адам деп атауға толық болады, бірақ әлі де жеке адам емес. Өйткені, онда жоғарыда аталған компоненттер: тәжірибе, білім, іс-әрекет т. б. жоқ . Жеке адамның өзіндік ерекшелігі дүниетанымынан, сезімінен, талғам, мұратынан, бағытынан, қабілет, қызығуынан жақсы байқалады . Жеке адам - тарихи-әлеуметтік жағдайдың жемісі. Ол әлеуметтік ортада ғана қалыптасады. К. Маркстың айтуынша, жеке адам - «барлық қоғамдық қатынастардың жиынтығы» .
Адамның көптеген психологиялық ерекшеліктері, оның өмір сүретін ортасына қоғамдық қатынастардың (экономикалық, идеологиялық) тікелей әсер етуінен қалыптасып отырады. Жеке адамның психикалық қасиеттері бір сыдырғы тұрақты және тұрлаулы ерекшеліктер болып табылады. Жеке адамның психикалық тұрақты да, тұрлаулы ерекшеліктері өмір ағымында жетіліп қалыптасады. Бұлардың өзгеруі қиын немесе бұл ерекшеліктер өзгермейді деу де қате. Демек, адамның айналасын қоршаған дүние үнемі өзгеріп отыратындықтан, осымен бірге оның түрлі ерекшеліктері де дамып, өзгеріп отырады. Мұндай қасиеттер адам өмірге келісімен пайда болмайды. Адам белгілі бір дәрежеде өсу, жетілу процесінде дамиды. Психикалық қасиеттердің қалыптасуында оқу-тәрбие процесі шешуші роль атқарады. Кейбір психологтар адамның осындай тұрақты да тұрлаулы ерекшеліктерін өзгермейтін нәрсе деп есептейді . Адамның белсенділігі тума қасиетінен, яғни «психикалық энергиясының » дәрежесінен, «психикалық қуатынан » болады деп қоғамдық мәнін жоққа шығарады.
Жеке адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Жеке адмның дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан әлеуметтен адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам қандай да болмасын белгілі бір топқа кіреді. Топтар үлкен (макро), кіші (микро), ресми емес, ресми, ұымдасқан, ұымдаспаған, контакталы (адамдары ылғи жүздесіп жүретін топ), оқшауланған. формалы, формасыз, жасанды, табиғи, шартты, референттік т. б. болып бірнешеге бөлінеді. Мәселен, класс оқушылары, жұмысшы бригадасы, әскери бқлімше, отбасы контакталы немесе реалды топқа жатса, футбол алаңында, кино залында отырған адамдар ұйымдастырған топқа жатады. Белгілі бригада мүшелері, дос жарандар ағайынтуыстар ресми емес топ деп аталынады. Топ екі адамнан бастап құрылады; екіден қрық адамға дейінгі топ шағын топтар (мектеп класы), мыңдаған, миллиондаған адамдардың тобын(саяси партиялар, ұлт, кәсіподақ, діни ұйымдар т. б. ) үлкен топтар деп атайды. Әрбір топтың ресми, не ресми емес жетекшілері (лидері) болады. Топтар ассоцация, кооперация, корпорация болып бөлінеді мұның ішінде референттік топ дегеннің мәні ерекше. Бұл - әрбір адамның қастерлеп, қадір тұтытатын, оның тіршілігіне әркез бағыт-бағдар сілтеп отырған топ. Реалды, контактылы топтың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі ұжым деп аталады. А. С. Макаренконың айтуы бойынша ұжым - мақсат-мүдделері ортақ, әрекеттес, белгілі-бір дәстүр салттары бар, өзін-өзі басқара алатын, әлеумет, ұжым тіршілігіне арқау еткен адамдар тобы. «Жерден жұлынып алынып, құнарсыз құмға тасталған өсімдіктің өмір сүруі мүмкін емес сияқты, адамның да қоғамнан тыс болуы мүмкін емес» (А. Толстой) . Сондықтан да адамның жеке басының психологиясын ұғыну үшін ең алдымен оның әлеуметтік жағдайын, яғни қандай қоғам мүшесі, қандай таптың өкілі екенін, нақтылы кәсібін, білімін, іс-тәжірибесін білуіміз қажет. «Әлеуметшіліксіз, - дейді Х. Досмұхамедов (1883-1939) - қазақта ұлт тіршілігі, ұлт мемлекеті болуы мүмкін емес . . . Оңды әлеуметшілік құру үшін елдің өткен-кеткен тұрмысын бұрынғы болған әлеумеуттік қимылдарын тану керек». Осы айтылғандар бізге оның психологиясы туралы белгілі бір пікір айтуға мұмкіндік береді. Жеке адкаамның өмір бағытын көрсететін компоненттер көп. Олардың бастлытары: мотивтер мен қажеттер, бейімділік пен қызығулар, дүниетаным мен сенім, мұрат пен талғам.
Түрткілер мен қажеттер
Адамды әрәкетке бағыттайтын қажетін өтеуге талаптандыратын бір түркі болады. Бұл түрткіні психологияда мотив (себеп) деп атайды. Қанда» болмасын обьектінің себебін белмей тұрып, адамның бір мақсатқа жетем деген ойын қалайша тоқтата алатынын және оның мінез-құлқының мән-жайын толық түсіну қиын болады.
Түрлі жағдайлардың әсер етуіне қарай адам психологиясы әртүрлі өзгеріске түсіп отырады. Осыған орй оның түрткілері де, мақсатқа жету қажетті шаралары да өзгеріске түседі. Түрткінің өзгеруі іс-әрекеттің бағыт-бағдарынан нәтижесіне әсер етеді. Мәселен, қоғамдық мәні күшті түрткі іс-әрекет нәтижесіне ерекше әсер етеді.
Жеке адамды қандай болмасын әректке итермелейтін негізгі қозғаушы мотив - оның түрлі қажеттері яғни бір нәрсеге мұқтаждануы. Адамның қажеттері қоғамдық еңбекте, еңбек ету процесінде қалыптастқан. Сартқы ортамен байланыс жасауда адамның өмір сүруі үшін ең алдымен маңыз алған материалдық қажеттер (тамақ, баспана, киім, еңбңк құралдары т. б. ) болады. Адам баласының тарихи даму жағдайында туған еңбек әрекеті еңбек құралдарымен пайдалану секілді негізгі материалдық қажеттері біртіндеп дами келе, қажеттердің жаңа тобын - рухани қажеттерді (білім, көркем өнер т. б. ) туғызады. Рухани қажеттердің дамуы - материалдық қажеттердің қанағаттандырылуына байланысты. Адам қажеттерінің дамуы - тарихи дамудың елеулі бір кезеңі. Олар адамдардың алдына әр-түрлі мақсаттар қойып отыруына себепші болатын негізгі түрткілер. Адам өзінің қажеттерін өтеу үшін бар мүмкіндігін пайдаланады. Бұл оны белсенді іс-әрекет істеуге талпындырады. Оның қажеттері саналы әрекетінің нәтижесінде біртіндеп өтеліп отырады. Адам өз қажетін өтеу жолында сыртқы ортаны, табиғатты өзгертуге дейін барады. Қажеттердің өтелуі, өтелмеуі адам психологиясына, оның күйініш-сүйінішіне әсер етедіқажеттер орындалу тәсіліне қарай мазасыздану, не тынышталу, рахат, ләзаттану, не азап шегу сезімдерін туғызады. Қажеттерді өтеу арқылы адам тиісті құралдарды іздестіріп солардың күшімен, түрлі теориялық практикалық сипаттағы мәселелерді шешуге мүмкіндік алады. Өйткені қажет - адамның ойлау қызметін тудыратын негізгі себептердің бірі болып табылады, білдіріп қана қоймай, ол заттарды өз қажетіне байланысты өзгертуге, қайтадан жасауға әрекет етеді. Олай болса адамдардың қажеттері - іс-әрекетінің негізгі мотивтері яғни оның психологиясының қайнар көзі, бастамасы болып табылады. Қажет - (әсіресе табиғи қажеттер) өмір сүрудің, тіршілік етудің арқауы. Егер, табиғи қажет өтелмесе, өмір сүруге қажетті жағдайлар болмаса, адам да, да жануар да тіршілік ете алмайды. адам өмірі үшін рухани қажеттерді өтеп отырудың да маңызы зор. Осындай қажеттердің өтелмеуінен адам көп қиыншылық көреді, өйткені бұл оның сана-сезімінің өсуіне кедергі келтіреді. Қажет жануарларда да бар. Бірақ бұл - биологиялық сипаттағы қажеттер. Жануарлардың қажеттері олардың қореқтенетін заттарын іздестіруінен жақсы байқалады. Мәселен, тауыық жерден дән іздеп зыр жүгіреді. Ит қожасын көргенде тілін салақтатып, сілекейін аузынан щұбыртады. Мысық мұрнына еттің иісі келгенде елең ете түседі де, сол жерден мияулап шықпайды. Сөйтіп аң біткеннің бәрі өз қажеттін өтеу үшін әрекеттенеді. Мұндай қажеттер аңдарға іштен туады, олар шартсыз рефлексттік сипатта болады.
Қызығулар
Қызығу - шындықтығы заттар мен құбылыстарды белсенділікпен танып, білуге бағытталған адамның біршама тұрақты және ерекшелігінің көрінісі. Сонымен қатар қызығуда бір нәрсені ерекше таңдап, соған зейін қойылады. Адамды електіріп өзіне тартқан нәрсенің бәрі қызығудың объектісі болып табылады. Қызығудың физиологиялық негізі - «Бұл не ?» дейтін рефлекс. Мәселен, біреуді «футболға қызығады» десек, ол адамның үнемі футбол ойынына үнемі баратынын, футбол жөніндегі кітаптарды оқып отыратындығын, біреумен әңгімелесуде де көбінесе осы тақырыптың айналасында сөз қозғауды тәуір көретінін байқаймыз. Сөйтіп адамның қызығуы бір нәрселерге асыра зейін қоюдан, оған құмартудан, соны үнемі ойлаудан көрініп отырады.
Қызығулар да бейімдіктер сияқты балалардың кішкентай кезінде байқалады. Мәселен, кейбір балалардың кішкентайында автомобильге, тракторға жалпы техника атаулыға әуесқой келеді. Мұндай балардың шс-дерті машина болып, уақытының көбісін соның жанында өткңзеді, олардың маркасын жақсы айыра алатын болады. Кейін осы балалар мектепте физика, қол еңбегі сияқты пәндерді бар ықыласымен оқиды, ал мектеп бітіргеннен кейін сол балалардың біразы жасынан өзі жақсы көретін техника саласында нәтижелі жұмыс істеп, өз қабілеттерін жақсы көрсетеді. Қызығу құбылысының табиғаты өте күрделі. Ол өң алдымен өзінің көлемі жағынан ажыратылады. Осы тұрғыдан бір адамның қызығуы кең, жан-жақты болып келеді де, екінші біреудікі керісінше өте тар болады. Қызығуы өте тайыз, ой-өрісі тар адамның образын Н. В. Гоголь шығармаларынан көптеп кездестіруге болады. Мәселен, «Шинель» әңгімесіндегі Акакий Акакиевич қағаз көшіруді өз өмірінің негізгі арқауы еткен. Ол тіпті қызметтен қайтқаннан кейінгі бос уақытының барлығын қғаз көшіріп жазуға арнайтын болған, осы ісіне қуанып, ләззат алған.
Адамда сан алуан қызығулардың болуы мүмкін. Бірақ, осылардың ішінде басты біреуі, ең басыңқы қызығуы болады. Мұндай қызығулар әсіресе оқу әрекетіне аса қажет. Оқу қызығуларының әсерлі, күшті, тұрақты, мазмұнды болуы баланың сабақ үлгеруіне, білім терең алуына көп жәрдем тигізеді. Оқу қызығулары балаларда оқу мотивтерінің дамуына байланысты қалыптасып отырады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz