Гидросфера, Биосфераның элементтері және табиғи қоры ретінде Дүние жүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері



Кіріспе
1. Негізгі бөлім. Гидросфера
2. Тұщы суқоймасының биогеоценозы
3. Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы
4. Қазақстандағы су мәселесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен, көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал, куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне, дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін қажеті шамалы.
Су - тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын, ягни 94% - мүхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6% мәңгі мұздақтар, тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000, өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.
Құрылық пен мұхиттардағы организмдердің көп түрлілігі мен биомасса арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-тендікті көреміз. Мәселен, құрлықтағы жануарлардың көп түрлілігі мүхиттардағы жануарлар дүниесімен салыстырғанда көп болғанымен биомассасы керісінше аз, ал, өсімдіктер әлемінің құрылықта саны аз болғанмен, керісінше биомассасы мұхиттардан әлденеше есе артық болып келеді. Десе де, кұрылық жағдайы мұхиттарға қарағанда өзінің алуан түрлі табиғатының ерекшелігімен, ауа райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер дүниесіне мұхиттарға қарағанда қолайсыз орта болып саналады. Мәселен, фаунасы мен флорасынын сан алуандығы және биомассасы мөлшері жөнінен экваториалды және тропикалық облыстардағы мүхиттарды (Тынық және Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы организмдердің көп шоғырланган жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер аймағына сәйкес келеді.
Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тән ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін жатқызамыз.

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті
Жалпы гигиена, экология және тағам гигиена кафедрасы

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Гидросфера, Биосфераның элементтері және табиғи қоры ретінде
Дүние жүзілік мұхиттың экологиялық мәселелері.

Орындаған: КокановаФ.Р.
Тексерген: Джакетаева Ш.Ж.

Қарағанды 2017
Жоспар
Кіріспе
1. Негізгі бөлім. Гидросфера
2. Тұщы суқоймасының биогеоценозы
3. Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы
4. Қазақстандағы су мәселесі
Қорытынды
Қолданылған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Кез келген тірі организм өзін айнала қоршаған табиғи ортамен тығыз
байланыста ғана өмір сүре алады. Олар – топырақ, су, минералды заттар, жер
бедері және атмосфералық әр түрлі құбылыстар. Табиғи ортаның компоненттері
тірі организмдерге оң немесе теріс әсер етуі мүмкін. Сондықтан әрбір
организмнің өзіне ғана колайлы ортасы немесе мекені болуы тиіс. Мәселен,
көлбақа үшін қалыпты өсіп-көбеюіне қолайлы орта -ылғалы мол көл жағасы. Ал,
куаң дала немесе шөлейтті жерлер ол үшін қолайсыз, өмір сүре алмайтын орта
болып табылады. Бірақ та организм үшін табиғаттың барлық элементтері
белгілі мөлшерде кажет және жиынтық күйінде әсер етеді. Олардың біреуі өте
қажет, екіншілері орташа, ал үшіншілері мүлдем кажет емес зиянды болуы
мүмкін. Сонымен орта дегеніміз — организмнің өсіп-көбеюіне, тіршілігіне,
дамуы мен таралуьна тікелей жанама әсер ететін айнала қоршаған орта
компоненттерінің жиынтығы. Ал, организмге кажетті жағдайлар деп - тек сол
органим үшін алмастыруға келмейтін табиғи ортаның элементтерін айтамыз.
Экологиялық факторлар дегеніміз - организм үшін кажет немесе теріс әсерін
тигізетін ортаның элементтерін айтамыз. Табиғатта экологиялық факторлар
жиынтық күйінде әсер етеді. Организмдер болса факторлардың әсеріне әр түрлі
реакция жауап береді. Мәселен, ащы суда тіршілік ететін организмдер үшін
тұз және минералды заттар шешуші роль атқарса, ал тұщы су организмдері үшін
қажеті шамалы.

Гидросфера
Су - тіршілік ортасы. Гидросфера - планетамыздың ең үлкен көлемін алып
жатыр. Су - жер шарының барлық көлемінің 71% қамтиды. Судың негізгі қорын,
ягни 94% - мүхиттар мен теңіздер құрайды. Қалған 6% мәңгі мұздақтар,
тоңдар, өзен мен көлдердің үлесіне тиеді. Суларда жануарлардың 1 500 000,
өсімдіктердің 500 000 астам түрлері тіршілік етеді.
Құрылық пен мұхиттардағы организмдердің көп түрлілігі мен биомасса
арақатынасын салыстырсақ төмендегідей қызықты тепе-тендікті көреміз.
Мәселен, құрлықтағы жануарлардың көп түрлілігі мүхиттардағы жануарлар
дүниесімен салыстырғанда көп болғанымен биомассасы керісінше аз, ал,
өсімдіктер әлемінің құрылықта саны аз болғанмен, керісінше биомассасы
мұхиттардан әлденеше есе артық болып келеді. Десе де, кұрылық жағдайы
мұхиттарға қарағанда өзінің алуан түрлі табиғатының ерекшелігімен, ауа
райының құбылмалы өзгерістерімен организмдер дүниесіне мұхиттарға қарағанда
қолайсыз орта болып саналады. Мәселен, фаунасы мен флорасынын сан алуандығы
және биомассасы мөлшері жөнінен экваториалды және тропикалық облыстардағы
мүхиттарды (Тынық және Атлантика) ерекше атауға болады. Негізінен мұхиттағы
организмдердің көп шоғырланган жерлері жер шарының қоңыржай белдеулер
аймағына сәйкес келеді.
Су ортасы организмдер үшін қолайлы орта болғанымен өзіне тән
ерекшеліктері болады. Олардың қатарына судың тұтқырлығын, тұз
концентрациясын, қысым, оттегінің мөлшерін, су қабатының қозғалыстары мен
ағыстарын, айналымдарды, қорек қорын, судың ащы немесе тұщы қасиеттерін
жатқызамыз.
Судағы барлық организмдерге тән қасиет - жүзу. Дегенмен, көптеген
балдырлар, кейбір бентосқа тән организмдер бекініп тіршілік етуге
бейімделген. Жүзуге немесе баяу қозғалуға байланысты гидробионттарда
құрылық организмдерінде болмайтын ерекше морфологиялық өскіншелер, жүзу
немесе өсу аяқтары мен қанаттары, су жұқтырмайтын заттар мен көптеген
қасиеттер пайда болған. Мәселен, тау өзендерінде тіршілік ететін
балықтардың денесі дөңгелек әрі ықшамды ағысқа қарсы жүзуге бейім болып
келсе, жазық жердегі көлдердегі балықтар, керісінше ірі, әрі жалпақ болып
келеді. Ал, мұхиттардың әр түрлі терендіктеріндегі балықтардың
морфологиялық құрылысы, дене тұрқы мен козғалуы мүлдем басқаша. Төменде біз
су ортасының кейбір абсолюттік факторларына қысқаша тоқталамыз.
Организмдер үшін судың тұнықтығы мен жарық режимі үлкен роль атқарады.
Жарық, әсіресе, судағы өсімдіктерге шектеуші фактор болып саналса, ал судың
тұнықтығы ұсақ организмдер мен балықтардың тіршілігі үшін қажет.
Су қабаты терендеген сайын күн сәулесін сіңіріп отырады. Нәтижесінде
теңіз тұңғиығын қараңғылық басады. Терендеген сайын өсімдіктер мен
жануарлардың түсі де, көптүрлілігі де өзгере бастайды. Мәселен, судың
бетіне жақын көк-жасыл, одан соң қоңыр, тереңдікте қызыл балдырлар
орналасады. Ал, жануарлардың түсі тереңдеген сайын көк-жасылдан қызыл түске
карай ауысады. Себебі, судың түбіндегі кызыл түсі қара болып көрініп
организм дерді жауларынан корғануға мол мүмкіндіктер береді.
Судың тұздылығы да организмдер үшін аз роль атқармайды. Су тамаша
еріткіш болғандықтан, онда карбонатгар, сульфаттар, хлоридтер көп
кездеседі. Мәселен, тұщы судың 1л көлемінде 0,5г тұз болса, ал теңіз
суларында 35гл болады.
Тұщы су организмдері үшін кальцийдің ролі үлкен. Әсіресе, моллюскалар
шаян тәрізділер мен омыртқасыз жәндіктер кальцийді известі қауашақтар түзу
үшін пайдаланады. Тұщы суларда өсімдік өзеннің немесе көлдің түбіне дейін
өсетіндіктен еріген оттегіге бай келеді. Судағы еріген оттегінің мөлшерінің
көбеюі атмосфераның енген оттегі байланысты және су өсімдіктерінің
фотосинтез процесінің есебінен болады. Әсіресе, тау өзені суларында оттегі
көбірек болады. Осыған байланысты бұл ортада форель, тау албырты, хариус
жақсы сезінсе, оттегі аз көлдерде: сазан, карась, жайын, табан балықтар
еркін өмір сүреді. Ал, кейбір маса, хирономид, аз қылтанақты құрттар, т.б.
көптеген омыртқасыз жәндіктерге тіптен оттегінің қажеті де болмады.
Су ортасының факторларына байланысты гидробионттарды бірнеше
экологиялық топқа бөледі. Судың қалың қабатын - пелегиаль деп, оны екі
топқа бөледі: нектон және планктон.
Планктон дегеніміз - судың беткі қабатында оның ағысымен қалқып жүретін
ұсақ омыртқасыз жәңдіктер. Планктондардың өзі - зоопланктон және
фитопланктон деп бөлінеді. Фитопланктондардың су организмдері үшін маңызы
зор. Оларға: диатомды, көк-жасыл балдырлар, өсімдік қоректі талшықтылар
т.б. жатады. Ал, зоопланктондар мен бактериялар балдырлардан тереңіректе
тіршілік етуге бейімделген. Оларға: шаян тәрізділер, қарапайымдылар,
моллюскалар, медузалар, сальпалар және кейбір құрт тәрізділер жатады.
Нектондар дегеніміз — судың терең қабаттарында еркін жүзіп жүретін
балықтар т.б. организмдер. Нектондардың суда жүзуге икемді денесі, жүзу
қанаттары, жақсы дамыған сезім және қозғалу мүшелері бар. Оларға
балықтардың түрлері, кальмарлар, киттер, тюленъдср, морждар, дельфиндер,
т.б. түрі кездеседі. Теңіз тұңғиығынан балықтардың ұсқыны мен формалары әр
түрлі жыртқыш, паразит түрлерін, өзінен тоқ шығаратын скаттарды, ара
балықшы, доп тәрізді тікенекті сан алуан өкілдері кездеседі. Мәселен,
электрлі скат өзінен 220-240В тоқ шығарса, судағы организмдердің 600-ден
астам түрі жатық шығарады екен. Осы құбылыстардың бәрі гидробионттардың
жоғары ұйымдасқан бейімделу қабілеті болып саналады.
Бентостар дегеніміз - судың түбіндегі субстраттарда (шөгінділерде)
тіршілік ететін организмдердің жиынтығы. Бентостар: фитобентос және
зообентос деп бөлінеді. Негізінен бәрі де баяу козғалатын немесе
қозғалыссыз өмір сүретіндер. Кейбіреулері шөгінді астында тіршілік етеді.
Теңіздердегі фитобентосы, бактериялар мен балдырлар құрайды. Тұщы су
фитобентосы да бактериялар, диатомды және жасыл балдырлардың өкілінен
тұрады.
Жалпы алғанда судағы барлық өсімдіктерді тіршілік ету сипатына карай
гидрофиттср және гидатофиптер деп бөледі.
Гидрофиттер суға жартылай көміліп өссе, ал, гидатофиттер қатарына суға
көміліп өсетін өсімдіктер жатады.
Су өсімдіктерінің тіршілік ортасына бейімделу ерекшеліктері де әр
түрлі. Біріншіден, су өсімдіктерінің тамыр, жапырақ, генеративтік мүшелері
жетілген. Тамыр жүйесі судағы субстраттарға бекіну ролін атқаруға
бейімделген. Сондықтан тамыр жүйесінде тамыршалар болмайды. Қоректі сіңіру
бүкіл денесі арқылы жүзеге асады. Су өсімдіктері жүзуге немесе қалқып
тұруға бейімделгендіктен өн бойына қалтқы тәрізді өскіншелері пайда болған.
Бұл өскіншелер өсімдікті суда жеңіл жүзіп немесе қалқып тұруға жеңілдік
туғызады. Гидатофиттердегі бір ерекшелік жапырақтарының жалпақ немесе әр
түрлі болуы. Бұл құбылыс газ және зат алмасу процесін жеңілдетеді. Көптеген
су өсімдіктері гүлден тұқым беру кезінде гснеративті мүшелерін су бетіне
шығарып тозаңдандыруға жол береді және тұқымының жел, су арқылы таралуына
жол ашады. Су өсімдіктерінде болатын бейімделудің жоғары деңгейін біз -
мүгі, элодей, су сарғалдагы, т.б. өкілдерінен көреміз.
Жануарлардың суға бейімделуі де сан алуан. Олардың біз анатомия-
морфологиялық, физиологиялық, мінез-құлық және басқа да бейімделу
қабілеттерін байқай аламыз. Мәселен, судың қалың қабатында тіршілік ететін
организмдерде жүзгіштік, икемділік, денесіндегі үзгіш қанаттары жақсы
жетілсе, ал бентос топтарында керісінше жүзуге икемсіз және су түбіндегі
заттарға жабысып калуға бейімделген мүшелері жақсы жетілген.
Планктондар суда жүзуге бейімделмегендіктен олардың дене тұрқы кішкене,
қалқып жүруге икемді, әрі жеңіл мүшелері жақсы жетілген.
Су организмдерінің ішінде медузалар, екі жақты моллюскалар, инеліктің
личинкасы өз денесінен атқылаған су энергиясының күшімен тез жүзуге
бейімделген. Бұл құбылыс, әсіресе, бас аяқты моллюскада жақсы байқалады.
Ал, осы әдіспен қозғалатын кальмардың жылдамдығы сағатына 40-50км алатын
көрінеді. Ірі киттерде жүзуді жүзеге асыратын жақсы жетілген әрі қуатты
жүзгіш қанаттары мен ескек аяқтары болса керек.
Тұщы су гидробионттарының кейбірі су бетінде кәдімгі құрлықтағыдай
сырғанап та жүреді. Мәселен, тоқтау сулар мен көлшік бетіне көңіл
аударсаңыз жүзгіш насекомдардың біраз өкілін көреміз. Олар - кәдімгі су
қандалалары мен су қоңыздарының өкілдері.
Көптеген гидробионттар (бентостар) судың түбінде, топырақ арасында
тіршілік етуге бейімделген. Тіпті, кейбір ірі балық өкілдері: скаттар
камбалалар, миногалар, өзінің тіршілігінің біраз бөлігін топырақ астында
өткізетіні ғылымға белгілі. Мұндай фактілерді омыртқасыз жәндіктер
өкілдерінен де көруге болады.
Теңіз жануарларының көбі жоғары қысым жағдайында тіршілігін
жалғастырады. Мәселен, глотурия, погонофоралар, теңіз лилиясы, теңіз
жұлдызы, т.б. организмдер 3000-10000 м тереңдікте еркін өмір сүреді.
Бұларға тән ерекше қабілеттер дене тұрқының үлкеюі, известі сауыттардың
болмауы, көз мүшесінің редукцияға ұшырауы, сезім мүшелерінің жақсы жетілуі,
денесіндегі пигменттердің болмауы. Ең бастысы жоғары қысымды көтеру үшін
тұз, су алмасу механизмінің жақсы жетілуі болып табылады. Бұл процесті —
осмостық реттелу дейді . Балықтарда осмостық реттелу төмендегідей формада
жүзеге асады.

Тұщы суқоймасының биогеоценозы.
Әрбір табиғи суқойма мысалы, көл, тоғанды алсақ, ондағы ұсақ ағзалар,
өсімдіктер мен жануарлар түрлерінің жиынтығы өз алдына біртұтас, жеке
биогеоценозды құрайды.
Мұндай табиғи жүйе, басқа биогеоценоздар сияқты, өздігінен реттеледі
және жаңадан пайда бола алады.
Кез келген суқоймада тіршілік ететін өсімдіктер мен жануарлар түрлері
біркелкі таралмаған. Олардың жеке түрлері өздеріне қолайлы жерлерде ғана
тіршілік етеді. Су жағалауы әрқашан ағзалардың тіршілігі үшін қолайлы болып
келеді, өйткені ондай жерлерде су жылы, әрі күн сәулесі де мол түседі және
су жағалауында оттегі де, басқа жерлермен салыстырғанда, көбірек болады.
Күн сәулесі мол түсетіндіктен, су жағалауында әр түрлі көптеген жоғары
сатылы өсімдіктердің өсуіне қолайлы жағдайлар туады, Мұнда ұсақ балдырлар
да көп кездеседі. Сонымен қатар, су жағалауы көптеген жануарлар түрлерінің
тіршілігіне де қолайлы болады. Жануарлардың кейбір түрлері су
өсімдіктерінде тіршілік етсе, енді бір тобы (балықтар, суда жүзетін жыртқыш
қоңыздар, су қандалалары) су ішінде еркін жүзіп жүреді. Суқоймасының
түбінде айқұлақтың, бунақденелілердің дернәсілдері, кұрттардың біраз
түрлері, т. б, жануарлар мекендейді. Судың бетінде де әр түрлі жануарлар
тіршілік етеді. Су жағалауы балықтардьщ тіршілігі үшін, әсіресе олардың
қорегін табуына және көбеюіне, уылдырықтарының дамып жетілуіне қолайлы
болып келеді, сондықтан да бұл жерде балықтар көбірек кездеседі.
Суқойманың терең кабаттарында ағзалар аз таралады, өйткені ондай
жерлерге күн сәулесі нашар түседі. Мұндай жерлерде фотосинтез жүретін
өсімдіктер мүлде өспейді. Судың терең қабаттары нашар жылынады және онда
оттегі мөлшері де аз болады, Сондықтан мұндай жерлер тіршілік үшін-қолайсыз
аймақ болып саналады.
Сукойманың ашық айдындары жақсы жылынады және онда жарық мол түседі.
Сондықтан мұнда да көптеген су өсімдіктері мен су жануарлары тіршілік
етеді. Онда ұсақ балдырлар, бактериялар және қарапайымды жәндіктер —
кірпікшелі кебісшелер, талшықтылар және шаян тәрізділер, т. б. кездеседі.
Осыңдай су ағынымен бірге жүріп тіршілік ететін ұсақ ағзалар жиынтығын
планктон деп атайды. Суқоймадағы тіршілік тізбегівде және ондағы зат
айналымында планктонның маңызы өте зор. Планктонды ағзалардың мөлшері
бірнеше микрометрден (бактериялар) бірнеше метрге (кейбір медузалардың
диаметрі 2 м, ал қармалауыштарының үзындығы 30 м) дейін жетеді.

Тоған биогеоценозындағы қоректік байланыстардың тұрақтылығы.
Суқойма биогеоценозында ағзалардың қоректену тізбегі тұрақты, әрі
бірнеше сатыдан тұрады. Мысалы, суда өсетін өсімдік қалдықтарын бактериялар
пайдаланады, ал олар қарапайымдыларға қорек болады, өз кезегінде
қарапайымдылармен үсақ шаянтәрізділер қоректенеді. Оларды балықтар қорек
етеді. Балықтарды баска жыртқыш балықтар, күстар және суда тіршілік ететін
басқа жануарлардың жеуі мүмкін. Биогеоценозқұрамындағы түрлердің барлығы
дерлік бір ғана коректі пайдаланбайды, олар әр түрлі қорек заттарын
пайдаланады. Қоректену тізбегінің құрамына түрлі ағзалар кіреді.
Биогеоценоздағы қорек тізбегіне кіретін ағзаның бірі болмаса, онда қоректік
тізбек бұзылмайды, ондай кезде қоректің басқа көзі пайдаланылады. Сонымен
биогеоценоздағы түрлердің саны неғұрлым көп болса, ол соғұрлым тұрақты
болады.
Су биогеоценозында да бастапқы энергия көзі күн сәулесі болады. Сол
арқылы судағы өсімдіктер органикалық заттарды синтездейді. Суқоймада
тіршілік ететін барлық жануарлардың биомассасы негізінен, су өсімдіктерінің
биологиялық өнімділігіне тікелей байланысты болады.
Табиғи суқоймаларда өсетін су өсімдіктерінің өнімділігінің аз болуына
автотрофты өсімдіктердің өсуіне қажетті минерадды заттардың (әсіресе азот
пен фосфордың) жетіспеуі немесе судағы қышқылдық ортаның қолайсыздығы
тікелей әсер етеді. Мұндай жағдайларда суқоймаларына қоддан минерадды
тыңайтқыштарды шашу, кышкыдцы су ортасын әктеу және балықтарға корек
болатын өсімдіктер түрлерін өсіру шаралары жүргізіледі. Осындай жолмен
тоған балық шаруашылығының өнімділігін тез арттыруға болады.

Қазақстандағы су мәселесі
Су мәселесі бүгінгі таңда тек Орталық Азияда ғана емес, тіпті жаһандық
тұрғыда талқыға түсіп жүргені белгілі.Аймақтық-өндірістік кешендерден
бастап тұтастай ел экономикасының қарыштап дамуы бірінші кезекте
мемлекеттің су ресурстарымен жеткілікті мөлшерде қамтамасыз етілуіне
байланысты десек, артық айтқандық болмас. Қазіргі кезде Орталық Азия
республикалары арасында шиеленісе түскен аталмыш мәселе көршілермен арадағы
байланыстың болашақта қай бағытқа қарай бет алатынын бағамдауға мүмкіндік
беретіндей. Таразының бір басында Қазақстан болса, екінші жағында Орталық
Азиядағы мемлекеттер тұр. Оған тағы да Ресей мен Қытайдың салар салмағын
қосыңыз. Осы ретте алаң туғызар басты жәйт: ағын суды, соның ішінде,
әсіресе, трансшекаралық өзендерді пайдалануда жаңағы мүдделілік таразысының
тепе-теңдігін қалай сақтауға болатындығы. Егер де аталмыш үдеріс бұдан
былай да қазіргі бағытта өрістей беретін болса, су мәселесі төңірегінде
жаңа шиеленіс түрінің туындауына жол ашылып жүрмей ме? Және сол шиеленіс
салдарынан түптің түбінде елдің зардап шекпейтініне кім кепілдік береді?
Сауал көп. Оған берілер жауаптың да аз еместігіне дау жоқ. Осы ретте
аталмыш проблема мемлекеттің экономикалық не болмаса экологиялық
мүмкіндігін ғана танытып қоймай, қауіпсіздік және саяси мәселе сипатына
көшетін сыңайы бар.
Орталық Азия республикаларының экономикасы үшін су ресурсы өткен
ғасырдың орта тұсынан-ақ өзекті де өткір проблемаға айналғанын ескерсек,
оның әлдеқашан халықаралық маңызға ие болғандығы анық. ТМД мемлекеттері
ішінде біздің еліміз өзен суымен өте төмен деңгейде қамтамасыз етілген.
Географиялық жағынан барлық трансшекаралық – Ертіс, Сырдария, Жайық, Іле,
Шу, Талас секілді өзендердің төменгі сағасында орналасқандықтан да болар,
Қазақстан үшін бұл проблема күрделілігімен қатар, уақыт өткен сайын мүлдем
жаңа түрге енетін құбылмалылығымен де қиындық туғызуда.
Өткенге біраз шегініс жасасақ, сонау 1992 жылдың ақпан айында Алматы
қаласында Орталық Азия мемлекеттері арасында Сырдария өзенінің су
қатынастары мәселелерін реттеу, трансшекаралық су ағындарының режім
проблемаларын шешу, әсіресе, жазғы суармалы мерзім кезінде су ресурстарын
тиімді пайдалану мен қорғауды бірлесіп басқару саласындағы ынтымақтастық
туралы келісімге қол қойылған болатын. Ал 1998 жылдың наурыз айында осы
өзеннің су-энергетикалық ресурстарын келісілген шартпен іске асыру
мақсатында Орталық Азия экономикалық ынтымақтастығы ұйымының үкіметаралық
негіздемелік келісіміне қол қойылды. Алайда, соңғы екі жылда аталған
келісімдердің ережелерін Сырдария өзенінің жоғарғы сағасында орналасқан
мемлекеттер толығымен орындамай отыр. Мәселен, Қырғызстан қысқы мерзім
аралығында энергетикалық режімге сәйкес 19,5 млрд. текше метрді құрайтын
Тоқтағұл су қоймасынан суды көп мөлшерде жіберіп, осы өзеннің төменгі
ағысында орналасқан біздің Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарының
елді мекендерін су басу қаупін төндіруде. Ал Өзбекстан болса кейінгі
кездері жылда түзілетін Сырдария өзенінің су ресурстарын пайдалану туралы,
яғни жаз айларында алынған суға қырғыздың электр қуатын қабылдап,
сәйкесінше Қырғызстанға газ беруге тиіс делінген мемлекетаралық келісім-
шартты мойындамай келеді. Осы шарттың орындалмауы салдарынан бар
ауыртпашылықтың салмағы төменгі сағада отырған Қазақстанның мойнына ауып
отыр: жазда Оңтүстік Қазақстан мен Қызылорда облыстарының егінді аймақтарын
сумен қамтамасыз ету үшін біздің еліміз екі мемлекетке қатысты алынатын
электр қуатын өтеуге мәжбүр болуда. Тағы бір айта кетерлігі, арнайы
белгіленген шартқа сәйкес өзен ағысы бойындағы су шаруашылығы құрылыстары
тек мемлекетаралық келісім бойынша салынуы тиіс десек, Өзбекстан бұл жерде
де басқаша қадамға барып, ешқандай келісімсіз Арнасай су қоймасын салып
алды. Ал бұл өз кезегінде Шардара су қоймасынан апатты жағдайда жіберілетін
секөнтіне 2160 текше метр су өтімінің төмендеуіне әкеп соғуда. Басқаша
айтсақ, Өзбекстан алдымен өзін сумен қамтамасыз ету жағына бет бұрып,
трансшекаралық өзендерді пайдалану ережесін ескерусіз қалдырды. Қырғызстан
мен Өзбекстан бұл мәселеде қазаншының еркі бардың рөлін атқаруға тырысып
бағуда.
Қазақстан тарапынан осы мәселелерді реттеу тұрғысында Халықаралық су
энергетика консорциумын құру туралы ұсыныс енгізіліп, оның тұжырымдамасы да
әзірленіп қойды. Оған Дүниежүзілік банк те өз тарапынан көмек көрсеткісі
бар. Десек те аталмыш консорциумға жоғарыда аталған мемлекеттердің
кіріскісі де, қатысқысы да жоқ. Себеп, әркім өз мүддесін ғана көздеп,
географиялық жағдайларын көзір ретінде ұстануда. Тіптен өзінің басы қатқан
мәселеге басқаның да басын қатырғысы бар. Мәселен, Қырғызстан жағы сонау
Кеңес одағы кезінде жұмыс істеп, кейін жұмысы тоқтап қалған Қамбар ата су
қоймасын қайтадан тұрғызу жағын алға тартуда. Тоқтағұлға емес, тап сол
Қамбар ата су қоймасын тұрғызуға, сөйтіп соның жұмысын жандандыруға
консорциум құрайық деген ұсынысын айтып жүр бүгінде. Ал Өзбекстан ең
алдымен өз жерінде су қоймаларын тұрғыза беру ниетінде секілді. Бірақ,
консорциумға оның да қатысқысы жоқ. Яғни, бұл мәселе жөнінде де қайшылық
жетіп жатыр. Аталған мәселелердің түйінін шешу мақсатында биыл Ашғабадта
Орталық Азия мемлекеттерінің қатысуымен тағы да үлкен бір басқосу болады
деп көзделуде. Бірқатар мәселелер сол басқосуда қозғалмақшы.Трансшекаралық
су мәселесінің енді бір ұшы Қазақстан мен Қытай арасындағы қарым-қатынасқа
тіреліп отыр. Қытай жағының трансшекаралық өзендерге қатысты мәселеге әлі
де болса өзімбілемдік сақтықпен қарап келе жатқаны байқалатындай. Неге
десеңіз, Қытай су қатынастарына арналған бір де бір конвенцияға күні
бүгінге дейін қол қоймай келе жатыр. Екі мемлекет арасында өткен жылдың
қазан айында Шанхай қаласында Трансшекаралық өзендерді пайдалану және
қорғау жөніндегі Қазақстан-Қытай комиссиясының үшінші бірлескен отырысы
өткен болатын. Онда Ертіс және Іле трансшекаралық өзендерінің суын
пайдалану жөніндегі келісімді әзірлеу туралы Қазақстан тарапының ұсынысы
талқыланды. Кейбір сарапшылардың сөзіне қарағанда, “Қара Ертіс-Қарамай”
каналы іске қосылғаннан кейін Қытай жағы Ертіс өзенінен 800 млн. текше
метр көлемінде су ала бастаған. Ал оның көлемі кейін 1,5 млрд. текше
метрге дейін жетуі мүмкін деген болжам да айтылуда. Біле білгенге бұл
болашақта қиын жағдайға душар ететін көрсеткіш. Егер де Ертістің жалпы су
ресурсының мөлшері шамамен 9,8 млрд. текше метр екенін ескерсек, Қытайдың
бұл ұстанымы Қазақстанның ғана емес, сонымен қоса Ресейдің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әлемдік мұхиттың, атмосфераның, топырақтың ғаламдық ластануы
Биосфера жайында
Оқу-әдістемелік кешен “Сулы жүйелер географиясы” пәні бойынша
Жалпы жер тану пәні бойынша әдістемелік нұсқауы
Географи пәнінен дәрістер
Гидросфера
Гидросфера биосфераның элементі және табиғи қоры ретінде
Қазіргі Қазақстанның өсімдік жамылғысы
Гидросфера биосфера элементі және табиғи ресурс. Әлемдік мұхиттардың экологиялық мәселелері. Ірі су қоймаларын жасаудағы зардаптары
Атмосфера, биосфера, гидросфера
Пәндер