Сот және сот жүйесі


Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды мемлекеттік медицина университеті

Қазақстан тарихы және әлеуметтік саяси пәндер кафедрасы

Тақырыбы: Сот және сот жүйесі

Орындаған: Колбаева А. А.

Тексерген: Өтебаев Д. С.

Қарағанды 2011

Құқық қорғау органдары жүйесіндегі маңызды орын алатын мемлекеттік органдардың бірі соттар. сот әділдігін іске асыра отырып сотт, жаза тағайындау, жазадан босату т. б. сияқты шешімдер қабылдай отырып, олардың мүдделерін, әділ, заң арқылы қорғауға тиіс орган.

Қазақстан Республикасында сот билігі тұрақты судьялар, сондай-ақзаңда көзделген жағдайларда және тәртіппен қылмыстық сот ісін жүргізуге тартылқан алқа заседательдері арқылы соттарға ғана тиесілі. Сот төрелігін тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкілеттігін басқа органдарға беруді көздейтін заң актілерін шығаруға тиым салынады. Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкілеттігін немесе сот билігі қызметтерін иеленуге құқығы жоқ.

Сот ісін қарау тәртібімен қаралуға тиіс өтініштерді, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.

Сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады және азаматтар мен ұйымдардың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, Республика Конституциясының, заңдарының, өзге де нормативтік құқықтық актілерінің, халықаралық шарттарының орындалуын қамтамасыз етуге қызмет етеді.

Әркімге мемлекеттік органдардың, ұйымдардың, лауазымды және өзге де адамдардың Республика Конституциясында және заңдарында көзделген құқықтарға, бостандықтар мен заңдарды мүдделерге нұқсан келтіретін немесе оларды шектейтін кез келген заңсыз шешімдері мен іс-қимылдарынан сот арқылы қорғалуға кепілдік беріледі.

Ешкімді де оның ісін заңсыз барлық талаптары мен әділеттілікті сақтай отырып құзыретті, тәуелсіз және алаламайтын соттың қарау құқығынан айыруға болмайды.

Сот билігі сот төрелігін іске асыру кезіне тәуелсіз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесі мен тәуелсіздігіне нұқсан келтіретін заңдарды немесе өзге де нормативтік құқықтық актілерді қабылдауға жол берілмейді.

Сот төрелігін іске асыруда сот қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауапкершілікке әкеп соғады. Нақты істер бойынша судьялар есеп бермейді.

Сот шешімдері мен судьялардың өз өкілеттіктерін жүзеге асыру кезіндегі талаптарын барлық мемлекеттік органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға міндетті. Сот шешімдері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгіленген жауапкершілікке әкеп соғады.

Сот жүйесі. Қазақстан Республикасының сот жүйесін еліміздің Жоғарғы соты мен жергілікті соттар құрайды. Қандай да болмасын атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Жергілікті соттарға мыналар жатады: 1) облыстық және оларға теңестірілген соттар; 2) аудандық және оларға теңестірілген соттар. Республикалық, әкімшілік, кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі соттар құрылуы мүмкін.

Қазақстан Республикасының Жоғарғы соты жалпы юрисдикция соттарының қарауына жатқызылған азаматтық, қылмыстық және өзге істер бойынша жоғары сот органы болып табылады, заңда көзделген іс жүргізу нысандарына олардың қызметін қадағалауды жүзеге асырады және сот практикасының мәселелері бойынша түсіндірмелер береді.

Жоғарғы Сот Төрағадан, алқа төрағаларынан және судьялардан тұрады. Жоғарғы Сот судьяларының жалпы санын Жоғарғы сот Төрағасының ұсынысы бойынша Қазақстан Республикасының Президенті белгілейді.

Сот билігі және қоғам: Сот билігі және қоғам
Сот билігі және қоғам:
Еліміз егемендікке қол жеткізіп, көк аспанда тәуелсіздік туы желбірегеніне жиырма жылдай уақыт болып қалыпты. Бір сәтке ойлансақ, жиырма жыл аз ғана уақыт сияқты. Ал осы қысқа уақыттың қырлары мен сырларына терең үңілетін болсақ мемлекетіміздің және оның билік институттарының талай-талай белестерден асып, біршама жетістіктерге жеткенін байқайтынымыз анық.
Осы жиырма жылда Қазақстандағы сот билігінің де асқан белестері айтарлықтай, жеткен жетістіктері де көп. Қазіргі таңда еліміздің сот билігіне толықтай сипат беру үшін әрбір заңгер маман Конституция баптарына жүгінетіндігі сөзсіз. Себебі, Ата Заңымыздың қағидаларында сот билігі Қазақстан Республикасындағы біртұтас биліктің бір тармағы ретінде танылып, мемлекеттік билік органдарының өзара тепе-теңдік принципі негізінде жұмыс атқаруының тұғырына айналды. Еліміздің сот билігінің мазмұнын ашуда аталмыш қағида шешуші әрі орталық орын алады.
Қазақстандағы сот билігінің қоғам мен мемлекеттік билік органдары арасындағы қарым-қатынастағы рөліне баға беру үшін оның айрықша мемлекеттік билік түрі екендігін анықтайтын өзіне тән ерекшеліктерін атап өткен жөн.
Біріншіден, сот билігі - мемлекетіміздің басқа билік салаларынан, яғни атқарушы және заң шығарушы билік тармақтарынан өкілеттіктері бойынша да дараланып тұр, демек, өз қызметінде тәуелсіз әрі тек заңдарды ғана басшылыққа алады.
Екіншіден, сот билігінің басты мақсаты еліміздің заңдарына сай әділ шешімдер қабылдау болғандықтан, азаматтардың, жеке және заңды тұлғалардың бұзылған құқықтарын қорғауда шешуші рөлге ие. Егер, басқа мемлекеттік органдардың құқық қорғау функциялары белгілі бір құзырет шегінен аспайтын болса, соттар әрбір тұлғаның тағдырына байланысты түпкілікті, тек заңға негізделген шешім қабылдау арқылы әлеуметтік әділдікті орнатады. Демек, сот билігінің тәуелсіз билік саласы болып құрылуының астарлы себебі де осында. Өйткені соттардың тәуелсіздігі - азаматтардың бұзылған құқықтарын қорғау мен әділ шешім шығарудың кепілі.
Қазіргі таңда, қоғам арасында сот билігіне байланысты әртүрлі пікірлер айтылып жататыны белгілі. Тіпті, кейбір газет пен журнал беттеріндегі мақалаларда жалпы соттар шығарған шешімдердің ішінара қаншасы әділ, қаншасы заңсыз деген сұраққа жауап беруді мақсат еткен әртүрлі қоғамдық сұраулардың қорытындысы негізінде пайыздық көрсеткіштерді анықтап, осыған байланысты қоғамдағы пікірді қалыптастыру тәсілдері де кең орын алғаны жасырын емес. Осыған байланысты айта кететін бір жәйт, кез келген сотта істі қарау барысында белгілі бір тараптың сот шешімімен келіспейтіндігі анық. Өйткені, тек заңдарға сүйене отырып шешім шығару барысында сот белгілі бір тұлғаға жауапкершілік, не болмаса міндет жүктейтіндігі ақиқат. Осы орайда қоғамдағы соттар, жалпы сот билігі жайлы пікірді тек халық арасында жүргізген сұрау қорытындысы бойынша анықтау дұрыс па деген заңды сұрақ туады. Меніңше, қазіргі таңдағы қоғамдағы сот билігі жайлы кейбір теріс пікірлердің қалыптасуының астарлы себептері осы саланы зерттеудегі, сондай-ақ сот билігінің халыққа деген қызмет көрсету дәрежесін анықтаудағы таңдалып жатқан тәсілдердің біржақты, үстірт қолданылуында. Сондықтан, қоғамдағы сот билігіне деген сенімнің артуына бағытталған шаралар кешенді әрі жан-жақты болуы тиіс.
Басқа мемлекеттік органдардың қызметімен салыстыратын болсақ сот билігін жүзеге асыру әрқашанда ашық әрі жарыспалылық қағидаларына сүйенген. Демек, сотта кез келген қоғам мүшесі заң мен белгілі бір іс шеңберінде өз құқықтары мен мүдделерін қорғауға тікелей қатыса алады. Өз кезінде Т. Джеферсон айтқандай: "Адамның тумасынан пайда болған құқықтарынан басқа нәрсенің барлығы уақыт өте өзгеріске ұшырайды".
Мемлекетіміз өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік деп таныған сәттен бастап адамның құқықтары мен бостандықтары басты орынға ие болды. Оның жарқын көрінісін Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-ші бабының мазмұнынан көреміз: " . . . Қазақстан Республикасының ең қымбат қазынасы-адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары". Осы орайда, мемлекетіміздегі әрбір жеке және заңды тұлғаның құқығын қорғап, заңнаманың қағидаларын тікелей орындайтын сот билігінің билік саласы ретіндегі атқаратын қызметі жалпы мемлекеттік құрылыстың тұрақтылығының бірден-бір кепілі, әрі басты құралдарының бірі деп айтсақ, артық айтқан болмаспыз.
Сот билігінің мемлекеттік басқарудағы рөлін осы саланың әрі қарай дамуына Қазақстан Республикасы Президентінің ерекше ықыласпен қарап, жүргізіліп жатқан реформаларға бастама болуынан көреміз. Елбасымыз өзінің Қазақстан халқына арналған жыл сайынғы жолдаулары аясында сот билігін дамыту мәселесіне ерекше орын бөліп, еліміздің сот жүйесін әрі қарай дамыту жолдарына қолдау жасауының нәтижесінде қазіргі таңда елеулі жетістіктерге қол жеткізіп отырмыз. Осы орайда, сот билігін жүзеге асыру барысында азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейте отырып, осы саладағы ұлттық заңдарымызды халықаралық қағидалар мен стандарттарға сай қылу мақсатында біршама жұмыстар атқарылғандығын да айта кеткен жөн. Оның жарқын көріністері ретінде елімізде ТМД мемлекеттері ішінде алғашқы болып өлім жазасы сияқты қылмыстық жауаптылық түріне мораторий жариялағандығын айтуға болады.
Барлық демократиялық дамыған мемлекеттердің сот тәжірибесінде кеңінен тараған алқабилердің қатысуымен өткізілетін қылмыстық істерді қарау процестері де Қазақстанда 2007 жылдан бастап кең тәжірибеге енгізілген.
Сот билігін жүзеге асыруды жетілдіруге бағытталған кешенді жұмыстардың ішінде ерекше атап өтерлік жетістіктердің бірі - қамауға алу бұлтартпау шарасын тек соттардың тағайындауы. Нақты айтатын болсақ алғаш рет қамауға алу туралы бұлтартпау шарасын таңдауды соттарға беру туралы бастама 1966 жылғы "Азаматтық және саяси құқықтар жайлы" халықаралық пактіде көрініс тапқан болатын. Аталмыш қағиданы ұлттық заңнамаға енгізу және қылмыстық іс жүргізу тәжірибесінде қолдану ЕҚЫҰ сияқты халықаралық ұйымға төрағалық етуші Қазақстан үшін заңды қадам болатыны сөзсіз.
Қазіргі таңда сот билігін тәуелсіз билік саласы ретінде жетілдіру жолдары тікелей сот жүйесіндегі құрылымдық өзгерістерге алып келетіндігі анық. Бұл өзгерістер, өз кезегінде халықтың, қоғамның сот билігіне деген сенімінің артуына және сот әділдігін тиісті дәрежеде жүзеге асыруға оң ықпалын тигізері сөзсіз. Осы орайда, Қазақстан Республикасы Жоғарғы Сотының бастамасымен болашақта сот жүйесінде біршама өзгерістер енгізу көзделіп отыр. Сот әділдігін жүзеге асыруда жергілікті соттардың рөлін арттыру мен халыққа қызмет ету сапасын жетілдіру мақсатында сот жүйесінің сатыларында қаралатын істердің қарау құзыреттілігін өзгерту жұмыстары да басталып кетті. Яғни, болашақта бірінші инстанциялы (аудандық, қалалық) соттарда барлық қылмыстық, азаматтық және әкімшілік істердің санаты толықтай қаралатын болса, облыстық соттар тек апелляциялық және кассациялық тәртіпте түскен істерді қарайтын болады. Ал Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты құзыретіне қадағалау тәртібінде істерді карап, мемлекетіміздегі бірыңғай сот тәжірибесін зерттеу, нормативтік қаулылар қабылдау сияқты маңызды жұмыстарды кешенді түрде жүргізуіне мүмкіндік тумақшы.
Сондай-ақ, сот билігінің дұрыс жүзеге асырылуының бірден-бір факторы тәжірибелі, саналы қызметкерлер дайындау болғандықтан, осы бағытта да біршама жұмыстар атқарылуда. Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік басқару академиясының Әділ сот институтында "Юриспруденция" бағдарламасы бойынша болашақта судьялыққа үміткер магистрларды даярлау жүзеге асырылуда. Бұған қоса, әрбір облыстық соттарда қатардағы судьялардың біліктілігін арттыруға бағытталған жұмыстар тұрақты түрде ұйымдастырылған және олардың қызмет сапасы мен сот этикасын сақтауына қадағалау жасайтын тәртіптік-біліктілік алқалары құрылған.
Осылайша, мемлекетіміздегі сот билігінің даму жолдары сан түрлі болғанымен, олардың басты мақсаты Қазақстан халқына әділ әрі тиімді қызмет ету болып табылады. Аталған сот билігін жетілдіруге бағытталған шаралардың қоғам мүшелері тарапынан соттарға деген сенімінің артуына өзіндік үлесін қосып жатқаны сөзсіз. Оның жарқын көрінісі ретінде республика көлемінде соттарға жеке тұлғалардан келіп түсетін арыз-шағымдар көлемінің жылдан-жылға азаюын айтуға болады.
Алайда, халықтың, қоғамның мемлекеттік билік органдарына, соның ішінде сот билігіне деген сенімінің артуы тек белгілі бір сала шеңберінде жүргізілетін реформалармен шектелмейтіндігі анық. Сонымен бірге, қазіргі таңда қоғамды осы саладағы атқарылып жатқан жұмыстардың нәтижелері жайлы дұрыс әрі сапалы ақпараттандыру мәселесі маңызды орынға ие. Осы себепті, бүгінгі күні өзінің оң шешімін табуға тиісті өзекті сұрақтардың бірі - қоғамның санасында "сот билігі", "соттар" сияқты ұғымдардың "әділдік" пен "заңдылық" ұғымдарына пара-пар, бір мағыналы болып қалыптасуына қол жеткізу.
Өз кезегімде, Қазақстандағы сот билігінің даму қарқыны бәсеңдемей, еліміздің сот жүйесінде болып жатқан өзгерістер халық игілігіне бағытталған болса, жоғарыда көрсетілген мақсаттарға жететіндігімізге кәміл сенемін.

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өткен жылы ерекше мән беріп, сын айтқан сот қызметкерлерінің этикасы мәселесі өзектілігін әлі жойған жоқ. Азаматтық қоғам құру мақсаты барлық билік құрылымдарының барынша ашық болуын талап етеді. Алайда сот органдары жаңа заманның осындай талаптары мен қажеттіліктеріне толық икемделе алып жатыр ма деген сұрақ форум қонақтарын біршама дауластырып қойды. Әрине, баспасөз өкілдері судьялардың қолындағы құзыретті асыра пайдаланатынын және ашықтыққа икемделе алмай жатқанын айтады. Мысалы «Время» газетінің тілшісі Галина Выборнова сот қызметкерлерінің қылмыстық топтардың жетекшілерімен жақын қарым-қатынас ұстанатынын, «достығын» дәлелдейтін бірқатар оқиғаларды өз тәжірибесінен келтіріп өтті. Журналистің айтуына қарағанда, оның қолында осыны дәлелдейтін фотосуреттер де бар екен. Сот қызметкерлерінің әдеп ережесі бойынша, оларға түнгі клубтарға және басқа да арсыздықтар орын алатын көңіл көтеру орталықтарында демалуына рұқсат жоқ. Алайда журналистер қауымының айтуынша, бұл ереженің аяққа тапталуы өте жиі кездесетін жағдай. Сот қызметкерлерінің этика тәртібі бойынша, олар жұмыс бабында жүргенде де, сондай-ақ жеке өмірінде де адамдардың көңіліне оның әділдігіне күмән тудыратын қылықтарға бармауы тиіс. Сәйкесінше, адамдармен қарым-қатынасқа келгенде әрдайым ұстамдылық пен толеранттылық көрсетіп, дөрекіліктен ада болу керек.

Алайда БАҚ өкілдері судьялардың бұл ережені де көзге ілмей, қарапайым азаматтарды былай қойғанда, жұмыс бабымен жүрген журналистер қауымына да дөрекі мінез көрсететінін айтумен болды. Сын таусылсын ба? Әсіресе, сот қызметкерлерінің әдебі мәселесіне келгенде БАҚ өкілдерінің айыздары бір қанып қалды. Оның үстіне, судьялармен көзбе-көз отырып, бетке айтуға мүмкіндік туып тұрғанда тартынып қалмады. Отырыстағы судьялар қауымы да төменшіктеп, бас салбыратып отырған жоқ. Олар соңғы жылдары Елбасының аузынан айтылған сыннан кейін судьялардың өздерінің тәртіп мәселесіне көп көңіл бөліп жатқанын айтып сендіреді. Мысалы, Жамбыл облыстық сотының өкілдері өз аймақтарында бірнеше судьяның дөрекілік және теріс қылықтары үшін қызметінен аластатылғанын жеткізіп, журналистерге басу айтты. Ал нақты іс аясына келгенде, соттардың негізсіз жабық түрде өтетіні көңіл аударарлық жағдай. Журналистердің кейде «ашық сот» деп жарияланған процестердің өзіне кіре алмай әлек болатыны айтылды. Ал бірқатар басылымдар судьялардың БАҚ-ты мемлекеттік және мемлекеттік емес бағыттағы баспасөздер деп бөліп қарайтынын, сәйкесінше олардың ақпаратқа қол жеткізу мүмкіндігі әртүрлі болатынын айтып мұңын шақты.

Елбасы және облыстық сот

Бүкіл әлемнің назарын өзіне аударып отырған ЕҚЫҰ Саммитінің басталуына аз ғана уақыт қалды. Жаупкершілікке толы осынау маңызды шараның өз деңгейінде өтуі жаҺандық саяси жүйеге айтарлықтай ықпал етіп отырған егеменді елімізге үлкен сын әрі абырой екендігі айтпаса да түсінікті. Осынау игі істердің басы қасында бүкіл әлем жұртшылығы мойында ған Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлының тұруы біз үшін үлкен мақтаныш.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасында судьялар сотын құру перспективаларын қарастыру
Сот билігі жүйесін жетілдірудің өзекті мәселелері
ҚР-ның сот жүйесі
Қaзaқстaн Республикaсындaғы сот реформaсы:теңденциялaры және aлғышaрттaры
Қазақстан Республикасындағы сот реформаларын талдау
Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Электронды сот өндірісінің дамуы
Сот төрелігін тек қана соттың жүзеге асыруы
Иліктің бөліну теориясындағы сот билігі түсінігі, мазмұны, функциясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ СОТ ЖҮЙЕСІ ЖӘНЕ СОТ ТӨРЕЛІГІН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz