Педагогтар ұжымындағы құндылықтар жүйесі



Құндылықтар жүйесі – индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. “Құндылық” терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді.
Құндылық – іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы [7]. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері.
Өткізілген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың құндылық иерархиясын анықтауға мүмкіндік берді.
Құндылық маңыздылығы оның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына байланысты. Терминалды құндылықтар қатарында респонденттер: жанұя, адамға жақсылық жасау, денсаулық құндылықтары, алдынғы орындарға қойды. Респонденттің 48,9% өмірдегі ең негізгі құндылық жанұя дейді. Жанұя институты өсіп келе жатқан ұрпақтың нормативті-құндылықтық әлеуметтік мәдени үлгілерді өңдейді. Егер бұл фактіні психологиялық аспектіде қарастырсақ жанұя ошағы адамға қорғаныс, комфорт сезімін әкеледі. әлеуметтік аймақтағы өзгерістермен бірге жүретін экономикалық реформа жағдайында некелік қатынастың маңызы өте зор.
Қазақстандықтардың құндылықтар жүйесінде ерекше орынды мінездің моральдік этикалық эталоны алады. Қазақстан Республикасы-полиэтникалық мемлекет және оның аумағында өмір сүретін халықтарға бір-бірінің мәдениетіне, дәстүріне, салтына деген толерантты қатынас тән. Сондықтан терминалды құндылықтар қатарында 42,2%-ды адамға жақсылық жасау құндылықтарды алғаны заңды.
Респоденттердің 39,5% тұлғалық маңызды құндылық ретіде денсаулықты атады. Денсаулық құндылықғының төменгі коэффициентін полиция, сот, прокуратура, ұлттық қауіпзіздік органдарының қызметкерлері көрсеткен [5].
Жұмыс адам өміріндегі құндылық арасында алғашқы орынға шығарды. Жұмыс істеу және әлеуметтік статус адам өмірінде маңызды рөл атқарады.
Педагогтың жұмысы өз әріптестерімен және оқушылармен өзара әрекет жасау үрдісінде өтеді. Педагогке мектеп бағдарға алған құндылықтар мен басшылардың тұлғалық позициялары мен көзқарастары әсер етеді. Мектепке қабылданған стильге байланысты жеке мұғалімдерде, индивидуалды құндылықтармен ұжымдық құндылықтар арасында туындаған конфликтілірге байланысты мәселелер пайда болады. Тұлғалық және ұжымдық көзқарастар арасындағы сәйкестік қолдаудан бастап келіспеушілікке дейінгі аралықты қамтиды
1.Асмолов А.Г. Психология личности / А.Г. Асмолов. - М.: МГУ, 1990.
2. Маклаков А.Г. Общая психология / А.Г. Маклаков. - СПб.: Питер, 2002.
3.Майерс Д. Социальная психология / Д. Майерс. – СПб.: Питер. Ком, 1998.
4. Смирнов С.Д. Педагогика и психология высшего образования: от деятельности к личности: / Учеб. пос. для слушателей фак-тов и ин-тов повышения квалификаций преподавателей вузов и аспирантов. - М., 1995.
5. Практическая психология для преподавателей. - М., 1997.
6. Аванесов В.С. Основы научной организаций педагогического контроля в высшей школе.- М., 1989.
7. Бенедиктов Б.А. Психология обучения и воспитания в высшей школе. - Минск, 1986

Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   
Главная О журнале Авторы Новости Вопросы Ответы
Педагогтар ұжымындағы құндылықтар жүйесі
К содержанию номера журнала: Вестник КАСУ №1 - 2006

Автор: Акижанова М.М.
Құндылықтар жүйесі - индивидтің өмір сүріп отырған қоғамдағы идеология мен мәдениетті бейнелейді. Құндылықтар адамның әртүрлі материалдық, моральдік, саяси және рухани құндылықтарға деген қатынасының ішкі негізін көрсетеді.
Қоғамдық құндылықтар біріккен, мағыналы іс-әрекет үрдісінде қалыптасады және топ мүшелерінің әртүрлі әлеуметтік объектілер мен құбылыстарға деген қатынасын анықтайды. Мемлекет дамуының өтпелі кезеңінде саясат, экономика, әлеуметтік психологиялық аймақтар өзгеріске ұшырауда. Нәтижесінде құндылықтардың иерархиялық құрылымдары да өзгеруде. "Құндылық" терминіне философияда, социологияда, этика мен психологияда көптеген әртүрлі анықтамалар беріледі. Біздің ойымызша келесі анықтама құндылық ұғымын толық ашатын тәрізді.
Құндылық - іс-әрекеттің әдісі мен құралдарын анықтайтын идеяның, көзқарастың және оларға сәйкес әлеуметтік психологиялық құрылымдардың жиынтығы [7]. Тұлғалық құндылықтар қажеттілікпен өзара әрекет жасай отырып, социогенез үрдісінде қалыптасады. Адам әлеуметтік тәжірибесін өзіндік құндылыққа айналдырады. Құндылықтар адамның мінезінің күрделі, тұрақсыз, түр өзгеріске ұшырап отыратын реттегіштері.
Өткізілген сауалнама нәтижесі қазақстандықтардың құндылық иерархиясын анықтауға мүмкіндік берді.
Құндылық маңыздылығы оның қоғамдық қатынастар жүйесінде алатын орнына байланысты. Терминалды құндылықтар қатарында респонденттер: жанұя, адамға жақсылық жасау, денсаулық құндылықтары, алдынғы орындарға қойды. Респонденттің 48,9% өмірдегі ең негізгі құндылық жанұя дейді. Жанұя институты өсіп келе жатқан ұрпақтың нормативті-құндылықтық әлеуметтік мәдени үлгілерді өңдейді. Егер бұл фактіні психологиялық аспектіде қарастырсақ жанұя ошағы адамға қорғаныс, комфорт сезімін әкеледі. әлеуметтік аймақтағы өзгерістермен бірге жүретін экономикалық реформа жағдайында некелік қатынастың маңызы өте зор.
Қазақстандықтардың құндылықтар жүйесінде ерекше орынды мінездің моральдік этикалық эталоны алады. Қазақстан Республикасы-полиэтникалық мемлекет және оның аумағында өмір сүретін халықтарға бір-бірінің мәдениетіне, дәстүріне, салтына деген толерантты қатынас тән. Сондықтан терминалды құндылықтар қатарында 42,2%-ды адамға жақсылық жасау құндылықтарды алғаны заңды.
Респоденттердің 39,5% тұлғалық маңызды құндылық ретіде денсаулықты атады. Денсаулық құндылықғының төменгі коэффициентін полиция, сот, прокуратура, ұлттық қауіпзіздік органдарының қызметкерлері көрсеткен [5].
Жұмыс адам өміріндегі құндылық арасында алғашқы орынға шығарды. Жұмыс істеу және әлеуметтік статус адам өмірінде маңызды рөл атқарады.
Педагогтың жұмысы өз әріптестерімен және оқушылармен өзара әрекет жасау үрдісінде өтеді. Педагогке мектеп бағдарға алған құндылықтар мен басшылардың тұлғалық позициялары мен көзқарастары әсер етеді. Мектепке қабылданған стильге байланысты жеке мұғалімдерде, индивидуалды құндылықтармен ұжымдық құндылықтар арасында туындаған конфликтілірге байланысты мәселелер пайда болады. Тұлғалық және ұжымдық көзқарастар арасындағы сәйкестік қолдаудан бастап келіспеушілікке дейінгі аралықты қамтиды.
1. Ұжым құндылықтарының жүйесін толық қолдау. Бұл жағдайда педагогтың пікірі аталған құндылықтарды қолдауға және дамытуға бағытталады.
2. Ұжым құндылықтарымен келісу. Педагог идеологияға түсіністікпен қарайды.
3. Ұжым құндылықтарымен келісу мүмкіндігі. Индивидуалды және ұжымдық көзқарастар арасындағы айырмашылыққа қарамастан, педагог белгілі бір жағдайларға байланысты ұжым құндылықтарымен келіседі.
Ұжым құндылықтарымен толығымен келіспеу жағдайында педагогтен оның моральдік принциптеріне қарама-қайшы құндылықтарды қолдауы талап етіледі. Құндылықтар арасындағы конфликтінің себебіне мәліметтің жеткіліксіздігі немесе түсініспеушілік жатады. Бұндай конфликтілер ұжымға және индивидке пайда әкеледі. Индивидтерге олар өзіндік тұлғалық құндылықтарын анықтауға және олардың арасындағы айырмашылықтарды айқындауға көмектеседі. Ал ұжым ұжымдық құндылықтар жүйесін қайта қарастыруға мәжбүр болып, маңызды құндылықтарды анықтау жолында жұмыс атқарады. Кейде мұғалім таңдау жасауда қиыншылықтарға кездеседі. Өз пікірін ашық айту жайсыздықтарға әкеледі, ал ұжымнан кету-көптеген перспективалар мен материалдық қиыншылықтарға ұрындыруы мүмкін. Ал бөтен позицияны қабылдау еңбек іс-әрекетіне және рухани тепе-теңдікке нұсқау келтіреді. Бұл жағдайдан шығу жолы - белгілі шешім қабылдап, оның нәтижесімен келісу. Ұжымның жұмысын анықтайтын және стратегиялық шешімдер қабылдайтын басшылар үшін тұлғалық құндылықтардың маңызы зор. Олардың жұмыстарында "дұрыс" немесе "бұрыс" шешімдері жоқ мәселелерді шешу талап етіледі. Бұндай шешімдер айқындалған құндылықтарға негізделеді [3].
Педагогикалық ұжым бірлігінің маңызды сипаттамасының бірі-мектеп ұжымындағы мұғалімдердің құндылықтарының бірлігі. Ұжым құндылықтар бірлігіне біріккен белсенді іс-әрекет нәтижесі арқылы жетеді. Құндылықтар бірлігі дегеніміз - іс-әрекет мақсаты және міндеттеріне жетудегі ұжым үшін маңызды адамгершілік және іскерлік аймағындағы позициялардың және бағалаулардың жақындағы. Мысалы, мұғалімдердің бір бөлігі мен директор белгілі нақты жағдайда, оқушыларды еңбекке тәрбиелеу мақсатында оқу-өндірістік базаны құндылық ретінде қараса, ал басқа мұғалімдер мен оқу ісінің меңгерушісі басқадай жұмыс түрлерін ұсынса, онда педагогикалық ұжымның құндылықтарының бірлігі болмайды.
Оқыту және тәрбиелеу ұжымындағы біріккен іс-әрекет педагогикалық үрдіс негізінде туындайтын өзара қарым-қатынастар біріккен іс-әрекеттің мақсатына, ұйымдастырылуына, құндылығына байланысты дейді. Мұғалім мен оқушы арасында әрқашан іс-әрекет нәтижелерімен алмасу жүріп отырады. Мұғалім іс-әрекеттің табыстылығы немесе сәтсіздігі оқушы іс-әрекетінің табыстылығынан немесе сәтсіздігінен көрінеді және керісінше оқушының білімділігі және тәрбиелілігі педагог еңбегінің педагогикалық эффективтілігінің көрсеткіші болып табылады. Оқыту тәрбиелеу үрдісінде туындайтын пәндік қатынастар педагогикалық ұжым тұрғысынан бағалаумен келісушілікті қамтамасыз етеді.
Топтық құрылымдық сипаттамасына топтағы индивидтің орны жатады. Көне рим философы Сенека: "Біздің әрбіреуіміз басқалар үшін ұлы театр болып табыламыз", - деген қайталағанды ұнататын [1]. Шындығында да топтың барлық мүшелері белгілі рөлдерді орындайтын актерлер болып табылады. Рөл дегеніміз - әлеуметтік топта белгілі позицияны алатын индивидке тән күтілетін мінездік сипаттар жинағы. Рөл статуспен байланысты, сондықтан рөл кейде динамикалық аспект ретінде анықталады. Рөлді индивидке топ тарапынан берілген шынайы функциялар қатарымен сипаттауға болады. Жанұяның да әрбір мүшесінің белгілі статустық сипаттамасы болады. Адамдардан көптеген рөлдер жиынтығын ойнау талап етіледі. Мысалы, мұғалім өз жұмысында біршама рөлдер қатарын орындайды: оқушыларға білім береді, тәрбиелейді, дәптерлерін тексереді, олардың денсаулығына назар аударады, оқушылардың табысқа жетуіне үлес қосады. Жұмыстан соң - әкенің, шешенің, достың, спорт клубы мүшесінің рөлін атқарады. Бұл рөлдердің көпшілігі үйлесімді, ал басқалары конфликт туғызады. Адамдар өз еріктерімен немесе өз еріктерінсіз әртүрлі рөлдерді ойнауға мәжбүр болады және олардың мінездері ойнайтын рөлге байланысты екендігі мәлім болып отыр [6].
Ғалымдардың пікірінше педагогтың өзінің даму перспективасын анықтауда 3 мүмкіншілігі бар: бейімделу, өзін-өзі дамыту және іс-әрекетінің "құлауы". Бейімделу рөлдік позицияларды меңгеруге, іс-әрекеттің барлық түрін меңгеруге, білім беру жүйесінің барлық талаптарына бейімделу мүмкіндігін береді. Өзін-өзі дамыту - педагогтың өзін профессионал ретінде толық жүзеге асыруын қамтамасыз етеді. Статация - педагог өз дамуын тоқтатқан кезде пайда болады және осы үрдіс нәтижесінде педагогтың кәсіби белсенділігі төмендейді, жаңалықты қабылдайды т.б. Педагогтың өзін-өзі тану, өзін-өзі дамыту мәселесіне анализ жасамастан бұрын оның тұлғалық ерекшеліктері, кәсіби компетенттілігі, іс-әрекетінің спецификасы сипаттамаларына тоқталайық.
Қазіргі кезде ғылымда педагог тұлғасының құрылымдық компоненттерін, оның іс-әрекеті мен қарым-қатынасын, кәсіби компетенттілігінің ерекшеліктерін анықтауда әртүрлі көзқарастар қалыптасқан. Педагог тұлғасының маңызды құрылымдылық компоненттеріне кәсіби педагогикалық бағыттылық, кәсіби белсенділік, кәсіби білімдер мен шеберліктер, кәсіби педагогикалық қабілет, ес, ойлау мен қиял, кәсіби өзіндік сана, құндылықтар қатары енеді [2].
Тұлғаның кәсіби - педагогикалық бағыттылығы - өзіне, іс-әрекетке, балаларға деген қатынастардың ерекше класымен анықталады. Кәсіби- педагогикалық бағыттылықтың дамуы төмендегі факторларға байланысты: педагогтың тұлғалық ерекшеліктері, оның қызығушылықтары, өзін-өзі дамытуға деген ұмтылыс, басшылар тарапынан педагогикалық іс-әрекеттің ұйымдастырылу ерекшеліктері, ұжымдағы өзара әрекеттің ерекшеліктері т.б.
Кәсіби белсенділік педагогтың өзінің іс-әрекетінің аймағын кеңітуге деген ұмтылысымен, оқытудың жаңа формалары, әдістері мен құралдарын іздестірумен, әріптестермен, ата-аналармен, оқушылармен жақсы қарым-қатынаста болуымен, өзін-өзі тәрбиелеудің барлық амалдары мен құралдарын қолдана отырып, өзін-өзі дамытумен айналасуымен сипатталады. Қарастырылатын мәселелер контексінде кәсіби белсенділік - өзін-өзі дамытудың маңызды шарты болып табылады.
Кәсіби білімдер мен шеберліктер кәсіби даярлықтың мазмұнын құрайды педагогтың білімдері мен шеберліктері болмаса, ол өз функцияларын жүзеге асыра алмайды. Кәсіби ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Психологиялық ахуал түсінігі. Балалар ұжымындаы психологиялық ахуал
Мектептегi оқушылар ұйымындағы тәлiм-тәрбие жүйесi
Оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің жаңа моделі
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары жайлы
ПӘНДІ ОҚЫТУДА ЖАҢА ПЕДАГОГИКАЛЫҚ, АҚПАРАТТЫҚ-КОММУНИКАТИВТІК ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫҢ МҮМКІНДІКТЕРІН ҚОЛДАНУ ФОРМАЛАРЫ жайлы
Тұлғаны ұжымда тәрбиелеу
Мектептегі оқушылар ұйымы арқылы ұлттық тәрбие берудің педагогикалық шарттары
Балалар ұжымы және ұжымдағы көшбасшылықты дамыту
Тұтас педагогикалық үрдісте тәрбиенің алатын орны
Оқушыларға ұжымдық тәрбие беру
Пәндер