Кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау


Мазмұны
КІРІСПЕ . . . 3
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының есебі . . . 6
1. 1. Кәсіпорынның қаржы есептілік процессі . . . 6
1. 2. Кәсіпорынның қаржы есептілік мақсаттары . . . 8
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық аспектілері . . . 10
2. 1 Қаржылық жағдайды талдаудың теориялық негіздері . . . 10
2. 2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың әдістері . . . 17
2. 3. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау түрлері . . . 18
3. «КТЖ» Ұлттық компаниясының Астана қаласындағы дабылдық және байланыс дистанциялық орталығының қаржылық тұрақтылығын талдау . . . 20
3. 1. Кәсіпорынның экономикалық жағдайын бағалау . . . 20
3. 2. Баланс активтерінің және олардың құралу көздерінің құрамы мен құрылымы динамикасын бағалау . . . 21
3. 3. Кәсіпорын балансының өтімділігін бағалау . . . 38
3. 4. Кәсіпорын табыстылығын бағалау . . . 46
4. «КТЖ» Ұлттық компаниясының Астана қаласындағы дабылдық және байланыс дистанциялық орталығының қаржылық жағдайын жақсарту бағыттары . . . 54
4. 1. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын интегралдық бағалау және оны арттыру бағыттары . . . 54
Қорытынды . . . 60 Қолданылған әдебиеттер тізімі . . . 64
Кіріспе
Нарықтық экономика жағдайында өндіріске қаржы жұмсаудың экономикалық тиімділігі бүгінгі күннің өзекті мәселесіне айналып отыр. Негізгі мақсат бүкіл өндіріс бойынша қаржыны ұқыпты және тиімді жұмсай отырып, мол табыс табу болып табылады.
Кәсіпорынның қаржылық жағдайы кәсіпорынның қалыпты өндірістік, коммерциялық және басқа да қызмет түрлері үшін қажетті қаржы ресурстарымен қамтамасыз етілуімен және оларды мақсатқа сай, тиімді тарату және пайдаланумен, сондай-ақ басқа шаруашылық субъектілерімен қаржылық қарым-қатынаста болу, төлеу қабілеттілігі және қаржылық тұрақтылықпен сипатталады.
Қазіргі нарықтық қатынас жағдайында мекеме құралдарының ең басты бөлігі болып қаржы ресурстары жатады. Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын бағалау, объективті, ғылыми негізделген және үйлесімді басқару, өндірістік, әсіресе қаржылық шешімдер қабылдау үшін оның қаржылық жағдайын талдау қажет. Тек терең және ұқыпты талдау негізінде ғана оның қызметін объективті бағалап, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын нығайту немесе жақсарту үшін шешімдер қабылдауға болады. Нарық жағдайында кәсіпорынның өміршеңдігінің кепілі мен жай-күйінің орнықтылығының негізі оның қаржылық тұрақтылығы болып табылады. Бүгінгі экономикалық жағдайда тұрақты төлем қабілеттілік табыстылықтан да маңызды болып отыр. Сондықтан дипломдық жұмыс тақырыбы ең өзекті мәселелердің бірі болып отыр.
Дипломдық жұмыстың негізгі мақсаты мен маңызы кәсіпорында қаржы ресурстарын пайдаланудың экономикалық тиімділігін анықтау, қаржының құралу көздерін, төлемдік қабілеттілігімен, қаржылық тұрақтылығын талдау. Бұл мақсатқа жетуде келесі міндеттер қойылды:
- кәсіпорынның даму бағыты мен өндіріс ауқымын зерттеу;
- кәсіпорынның негізгі техникалық-экономикалық көрсеткіштерін зерттеу;
- кәсіпорынның баланс құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
- кәсіпорынның қаржылық ресурстары, олардың қалыптасу көздерін талдау, құрамы мен құрылымы динамикасын зерттеп, баға беру;
- кәсіпорынның төлем қабілеттілігі мен баланс өтімділігін зерттеу;
- кәсіпорынның табыстылық көрсеткіштеріне баға беру;
- кәсіпорын капиталының айналымдылығын бағалау, яғни іскерлік белсенділігі мен тиімділігін бағалау;
- кәсіпорынның даму перспективасы мен стратегиясына баға беру.
Жоғарыда көрсетілген міндеттер мен мақсаттарға сәйкес, дипломдық жұмыста «НККТЖ» акционерлік қоғамының іс тәжірибесінде қаржы ресурстарын пайдалану тиімділігін экономикалық бағалау көрсетіліп отыр. Дипломдық жұмысты орындау барысында «НККТЖ» АҚ-ның жылдық баланстары, табыстар мен шығындар есебі, өзге де қаржылық есеп беру құжаттары пайдаланылды.
Дипломдық жұмыста экономикалық талдаудың кең тараған әдістері тізбектік, абсолютті айырмашылық, коэффициенттер, индекстер әдістері пайдаланылды.
Дипломдық жұмыс кіріспеден, үш тараудан, қорытындылардан, әдебиеттер тізімінен тұрады.
Кіріспеде дипломдық жұмыстың өзектілігі, зерттреулердің маңызы көрсетіліп, негізделген мақсаттары мен міндеттері, әдістері қарастырылған.
Жұмыстың бірінші тарауы үш бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде қаржылық жағдайды талдаудың мәні мен мақсаты, кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қарастырылған. Сонымен қатар, екінші бөлімінде қаржылық жағдайды талдау әдістері қарастырылды. Бірінші тараудың үшініші бөлімінде қаржылық талдау түрлері, атап айтқанда экспресс-талдау ашып көрсетілген. Кәсіпорынның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізу үшін міндетті шарттары мен оның қажеттіліктері тілге тиек етіледі. Және халықаралық есеп беру стандарттары, оларды енгізуге байланысты өзгерістер жайлы сөз қозғалады. Себебі қазіргі кезде мемлекетіміз халықаралық стандарттарға сай болу үшін жаңа есеп беру әдістеріне көшті. Бұл тараудың әрі қарай практикалық бөлімде талдаулар жүргізу үшін маңызы зор.
Жұмыстың екінші тарауы төрт бөлімнен тұрады. Оның бірінші бөлімінде «НККТЖ» акционерлік қоғамының сипаттамасы, құрылу тарихы, мамандану бағыты, басқару құрылымы мен құрамы, негізгі экономикалық көрсеткіштері туралы мәліметтер берілген.
Аталған тараудың екінші бөлімінде кәсіпорынның активтері мен олардың құралу көздері талданған. Оның ішінде баланстың жеке баптары бойынша (ағымдағы активтер, ұзақ мерзімді активтер, қарыз капиталы және меншікті капитал) жеке талдаулар жасалынып, компанияның көптеген көрсеткіштеріне баға берілген. Кәсіпорынның салыстырмалы шамалары, коэффициенттері есептеліп, олардың теориялық мәндермен сәйкес келуі зерттеліп, кәсіпорынның қызметіне баға берілген.
Екінші тараудың үшінші бөлімінде кәсіпорын балансының өтімділігі, яғни ликвиттілігі бағаланған. Ол үшін ең өтімді, тез өтімді, баяу және қиын өткізілетін активтер мен неғұрлым тез төленуге тиісті міндеттемелер, қысқа мерзімді міндеттемелер, ұзақ мерзімді міндеттемелер, тұрақты міндеттемелер салыстырылып, олардың арасындағы қатынастың теориялық мәніне сәйкестілігі анықталды.
Бұл тараудың соңғы бөлімінде кәсіпорын табыстылығына баға берілді. Ол үшін кәсіпорын табыстылығының абсолютті және салыстырмалы көрсеткіштері талданып, рентабельділік коэффициенттерін есептеу барысында қорытындылар жасалынды. Сонымен қатар кәсіпорын капиталының айналымдылығы, іскерлік белсенділігі мен тиімділігі талданды.
Үшінші тарау да екі бөлімнен құралған. Оның бірінші бөлімінде кәсіпорынның банкротқа ұшырау ықтималдығын бағалау жүзеге асырылған. Альтманның үш факторлы және бес факторлы әдістері көмегімен талдау жүргізілді.
Үшінші тараудың екінші бөлімінде қаржылық стратегияның мақсаттары аталып қана қоймай, «НККТЖ» акционерлік қоғамының қаржылық стратегиясы мен кәсіпорын қызметінің тиімділігін арттыру жолдары көрсетілді.
Қорытынды бөлімінде талдау барысында көз жеткізілген нәтижелерге, компанияның экономикалық жағдайына шолу жасалынды.
Дипломдық жұмыстың теориялық-әдістемелік негізі ретінде отандық және шетелдік ғалым-экономистердің кәсіпорынның қаржы ресурстарын қалыптастыру ерекшеліктері жөніндегі еңбектері алынды. Практикалық бөлімінде талдау жүргізу үшін «НККТЖ» акционерлік қоғамының 2007-2009 жылдарындағы шоғырландырылған қаржылық есебі, компания жарғысы, алдағы кезең жоспарлары алынды. 1
Дипломдық жұмысты талдау барысында аналитикалық әдіс қолданды.
1. Кәсіпорынның қаржылық жағдайының есебі
1. 1. Кәсіпорынның қаржы есептілік процессі
Есептілік процесінің логикалық жалғасы болып кәсіпорынның қаржылық есептілігін құрастыру болып келеді, ал ол өз кезегінде ішкі басқару мақсаттарына және сыртқы қолданушыларға кәсіпорынның қаржылық жағдайы туралы қажетті ақпараттарды ұсыну үшін қажет болып табылады. Қаржылық есептілік - есептілік кезең ішінде оның қызметі мен талаптарын сипаттайтын көрсеткіштер жүйесі; қызметтің қорытындылары немесе нәтижелері және жағдайы туралы сәйкес мәліметтерді көрсететін есептілік жазулардың негізгі түрі болып табылады.
Қаржылық есептілік ағымдағы барлық есептіліктердің мәліметтері негізінде құрылады, яғни бухгалтерлік, салықтық, статистикалық, оперативті-техникалық, ал бұл жағдайдың өзі кәсіпорынның шаруашылық қызметінің жан-жақты сипатталуына мүмкіндік береді. Есптіліктің құрамына сапалық және сандық сиапттамалар, сонымен қатар құндық және натуралдық көрсеткіштер енуі мүмкін. Бухгалтерлік есептілік пен қаржылық есептілік арасындағы органикалық байланыс есептілікте алынатын қорытынды мәліметтер сәйкес есептілік формаларына синтетикалық көрсеткіштер негізінде енетін болған жағдайда ғана пайда болады.
Қаржылық есептіліктің мақсаты - кәсіпорынның қаржылық нәтижелелері, жағдайы туралы мәліметтерді және кәсіпорынның кез-келген шоғырландырылған ұйымының ақша қаражаттарының ағымдары туралы шынайы ақпараттарды қолданушыларға экономикалық шешімдер қабылдау үшін ұсыну болып табылады. Сонымен қатар қаржылық есептілік басқарушылық жұмыстрдың тиімділігін бағалауға және тапсырылған жұмыстарының орындалуына бұйрық берілген тұлғалардың жауапкершілігін бақылау және бағалуда маңызды орын алады. 2
Қаржылық есептіліктің мақсаттары:
- Экономикалық шешеімдер қабылдау үшін қоолданушылардың үлкен тобына қаржылық жағдай, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну;
- Кәсіпорын басқарушылары сеніп тапсырған, ресурстарды басқарудың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсыну;
ХҚЕС сәйкес кәсіпорынның қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:
- Бухгалтерлік баланс;
- Кірістер мен шығыстар туралы есептілік;
- Капиталдағы барлық өзгерістерді көрсететін есептілік;
- Ақша қозғаласы туралы есептілік;
- Есеп саясаты және түсіндірме хат.
Кәсіпорынның қаржылық есептілігінен басқа сонымен қатар басқарушыларға сонымен қатар қаржылық шолу да құрастырылуы мүмкін, бұл шлуда кәсіпорын қызметінің нәтижелері, кәсіпорынның қаржылық жағдайы, кәсіпорын қызметі кезінде кездесетін негізіг қиындықтар келтірілуі мүмкін. Сонымен қатар қаржылық шолуда қызметтің қаржылық нәтижелерін анықтайтын факторлардыталдаудың қорытындылары, табыстың өсуін қамтамасыз етуге және қызметті жақсарту мақсаттарында жасалған іс-шаралар, кәсіпорынның инвестициялық саясаты, дивиденттер аясындағы саясат туралы мәліметтер көрсетілуі мүмкін. Құжаттағы мәліметтердің ішінде ең басты назар қаржыландыру көздерін талдауға, қарыздық қаражаттарға қатысты саясатқа, тәуеклдерді басқаруға арналған іс-шараларға аударылады. Аталған құжаттардан басқа сонымен қатар қаржылық есептілікте қоршаған ортаны қорғауға байланысты есептіліктер, қосылған құнға байланысты есептіліктер және экономикалық шешімдер қабылдау үшін қолданушылардың жұмыстарын жеңілдетуге мүмкіндік беретін тағы да басқа есептіліктер көрсетілуі мүмкін.
Қаржылық есептіліктің мзмұнына және қаржылық есептіліктегі баптардың ашылуы немесе олармен қоса берілген қосымшаларға қарамастан, ХҚЕС бойынша қаржылық есептілікке қойылатын негізгі талап - қаржылық есептілік формалары мен оның әр компоненттрінің анықталуы болып табылады.
Қаржы есептiлiгiнiң әрбiр компонентi міндетті түрде дәлме-дәл анықталуға тиiс. Бұған қоса, келесi ақпарат дәлме-дәл бөлiп көрсетiлуге және, егер бұл ұсынылған ақпаратты дұрыс түсiну үшiн қажет болса, қайталануға тиiс:
а) есеп беретiн ұйымның атауы немесе өзге де сәйкестік белгілері, сондай-ақ алдыңғы есепті кезеңнен бастап осы ақпараттағы кез келген өзгерістер;
б) қаржы есептiлiгi жеке ұйымды немесе ұйымдар тобын қамти ма;
в) қаржы есептiлiгiнiң тиiстi компонентi үшiн ненiң көбiрек жарайтынына қарай, есепті күн немесе қаржы есептiлiгiн қамтитын кезең;
г) 21-«Валюталық бағам өзгерісінің әсері» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай, ұсыну валютасы;
д) қаржы есептiлiгiнде соманы ұсынған кезде пайдаланылған дәлдiк деңгейi.
Қаржы есептiлiгi міндетті түрде кем дегенде жыл сайынғы негізде ұсынылуға тиiс. Ұйымның есепті күні өзгерген және кезең ішіндегі жылдық қаржы есептiлiгi бiр жылға қарағанда ұзағырақ немесе қысқарақ ұсынылған кезде, ұйым қаржы есептiлiгiнде қамтылған кезеңге қосымша мыналарды ашып көрсетуге міндетті:
а) неғұрлым ұзағырақ немесе неғұрлым қысқарақ кезеңдi пайдалану себебiн;
б) пайдалар мен залалдар туралы есептегі, меншiктi капиталдағы өзгерiстер туралы есептегі, ақшалай қаражаттардың қозғалысы туралы есептегi және тиiстi ескертулердегi салыстырма сомалардың толық дәрежеде салыстырмалы емес екендігінің фактiсi. 3
1. 2. Кәсіпорынның қаржы есептілік мақсаттары
1. Экономикалық шешеімдер қабылдау үшін қоолданушылардың үлкен тобына қаржылық жағдай, ақша қаражаттарының қозғалысы туралы мәліметтерді ұсыну;
2. Кәсіпорын басқарушылары сеніп тапсырған, ресурстарды басқарудың нәтижелері туралы мәліметтерді ұсыну;
ХҚЕС сәйкес кәсіпорынның қаржылық есептілігіне мыналар кіреді:
3. Бухгалтерлік баланс;
4. Кірістер мен шығыстар туралы есептілік;
5. Капиталдағы барлық өзгерістерді көрсететін есептілік;
6. Ақша қозғаласы туралы есептілік;
7. Есеп саясаты және түсіндірме хат.
Әдетте қаржы есептілігі бір жыл ішінде кезең үшін ұдайы жасалады. Алайда кейбiр ұйымдар практикалық тұрғыдан алғанда есептерді, мысалы, ұзақтығы 52 апталық кезең үшін ұсынуды қалайды. Осы Стандарт ондай практикаға тиым салмайды, өйткенi алынатын қаржы есептiлiгiнде бiр жылдық кезең үшін жасалатын қаржы есептiлiгінен елеулi айырмашылығы бола қоймас.
Бухгалтерлік баланс қаржылық есептіліктің ең негізгі формаларының бірі, оның мәліметтері арқылы кәсіпорынның мүліктік жағдайы анықталады. Бухгалтерлік балансты құрастыру жұмыстары кезінде оның ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып екіге бөлінген активтері мен міндеттемелері және олар жеке классификация түрінде болу қажеттілігі негізінде жасалуы тиіс. Егер басшылықпен балансты бұндай классификацияға бөлмеу туралы шешім қабылданса, онда бухгалтерлік баланста активтер мен міндеттемелер өтімділік тәртібі бойынша ұсынылуы тиіс. Сонымен қатар егер баланста активтер мен пассивтердің жеке сомалары берілетін болса, онда кәсіпорын міндетті түрде есептілік кезеңінен кейін 12 ай ішінде және осы 12 ай аяқталуы кезінде олардың өтелуі немесе төленуі күтілетін активтер мен міндеттемелердің сомалары ашуы тиіс. ХҚЕС бойынша бұндай талаптың орындалуы қаржылық есептілікті қолданушыларға айналым капиталының құрамындағы таза активтер жайлы тиімді ақпараттарды алуға мүмкіндік береді. Сонымен қатар бұндай ақпараттар қолданушыларға есепті кезеңде сатылуы тиіс активтер мен төленуі тиіс міндеттемелер мен кәсіпорынның төлем қабылеттілігін және өтімділік деңгейін талдауға мүмкіндік береді. 4
ХҚЕС активтердің ұзақ мерзімді және қысқа мерзімді болып бөлінуіне ерекше назар аударылады. №1 ХҚЕС «Қаржылық есептілікті ұсынылуы» стандартында осы активтер жауап беруі тиіс талаптар анықталған. Актив, егер мынадай өлшемдердің кез келгенін қанағаттандырса, міндетті түрде қысқа мерзімді актив ретінде сыныпталуға тиіс:
а) оны өткiзу көзделсе, не ол кәсiпорынның әдеттегі операциялық кезеңiнiң барысында сатуға немесе пайдалануға арналса;
б) ол негiзiнен сауда мақсаттарына арналса;
в) оны есепті күннен кейін он екі айдың ішінде сату ұйғарылса; не
г) ол ақшалай қаражаттар немесе ақшалай қаражаттардың баламалары нысанында болса (7-«Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есептер» ІAS Халықаралық стандартында анықталғандай), бұған есепті күннен кейін, ең болмағанда, он екі айдың ішінде қандай да болсын міндеттеменің орнын толтыру үшін оны айырбастауға немесе пайдалануға тиым салынған реттер кірмейді. Бұндай активтерге қорлар, тапсырыс берушілер мен сатып алушылардың мінднттнмелері, нарықтық бағалы қағаздар және т. б. жатады. ХҚЕС бойынша қалған активтердiң барлығы міндетті түрде ұзақ мерзiмдi активтер ретiнде сыныпталуға тиiс.
Міндеттемелер бухгалтерлік баланста қысқа мерзімді болып келеді, егер кәсіпорынның операциялық кезеңінде немесе есепті кезеңнен кейін 12 ай ішінде олардың өтелуі жоспарлагған кезде. Қысқа мерзімді міндеттемелердің ішінде мердігерлер мен жабдықтаушыларға деген міндеттемелер, пайыздарды төлеу бойынша міндеттемелер, банктік овердрафттар, төлеуге арналған дивиденттер, табысқа деген салықтарға және т. б. міндеттемелер ерекшеленіп көрсетіледі. Ал қалған міндеттемелер ұзақ мерзімді міндеттемелер ретінже жіктеледі.
Ұзақ мерзімді міндеттемелер ішінде пайыздарды төлеу бойынша ерекшеленіп көрсетіледі, егер олар есепті кезеңнен кейін он екі ай ішінде төленуге міндетті болса және олардың бастапқы бөлігін төлеу мерзімі он екі айдан ұзақ болған жағдайда, сонымен қатар кәсіпорын қаржылық есептілікті құрудың алдында міндеттемелерді келісілген келісім негізінде немесе төлемді төлеу графиги өзгертілген жағдайда оларды ұзақ мерзімді деп міндеттемелер ретінде қайта қаржыландыратын болса. 5
2. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдаудың теориялық негіздері
2. 1 Қаржылық жағдайды талдаудың мәнi мен теориялық негізі және ақпараттық базасы
Кез-келген бизнес түрiнiң нәтижесi қаржылық ресурстардың бар болуы мен оларды пайдалану тиiмдiлiгiнен тәуелдi. Қаржы ресурстарын кәсiби басқару қазiргi сандық талдау әдiстерiн пайдалана отырып кәсiпорынның қаржылық-экономикалық жағдайына терең талдау жүргiзудi талап етедi. Осыған байланысты бүгiнгi күнi қаржылық талдаудың маңызы артып отыр. Себебi қаржылық талдаудың негiзгi мазмұны - қаржылық тәуекел деңгейiн бағалау мен капитал табыстылығының деңгейiн жобалау мақсатымен кәсiпорынның қаржылық жағдайы мен оны анықтаушы факторларды кешендi, жүйелi оқу.
Кәсiпорынның қаржылық жағдайы (КҚЖ) - айналыс үрдісіндегі капиталдың жағдайын сипаттайтын және шаруашылық субъектiсiнiң нақты сәттегi өз қызметiн қаржыландыру мүмкiншiлiгiн бейнелейтiн көрсеткiштер жүйесiмен анықталады. Кәсiпорынның қаржылық жағдайы осы кәсіпорынның белгілі бір кезеңдегі қаржылық тұрақтылығын және оның өз шаруашылық қызметін үздіксіз жүргізуі мен өзінің қарыз міндеттемелерін уақытылы өтеуі үшін қаржы ресурстарынмен қамтамасыз етілуін көрсетеді.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы ұғымы арнайы әдебиеттерде түрлiше талқыланады:
- қаржылық тұрақтылық - бұл қызмет үрдісінің жеткiлiктi қаржылық қамтамасыз етiлуi;
- қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорын шоттарының оның төлем қабiлеттiлiгiне үнемi кепiлдiк беретiндей етiп орналасуы;
- қаржылық тұрақтылық - бұл кәсiпорынның ақша қаражаттарын еркiн, әрi тиiмдi пайдалана отырып, өндiрiс пен сату үрдістерін, сонымен бiрге үдемелi ұдайы өндiрiстi қаржыландыру мүмкiншiлiгi;
- қаржылық тұрақтылық - бұл табыстың шығыннан тұрақты дәрежеде артуы. 6
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылық жағдайына көптеген факторлар әсер етеді, оларды В. М. Радионова және М. А. Федотова келесідей түрлерге жіктейді:
1) пайда болу орнына байланысты - ішкі және сыртқы;
2) нәтижесінің маңыздылығына байланысты - негізгі және негізгі емес;
3) құрылысы бойынша - қарапайым және күрделі;
4) әрекет ету уақыты бойынша - тұрақты және уақытша.
Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығына әсер етушi iшкi факторлар:
- кәсiпорынның салалық ерекшелiгi;
- шығарылатын өнiм (жұмыс, қызмет) құрылымы және оның жалпы төлем қабілеттілігі бар сұраныстағы үлесі;
- жарғылық капитал көлемi;
- шығын көлемi, оның ақшалай табыспен салыстырғандағы динамикасы;
- мүлiк пен қаржы ресурстарының жағдайы, олардың құрамы мен құрылымы;
- кәсiпорынды басқару тиiмдiлiгi, т. б.
Сыртқы факторлар:
- мемлекеттегi саяси-экономикалық жағдай;
- төлем қабiлеттi сұраныс пен тұтынушылар табысы;
- салық және несие саясаты;
- құқықтық-нормативтiк база;
- сыртқы-экономикалық байланыстар, т. б. .
Қаржылық жағдайды талдау кәсiпорынның шаруашылық қызметiн талдаудың ең соңғы кезеңi. Ол iшкi және сыртқы қаржылық талдау болып бөлiнедi. Олар бiр-бiрiнен мақсаты мен мазмұны бойынша ерекшеленедi.
Iшкi қаржылық талдау - бұл кәсiпорынның қаржылық жағдайын тұрақтандыру, оның табыстылығын арттыру мақсатымен капиталдың қалыптасу механизмiн, орналасуы мен пайдаланылуын талдау, ал сыртқы қаржылық талдау - инвестициялау тәуекелiн анықтау мақсатымен субъектiнiң қаржылық жағдайын талдау. 7
Кәсiпорынның қаржылық жағдайына жүргiзiлген талдау - кәсiпорын басшылығы осы уақыт аралығында қаржы ресурстарын қаншалықты ұтымды басқарған деген сұраққа жауап беруi тиiс. Осыған орай КҚЖ талдаудың негiзгi мақсаты (міндеттері) келесiлер:
- Кәсiпорынның қаржылық жағдайына уақытында әрi объективтi баға беру, оның әлсiз жақтарын анықтау және оның пайда болу себептерiн оқу;
- Активтер мен олардың қалыптасу көздері арасындағы сәйкестілікті, оларды таратудағы рационалды және пайдаланудағы тиімділікті зерттеу;
- Айналым капиталының көлемін, оның өсуін (кемуін) және ағымдағы міндеттемелермен арақатынасын анықтау;
- Қаржы-есептік және несие ережесін сақтау;
- Кәсіпорын активтері және оның міндеттемелерінің құрылымын зерттеу;
- Ағымдағы активтердің айналымдылық есебі, оның ішінде дебиторлық борыш және қорлар есебі;
- Баланстың өтімділігін, кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығының және төлеу қабілеттілігінің абсолюттік және салыстырмалы көрсеткіштерін анықтау;
- Кәсіпорын табыстылығын бағалау;
- Кәсіпорынның іскерлік белсенділігін анықтау;
- Кәсiпорынның қаржылық жағдайын, оның төлем қабiлеттiлiгi мен қаржылық тұрақтылығын жоғарылату резервтерiн iздестiру;
- Қаржы ресурстарын неғұрлым тиiмдi пайдалану мен кәсiпорынның қаржылық жағдайын нығайтуға бағытталған шаралар жүйесiн дайындау;
- Қаржы ресурстарын түрлiше пайдалану нұсқаларындағы қаржылық нәтиже мен қаржылық жағдайдың үлгiлерiн жобалау;
- Кәсіпорынның қаржылық жағдайының тұрақтылығын ұзақ және қысқа мерзімді болжау, яғни оның қаржылық стратегиясын анықтау.
Жоғарыдағы мiндеттерге қол жеткiзу үшiн кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдау келесiдей кезектiлiкте жүргiзiлуi тиiс:
- Кәсiпорынның мүлiктiк жағдайы мен капитал құрылымын талдау
- Капиталды пайдалану тиiмдiлiгi мен интенсивтiлiгiн талдау
- Кәсiпорынның қаржылық тұрақтылығы мен төлем қабiлеттiлiгiн талдау
- Кәсiпорынның несие қабiлеттiлiгi мен банкроттылығының ықтималдылығын талдау
- Кәсiпорынның қаржылық жағдайын сауықтыру бағыттарын жобалау
Кәсiпорынның қаржылық жағдайын талдаудың ақпараттық негізі қаржылық есеп беру болып табылады.
Халықаралық қаржылық есеп беру стандарттары (International Finansial Reporting Standards - IFRS немесе International Accounting Standards - IAS) немесе МСФО, қаржылық есеп берудің халықаралық деңгейде қабылданған формалары болып табылады. 2001 жылға дейін БЕС 1-41, одан кейін ХҚЕС 1-7 қабылданды, қазіргі кезде бұл стандарттардың екеуі де қолданылып жүр. 8 Жаңа стандарттар бойынша қаржылық есептілік кәсіпорынның қаржылық жағдайы, қызмет нәтижесі, қаржылық жағдайындағы өзгерістер туралы ақпаратпен қамтамасыз етеді. Осы мақсатқа жету үшін қаржылық есептілік ұйымның келесі көрсеткіштері жайында ақпарат беруі тиіс:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz