Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің бірі
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
І Бөлім Қазіргі кездегі педагогика ғылымының қоғамдағы маңызы
1.1. Қазіргі кездегі педагогика ғылымының мақсат.міндеттері мен ғылыми кеңістікте алатын орны ... ... .7
1.2.Педагогика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы . пәнаралық байланыс тақырыбы ... ... ...11
1.3. Қазіргі педагогиканың мазмұнын байыту мәселесі . пәнаралық
байланысты жетілдірудің негізгі бағыттарымен байланысты
ІІ Бөлім Педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру әдістемесі
2.1. Педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19
2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттары ... ... ... ... ... ... ..23
2.3. Пәнаралық байланыс арқылы педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру шарттары ... ... ... ... ... ..28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... ... 32
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... 34

Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі мәселерінің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да өзіндік маңызы бар.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс байланыс мәселесін көптеген ғалымдар педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар философиялық тұрғыдан қарастырып отыр. Олардың қатарында В.Давыдов, И.Зверев, Р.Лемберг, В.Максимова, В.Малахов, т.б. ғылымдарды атауға болады.

1. Әбиев ж. Бабаев С., Құдиярова А. Педагогика: Оқу құралы, - Алматы:Дарын, 2004ж.
2. Педагогика. Дәріс курсы. / Құраст. Хмель Н.Д., Жампеисова К.Қ.- Алматы: Нұрлы әлем, 2003ж.
3. Жарықбаев Қ., Қалиев С. Қазақ тәлім- тәрбиесі.- Алматы, «Санат», 1995 ж.
4. Бейсенбаева А.А. Пәнаралық негізінде оқу үрдісін ұйымдастыру. – Алматы, РБК, 1995ж.
5. Богословский В.В. т.б. Жалпы психология. – А., Мектеп, 1980ж.
6. Петрова И.И. Педагогические основы межпредметных связей. М., Высш.шк., 1985г.
7. Сабыров Т.С. Оқушылардың оқу белсенділігін арттыру жолдары. – А., Мектеп, 1978ж.
8. Айтмамбетова Б.Р., Бейсенбаева А.А. Тәрбиенің жалпы әдістері (6-лекция). – Алматы, 1991ж.
9. Болдыров Н. И. Мектептегі тәрбие жұмысының методикасы. – Алматы, 1987ж.
10. Сейталиев К. Тәрбие теориясы. – Алматы, 1986ж.
11. Ахметова З. «Кәусар бұлақ» бағдарламасы.-А., 1994ж.
12. Мектептегі тәрбие жұмысының теориясы мен әдістемесі. / Ред. басқар. Қалиев С., т.б. – А., 1999ж.
13. Қоянбаев Ж. Б., Қоянбаев Р.М. Педагогика. – Алматы., 2000ж.
14. Құрманалина Ш.Х., Мұқанова Б.Ж., т.б. Педагогика.- А.,Фолиант, 2007ж.
15. Қоянбаев Р. Тәрбие теориясы.- Алматы, 1991ж.
16. Құрсабаев М. «Атамекен» бағдарламасы. – Алматы., 1991ж.
17. Қожахметова К.Ж. Сынып жетекшісі. –Алматы: Әлем, 2000ж.
18. Тәлім-тәрбие хрестоматиясы. / Құраст. Қалиев С. – Алматы: Рауан, 1996ж.
19. Қазақстан Республикасында жалпы орта білім беру тұжырымдамасы. – Алматы: ҚР Ғылым Академиясының философия институты, 1994ж.
20. Наурызбаев Ж. Ұлттық мектептің ұлы мұраты. – А., 1995ж.
21. Мектепке дейінгі және мектеп жасындағы балалардың тәрбие тұжырымдамасы. – А., 1995ж.
22. Ұстаздық шеберлікке жету жолдары. / Методикалық нұсқау/ Құраст. Нұржанова Ж.Н. – А.,1991ж.
23. Әбенбаев С. Тәрбие теориясы мен әдістемесі.-Алматы: Дарын, 2004ж.

Тақырыбы: Пәнаралық байланыс педагогика ғылымының ең басты мәселелерінің
бірі
Мазмұны:
КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
І Бөлім Қазіргі кездегі педагогика ғылымының қоғамдағы маңызы
1.1. Қазіргі кездегі педагогика ғылымының мақсат-міндеттері мен
ғылыми кеңістікте алатын
орны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1.2.Педагогика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы –
пәнаралық байланыс
тақырыбы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .11
1.3. Қазіргі педагогиканың мазмұнын байыту мәселесі – пәнаралық
байланысты жетілдірудің негізгі бағыттарымен
байланысты ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... 15
ІІ Бөлім Педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
әдістемесі
2.1. Педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
жолдары
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ..19
2.2. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі
бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23
2.3. Пәнаралық байланыс арқылы педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру
шарттары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ...28
ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... ... ... ... ... ... .32
ПАЙДАЛАНҒАН
ӘДЕБИЕТТЕР ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .. ... ..34
КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: Келешек ұрпаққа білім берудегі күрделі
мәселерінің бірі – біртұтас педагогикалық үрдіс кезіндегі сабақтарда
пәнаралық байланысты жүзеге асыру. Пәнаралық байланыстың ең негізгі
дидактикалық міндеті – оқыту үрдісінде білім беру, тәрбие беру, дамытушылық
сипатының арасындағы байланысты құру болып табылады.
Классикалық педагогика жүйесінде орын алған пәнаралық байланыс идеясы
тарихи дамуда дәлелденіп, қазіргі педагогика ғылымының, оның ішінде пәнді
оқыту әдістемесінің басты мәселесіне айналып отыр. Сондықтан пәнаралық
байланыс – қазіргі заманғы ғылымдардың кірігу тенденциясы жағдайында
мектептер жүйесінің білім мазмұнын айқындаудың басты шарты болып отыр.
Қазіргі педагогика ғылымында дидактикалық ұстанымдар білім мазмұнының
негізін құраушы құрылым бөлігі болып есептеледі. Сол себепті оқыту
үрдісіндегі пәнаралық және әр пәннің пәнішілік байланыстылық ұстанымының да
өзіндік маңызы бар.
Қазіргі кезде пәнаралық байланыс байланыс мәселесін көптеген ғалымдар
педагогикалық-психологиялық жағынан зерттеумен қатар философиялық тұрғыдан
қарастырып отыр. Олардың қатарында В.Давыдов, И.Зверев, Р.Лемберг,
В.Максимова, В.Малахов, т.б. ғылымдарды атауға болады.
Оқыту мазмұнындағы білім мен іскерліктің адамның интеллектуалдық
өрісін байытудағы, ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі жөніндегі ғылыми
көзқарасты қалыптастырудағы, алған білімді өмірмен, қоғамдық тәжірибемен
байланыстырудағы құралдардың бірі – пәнаралық байланыс. Пәнаралық
байланыстар өткен ғасырдың соңғы 20 жыл төңірегіндегі кеңінен зерттелген
мәселенің бірі ретінде да айқындалады (В.Краевский, и.Лернер,
А.Бейсенбаева, И.Зверев, В.Максимова және т.б.)
Кез келген пәнді зерделеудегі мақсат-нақтылы болмысты көрсететін
ғылыми білімдер жүйесімен оқушыларды қаруландыру және қоршаған ортаға
адамның қатынасы негізінде жатқан жеке тұлғаның әртүрлі сапалық
қасиеттерін, дүниетанымын, этикалық және эстетикалық нормаларын
қалыатастыруға қабілетті ету. Білімді игеру мен оларды тәжірибелік іс-
әрекетте қолдануда ғана адам өзбетінше талқылау және әрекет ету іскерлігі
мен дағдысын игереді.
Пәнаралық байланыс мәселесін шешуде оқу-тәрбие үрдісіндегі пәнаралық
байланыстарды айқындау әдістері мен жүзеге асыру жолдарын іздеуі керек
етеді. Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың объективті және субъективті
екі жағын бөліп көрсетуге болады. Объективті жағы оқыту мазмұнын анықтау
кезінде көрініс табады және оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды,
оқу құралдарын және т.б. әзірлеу кезінде ескеріледі. Субъективті жағы
тікелей оқыту үрдісінде көрініс табады, яғни оқушыларға қатысты пәнаралық
байланысты жүзеге асырудың негізгі тәсілдері мен әдістері қарастырылады.
Курстық жұмыстың мақсаты: педагогика ғылымының басқа ғылымдармен
пәнаралық байланысының тиімділігін анықтау.
Курстық жұмыстың зерттеу объектісі: педагогика ғылымының пәнаралық
байланысын ұйымдастыру жүйесі.
Курстық жұмыстың зерттеу пәні: оқу-тәрбие процесінде пәнаралық
байланысты пайдаланудың тиімділігі.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- Қазіргі кездегі педагогика ғылымының мақсат-міндеттері мен
ғылыми кеңістікте алатын орны;
- Педагогика ғылымының қарастыратын мәселелерінің бастысы –
пәнаралық байланыс тақырыбы;
- Қазіргі педагогиканың мазмұнын байыту мәселесі – пәнаралық
байланысты жетілдірудің негізгі бағыттарымен байланысты;
- Педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
жолдары;
- Пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың негізгі бағыттары;
- Пәнаралық байланыс арқылы педагогикада жеке тұлғаны қалыптастыру
шарттары.
Зерттеу көздері: Зерттеу мәселесі бойынша педагог –ғалымдардың
әлеуметтанушылардың, психологтардың еңбектері; ҚР Білім беру туралы Заңы;
Елбасшысының халыққа жолдаған Қазақстан - 2030 үндеуі; Кәусар бұлақ
бағдарламасы; Атамекен бағдарламасы; Қазақстан Республикасында жалпы орта
білім беру тұжырымдамасы; ҚР 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту
тұжырымдамасының педагогикалық және жас ерекшелігі психологиясы теориялары,
ұлттық тәлім-тәрбие туралы ғылыми зерттеулер мен теориялық әдебиеттері
негіздеріне сүйеніп жасалған.
Зерттеу әдістері: тақырыпты зерттеу барысында қолданылған
педагогикалық және психологиялық әдебиеттерге, ғылыми мерзімді басылымдарға
ғылыми талдау жасау, педагогикалық эксперимент өткізу, анкета және интервью
әдістері қолданылды.
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыс кіріспеден, екі бөлімнен,
қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттерден тұрады.
Кіріспе бөлімінде осы тақырыптың көкейкестілігі, қоғамдағы ақыл-ой
тәрбиесінің бірізділігі, оны зерттеуге ат салысқан ғалымдардың еңбектерінің
құндылығы қарастырылды. Зерттеу жұмысының ғылыми аппараты, мақсаты,
міндеттері әдістері объектісі мен пәні көрсетілді.
Қазіргі кездегі педагогика ғылымының қоғамдағы маңызы деп аталатын
бөлімінде қазіргі кездегі педагогика ғылымының мақсат-міндеттері мен ғылыми
кеңістікте алатын орны; педагогика ғылымының қарастыратын мәселелерінің
бастысы – пәнаралық байланыс тақырыбы және қазіргі педагогиканың
мазмұнын байыту мәселесі – пәнаралық байланысты жетілдірудің негізгі
бағыттарымен байланыстылығы, оның мазмұны мен міндеттері және теориялық
маңызы қарастырылады.
Педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық байланысты жүзеге асыру
әдістемесі деп аталатын бөлімде педагогика ғылымын оқытуда пәнаралық
байланысты жүзеге асыру жолдары; пәнаралық байланыстарды жүзеге асырудың
негізгі бағыттары мен пәнаралық байланыс арқылы педагогикада жеке
тұлғаны қалыптастыру шарттарын, жолдарын оқу процесінде қолданудың
тиімділігін анықтауды қарастырылады.

ғылыми кеңістікте алатын орны
Педагогика ғылымы- қоғамдық құрылысқа жаңа жағдайға сай адамның даму
заңдылығын зерттейді. Педагогика ізгілікті демократиялық тәрбиенің мәнін
ашып, қоғам үшін қажетті білім жүйесін жан-жақты жарасымды жетілген еңбекке
негіздеуді, зерттеуді міндеттейді. Біздің елімізде тәрбиенің, білім
берудің, оқытудың бір ізді жүйесі құрылан.
Педагогика деген сөз, яғни термин, көне грек тілінен шыққан, ол
балаларды ертіп жүруші, баланы жетектеп мектепке апарушы деген сөз.
Анығырақ айтатын болсақ, Педагогика термині гректің екі сөзінен: пайс-
балалар және эгейн- баланы басқару, тәрбиелеу, жетектеу, бағу ұғымдарынан
шыққан. Адам өмір бойы тәрбиеленеді және қайта тәрбиеленеді. Педагогика –
бала жайындағы ғылым, олай болса ол ұрпақ тәрбиесі жайындағы ілім. Адам
баласының ұрпағы үнемі жаңарып, өзгеріп отырғандықтан, педагогика ілімі де
үнемі өзгеріп отырады. Қазіргі кезде тәрбиенің ықпал жасау аясы кеңейе
түсуде. Сондықтан педагогика – бала тәрбиесі жайындағы ғылым, - деп шек
қоюға болмайды.
Педагогиканың ғылыми таным саласы – тәрбие. Педагогика қоғамдық
өмірдегі тәрбиенің мәні мен рөлін анықтайды. Педагогика – жалпы адам
тәрбиесі жайындағы ғылым. Ал тәрбие – жастарды әлеуметтік өмірге және
еңбекке даярлап, оларға қоғамдық тарихи тәжірибені үйрету процесі.
Педагогика пәнін (зерттейтін) толық түсіну үшін ең алдымен негізгі
педагогикалық ұғымдарды қарастырайық.
Әрбір ғылымның өзіне тән зерттейтін саласы және ғылыми ұғымдары бар.
Мысалы, философиядағы ұғымдарға болмыс, материя, қозғалыс; саяси
экономикада – қоғамның өндіргіш күштері мен өндірістік қатынастары, ал
педагогикада – тәрбие, білім беру, оқыту жатады.
Педагогикалық ұғымдар арқылы педагогикалық құбылыстарды, олардың
байланысын танимыз.
Педагогикалық ұғымдардың бірі – тәрбие.
Тәрбие дегеніміз – адамдарды қоғамдық өмірге және өнімді еңбекке
дайындау мақсатын көздеп, жаңа ұрпаққа қоғамдық-тарихи тәжірибені беру
процесі. Тәрбие ұғымы кең мағынада әлеуметтік қоғамдағы құбылыс ретінде
барлық тәрбие салаларын, атап айтсақ: отбасы, мектепке дейінгі мекеме, оқу
тәрбие орындары, еңбек ұжымы, ақпарат құралдары, баспа орындарын қамтиды.
Біздің мемлекетте бұл салалар қоғамдық, мемлекеттік мақсатқа қызмет етеді.
Кең мағынада деген ұғымда бүкіл сыртқы әсерлердің, адамды қоршап
тұрған, табиғи және әлеуметтік ортаның, тәрбиешілердің мақсатты іс-
әрекеттерінің ықпалымен адамды қалыптастыру.
Тәрбие терминін тар мағынада Тәрбиеші тәрбиелейді, кең мағынада
Өмір тәрбиелейді деп қолданудың тәрбие жайлы ұғымды анықтауда зор мәні
бар.
Тәрбие – тар мағынада жеке тәрбиелік міндетті шешуге, жеке адамның
белгілі бір қасиетін қалыптастыруға,мәселен, эстетикалық талғамын
тәрбиелеуге бағытталған жұмыс.
Тәрбие жаңа ұрпақты өмірге, еңбекке дайындау арқылы қоғамның алға
қарай дамуын қамтамасыз ететін процесс. Тәрбие – педагогикалық кең мағынада
қоғамның арнайы бөлінген адамдары – мұғалім, педагог, тәрбиешілердің
басқаруымен жүргізілетін мақсатты процесс. Олар арнайы тәрбие жұмысын
ұйымдастырып, жеке адамның қалыптасуына ықпал жасайтын жиынтық
факторларды пайдала отырып ерекше әдіс-тәсілдерді қолданады.
Тәрбие жайлы әртүрлі теориялар мен пікірлер айтылып келеді. Тәрбиені
ересек адамдардың балаларға ықпал жасауы деп түсіндірушілер де бар. Бұл
жағдайда бала енжар объект түрінде қарастырылады. Ол педагогикалық
процестің субъектісі бола алмайды, яғни, өздігімен ойланып, белсенді іс-
әрекет жасай алмайды. Бұдан тәрбиеге бір жақты анықтама беру байқалады.
Білім беру – табиғат пен қоғам жағдайында жинақталған білім жүйесін
жеке адамның меңгеруі және оны өмірде тиімді етіп қолдана білуі.
Білім беру ұғымын педагогикаға тұңғыш енгізген И. Песталоцци.
Білім беру – оқыту мен тәрбие жұмысын біріктіретін және жеке бастың
дамуына ықпал жасайтын процесс.
Оқыту – білім берудің негізгі жолы. Оқыту екі жақты, бір текті
процесс:
1. Оқытушы оқушыларға білім беріп, іскерлік, дағдыға үйретеді.
2. Оқушы таным міндеттерін жете түсініп, жаңа білімді, іскерлікті,
дағдыны игереді және оларды өмірде қолданады.
Ал адамның білім алуы тек оқыту процесінің нәтижесі емес, оның білім
алуына көпшілік ақпарат құралдары кино, радио, телехабар, т.б. ықпал
жасайды.
Сонымен бірге адамның жетілуі, даму, өзін-өзі тәрбиелеу ұғымдары
да педагогикалық зерттейтін мәселелері саласын толықтырады.
Жеке адамның дамуы – бұл ішкі және сыртқы, басқарылатын,
басқарылмайтын және факторлардың ықпалымен жеке адамның қалыптасып
жетілуі процесі. Жеке адамның дамуы мен жетілуінде мақсаттты түрде
жүргізілетін тәрбие және оқыту шешуші рөл атқарады.
Педагогиканың алдында тұрған міндеттерінің күрделілігі біздің
қоғамымыздың барлық саласында жүріп жатқан өзгеріс процесінен туындайды.
Қоғамды түбегейлі қайта құру, экономика мен саяси жүйедегі жаңаша ойлау,
халықтың рухани байлығын жандандыру, адам факторын жетілдіру мәселелері
үздіксіз білім берудің бірыңғай жүйесінің ғылыми негізін анықтаумен
байланысты шешіледі. Негізгі міндеттері:
1. Халық педагогикасының педагогика ғылымындағы орнын айқындау, рөлін
көрсету және оның педагогикалық процесте жүзеге асырылу жолдарын айқындау.
- Халық педагогикасы мұраларын зерттеу.
- Ұлттық тәлім-тәрбиенің негізгі өз ерекшеліктерін ескеру.
2. Оқыту мен тәлім-тәрбиенің негізгі заңдылықтары мен принциптерін
дұрыс қолдана білу.
3. Білім беру мазмұнының ғылыми негіздерін жасау, жалпы,
политехникалық және кәсіптік білім берудің арасындағы қатынасты анықтау,
оқу-тәрбие процесін оңтайландыру тиімді әдістерін ашу, ғылыми тәжірибелік
мәнін көрсету.
4. Педагогика ғылымындағы негізгі бағыттар, білім беру жүйесін,
мектептегі оқу-тәрбие процесін интеграциялау, гуманитарландыру,
интеллектуалдандыру, жекелендіру және демократияландырудың ғылыми теориялық
пинциптерін ашу.
5. Балалармен қарым-қатынас жасау мәдениетіне үйрену, ұстаз
шеберлігіне жету жолдары мен шараларын жете түсіну.
Педагогика - үнемі дамып отыратын ғылым. Тәрбие мен білім берудің
барлық салаларына ғылыми болжам жасау мақсатында және негізгі мәселелерді
ғңылыми-теориялық, тәжірибелік жағынан терең талдау үшін педагогика
ғылымында көптеген зерттеу әдістерінің жүйесі қолданылады.

пәнаралық байланыс тақырыбы
Педагогика білім беру, педагогикалық шындық туралы ғылым ретінде
педагогикалық процестің дамуы мен қызмет етуінің заңдылықтарын зерттейді,
теориялық білімдерді жинақтайды және жүзеге келтіріледі, педагогикалық
шындық тәжірибесін зерттейді, яғни практика үшін педагогикалық шындықты
қайта құру үшін негіз жасайды. Сондықтан осы саладағы ғылыми зерттеулер
практикалық бағытталған сипатта болады. Міне осыдан педагогиканың
гуманитарлық білімдер жүйесімен байланысы басталады. Педагогика адам
туралы ғылымдар жүйесіне кіргеніне қарамастан, пән педагогикалық
мақсаттылық және тұлғаның қалыптасуына педагогикалық басшылықты зерттейтін
бірден бір ғылыми пән.
Педагогикалық ой алғашында жалпы философиялық білімдер жүйесінде, діни
ілімдерде, саясаттануда, заңда әдебиетте дамиды. Педагогиканың дербес ғылым
ретінде бөлініп шығуы белгілі бір уақыт кезеңінде ішкі ғылыми
дифференциялануға, педагогика ғылымдары жүйесінің түзілуіне алып келді.
Бірақ ХІХ-ХХ ғасырлардағы зертеулер педагогиканың ғылымаралық
байланыстарының жоғарыдағы мәні болғанын көрсетеді.
Қазіргі замандағы педагогика психологиямен тығыз байланысты.
Педагогика тәрбие мен дидактика мәселелерін әр уақытта психологиялық ғылыми
мәліметтерге сүйене отырып зерттейді. Психология адам психикасының дамуының
заңдарын, ал педагогика – тұлғаның дамуын басқаруды зерттейді.
Егер психология психикалық процесті (түйсік, қабылдау, зейін, ес,
ойлау, т.б.) және адамның дербес ерекшеліктерін (темперамент, мінез,
қабілет), демек, адам психологиясының даму заңдылықтарын зерттейтін болса,
ал, педагогика осы мәселелерді терең пайдалана отырып, адамды қалыптастыру
үшін тәрбие мен оқыту және білім берудің тиімді әдістері мен құралдарын
анықтап ашады.
Ғылымдар байланысының жаңа деңгейін бастапқы педагогиканың философия
ғылымы саласында дамуы бүгінгі күні шешімін табуда. Педагогика жеке пән
ретінде философия және оның салалары – білім беру философиясы, ғылымдар
философиясы, мәдениет философиясның және т.б. жетістіктеріне сай терең
ұғыну нәтижесінде дамиды.
Философия – табиғат пен қоғам дамуының жалпы заңдарын, түбегейлі
мәселелерін зерттейді, өмір шындығын танып-білу жөніндегі көзқарастың
негізгі жүйесі болып табылады, адамды күшті идеялық сенімге, айқын түсіне
білушілікке тәрбиелейді.
Ғылыми философия тұрғысынан қарағанда, мысалы, теріске шығару заңының
мәні былайша түсіндіруге болады: ескінің орнын жаңа басады, дамудың бір
кезеңі екінші кезеңімен ауысады. Мысалы, қоғамның тарихи даму барысында бір
формация екінші формациямен ауысады. Ғасырлар бойы табиғи дамудың негізінде
жануарлар мен өсімдіктердің ескі түрлерін жаңа түрлері теріске шығарады.
Ғылыми филисофия әр түрлі заттарды, құбылыстарды, оқиғаларды терең
және жан-жақты зерттей білуді талап етеді. Сондықтан ол басқа ғылымдар
сияқты педагогиканы диалектикалық әдіспен қаруландыра отырып, тәрбие және
оқыту мәселелерін ғылыми тұрғыдан шешуге көмектеседі.
Кейбір жалпы мәселелер философия мен педагогика ғылымдарының бірігіп
зерттеуін қажет етеді. Оларға тәрбиедегі жұртшылықтың рөлі, адамды
қалыптастыруды тұқым қуалаушылықтың, ортаның және тәрбиенің рөлі, т.б.
жатады.
Мектептегі білім және тәрбие беру жүйесінің негізгі жас ерекшелігі
физиологиясы ғылымына байланысты. Мұғалім балалар ағзасындағы жоғары жүйке
қызметін, тыныс алу және қан және жүрек-тамыр жүйесінің физиологиялық
ерекшеліктерін жете білуі қажет. Ол осы мәліметтерге сүйеніп, тәрбие мен
оқу процесін, әсіресе, дене тәрбиесінің практикалық және теориялық
мәселелерін дұрыс шешу жолдарын іздестіреді. Жас ағзаның дамуы барысындағы
анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерді, әсіресе жоғары жүйке қызметінің
негізгі заңдылықтарын (қозу, тежелу) жете түсіну педагогикалық процесті
ойдағыдай басқарудың негізі болады.
Педагогика ғылымы мектеп гигиенасымен тікелей байланысты. Мектеп
гигиенасы – жас ұрпақтың денсаулығын сақтау, нығайту және дамыту жайындағы
ғылым. Оқушылардың денсаулығы әр түрлі факторларға байланысты. Мектеп
ғимаратында, сынып бөлмелерінде ауаның жеткіліксіз болуы оқушыларды бас
ауруына, жалпы әлсіздікке, демек түрлі сырқатқа ұшыратады. Жарықтың
нашарлығы баланың көзіне әсер етіп, көру мүшесінің қызметін нашарлатады.
Осылардың нәтижесінде балаларсабақ үстінде селқос, сылбыр болып, зейіні
нашарлап, ойлау қабілеті төмендейді. Бұл жағдай үлгермеушілікті туғызады.
Педагогиканың социологиямен жан-жақты байланысының өте маңыздылығы ол
қоғам туралы біртұтас жүйе ретіндегі және оның бөліктерінен тұратын
(әлеуметтік жай, топ және т.б.) ғылым болып табылады.Міне, осыдан
педагогиканың социологияның білім социологиясы, студенттер социологиясы
және т.б. тарауларына деген қызығушылығы туған, себебі тек қана
социологиялық зерттеулер арқасында педагогтар, ұстаздар қоғамдағы
әлеуметтік –экономикалық, құқықтық, демографиялық және мәдени ортаның
жағдайы туралы біле алады.
Педагогика ғылымы тәрбиеге байланысты этнографиялық және археологиялық
деректерді пайдаланады. Этнография ғылымы – белгілі бір халықтың
экономикасын, қоғамдық және рухани мәдениетін, тұрмысын
зерттейді.Археология - өткен ғасырдағы ескерткіштер арқылы халықтардың әдет-
ғұрпын, мәдениетін зерттейді.
Адамзат бағытындағы және ғылыми аралық пәндердің (синергетика, жүйелер
теориясының негізі, кибернетика, информатика, басқару теориясының
негіздері) жетеістіктері педагогика бойынша зерттеулердің байи түсуіне
әсерін тигізеді.
Соңғы кезде педагогика ғылымы кибернетика жетістіктерін де пайдалана
бастады. Кибернетика – (грек сөзі) – басқару өнері. Кибернетика – жас
ғылым, ол 20 ғасырдың 40-жылдарының аяғында қалыптаса бастады. Кибернетика
– күрделі машиналардағы, тірі ағзадағы және қоғамдағы процестердің жалпы
заңдылықтарын зерттеп басқаратын, олардағы ақпараттарды беретін ғылым.
Кибернетиканың негізгі салалары: ақпарат теориясы, автоматтар теориясы,
бағдарламалау теориясы.
1- сурет. Педагогиканың басқа ғылымдармен байланысы

байланысты
Қазіргі кездегі ғылыми педагогика педагогика ғылымының тарихымен тығыз
байланысты. Тарихи принцип дегеніміз – қандай да болсын ғылым дамуының аса
маңызды принципі, өйткені өткенді зерттеу, оны қазіргімен байланыстыру осы
заманғы құбылыстардың дамуының негізгі кезеңдерін терең саралауға және
өткеннің бағалы тәжірибелері мен жетістіктерін пайдалануға көмектесіп қана
қоймайды, сондай-ақ қателіктерді қайталаудан сақтаныдарыд және болашаққа
жол сілтейтін ұсыныстарды неғұрлым негізді ете түседі.
Елімізде білім беруді дамыту мәселесі бойынша жүргізілетін игі шаралар
педагогиканың мазмұнын жетілдірудің негізгі бағыттарын нақты айқындап
алуды қажет етеді, сондықтан қазақ педагогика ғылымының қайнар көздерін
қайтадан саралап, өз деңгейінде нақты бағасын беретін уақыт жетті. Тарих
қойнауына үңіліп қарасақ, орта ғасырда өмір сүрген қазақ ғұламалары әл-
Фарабидің, Ж. Баласағұнидің, М. Қашқаридің қалдырып кеткен мұралары
педагогика ғылымының өзінің зерттеу пәні бар ғылыми білімнің арнайы саласы
ретінде қалыптасуына алғаш негіз болғандығын көрсетеді. Сондықтан
бабаларымыздың даналыққа толы еңбектерін теориялық-әдіснамалық тұрғыдан
негіздеу және оны бүгінгі ұрпақ тәрбиесінде қолдану бойынша ғылыми
тұжырымдалған ұсыныстарды жасау қажеттілігі туындап отыр.
Ұлы ойшылдардың еңбектерінде педагогиканың негізгі салалары педагогика
негіздері, тәрбие теориясы мен дидактика мәселелері арнайы зерттеу пәні
ретінде қарастырылады.
Педагогиканың теориялық-әдіснамалық негіздері бойынша педагогика
пәні, ғылыми зерттеу әдістері, жеке тұлғаның қалыптасуы, тәрбиесі мен дамуы
әл-Фарабидің, Ж. Баласағұнидің, М.Қашқаридің ебектерінің арқауы болғанын
ойшылдардың педагогикалық идеялары дәлелдейді.
Өз заманында Екінші ұстаз атанған әлемге әйгілі ойшыл, ғұлама ғалым,
халқымызға білімнің нәрін сепкен ұлттың ұлы ұстазы Әбу Насыр әл-Фараби кез
келген адамның қалайтыны, мақсаты бақыт болып табылады деп көрсете отырып,
осы бақыт-қа жетудің жолы адамның бойында ізгілікті қасиеттердің қалыптасуы
деп біледі.
Қайырымдылық бақытқа жету үшін керек. Ол табиғи түрде де, қалау
түрінде де бола алады. Зұлымдық бақытқа жетуге кедергі жасайды. Ал бақытты
зерттейтін ғылымды азаматтық ғылым деп бөліп көрсетеді.
Азаматтық ғылым ең бірінші кезекте бақыт дегеннің не екендігін
зерттейді: ал бақыт атаулының екі түрі болады. Оның алғашқысы – сырттай
қарағанда бақыт болып көрінгенімен де, шын мәнісінде нағыз бақыт болып
табылмайтын түрі. Ал екіншісі - өзінің мәнділігімен ерекшеленіп, ешқашанда
айырбастауға болматын шынайы бақыт... Одан кейін азаматтық ғылым танып-білу
және үлгі өнегелілік мақсатында адамның қылықтарын, өмір салтын, әдет-
ғұрыптарын, мінез-құлықтарын, ерік-жігер қабілеттерін зерттейді.Ғұламаның
азаматтық ғылымға берген анықтамасы қазіргі педагогиканың адамды тәрбиелеу
туралы ғылым деген анықтамасына сәйкес келеді. Педагогиканың мақсаты,
мұраты туралы Фараби ұсынған гуманистік идеялар мен қорытындылар адам
өмірінің қазіргі кезеңінде де ағартушылықтың маңызды тіректерінің бірі
болып отыр.
Біздің міндетіміз – бақытты адам тәрбиелеу. Бақыт материалдық және
рухани игіліктерді өзімшілдік мақсатта тұтынуда адамзат мұраттары мен
құштарлықтарынан тыс та оқшау өзіне ғана тән жан рахатын беретін кішкене
дүние жасауда емес. Азаматтың бақыты – асқақ та биік мақсат – жаңа өмір
жолындағы жасампаз рухани күштердің гүлденуін терең сезінуде.
Ұрпақ тәрбиесімен, адамды тәрбиелеу мәселесімен айналысатын
ұстаздардың қажеттілігі туралы әл-Фараби Азаматтық саясат еңбегінде былай
дейді: Адамның өмір сүру мақсаты ең жоғарғы бақытқа жету болатын болса, ол
адам бақыт дегеннің не екенін білуі қажет және оны өзінің мақсатын алдына
қойып, соған ұмтылуы қажет.
Әл-Фарабидің адамды тәрбиелеу туралы құнды идеялары Ж.Баласағунидің
бізге қалдырған асыл мұрасы- түркі тілінде жазылған 13 мың жолдық Құтты
білік дастанында жалғасын табады. Еңбекте тәрбиенің түпкі мақсаты ретінде
текті, парасатты адамды тәрбиелеу көзделеді Құтты білік дастанында
кейіпкерлердің символикалық сипаттары арқылы берілген төрт жетекші
педагогикалық идеялардан өрбитін тағылымдық құндылықтар тәрбие мақсатына
қол жеткізудің көзі болып табылады.
М.Қашқаридің құндылығы зор Түрік сөздігінде басты педагогикалық
түйін осы өмірде адам болу, Адам деген ұлы атқа құрмет пен қарау, адамның
өмірдегі мәнін түсіну. Бұл өмірде адам болу, өзіндік ұстанымы бар тұлға
болу үшін жамандардың жасаған жалымдығына назаланып, өш-кек аламын деп
мақсат қоймай, керісінше басқаларға жақсылық, ізгілік етудің қажеттілігін
көрсетеді. Әрбір заман өтетінін, осы заманда ешкімнің мәнгілік еместігін
әрқашан есте ұстап, өмірде қоғамға, айналадағы адамдарға, тұлға болуға
талпынудың маңыздылығына тоқталады. Мұның өзі қазіргі педагогикадағы тәрбие
үрдісінің негізгі мақсаты - қоғамға керекті және пайдалы жеке тұлғаны
қалыптастыру мен тікелей астасып жатыр.
Педагогиканың негізгі саласы дидактика мәселелері де ғұламалардың
еңбектеріне арқау болады. Әл-Фарабидің Бақытқа жету жайында атты
еңбегінде білім, оқыту мәселесіне ерекше мән берілген. Егер өмірде бар
нәрселердің әрбірі жөніндегі алғашқы білімдер зерттеушіні осы тектес
көздеулі мақсаттағы анық білімге жеткізетін қағидалар мен шарттар болатын
болса – ол сол заттағы оқу –білімнің негіздері дей отырып, оқудың,
білімнің негізгі мағынасын ашып көрсетеді.
Әл-Фараби мен Ж.Баласағунидің білім мен оқытудың мәні туралы идеясы
М.Қашқаридің еңбегінде жалғасын табады. Данышпан ғалым әрбір адам үшін
білім-ғылымды игерудің қоғамда өзіндік орынға ие болудағы маңыздылығын
көрсетіп отыр.
Білім алудың, білімді болудың тұлғаны әлеуметтендірудегі мәні туралы
М.Қашқаридің Өнер-білім ізде, үйренуде өр көкірек болма, жиренбе, өнер
білімсініп білімденсе, сынақта қиналар деген ұлағатты ойларында үлкен
педагогикалық мағына бар.

Қазіргі заманда ғылымның дамуына байланысты мектепте оқушыларға білім
беру процесі өз дәрежесінде болуы керек. Өйткені жалпы білімнің мазмұны
әртұрлі саладағы ғылымның өзара әрекеті, даму процесінің жаңа тұрғыда
жетілуінее ықпал жасайды. Сондықтан қазіргі уақытта мектепте оқыту үрдісі
пәнаралық сипат алуы тиіс.
Осы орайда пәнаралық байланыстың өзіндік шығу тарихына тоқталуымыз
қажет.
ХҮІ ғасырдан бері қарай пәнаралық байланысқа аса көңіл бөлген мынадай
ұлы педагогтарды тауға болады: Я.А.Коменский, Дж.Локк, И.Г.Песталоцци,
Ж.Ж.Руссо т.б. Мысалы, Я.А.Коменскийдің пікіріне сүйенсек: Өзара байланысы
бар нәрселердің бәрі сондай байланыс күйінде оқытылуы керек, - деп жазды.
ХІХ ғасырдың 60-шы жылдарында прогресшіл педагогтар, атап айтқанда,
Л.Н.Толстой, К.Д.Ушинский, Н.Г.Чернышевский т.б. өздерінің ғылыми құнды
еңбектерінде пәнаралық байланысқа зор көңіл аударуда болды.
К.Д.Ушинский пікіпінше, ол қандай да ғылым болмасын беретін білімдер
мен идеялар әлемге және өмірге табиғи түрде қабысып, жарқын, мүмкіндігіне
қарай кең құлашты көзқарас дарытуы керек, - деп есептеді.
Еліміздің зор қайраткерлері АбайҚұнанбайұлы, Ыбырай Алтынсарин, Шоқан
Уалиханов сынды ақын, жазушыларымыз сол өмір сүрген замандарында қазақ
халқына білімнің қаншалықты маңызды екендігін уағыздаған.
Қазақ балалар әдебиетінің атасы, ұлы ұстаз Ыбырай Алтынсарин – халқына
білім беріп, мәдениетті ел қатарына жеткізуді армандап, бүкіл ғұмырын сол
жолға арнаған адам. Оның Қазақ хрестоматиясы және Қазақ мектептерінде
орыс тілін үйренуге басшылық деген екі еңбегі бар. Бұл еңбектерде тұлғаның
өзіндік даму қабілетін қалыптастыратын айналадағы болып жатқан құбылыстар
туралы, еңбек іс-әрекеттері туралы мол мағлұматтар берілген.
Мысалы, Қыпшақ Сейтқұл, Білімнің пайдасы т.б. әңгімелерінде
мағлұматтардың маңыздылығы пәнаралық негізде болуымен сипатталады. Бұл
әңгімелерді берілген мақал-мәтелдердің немесе жұмбақтарды алсақ, ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz