МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-ӘРЕКЕТI



КІРІСПЕ
I. ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ
1.1 Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары
1.2 Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше арттыруы
II МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК
2.1 Монополия табиғаты мен түрлерi
2.2 Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелiгi
III МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС.ӘРЕКЕТI
3.1 Қысқа мерзiм кезеңiндегi фирма iс.әрекетi
3.2 Фирманың монополиялық бәсеке кезiндегi ұзақ мерзiмдi iс.әрекетi
ҚОРЫТЫНДЫ
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
Рынок құрылымы бәрiмiзге белгiлi, ол өте күрделi механизм болып табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы рынок құрылымына байланысты.
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет ету механизмi күрделене түстi. Рынок құрылымы негiзiнен келесi түрлерден тұрады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Бұлай рынок құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы санына, олардың рынокқа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне немесе рыноктың қазiргi жағдайы туралы ақпараттың толықтығына байланысты.
Мұндағы жетiлген бәсекелi рынок рыноктың толық қанды қызмет етiп, өзiн-өзi отыруын көрсетедi, ал монополиялы рынок бұл кейбiр салалардың рынок жетiлген бәсекелес жүйесiнiң қызмет ете алмауынабайланысты немесе т.б. тәсiлдермен рыноктағы жағдайға әсер тет алатын жалғыз фирманың болуы айтылады. Бұл екi рынок бiр-бiрiне қарама-қайшы рынок ретiнде танылады және бұл рыноктар шын өмiрде таза түрiнде сирек кездеседi.
Ал рынок құрылымының күнделiктi өмiрде жиi кездесетiн түрi бұл монополиялық бәсеке рыногы. Бұл рыноктың ерекшелiгi жетiлген бәсеке рыногы мен монополияға тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келедi.
1. Есипова В.Е. Цены и ценообразование. Москва,Харьков,Минск,1999.
2. Мамыров Н.Қ., Есенғалиева Қ.С., Тлеужанова М.А. Микроэкономика / Оқу құралы. – Алматы: Экономика, 2000 ж. – 253 б.
3. Мэнкью Н.Г. Принципы экономикс. – Спб: Питер Ком, 1999. – 784 с.
4. Хайман Д.Н. Современная микроэкономика: анализ и применение. В 2-х т. Т. II. – М: Финансы и статистика, 1992. – 384 с.
5. Мұхамедиев Б.М. Микроэкономика: Оқу құралы. – Алматы: Қазақ университетi, 2003. – 219 б.
6. Пиндайк Р., Рубинфельд Д. Микроэкономика. – М.: Экономика, Дело, 1992.
7. Максимова В.Ф. Микроэкономика. / Учебник, - Москва.: “Соминтек”, 1996г. –328с.
8. Назарбаев Н.Ә. Қазақстан-2030. Қазақстан халқына жолдауы
9. Дәуренбекова Ә.Н. “Бәсеке қабiлеттi өнеркәсiптi дамыту – индустриялық-инновациялық стратегияның басты бағыты” // Аль-Пари, №2-3. 2004 ж. –120б.
10. Қошқарбаев Қ. “Алматы қаласындағы тоқыма-тiгiн өнеркәсiбiнiң даму беталысы және бағдарлары” // Қаржы-Қаражат. – №2. 2004 ж.
11. Статистический ежегодник. Алматы. – 2003г.

Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 23 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

КІРІСПЕ

I. ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ

1.1 Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары
1.2 Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы мейлінше
арттыруы
II МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК
2.1 Монополия табиғаты мен түрлерi
2. Монополиялық бәсеке және оның басқа рыноктардан ерекшелiгi
III МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНДА ФИРМАНЫҢ ҚЫСҚА ЖӘНЕ ҰЗАҚ МЕРЗIМДI IС-
ӘРЕКЕТI
3.1 Қысқа мерзiм кезеңiндегi фирма iс-әрекетi
3.2 Фирманың монополиялық бәсеке кезiндегi ұзақ мерзiмдi iс-әрекетi

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

КIРIСПЕ

Рынок құрылымы бәрiмiзге белгiлi, ол өте күрделi механизм болып
табылады. Өйткенi нарықтың қызмет етуiнiң өзi осы рынок құрылымына
байланысты.
Елiмiздiң рыноктық қатынасқа өтуi, ұлттық экономикада жаңа ұғымдар
пайда болып, рынок құрылымдарының әр түрi қалыптасып және олардың қызмет
ету механизмi күрделене түстi. Рынок құрылымы негiзiнен келесi түрлерден
тұрады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Бұлай рынок құрылымдарының жiктелуi фирмалардың нарықтағы санына,
олардың рынокқа кiрiп-шығу жеңiлдiгiне немесе рыноктың қазiргi жағдайы
туралы ақпараттың толықтығына байланысты.
Мұндағы жетiлген бәсекелi рынок рыноктың толық қанды қызмет етiп, өзiн-
өзi отыруын көрсетедi, ал монополиялы рынок бұл кейбiр салалардың рынок
жетiлген бәсекелес жүйесiнiң қызмет ете алмауынабайланысты немесе т.б.
тәсiлдермен рыноктағы жағдайға әсер тет алатын жалғыз фирманың болуы
айтылады. Бұл екi рынок бiр-бiрiне қарама-қайшы рынок ретiнде танылады және
бұл рыноктар шын өмiрде таза түрiнде сирек кездеседi.
Ал рынок құрылымының күнделiктi өмiрде жиi кездесетiн түрi бұл
монополиялық бәсеке рыногы. Бұл рыноктың ерекшелiгi жетiлген бәсеке рыногы
мен монополияға тән кейбiр қасиеттерге сәйкес келедi.
Мысалы, монополиялық бәсеке рыногы жеңiл және тамақ өнеркәсiбiнде,
яғни күнделiктi тұтынатын қарапайым сүт өнiмдерiн алатын болсақ, олардың
сапасының, орамының, пайдалылығының және олар туралы жарнама көлемiнiң де
әр түрлi болатынын бiлемiз. Айта кетсек елiмiзде сүт өнiмдерiн шығаратын
көптеген фирмалар бар, бiрақ солардың iшiндебiзге белгiлерi және халық көп
тұтынатыны бүгiнгi таңда “Фуд Мастер”, “Айналайын” компанияларының өнiмдерi
болып отыр. Яғни, осы компаниялар өзiнiң тауарының ерекшелiктерiне
байланысты олар рынокта монополиялық рынок сияқты азда болса билiкке ие
болып, бағаның өзгеруiне әсер ете алады.
Сонымен, монополиялық бәсеке нарығы дегенiмiз – нарықты көп фирмалар
әрекет ететiн, фирма өз тәуекелiмен қызмет етiп және баға саясатын өзi
анықтайтын рынокты айтамыз. Бұл рыноктың қызмет етуi өзiнiң бойына жетiлген
бәсекелi және монополиялы рыноктың қасиеттерiн сiңiре бiледi, сондай-ақ
өзiндiк ерекшелiктерi де бар.
Бұл тақырыптың өзектiлiгi , шын өмiрде жиi кездесетiн монополиялық
бәсеке нарығын басқа рыноктармен салыстыру және бұл рыноктағы фирмалардың
қысқа және ұзақ мерзiмдегi iс-әрекетiн талдау болып табылады.

I. ЖЕТIЛГЕН БӘСЕКЕ НАРЫҒЫ

1.1 Жетілген бәсекелес нарығының негізгі сипаттамалары

Жетілген бәсекелес нарығы дегеніміз - төмендегiдей шарттар орындалатын
нарық:
1) нарықта сатып алушыға стандартты немесе біртекті өнім ұсынатын
тәуелсіз сатушылар саны өте көп болған жағдай. Мысалы, ауыл шаруашылығы
өнімінің нарықтары;
2) әр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлес елеусіз. Сондықтан,
оның өнім көлемі туралы өндірістік шешімдері жалпы ұсынысқа ықпал
етпейдi, соған орай ол өнiмнің нарықтық бағасына да әсер ете алмайды;
3) баға, технология және ықтимал пайда жөніндегі ақпараттар белгілі
болады;
4) жаңа фирмалардың салаға кіруіне немесе одан шығуына тосқауылдар
қойылмайды.
Бәсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайтын болғандықтан, ол
бағаны сырттан белгіленген баға ретінде қабылдайды. Бұл - өндірілетін
өнімнің кез келген мөлшерін фирма бір ғана бағамен сатады деген сөз. Жеке
өндірушінің сұраныс қисығы горизонталь сызық болып табылады.
Ескерту. Аталған қисықты нарықтық сұраныс қисығымен шатастыруға
болмайды.
Өнімнің өндірілген әрбір қосымша бірлігі тұрақты Ро бағамен
сатылатындықтан, жалпы түсім өсімі немесе шекті түсім МR нарықтық бағаға
тең болады, яғни МR = Ро. Сондықтан жетілген бәсеке жағдайында шекті түсім
(МR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D) сәйкес келеді. Фирмаға
белгіленген Ро бағасы нарықтық сұраныс пен нарықтық ұсыныстың сәйкестігінің
нәтижесі екендігін көрсетеді.

1.2 Жетілген бәсекелес фирманың қысқа мерзімді кезеңде пайданы
мейлінше арттыруы

Шекті және графиктік талдау.
Пайда дегенiмiз - жалпы түсім TR мен жалпы шығындар (TR) арасындағы
айырма:
П = TR – TC (1)
Бұл жерде және әрі қарай экономикалық пайда туралы сөз болады. Фирманың
мақсаты-белгіленген баға арқылы мейлінше көп пайда алуға немесе мейлінше аз
зиян шегуге мүмкіндік беретін өндіріс көлемін таңдап алу болып табылады.
Қысқа мерзімді кезеңде бәсекелес фирманың құрал жабдығы тұрақты болады да,
ал өнім шығару көлемі өзгерген кезде тек айнымалы ресурстар ғана өзгереді,
осыған сәйкес айнымалы шығындар өзгереді.
Енді, қысқа мерзiмдi кезеңде нарықтық баға мен өз шығындары туралы
ақпараттарды ескере отырып, фирма өнім шығару көлемі туралы шешімді қалай
қабылдайтындығын көрсетейік.
Бәсекелес өндіруінің алдында өзара байланысты 3 сұрақ туындайды:
1) өндіру қажет пе?
2) егер өндіру қажет болса, қандай мөлшерде?
3) алынатын пайда мөлшері немесе зиян қандай болады?
Егер өнім өндіру пайда әкелетін болса, онда бірінші сұраққа жауап
дайын. Егер өндіріс зиян шегетін болса, онда фирманы жапқан жағдайдағы
шығындарды және фирма қысқа мерзімде өз қызметін жалғастырғандағы
шығындарын анықтау қажет. Өндіріс жабылғанда зиян (У) тұрақты шығындарға
(ҒС) тең болады:
У = ҒС.
Егер фирма өндіріс көлемінің белгілі бір мөлшерінде FC-тан кем зиян
шегетін болса, онда ол өз өнімін қысқа мерзімді кезеңде өндіруге тиіс
болады. Сонымен, бірінші сұраққа былай деп жауап беруге болады: егер
бәсекелес өндіруші экономикалық пайда алатын болса немесе ТҒС-тан кем зиян
шексе, онда өндіріс жүргізуге болады.
Екінші сұрақтың жауабы өндірушінің мақсатынан туындайды: фирма мейлінше
көп пайда алып немесе мейлінше аз зиян шегіп жұмыс істеуге сәйкес келетін
өнім көлемін өндіреді. Үшінші сұраққа жауап берерде (1) формуланы қолдану
жеткілікті.
Қойылған сұрақтарға толық және нақты жауап беру үшін белгілі бір
өндіріс стратегиясын таңдап алуға болатын 3 ықтимал жағдайды қарастыру
қажет. Барлығы да өнімнің нарықтық бағасына байланысты болады. Бұл
тәуелділікті түсіндіру үшін формуланы мына түрде жазайық:
П = P • Q – AC • Q = (P – AC) • Q.
Бірінші жағдайды қарастырайық - пайданы мейлінше арттыру. Баға орташа
жалпы шығындардың ең төменгі деңгейінен жоғары делік, яғни
Р АС min (3)
Онда, (2) формула бойынша есептесек фирма экономикалық пайда алады. Оны
мейлінше арттыру үшін өндіруші өндірісті әрбір қосымша өндірілген өнім
бірлігінің жалпы түсімге (R) қосағын өсімі оның жалпы шығындарға (ТС)
қосатын өсімінен артық немесе тең болғанша ұлғайтуы қажет: МR ( MС немесе
жетілген бәсеке жағдайында Р ( МС, өйткені МR=Р. Сондықтан фирма
менеджерлері әрбір қосымша өндірілген өнім бірлігіне шаққандағы шекті
шығындарды өнім бағасымен салыстырулары тиіс. Бұл жағдайда осы өнім
бірлігін сату (1) формулаға сәйкес, жалпы пайданы өсіреді.
Мейлінше көп пайда мынадай теңдік орындалған жағдайда шығарылатын өнім
көлеміне Q сәйкес келеді.
Р = МС.
Бұл шарт жетілген бәсекелес фирма үшін пайдасы ең жоғары деңгейге
жеткізетін шарт болып табылады.
Пайданы мейлінше арттырудың графиктік талдауы төмендегі суретте
көрсетілген.
Фирманың шекті (МС) және орташа (АС) шығыдарының қисықтары мен сұраныс
қисығы Р = МR көрсетілген. МС қисығы сұраныс қисығымен В нүктесінде
қиылысады. Оған сәйкес өнім көлемі - Q. АВCD тік төртбұрышының биіктігі
өнім көлемінің бір бірлігіне шаққандағы пайда немесе төмендегі
көрсеткіштердің айырмасына тең (Р – АС).
Оның ені - өндірілген тауарлар саны. Сонымен, фирманың жалпы пайдасы
АВCD тік "төртбұрышының ауданына тең балады. Мейлінше көп пайда өнім шығару
көлемі
Q*-ғa тең болғанда алынады, ал бұл өнім көлемі үшін орташа шығындардың
ең аз мөлшерде болуы міндетті емес.

II МОНОПОЛИЯ ЖӘНЕ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСIНIК

2.1 Монополия табиғаты мен түрлерi

Рынок құрылымы фирмалардың саладағы санына, әрбiр фирманың көлемiне,
тауардың сипатына, ол рынокқа ену жеңiлдiгiне ақпараттың қолда болуына
тәуелдi. Рынок құрылымын сыныптағанда оның негiзгi белгiсi болып сатушы
мен аларманның ықпалдылық деңгейiне, әсiресе ол ықпалдылық баға деңгейiне
байланысты 2, 268 бет .
Рынок құрылымының негiзгi түрлерiне келесiлер жатады:
1) Жетiлген бәсеке нарығы;
2) Монополия;
3) Монополиялық бәсеке;
4) Олигополия.
Жетiлген бәсеке қалыптасу үшiн ондаған фирмалар әрекет жасап, олардың
өзара келiсiм жасауға мүмкiндiгi болмауы тиiс. Сонымен зерттеу нысаны
бiсекелес фирма болып табылады, ал оның мақсаты тауар өндiру мен қызмет
көрсету және оларды нарықта сату барысында пайданы мейлiнше арттыру.

Жетiлген бiсекелес нарығы дегенiмiз - төмендегi шарттар
орындалатын нарық:

Нарықта өнiм ұсынатын тәуелсiз сатушылар саны көп және өнiмдерi
бiртектi болып келетiн;

1. Iр фирманың жалпы нарықтық ұсыныстағы сату үлесi елеусiз. Сондықтан,
оның өнiм көлемi туралы өндiрiстiк шешiмдерi жалпы ұсынысқа ықпал
етпейдi, соған орай фирмалар нарықтар бағасына да әсер ете алмайды;
2. Баға, техология, ықтимал пайда жөнiндегi ақпараттар белгiлi болады;
3. Жаңа фирмалардың салаға кiруiне немесе одан шығуына тосқауылдар жоқ.
Бiсекелес фирма нарықтық бағаға әсер ете алмайды, сондықтан ол
бағаны сырттан белгiленген баға ретiнде қабылдайды. Яғни, өндiрушi
өндiрiлген өнiмнiң кез келген мөлшерiн рыноктық бағамен сатады. Олардың
сұраныс қисығы горизонталь болып келедi. 1, 279 бет .

Р

Р0 D = MR

Q

Сурет- 1- Бәсекелес фирманың сұраныс қисығы

Суреттен көрiп отырғанымыздай өндiрiлген өнiм тұрақты (Q) тұрақты
бағамен (Po) сатылатындықтан, жалпы түсiм өсiмi немесе шектi түсiм MR
нарықтық бағаға тең болады, яғни MR = Po. Сондықтан жетiлген бәсеке
жағдайында шектi түсiм (MR) қисығы жеке фирманың сұраныс қисығымен (D)
сәйкес келедi 1, 283 бет .
Фирманың жалпы не ортақ табысы өндiрiс көлемiнен өндiрушi баға
көбейтiндiсiне тең , яғни TR = p * Q
(1)
Мұндағы: TR – жалпы түсiм;
р – баға;
Q - өнiм көлемi.
Жетiлген бәсекеге қарама-қарсы бәсеке түрi монополия болып табылады.
Ал монополия жағдайында тұтынушының алдында бiр ғана iрi өндiрушi тұрады.
Тұтынушы қаласа да, қаламаса да монополистiң өнiмiн пайдаланып, оның
тағайындалған бағасын қабылдауға мәжбүр болады. Монополистiң үлкен билiкке
ие болуына оның тауарының ерекшеленуiмен қатар, осы тауардың алмастырушысы
аз болуы да әсерiн тигiзедi.
Берiлген тауарды өндiретiн тек бiр ғана жеке фирма бар және осы
тауарды ауыстыратын басқа тауралар жоқ деп ұйғарсақ, онда мұндай нарық –
монополия, ал фирма – монополист деп аталады. Монополист берiлген тауарды
өндiретiн жалғыз фирма болғандықтан оның сұраныс қисығы бiр мезгiлде
нарықтың сұраныс қисығы болып табылады және ұсынылған тауардың шамасының
бағасын анықтайды. Монополист өзiнiң ерекше жағдайын пайдаланып, тауардың
бағасын бәсекелес бағасынан жоғары деңгейде белгiлейдi және де бәсекелес
фирмаға қарағанда тауарды аз мөлшерде ұсынады. Егер сатушы өз тауарының
шығару көлемiн өзгерту арқылы нарықтық бағаға әсерiн тигiзе алса, онда ол
монополиялық билiкке ие болады деп айта аламыз 3, 317 бет .
Егер нарықта жеке өндiрушiнiң монополиялық билiгi орнықса, онда қоғам
жалпы белгiлi шығындарға ұшырайды, себебi тұтынушылар тауарды тұтынудың
көлемiн азайта отырып, тауарға жоғары баға төлейдi. Сондықтан да көптеген
елдерде нарықты монополиялауды шектейтiн монополияға қарсы заңдар
қабылданып, iске асырылуда. Бұл заңдарға қарамастан әлемнiң барлық
елдерiнде өндiрушi-монополистер бар.
Бiрақ монополиялы рыноктың жалпы қызмет етуiнiң негiзгi шарты
монополияда кедергiлердiң болуы. Бұл көрсеткiштерге кешегi жағдайларды
жатқыссақ болады:
1) Өндiрiстiң басты ресурстарын жалғы фирманың иемденуi. Бұл
монополияның пайда болуының ежелгi үлгiсi. Мұнда сирек кездесетiн
ресурстарға легальды тосқауылдар қояды, яғни оларға патенттер мен
авторлық құқықтар жатады 4, 5 бет .
Бұған бiр мысал ретiнде АҚШ-тың “Microsft” деген компьюерлiк
бағдарламалар өндiретiн компаниясын айтсақ болады. Яғни, ұлттық экономика
мұндай бәсекеқабiлеттi ұлттық табиғи монополияға жағдай жасайды. Сондықтан
мұндай монополияларға мемлекет монополиялық құқық берiп, оны қолдап
отырады.
2) Iрi өндiрiстiң басымдығы болуы. Бiр фирманың сол салаға мамандануы
соншалық, ол фирманың рыноктағы өндiрiсi максималды тиiмдiлiкте
қызмет етуi, яғни бәсекелес фирмаларға қарағанда шығындардың төмен
болуы, сапаның жоғарылығы.
Мұндай жағдайда сол фирма рыноктағы монополист фирмаға айналады.
Монополиялық өндiрiсте iрi фирмалардың жұмыс iстеуi тиiмдi, себебi iрi
өндiрiстiң шығыны, ұсақ фирмалардың шығындарынан төмен болады. Яғни, табиғи
монополия өнiм өндiру масштабында үнемдi қызмет етуiнен туындайды. Оны 2-
шi суреттен көре аламыз 6, 173 бет .

Шығындар

АС2

АС1 Орташа жиынтық

шығын (АС)

Q2 Q1 Өнiм көлемi

Сурет-2 – Монополист фирманың ауқымнан үнемдеуi

Суреттен көретiнiмiз, орташа шығындар қисығы терiс ылдилы көлбеулiк
болып келедi. Монополия үшiн монополист тауарының сұраныс қисығы “D”
нарықтық сұраныс қисығымен сәйкес келедi. Әдетте табиғи монополистер болып
тұрғын халықты коммуалды қызметпен қамтамасыз ететiн фирмалар жатады.
Мысалы, қала iшiндегi жылу берумен қамтамасыз етушi. Яғни, фирма қала
тұрғындарының жылуға деген сұранысын қамтамасыз ету үшiн қала iшiнде жылу
беру жүйесiн тартады. Ол осы жүйесi арқылы монополсит болып, халықты
жылумен қамтамасыз етедi. Егер рынокқа бәсекелес басқа фирма енуi үшiн ол
өз алдына жеке жылу жүйесiн жүргiзуi керек, сонымен қатар бiрнеше фирма
болса, олардың жалпы орташа шығындары өсу бағытын алады. Сондыұтан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Монополиялық бәсеке нарығы
ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ МОНОПОЛИЯЛЫҚ БӘСЕКЕ НАРЫҒЫНЫҢ ЖАҒДАЙЫ
Монополия және монополиялық билік туралы
Монополиялық бәсекелес фирманың қысқа мерзім кезеңіндегі жұмысын талдау
Жетiлген бәсеке мен монополия – нарықтық экономиканың қарсы түрлерi
Монополия. Монополиялық билік пен бәсеке
Монополиялық бәсеке
Бәсеке - негізгі нарықтың элементі
Нарық тауарларды сатып алу сатумен байланысты орын алатын экономикалық қатынастар жиынтығы
Жетілген бәсеке нарығы мен монополиялық бәсеке нарығына теориялық талдау жасау
Пәндер