Мектеп жасына дейiнгi жетім балалардың психологиялық ерекшелiктерi


Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 47 бет
Таңдаулыға:   

МАЗМҰНЫ

КIРIСПЕ . . . 4

I тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙIНГI ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

1. 1 Мектеп жасына дейінгілердің психологиялық даму ерекшеліктері …. . … 9

1. 2 Балалар үйінде тәрбиеленетін мектеп жасына дейінгілердің қарым-қатынасының ерекшеліктері . . . . 15

II тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙIНГI ЖЕТIМ БАЛАЛАР МЕН ОТБАСЫ ТӘРБИЕСIНДЕГI БАЛАЛАРДЫҢ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСЫН САЛЫСТЫРМАЛЫ ТҮРДЕ ТАЛДАУ

  1. Эксперименттiк зерттеу әдiстерi мен процедуралары . . . ……… 39
  2. Мектеп жасына дейiнгi жетiм балалардың ересектермен қарым-қатынасының ерекшелiктерiн зерттеу жұмысының нәтижесi ……… . . . 44

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 54

ГЛОССАРИЙ . . . 57

ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 59

ҚОСЫМШАЛАР . . . 62

КIРIСПЕ

Тақырыптың өзектілігі: 1990 жылдардағы жариялылықтың салдарынан көптеген айтылмай жүрген мәселелер қозғалды. Соның iшiнде жетiм балалар туралы мәселе, әрине жетiм балалар мекемелерiнiң бар екенiн барлығы да бiлетiн, бiрақ оның жағдайы соңғы жылдарда ғана толық белгiлi болды. Қазіргі заманғы қоғамның даму деңгейіне сай, күрделі әлеуметтік-экономикалық процестер бүкіл халықтың жағдайында көрінбей қоймады. Бірақ солардың ішіндегі ең негізгісі балаларды қорғау мәселесі. Осыған байланысты жетімдер мәселесі және оларға білім беру, тәрбиелеу үдерісі, сонымен қатар, психологиялық-педагогикалық тұрғыдан қамтамасыз ету, тек арнайы педагогикада ғана емес, психология, әлеуметтік психология және тағы басқа ғалымдардың ғылыми білім саласында көкейтесті болып отыр. Бұл жағдайда аталмыш балалар тобы психологтар мен педагогтар, дәрігерлердің зерттеу нысанына айналуда.

Қазіргі кезеңде мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру жүйесінің жаңаруына жан-жақты жетілген, ұлттық сана-сезімі, ұлттық психологиялық нышандары қалыптасқан, рухани жағынан дамыған, ғылым мен практика жетістіктерінен хаабары бар ертеңгі азаматты тәрбиелеу - балалар үйінің және мектептің үздіксіз жүзеге асыратын міндеттері екені баршаға аян. Бұл жөнінде «Балалар үйінің жарғысының» 21-ші тармағында: «Мектеп жасына дейінгі балалар үшін балалар үйі тәрбиеленушілері өмірінің және денсаулығының сақталуын, балалар денесінің дұрыс жетілуін, оларда мәдени-гигиеналық дағдылардың болуын, сөйлеу тілінің дұрыс дамуын және балалардың мектепке оқуына әзірлігін қамтамасыз етеді» - деп атап көрсеткен /1/.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында (2007) оқу-тәрбие үдерісін ұйымдастыратын қазіргі балалар үйі - толық мемлекеттің қарамағындағы ұйым. Балалар үйінде негізінен жетім балалар, жалғызбасты аналардың баласы, жағдайы төмен отбасының балалары немесе денсаулығы нашар, кемтар балалар мен ата-аналарының қамқорлығынсыз қалған балалар тәрбиеленетіні айтылса /2/ Қазақстан Республикасы Үкіметінің «Мұқтаж азаматтарға олардың білім алу кезеңінде әлеуметтік көмектің мөлшері мен көздері туралы» 17. 05. 2000 жылғы № 1738 қаулысының жалпы бөлімінде «Мемлекет сәбилер үйіндегі жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынан айрылған балаларды олардың білім алу кезінде ұстауға арналған шығыстарды толық көтереді. Толық мемлекеттік қамтамасыз ету: тұруды, тамақтандыруды, киім-кешектерді, медициналық көмектер алуын, оқулықтармен, жабдықтармен қамтамасыз етуді қамтиды», - деп көрсетілген /3/.

Жетім балалар тәрбиесіне қазіргі кезеңде ұлттық тәрбие тұрғысынан да көңіл бөліп, оларды тұлғалық қалыптастыру мәселесі бүгінгі күннің өзекті талабы. Бұл мәселе Қазақстан Республикасының «Қазақстан-2030» даму стратегиясына сай жетім балалар үйіндегі тәрбиеленіп жатқан әрбір ұрпақтың жеке адам ретінде қалыптасуының шешуші факторы ұлттық тәрбие деп көрсеткен /4/.

Халық педагогикасы негізінде балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыруда отандық ғалым М. П. Асылбекова өзінің жұмысында кеңінен зерттеген.

Балалар үйінде тәрбиеленушілердің ерекшеліктерін, даму өзгешелігін шетел (А. Адлер, А. Фрейд, Дж. Боулби, Р. Шпиц, М. Винце және т. б. ) және отандық (М. И. Лисина, С. Ю. Мещерякова, Н. М. Щелованов, А. М. Прихожан, Н. Н. Толстых және т. б. ) психолог-зерттеушілер белсенді түрде қарастырды.

М. И. Лисинаның мәліметтері бойынша жетім баланың ерте және мектепке дейінгі жасында жаңа құрылымы толық дамымайды. Заттық әлемге деген қатынасы баяу болса да дамиды және де жасы өскен сайын мақсатсыз, әлсіз импульсивті болады. Ересектермен қарым-қатынастағы позитивті өзгерістер білінер-білінбес болады. Бұл тәрбиеленушінің ересектердің баға беруіне қызықпауынан, ересектердің көмек көрсетуі үшін, ересектердің көңілін аудара алмауынан көрінеді /5/.

Сэлливан баланың "Мені" шығу тегі жағынан әлеуметтік болып табылады, себебі ол ересектердің оларға баға беруі нәтижесінде біртіндеп қалыптасады, - деді. Жақын ересек адамдардың ұстанымы баланың өзіндік дамуы мен өзіндік ашылуы жүретін "эмоциялық ахуал" мен "психологиялық ортаны" құрайды. Бұл мәліметтерді психоаналитикалық бағыт өкілдері (З. Фрейд және А Фрейд, Шпиц, Элперт) жинақтаған /6/.

А. Г. Харчевтің (1974) тұжырымдамасы бойынша: «бала туғаннан бастап өз ортасы мен қоғамдық дәстүрлі мәдениетін, өнегеліктің біртұтас жүйесін жанұядан меңгереді. Дәл осы нәрестелік кезеңнен бастап балада адамдар мен қоршаған ортасына деген сенім, қоршаған орта мен өзге адамдардан қорқыныш сезімі мен мазасыздық қалыптаса бастайды. Осы кезеңде қалыптасқан сезімдер адамда өмір бойы сақталып, басқа адамдармен қарым-қатынастағы эмоционалды үндестігінен, ерекше стилінен көрініп отыратындығын зерттеулер нәтижелері анықтаған» /7/.

Қазақстандық ғалым А. Т. Ақажанованың «Кәмелеттік жасқа толмаған балалардың девианттық мінез-құлқын педагогикалық-психологиялық тұрғыда түзету» атты оқу-әдістемелік кешені (2008) және «Девиантология» оқу құралы (2009) осы тақырыптың теориялық мазмұнын ашуға көп үлесін қосты. Оның жабық түрдегі мекемлерде тәрбиеленушілердің қатыгездік және агрессивтік мінез-құлықтарының қалыптасуы мен олардың көрініс беруіндегі түрткі болатын негізгі факторларды атап көрсетеді: эмпатияның жоқтығымен, өзін-өзі сыйлау мен өзін-өзі бағалаудың төмендігінен, отбасында жағымды ахуалдың болмауынан, өмірде кездескен сәтсіздіктерден уақытша болса да құтыламын деген жаңсақ оймен ішкілікке түсуінен, үйден қашудан, үлкендердің бақылауынан тыс қалған немесе ата-ананың шектен тыс өбектеуінен және т. б. жайттардан қалыптасатынын айтады (8) .

Қазіргі уақытта балалар үйінде тәрбиеленушілердің жай-күйін жан-жақты қарастырып жүрген отандық ізденушілер көбеюде. Айтар болсақ, З. А. Зубайраева «Жетім балалардың тұлғалық әлеуметтенуінің педагогикалық шарттарын» қарастырса, И. Т. Серимбетова «Балалар үйінде тәрбиеленушілердің оқу-тәрбие процесінде құндылықтарға бағдарланудың даму ерекшеліктері» аясында, Г. А. Дусманбетов «Интернат мекемелерін бітірушілердің жоғары мектепке бейімделуінің психологиялық ерекшеліктері» тақырыбында, ал А. К. Сұлтанов «Арнайы балалар мекемелерінде тәрбиеленуші балалардың денсаулығының ерекшеліктерін» зерттесе, Г. Мақашқұлова балалар үйінде және интернат типтес мекемелерде тәрбиеленушілердің тұлғалық даму ерекшеліктерін, М. Әуренова ата-ана қамқорлығынан айрылған балаларды тәрбиелейтін мекемелерде әлеуметтік-психологиялық қызметті ұйымдастыру мәселелерімен шұғылдануда, ал Н. Ү. Бегалиева балалар үйінде тәрбиеленген жасөспірімдердің танымдық іс-әрекеттерін қалыптастыру ерекшеліктері жайында зерттеп, интернат типтес мекемелерде білім беру мен тәрбие берудің теориясы мен әдістемесін дамытуға өз үлестерін қосып келеді.

1992 жылы наурыздың 27 жұлдызында жиырмадан аса мемлекеттiк және қоғамдық ұйымдардың өкiлдерi бас қосқан құрылтай жиналысы өтiп, онда “Бөбек” балалар қайырымдылық қорын құру туралы шешiм қабылданды. Елiмiздiң түкпiр түкпiрiнде ауыр қалге түскен, қазынагөйлiк қарым-қатынастан шаршаған балалар үшiн отбасылық балалар үйi ашыла бастады.

Қайырымдылық - керектi iс әрине, бiрақ жалғыз онымен алысқа бара алмайсың. Керенаулықтан арылтып, балалардың санасына әрдайым қоршаған орта мен өз болмысын тиянақты зерттеу қажеттiлiгiн қалыптастыру керек [33; б. 13] .

Осыған байланысты дипломдық жұмыстың тақырыбы: “Балалар үйінде тәрбиеленушілердің қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау”- деп алынды.

Зерттеу объектісі - мектеп жасына дейiнгi жетiм балалардың психологиялық ерекшелiктерi.

Зерттеу пәнi - мектеп жасына дейiнгi жетiм балалардың қарым-қатынасының даму саласы.

Зерттеу болжамы : мектеп жасына дейiнгi жетiм балалардың тұлғалық дамуы отбасында тәрбиеленген балаларға қарағанда ересектермен өзара қарым-қатынас жасауда олардың әлеуметтiк рөлiн түсiнiп, бағдар етуi психологиялық даму деңгейiне сай емес.

Зерттеу мақсаты - мектеп жасына дейiнгi жетiм балалардың ересектермен қарым-қатынас жасау ерекшеліктерін анықтау.

Зерттеу мiндеттерi:

  • мектепке дейiнгi жетiм балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерiнiң жалпы балабақша балаларына қарағанда ересектермен, құрбыларымен қарым-қатынас жасау ерекшелiгiн анықтау;
  • эксперименттiк зерттеуге қолайлы, жарамды әдiстемелердi таңдау.

Зерттеудің әдістемелік негізін Л. С. Выготскийдің мәдени-тарихи даму тұжырымдамасы, А. Н. Леонтьевтің іс-әрекет теориясы, М. И. Лисинаның мектепке дейінгілердің қарым-қатынас теориялары құрайды.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: балалар үйінде мектеп жасына дейінгі тәрбиеленушілердің тұлғалық қасиеттерінің, қарым-қатынасының ерекшеліктеріне арналған қазақ тіліндегі теориялық материалдар толықтырылды.

Зерттеудің теориялық маңыздылығы : жетiм балалардың тұлғалық даму және қарым-қатынасының ерекшелiктерiн сипаттау.

Зерттеудің практикалық маңыздылығы : жетiм балалардың қарым-қатынасының дамуын анықтау жолдары.

Зерттеу әдiстемелерi:

  • байқау әдiсi (рөлдiк ойын кезінде зерттелді) ;
  • мектеп жасына дейiнгi балалардың үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасауы (салған суреттерiне байланысты талдау) Г. А. Урунтаеваның әдiстемесi;
  • мектеп жасына дейiнгi балалардың үлкендермен қарым-қатынас жасау түрiн анықтау (М. И. Лисина мен Х. Т. Шерьязданованың жүргізген әдiстемесi) .

Зерттеудің эксперименталды базасы: Алматы облысы, Ұзынағаш ауданы, Кара-Кастек ауылындағы мектепке дейiнгi балалар үйiнiң тәрбиеленушiлерi мен (30 бала) «Қарлығаш» балабақшасының (30 бала) балалары.

Зерттеу жұмысы екі топ балаларына салыстырмалы түрде жүргiзiлдi;

Диплом жұмысының құрылымы: ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан, глоссарийден тұрады.

I тарау. МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙIНГI ЖЕТІМ БАЛАЛАРДЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛIКТЕРI

  1. Мектеп жасына дейінгілердің психологиялық даму ерекшеліктері

Мектепке дейінгі кезең - бала өмірінің үлкен бөлігі. Өмір сүру жағдайы кеңейеді: отбасы шеңбері енді көше, қала, ел жағдайына жылжиды. Бала өзі үшін адамдар арасындағы қарым-қатынасты, әрекеттің түрлерін және адамдардың қоғамдық қызметтерін ашады. Ол осы ересектер өміріне қосылып белсенді қатысқысы келеді, ол оған әрине ене алмайды. Ол тіпті өзі біліп әрекет ететін жағдайға жетуге тырысады. Осы қарама-қайшылықтан рөлдік ойын пайда болады. Балалардың өз бетімен әрекеті - ересектер өмірі үлгісінің көшірмесі.

Мектепке дейінгі шақта ойын негізгі әрекет түрі болып табылады. Рөлдік немесе кейде оны шығармашылық деп аталатын ойын мектепке дейінгі жаста көрініс табады. Бұл іс-әрекетте балалар ересектер рөлін алады және кеңейтілген түрде ойын жағдайында ересектер әрекетін және олардың арасындағы қатынасты тудырады. Бала белгілі бір рөлді таңдап және орындайды, ол - ана, дәрігер, жүргізуші, дүкенші және т. б. бейнесімен әрекетін алады. Ойынның бейнелі жоспары өте маңызды, оның тіпті ойынның өзі болуы мүмкін емес. Ойындағы өмір өз көзқарасы бойынша өтсе де, ол эмоцияға толы болғандықтан бала үшін шынайы өмірге айналады.

Сюжетті ойын затты басқару әрекетіне ерте балалық шақ соңында бөлініп шығады. Алғаш бала затпен әрекет етуге қызығады. Үлкендер әрекетіне байланысты өзінше қимыл жасағанда, ол өзі әрекет ететінін және ересек секілді қимыл жасайтынын түсінеді. Шын мәнінде, ол бұрыннан ересек секілді әрекет еткен, бірақ оны байқамаған. Д. Б. Эльконин айтқандай ол затқа қарағанда арасында ересек адам болады, ол бала үшін шыныдан қарағандай еді. Мектепке дейінгі жаста аффект заттан адамға беріледі, соған орай ересек адам және оның әрекеті бала үшін тек қана объективті емес, субъективті де үлгі болады.

Сюжетті-рөлдік ойын пайда болу үшін заттармен әрекет ету ғана дамымай, сонымен қатар бала мен ересек арасындағы қарым-қатынаста түбірімен өзгеруі тиіс. Үш жасқа таман бала бұрынғыдан қарағанда өз бетімен болуға дайын болады және жақын ересек адаммен арадағы бірлескен әрекеті бұзылады.

Мектепке дейінгі балалардың орта жастағылары үшін негізгі - адамдар арасындағы қарым-қатынас, ойын әрекеттері ойын үшін емес оның артында тұрған қарым-қатынасқа негізделеді.

Ойынның сюжеті мен мазмұны рөлге араласып кетеді. Ойын әрекетінің дамуы, ойынның рөлдері мен ережелері мектепке дейінгі шақта келесі бағыт бойынша жүреді: бұрмалы жүйелері бар, ойын онда ереже рөлдері, құпия ережелері, құпия рөлдері айқын көрінетін жабық жүйе, ақырында ережелері белгілі рөлдері бар құпия ойындар.

Осылайша ойын өзгеріп мектепке дейінгі жастың соңында дамудың жоғары сатысына жетеді. Ойын дамуында екі негізгі фаза және кезеңге бөлінеді. Бірінші кезеңге /3-5 жас/ адамдардың шынайы әрекеттерін қайталау тән. Екінші кезең /5-7 жас/ адамдар арасындағы шынайы қатынастар үлгісі жасалады және ойын мазмұнына ересек адамның әрекетінің мәні, әлеуметтік қатынастар тән. Ойын - мектепке дейінгі кезеңдегі негізгі әрекет, ол баланың дамуына елеулі әсерін тигізеді. Ең біріншіден, ойын ойнай отырып балалар бір-бірімен толыққанды тіл табысуға үйренеді.

Мектепке дейінгі орта жастағы, ересек жастағы балаларға эгоцентризм тән болса да бір-бірімен келісіп рөлдерді бөліп алады. Рөлдерді бөлу, ойын ережесін бақылауға байланысты балалар ортақ әрекетке қатысады.

Ойын тек бала үшін құрбылармен тіл табысуға көмектеспейді, сонымен қатар бала өзінше әрекет етеді. Өз әрекетін басқару балада алғаш ойында, содан кейін басқа әрекетінде көрінеді. Ойында бала ересек талабын және мораль нормасын емес, басқа адам бейнесінің көшірмесін жасап алады. Өзін-өзі бақылау мектепке баланың соңғы жас кезеңінде көрінеді, сондықтан алғаш оған сыртқы бақылауды ойындағы достары қояды. Балалар алғаш бір-бірін, өзін бақылап ұстайды. Сыртқы бақылау біртіндеп өзін-өзі ұстау үрдісінен алынып тасталынады.

Мектепке дейінгі балалық шақта ұзақ және қиын сөздерді игеру үрдісі аяқталады. 7 жасқа аяқ басқанда баланың тілі ойлау және тіл табысу құралына айналады, сонымен қатар саналы оқу заты іспеттес. Оған себеп мектепке дайындық кезеңінде оқуға, жазуға үйрету басталады. Сәбилерде сөздің дыбыстық жағы дамиды. Мектепке дейінгі кіші жастағылар өз сөйлеуінің ерекшеліктерін түсіне бастайды. Бірақ оларда оған дейінгі дыбысты қабылдау әдістері сақталады, ол дұрыс естіп, дұрыс сөйлейді. Мектеп жасына дейінгі соңғы кезеңде фонематикалық даму үрдісі аяқталады.

Бала біртіндеп тілдің грамматикасын, сөздікті игеріп мектепке дейінгі кезең соңында контексті сөзге көшеді. Мұндай сөз мазмұны контексте ашылады. Ол оқыған әңгіме, ертегісін айтып береді, көргенін суреттейді, алайда оның жағдайға сай сөйлеуі өзгереді, жойылады деген сөз емес. Ол тұрмыстық тақырыптан ерекше әсер алған әңгімелерінен, оқиғалардан көрінеді, жағдайға сай ерекшеліктерді көру үшін сөйлеуі екі сәбидің бір-біріне айтқан мултьфильмінен, киноларынан көруге болады, онда сәби сөз аяғын жеп қойып кейде үлкен фразадан аттап өтіп айта береді /37/.

Мектепке дейінгі кезде сәби ересекке тән ауызша сөйлеу әдісін толық меңгереді. Онда түрленген хат-хабарлар, монолог, әңгіме пайда болады. Онда сәби өз көргенін ғана емес, өз сезімін, өз ойын да айтады. Құрбыларымен сөйлеуде диалогтік сөйлеуі дамиды. Эгоцентрлік сөйлеу сәбиге өз әрекетін жоспарлап, бақылауға алуға көмектеседі. Өзі үшін айтылған монологында қиналған туыстарын айтады, алдындағы әрекетіне жоспар құрады.

Танымдық дамуына келсек, ес - мектепке дейінгі балалық - естің дамуына ең қолайлы кезең. Л. С. Выготский көрсеткендей, ес негізгі рөлге ие болып, өз қалыптасуының негізгі үрдісіндегі жолды өткереді. Қабылдауы мектепке дейінгі жаста көрсетілген көмекпен бұрынғы тәжірибе арқылы жүйелейді. Онымен қоса әртүрлі объектіні айналадағы заттарды, бұрынғы өзіне таныс нәрселерді қабылдайды. Амал тәсілдері біртіндеп дами бастайды. Бұл өзіндік қабылдауға әсер етеді. Баланың өсуіне қарай операция да ұлғая дамиды. Саналы даму да өзінің өмірлік тәжірибесінде бір нәрсені немесе бір құбылысты әртүрлі әрекетпен қабылдайды. Мектепке дейінгі жастағы балалардың сана-сезімін тек қана сырттан бақылауға болады. Негізінен сана-сезім мектеп жасына дейінгі шақтың аяқ кезінде қалыптаса бастайды.

Бала үшін өзгелердің іс-әркеттері жанұя тәртібімен өзінің ісімен бағаланады. Өзінің істей алатын дағдыларына қарай, 5 жастағы бала өз жетістіктерін асыра бағалайды. 6 жасында да осы қасиет сақталады. Бірақ бұл шақта бұрынғыша ашық түрде болмайды, түсіндіруге тырысады. Ал 7 жасында шындыққа жанасатындай етіп баға береді.

6 жасар балалармен жұмыс істеген барлық психологтар бір шешімге келеді: 1-ші сыныптағы 6 жасар бала өзінің психологиялық дамуымен әлі де мектепке дейінгі бала болып қалады. Ол мектепке дейінгі жасқа тиесілі ойлаудың ерекшеліктерін сақтайды және онда есте сақтау (ол керектіні есте сақтамай, не қызықты соны есте сақтайды) басым болады. Спецификалық назар аудару мынандай: бала өнімді бір іспен 10-15 минуттан артық жұмыс істей алмайды.

6 жасар баланың тұлғалық ерекшеліктері оқыту процесінде қосымша кедергілер туғызады. Танымдық себептер, оқудың барабар тапсырмалары әлі бірқалыпты және ситуативті емес, сондықтан көптеген балаларда олар мұғалімнің арқасында пайда болады және қалыптасады.

Көптеген психологтар мен педагогтар мектепте оқыту 6 жастан дегеннің жақсы және жаман жақтарына көптеген дәлелдемелер келтіреді. Д. Б. Эльконин өз кезінде осы жастан бастап мектепте оқытуға өзінің қарсы пікірлерін айтқан. Ол балалардың жоғары даму сатысына өтуін мынандай белгілермен көрсетеді: дамудың келесі кезеңін қаншалықты толық жүріп өту, қаншалықты ішкі қайшылықтар пісіп жетілгенінде және де осы қайшылықтар осылай көшуден шешіліп кетуі мүмкін. Мектепке дейінгі балалықты 1 жылға қысқарту қалыптасып қалған баланың даму процесін бұзу мүмкін және бұл пайда әкелмейді. Д. Б. Эльконин 6 жастан бастап мектепте оқытуды ұйымдастырудың орнына бала бақшадағы дайындық топтарды кеңейту керек деген. Ол балаларды мектепке дайындау әлдеқайда жеңіл деген. Өйткені балаларға өзімен шамалас мектепте оқитын балалармен салыстырғанда балабақшада жақсы және олар онда толығырақ, көп бейнеде және де олар әлдеқайда өмірге риза болып өмір сүреді.

Біз бір ғана принцишіл маңызды кезеңді атайық. 6 жаста әлі де болса ерікті мінез-құлқына байланысты көңіл бөлерліктей қиындықтар бар: мектепке дейінгі жаста еріктілік енді қалыптаса бастайды. Әрине, бала белгілі бір уақыт өзінің мінез-құлқын басқара алады, ойша өз алдына қойған мақсатына жете алады, бірақ ол өз дегенінен оңай көңілі жаңа қызығарлықтай күтпеген бір нәрсеге ауып кетеді.

Қолайлы жағдай кезінде оқытудың психологиялық шиеленісі әдеттегідей 1, 5-2 айда азая бастайды. Әлдеқайда қатаң шарттарда ол сақталады. Психологиялық сонымен қатар соматикалық жоспарда ол қосымша эффект шақырады. Оқытудағы жалпылама кедергілерге қарамастан мұнда тізіліп шыққан тағы бір индивидуалды өзгешелікпен байланысты бір кедергі тұрады. Белгілі теориялық білімдерден шыға келе тәжірибелі түрде психолог 6 жастан оқытуды қолдауы не оған қарсы болуы мүмкін. Бірақ мектепке нақтылы баланы әкелгенде ол бұл сұраққа индивидуалды жақындайды. Ол 6 жастан балаға мектепке түскен жөн бе немесе 1 жыл тосу керек пе соны шешуі керек. Яғни, ол қаншалықты мектептік оқытуға психологиялық дайын екенін анықтайды.

Баланың өзінің ынтасы болмаса, бір нәрсеге үйрету қиынға соғатыны тек педагогтарға ғана белгілі жәйт емес. Бала табысты оқу үшін ең алдымен жаңа мектеп өміріне, сабаққа, жауапкершілікке, тапсырмаларға ұмтылуы қажет. Ұмтылу арқылы балада ішкі позициясы қалыптасады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
БАЛАЛАР ҮЙІНДЕ МЕКТЕПКЕ ДЕЙІНГІ ЖАСТАҒЫ БАЛАЛАРДЫҢ СЕНСОРЛЫҚ МӘДЕНИЕТІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ ТӘЖІРИБЕСІ
Балалар үйіндегі балалар
Бала психикасының онтогенездегі даму ерекшеліктері
ЖЕТІМ БАЛАЛАРДА АУЫТҚУШЫЛЫҚ (ДЕВИАНТТЫҚ) МІНЕЗ-ҚҰЛЫҚТЫҢ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Мектеп жасына дейiнгi балалардың үлкендермен және құрбыларымен қарым-қатынас жасау (салған суреттерiне байланысты талдау) әдістемесінің нәтижесі (Г.А. Урунтаева бойынша)
Балалар үйіндегі тәрбиеленушілердің тұлғасын қалыптастыру шарттары
Жалпы сөйлеу қабілетінің дамымауы бар мектеп жасына дейінгі балалардың сөздік қорын дамыту ерекшеліктері
Ата-анасының қамқорлығынан тыс қалған балалардың әлеуметтік-психологиялық бейімделу мәселелері
Тәрбиеленушілердің зияткерлік дамуының мәселелері
«Балапан» бағдарламасының ПАСПОРТЫ
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz