Ядролық қарудың зардаптары


Жоспар

I Кіріспе . . . 3

II Негізгі бөлім

1. Қирау аймақтары . . . 6

2. Факторларға түсінік . . . 7

3. Сәуле ауруы . . . 11

4. Халықты радиация әдісінен қорғау . . . 15

III Қорытынды . . . 22

ІV Пайдаланылған әдебиеттер . . . 23

Қорытынды

Дүниеге келгеннен бастап-ақ ядролық өзіне ие болған мемлекеттің күштілігін білдіретін белгісі болып саналады. Қазіргі заманда ірі халықаралық саясат даулары барысында ядролық қару міндетті түрде есепке алынады. Орасан зор қирату күші бар осы қару адамзат қолында болғандықтан оның бір кезде пайдаланылатынына күмән жоқ. Ол қолданылды да. Әлемді дүр сілкіндіріп Хиросима мен Нагасаки жапон қалаларын жермен жексен қылды.

Адамдардың басым көпшілігі ядролық (атом) бомбаларының барын біледі, олардың жарылыс салдары туралы да естіген болатын. Алайда, ракеталық-ядролық соғысынан көтерілетін экологиялық проблемаларды, шығындардың мөлшерін, жалпы қирау көрінісін нақтылы мәнінде көз алдына елестете алатын түлғалардың саны шамалы болса керек. Айтарлық, жалпы қырып жоятын қарудың қолданылуы аса шығындарды халық калың орналасқан аймақтарда келтіреді, ядролық жарылыстардың адамдарға психологиялық жағынан ететін әсерін де естен шығаруға болмайды. Оның үстіне, қаза тапқандардың, жарақат алғандардың, жалпы зардап шеккендердің саны сау қалған адамдардың санынан, мысалы жеке бір қаланы алсақ, молырақ болуы мүмкін. Жырылыс салдарының біраз уақытқа созылатын әсері де жоқ емес.

Жарылыс түрлерінің ішінде ерекше орын алатыны әуедегі және жер үстіндегі ядролық жарылыстар, олардан басқа жер астындағы және су үстіндегі (су астындағы) ядролық жарылыстар да болуы мүмкін.

Биікте болған ядролық жарылыстың радиобелсенділі өнімдері -ядролардан бөлінген бөлшектері, реакцияга қатысып үлгермеген жанар заттары, нейтрон ағынның ықпалынан пайда болган радиобелсенді изотоптар, т. б. - тропосферадан үзақ уақыт бойы (бірнеше аптадан үш айға дейін) жер бетіне түссе, радиобелсенділік бұлт ізін құрайды. Бірнеше мың километрге созылып олар тірі жандарға аса қауіп туғызбайды.

Жарылыстың тағы басқа өнімдері стратосфераға еніп жер бетіне 5-10 жыл бойы түсе береді. Әуе ядролық жарылысының кіндігіне нейтрондар әсерінен сінген радиацияның деңгейі тез арада төмендейді, ойткені радиобелсенділік заттардың (РЗ) көбісінің жартылай ыдырау мерзімі қысқа. Сонымен әуедегі болған ядролық жарылыстың негізгі зақымдау факторларына соққы толқыны, жарық сәулесі және өткіш радиациясы жатады.

Ядролық жаратылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшырайды, ал ғимараттар мен құрылыстар қирап бүлінеді.

Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарда бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың етіп тұрғызады.

Кіріспе

Жалпы ядролық жарылыс энергиясы былай таралады: 50% -соққы толқыны, 35% - жарық сәулесі, 10% - ядролық сәуле қалдығы, 5% -өткіш радиация.

Жер үстіндегі ядролық жарылыстың жарқыл шары жер қыртысына тиеді, суи бастап ол жер бетінен қисапсыз мөлшерде топырақты өзіне сорып биікке көтереді де саңырауқүлақ тәрізді радиобелсенді бүлтты құрайды. Топырақтың қүрамына кіретін кремний, натрий, магний элементтері алғашқы нейтрондардың ықпалынан радиобелсенділік қасиетіне ие болып алған, ал жарылыстың өзінен шыққан РЗ-тар әлгі топырақпен араласып, оның бөлшектеріне қонады. Жел бағытымен жылжыған бұлттан төмен алдымен ірі, ауыр бөлшектер, сонан соң ұсақтары тұнба болып түсе береді. Бұлттың ізімен түсіп отырған РЗ-тар осы өңірде биік деңгейлі радиацияны ұшықтырып, адамдарды және малдарды зақымдауға соқтырады.

Сонымен, жер үстіндегі ядролық жарылыстың зақымдау факторларына радиобелсенділік зақымы да қосылады.

Ядролық қарудың бір түрі нейтрондық қару деп аталған, өйткені энергиялық, басым бөлімі өте қуатты нейтрон ағынына айналып жер қыртысында сіңген радиацияның пайда болуына себеп болады. Оның үстіне нейтрондар, жоғарыда айтылғандай, электр заряды болмағандықтан материалдардан оңай өте береді. Нейтрондық қару қуаты аз, тротил баламасымен санағанда 10 мың т. жетпейтін бомбалар боп саналады; құрамының ерекшелігі - оған тек илутоний (қыздырғыш ретінде) және дейтерий мен тритийдің қоспасы кіреді.

Бұл қарудан сақтану мақсатында қорғау паналарды бірнеше түрлі материалдарды үйлестіріп, қабырғалары мен төбесін өте қалың қылып тұрғызады.

Ядролық жарылыстың салдарынан адамдар, малдар және өсімдіктер жаппай зақымға ұшыраған, ал ғимараттар мен кұрылыстар қирап бүлінген территорияны ядролық зақымдау ошағы деп атайды.

Ядролық зақымдау ошағы өткен артық қысымның шамасына карай бірнеше зонаға бөлінеді:

1) Толық қирау зонасы - Р ш • 50 кПа-мен (0. 5 кгс/см) шектеледі. Жер үстіндегі кұрылыстардың барлық түрі жсрмен жексен болып, тек қана үйінділер қалады. Жер астындағы қорғаныс ғимаратгар, панаханалары, коммуналдық жүйелері едәуір бүлінеді. Қорғанбаған адамдардың бәрі өліп, жер астында орналасқан паналаушылар әр-түрлі жарақат алады.

2) Күшті қирау зонасы - Р ш =50-30 кПа арасында. Өнеркәсіп және тұрғын ғимараттардың көбісі толық қирап немесе қатты бұзылады, бірақ жер астындағы кұрылыстар толық сақталуы мүмкін; жасырынбаған . адамның көпшілігі қаза табады. Қорғаныс паналардағы адам арасында жарақат алғандар көп емес, жер беті радиобелсенді заттармен қатты ластанады.

3) Орташа қирау зонасы - Р ш =30-20кПа арасында. Көп қабатты ғимараттар, электр жүйелерінің багандары орташа немесе бір шамада бүлінеді, қорғаныс паналар, жер төлелер толык сақталып қалады.

Кейбір жерлерде үйінділер болуы мүмкін. Адамдарға көмір қышқыл газбен улану кауіпі төнеді. Осы үш зоналар ядролық зақымдану ошағының 1/3 бөлігін кұрайды және бұл жерде кұткару жұмыстары күрделі түрде жүреді.

4) Жеңіл бүліну зонасы - Р ш =20-10 кПа арасында. Ғимараттардың тек терезе жақтаулары, есіктері, ішінара үй шатырлары бүлінеді. Ағаш үйлер бұзылады, жеңіл от алатын заттардын төгілуінен екінші қайтарма өрт пайда болуы мүмкін.

Егер жарылыстың қуатын q әріппен, ал зоналардың радиусын К Әріппен белгілесек, онда мынау шамалаған формулалармен зоналардың өлшемін есептеуге болады:

К=(0, 35-0, 4) К 2 =(0, 5 - 0, 55) К 3 =(0, 75 - 0, 7)

Бұл формулаларда К километрмен (км), q килотоннамен (кт) өлшенеді; жақшаның ішіндегі бірінші сандар әуе жарылыс үшін, ал екінші -жер үстіндегі жарылыс үшін арналған.

Ядролық зақымдау ошағы аумағының 12%-толық қирау зонасы, 10%-күшті қирау зонасы, 18%-орташа қирау зонасы, 60%-жеңіл бүліну зонасын құрайды. Тротил баламасымен есептелген 1 млн. тонналық бомба жарылғанда 50 кпА қысымдылығы жарылыстың кіндігінен К-4 км шамасындағы қашықтықта, ал 10 кПа- К 15 км қашықтықта орын алады; 100 мың тонналық бомбаның көрсеткіштері: 50 кПА - Я=2км, 10кПа-КХ7км.

Осыдан; 500 мыңдай тұрғындары бар орташа қаланы едәуір дәрежеде қирату үшін қуаты 500кт бомбаның біреуі ғана қажет екен.

Жалпы ядролық жарылыс аяқ астынан ұйымдастырылып халық алдын ала дайыидалмаған, хабарландырылмаған жағдайда үлкен каланың тұрғьндарының 1/3 бөлігі қазаға ұшырайды. Едәуір бөлігі жарақат алады, күйеді, уланады, сәуле ауруына шалдығады, психикалық ауру болады, жоғалады, т. б.

Хиросима апатынан зардап шеккен адам санының 40% және қаза тапқандардың 20% жарылыстың соққы толқынның ссбебінен болыпты. Соққы толқының тағы ерекшелігі-ол герметикаланбаған (санлаулары бар) қорғаныс паналарға өтіп кетеді. Сондықтан осы паналар толқын сондіретін керек-жарақтармен жабдықталу керек. Адам денесі соққы толқынның әсерінен лезде сығылып одан кейін ұлғайтылады, алдымен бұдан дененің ауа және сұйықтық толған қуыстары органдарының (өкпе, бас миының қарыншалары) ұлпалары жарылып, үзілуі мүмкін.

20-30 кПа қысымдылықта контузияның жеңіл деңгейі, кұлақтың дабыл жарғақтарының жарылуы, есту қабілеті бұзылады, 30-50 кПа -құлақтан, аңқадан қан ағу, қыска мерзімге естсн тану, орташа деңгейдегі жарақаттану, кейкезде сүйек сынуы, өліммен аяқталуы да мүмкін. 50-80 кПа кысымдылықта ішкі ағзалардың жарылуы, үлпалардын майда, нүкте тектес қан ағуы, оліммен аяқталу жағдайлардың саны күрт өсуі. Қорғаныс паналарда, жерттөлелерде соқкы толқының әсері лезде емес, сәл созыңқырап келеді, сондықтан осы жерде орналаскан адамдар биігірек қысымдылықты басынан өткізе алады.

Соққы толқынның шебінде ауа температурасы да жоғары болады. Мысалы, 100 кПа артық қысымда ауа температурасы 350°С дейін барады. Бұл фактор жарылысқа жақын орналасқан панахананың ішінде отырған адамның ашық мүшелерін, тыныс алу жолдарын күйдіруі ықтимал.

Бұдан басқа ғимараттардың құлаған қабырғалары және басқа да заттары адамды басып қалып асфикция (тұншығу), ұзақ жаншылу синдромы сияқты жағдайларға әкеледі.

Ауа ағымымен ұшқан заттар да (үйдің бөлшектері, терезе әйнегінің сынықтары, т. б. ) адамның жарақаттану себебі болады. Салыстыру үшін: 30 кПа артық қысымдалығында ауа жалдымдылығы 60 м/с дейін барып дауылдан екі есе асып түседі. Ауа ағымы адамды тек лақтыру мен тыйылмай, шаң-тозаң көтеріп көзін және тыныс жолдарын шаңмен бітеп тастайды.

Қирау аймақтары

Ядролық қарудың жарылыс ошағы

Ядролық қару деп жарылыс кезінде ядролық реакцияның жүруінің нәтижесінде болатын ішкі ядролық қуатты пайдалануға негізделіп жасалған қаруды айтады. Ол барлық белгілі зақымдау кұралының ішіндегі ең қуаттысы. Ядролық жарылысының қуаты тротилдық эквивалентпен өлшенеді. Тротилдық эквивалент тоннамен (т), килотоннамен (Кт) және мегатоннамен (Мт) өлшенеді.

Ядролық жарылыс ауада, жер (су) бетінде және жер (су) астында болуы мүмкін. Оның талқандау факто-рына: соққы толқын, жарықты сәуле бөлу, өткір радиация, төңіректі радиоактивті ластау және электрлік магниттік импулъс жатады.

Соққы толқын ауаның бірден қысылысынан пайда болады және дыбыс жылдамдығынан жоғарғы жылдамдықпен тарайды. Соққы толқынының пайда болу көзі жарылыстың ортасында өте жоғары қысымның пайда болуы, Соққы толқын өзінің жойқын күшіне байланысты жолындағылардың бәрін қирата талқандап өтеді. Соққы толқынның күші эпицентрінен қашықтаған сайын бәсеңдей береді. Адамдар соққы толқыннан тек арнайы панаханаларға, шұңқырларға т. с. с. таса жерлерге жасырынып, сақтанады.

Жарықты сәуле бөлу ядролық қарудың жарылысының әсерінен пайда болады. Оның құрамында ультракүлгін, инфрақызыл және көрінетін сәулелер болады. Жарықты сәуле бөлу жарылыстың күшіне байланысты бірнеше секундқа ғана созылады. Бұл сәулелердің ішіндегі қауіптісі инфрақызыл сәулесі. Жарықты сәуле бөлу үлкен өрттердің пайда болуына әсер етеді, адамдар күйеді, көзді жандырып жібереді.

Өткір радиация - гамма-сәуленің және нейтрондардың

ағымы. Ядролық жарылыстың нәтижесінде, оның айналасына жоғары көтеріліп бұлт құраған радиоактивті заттар жерге түсіп, айналаны, суды, ауаны радиоактивті заттармен ластайды.

Радиоактивті заттар адамдарға екі жолмен әсер етеді: гамма-сәуленің бета-бөлшектерімен бөлініп адамның ашық жеріне, терісіне қонады, екіншіден, олар адамның ішіне кетеді. Осыдан адамдар сәуле ауруына шалдығады. Егер теріге радиоактивті заттар көп қонса, адамдар радиоктивті күйік алуы мүмкін. Ішке түскен радиоактивті заттар қан арқылы адам бойына толық тарайды. Радиоак-тивті заттардан арнайы панаханалар ғана сақтайды.

Электрлік магниттік импулъс жарылыстан кейін электрлік және магниттік алаңның пайда болуына әсер етеді. Бұндай алаңның көлемі бірнеше мыңдаған шаршы километр аумақ болуы мүмкін, ол жарылыстың қуатына тікелей байланысты. Электрлік магниттік импульс үлкен антеналы өте сезімтал электрондық элементтерді күйдіріп жібереді, приборлады, конденсаторларды, ваакумды кондырғыларды және т. с. с. электрондық қондырғыларды істен шығарады. Яғни бүл фактордың әсерінен байланыс аппараттары, электрондық

есеп машиналары жарамсыз болып қалады.

Радиацияга қарсы копганыс, Медициналық комек көрсету. Алдымен халықты радиациялық қауіп жөнінде құлақтандыру керек; ұжымдық және жеке қорғаныс құралдарын пайдалану туралы хабардар ету керек; радиоактивтік заттармен ластанған аймақтың тұрғындарын өздерін қалай ұстау керектігін мүмкіншілігінше түсіндіру қажет; радиацияның деңгейін анықтаудың маңызы зор; дозиметрлік бақылауды тұрақты жүргізу керек; су мен тамақты радиоак-тивтік ластануға зерттеу жасау қажет.

Химялық қару дегеніміз жалпылай улау заттарын қолданатын әскери қару. Химиялық улау заттарын жеткізу үшін зымырандар, бомбалар, снарядтар және т. с. с. құралдар пайдаланылады. Улау заттары адамдарды, малжануарды, тірі организмдерді, өзен-көлдерді, су қоймаларын, сол ошақ төңіректерін, егіндерді, өсімдіктерді жояды, қатты зақымдайды.

Ядролық жарылыстың екінші қайтарма зақымдау факторлары

Екінші кайтарма зақымдау факторларының әсерінен келген шығындар көлеміне қарай ядролық жарылыстың соққы толқыны мен жарық сәулесінің ықпалынан да асып түсуі мүмкін. Оте қауіпті боп табылатын жеңіл от алатын заттармен айналысатын кәсіпорындар болады. Бұзылған қоймалардан ағылған газ тектес немссе сұйық заттар-жанар, жағармайлар, метан, пропан, бутан, т. б. ауамен араласып өрткауіпті, жарылыс қауіпті қоспаларды құрайды. Атылған кезде олар ядролық жарылысқа ұқсап соққы толқынын туындатады. Осы жарылыстардан соң ұзақ уақыт өрт дауылы өршеленеді, өйткені жанар сұйықтардың жану барысының жылдамдығы сағатына қалындығы 10-15 см-ден аспайды. Өрт ауқымы едәуір жерге жайылады. Егер ядролық жарылыс су қоймаларының бөгеттсрін қиратса, онда бірталай ел-мекендер, инженерлік құрылыстар, ауыл шаруашылық өрістер, мал, өсімдіктер топан судың астында қалады. Күшті әсер ететін улы заттары, немесе басқаша айтқанда, авария қауіпі химиялық заттары бар кәсіп орындар талқандалса әуеге уытты заттар шоғырланған газтектес бұлттар көтеріледі, ал ол заттардың адамға және қоршаған ортаға ететін әсері ерекше.

Әсіресе атом электр станциясының (АЭС) қалыптасқан жұмысы бүлініп, өзі қираса, оның айнала төңірегі - ондаған, керек болса жүздеген километрмен өлшенген территория, онсызда ядролық жарылыстан көптеп шыққан радиобелсенділік зақымды күшейте түсіп, радиобелсенділік заттарымен ластанады.

Қорытып айтқанда ядролық зақымдану ошағында түрған объектінің өзі оп-оңай зақымдағыш күшіне айналуы әбден мүмкін.

Өткіш радиакция. Радиобелсенді зақым

Гамма-сәулелену және нейтрондар ағымы әр-түрлі ядролық реакцияларының себебінен материя қойнауынан пайда болады. Бұндай реакциялар ядролық жарылыс кезінде болады және олардың бір түрі -радиобелсенділі элементтердің ыдырауы. Ыдырау үрдісі ядролық жарылыстың соңынан көтерілген бұлтта да, жерде де өтіп жатады.

Откіш радиация алғашқы 15-20 секундтар арасында, яғни жарылыс барысында және бүлттың 2-3 км биіктікке котерілгенінше әсер етеді; осыдан кейін гамма-сәулеленуді және нейтрондарды әуе қабаты өзіне сіңіріп алады. Радиобелсенді зақым болса (ластау) тек ыдырау реакцияларынан (кейбір элементтердің тұрақсыз изотоптарының ядролары ыдырауынан) туындайды, ол да басым есебінде гамма-сәулелену болып табылады.

Өткіш радиация мен радиобелсеңді зақымның негізгі зақымдаушы көрсеткіші - сәулелену дозасы (шарпу мөлшері) . Жіті сәуле ауруының дәрежелері тарпу мөлшеріне байланысты. Ілгеріде айтқандай гамма-сәулелену мен нетрондардың атомдарды, молекулаларды иондау касиеті бар. Шарпу мөлшері деп сәулеленген ортаның (материяның) бірлік массасы сіңіріп алған иондатқыш сәуле ағынының энергия шамасын айтады. Шарпу мөлшерінің үш түрін ажырата білу керек:

- экспозициялық мөлшері әуедегі радиацияны сипаттайды. Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) ол Кл/кг мен өлшенеді (Кулон/килограмм), оның басқа бірлік олшемі (жүйеден тыс) рентген (р) деп аталады. 1 р шарпу мөлшерінде гамма-сәулелену ықпалынан құрғақ ауаның әр 1 см 3 көлемінде (1=0°С, сынап бағанасы 760 мм) 2, 08л>10 9 жұп иондар түзіледі;

- жұтылған мөлшері иондатқыш сәулеленудің биологиялық ұлпаларға ететін әсерін дәлірек білдіреді, ол СИ жүйесінде Грей (Гр) бірлігімен өлшеніп затың 1 кг массасы 1 Дж энергиясын жұтып алғанын көрсетеді, яғни 1 Гр-1 Дж/кг. Жүйеден тыс бірлік өлшемі 1 рад, яғни 1 Гр= 100 рад. Әусде 1 р=0, 87 рад, ал биоұлпаларында 1 р=0, 95 рад. Есептеуге не айтылуға оңай болуы үшін рентген мен рад бір біріне тең деп санауға да болады;

- эквиваленттік мөлшерін (балама мөлшері) білу үшін сапа коэффициеінті (К) жұтылған мөлшерге көбейтеді. Балама мөлшері гамма сәулелену мен нейтрондардың биоұлпага ететін әсерін салыстыруға (теңестіруге) арналған.

Гамма -, бета - және рентген сәулелену үшін К=1;

Энергиясы 20 кэВ-тан кем нейтрондар үшін К=3;

Энсргиясы 0, 1 МэВ пен 10 МэВ арасындағы нейтрондар үшін

К 10. СИ жүйесінде балама молшері Зиверт (Зв) бірлігімен, ал жүйеден тыс бэр бірлігімен өлшенеді, яғни 1 Зв=00 бэр= 1 ГрК.

Әртүрлі шарпу мөлшерлерін салыстыру жұмыстарын мынадай оңаша берілген байланыстар жеңіл жолға түсіреді:

1 Зв=1 ГрК, 1 Зв=100бэр; 1 Гр=100рад; 1 Р 1 рад.

Ядролық жарылыс барысында шыққан өткіш радиацияның шарпу мөлшері (алғашқы радиация шарпуы) бомбаның қуатына, жарылыс орталығынан кашықтыққа байланысты. Қуаты 1 млн. тонналық жарылыста, одан 2, 8 км кашықтықта шарпу мөлшері 100 р, ал 100 мың. т. үшін ол 5 р-ге тең.

Радиация фотоматериалдарды бүлдіреді, кейбір радиоэлектронды аппаратураны істен шығару мүмкін, бірақ жалпы техникаға, құрылыстарға зақымы көп емсс. Алайда тірі организмге радиацияның кері әсері мол, ол шарпу мөлшеріие байланысты. Дағдылы жағдай күндері адам табиғи радиация мөлшерін қабылдап тұрады, жылына оның шамасы 0, 0015 Гр-мен шектеледі (0, 1 5 рентгеп ) . 30 жылда қабылданған 0, 05 Гр (5Р) мөлшері кауіпті деп саналмайды. Сәуле ауруына адамды (және малды да) 100 р-нен жоғары мөлшермен бір рет сәулелену шарпу шалдықтырады. Ұлғайтылған сәулеленуге түскен организм 4-ші тәуліктен бастап өздігінен сауығуға кіріседі, сөйтіп әр тәулікте барлық қабылдаған мөлшердің 3% жойып отырады. Алғашқы бір ай мерзімінде организм зақымның 50%-нен құтылады. Алайда зақымның 10%-ті кері қайтпас зақым болып қала береді, ал зақымдану ауырлығын айыруға ұлғайтылған сәулеленудің биологиялык нәтижесі-барлық мөлшер сомасының 50%-ті-алынады. Сондықтан адам организмі бір мезгілде сіңірген және ұлғайтылып сәулеленуге түскен мөлшерін қатаң қадағалап өтыру керек. Бүрынырақ айтылғандай алғашқы радиацияға (өткіш радиация) шалдығу қауіпі негізгі нейтрон қарудан және жер үстіндегі ядролық жарылыстан төнеді. Сәуле ауруы адамның инфекцияга қарсы тұратын қабілетін (иммунитетін) пәсендетеді.

Радиобелсенді бұлттан түскен және жерде пайда болған (сіңген радиация) радиобелсенді өнімдер (шамасында 36 элементтерінің 200-ге жуық түрақсыз изотоптар) радиобелсенді заттар (РЗ) деп аталады. Радиобелсенді заттардың түсі, дәмі, иісі адамға білінбейді. Қуатының әр мың тоннасына шаққанда 37 грамм осындай өнімдер шығады екен, бұлардың белсенділігі 3000 т радийдің гамма-сәулеленуіне тең болады. Бірақ зақымдану деңгейі шұғыл төмендеп отырады. Радиация деңгейінің (Р^) басылуы американдық ғалымдары Вей және Вигнер ашқан заңына карай мынау формулаға тәуелді:

Р t =p 1 t 1/2

Р - жарылыстан кейін бір сағат өткендегі радиация деңгейі (рад/сағ) ; t - жарылыстан кейін өткен уақыт (сағ. )

Уақыт 7 есе өткен сайын ол 10 есе шөгеді ("7-10" деген заңы) . Мысалы жарылыстан 1 сағат өткенде белсенділік 100% - деп саналса, 7 сағаттан кейін ол 10% ал 49 сағаттан кейін 1%-тін құрайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ядролық қару
Ядролық қару зардаптары
Бейбітшілік уақытындағы төтенше жағдайлар
Ядролық қарудың жарылыс ошағы
Семейдегі ядролық полигон сынақтары және оның зардаптары
Қазақстандағы атом полигондары
Семей ядролық полигон сынақтарының зардабы
Невада-Семей полигонының инфрақұрылымы
Азғыр-Тайсойған сынақ полигоны
Техногендік апаттар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz