Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде


Мазмұны
Кіріспе
1. Тарау. Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің
объектісі ретінде.
1. 1. Сақтандыру нарығының қатысушылары . . .
1. 2. Сақтандыру нарығында жүзеге асырылатын опероциялардың
ұғымы мен түрлері . . .
2. Тарау. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің
механизімдері . . .
2. 1. Сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеудің мәні, мазмұны,
функциялары . . .
2. 2. Сақтандыруды мемлекеттік реттеу механизімінің
құрылымы . . .
2. 3 . Қазақстан Республикасында сақтандыруды мемлекеттік
реттеуді жетілдіру жолдары . . .
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
Кіріспе
Бұл тақырыптың өзектілігі .
Қазақстан Республикасында орталықтандырылған жоспарлы экономикаға өту кезеңінде, экономикалық реформалар ауадай қажет болды. Елімізде қаржы жүйесін өзгертіп нарықтық экономикалық қатынастарға сәйкесткендіріп қайта құруды талап етті. Қайта құрудың алғы шарты ретінде, тиісті заңнаманы қабылдау және оған сәйкес ғылыми зерттеулер жазу міндеттері түрды. Қаржы нарығының бір саласы ретінда сақтандыру нарығында орталықтанған, жоспарланған қатаң басқару құрсауынан шығып, нарықтық қанынастарға бет алды, ол талапқа сәйкес заңнамалар бекітілді. Мемлекет сақтандыру қатынастарында нарықтық қатынастарға сәйкес еркіндік бере отырып, оның тұақтылығын қамтамассыз ету мақсатында реттеу мен қадағалауды жүзеге асырады. Сақтандыру қызметінің сипаты елімізде жүргізіліп жатқан қаржылық реформаларға байланысты, қкабылданған заңнамаға байланысты өзгеріп отырады. Дәл қазір көзіміз жеткендей сақтандыру қызметінің дамуы ол тек коммерциялық сектордың дамуы ғана емес, сақтандырудың макроэкономикалық мәні бар, бүкіл мемлекет сипатындағы әлеуметтік мәні бар. Сақтандыру нарығы саласының дамуы бүкіл мемлекеттегі нарықтық қатынастардың даму деңгейінің көрінісі, және ол әр қашан жетілдіруді қажет етеді, ғылыми зерттеуді қажет етеді.
Экономикасы дамыған мемлекеттерде сақтандыру экономиканың стратегиялық секторларының бірі болып табылады. Меншік иесіне мүлкіне зиян келген кезде жэне кірісін жоғалтқан кезде келген зиян орнын толтыруға кепіл бере отырып, адамды өмірде болуы мүмкін оқыс оқиғалардан сақтандыра отырып, ол қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық түрақтылықты қамтамасыз етеді.
Қазақстан казіргі кезде нарықтық экономикаға өтуді қамтамасыз ету міндеттерін шешу сатысында тұр. Осыған байланысты мемлекетіміздің сақтандыру жүйесіне өз міндеттерін шешіп, мемлекеттің бағалылыктарын көбейту ісінде өз орнын табу керек.
Қазақстан Республикасында ұлттық сақтандыру рыногының орнығуы және дамуы мәселелері жоспарлы экономикадан нарықтық экономикаға өтуімен байланысты. Нарықтық экономикада өндірушілер және сатушылар, тұтынушылар және сатып алушылар, бәсекелестік шарттарында дербес, өздерінің тәуекелдеріне сүйене отырып жұмыс жасайды. Олардың қаржылық болашағы аз болжалынады. Сондықтан, сақтандыру тәуекел дәрежесінің азайтылуының негізгі тәсілі болып табылады, ол үнемі дамып отырады және тәуекелді басқарудың жаңа тәсілдері адамзаттың дамуымен өзгеріп отырады.
Сақтандыру институтының нарықтық экономика шарттарындағы ерекше маңызы келесідей факторлармен анықталады:
- Сақтандыру ісі халықпенен ұйымдардың әртүрлі мүдделерін қорғаудың қосымша құралы болып табылады. Кәзіргі уақытта әртүрлі табиғи және техногендік апаттардың зиянын жоюға байланысты шығыстар.
1
2. Мемлекетттік бюджет есебінен жүзеге асырылуда, ал бюджетақша қаражаттарының аздығы бәрімізге белгілі;
3. Қазіргі кезде сақтандыру механизмін қолдану мемлекетте кәсіпкерлік қызметтің қарқынды дамуын қамтамасыз етеді, себебі кәсіпкерлер өздерінің кәсіпкерлік тәуекелдерін сақтандыру ұйымдарында сақтандырып қойып, сенімменен жұмыс жасайды.
Сақтандыру жүйесі республиканың экономикасының сенімді және тұрақты түрде дамуына септігін тигізуі қажет, халықтың әлеуметтік қорғалуының жоғарлауына қосымша негіз жасалу қажет. Ол үшін бірінші кезекте сақтандыру қатынастарын реттейтін заңдардың сапасын жетілдіру қажет, сондай - ақ сақтандыру қызметіне қадағалау жүргізуді сапалы деңгейге көтеріп, сақтандыру ұйымдарының қызметінің тұрақтылығын қамтамасыз ету қажет.
Сақтандыру ісінің маңыздылығына қарамастан Қазақстандағы сақтандыру ісі тек алғашқы сатыда - қалыптасу сатысында ғана. Экономикалық қатынастар жағынан дамыған АҚШ, Батыс Европа, Жапония мемлекеттерінде сақтандыру механизмі арқылы қолданылатын жиынтық ұлттық өнімнің үлесі 8-12 процентті құрайды, ал Қазақстандағы көрсеткіш эксперттердің бағалары бойынша 1 проценттен аспайды. Оған себептер аз емес. Ұзаққа созылған отандық экономикадағы тұрақсыздық, мемлекеттің сақтандыру ісіне жеткілікті көңіл бөлмеуі, халықтың сақтандыру саласындағы жеке бизнеске сенімсіздігі және, әрине, сақтандыру саласындағы білімнің жеткіліксіздігі, оның деңгейінің төмендігі. Заңгерлер алдындағы, экономистер алдындағы, жалпы, қоғам мен мемлекет алдындағы шешуін қажет ететін мәселелердің бірі - осы күрделі де маңызды, қажетті де керекті тақырып болып табылады.
Бүгінгі таңда Қазақстан Республикасының сақтандыру ұйымдары көрсететін қызметтің сапасы төмен деңгейде, ал олардың операцияларының түрлері де аз. Сақтандыру ұйымдарының қаржылық қорының көлемінің аздығына байланысты олар үлкен заңды тұлғаларды сақтандыруды жүзеге асыра алмай отыр, сондықтан, сақтандыру ұйымдарын бір біріне қосып, капиталдарын біріктіріп, ірі сақтандыру ұйымдарын қалыптастыру қажет деп ойлаймыз.
Ұлттық сақтандыру жүйесінің басты мақсаты азаматтар мен заңды тұлғалардыға әртүрлі қолаңсыз жағдайлардан келетін оқыс оқиғалардан туындайтын зияндардың орнын толтырып, экономиканы дамыту үшін инвестициялық ресурстарды тиімді және ұтымды пайдалану болып табылады. Біздің мемлекетімізде бүл саланың ойдағыдай дамымай отыруының себептері ретінде төмендегілерді атауға болады:
- халықтың сақтандыру мәдениетінің төмендігі;
- жалпы халықтың табыстарының аздығы;
- сақтандыру ұйымдарының енжарлығы, сақтандыру нарығында жаңа сақтандыру операцияларын енгізуге байланысты белсенділік танытпауы;
Бұл тақырыпты зерттеудің мақсаты мен міндеттері;
Қазақстан Республикасындағы сақтандыруды мемлекеттік реттеудің
2
теориялық құқықтық негіздерін ашу және осы негіздер бойынша даму жолдарына ұсыныстар жасау.
Осы мақсатқа жету үшін бұл жұмысымда мынадай міндеттерді шешуге тырыстым;
- сақтандыруды мемлекеттік реттеудің мәні, мазмұны, ерекшеліктері;
- “сақтандыру” жүйесіне анықтама беру;
- “сақтандыру” жүйесі мен “сақтандыру” нарығы түсінігінің мазмүнын ажырату;
- сақтандыру нарығы қатысушыларын анықтау және нақтылау;
- жүргізілетін сақтандыру опероцияларының түрлерін анықтау;
- сақтандыру нарығында тұрақты жұмыс атқаруының негізі ретінде сақтандыру ұйымдарының қаржылық түрақтылығының параметрі мен көрсеткіштерін зерттеу;
- шет елдің сақтандыруды мемлекеттік реттеу тәжірбесін оқыту ;
- Қазақстандағы сақтандыруды мемлекеттік реттеу жүйесіне талдау жасау және оның даму жолдарын анықтау;
- Қазақстандағы сақтандыруды мемлекеттік реттеуді жетілдіру бойынша ұсыныстар мен сілтемелер;
Зерттеудің объектісі- сақтандыруды теориялық, құқықтық және практикалық негіздері, және оны мемлекеттік реттеу.
Зерттеудің пәні- Қазақстан Республикасының және шетелдердің сақтандыру туралы заң нормаларын, сонымен бірге сақтандыруды мемлекеттік реттеудің отандық және шетелдік тәжірбесі.
ҚР "Сақтандыру қызметі туралы" заңында көрсетілмнген, бірақ сақтандыру нарығының қатысушылары ретінде өмір сүретін субъектілер бар. Олар; андеррайтер, авариялық комиссар, сюрвейер, диспашер, сақтандыру омбудсменті.
Андеррайтер - сақтандырылған объектілерге байланысты сақтандыру тәуекелін бағалаудыь жүзеге асырушы және оған байланысты тарифтік ставкамен бұл сақтандыру тәуекелі бойынша шарттың нақты жағдайларын заң талаптарына сай белгілейтін жеке және заңды түлға.
Сюрвейер - сақтандырылатын мүлікке қарау жүргізуді жүзеге асыратын, және сақтандырушы және авариялық комиссардың сұрауы бойынша сақтандырылатын объектінің жәй-күйі және ерекшеліктері және сақтандыру оқиғасының болуына әсер етуі мүмкін факторлар туралы қорытынды беретін жеке және заңды түлға.
Диспашер- ол су көлігіндегі апаттарды анықтайтын кәсіби сарапшы, ол оның мөлшерін, бұлінген және жоғалқан мүлікті, ұйымға келген нақты шығынды, оны ұйым мүшелері арасында бөлу жағын анықтайды.
Сақтандыру омбудсменті - осы нарықтың өзін-өзі басқаруын және оның жұмыс істеуі аумағының стандарты мен бірыңғай ережесін бекіту мақсатында, сақтандыру нарығының кәсіби қатысушылары біріккен коммерциялық емес ұйым.
3
1. Тарау. Сақтандыру нарығы мемлекеттік реттеудің объектісі ретінде.
1. 1 . Сақтандыру нарығының қатысушылары.
Сақтандыру - бұл шаруашылық субьектілердің және азаматтардың төлеген сақтандыру сыйлықақылары есебінен қалыптасқан ақша қорларынан белгілі бір оқиғалар туған кезде, солардың мүдделерін қорғауға байланысты пайда болатын қатынастар болып табылады.
Сақтандыру қатынастары сақтандыру ісін үйымдастыру және жүзеге асыру барысында пайда болатын қатынастар. Осыған байланысты сақтандыру қатынастары ұйымдастырушылық қатынастар, жэне материалдық қатынастар деп екіге бөлінеді. /1/ Сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға байланысты қатынастар - материалдық қатынастар болып табылады, ал сақтандыру ұйымының ашылуына рұқсат беру, қажетті қүжаттарды талап ету және оларды тексеру, дүрыстығын анықтау, сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар беру, сақтандыру үйымдарының Әділет органдарында тіркелуі, мемлекетпен сақтандыру үйымдарына пруденциалдық нормативтер белгіленіп, олардың сақталуының қадағаланып, реттелуі, сақтандыру үйымдарына шектеулі әсер ету шараларын, жаза шараларын қолдану мәселелеріне байланысты пайда болатын қатынастар - үйымдастырушылық қатынастар болып табылады. Ұйымдастырушылық қатынастар императивті, яғни бір жақты - өктем тәсілдермен реттеледі, ал материалдық қатынастар диспозитивті тәсілдің көмегімен реттеледі.
Сақтандыру - бүл қоғам өмірінің маңызды саласы болып табылады, сол себепті мемлекет бүл саланы көңіл бөлусіз қалдырмайды. Социализм кезінде бүл түгелімен мемлекеттік қызмет болып табылды, ал қәзіргі уақытта болса мемлекет тек сақтандыру қызметін мемлекеттік реттеп, қадағалап отырумен шектеледі. Бірінші кезекте сактандыру қатынастарына қатысушылардың жүріс-тұрыс ережелерін белгілеп отыратын нормативтік қүқықтык актілер шығару жолымен жүзеге асырылады. Сақтандыруға арналған құқықтық нормалардың орындалуын қамтамасыз ету үшін мемлекет сақтандыру саласындағы заңдылыққа қадағалау жүргізеді, ол үшін арнайы мемлекеттік органдар құрады, олардың міндеттері мен құқықтарын анықтап, белгілі бір функцияларды және өкілеттіліктерды иелендіреді.
Сақтандыру саласында қадағалауды жүзеге асыруды ұйымдастыруға байланысты халықаралық тәжірибені жинақтай және жүйелей отырып, келесідей негізгі модельдер бар екенін көруге болады:
1. Мемлекеттік атқару билігінің дербес органы (Португалия, Германия, Франция, Азербайжан) ;
2. Ірірек мемлекеттік атқару билігі органының құрылымдық бөлімі ретіндегі
қадағалау органы (Ұлыбритания, Қазақстан, Украина, Россия) ;
3. Сақтандыруды қадағалауды басқа да қадағалау функцияларын жүзеге асырушы орган атқарады (Оңтүстік Африка мемлекеттері) . /2/
4
Осы үйымдастырушылық қатынастардың жүзеге асырылуы, негізінен, сақтандыру саласындағы өкілетті орган - Қаржы нарығын және қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігімен қамтамасыз етілетін болғандықтан осы өкілетті органның қүқықтық жағдайын қарастырып кеткеніміз жөн болар.
Қаржы нарығын жэне қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі Қазақстан Республикасының Президентіне тікелей бағынатын орган. Бүл бағыныштылық келесідей белгілерден көрінеді:
- Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын жэне қаржылық ұйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау агенттігінің төрағасын Қазақстан Республикасының Президенті тағайындайды, босатады;
- Төрағаның орынбасарларын Қазақстан Республикасының Президентінің өзі төрағаның ұсынысымен тағайындайды және босатады;
- Қаржы нарығын жэне қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігінің қүқықтық жағдайын көрсетуші нормативтік акті
- Ережені Қазақстан Республикасының Президенті бекітеді;
Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу жэне қадағалау агенттігі өзінің атқарған жұмысы жайлы жылдық жоспарды Президентке тапсырады. /3/
Сақтандыру саласындағы өкілетті мемлекеттік органның, яғни, Қазақстан Республикасының Қаржы нарығын және қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігінің, сақтандыру үйымдарының қызметін реттеуде келесідей функциялары бар:
1. Қазақстан Республикасында сақтандыру жүйесінің қалыптасуын және қалыпты жұмыс жасауын қамтамасыз етуге байланысты мемлекеттік саясатты жүргізеді және сақтанушылар мен басқа да сақтандыру нарығының қатысушыларының заңды мүдделерінің сақталуын қамтамасыз етеді;
2. сақтандыру нарығының реттелу қағидалары мен тәсілдерін анықтап, сақтандыру қызметіне қадағалауды ұйымдастырады;
3. сақтандыру ұйымының ашылуына, олардың филиалдары мен өкілдіктерінің ашылуына рүқсат беру;
4. сақтандыру ұйымдарының қаржылық тұрақтылығына талдау жасап, баға беріп, тексеру;
5. олардың жарғылық және өзіндік капиталының төменгі мөлшерін белгілеуді қоса алғанда, басқа да орындалуға міндетті нормалармен лимиттерді және пруденциалды нормативтерді белгілеу;
6. басшы қызметкерлеріне қойылатын талаптарды белгілеп, тағайындалуына келісім беру;
7. сақтандыру резервтерінің қалыптастырылуы және пайдаланылуы тәртібін белгілеу;
8. ерікті түрде қайта қүрылуға және жойылуға келісім беру;
9. өздері тікелей немесе аудиторлық ұйымдар арқылы оларға тексеру жүргізіп отыру;
5
10. өздерінің бақылау немесе қадағалау функцияларына байланысты қажетті мағлұматтарды сұрату;
11. бухгалтерлік, статистикалық және басқа да есептердің тізімін, нысандарын, мерзімдерін белгілеу;
12. сақтандыру ұйымдарының сақтандыру полистерін есепке алу тәртібін белгілейді;
1З. сақтандыру операцияларын жүргізуге лицензия беру, оның күшін жою;
14. жойылатын сақтандыру үйымдарының жойылу процессіне бақылау жасау;
15. сақтандыру ұйымдары, брокерлік ұйымдар, актуарийлер және аудиторлар үшін орындалуға міндетті нормативтік актілер шығарады;
16. басқа мемлекеттердің өкілетті органдарымен қарым-қатынасқа түсу;
17. қажетті жағдайларда жаза шараларын (айып, лицензисының күшін тоқтата тұру немесе жою, акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алу ) қолданады.
18. ассоциациялардан, одақтардан сақтандыру рыногы жағдайына байланысты экономикалық талдау жасауға, статистикалық есептер үшін
мәліметтер алу;
19. міндетті сақтандыру операцияларына байланысты полистердің мазмүны мен нысандарына байланысты талаптар қояды;
20. сақтандыру қатынастарының субъектілеріне және сақтандыру брокерлеріне рын алған қүқық бұзушылықтар мен қателіктерды жою туралы жазбаша нұсқаулар береді;
21. Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген негіздерде сақтандыру ұйымдарының акцияларын мәжбүрлі түрде сатып алуды жүзеге асырады
22. сақтандыру нарығын және сақтандыру қызметін реттеу мәселелері бойынша басқа мемлекеттердің сақтандыруды қадағалау органдарымен және халықаралық ұйымдарымен кездесулерде Қазақстан Республикасының мүдделерін білдіреді, т. б. сақтандыру қызметіне қатысты өкілеттіліктерді жүзеге асырып, функцияларды атқарады.
Сақтандыру қатынастарына қатысушы міндетті субьектілер сақтанушы мен сақтандырушы болып табылады. Сақтанушы дегеніміз - өзін сақтандырумен қорғаумен қамтамасыз ете отырып, сақтандырушымен сақтандыру шартын жасайтын тұлға. Сақтанушы ретінде жеке түлғалар және заңды түлғалар болады. Заңды тұлғалар коммерциялық немесе коммерциялық емес ұйымдар болады, ал жеке тұлғалар ретінде Қазақстан Республикасының азаматтары, шет ел азаматтары және азаматтығы жоқ тұлғалар түседі. Жеке тұлғалар сақтандыру қатынастарында сақтанушы ретінде 18 жастан бастап қана бола алады, ал жасы толмағандар үшін олардың атынан сақтандыру шарттарын ата - аналары, қамқоршылары, қорғаншылары жасайды. 14 жасқа толмағандар үшін олардың келісімі қажет емес, ал 14 жаспен 18 жас арасындағылар үшін олардың келісімдері керек. Мүндай қатынастарда жасы толмағандар сақтандырылған тұлғалар болып табылады да, ата - аналары, қамқоршылары - сақтанушылар болады. /3/
6
Сақтанушы сақтандыру шартының бір тарабы болып табылады, сондықтан шарт жасау үшін оның ерікті түрде ерік білдіруі қажет. Сақтанушы қайтыс болған кезде немесе жойылған кезде (егер заңды тұлға болса) негізінен сақтандыру шарты тоқтайды да оның құқықтары мен міндеттері оның мұрагерлеріне көшеді. Егер, сақтандыру шарты сақтандырылған тұғаның пайдасы есебіне жасалған болса, онда сақтанушының құқықтары мен міндеттері соған көшеді.
Сақтанушылар сақтандыру ұйымдарындағы сақтандыру резервтеріне белгілі бір сақтандыру сыйақыларын төлеп отырады да, шартта көрсетілген белгілі бір сақтандыру оқиғалары болған кезде сәйкесінше төлем ақы алуға қүқылы.
Екінші сақтандыру ісіне қатысушы міндетті субьект бұл - сақтандыру қызметін жүзеге асыру үшін құрылған шаруашылық субьект. Ол сақтандыру қатынастарында ерекше орын алады, себебі сақтандыру қатынасының пайда болуына негіз болған мақсатқа жету - сақтандыру ұйымының әрекеттеріне байланысты. Сақтандырушы ретінде тек қана заңды түлға ғана бола алады. Сақтандыру ұйымдарына тән белгілерді қарастырып кететін болсақ, олар:
а) сақтандыру қызметін тек заңды тұлғалар жүзеге асырады;
б) Олар тек қазақстандық заңды түлғалар болуы керек;
в) сақтандыру ұйымдары тек сақтандыру операцияларын және заңда рұқсат етілген қызмет түрлерін жүзеге асыра алады, ал басқа кәсіпкерлік қызмет түрлерін жүзеге асыра алмайды. Рұқсат етілетін қызмет түрлеріне жататындар:
1. Өкілетті орган рұқсат берген шекте және көлемде инвестициялық қызметпен айналысады;
2. Жинақтаушы сақтандыру шарттарына байланысты өз сақтанушыларына қарызға ақша береді;
3. Сақтандыру үйымдарының қызметтерін автоматтандыруға
қолданылатын арнайы бағдарламаларды сатады;
4. Кез-келген мағлұматтық құралдарда сақтандыру қызметіне байланысты арнайы әдебиеттерді сату;
5. Өз қажеттіліктерін қанағаттандыруға байланысты бұрын сатып алған мүліктерін жалға беру немесе, сату;
6. Сақтандыру қызметіне қатысты кеңестер беру;
7. Сақтандыру саласында мамандарды дайындау және біліктілін арттыру
8. Сақтандыру агенті ретінде қызмет атқару. /4/
г) олар Қазақстан Республикасының заңдарымен көрсетілген нысанда құрылады.
д) сәйкес сақтандыру операцияларын жүзеге асыруға лицензиялар алып, тек соған құқығы бар операцияларды ғана жүзеге асыруы керек;
ж) заң актілерімен қойылатын және өкілетті орган анықтаған талаптарға сай болуы керек (резерв қоры, сақтандыру резервін орналастыру тәртібі, пруденциалды нормативтер және тағы да басқа нормативтер мен лимиттер) ;
7
з) жарғылық капиталы өкілетті орган белгілеген мөлшерге сай болуы керек.
Қазақстан Республикасының сақтандыру жэне сақтандыру қызметі туралы заңдарын Европа Одағы анықтаған стандарттарға сәйкестендіру мақсатында сақтандыру ұйымдары мен қайта сақтандыру ұйымдарының жарғылық жне өзіндік капиталдарының көрсеткіштеріне байланысты жаңа талаптар анықталып, қойылды. Айталық, қазіргі уақытта жаңадан құрылғалы отырған сақтандыру ұйымдары егер қызметтерін "жалпы сақтандыру" саласында жүзеге асыратын болса - 310 млн. теңгеден, егер "өмірді сақтандыру" саласында жүмыс істейтін болса - 550 млн теңгеден, "жалпы сақтандыру" саласында және "қайта сақтандырумен" бірге айналысса - 330 млн. теңгеден, "өмірді сақтандыру" саласында және "қайта сақтандырумен" бірге айналысса - 570 млн. теңге, ал тек "қайта сақтандырумен" ғана айналысса, онда 410 млн. теңгеден аз емес көлемде жарғылық капиталдарын қалыптастырулары керек және жарғылық капитал тек ақшалай нысанда ғана қалыптасады.
Ал 2007 жылғы 1 желтоқсаннан бастап"жалпы сақтандыру" саласында жүзеге асыратын болса - 430 млн. теңгеден, егер "өмірді сақтандыру" саласында жұмыс істейтін болса - 670 млн теңгеден, "жалпы сақтандыру" саласында және "қайта сақтандырумен" бірге айналысса - 450 млн. теңгеден, "өмірді сақтандыру" саласында және "қайта сақтандырумен" бірге айналысса - 690 млн. теңге, ал тек "қайта сақтандырумен" ғана айналысса, онда 530 млн. теңгеден аз емес көлемде жарғылық капиталдарын қалыптастыру көзделіп отыр және жарғылық капитал тек ақшалай нысанда ғана қалыптасады. /5/
Сондай-ақ, болашақта, белгілі бір уақыт аралығы өткен сайын жарғылық капиталы мен өзіндік капиталдың төменгі мөлшерлерін көбейтіп отыру жоспарланып отыр. Бүл жобаны жүзеге асыру ұлттық сақтандыру индустриясының тұақтылығын арттырып, сенімділігін нығайта түсетіні сөзсіз.
к) әділет органдарында сақтандыру ұйымы ретінде тіркелуге міндетті;
л) атауларында "сақтандыру "немесе "қайта сақтандыру" деген сөздер болуға тиісті, ал "республикалық", "бюджеттік", "орталық" деген сөздер болмауға тиісті.
м) монополияға қарсы органның объектісі болып табылады, себебі, нарықтык жағдайда бәкелестікті шектеуге болмайтындығы белгілі.
н) "Жалпы сақтандыру" саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті турде "сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиіс.
" Өмірді сақтандыру " саласындағы қызметті жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "өмірді сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиіс.
Тек қана қайта сақтандыру қызметін жүзеге асыратын сақтандыру ұйымының толық атауында міндетті түрде "қайта сақтандыру" деген сөз немесе содан туындаған сөз болуға тиіс.
Сақтандыру ұйымының қүқықтық статусы олардың ашылуына Қазақстан
8
Республикасының Қаржы нарығын жэне қаржылық үйымдарды мемлекеттік реттеу және қадағалау агенттігі берген рүқсатпен және Қазақстан Республикасының Әділет Министрлігінде тіркелуімен жэне сақтандыру операцияларын жүргізуге лицензиялармен анықталады/5/
Сақтандырылған тұға - бұл соған байланысты сақтандыруды жүзеге асыратын тұлға. Заңда өзгеше көзделмесе сақтандырылатын тұлға сақтанушының өзі болып табылады. Сондай-ақ сақтанушы өзінің емес, басқа біреудің өмірін, мүддесін, мүлкін сақтандыруы мүмкін. Мүнда шарттағы сақтандыру оқиғасы сақтанушымен емес, басқа біреумен байланысты болады. Басқа адамды сақтандыру ерікті де, міндетті де болады. Міндетті де -сақтанушы заң талаптарына сәйкес басқа біреуді сақтандырады, ал еріктіде сақтандырушы өзі кімді сақтандыратынын анықтайды.
Басқа біреуді сақтандыру мүліктік немесе жеке болады. Жеке сақтандырудың объектісі-адамның денсаулағы, еңбек қабілеттілігі- болса, мүліктік сақтандырудың объектісі - сақтанушының мүлкі, сонымен байланысты мүддесі анықталады. Мүліктік сақтандыруда сақтандырылған тұлғаның мүлкін сақтауға байланысты мүддесі болуға тиісті.
Жауаптылық тәуекелін сақтандыруда және кәсіпкерлік тәуекелін сақтандыруда тек сақтандырушының өзінің тәукелі ғана сақтандырылады, басқа біреу сақтандырылмайды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz