Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу


Пән: Экономика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 45 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Зерттеудің өзектілігі: Қазақстан Республикасы - әлемдегі табиғи ресурстары мен шикізат қорына бай дамушы мемлекет. Оның экономикасының жетекші салалары түсті және қара металлургия, көмір, мұнай және химия өнеркәсібі, астық шаруашылығы мен етті-жүнді қой шаруашылығы. Сондықтан, Қазақстанның Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы (ТМД) құрамындағы көптеген республикалармен және өзге де алыс-жақын шет елдермен экономикалық байланыстары жақсы дамып келеді. Дүниежүзіндегі экономикалық қарым-қатынастар орнатпастан қазіргі заманғы шаруашылықты серпінді әрі жан-жақты дамыту үрдісіне ілесу мүмкін емес.

Қазақстан Республикасының қазіргі өндіргіш күштерді орналастыру ұстанымдары - өндірісті шикізат аудандарына, отынды тұтынушыларға жақын орналастыру. Қазақстанның барлық түкпірлерінде экономикалық орталықтардың пайда болуы, кеңінен дамыған территориялық - өндірістік кешендердің қалыптасуы республикада мүлде жаңа экономикалық және әлеуметтік географияны қалыптастырудың барынша айқын көрсеткіштері болып табылады. Еуропа мен Азияның аралығында орналасқан Қазақстан территориясы ежелден-ақ қызу сауда-саттық және саяси байланыстар сахнасы болып келді. Қазақстан қазіргі кезде де Еуропа, Орталық Азия және тез дамып келе жатқан Тынық мұхит аймағы арасындағы байланыстырушы буын ретінде маңызды рөл атқарып отыр. Қытайдың шығыс теңіз порты Лянюньганнан Нидерландтың Роттердам қаласына жететін, әрі едәуір бөлігі Қазақстан территориясы арқылы өтетін Азия аралық темір жол құрылысы Қазақстанның геосаяси және экономикалық байланыстағы маңызын тіпті де асыра түсті. Алайда республикада ашық теңізге шығатын жолдың жоқтығы, оның дүниежүзілік қатынас құралдарынан шалғай орналасуы Қазақстанның халықаралық экономикалық байланыстарға қатысуын қиындатуда. Сондықтан, ол үшін дүниежүзілік қатынас құралдарына жол ашатын өзара тиімді достық байланыстарды ең алдымен Ресеймен және Қытаймен дамытудың зор маңызы бар. Қазақстан үшін шекарасы ортақ, шаруашылық байланыстары қалыптасқан, халқының тарихы және мәдени-этникалық қауымдастығы бір Орта Азия мемлекеттерімен өзара тығыз қарым-қатынас орнатудың да маңызы ерекше.

Қазақстан Республикасы өз тәуелсіздігін жариялап, егемен ел ретінде жаңа заман талаптарына сай нарықтық экономикаға өту үрдісіне көшіп, сыртқы экономикалық қатынастарын орнату барысында туындаған көптеген мәселелер болды. Яғни, нарықтық экономиканың құрылымы мен мазмұны, оның жұмыс істеу қағидалары, сыртқы экономикалық қатынастарды орнатуда негізгі сүйенетін принциптер мен ұстанатын бағыттың ерекшелігі болып табылады. Осы мәселелерге қатысты арнайы ғылыми зерттеулерді Қазақстанның географ ғалымдары Е. Ахметов, К. Б. Ахметова, С. Е. Ердаулетов, Ш. М. Надыров, М. Ш. Ярмухамедов және т. б. жүргізген болатын.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарын зерттеу.

Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді шешу керек:

1. Қазақстан Республикасының географиялық орны мен табиғат жағдайларына сипаттама беріп, табиғат ресурстарына экономикалық-географиялық тұрғыда баға беру;

2. Қазақстан Республикасының нарықтық қатынастарының ерекшелігін зерттеу;

3. Халықаралық экономикалық қатынастарды талдау.

Зерттеу нысанасы: Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық ерекшеліктеріне экономикалық-географиялық тұрғыда баға беру және халықаралық экономикалық қатынастарының даму ерекшелігі.

Зерттеудің пәні: «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясы» аясында Қазақстанның нарықтық экономика жүйесіне өту ерекшеліктері мен халықаралық экономикалық қатынастарының даму үрдісі.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Қазақстан Республикасының нарықтық экономика жүйесіне көшу барысында туындаған мәселелерді нақтылай отырып, оның ерекшелігін зерттеу, осы кездегі жинақталған тәжірибені ескере келе және халықаралық экономикалық қатынастардың қалыптасу үрдісінде біздің болашақ даму бағыттарымызды анықтау.

Зерттеу әдістері: зерттеу мәселесі бойынша экономикалық, географиялық, саясаттану және әдістемелік әдебиеттерді тақырып бойынша теориялық және ғылыми-әдістемелік тұрғыдан талдау. Диплом тақырыбына байланысты материалдарды жинақтау, саралау, жүйелеу және ғылыми әдебиеттер мен мақалаларға, статистикалық мәліметтерге, оқулықтарға сараптамалық және анықтамалық талдау жасау.

Зерттеу көздері: экономика, саясаттану, тарих, география ғылымдарына байланысты ғылыми еңбектер, Қазақстан Республикасының ресми құжаттары (келісім-шарттар, қаулылар, заңдар және т. б. ) .

Зерттеу кезеңдері:

- бірінші кезең (2010-2011 ж. ж. ) : зерттеу тақырыбы бойынша тарихи-философиялық, географиялық және әдістемелік әдебиеттерге талдау жасалынды; зерттеудің ғылыми аппараты айқындалды; зерттеудiң теориялық және әдіснамалық негіздері анықталды.

- екінші кезең (2011-2012 ж. ж. ) : зерттеу мәселесі бойынша жинақталған теориялық және географиялық материалдарға талдау жалғастырылды. Тәжірибелік жұмыстар ұйымдастырылып, жүргізілді, тәжірибелік жұмыстың қол жеткізген нәтижелері өңделініп, ғылыми жүйеге келтірілді. Негізгі теориялық қорытындылар мен ұсыныстар құрастырылып, ғылыми-әдістемелік қорытындылар жасалынды. Жинақталған материалдар мен тәжірибелік жұмыстың нәтижелері сарапталынып, дипломның редакциялық өңдеуі аяқталды.

Зерттеу базасы: Тараз мемлекеттік педагогикалық институты, қалалық ғылыми кітапхана, Ш. Уәлиханов атындағы ғылыми кітапхана, Абай атындағы ғылыми кітапхана, М. Әуезов атындағы ғылыми кітапхана, Облыстық статистикалық агенттігі мен ҚР үкіметінің интернет порталы.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы мен теориялық маңызы:

- нарықтық экономика түсінігінің мәні ашылған;

- нарықтық экономикаға өту шарттары ашылды;

- нарықтық экономика мен халықаралық экономикалық қатынастарының компоненттері, көрсеткіштері мен деңгейлері айқындалды;

- нарықтық экономика жағдайында ҚР-ң экономикалық аудандастыру ұстанымдарының моделіне талдау жасалынды;

- халықаралық экономикалық қатынастардың жүйесі құрастырылды.

Зерттеудің практикалық маңызы: «Дүние жүзінің саяси, экономикалық және әлеуметтік географиясын», «Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік географиясын» оқытуда дипломдық жұмыс материалдарын пайдалану.

Зерттеудің құрылымы: Дипломдық жұмыс кіріспеден, 2 тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен және қосымшалардан тұрады.

Кіріспеде зерттеудің өзектілігі, ғылыми аппараты, мақсаты, нысаны, пәні, міндеттері мен болжамы, зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері, әдістері, зерттеудің ғылыми жаңалығы, теориялық мәнділігі, маңызы, зерттеу кезеңдері мен базасы, қорғауға ұсынылатын негізгі қағидалар қамтылған.

«Қазақстан Республикасының нарықтық экономикалық қатынастарының ерекшелігі» атты бірінші тарауда зерттеліп отырған негізгі мәселе - ҚР-ның географиялық орны мен табиғат жағдайы, шаруашылығының аумақтық орналасу ұстанымдары және экономикалық аудандары, нарықтық экономикаға өтер кезеңіндегі Қазақстандағы экономикалық және әлеуметтік жағдайлары, ҚР-ның нарықтық экономикасын дамытудағы ұстанымдары мен бағыттары анықталаған.

«Қазақстан Республикасының халықаралық экономикалық қатынастарының басты бағыттары» атты екінші тарауда Қазақстанның халықаралық экономикалық қатынастары талданып, негізгі сыртқы экономикалық байланыстарының әртүрлі бағыттарының даму үрдісі зерттелді.

Қорытындыда теориялық, эксперименттік-тәжірибелік жұмыстардың нәтижелеріне негізделген тұжырымдар мен ұсыныстар берілді.

Қосымшада зерттеу жұмыстарының нәтижесі ретінде Қазақстанның экономикалық аудандастыру ұстанымдарыың сызбасы, стастикалық мәліметтер және Қазақстанның экономикалық аудандарының карталары мен халықаралық экономикалық қатынастар түрлерінің сызбасы ұсынылды.

І. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ НАРЫҚТЫҚ

ЭКОНОМИКАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАРЫНЫҢ ЕРЕКШЕЛІГІ

1. 1 Қазақстан Республикасының географиялық орны және табиғат жағдайы

Қазақстан Республикасы Еуразия материгінің орталығында орналасқан, ол солтүстік ендіктің 40°-55°, шығыс бойлықтың 45°-87° аралығындағы аумақты алып жатыр. Батыстан шығысқа дейін 3000 шақырымға, солтүстіктен оңтүстікке 1750 шақырымға созылып жатыр. Қазақстан аумағы қоңыржай белдеудің орталық және оңтүстік ендіктерін, ал оның қиыр оңтүстігі субтропикалық белдеудің солтүстік алабын қамтиды.

Оның жер көлемі 2 млн. 724, 9 мың шаршы шақырым. Қазақстан жер шарының 2 пайыз, Азия аймағының 6, 1 пайыз, ТМД-ның 12 пайыз жер көлемін алып жатыр.

Қазақстан Республикасы шекарасының жалпы ұзындығы 13034 шақырым, оның 11304 шақырымы құрлықтық, ал 1730 шақырымы теңіздік шекара. Қазақстан батыс, солтүстік батыс және солтүстігінде Ресей Федерациясымен (шекарасының ұзындығы 6467 шақырым), оңтүстік және оңтүстік Азия елдерімен - Өзбекстан (2300 шақырым), Қырғызстан (980 шақырым), Түркіменстан (380 шақырым), ал оңтүстік-шығысы мен шығысында Қытаймен (1460 шақырым) шектеседі [1] .

Қазақстанның Еуразия материгіндегі орналасуы ірі жол тораптарының тоғысуымен ерекшеленеді. Ерте кезден-ақ біздің еліміз арқылы Еуропа мен Азияны қосатын жолдар болған. Оны тарихта Үлы Жібек жолы деп атаған [2] .

Саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайларда мұхитқа тікелей шығатын жолы жоқ елдер арасында өзара тиімді сауда қатынасын құрлық арқылы жүргізу қажеттілігі туады [3] .

Қазақстан аумағы арқылы төрт құрлықтық - Трансазиялық (Қытай - Ресей - Еуропа), Еуроазиялық (Қытай - Қазақстан - Ресей - Еуропа), Ортаазиялық және Батыс темір жолы мен автомобиль жолдары тартылған. Бұл жолдар арқылы транзиттік жүк тасымалдаудың халықаралық бағыттары өтеді.

Еліміздің шаруашылық салаларының дамуына, орналасуына және олардың мамандану бағытына республиканың физикалық-географиялық орнының әсері зор. Бұл тұрғыдан алғанда Қазақстан өте қолайлы жерде орналасқан (1-кесте) .

Кесте №1. Қазақстан Республикасына географиялық сипаттама

Астанасы: Астанасы
Астана: Астана
Астанасы: Республика аумағы (мың шаршы шақырым)
Астана: 2724, 9
Астанасы: Халық тығыздығы (1 шаршы шақырымға)
Астана: 5, 5 адам
Астанасы: Халық саны (2009 жылғы халық санағы бойынша)
Астана: 16, 2 млн
Астанасы: Республика шекарасының ұзындығы (шақырым)
Астана: 13034
Астанасы: Оның ішінде:
Астана:
Астанасы: Ресеймен
Астана: 6467
Астанасы: Өзбекстанмен
Астана: 2300
Астанасы: Түркіменстанмен
Астана: 380
Астанасы: Қырғызстанмен
Астана: 980
Астанасы: Қытаймен
Астана: 1460
Астанасы: теңізбен шекарасы
Астана: 1730
Астанасы: Ең ірі көлдері (шақырым)
Астана:
Астанасы: Каспий теңізі
Астана: 374
Астанасы: Арал теңізі
Астана: 46, 64
Астанасы: Балқаш
Астана: 18, 2
Астанасы: Ең ұзын өзендері
Астана:
Астанасы: Ертіс
Астана: 4248
Астанасы: Республика аумағындағы ұзындығы
Астана: 1700
Астанасы: Есіл
Астана: 2450
Астанасы: Республика аумағындағы ұзындығы
Астана: 1400
Астанасы: Орал
Астана: 2428
Астанасы: Республика аумағындагы ұзындығы
Астана: 1082
Астанасы: Сырдария
Астана: 2219
Астанасы: Республика аумағындағы ұзындығы
Астана: 11100
Астанасы: Ең ірі облыс (мың шаршы шақырым)
Астана:
Астанасы: Қарағанды обылысы
Астана: 428
Астанасы: Ең ірі қаласы
Астана: Алматы
Астанасы: Халқы
Астана: 129, 3 мың

Экономикалық-географиялық тұрғыдан Қазақстанның мынандай артықшылықтары бар:

1. Тарихи - экономикалық дамыған елдермен шектесуі (Ресей, Қытай, Орта Азия елдері) .

2. Транзиттік жол торабы үстінде орналасуы.

3. Қазақстан аумағы жер бедерінің көп бөлігінде жазық болып келуі.

Табиғат жағдайлары - күннің жылуы, климат, жер бедері және табиғат байлықтары - пайдалы қазбалар, су, өсімдік және жануарлар дүниесі экономиканың дамуына күшті ықпал етеді. Адамдар белгілі бір табиғат байлықтарының басым болуына қарай ежелден шаруашылықтың түрлі салаларын, айталық, өнеркәсіпті, егіншілікті, мал шаруашылығын, балық аулауды немесе орман шаруашылығын дамытып келеді. Мұнда табиғат жағдайлары өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында тікелей пайдаланылады да, еңбек обьектісі қызметін атқарады. Табиғат жағдайлары қолайлы жөне қолайсыз, ал табиғат байлықтары - мол және тапшы, біркелкі және әркелкі болуы мүмкін. Әлбетте, табиғи орта неғұрлым алуан түрлі әрі мол болса, экономиканы дамытуға қажетті жағдайлар да соғүрлым қолайлы болады (1-сурет) . Қазақстанның табиғи ортасы - табиғат жағдайлары мен табиғат байлықтары экономиканы дамыту тұрғысынан алғанда айрықша бай, ірі, алуан түрлі. Республикада бағалы пайдалы қазбалардың көптеген түрлерінің ірі қорлары, жыртуға жарамды құнарлы жерлердің кең алқабы, ұлан - байтақ жайылымдар мен пішендіктер бар. Оның үстіне мұндай табиғат байлықтары көбіне бірге ұшырасып, көп салалы және ірі халық шаруашылығын дамыту үшін табиғи негіз құрайды. Алайда Қазақстанның өзіне тән қатаң, шұғыл континентті табиғат жағдайлары - климатының құрғақтығы және зор кеңістіктегі тұщы су тапшылығы бірқатар жағдайларда белгілі бір табиғат байлықтарын игеруді қиындатады. Бірақ, қалай болғанда да жер мен оның қойнауы, су, өсімдіктер мен жануарлар дүниесі және басқа табиғат байлықтар мұнда тек Қазақстан Республикасының меншігі болып саналады да, оның мемлекеттік тәуелсіздігінің негізін құрайды.

Сурет №1. Табиғи орта құрамы

Қазақстан жер бетінің 9/10 - дай бөлігін жазық, 1/10 - ге жуық бөлігін таулар алып жатыр. Жауын-шашынның басым бөлігі жылдың жылы маусымында түсетін Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік-батысындағы ойпаттар мен жазықтар және суару каналдары салынған оңтүстіктегі тау бөктерлері, егіншілікке пайдаланылады. Атмосфералық жауын-шашын аз түсетін республиканың орталығы мен оңтүстік батысындағы жазықтардың көп бөлігі негізінен алғанда жайылым ретінде пайдаланылады. Биік таулы Тянь-Шань мен Алтайдың орасан зор мұздықтары мен мәңгі қары егістерді суару және арзан электр энергиясын өндіру көзі болып табылады, ал бетін бай әрі шырынды шөптесін өсімдіктер басқан тау беткейлері мен тауаралық аңғарлар керемет жазғы жайылым-жайлау болып саналады [4] .

Қазақстан қойнауының басты байлығы: мыс, мырыш, қорғасын, никель, вольфрам, молибден, темір және марганец кендері, хромит секілді түсті және қара металдар.

Республикада тас көмір мен қоңыр көмір, мұнай мен газ, фосфорит, ас түзы және асбест те көп (2-кесте) .

Кесте №2. Республикадағы мұнай және газ өндірудің көлемі

Отын түрлері: Отын түрлері
2002: 2002
2004: 2004
2006: 2006
2008: 2008
Отын түрлері: 1. Мұнай өндіру (газ конденсатын қосып есептегенде млн. тонна)
2002: 25, 8
2004: 20, 3
2006: 25, 8
2008: 27, 0
Отын түрлері: 2. Табиғи газ өндіру (млрд текше метр)
2002: 7, 2
2004: 4, 5
2006: 8, 2
2008: 8, 0

Экономикалық тұрғыдан алғанда, Қазақстанның мұндай қазба байлықтарының өте маңызды ерекшелігі - олар көбіне жер бетіне жақын орналасқан, сондықтан карьерлерде ашық әдіспен арзан өндіріледі. Сонымен қатар олар бірқатар жағдайларда кешенді пайдалануға қолайлы орналасқан. Мысалы, Орталық Қазақстанда түсті және қара металдар кендері, кокстелінетін тас көмір, әктастар мен отқа төзімді саз балшықтар бір-біріне айтарлықтай жақын орналасқан. Пайдалы қазбалардың бұлайша ұштаса орналасуы мұнда түсті және қара металлургияны және олармен байланысы бар химия өнеркәсібі мен машина жасауды дамытуға өте қолайлы болып келеді (3-кесте) .

Кенді Алтай, Қаратау таулары, Мұғалжар, Торғай аңғары мен Маңғыстау түбегі де пайдалы қазбаларға бай [4] .

Кесте №3. ТМД елдері бойынша қазбалар қоры және өндірудегі

Қазақстанның үлесі

Минералдың аты: Минералдың аты
Қоры: Қоры
Өндіру: Өндіру
Минералдың аты: пайыз
Қоры:

ТМД-ғы

орны

Өндіру: пайыз
ТМД-ғы орны
Минералдың аты: Темір
Қоры: 35
Өндіру: 3
8
3
Минералдың аты: Марганец
Қоры: 14
Өндіру: 2
2
3
Минералдың аты: Хром
Қоры: 99
Өндіру: 1
100
1
Минералдың аты: Мыс
Қоры: 28
Өндіру: 2
30
2
Минералдың аты: Қорғасын
Қоры: 38
Өндіру: 1
64
1
Минералдың аты: Мырыш
Қоры: 35
Өндіру: 2
56
1
Минералдың аты: Боксит
Қоры: 22
Өндіру: 2
36
2
Минералдың аты: Вольфрам
Қоры: 54
Өндіру: 1
4
3
Минералдың аты: Қалайы
Қоры: 2
Өндіру: 3
2
2
Минералдың аты: Көмір
Қоры: 12
Өндіру: 3
19
3
Минералдың аты: Молибден
Қоры: 29
Өндіру: 2
5
4
Минералдың аты: Фосфорит
Қоры: 65
Өндіру: 1
65
1
Минералдың аты: Шикі мұнай
Қоры: 8
Өндіру: 2
4
2

Қазақстанның табиғат жағдайлары айтарлықтай қатаң болғанымен, ауыл шаруашылығын дамыту үшін барынша қолайлы. Барлық жерде қоңыржай белдеуде таралған дәнді дақылдарды, ал оңтүстікте - мақта, қант қызылшасы, күріш, сары темекі секілді жылу сүйетін дақылдарды өсіруге болады. Алайда атмосфералық жауын-шашынның жетіспеуінен Республика территориясының көп бөлігінде егіншілікті солтүстікте, солтүстік-батыста және солтүстік-шығыста ғана өсіруге болады, ол Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік шығысында - қолдан суармайынша егіншілікті дамыту мүмкін емес, онда суару үшін мұздықтар мен мәңгі қардан су алатын тау өзендері пайдаланылады [5] .

Қазақстанның шағын бөлігінің өзендері суармалы егіншілік үшін аз пайдаланылады, өйткені олар қар еритін көктем маусымында ғана мол сулы болып келеді. Олар, негізінен алғанда, пішендіктер мен жайылымдарды көлтабандап суару үшін пайдаланылады. Олардың кейбіреулерінде - Нұрада, Есілде, Тобылда, Ембіде - бөгендер салынып, маңайындағы қалалар мен өнеркәсіп орталықтарын сумен қамтамасыз етеді.

Республика ғалымдары Өскемен қорғасын-мырыш комбинатының мамандарымен бірге Ертіс мыс балқыту зауытынан шығарылатын қалдықтардан металдарды бөліп алудың жаңа технологиясын жасап шығарды. Мұндай қалдықтардың құрамында, 30 пайызға дейін темір, 6-8 пайыз мырыш, 1 пайыз мыс, қорғасын және басқа металдар кездеседі. Жаңа технология оларды түгелдей дерлік бөліп алуға мүмкіндік береді.

1. 2 Қазақстан шаруашылығының аумақтық орналасу ұстанымдары және экономикалық аудандары

Қазақстан Республикасы - жер көлемімен, алуан түрлі табиғат байлықтарымен және көп ұлтты халқымен ерекшеленетін мемлекет. Еліміздің болашағы мен халқымыздың әл-ауқатының артуы экономикамыздың дамуымен тікелей байланысты. Белгілі бір бағытта қоғамның сұранысын өтейтін кәсіпорындар мен мекемелер шаруашылық салаларына бірігеді. Мысалы, өнім шығаратын заводтар мен фабрикалар өнеркәсіпке, медициналық мекемелер денсаулық сақтауға, оқу орындары білім беруге бірігеді. Кәсіпорындар, бірлестіктер және мекемелер мемлекеттік және жеке меншік болып бөлінеді.

Ал шаруашылық өндірістік және өндірістік емес салаларға топтастырылады.

Өндірістік сала өндіріс құрал-жабдықтарын өндіретін (электр энергиясы, машина тағы басқа), адамдардың материалдық игіліктерін (тамақ киім-кешек) жасап, тұтынушыға жеткізуді (көлік, байланыс) қамтамасыз етеді. Бұған өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, көлік, коммуникация, құрылыс, сауда және қоғамдық тамақтандыру салалары жатады.

Өндірістік емес сала адамдардың тұрмыстық және рухани қажеттіктерін қамтамасыз етеді. Бұл салаға білім беру, мәдениет, өнер, ғылым, дене тәрбиесі, демалыс мекемелері, денсаулық сақтау, тұрмыстық қызмет көрсету, коммуналдық шаруашылық, тұрғын үй шаруашылығы жатады (2-сурет) .

Өндірістік салалар. Өнеркәсіп - республика шаруашылығының жетекші саласы. Өнеркәсіптің өркендеуі шаруашылықтың барлық саласындағы техникалық прогресті және еліміздің қорғаныс қуатын арттырады.

Өнеркәсіптің салалық құрылымына келсек өндірістік және өндірістік емес екі салаға бөлінеді. Бұл салалардың әрқайсысы өз кезегінде қызметі мен алатын орнына қарай бірнеше топқа жіктеледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан өнеркөсіп өнімінің көлемі жөнінен ТМД елдері ішінде Ресей мен Украинадан кейінгі 3-ші орында. Еліміздің өнеркәсібіне тән ерекшелік жергілікті шикізатпен және отынмен толық қамтамасыз етілуі. Өндіріс құрал жабдықтарын өндіретін сала ауыр өнеркәсіп, ал халықтың тұтыну заттарын өндіретін сала жеңіл және тамақ өнеркәсібі болып екіге бөлінеді.

Еліміздің экономикалық қуатының негізі, халықтың әл-ауқатының өсу көзі болып табылатын ауыр өнеркәсіпке: электр энергетикасы, қара және түсті металлургия, машина жасау, химия, құрылыс материалдары жатады. Жеңіл және тамақ өнеркәсібін аяқ киім, тоқыма, тігін, былғары және ет, қант, балық, арақ - шарап шығаратын өнеркәсіп түрлері құрайды.

Республикада шығарылатын бүкіл өнімнің 50 пайызын өнеркәсіп өнімдері береді. Еліміздің өнеркәсібінде ауыр өнеркәсіп жетекші орын алып, оған бүкіл өнеркәсіп өнімінің 70 пайызы келеді (3-сурет) .

Сурет №2. Қазақстан шаруашылығының сапалық құрылымы

Сурет №3. Өндірісті ұйымдастыру формалары

Қазақстанның өндіруші өнеркәсіп өнімінде шикізат, отын және жартылай фабрикат басым.

Сондықтан, өнеркәсіпті өз еліміздің өнімдерімен қамтамасыз ету мақсатында өндеуші өнеркәсіп салаларын дамыту саясатына зор көңіл бөлінуде.

Нарықтық экономикаға көшуді тереңдетуде өндіруші өнеркәсіппен қатар өндеуші өнеркәсіп салаларын кеңінен дамыту қажет. Сондықтан шетелдік инвестицияларды тартып, жаңа технологияны кеңінен өнеркәсіпке енгізу жұмыстары жүріп жатыр.

ТМД елдері кәсіпорындары арасында өндірістік байланыстарды қалыпқа келтіру еліміздің өнеркәсібін дамытуға ықпал етеді.

ҒТР дәуірінде өнеркәсіпті дамытуда шоғырландыру және құрамдастыру, мамандандыру және кооперативтендіру сияқты өндірісті ұйымдастырудың формаларына зор көңіл бөлінеді. Бұлар өнеркәсіптің барлық салаларын интенсивті даму жолына түсіруге көмектеседі.

Экономикалық аудандастыру елдің, оның жеке бөліктерінің шаруашылығын жоспарлауда, олардың даму келешегін анықтауда маңызды орын алады.

Экономикалық аудан дегеніміз - аумақтық еңбек бөлінісі нәтижесінде қалыптасып, бір-бірінен шаруашылықтың мамандануы мен кешенді дамуы жөнінен айырмашылық жасайтын елдің бір бөлігі. Аумақтық еңбек бөлінісі - әрбір аудан өзінде өндірілетін артық өнімдерін басқа аудандарға шығарып, олардан өзіне қажет өнімдерді алу. Мысалы, Қазақстан басқа елдерге мұнай, көмір, қара және түсті металдар, астық, жүн тағы басқа өнімдер шығарып, олардан машина, құрал-жабдық, газ және жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын алып отырады.

Қазақстанның түрлі аймақтарында шаруашылықтың аумақтық айырмашылықтары бар. XIX - XX ғасырдың басында Қазақстанның көшпелі мал шаруашылығы, солтүстік далалық алапта дәнді дақылдар, оңтүстікте суармалы және тәлімді егіншілік, бау - бақша, ал орталықта, батыс пен шығыста тау - кен өнеркәсібі дами бастады.

Кеңес үкіметі жылдарында аумақтық еңбек бөлінісінің, көлік қатынасының дами түсіп, елдің жеке бөліктерінің шаруашылық түрлеріне мамандануы байқалады. Өндіргіш күштерді ел аумағында ұтымды орналастыру: нәтижесінде бұл ішкі экономикалық-географиялық айырмашылықтар одан әрі дамып, республика ішіндегі экономикалық аудандардың пайда болуын туғызады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы аграрлық құқықтың қалыптасуы және аграрлық заңнаманың даму тарихы
Қазақстан Республикасында жерді пайдалану мен қорғауды мемлекеттік бақылаудың құқықтық проблемалары
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЖЕР ҚҰҚЫҒЫ
Қазақстан Республикасындағы жер мәмілелерінің аясындағы қоғамдық қатынастар
Әлеуметтік тепе -теңдік және еңбек нарығының құқықтық реттелуі
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА ЖЕРДІ ПАЙДАЛАНУ МЕН ҚОРҒАУДЫ МЕМЛЕКЕТТІК БАҚЫЛАУДЫҢ ҚҰҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Жер құқығы қатынастарының субъектілері
Германия Федеративті Республикасының Орталық Азияға қатысты сыртқы саяси концепцияларының негізінде орталық азиялық бағытының басымдылықтарын көрсету
Валюта нарығының дамуы және оның тарихи аспектілері
Қазіргі Қазақстандағы аграрлық қатынастар және ауылдың әлеуметтік-экономикалық дамуы (1985-2006 жж.)
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz