Біліктерді дайындаудың технологиясы


Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   

Біліктерді дайындаудың технологиясы .

  1. Біліктерінің тағайындалуы және оларға қойылатын талаптар.
  2. Біліктер үшін дайындамалар.
  3. Біліктерді дайындалу сипаты.
  4. Біліктердің дайындалуын тексеру.

Машиналар мен механизмдер конструкцияларында айналу қозғалысын және айналу моментін беру үшін негізгі бөлшек болып табылатын біліктер.

Жұмыс істеу процесінде біліктеркүрделі деформациялық жағдайда сыналады - бұралу, иілу, созылу және сығылу. Сондықтанда біліктерге біліктерге қозғалыс берушібөлшектердің және толық алғанда құрастыру білігінің қалыпты жұмысын қамтамасыз ету үшін, біліктерге қатаңдық талаптары қойылады. Қатаң біліктер ұзындығының диаметріне қатынасы 15 жоғары болмайтын бөлшектер.

Біліктер пішіні, өлшемі бойынша алуан түрлі, бірақ оларды технологиялық белгілері бойынша екі пішінге бөлуге болады, тегіс және сатылы .

Тегіс түзу біліктер (біркелкі диаметрлігі)

қарапайым геометриялық пішінге ие, бірақ олардың қолданылуы шектелген.

Бір шама кең таралу талқан сатылы біліктер, оның негізгі технологиялық параметрлері: жалпы ұзындығы, сатылар саны, олардың диаметр бойынша бірқалыпты ауысуы, ең үлкен саты диаметрі, шлицаның болуы және оның пішіні.

Білік қатаңдығы оның геометриялық пішіні мен анықталады. Оның қатаңдығын, оның қатаңдығының ұзындығын қысқартумен қамтамасыз ету, бар уақытта мүмкінбола бермейді.

Мұнда біліктердің біршама технологиялық белгісі стандарт өлшемдерінің диаметрі өсуі немесе кемуі болып табылады.

Біліктер үлкен беріктіктегі, кернеулердің шоғырлануын аз сезімділіктегі, жақсы өңдеуге икемді және термиялық өңдеуге икемді болаттардан дайындалады.

Мұндай талаптарға келесі конструкциялық материалдар мен қоспалық болаттар жауап береді: 35, 40, 45, 40Г, 50Г, 40X, 18XГТ.

Орташа көміртекті болаттардан дайындалған біліктер HB 230÷260 қаттылыққа дейін термиялық өңделуден өтеді. Оның мойындарының шығуға тұрақтылық қасиетін жоғарлату үшін цементацияға, онан әрі HRC э 50 ÷ 60 қаттылыққа дейін термиялық өңдеуге беріледі.

Біліктерінің жанасатын беттері 6 және 8 - ші дәлдік квалитетіне сәйкес дәлдікпен орындалады, және де бет адырлықтарының шамасы R a = 1, 25 ÷ 0, 63 мкм және R a = 2, 5 ÷ 1, 25 мкм болуы тиіс.

Біліктер үшін дайындамалар.

Әрбір типтік конструкциясын дайындауға дайындама қабылдау технико - экономикалық есептеулермен негізделуі тиіс. Біліктерді дайындау кезінде алғаш дайындаманы пластикалық даформациялау жолымен(соққылау, штамповка, ротациялы - соққылау машинасында сығумен, электрлі отырғызумен, көлденең - бұрандалы прокатка) немесе прокатты кесу жолымен алады.

Сатылы біліктер үшін дайындама подкладкалық штампада соққылаумен жалпыға мол өндіріс жағдайында көлденең - бұрадалы прокаткалаумен алады, фланецті біліктер үшін - горизонтальды соққылау машинасында штамповкалаумен. Мұнда үлкен көңіл, болатты қолдану тиімділігіне бөлінеді.

K u. m = G д /G з ;

Сериялық және жалпыға мол өндіріс үшін K u. m = 0, 75 ÷ 0, 95 құрайды.

Жеке және майда сериялы өндірісте диаметрлік өзгеруі елеусіз біліктер үшін дайындама ыстық жазғыланған қалыпты прокат қатарынан алынады, бұл даналық дайындамаларға кесіледі.

Сериялық өндіріс жағдайында дайындаманы ашық штампада ыстықштамповкалаумен алу кең таралған, ал ірі сериялы және жалпыға мол өндірісте жабық штампада. Штамповкалаушы дайындаманың дәлдігін жоғарлату үшін соққыны калибрлеу қолданылады.

Ауыр біліктер үшін (1 т жоғарғы салмақ) құйманы еркін сққылаумен алады.

Біліктердің дайындалу сипаты .

Біліктердің негізгі беттерін өңдеу алдын, осы операцияларды орындау үщін центрлік саңылау беттерін қолданады. Егерде дайындаманы алдыңғы толқымалы центрде орнатсақ, онда орнатушы база ретінде центірінің кескін бетіне түйісетін дайындама кескіш бетті қызмет етеді. Мұндай центрлерді қолдану қателігін жояды.

Сатылы білік өңделуінің жеке операцияларын қарастырайық.

Кескін беттерді жанама кесу және центрлеу .

Сатылы біліктерді дайындау кезінде алғаш технологиялық - технологиялық базаны дайындау, яғни кескін бетті жону және центрлеу. Біліктердің дайындалу көлеміне байланысты бұл өтулерді әртүрлі жабдықтарды қолданумен орындауға болады.

Сериялық өндірісте өңдеуді фрезерлі - центрлегіш автоматта дайындаманы сыртқы беті бойынша призмада орнатумен және осьтік бағытта тірек бойынша базалаумен жүргізеді. Кескін бетті жанама кесуді центрлеуден жеке ұзына бойы - фрезерлеу немесе горизонталь - фрезерлеу станоктарында орындайды, ал центрлеуді - бір жақты немесе екі жақты центрлегіш станогында орындайды.

Жалпыға мол өндірісте кескін бетті фрезерлеу және центрлеу үшін барабанды типтегі станокты қолданады.

Жеке өндірісте бұл өтуді кетізінен әмбебап токрлық станокта жүргізеді.

15-тақырып. Станоктық аппараттардың тағайындалуы және құрлысы.

Аспаптар жайындағы жалпы мәліметтер, олардың тағайындалуы және топтастырылуы. Аспаптардың негізгі элементтері - орнатушы, қысып бекітуші элементтері, қаңқалары мен қосалқы элементтері. Дайындаманы бекітуге қажетті күшті есептеу.

Машина жасау технологиясында алуан түрлі технологиялық жасақтар қолданылады. Технологиялық жасақтар ретінде аспаптарды, қосалқы, кескіш және өлшеуіш құралдарды түсінуге болады.

Аспап деп - жинақ бірліктер мен бұйымдарды механикалық өңдеу, құрастыру және тексеру үшін қолданылатын қысымша құрылғыларды айтамыз.

Тағайындалуы бойынша аспаптар станоктың, құралды орнату және бекітуге арналған, құрастырушы, бақылаушы, сондай - ақ өңделуші және жинақ бірлікті, қоршау, орынын ауыстыру және тексеру үшін қолданылатын болып түрленеді.

Станоктық аспаптар технологиялық жасақтардың 80 - 90 % - тін қорғайды.

Аспаптарды қолдану: су қосалқы уақытты машиналық уақытпен жергілікті және толық және соңғысын көпорынды өңдеумен алмастыра отырып қысқару барысында дайындаманы орнату және бекітуге механикаландыру және автоматтандыру дәрежесіне байланысты: қолмен басқарылатын, механикалық, жартылай автоматты және автоматты.

Мамандандырылу дәрежесі бойынша - ауқымды қайта меңгерілудегі көпмақсатты әмбебап, шектеулі қайта меңгерілудегі бірбағытты мақсаттағы мамандандырылған, арнаулы бірмақсатты қайта меңгерілетін;

Унификациялау және стандартталу дәрежесі бойынша : әмбебап меңгерілмейтін аспаптар; мамандандырылған меңгерілуші аспаптар; әмбебап - құрамалы механикаландырылған аспатар; тұтас арнаулы аспатар; әмбебап меңгерілуші аспаптар; әмбебап - құрамалы аспаптар; құрамалы - бөлшектенуші аспаптар.

Өңделуші дайындаманы орнату және бекітуге арналған станоктық аспаптар механикалық өңдеу түріне байланысты токрлық, бұрғылау, фрезерлеу, ажарлау, көпмақсатты және басқада станок түрлері үшін арналады. Бұл аспаптар дайындаманың станокпен байланысын орындайды.

2. Жұмысшы құралын орнату және бекітуге арналған станоктық аспаптар (әдетте мұндай аспаптарды қосалқы құралдар депте атайды) станок пен құрал арасындағы байланысты атқарады. Мұндай аспаптар қатарына бұрғы, ұңға және метчиктерге арналған патрондар; көпшпиндельді бұрғылау, фрезерлеу, револьверлі бүршіктер; құрал ұстағыштар, блоктар және т. б. аспаптар жатады. Бұл аспаптар көмегімен станок - дайындама - құрал жүйесін реттейді.

3. Құрастыру аспаптары бұйымның бірігуші бөлшектерін біріктіру үшін қолданады, сондай - ақ базалық бөлшекті бекіту үшін, бұйымның біріктірілуші элементтерінің дұрыс орнатылуын қамтамасыз ету үшін, серпімді элементтерді алдын ала құрастыру үшін қолданады.

4. Бақылау аспаптарын өлшемнің, пішінің және беттердің өзара орналасу жағдайын, жинақ бірліктер мен бұйымдардың жанасуын, сондай - ақ құрастыру процесінде алынған конструктивті параметрлерді тексеру және қадағалау үшін қолданады.

5. Қоршау, орын ауыстыру және төңкеруге арналған аспаптарды ауыр заттарды тасмалдау және жұмыс орнына беру үшін қолданады. Әдетте автоматтандырылған өндірісте және икемді өндірістік желілерде роботтардың жұмысшы органы ретінде қолданады.

Унификациялау және стандарттау дәрежесіне байланысты машина жасау және прибор жасауда өндірісте технологиялық дайындаудың бірегей жүйенің талаптарына сай (ЕСТПП) станоктық аспаптарының жеті стандарт жүйесі бекітілген.

16. Тақырып. Тісті доңғалақ тісін өңдеу .

1. Берілістердегі тістік доңғалағының тағайындалуы мен жіктелуі.

2. Тісті доңғалақтардың пішінделуінің негізгі әдістері.

3. Тісті доңғалақтарды жазғылау (обкатка) .

4. Цилиндрлік доңғалақ тістерінің (бүйірлік) беттерін өңдеу.

Тісті доңғалақтарды цилиндрлік, конустық және червякты деп бөледі. Бірінші едәуір таратылған. Оларды бір - және көпблокты етіп орындайды. Конфигурациясы бойынша тісті доңғалақтар тегіс немесе шлицалық саңылауы бар диска түрінде, сондай - ақ фланецті және білікше түрінде (құйырықшасы бар) . Цилиндрлік доңғалақтарда тістер тік, спиральді және шевронды; конустықта - түзу, қисық және қисықсызықты етіп жасайды.

Цилиндрлік эвольвентті тісті доңғалақ өлшем шектері (допуски) ГОСТ - 1. 643 - 72 регламенттелінген, дәлдік дәрежесі 3 тек 12 - ге дейін. Машинажасауда әдетте негізінен 5, 6, 7, 8 және 9 - шы дәрежені қолданады. Сондай - ақ ГОСТ бойынща тісті доңғалақтардың кинематикалық дәрежесіне, олардың жұмысының біркелкілігін және тістердің түйісуіне талаптар қойылған.

Конустық тісті берілістердің өлшем шегі ГОСТ 1. 758 - 72, ал червякты беріліс үшін - ГОСТ 3. 675 - 72 орнатылған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пішен дайындау технологиясы туралы
Шығару көлемін және бөлшектердің партиялық өлшемін есептеу
Бастауыш сынып ана тілін оқытуда қазіргі технологияларды қолдануға болашақ мұғалімдердің даярлығын қалыптастыру
Бәсеңдеткішті құрастыру
Негіздік иірім жіпті орау
Екі сатылы цилиндрлі бәсеңдеткіш
Технологиялар туралы ұғымдар. Педагогикалық технологияларға негізгі сипаттамалар
ҚҰЗЫРЕТТІЛІК БІЛІМ ШЕҢБЕРІНДЕГІ ТАРАЗ ҚАЛАСЫНДА КЕРІМБАЙ АТЫНДАҒЫ 12 МЕКТЕП-РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНДА АТҚАРЫЛАТЫН ӘДІСНАМАЛЫҚ ІС-ШАРАЛАР
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Конустық бәсеңдеткіштердің сипаттамасы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz