Су – тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы туралы ақпарат



І . Кіріспе
Су . тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ..1
ІІ. Негізгі бөлім
2.1 Жердегі су қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.2 Қазақстанның су қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .4
2.3 Судың сандық мөлшерінің сарқылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
2.4 Су қорының ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7
а) Суды ластаушы заттар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ІІІ. Қорытынды
Су тапшылығы мәселесін шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Жердегі барлық су біртұтас.Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат – гидросфераға бөлінеді.
Су, сутек тотығы, Н2О – сутек пен оттектің қалыпты жағдайда тұрақты қарапайым химиялық қосылысы ( масса бойынша 11,19 % сутек, 88,81% оттек ); молекулалық массасы 18,0160. Су – иіссіз, дәмсіз, түссіз ( терең жері көгілдір ) сұйық. Су табиғатта өте кең таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам организмінің дені – су. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігінде жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі ( барлығы 13 -15 мың км3 ) . Табиғи су құрамында еріген тұздар, газдар және органикалық заттар болады.
Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Алғашқы кезде адам осы мөлшермен қанағаттанған. Шарушылық қызметіне өтуге байланысты қажетті судың мөлшері арта түсті. Судың шаруашылығын ұйымдастырудың қажеттілігі, мысалы, суармалы егіншілікке байланысты туады. Су барлық дерлік технологиялық процесстердің бөлінбес элементі және шарты болып табылады. Оған пайдалану жылдамдығының жоғары болуы тән. Мысалы, 1 т болат өндіру үшін 30 т су керек, спиртке – 300 т , целлюлозаға – 500т, синтетикалық талшықтарды алуға – 5000т қажет. Қазір дүние жүзінде орташа шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500 – 2000 литр су қолданылады. Олардың ішіне 100-150 л су тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалынады. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық мақсатында қолданылады. Жылдан-жылға судың бағасы артып барады. Кларктың (АҚШ) мәліметтері бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстық қажетті суға – шамамен 100 есе, ауыз суға – 1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде сату әдеттегі көрініске айналды. Табиғи таза су маңызды ұлтық байлық көзіне айналып отыр. Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісуі себебіне айналып отыр. Мысалы, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы шиеленістердің тууы белгі
Судың қасиеттері. Биосферадағы маңызды процестерге әсерін анықтайтын судың өзіне тән қасиеттері:
1. Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетке ие болатын бірден – бір ресурс.
2. Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемінің кемуі тән.
3. Ең жоғарғы тығыздығы +4 С- да байқалады.Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттері осыған байланысты болады. Мысалы, су қоймаларының терең қатуының болмауы.
4. Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден ( мұз, қар ) бірден бу
5. тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс – сублимация деп аталады.
6. Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
7. Дисперсті ортада , мысалы , ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйде өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері өте күшті өзгереді (қозғалғыштығы, тығыздығы,қату не булану температурсы, беттік керілуі және т.б). Бұлардың табиғи және биологиялық жүелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор .
8. Әмбебеп еріткіш . Сондықтан , табиғатта абсолютті таза су жоқ . Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық процестерге , тірі ағзалар мен олардың меккен ету орталарына орасан зор әсер етеді.

Мазмұны

І . Кіріспе

Су - тіршіліктің қажетті шарты, тіршілік факторы ... ... ... ... ... ... ... ... ..1

ІІ. Негізгі бөлім

2.1 Жердегі су қоры ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4

2.2 Қазақстанның су қорлары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..4

2.3 Судың сандық мөлшерінің сарқылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...6

2.4 Су қорының ластануы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7

а) Суды ластаушы заттар ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

ІІІ. Қорытынды

Су тапшылығы мәселесін шешу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

І . Кіріспе

Су - тіршіліктің қажетті шарты,
тіршілік факторы.

Жердегі барлық су біртұтас.Олар атмосферамен, литосферамен қатар жеке қабат - гидросфераға бөлінеді.
Су, сутек тотығы, Н2О - сутек пен оттектің қалыпты жағдайда тұрақты қарапайым химиялық қосылысы ( масса бойынша 11,19 % сутек, 88,81% оттек ); молекулалық массасы 18,0160. Су - иіссіз, дәмсіз, түссіз ( терең жері көгілдір ) сұйық. Су табиғатта өте кең таралған, бүкіл гидросфера судан тұрады. Өсімдіктер мен жануарлар, адам организмінің дені - су. Тірі және өлі табиғатта жүретін түрлі процестер мен құбылыстардың адам тіршілігінде жұмсалатын заттардың ішінде судың маңызы зор. Атмосферада су бу, тұман, бұлт, тамшы және қар кристалдары түрінде кездеседі ( барлығы 13 -15 мың км3 ) . Табиғи су құрамында еріген тұздар, газдар және органикалық заттар болады.
Су адам үшін тек биологиялық қана емес, сонымен қатар, әлеуметтік те фактор болып табылады. Биологиялық қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін адамға тәулігіне 2-5 литр су қажет. Алғашқы кезде адам осы мөлшермен қанағаттанған. Шарушылық қызметіне өтуге байланысты қажетті судың мөлшері арта түсті. Судың шаруашылығын ұйымдастырудың қажеттілігі, мысалы, суармалы егіншілікке байланысты туады. Су барлық дерлік технологиялық процесстердің бөлінбес элементі және шарты болып табылады. Оған пайдалану жылдамдығының жоғары болуы тән. Мысалы, 1 т болат өндіру үшін 30 т су керек, спиртке - 300 т , целлюлозаға - 500т, синтетикалық талшықтарды алуға - 5000т қажет. Қазір дүние жүзінде орташа шамамен алғанда тәулігіне әр адамға шаққанда 1500 - 2000 литр су қолданылады. Олардың ішіне 100-150 л су тұрмыстық-коммуналдық қажеттіліктерге жұмсалынады. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіптік және ауылшаруашылық мақсатында қолданылады. Жылдан-жылға судың бағасы артып барады. Кларктың (АҚШ) мәліметтері бойынша соңғы 50 жылда мұнайдың бағасы 10 есе, ал тұрмыстық қажетті суға - шамамен 100 есе, ауыз суға - 1000 есе артқан. Ауыз суды шыны бөтелкелерде сату әдеттегі көрініске айналды. Табиғи таза су маңызды ұлтық байлық көзіне айналып отыр. Қазірдің өзінде су халықаралық қатынастардың шиеленісуі себебіне айналып отыр. Мысалы, Колумбия өзенінің суы үшін АҚШ пен Канада арасында, Дунай өзенінің суын пайдалану үшін бірнеше мемлекеттер арасындағы шиеленістердің тууы белгі
Судың қасиеттері. Биосферадағы маңызды процестерге әсерін анықтайтын судың өзіне тән қасиеттері:
Табиғат ресурсы және зат ретіндегі сарқылмайтыны. Жердегі барлық ресурстар жойылатын, шашырайтын болса, ал су әр түрлі күйге: сұйық, газ тәрізді және қатты күйге өтуіне байланысты мұндай жағдайға ұшырамайды. Су мұндай қасиетке ие болатын бірден - бір ресурс.
Суға қату кезінде көлемінің артуы және сұйыққа өтуі кезінде көлемінің кемуі тән.
Ең жоғарғы тығыздығы +4 С- да байқалады.Табиғи және биологиялық процестердің маңызды қасиеттері осыған байланысты болады. Мысалы, су қоймаларының терең қатуының болмауы.
Жылу сыйымдылығының және жылу өткізгіштігінің жоғары болуы.
Тек оң ғана емес, теріс температурада да жеңіл газ тәріздес күйге өтуге қабілеттілігі. Теріс температурада қатты күйден ( мұз, қар ) бірден бу
тәрізді күйге өтеді. Мұндай құбылыс - сублимация деп аталады.
Булану мен еру кезінде жылу сіңіріледі және будан конденсациялану мен қату кезінде жылудың бөлініп шығуы тән.
Дисперсті ортада , мысалы , ұсақ саңылаулы топырақтар немесе биологиялық құрылымдарда байланысқан немесе таралған күйде өтуі. Мұндай жағдайда судың қасиеттері өте күшті өзгереді (қозғалғыштығы, тығыздығы,қату не булану температурсы, беттік керілуі және т.б). Бұлардың табиғи және биологиялық жүелердегі процестердің жүруі үшін маңызы зор .
Әмбебеп еріткіш . Сондықтан , табиғатта абсолютті таза су жоқ . Судың аталған және басқа да қасиеттері биосфералық процестерге , тірі ағзалар мен олардың меккен ету орталарына орасан зор әсер етеді.
Су - атмосфераны оттегімен толығуын (фотосинтез процесінде) бірден - бір көзі. Ол геологиялық (үлкен) және биологиялық (кіші) зат айналымдардағы химиялық элементтер мен қосылыстардың миграциясының шарты болып табылады. Қазіргі түсінік бойынша тіршілік суда пайда болған. Алғашқы кезеңдерде тірі ағзалар судан өте әлсіз бөлінген еді. Кейін ағзалар тәуелсіз су балансына өте бастады. Ағзалардың денесіндегі судың сапалық құрамы мен ондағы судың мөлшерін белгілі - бір денгейде ұстап тұратын құрылымдар пайда болды.

ІІ. Негізгі бөлім

Жердегі су қоры

Жердегі судың әлемдік қоры орасан зор. Планетамыздың жер бетінің ? бөлігін су алып жатыр Олар 1353985 мың км 3. Егер гидросферадағы барлық суды біртекті етіп Жер бетіне жайсақ , оның қалыңдығы шамамен 2,5 км болар еді . Әлемдік мұхит шегінде орташа тереңдік 3,96 км , ал ең терең максималды тереңдік 11022 м ( Мариан шұңғымасы ).Жердегі судың басым көп бөлігі тұзды су болып табылады . Ол жалпы қордың 97,5% үлесін құрайды , бірақ тұщы судың көлемі де өте көп . Оның мөлшері 35 млн. Км (куб)-ге тең . Планетамыздың гидросфера қабатының 98% - шамасы мұхит және теңіз суларынан тұрады .Әлемдік мұхиттың аумағы -361,2 млн кмнемесе жер бетіннің 70,8% (жер бетінің аумағы 510 млн екен), орташа тереңдігі 3,8 км , ал оңдағы судың көлемі 1370 млн км3 .Әлемдік мұхит - Ат- лантика ,Тынық , Индия және Солтүстік мұзды мұхиттардан тұрады . 35 млн. км3 тұщы судың шамамен 70%-ы мәңгі мұздықтар мен мәңгі қар түрінде болады.

2.1 Қазақстанның су ресурстары
Қазақстан жерiнде өзен, көл, мұздықтар мен жер асты суының таралуы және олардың деңгейлiк ерекшелiктсрi ең алдымен климат факторларына, жер бетiне түсетiн жылу мен ылғалдың арақатынасына тәуелдi. Су қорларының iшiнде, әсiресе, өзен және көл ағындарының маңызы аса күштi. Бiрақ көпшiлiк өзен-көлдердiң деңгейлерi үнемi күрт ауытқып отырады: кей жылдары су мөлш. қалыпты орташа деңгейден 2 -- 4 есе артық болса, қуаң жылдары көптеген айдындар мүлдем құрғап қалады. Аридтiк аймақта жайласқан Қ-ның маңызды табиғи қорларының бiрi -- жер асты суы. Су қорлары кең-байтақ аумақта бiркелкi таралмаған. Мұздық. Қазақстандағы жер бетi ағын суы қорының негiзгi көзi -- мұздықтар суы. Таулық өңiрлерден жалпы ауд. 2033,3 км2-лiк 2724 мұздық анықталды (1985). Жалпы мұз басудың тең жартысына жуығы (1000 км2-ден астам) Жетiсу Алатауында (мұздық аум. 1369 км2), қалғаны Iле мен Күнгей (610,7 км2), Терiскей (144,9 км2) Алатауларында, Алтай мен Сауыр жоталарында (106,2 км2), Қырғыз және Талас Алатауларында (101,5 км2). Қазақстан мұздықтарын 3 топқа жiктеуге болады: аңғарлық мұздықтар, беткейлiк мұздықтар және денудациялық беткейлер мұздықтары (жұмыр, мүжiле тегiстелген шыңдарда). Осылардың iшiнде көбiрек таралғандары (жалпы мұздықтардың 66%-ы) аңғарлық мұздықтар. Аңғарлық мұздықтардың көпшiлiгi Қазақстан табиғатын (әсiресе таулы өңiрлерiн) зерттеуге аса зор ұлес қосқан ғалымдардың, әдебиет және мәдениет қайраткерлерiнiң есiмдерiмен аталған. Iле Алатауындағы Талғар массивiмен байланысты күрделi аңғарлық Корженевский мұздығы -- Қазақстандағы аса iрi мұздық болып саналады: ұз. 11,7 км, ауд. 38,0 км2, мұзының жалпы көл. 6,32 км3. Аңғарларда және аңғарлық беткейлерде қалыптасқан мұздықтардың көпшiлiгiнiң қалыңд. 50 -- 100 м, ал таудың жоғары беткейлерiндегi мұздықтардiкi 10 -- 30 м.
Мұздықтардағы мұздың жалпы көл. 100 км3. Мұз басудың төм. шекарасы мен фирн (мұзқар) сызығының (мұз шоғырының көбеюi кезiндегi жоғ. және ерiп азаюы кезiндегi төм. бөлiктерi арасындағы шегi) абс. биiктiгi солт-тен оңт-ке және батыстан шығысқа карай арта түседi. Егер де Алтайда бұл көрсеткiш 2500 -- 2800 м болса, Тянь-Шань тауында 3500 -- 3800 м. Бұның өзiнде оңт. беткейлерге қарағанда солт. беткейлердiң шекарасы 200 -- 250 м төменiрек жатады. Қазақстан мұздықтары негiзiнен тым төмен темп-ралы келедi. Әсiресе, мұздың үстiңгi 12 -- 15 м қабаты қыс кезiнде қатты суынады. Жаз маусымында мұздың 1 м-ге дейiнгi беткi С-ка дейiн ғана жылынады. Мұз қабатының жұқалығына, темп-расыныңқабаты 0 төмендiгiне және жылдық жауын-шашынның шамалы түсуiне байланысты мұздықтар жылына 50 -- 70 м-ге дейiн төмен қарай баяу жылжиды. Мұздықтардың абляциялық (еру және булану процесiнiң) маусымы қалыпты жағдайларда 2 -- 2,5 айға созылады. Абляцияның көп жылдық орташа мөлш. 1 м шамасында. Мұздық суы -- тау өзендерiнiң толығу көзi. Әр тау өзенi ағынының басталар жерiндегi суының 85%-ы, жазыққа шығар бөлiгiндегiнiң 35%-ы мұздық суының үлесiне тиедi. Республика мұздықтары тартылуда. Кейбiреуiнiң ұз. жылына 5 -- 20 м-ге, ауд. 1000 м2, мұз қоры 0,05 -- 0,1%-ға кемуде. Қазақстанның таулық бөлiгiнде ауд. 20000 км2-дей көп жылдық тоң белдемi қалыптасқан; оның төм. шегi Алтайда 2000 м, Сауырда 2300 м. Жетiсу Алатауында 2800 м және Тянь-Шань жоталарында 3000 м-ге дейiн төмендейдi. Өзен. Қазақстан өзендерiн ұзындығы бойынша топтасақ, онда 85 022 өзеннiң iшiнде 84 694-i шағын (ұз. 100 км-ге дейiн), 305-i орташа (500 км-ге дейiн) және 23-i iрi (500 -- 1000 км-ден астам) өзендер қатарына жатады. Республиканың шығысындағы Алтай, оңт.-шығысындағы Жетiсу және Iле Алатаулары ылғалы мол таулы өңiрлердегi өзен торының жиiлiгi (барлық өзендер ұзындығы қосындысының осы алаптың ауданына қатынасы) басқа өңiрлерге қарағанда жоғары, 0,4 -- 1,8 кмкм2 шамасында. Шағын өзендердiң көбi Ұлытау, Шыңғыстау, Қарқаралы тауынан, сонымен қатар Тарбағатай, Қаратау, Мұғалжар жоталарынан басталады. Арал және Каспий маңы шөлдi өңiрлерiнде өзен торының жиiлiгi тым сирек (0,03 кмкм2-ге дейiн) келедi. Өзендердiң басым көпшiлiгi Каспий, Арал т-дерiнiң, Балқаш, Алакөл және Теңiз сияқты көлдердiң тұйық алаптарына жатады. Тек Ертiс, Есiл және Тобылға кұятын өзендер ғана мұхитқа құятын Кара т. алабына қарайды. Қазақстандағы ең суы мол өзен -- Ертiс. Оның республика жерiндегi ұз. 1700 км, жалпы ұз. 4248 км. Жоғ. бөлiгiндегi ағыны 2 iрi су электр ст-ларымен (Бұқтырма және Өскемен) реттелген. Өзен суының бiраз бөлiгi Ертiс-Қарағанды каналы арқылы Орт. Қазақстанға бұрылған. Ұзындығы жөнiнен республикадағы екiншi өзен -- Сырдария. Қазақстандағы ұз. 1400 км, жалпы ұз. 2219 км. Егiн суаруға қарқынды пайдалануына байланысты ағыны кейбiр жылдары Арал т-не жетпей тартылып қалады. Балқаш к. алабындағы iрi өзен -- Iленiң республика шегiндегi ұз. 815 км (жалпы ұз. 1001 км). Оның iрi салаларының бiрi Шiлiк өз-нен бастап, Шамалған өз-не дейiн ұз. 200 км-ге жуық Үлкен Алматы каналы салынған.
Еліміздің табиғи-климаттық және географиялық жағдайы түрліше болғанмен, негізінен, шөл мен шөлейтті жерден тұратыны белгілі. Яғни даламыздың оннан тоғыз бөлігі дымқылдылығы төмен аймаққа жатады. Ертіс өзені бассейні бар солтүстік-шығыста су қоры барынша мол болса, оңтүстік-батыста, оның ішінде Маңғыстау облысында су қоры мейлінше тапшы. Негізгі су көздері - Орал, Ертіс, Есіл, Нұра, Шу, Сырдария, Тобыл өзендері; Балқаш, Зайсан көлдері мен Каспий және Арал теңіздері. Осыған байланысты мамандар Қазақстанды негізгі өзен бассейндері бойынша сегіз аймаққа бөліп қарастырады. Олар: Балқаш-Алакөл; Ертіс; Есіл; Нұра-Сарысу; Шу-Талас; Арал-Сырдария; Тобыл-Торғай; Орал-Каспий. Ал енді үлкенді-кішілі, майда-ірілігіне қарамай жалпы, су қорымызды түгел тізімдесек, Қазақстанда 85 мыңға жуық өзен мен өзек, 48 мыңдай көл және 4 мыңға тарта су қоймасы бар екен.Қазақстанның су артериялары шамамен 85 мың өзендерден құралған . Ең ірі сукөздеріне : Ертіс , Есіл , Іле , Сырдария , Жайық , Шу , Талас , Асса өзендері жатады . Соңғы жылдары бірқатар көлдер жүйесінің көбеюі байқалып отыр . Бұл өзендер ағысының шектен тыс реттелуі мен олардың деңгейінің табиғи ауытқула-рына байланысты болып отыр .Экологиялық жағынан ең қолайсыз жағдайда Қазақстанның басты су артериясы - Ертіс өзені қалып отыр .
Еліміздегі жалпы су қоры бүгінде жылына 100,5 текше метр болып бағаланады. Бұдан жиырма жыл бұрынғы су қорымыз 126 текше метр болып есептелген. Ғалымдардың жорамалынша, елімізде су қоры соңғы елу жылда 35 мың текше метрге азайып кеткен. Біздегі жағдай жақын маңдағы көрші елдерге де қатысты.
Оқымыстылардың айтуынша, Солтүстік Тянь-Шань тауларындағы мәңгілік мұз қабаттары 1957 жылмен салыстырғанда 30 пайызға кеміген, ал ол 2025 жылға қарай 50 пайызға дейін азаймақ. Мұндай ғаламдық жылыну түбінде Орталық Азиядағы су арналарының суалып-тартылып, жаппай құрғақшылық жайлауына әкеліп соқтырмақ. Түбінде Орталық Азияда шиеленіс туа қалса, оның қара алтыннан емес, кәдімгі қара судан туындау мүмкіндігі жиі ауызға алынатын болып жүр. Бұл мәселе көбіне- көп Қазақстанның оңтүстігіне қатысты. Шынында да, аталған аймақтағы су мәселесінің жылдан-жылға өткірленіп келе жатқаны өтірік емес. Орталық Азия елдері өз егемендігін алған соңғы 14 жылда екі ұлы өзен - Сыр мен Әмудің су ресурсын бірлесіп пайдалану жөнінде әлі күнге бір мәмілеге келе алмауда. Ал негізінде, бұл - халықаралық келісім жолы арқылы шешілетін мәселе. Суды бөліп пайдалануға байланысты ең алғашқы халықаралық жанжал Үндістан мен Пәкстан арасында туындап, соғыс өрті бұрқ ете жаздағанда, Халықаралық қауымдастық шегарааралық өзендерді теңдей - 50x50 етіп пайдалану турасында шешім қабылдаған. Осы шешім бойынша, Қазақстан Сырдарияны Өзбекстанмен, Қара Ертісті Қытаймен бөліседі. Мұны бір жағынан неге айтып отырмыз? Қазір артта қалған Ауғанстанның өзі су проблемасымен бас қатыра бастады. Осы орайда Халықаралық қауымдастық Ауған елінің егіс шаруашылығын тірілтуге қаржы салуды ойластыруда. Ал оны тірілтудің жалғыз жолы - сумен қамтамасыз ету. Соғыстан соры ашылмаған Ауғанстан осы уақытқа дейін Әмудің суын пайдаланған емес. Халықаралық келісім бойынша, енді бұл ел 50x50 тәртібін пайдалануға құқылы. Бұл жағдай көрші елдерді, оның ішінде Қазақстанды да алаңдатып отыр. Себебі су тапшылығы күшейе түспек. Оның үстіне бастауын Қытайдан алып, Қазақстан, Ресей арқылы Солтүстік Мұзды мұхитқа құятын Ертіс өзенінің бір бөлігін мұнайлы қалашықтың қажеті үшін байлап отырған Қытай, қазірдің өзінде сапасыз суы алаңдатып отырған өзенге түптің түбінде тосқауыл қойса, оның елімізге әкелер экологиялық зардабы қаншалықты мол болатынын шамалай беріңіз.
Енді еліміздегі су қорын сақтау мен дамытуға қатысты не тындырылып отыр дегенге келейік. Бұл орайда алдымен, 2002 жылы Үкімет қаулысымен еліміздегі су қоры мен су шаруашылығы саясатын дамытудың 2010 жылға дейінгі Тұжырымдамасы қабылданғанын, ол бойынша еліміздегі су қорын сақтау мен үнемді пайдалану, сондай-ақ су шаруашылығы саясатының ұзақ, орта және жақын мерзімдерге арналған бірқатар жоспарлары түзілгенін айта кеткен жөн. Осы орайда өткен маусым айының басында Қазақстанның суда жүзетін құстардың негізгі тіршілік көзі саналатын, халықаралық маңыздағы саз-батпақты жайылымдықтар жөніндегі Рамсар конвенциясына қосылуының Үкімет тарапынан заңдастырылуының маңызы зор десек болады. Яғни осы қосылу арқылы енді елдегі жоғарыдағыдай жайылымдықтарға халықаралық деңгейде мән беріліп, фаунасы мен флорасын сақтауға үлкен септігі тиюі тиіс. Дегенмен де, сөз басында айтып кеткендей, жобасы жаңа жасалып жатқан Ұлттық жоспардың директоры және Су қорлары жөніндегі құзырлы комитет төрағасы Әмірхан Кеншімовтің айтуынша, бүгінге дейін Қазақстандағы су қорлары жөнінде жүйелі түрде бағдарлама жасалмапты. Терең зерттеуді қажет ететін бұл күрделі мәселе енді ғана қолға алынып отыр екен. Ендеше, Қазақстанның аграрлы ел екенін, қазірдің өзінде судың ең көп тұтыну үлесінің: 76,5 пайызы ауыл шаруашылығына тиесілі екенін еске тұтсақ, бізге суға қатысты саясатта сақ болмасқа әрі асықпасқа болмайды.

ІІ.2 Судың сандық мөлшерінің сарқылуы

Қазір адам әр түрлі су көздерінен алып, тұщы судың табиғи қорының 0,1-0,15%-ын пайдаланады. Су - 00 С суықта қатып, 1000 С-та қайнайды. Судың болмашы мөлшерінің алынуы сырт көзге судың жетіспеуін туғызбау керек сияқты. Бүкіл гидросферада судың таусылуы мүмкін емес, бірақ бұл мәселе аймақтық тұрғыда болуы мүмкін. Тұтас алғанда адамзат шамамен 3 млн.км (куб) суды пайдалана алады. Т абиғи су көздерін пайдаланған- да су ресуртарының қайта қалпына келу жылдамдығын есепке алу қажет .Көл сулары орташа шамамен 17 жылда , жерасты сулары тек 1400 жылдан соң қалпына келеді. Жер астының терең қабаттарындағы су қоры тіпті қалпына келмейді. Себебі атмосфера - жауын-шашын - құрлық - зат жұйесіндегі зат алмасуға қатыспайды. Қазіргі кезде ең таза болып есептелетін жер асты сулары олардың қорының көп болыуна қарамай тез таусылуы мүмкін. Техникалық және экологиялық жағынан ең тиімдісі - жылдам қайта келуі, жеңіл алынуы, территорияда салыстырмалы бірқалыпты орналасуы, жоғары дәрежеде өздігінен тазаруға қабілетіне байланысты өзен сулары болып табылады. Қазіргі кездегі суды пайдалану негізінен өзен көздерінен алынады. Адам ағзасындағы судың үлесі 60%-ға жуық бірақ жекеленген мүшелер мен ұлпаларда ол 1-96% дейін ауытқиды. Табиғи экожүйелердің тіршілігіндегі судың маңызы туралы онда түзілетін өнімнің су сыйымдылығына қарап, қорытынды жасауға болады. Ол транспирациялық коэфицент арқылы сипатталуы мүмкін. Бидайдың 1 тоннасын алуға 2500 т су, күрішке - 4560 т, мақтаға - 10000 т, сиыр етіне - 30000 т су жұмсалады.
Қазіргі дүние жүзі бойынша пайдаланылатын судың жалпы мөлшері 4000 км3 (4 трлн.м3) жақын. Судың негізгі бөлігі өнеркәсіпте, ауыл шаруашылығында және басқа да салаларда қолданылады. Қайтымсыз суды қолдану негізінен суармалы егістікке тән .бұл жерде 60-70% және одан да жоғары. Бұл кезде суды пайдаланудың негізгі мақсаты судың максималды булануымен байланысты және ол судың берілген аймақтың су алмасуына шығарылуына әкеледі. Судың жетіспеуі өзен ағыстарының біртекті болмауы нәтижесінде де орын алады. Оның негізгі көлемі су тасу кезінде байқалады (қоңыржай белдеулердің жазық аудандарында - көктемде, тауда - мұздықтардың еруі кезінде, жазда, экватор маңында - жауынды кезінде). Ағыстың уақытында әрекеттілігін нейтралдау үшін су қоймаларына су қорын жинайды. Бірақ бұл кезде де өзіндік теріс әсері болады. Олар ылғал айналымының бұзылуымен, жерлерді алу, су қоймасын бетіне судың көп булануы және т.б. құбылыстармен байланысты. Олай болса Жердегі тұщы су қорының көп болуына қарамай, адам мен көптеген экожүйе үшін судың жетіспеуі. Ол судың жекеленген категорияларының баяу қалпына
келуіне кеңістікте біртекті емес таралыуна уақыт бойынша су қорының динмикалығының, қайтымсыз пайдалану және т.б. құбылыстармен байланысты болады. Уақыт өте келе судың жетіспеуін болдырмау жолдарын іздеу қажет.

2.3 Су қорының ластануы

Дүниежүзілік жүзілік су қорларының ластануы бүкіл адамзат қауымын алаңдатып отыр. Бұл мәселе Қазақстанға да тән. Судың ластануы көп түрлі әрі ең соңында су экожүйесін бүлдірумен аяқталады.
Су айдындарының ластануын былайша топтайды:
Биологиялық ластану: өсімдік, жануар, микроорганизмдер және аш биімді заттар;
Химиялық ластану: уытты және су ортасының табиғи құрамын бүлдіретіндер;
Физикалық ластану: жылу - қызу, электромагниттік өріс, радиактивті заттар.
Судың сапасы, ластану деңгейі үнемі бақылауға алынып отырады. Судың құрамындағы химиялық қоспалар, тұздық құрамы, еріген бөлшектер, температура әр түрлі болуы мүмкін.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы ауыз судың жүзден астам сапалық көрсеткішін ұсынған. Ал Қазақстанда ауыз су сапасы Мем СТ 287482 бойынша 30 түрлі міндетті көрсеткішпен анықталады. Су бассейнінің ластануының негізгі себептері - тазартылмаған ағын суларды өзен - көлдерге жіберу. Бұған жол беретіндер:
Тұрғын - үй коммуналдық шаруашылықтар;
Өнеккәсіп орындары;
Ауыл шаруашылығын химияландыру;
Халық шаруашылығының басқа да салалары.
Ағын суларға құйылатын лас сулар да бірнеше топқа бөлінеді. Оларды қоспалар ( ерімейтін, коллоидты, еритіндер ), лас сулар ( минералдық, органикалық, бактериалық, биологиялық ) деп жіктеледі. Лас сулардың ішінде тұрмыстық сарқынды суларда органикалық заттар 58 % , минералдық заттар 42% - тей болады. Өнеркәсіпте пайдаланылатын сулар мен синтетикалық жуатын заттар мен судың ластануы өте қауіпті. Бұл заттар - химиялық ластану көздері. Соның ішінде сулы экожүйелердің пестицит, гербицид және басқа да химиялық улы препараттармен ластануы Қазақстанда кең етек алған. Мәселен, мақта мен күріш, жеміс - жидек, бау - бақша, теплица ( жылы жай ) зиянкестеріне қарсы бұрынғы Кеңес өкіметі кезеңінде өте көп химиялық заттар қолданылған. Нәтижесінде су ластанып, оның сапасы мен микрофлорасы және микрофаунасы, ірі хайуанаттар, құстар зардап шеккен. Өз кезегінде химиялық заттардың зиянды қосылыстары азық-түлікпен адам организміне кері әсерін тигізеді.
Қазіргі кезде ашық өзен, көл суларымен қатар жер асты сулары да сарқынды, шайынды сулармен және еріген зиянды заттармен ластанып отыр.
Негізгі ластаушы көздері мыналар:
Өнеркәсіп өнімдерін сақтайтын қоймалар;
Химиялық заттар және тыңайтқыштар;
Жер асты суымен жалғанатын құбырлар;
Ірі құрылыс учаскелері;
Сүзгі алаңдар, бұрғы - скважиналар болып табылады.
Жер асты суларында әр түрлі жұқпалы ауру тарататын микробтар, вирустар кездеседі.
Қазақстан жағдайында өзен - көлдердің ластануы көбінесе өнеркәсіп шоғырланған аймақтарда, полигондар мен мұнай - газ өндіретін жерлерде жаппай сипат алуда. Өзендердің ішінде Ертіс су алабы Өскемен қорғасын - мырыш комбинаты, Лениногор қорғасын зауыты, Березов кені, Зорян зауыты секілді өндіріс орындарының сарқынды лас суларымен ластануда. Су құрамында қорғасын, мырыш, сынап т.б. ауыр металдар шекті мөлшерден асып кетуі жиі байқалады.
Іле - Балқаш бассейні суының сапасы да мәз емес.

Балқаш экологиясының ахуалы.

Балқаш көлі - Қазақстандағы ең ірі экожүйелердің бірі. Көл Балқаш - Алакөл ойысында орналасқан. Көлемі - 501 мың км2, ұзындығы - 605 км, ені - 9-74 км аралығында. Ал ең терең жері - 26 метр. Бұл көлдің 1970 жылдардағы сипаты болса, ал қазір мүлдем басқаша. Жетісу өзендерінің ішінде Іле, Қаратал, Ақсу және Лепсі өзендері Балқашқа құяды. Балқаш көлі шөлейт және шөл табиғат белдемдерінде орналасқандықтан, оның климаты шұғыл континентті болып келеді. Су айдынының булануы өте жоғары. Осыған байланысты судың деңгейі тез өзгеріп отырады.
Ұзақ жылдар тіршілігі тұрақты болып келген су айдынының қалыпты жағдайы өзгере бастады. Балқаш көлінің экологиялық жағдайының нашарлау себебі Қаратал, Лепсі, Ақсу, өзендерінің мол суының Балқаш көліне жетпей суармалы егістерге жұмсалуынан. Оның үстіне бұрынғы кездерде Аягөз, Биен, Сарқанд және Басқан өзендері Балқашқа құйып, оның табиғи су деңгейін сақтап отырған. Ал қазір бұл өзендер Балқашқа құймайды. Аталған антропогендік Балқаш көлінің жағдайын шиеленністіріп жіберді. Балқаш экожүйесінің одан әрі нашарлауына Іле өзені бойына салынған Қапшағай суқоймасы да әсер етеді. 1970 жылы Қапшағай суқоймасындағы Іле өзенінің суын бөгейтін Қапшағай бөгеті салынды. Оған қосымша Іле өзенін қоректендіріп отырған Шелек өзені Барторғай бөгетімен бөгеліп онда көлемі 300 мың м3 су жинақталды. Осылайша Үлкен Алматы каналы (БАК) салынды. Каналдың салынуына Шелек өзені Ілеге құюын тоқтатты.
Іле - Балқаш алабының ауыл шаруашылығында барынша пайдалануымен 1965-1990 жылдар аралығында Балқашқа құятын судың көлемі 25%-ға азайды. Іленің орта ағысы мен төменгі сағасында Шарын күріш, Шеңгелді көкөніс, Ақдала күріш алқаптары пайда болды. Осының бәрі Іле-Балқаш су алабының табиғи жүйесінде қалыптасқан тепе-теңдік заңын бұзды.
Балқаш экожүйесінің бұзылуы зардаптары. Іле - Балқаш экожүйесіндегі өзгерістер(әсіресе Қапшағай төменгі бөлігі) өте сирек кездесетін Іле тоғайын, өзен жағасындағы шұрайлы жайылымдар мен оның сағасындағы қамыс- қоғаның жойылуына себепші болды. Көлдің жағалаулары кеуіп, тұзды шаң жиі көтерілді. Ауа райы өзгеріп, қуаңшылық пен аңызақ желдер үдеді. Балқаш көлі соңғы жылдары 2 метрге жуық төменлеп отыр. Сонымен көл жағалаулары батпақтанып, сорланып, тақырлар мен шөлдерге айналуда. Іле - Балқаш экожүйесіннің фаунасы мен флорасы зардап шегуде. Балық аулау соңғыжылдары 5 есе төмендесе, уылдырық шашу (Қапшағай су қоймасы) тіпті азайды. Сонымен қатар ьалықтардың Іле бойындағы егіс, көкөніс алқаптарында пайдаланылған пестицидтер, гербицидтер және минералды тыңайтқыштар қалдықтарымен улануы жиі байқалуда. Іле - Балқаш алабы ит мұрын батпайтын тоғайлар, кішігірім көлдер, аралдар, аңдар мен құстар мекені болатын. Әсіресе 1960 жылдары жылына 1,5 млн-ға жуық бұлғын терісі дайындалатын болса, қазір бұл шаруашылық жойылған. Іле бойында және көл жағасындағы тіршілік ететін құстардың түрлері де азайып кеткен. Қызыл кітапқа енген аққу, бірқазан, көкқұтан, т.б. құстар қазір өте сирек кездеседі. Іле - Балқаш алабы Қазақстандағы тарихи-табиғи ескерткіштерге бай өлке. Бұл өңірде Шарын тау өзені мен оның бойындағы Шарын тауларындағы тастағы таңбалар мен тас мүсіндер және көне қорғандар жүйесі, Әнші құм атты табиғат туындысы, Алтынемел ұлттық саябағы, Қербұлақ сияқты қорыққорлар бар. Жетісу деп аталатын бұл аймақта 3 млн. Астам халық тұрады. Ең ірі қалалары- Алматы, Талдықорған, Жаркент. Бұл өңірдегі экологиялық ірі мәселелер қатарына Балқаш көлі бойындағы Балқашмыс комбинаты, Приозер, Ақсүйек кен рудаларын байыту кешендері, Сарышағаш полигоны және Текелі қорғасын-мырыш комбинаттары осы аймақта тұратындарға өз зардабын тигізіп отыр. 1999 жылы Балқаш көлін құтқару, оның бүгінгісі мен болашағы атты халықаралық деңгейде форум өтті. Онда Балқаш көлін құтқару мәселелері қаралып, нақты шешімдер қабылданды. Оның негізгілері:
1. Іле өзені бойындағы өндіріс орындарында суды тиімді пайдалануды реттеу.
2. Қапшағай суқоймасынан Балқашқа жіберілетін судың үлесін тұрақтандыру.
3. Ақдала және Шарын массивтерінде күріш алқаптарын азайту.
4. Жер асты суларын пайдалануды жүзеге асыру.
5. Суармалы жерлердің көлемін шектеу.
Балқаш көлін құтқару бүгінгі күннің талабы. Арал мен Балқаш сияқты су экожүйелерінен айырылу Қазақстанла ғана емес Еуразияны да бұрын соңды болмаған экологиялық апаттың ошағына айналдыруы мүмкін. Сондықтан әрбір табиғи экожүйені көздің қарашығындай сақтау мен қорғау адамзат баласының парызы.
Соңғы жылдары Каспий теңізінде мұнай өндіруге байланысты және теңіз денгейінің табиғи көтерілуі аймақтың экологиялық тыныс-тіршілігін шиеленістіріп отыр.
Каспий теңізінің экологиялық ахуалы.

Ескі тарихи атаулары: Каспи, Гиркан, Хвалын, Хазар. Дүние жүзіндегі ең ірі тұйық су айдыны, үлкендігіне қарап теңіз деп атайды.
Каспий теңізі - жер шарындағы бірден - бір тұйық су айдыны. Оның көлемі - 380 мың км2. Каспий теңізі солтүстіктен оңтүстікке дейін 1030 км, батыстан шығысқа дейін 196-435 км аралықты қамтиды. Солтүстік шығыс бөлігінің климаты континенталды, ал оңтүстік батысы субторпикалық климатты құрайды. Каспийдің солтүстік жағалауы таяз, көбіне қайраңдардан тұрады. Каспий теңізі Еуропа және Азия континентерінің түйіскен жерінде орналасқан.Қазақстанға тиесілі ұзындығы 2340 км (солт.жағалауының басым бөлігі және шығыс жағалауының солт. жартысы) қалғаны Ресей, Әзербайжан, Түрікменстан және Иран жерімен шектеседі. Беті мұхит денгейінен 28 м төменде жатыр. Ең терең жері 1025 м, орташа тереңдігі 180 м. Каспий қайраңы өте ерекше табиғат туындысы әрі өсімдіктер мен жануарлардың қолайлы ортасы. Мұнда Қызыл кітапқа енген өсімдіктер мен жануарлар көптеп кеэдеседі. Тұйық су айдыны болғандықтан мұндағы организмдердің басымы ендемиктер. Теңіздің құнды байлықтарының бірі - бекіре тұқымдас балықтар. Олардың 5 түрі тіршілік етеді. Бекіре тұқымдастардың дүние жүзілік қорының 70 %-ы осы теңіздің үлесіне тиетіні мақтанышпен айтуға болады. Каспий ойпаты өзінің табиғат ескерткіштерімен, фаунасы мен флорасының көптүрлілігімен ерекшеленеді. Мұнда өсімдіктердің 945, балдырлардың 64, фитопланктондардың 414, зоопланктондардың 100 астам түрі тіршілік етеді. Каспий теңізі кәсіптік балықтарға да бай. Теңізде балықтың 76 түрі кездеседі. Каспий теңізі жыл құстарының да сүйікті мекені. Теңіз жағалауларында 3-3,5 млн құстар қыстап қалса, ал жыл құстарының сангы 10 - 12 млн-ға жетеді.
Каспий теңізінің экологиялық жағдайы соңғы жылдары су денгейінің көтерілуімен байланысты. Каспий теңізінің бірде көтеріліп, бірде тартылуы жердің табиғи-тарихи эволюциясына байланысты. Тарихи деректер бойынша 1820-1930 жж аралығында Каспий теңізінің су денгейі көтеріоген. Оның себептері ауа райының құбылысымен және антропогендік факторлармен түсіндіруге болады. Еділ өзені теңізге қиятын барлық судың 80% құрайды. Сондықтан теңіз суының толысуы Еділ өзенімен тығыз байланыста болды. Соңғы жылдары теңізден Қарабұғазкөл шығанағын бірде бөліп, бірде қосу адам баласының Каспий экожүйесіне батыл аралысуы еді. Осы әрекеттердің бәрі Каспий теңізінің байырғы қалыптасқан табиғи тепе-теңдігін бұзған адамның теріс іс-әрекеттері ретінде қабылданды. Теңіз суының ырғақты ауытқуы табиғаттың заңдылығы екенін адам баласы кейін түсінді. Мәселен, 1940-1950жж теңіз денгейінің төмен түсуін антропогендік факторларға жатқызады. Оның да себебі бар еді. өйткені осы жылдары теңізге құятын су мөлшері Еділден12%-ға, Жайықтан 24%-ға, ал Теректен 60%-ға төмендеген. Осы факторлады ескеріп теңіз суы денгейінің азаюын тежеу мақсатымен 1980ж Қарабұғазкөлді теңізден бөлу үшін ұзындығы 100м табиғи бөгет салынды. Бөгет салынған бұғаздың суы небәрі 3-ақ жылдың ішінде кеуіп кетіп, айналасына теңіз тұзы аралас шаң-тозаңдар тарады. Әсіресе теңіздің түбінен тұз өндірушілерге қиындық туды, тұздың сапасы төмендеп кетті. Өйткені Қарабұғазкөл елімізге тұз өндіретін бірден-бір ірі Қарабұғазсульфат комбинатымен әлемге әйгілі еді. 1978ж бастап теңіз денгейі өздігінен көтеріле бастады. Ғасырдың аяғында оның деңгейі 3 м жуық көтерілді. Судың көтерілуінен 100 астам мұнай бұрғылары, ондағы мұнай қоймалары, 6 мұнай - газ кешені, жүздеген елді мекендер коммуникациялық желілер өнеркәсіп орындары су астында қалды. Барлық ластағыш заттармен мұнай теңіз суына араласып, оның аймағы 300 мың га жетті. Кеінгі жылдары теңіз суының көтерілуінің табиғи процес екені дәлелденді. Каспий теңізінің көтерілуі оның маңындағы мемлекеттерге көптеген проблемалар туғызып отыр. Теңізге келіп түсетін атмосфералық жауын - шашын мөлшері тым аз. Ол теңіз деңгейін 1 см - ге ғана көтереді. Теңіз деңгейінің көтеріліп немесе төмендеп түсіп отыруының себептері туралы көптеген болжамдар бар. Олардың негізгілері: ғаламдық геологиялық құбылыстар және теңіздің аймақтық ерекшеліктері. Соңғы кездегі ең жоғарғы деңгей ( +22,5 м ) ХІХ ғасырдың басында, ең төмен деңгей ( 29 м ) 1977 жылы байқалған. Теңіз айдыны кей жерлерде 100 км-ге дейін кеңіп, көптеген мұнай өндірісі нысандарын, шабындықтарды, жайылымдарды, жолдарды су басты. Каспий теңізінде балық аулау кәсібі жақсы дамыған.Теңізден бекіре тұқымдастары, майшабақ, табан, торта, көксерке, сазан, килька көптеп ауланады. Каспий теңізінде қара уылдырық өндірілетін су айдындары арасында дүние жүзі бойынша алдыңғы орындардың бірінде.

Каспий экологиясы

Каспий теңізінде мұнай - газ өндіру және мұнай өңдеу кешендерінің дамуына байланысты Қазақстанның батыс өңірінде қалыптасқан табиғи, әлеуметтік, экономикалық және экологиялық жағдай. Каспий теңізі әлемдегі шаруашылық маңызы зор ең ірі тұйық су алабы. Жыл бойына Каспий теңізінің деңгейі желқума - желбөгет құбылыстарының нәтижесінде 0,5 -1 метрге дейін ауытқып отырады. 1837 жылы - 1990 жылдары жүргізілген бақылау жұмыстарының нәтижесінде Каспий теңізінің су деңгейі мөлшерінің айтарлықтай өзгеруі 1930 және 1980-1990 жылдары аралығында сәйкес келетіні анықталған. 1929-1941 жылдары су деңгейі 2 метрге төмендесе, 1977 жылдары бұл көрсеткіш ең төменгі абсолют мөлшеріне ( -29,01 м )жетті. 1978-95 жылдары су деңгейі 2,35 метрге қайта көтеріліп, 1995 жылы бұл көрсеткіш 26,66 метр болды. Су астында қалу қаупі әсіресе Каспийдің Солт.-Солт. Шығыс жағалауындағы мұнай кен орындарына төніп отыр.су астына қалу қаупі төніп отырған 43 мұнай кен орындарының 32-і Атырау, ал 11-і Маңғыстау олыстарында орналасқан.Су деңгейінің тұрақсыздығы - климаттың өзгеруінен теңіз суының молаюына байланысты болып отырған құбылыс. Судың тұздылығы 0 - 12 промиль. Каспий теңізі морфологиялық жағдайына байланысты Солтүстік Каспий, Орталық Каспий және Оңтүстік Каспий болып бөлінеді. Теңіздің қазақстандық бөлігі - солтүстік шығыс жағалауы Атырау және Маңғыстау облыстарының аумағында. Солтүстік Каспий теңізінің басқа бөліктерінен өзінің алып жатқан географиялық орны, теңіз түбінің құрылымы, тұздылық және температуралық режимі, су теңгермесі және т.б. бойынша ерекшеленеді. Оңтүстік және Орталық Каспийге қарағанда таяз. Солтүстік Каспий бөлігінің аумағы 80 мың км2 . Оған келіп құятын өзендердің жылдық су ағымының жиынтығы - жалпы Каспийге құятын барлық өзен сулары ағымының 88 %-ін құрайды. Теңіздің бұл бөлігі жануарлар дүниесі мен өсімдіктер әлеміне бай. Мұнда жануарлардың 2000-ға жуқ түрі ( оның ішінде омыртқасыздар - 1069, омыртқалылар - 415, паразит жануарлар - 32 ) тіршілік етеді .Теңіз фаунасының негізін эндемик жануарлар ( шаян тәрәзділердің 60%-і, маллюскілердің 80%-і, балықтардың 50%-і )құрайды. Каспий теңізінің балық қоры 2,9 млн теңге болса, оның 40%-і солтүстік Каспий бөлігінің үлесіне тиеді. Каспий теңізі - ежелден балық ауланатын маңызды су айдыны. Бекіре тәрізділердің дүние жүзілік өнімнің 90%-і осында ауланады. Соңғы кезде балықтардың уылдырық шашатын жерлеріне жетуге кедергі келтіретін өзендерге салынған бөгеттер, судың радиациялық және химиялық жолмен ластануы және қаскөйліктің ( браконьерлік )етек алуы бекіренің қорын азайтуда.Сондай-ақ мұнда қорытпа, пілмайдың жылдан-жылға саны кеміп бара жатыр. Каспий миногасы, Еділ майшабағы, Каспий албырты, ақбалық,күтім - Қазақстанның Қызыл кітабынат еңгізілген. Қазіргі заманның балық шаруашылығы - балық аулауды реттеу, аса бағалы балық түрлерін (бекіре, қортпа,шоқыр және пілмай) табиғи және жасанды жолмен көбейту жұмыстарына негізделген. Жыл сайын 11 балық зауыты (Ресейдің, Әзербайжанның, Қазақстанның) Каспий теңізіне 75 млн. балық шабақтарын жібереді. 1998 жылданберіАтыраудағы 2 балық зауыты жылына 6 млн. бекіре балығының шабағын дайындайды. Балықтар уылдырығын тұщы суға шашады, қор жинау үшін тұзды суға шығады. Солт.- Шығыс Каспий аумағында құстардың 278 түрі мекендейді. Сонның ішінде Қазақстанның және Ресейдің Қызыл кітабына еңгізілген өте сирек кездесетін қалбағай, қарабай, сары құтан, бұйра бірқазан, т.б. бар. Ал Каспий итбалығы тек қана Каспий теңізінде тіршілік ететін сүтқоректі. 1920 ж. 1 млн.-нан астам итбалықтын 120 мыңыауланған болса, 1980жылдың аяғында 360-450 мыңға дейін азайған итбалықтын 27 мыңы, 1990ж.-13,8 мыңы, 1996 ж. -8 мыңы ауланған. 2000 ж. сәуір - тамыз айларында індеттен олардың 15 мыңы қырылды.
Каспий ойпатында өсімдіктің 88 тұқымдас, 371 туысқа берігетін 945 түрі өседі. Соның ішінде 357 түрі жоғары сатыдағы өсімдіктерге (25 түрі эндемиктер)жатады, 6 түрі - Қазақстанның Қызыл кітабына еңгізілген. Құрлықта негізінен гүлді өсімдіктер, ал суда балдырлар (64 түрі) кездеседі. Солт. Каспий жағалауының әсем табиғатына, оның экологиялық жағдайына атмосфераның, топырақ жамылғысының, судың ластануы үлкен қауіп төндіруде. Атмосфераның ластануына мұнай-газ өндіретін және оны қайта өңдейтін кәсіпорындар әсер етуде. Мысалы, 1998 ж. Атырау облысы бойынша атмосфераға 135,1 мың т зиянды заттар (оның ішінде 132,8 мың т газ тәріздес заттар, 2,3 мың т қатты заттар) шығарылған. Бұл улы заттарды атмосфераға, негізінен ескі технологиялық жабдықтармен жабдықталған 3,5 мың мұнай ұңғымасы шығарады. Мұнай кәсіпшілігінің ең басты экологиялық проблемасы - ілеспе газды іске жарату. Қазір жылына 800 млн.3 газ ауада жанады (2001). Атырау, Маңғыстау аймақтарында техниканың ескілігінен бұрғы-скважиналардың бүлінуі, мұнайдың жерге, суға төгілуі қоршаған ортаға зиянын тигізуде. Жерге сіңген мұнайдың қалындығы 10 метрге жетіп жер асты суына қосылуда. Қазір мұнаймен ластану аймағы 200 мың га алып жатыр. Қоймаларда 200 мың тонна мұнай қалдығы, 40 мың тонна көмірсутегі жинақталған. Мұнай кен орындарында мұнай онімдерін өңдеу кезінде мұнай мен қалдық сулардың топырақ пен грунтқа төгілуі оларды ластайды.
Солт.Каспий жағалауының мұнай өнімдері қалдықтары мен ластанған аумақ
194 мың га жерді алып жатса, төгілген мұнайдың мөлшері 1 млн.тоннадан асады(2001). Теңіз деңгейінің көтерілуіне мұнайдың теңізге төгілуіне байланысты теңіз суының құрамында мұнай өнімдерінің қалдықтары, фенол, хлорлы органикалық пестицидтер, аммонилы азот,ауыр металдардың мөлшері рұқсат етілген шектен бірнеше есе жоғары екені анықталған. Судағы мұнай өнімдерінің ең жоғарғы концентрациясы мамыр - шілде айларында байқалады. Теңіз жағалауының мұнай өнімдерімен, улы газдармен ластануы планктондар мен теңіз суында тіршілік ететін жануарлар мен өсімдіктердің жаппай жойылуына әкелуде. Теңіз түбіндегі шөгінділердің мұнай өнімдерімен ластануы бентостық тіршілік ететін организмдер мен моллюскілерге, сондай-ақ, су құстары мен балықтарға да зиянын тигізуде.
Мысалы, 1900 жылмен салыстырғанда Каспий теңізінде балық аулау 3 есеге, яғни 500-600 мың т-дан 180 мың т-ға дейін азайды. Теңіз суының ең қауыпты ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тіршіліктің пайда болуы
Эволюциялык идеялар
Судың ластану мәселесі
Су-тіршіліктін қажетті шарты, тіршілік факторы
Су ресурстарының экологиялық проблемалары
Табиғаттағы түрлердің өзгергіштігі
Тірінің құрылымдық негізгі деңгейлері
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы туралы ақпарат
Ұжымның жеке адамға ықпалы
Тіршіліктің пайда болуы және таралуы.
Пәндер