Бағалы қағаздар түрі мен олардың жіктелуі



І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Бағалы қағаздар мәні.
1.1. бағалы қағаздар түрі мен олардың жіктелуі.
1.2. бағалы қағаздармен операциялардың есебі.
2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім алу тәртібі.
2.1. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.
2.2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу статистикасы.
Қорытынды.
Қосымшалар.
Пайдаланылған әдебиеттер.
Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп мүліктік құқықты бекітілген нысанды және міндетті деректемелерді сақтай отырып куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б) немесе құжат иесімен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты куәландыратын ақша құжаты.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларында инвестициялар туралы куәландыратын құжат ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе, бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны ретінде басты рөлде ойнайды.
Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге, коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі көрсетілетін құжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті- олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе қатыспайды.
Сонымен қатар, бағалы қағаздар өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат, стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда қатысуын атамай өтуге болмайды.
1. Ғ.С. Баймұханова
2. Ә.Ж. Балапанова
3. Сейітқасымов

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 33 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
І. Кіріспе.

ІІ. Негізгі бөлім.
1. Бағалы қағаздар мәні.
1. бағалы қағаздар түрі мен олардың жіктелуі.
2. бағалы қағаздармен операциялардың есебі.
2. Бағалы қағаздар нарығында кәсіби қызметті жүзеге асыру үшін келісім
алу тәртібі.
1. Бағалы қағаздар нарығын реттеу.
2.2. Бағалы қағаздар нарығын реттеу статистикасы.
Қорытынды.
Қосымшалар.
Пайдаланылған әдебиеттер.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Ғ.С. Баймұханова
2. Ә.Ж. Балапанова
3. Сейітқасымов

ІІ.1. Қазақстан Республикасы Азаматтық кодексі бойынша бағалы қағаздар деп
мүліктік құқықты бекітілген нысанды және міндетті деректемелерді сақтай
отырып куәландыратын құжат.
Бағалы қағаздардың экономикалық мәнін ашуда құжаттың бағалы қағаздар
мәртебесіне ие болуы үшін қосымша сапаларын анықтау қажет.
Біріншіден, бағалы қағаздар өз кезегінде меншік титулы нысанында мүліктік
құқықты (корпорация акциялары, вексельдер, коносаменттер және т.б) немесе
құжат иесімен оны шығарушы тұлға арасындағы қарыздық қатынасты
куәландыратын ақша құжаты.
Екіншіден, бағалы қағаз қорларында инвестициялар туралы куәландыратын құжат
ретінде қызмет етеді. Бұл әсіресе, бағалы қағаздардың рөлі мен экономикалық
мәнін түсіну үшін өте маңызды. Бұл жерде олар инвестицияның жоғары нысаны
ретінде басты рөлде ойнайды.
Үшіншіден, бағалы қағаздар – бұл нақты активтерге (акцияларға, чектерге,
коносаменттерге, тұрғын үй сертификаттарына және т.б.) талап етуі
көрсетілетін құжаттар.
Төртіншіден, бағалы қағаздардың экономикалық мәнін түсіну үшін маңызды сәті-
олардың табыс әкелуі болып табылады. Алайда, мұндай капиталдың нақты
капиталдан айырмашылығы бар: ол өндірістік үдерісте қызмет етпейді немесе
қатыспайды.
Сонымен қатар, бағалы қағаздар өтімділік, айналымдылық, нарықтық сипат,
стандарттылық, сериялық сияқты сапалық қасиеттерімен азаматтық айналымда
қатысуын атамай өтуге болмайды.
Өтімділіктің астарында бағалы қағаздардың сатылуы нәтижесінде ақша
қаражаттарына айналу мүмкіндігі жатыр. Ол үшін бағалы қағаз нарықта
айналыста болуы қажет. Бағалы қағаздардың айналымдылық қасиеті алу сату
негізінде (акция, облигация және т.б.) немесе басқа тауарлар нарығымен
(чектер, вексельдер, коносаменттер, жекешелендіру құжаттары) айналымды
байланыстырып, төлем құралы ретінде іске асырылады. Бағалы қағаздар ерекше
тауар ретінде, яғни, өзінің тиесілі ұйымдары және онда жұмыс істеу
ережелері бар нарығы болуы керек. Алайда бағалы қағаздар нарығында
сатылатын тауарлар ерекше тауарлар болып табылады. Себебі, бағалы қағаздар
– бұл тек меншік титулы, табыс алуға құқық беретін, бірақ нақты капитал
алуға құқығы жоқ құжат. Бағалы қағаздар нарығының оқшаулануы олардың озық
сапасымен анықталады.
Бағалы қағаздар нарығы басқа нарықтар сияқты күрделі ұйымдық және
техникалық циклдардың толықтығы мен аяқталғандығын жоғары деңгейімен
ұсынады. Онда бағалы қағаздар баға кешенін қолдану арқылы сатып алу-сату
заты ретінде пайдаланылады. Бұл жай тауарлардан ерекшеленеді.
Бағалы қағаздардың айналымға түсу уақыты мен әдісіне байланысты олардың
нарығы алғашқы және екінші болып бөлінеді. Алғашқы нарықта жаңадан
шығарылған бағалы қағаздарды олардың алғашқы иемденушілеріне сатады.
Екінші нарықта бағалы қағаздардың айналысы, яғни олардың иемденушілерінің
ауысуы. Бағалы қағаздардың атаулы (атаулы құн –оларды шығару кезінде
анықталатын бағалы қағаздар құнының ақшалай көрінісі), эмиссиялық және
нарықтық бағасы болады.
Атаулы баға дивиденттерді, пайыздарды есептеу базасы ретінде нақты есептік
мәні бар және одан кейінгі есеп айырысуларда қолданылады. Эмиссиялық баға –
бағалы қағаздарды алғашқы орналастыру кезіндегі сатылу бағасы. Ол
табыстылық және несиелік пайыз деңгейімен анықталады. Нарықтық баға
бағалы қағаздардың екінші нарықта айналу бағасы. Оның көлеміне сұраныс пен
ұсыныстың арақатынасы әсер етеді.
Сонымен бағалы қағаздар шаруашылық қызметте қолданатын әр түрлі құжаттардың
жиыны. Сонымен бірге олар өздеріне тиісті жалпы бір белгілері онда
көрсетілген мүліктік құқты өткізу үшін ұсыну қажеттілігімен
біріктіріледі. Бағалы қағаздарды иемденудің мақсаты табыстылық,
өтімділік және қаржыландыру кезінде қажеттіліктерді қанағаттандыру болып
табылады.

ІІ.1.1. Бағалы қағаздардың түрі түсінігінде бағалы қағаздарға тиісті жалпы
және бірдей белгілердің жиынтығы. Бағалы қағаздар жіктелуін және бағалы
қағаздар түрлерінің жіктелуін айыра білу керек. Бағалы қағаздардың
жіктелуі мен бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуін бөліп қарастыруға
болады.
Бағалы қағаздардың жіктелуі – бұл бағалы қағаздардың өздеріне тиісті
белгілері бойынша бөлінуі.
Бағалы қағаздар түрлерінің жіктелуі – бұл бір түрдегі бағалы қағаздарды
топтастыру; бағалы қағаздарды басқа да түрлерге бөлу. Өз кезегінде түрлерді
одан әрі бөлуге болады. Әрбір төменгі жіктеу жоғары тұрған жіктеудің
құрамына кіреді. Мысалы акция – бағалы қағаздардың бір түрі. Қарапайым
акция бір дауысты немесе көп дауысты, номиналмен немесе номиналсыз болуы
мүмкін.
Бағалы қағаздар жоғарыда айтылғандай белгілі бір сипаттың жиынына ие.
Уақыт сипаттамасы:
• Қызмет ету мерзімі: айналысқа қай уақытта шығарылады, қай уақыт
кезеңіне немесе мерзімсіз;
• Пайда болуы: басы өзінің бірінші негізінен келе ме немесе басқа
бағалы қағаздардан.
Кеңістік сипаттамасы:
• Қызмет ету нысаны: қағазды немесе заңды түрде айтқанда құжатты
нысан немесе қағазсыз, құжатсыз нысан;
• Ұлттық белгісі: отандық немесе басқа мемлекеттік, яғни шетелдік;
• Аймақтық белгісі: елдің қай аумағында шығарылған.
Нарықтық сипаттамасы:
• Бағалы қағаздар негізінде жатқан актив түрі немесе оның шығу
негізі (тауар, ақша, фирманың жиынтық активі және т.б.) ;
• Иемдену тәртібі: ұсынушыға, атаулы, ордерлі. Атаулы бағалы
қағаздар –онда көрсетілген тұлғаның құқығын куәландыратынын
көрсетеді. Ұсынушы бағалы қағаздары- құқық оны ұсынушы адамға
жатады. Ордерлі бағалы қағаздар – құқық онда аталған адамға
тиесілі.
• Шығару нысаны: эмиссионды, яғни ішінде барлық бағалы қағаздар
өздерінің сипаттары бойынша бірдей болып келетін бөлек сериялар
бойынша шығарылады немесе эмиссиялық емес.
• Меншік нысаны және бағалы қағаздарды нарыққа шығарушы эмитент
түрі : мемлекет, корпорациялар, жеке тұлғалар;
• Айналыс сипаты: нарықта еркін немесе шектеулі айналады;
• Бағалы қағаздар ұсынатын құқық түрі негізінде экономикалық
мәні;
• Тәуекел деңгейі: жоғары, төмен және тағы басқа;
• Табыс көзі: бағалы қағаздар бойынша табыстың қандай да болса
бөлігін төлей ме, жоқ әлде төлемей ме;
• Қаражат салымның нысаны: ақша қарызға немесе меншік құқығын
иемденуге қаржылана ма.
Бағалы қағаздар сонымен қатар мерзімді және мерзімсіз болып
бөлінеді.
Мерзімді – оларды шығару кезінде мерзімі белгіленетін бағалы
қағаздар. Әдетте мерзімді бағалы қағаздар үш түрге бөлінеді;
• Қысқа мерзімді, айналымда бір жылға дейін жүретін;
• Ұзақ мерзімді, айналымда бір жылдан жоғары мерзімде жүреді.
Мерзімсіз – айналым мерзімі шектелмеген бағалы қағаздар, яғни олар
шексіз қызмет етеді және бағалы қағаздар шығару кезінде өтеу
мерзімі көрсетілмейді.
Бағалы қағаздардың пайда болуының классикалық нысаны – қағаз,
яғни, бағалы қағаз құжат түрінде қолданылады. Бағалы қағаздар
нарығының дамуы бағалы қағаздардың көп түрінің, ең алдымен
эмиссиялық нысанын құжатсыз нысанға ауысуын талап етеді.
Инвестициялық (капиталдық) – капитал салымы үшін обьекті болып
табылатын бағалы қағаздар (акциялар, облигациялар, фьючерлік
келісімдер және т.б.)
Инвестициялық емес – тауар немесе басқа нарықта ақшалай есеп
айырысуға қызмет көрсететін бағалы қағаздар (вексельдер, чектер,
коносаменттер).
Қордың бағалы қағазы үш топқа бөлінеді:
• Мемлекеттік;
• Муниципалдық;
• Мемлекеттік емес.
Мемлекеттік бағалы қағаздар- мемлекеттің ішкі қарыздарының нысаны, эмитенті
мемлекет болып табылатын қарыздық бағалы қағаздар. Мемлекеттік бағалы
қағаздар ішінде қазынашылық вексельдер мен міндеттемелер, мемлекеттік және
жинақ қарыздарының облигациялары кең тараған.
Муниципалдық бағалы қағаздарға жергілікті өкімет органдарының қарыздық
міндеттемелері жатады.
Мемлекеттік емес бағалы қағаздар корпорациялық және жеке қаржы
институттарымен ұсынылады. Корпорацияға кәсіпорындардың, ұйымдардың,
банктердің қарыздық міндеттемелері мен акциялары жатады. Жеке бағалы
қағаздарға жеке тұлғалар шығаратын вексельдер, чектер жатуы мүмкін.
Нарықтағы айналым ерекшелігіне байланысты бағалы қағаздарды нарықтық
(айналымдық) нарықтық емес (айналымсыз) деп бөледі.
Нарықтық бағалы қағаздар екінші нарықта биржалық және биржадан тыс айналыс
шегінде еркін сатып алынуы және сатылуы мүмкін.
Нарықтық емес бағалы қағаздар бір қолдан екінші қолға еркін ауыспайды,
яғни оларда екінші айналыс болмайды. Бұл мынадай бағалы қағаздарға жатады,
мысалы, эмитент бағалы қағаздарды шығару кезінде тек эмитенттен басқа
адамға сатылмауы тиіс деген шарт қояды.
Сонымен қатар айналысы шектелген бағалы қағаздар туралы айтып кетуге
болады. Сатып алу-сату мәмілесі бойынша шектеулер жабық акционерлік
қоғамның акцияларына жатады.
Бағалы қағаздардың борышқорлық және иемденуші үлесіне бөлінуі өз кезегінде
ақша қаражаттарын пайдаланудың екі мүмкін тәсілдерін көрсетеді:
• әр түрлі активті меншікке алуға;
• уақытша пайдалануға.
Егер бағалы қағаздара салынған ақша сомасын қайтарып беру шартымен
шектелген мерзімге шығарылса, онда олар борышқорлық болып табылады. Бұл
облигациялар, банктік сертификаттар, вексельдер және т.б. иеленуші бағалы
қағаздар активтерге сәйкес меншік құқығын береді. Бұл акциялар, варанттар,
коносаменттер және т.б.
Эмиссиялық бағалы қағаздар ірі серияда және көп көлемде әрі әрбір серияның
ішінде ұқсас шығарылады. Бұл – акция және облигация.
Эмиссиялық емес бағалы қағаздар аз серияда немесе санаулы түрде
шығарылады.
Қазіргі әлемдік тәжірибеде қолданылатын бағалы қағаздар екі үлкен сыныпқа
бөлінеді:
1-сынып- негізгі;
2-сынып- туынды.
Негізгі бағалы қағаздар – қандай да болса бір актив (тауар, ақша, капитал,
мүлік, әртүрлі ресурстар және т.б.) негізінде мүлік құқығы жататын бағалы
қағаздар. Негізгі бағалы қағаздарға акциялар мен облигациялар жатады.
Туынды бағалы қағаздар – басқа бағалы қағаздар арқылы өзінің құнын айырады.
Туынды бағалы қағаздар – бұл ірі түрлі базистік активтермен бейнеленген,
мүліктік жағдайда негізделген ерекше әмбебап тауар. Туынды бағалы
қағаздарға фьючерстер, опциондар, форварттар, варанттар, своптар, споттар,
депозитариилік куәліктер және тағы басқалар жатады.
Туынды бағалы қағаздар қоғам капиталының белгілі бір бөлігіне тіркелетін
меншік құқын тұрақтандыруға қарағанда, туынды бағалы қағаздарды пайдалана
отырып, болашақ кезеңде орындалатын кәсіпкерлік табысты алуға құқықты
тіркейді. Олардан пайданы бағамдар айырмашылығынан немесе әртүрлі нарықта
бір активті бір уақытта сатып алу-сатудан алады.
Қазақстан Республикасындағы Акционерлік Қоғам туралы Заң негізінде
акционерлік қоғам акционерлердің жалпы жиналысының немесе қоғамның
директорлар кеңесінің шешімімен туынды бағалы қағаздарды, соның ішінде
бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықтарға сәйкес варанттарды да шығаруға
құқығы бар. Қоғам Қазақстан Республикасының сыртында да туынды бағалы
қағаздарды шығарып, орналастыруға құқылы. Коммерциялық емес ұйым болып
табылатын қоғам туынды бағалы қағаздар шығаруға құқығы жоқ.
Варрант акционерлік қоғам шығаратын және варантта бекітілген баға бойынша
бағалы қағаздардың белгілі бір көлемін одан сатып алу үшін ұстаушы құқығын
куәландыратын туынды бағалы қағаздар болып табылады. Қоғам акция және
облигация эмиссиясымен қатар варант шығаруға құқы бар. Варанттар бағалы
қағаздардан оларды шығарғаннан кейін бөлінеді және оларда көрсетілген
бағалы қағаздарды сатып алғанға дейін нарықта өз бетінше айналыста жүреді.
Варанттар бөлініп шықаннан кейін бағалы қағаздардың сатылу құны олардың
бағасына азайтылады.. Қоғам варантты қоғамның болашақтағы бағалы қағаздар
эмиссиясымен шығаруға құқы бар. Олар иемденушіге қоғамнан бағалы қағаздарын
варантта келісілген баға бойынша белгіленген кезең шегінде, кез-келген
уақытта алуға құқық береді. Варрант иемденушіге дауыс беру құқығын бермейді
және олар бойынша дивидент есептелінбейді.
Қоғам басқару органның шешімі бойынша опцион жағына шығарылатын бағалы
қағаздардың белгілі бір көлемін сатып алуға және сатуға артықша құқық
беретін опцион жасауға құқығы бар. Опционды жасау жағдайы және тәртібі және
олардың айналысы бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықпен реттеледі.
Туынды бағалы қағаздар санатына ең алдымен депозитариилік қолхаттар
жатады. Депозитариилік қолхат – бұл шетел эмитентінің бағалы қағаздар
бойынша шығарылған және елде еркін айналыста жүретін туынды бағалы қағаз.
Бұл инвесторлардың шетел эмитенттерінің бағалы қағаздарын иемдену үшін
қаржылық шығару шетел капиталының инвестициясының өсуімен, оларды тіркеу
қажеттілігінің болмауымен, оларды жергілікті салықты төлеуден босатумен
және барлық инвесторлар үшін қол жеткізілуімен байланысты. Депозитариилік
қолхаттардың келесі түрлерін бөліп қарастыруға болады.
• Американдық (ADR);
• Ғаламдық (GDR);
• Халықаралық (IDR);

ADR АҚШ нарығында айналады және долларлы номиналы болады., ал GDR
Американдық нарықтан басқа бірнеше нарықта сатылуы мүмкін және сонымен
бірге эмитентке дүниежүзілік нарық капиталын жаулап алуға мүмкіндік берді.
Әдетте Американдық банктер эмитенттерге акциялар қор нарығында бағаланатын
елдерде кастодиандық қызмет көрсетуді ұсынады. Осы атауға ие депозиттік
акция негізінде депозитариилік қолхат шығарылады. Америка құрама штаты
осында депозитариилік қолхаттың біршама ірі депозитариилік эмитент –
банктері Сити Банк Нью-Иорк “The bank of New York”, “Morgan Bank” болып
табылады. Ғаламдық депозитариилік қолхаттар тіркелуі, шығарылуы мүмкін,
олармен АҚШ ашық нарығында мәміле жасауға болады, сонымен қатар олар АҚШ-
тың негізгі қор биржаларында, сондай-ақ сол елдің шегінде бағаланады. GDR-
ді шығарғанға дейін банктер мен компаниялар алдымен АҚШта ADR шығаруы тиіс,
одан кейін батыс Европада осы екі нарыққа шығарудың алғашқы қадамы ретінде
IDR шығаруы керек.
Қазақстан Республикасында алғаш рет депозитариилік қолхат 1996 жылдың
басында ресейлік Альфа-банк филиалымен қолданылды. 1997 жылы Американдық
депозитариилік қолхатты Казкоммерцбанк, 1998 жылы Шнос Мұнай компаниясы
шығарды. Бұл компаниялардың ADR котировкасы барлық ірі қор биржаларында
жүргізіледі.
Банк өзінің қызмет етуін жүзеге асыру үдіресінде айналымға бағалы
қағаздардың келесі түрлерін шығарады:
• Акциялар;
• Депозиттік сертификаттар;
• Облигациялар;
• Бағалы қағаздардың басқа түрлері.

Акция – бұл акция иемденушісінің акционерлік қоғам капиталына
қатысқандығы туралы куәландыратын және оның иесіне осы қоғамның
пайдасының белгілі бір бөлігін дивидент түрінде алуға құқық беретін
акционерлік қоғам шығаратын бағалы қағаз.
Акциямен келесі құқықтар байланысты:
- белгілі жағдайда пайдаға қатысу (дивидентке құқық);
- акционердің жалпы жиналысына қатысу;
- акционердің жалпы жиналысында дауыс беру құқығы;
- капиталдың көбею кезінде жаңа акцияларды алуға артықшылық құқығы.
Акция ұсынатын құқық көлеміне қарай жай және артықшылығы бар болып
бөлінеді. Жай акциялар акционерлерге жоғарыда аталған құқықтарды банктің
заңы мен жарғысына сәйкес ұсынады. Артықшылығы бар акцияны
ұстаушылардың жай акцияны ұстаушыға қарағанда біршама артықшылығы бар.
Акцияның түрін ажыратудың тағы бір критерииі өткізу тәсілі болып
табылады. Ұсынушы және атаулы акциялары бөліп қарастырылды. Ұсынушы
акциялары екі жақтың келісімі бойынша және акцияларды беру арқылы жүзеге
асырылады. Атаулы акциялар екі жақтың келісімі бойынша индоссаланған
құжаттар арқылы беріледі.
Банктердің акцияларды айналысқа шығару тәртібі Банктің меншікті қаражат
есебі тарауында қарастырылған.
Банктік сертификаттар – ақша қаражаттарын салу туралы салымшыға онда
белгіленген салым мерзімі аяқталғаннан кейін олар бойынша пайыз алу
құқығын куәландыратын банктің жазбаша куәлігі. Сертификаттардың екі түрі
болады: Депозиттік және жинақтық. Депозиттік сертификат заңды тұлғаларға,
ал жинақтық – жеке тұлғаларға беріледі. Депозиттік сертификаттар,
депозиттік сертификатты ұсыну бойынша белгілі бір соманы тартуға құқық
беретін талап еткенге дейінгі және салымды тарту мерзімі және тиесілі пайыз
көлемі белгіленген мерзімді болып бөлуге болады. Депозиттік
сертификаттардың экономикалық мәні нарықтық құрал және несие ресурстарының
мультипликаторы ретінде қатысуында.
Депозиттік сертификат бойынша пайыз түріндегі алынған табыстар белгіленген
тәртіпте осы табыс көзіне салық салынады. Банктердің ҚР Ұлттық банк
лицензиясы негізінде сертификаттарды шығаруға құқығы бар. Сертификаттар
сатылған тауарлар немесе көрсетілген қызмет үшін есеп айырысу немесе төлем
құралы бола алмайды. Ол кепілзаты, сатып алу-сату обьектісі бола алады.
Сертификаттарды сатып алу -сату бойынша есеп айырысуларды қолма-қол және
қолма-қолсыз түрде заңды және жеке тұлғалар жүзеге асырады. Депозитті
талап ету мерзімі келгенде банк сертификатты иемденушінің алғашқы талабы
бойынша сертификатты ұсыну кезіндегі төлемді жүргізеді. Өтеу үш әдіс
бойынша жүзеге асырылады:
- Жаңа шығарылған сертификаттарды иемдену жолы,
- Салымның басқа түрлеріне қолма-қолсыз аударымдар;
- Қолма-қол ақша.
1996 жылы 19-қыркүйектегі ҚР депозиттік (банктік) сертификаттардың
шығарылуы мен айналымының жалпы ережесіне сәйкес сертификаттар тек
мерзімді болуы мүмкін. Төленуге ұсынылған сертификаттар уақытында өтелмеген
болса, банк депозиторға айыппұл төлейді, олардың көлемі мен төлену тәртібі
эмитент –банктің бақылау кеңесі бекітетін сертификаттардың шығарылуы,
айналуы мен өтелуі шартында көрсетілуі қажет. Сертификат эмитент-банктің
орналасқан жерінен басқа да жерлердегі банк атынан операцияларды жүзеге
асыра алатын кез-келген бөлімшесінде өтелуі мүмкін. Банк пайыздарды
төлеудің келесі жағдайларын қарастыра алады.
- Сертификатты өтеу мерзімі аяқталғанға дейін жиі;
- Сертификатты өтеу күнінде.
Банктік сертификаттың міндетті деректемелері келесілер болып табылады:
- Депозиттік сертификат атауы;
- депозитті енгізу күні;
- сертификатты өтеу күні;
- депозит сомасы;
- эмитент банктің депозит сомасы және ол бойынша тиісті пайызды қайтару
туралы міндеттемесі;
- депозит бойынша жылдық пайыздық мөлшерлеме;
- тиесілі пайыз сомасы, эмитент банктің атауы және орналасқан жері;
- депозитордың аты-жөні, орналасқан жері;
- эмитент банктің сертификаты уақытында өтеу туралы міндетін орындамау
кезінде сертификатты өтеу жағдайы;
- банк мөрімен бекітілген, эмитент банктің екі уәкілетті тұлғаларының
қолдары.
Сертификат бланкісінің мәтінінде қандай да болса міндетті деректемелердің
біреуінің болмауы сол сертификатты жарамсыз деп танытады. Сертификаттар
бланкісі қатаң есептілік бланкі болып табылады. Және банктегі бухгалтерлік
есептің шоттар жоспарына сәйкес баланстан тыс шотта есептеледі. Депозиттік
сертификаттар бланкісі ақша қоймаларында немесе өртенбейтін шкафтарда
сақталады. Шығару жағдайында сертификаттарды тиімді орналастыруды
қамтамасыз ету үшін, сертификаттардың айналымы мен өтелуі кезінде келесі
сәттер ескерілуі мүмкін.
- жылдық пайыздық мөлшерлеме деңгейі;
- шығарудың стандартты шарттары (эмиссия және өтеу күні, қысқа номинал)
;
- номиналды төлеу және пайыздарды есептеу кепілі.
Қазақастан Республикасының азаматтық кодексіне сәйкес облигация – бұл
облигацияның немесе басқа да мүліктік баламаның онда көрсетілген атаулы
құнын оны шығарушы тұлғадан оны ұстаушының иемденуге құқығын растайтын
бағалы қағаз. Облигация оны ұстаушыға облигацияның атаулы құнынан тұрақты
пайызды немесе басқа мүліктік құқықты алуға құқық береді. Облигация
келесі іргелі қасиеттерге иемденеді:
- бұл эмитент мүлкіне меншік титулы емес, бұл қарыз куәлігі;
- акцияға қарағанда облигацияда ақырғы төлеу мерзімі болады. (өтелетін
бағалы қағаз);
- пайыздарды төлеу кезінде акция (дивидент төлеумен салыстырғанда) және
басқа да міндеттемелерді қанағаттандыру алдында жоғары;
- эмитентті басқаруға құқық бермейді.
Облигацияларды шығару тәртібі:
- эмитент қосымша қорларды тарту үшін жарғылық капитал көлемінен
аспайтын облигация шығаруға құқығы бар. Бірақ, жарғылық капитал
толығымен төленіп, осы уақыт аралығында жылдық баланста үш жылдан кем
емес қызмет істеуі кезінде ғана жүзеге асады;
- құқықты бекіту әдісі бойынша облигациялар атаулы болу керек;
- эмитенттің активі облигацияны шығаруды қамтамасыз ететін құрал болып
табылады, яғни, оларға жылжымайтын мүліктер, эмитентке тиісті бағалы
қағаздар, ақша қаражаттары, басқа да қозғалмайтын мүліктер жатады
(материалдық емес активтер қамтамасыз ету қызметін атқармайды.);
- облигацияны шығару шарты эмитенттің өзінің акцияларын айырбастау
жолымен өтелуі мүмкін;
- акцияның атаулы құнының көлемі шектелмейді;
- облигациялар бойынша пайыздар эмитенттің қаржылық жағдайына
қарамастан, белгіленген уақытта төленуі тиіс.
Облигацияларға негізгі бөліктен басқа пайызды төлеуге купондық парақ
беріледі. Купон –бұл онда купондық мөлшерлеменің цифрлары көрсетілген
қиынды талон. Облигацияның нарықтық және атаулы құны болады. Облигацияның
атаулы құны облигация бетінде белгіленіп және қарызға беріліп,
облигациялық қарыз мезгілі аяқталған бойдан қайтарылуға тиіс сома
көрсетіледі. Атаулы құнға қарағанда төмен бағамен сатылатын облигациялар
дисконтпен сатылған деп аталады.
Егер оны жоғары бағамен сататын болса, сатушы сыйақы алады. Эмиссиялау және
өтеуге дейінгі аралықта облигациялар нарықта белгіленген баға бойынша
сатылады және сатып алынады. Оның номиналына байланысты пайыз көрсетілген
нарықтық бағасы облигацияның курсы деп аталады. Бағалы қағаздардың тұрақты
пайыздық табысы келесі формула арқылы табылады:
Табыс = номиналды пайыз х 100.
Эмиссиялық курс
Табыс арнайы айналатын тираждағы ұтыс немесе купонды төлеу жолымен
беріледі.
Облигацияның айналысқа шығару бағалы қағаздар нарығы туралы заңдылықта
белгіленген тәртіп бойынша мемлекеттік тіркеуден өтуі тиіс. Облигацияны
мемлекет, акционерлік қоғамдар және жеке компаниялар бір жылдан кем емес
уақытқа шығара алады. Қоғам кезеңаралық облигацияның атаулы құнынан пайыз
түрінде төленетін табыс ретінде купонды облигациялар және сатып алу және
атаулы құнының айырмасы ретінде өтеуден түскен табыс төленетін дисконтты
облигация шығарады. Қоғам келесідей облигациялар шығаруға құқығы бар:
- белгілі бір мүлік кепілімен қамтылған;
- үшінші жақтың сөз беруімен қамтылған;
- заңды тәртіпте қамтамасыз етпеу белгіленген.
Эмитентіне байланысты мынадай түрлері бар:
- мемлекеттік;
- муниципалды,
- корпорациялық;
- шетел.
Номиналды өтеу әдісі бойынша:
- бір жолғы төлем;
- уақыт бойынша бөлу;
- жалпы облигация көлемінің тіркелген үлесін біртіндеп өтеу.
Төлеу түріне байланысты:
- тек пайыздар;
- нөлдік купон;
- атаулы құн;
- кезеңдік тіркелген табыс және атаулы құн;
- атаулы құн және жиынтық табыс.
Купонды төлеу әдісі бойынша:
- тұрақты купондық мөлшерлеме;
- қалқымалы купондық мөлшерлеме;
- ең төмен немесе нөлдік купон;
- таңдап төлеу,
- аралас түрде.
Банктер облигацияларды және бағалы қағаздарды басқа да түрлерін
эмиссиялау кезінде Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінде бағалы
қағаздардың эмиссия анықтамалығының сараптамасынан өтулері қажет.
Бағалы қағаздарды шығару екі жақ үшін де тиімді, біріншіден, банк бағалы
қағаздарды онда көрсетілген мерзімде өтейді, ол банк үшін ақша
қаражаттарын өзінің жобаларына салуға мүмкіндік береді. Сатып алушы-
клиент үшін тиімділік бағалы қағаздарды қажет уақытында есептелген
пайызды жоғалтпай сатуында.
Коммерциялық банктердің бағалы қағаздармен жасалатын операциялар көлемінің
ішінде негізгі үлесті мемлекеттік бағалы қағаздардың түрлері алып отыр.
Мемлекеттік бағалы қағаздар – бұл эмитенті мемлекет болып табылатын,
мемлекеттің ішкі қарыз нысаны, қарыздық бағалы қағаздар.
Коммерциялық банктердің мемлекеттік бағалы қағаздармен жүргізілетін
операцияның ішінде ең көп қолданылатын түрі.
Ұлттық банктің қысқа мерзімді ноталарын сатып алу – сату операциялары болып
табылады.
Мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерді сатып алу –
сату келісім шартымен ресімделетін, мемлекеттік қысқа мерзімді
міндеттемелерді сатып алу – сату операциялары (МЕККАМ) болып табылады.
МЕККАМ – мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелер. Үкімет
атынан ҚР Қаржы Министрлігі шығарады, олар мемлекеттік бағалы қағаздар
болып табылады және орнатылған заңдылықтарға сәйкес Қазақстанның екінші
бағалы қағаздар нарығында еркін айналысқа түседі. Материалдық емес нысанда
мерзімі 3, 6, 12 айға шығарылады, депо шотына сәйкес жазуларды жүргізу
жолымен орналастырылады және айналысқа түседі.
МЕККАМ мемлекеттік қысқа мерзімді қазынашылық міндеттемелерінің
номиналдық құны – 100 теңге. МЕККАМ ұстаушылары ҚР резидент және
бейрезиденттік заңды және жеке тұлғалары болып табылады. МЕККАМ иелері оны
кепілге беруге, РЕПО операцияларын жүргізуге, екінші нарықта сатып алуға
және сатуға құқығы бар.
Мемлекеттік бағалы қағаздарға сонымен қатар – МЕОКАМ, МЕАКАМ, МЕИКАМ,
МБҚ, АВМЕКАМ, МЕКАВМ жатады.
МИОКАМ – айналым мерзімі екі және үш жыл болатын мемлекеттік орта
мерзімді қазыналық міндеттемелер. Үкімет атынан ҚР Қаржы министрлігі
шығарады және Қазақстанның ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Банктің шетел валютасындағы операциялары
Қаржылық инвестициялардың мәні және объектілері
Бағалы қағаздар классификациясы
Инвестициялық қызметтің қаржылық аспектілері. Кәсіпорынның инвестициялық саясаты
ҚР бағалы қағаздар рыногы
Қаржылық инвестиция
БАҒАЛЫ ҚАҒАЗДАРМЕН ОПЕРАЦИЯЛАР
Бағалы қағаздар нарығын құру
Бағалы қағаздардың маңызы мен қызметі
Бағалы қағаздардың жіктелуі мен түрлері
Пәндер