Ішкі шаруашылық жерге орналастыру теориясы



1 Ішкі шаруашылық жерін орналастыру
2 Шаруа қожалығын ұйымдастыруда жиналатын деректер
3 Ішкі шаруашылық жолдарды және су шаруашылық
ғимараттарын орналастыру
4 Ауылшаруашылық алқаптарды және ауыспалы егіс жүйелерін ұйымдастыру
5 Көпжылдық екпе ағаштарының аумағын орналастыру
Ішкі шаруашылық жерін орналастыру – жалпы жерге орналастырудың көлемді бір бөлігі. Оның жобалау объектісіне – барлық ауыл шаруашылық өндірісімен айналысатын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, кооперативтер, акционерлік қоғамдар және т.б. жатады.
«БЕРЕКЕ» шаруа қожалығын ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі мақсаты - жерге орнатылған тәртіптерді ойдағыдай орындап, ауыл шаруашылық бірлестіктерге берілген тапсырманы орындау, аз шығын жұмсап, сапалы көп өнім алу, уақытымен өнімді жеткізу, адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту мәселесін шешу.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеті - ауыл шаруашылық айналымына жататын әр бір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды қамтамасыз ету, оларды табиғат пен антропогендік әрекеттердің жағымсыз құбылыстарынан сақтау, сондай-ақ уақыт пен ресурстарды үнемдеу мақсатымен көлік-трактор тұрақтарын өндірістік қолдану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайды құру.
Сонымен, ішкі шаруашылық жерін орналастыру - дегеніміз жерді, адамдардың еңбегін, а/ш техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын және басқада жердің пайдалы қасиеттерін сақтау, қорғау және жақсарту үшін, ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін, әр түрлі шаруашылық құрылысындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түрлерінің ауыл шаруашылық өндірісін аумақтық ұйымдастыру бойынша қолданылатын шаралар жүйесі [10]. Жерді тиімді пайдалану, оны табиғаттың теріс құбылыстары мен қырсыздықтарынан қорғау, ауылшаруашылық емес мақсаттарға ысырапсыз пайдалануға жол бермеу болып келеді. Осыған байланысты жер ресурстарын басқарудың, жерге орналастыру мен жер кадастрының, сондай-ақ аталғандарды ғылыми-әдістемелік жағынан қамсыздандырып отыратын жерге орналастыру ғылымының маңызы айтарлықтай арта түседі.

Пән: Ауыл шаруашылығы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 16 бет
Таңдаулыға:   
4.1 Ішкі шаруашылық жерге орналастыру теориясы
Ішкі шаруашылық жерін орналастыру – жалпы жерге орналастырудың көлемді
бір бөлігі. Оның жобалау объектісіне – барлық ауыл шаруашылық өндірісімен
айналысатын кәсіпорындар, шаруа қожалықтары, серіктестіктер, кооперативтер,
акционерлік қоғамдар және т.б. жатады.
БЕРЕКЕ шаруа қожалығын ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі
мақсаты - жерге орнатылған тәртіптерді ойдағыдай орындап, ауыл шаруашылық
бірлестіктерге берілген тапсырманы орындау, аз шығын жұмсап, сапалы көп
өнім алу, уақытымен өнімді жеткізу, адамдардың әлеуметтік жағдайын жақсарту
мәселесін шешу.
Ішкі шаруашылық жерге орналастырудың негізгі міндеті - ауыл шаруашылық
айналымына жататын әр бір жер учаскесін толық, ұтымды, тиімді пайдалануды
қамтамасыз ету, оларды табиғат пен антропогендік әрекеттердің жағымсыз
құбылыстарынан сақтау, сондай-ақ уақыт пен ресурстарды үнемдеу мақсатымен
көлік-трактор тұрақтарын өндірістік қолдану және еңбекті ғылыми ұйымдастыру
үшін қолайлы жағдайды құру.
Сонымен, ішкі шаруашылық жерін орналастыру - дегеніміз жерді,
адамдардың еңбегін, аш техниканы тиімді пайдалану үшін, топырақ құнарлығын
және басқада жердің пайдалы қасиеттерін сақтау, қорғау және жақсарту үшін,
ауыл тұрғындарының тұрмысын жақсарту үшін, әр түрлі шаруашылық
құрылысындағы мемлекеттік және мемлекеттік емес меншік түрлерінің ауыл
шаруашылық өндірісін аумақтық ұйымдастыру бойынша қолданылатын шаралар
жүйесі [10]. Жерді тиімді пайдалану, оны табиғаттың теріс құбылыстары мен
қырсыздықтарынан қорғау, ауылшаруашылық емес мақсаттарға ысырапсыз
пайдалануға жол бермеу болып келеді. Осыған байланысты жер ресурстарын
басқарудың, жерге орналастыру мен жер кадастрының, сондай-ақ аталғандарды
ғылыми-әдістемелік жағынан қамсыздандырып отыратын жерге орналастыру
ғылымының маңызы айтарлықтай арта түседі.
Шаруа қожалықтарын құру кезінде, әртүрлі мемелкеттік, қоғамдық және
жеке меншік шаруашылық мұқтаждықтарына жер бөліп беру жобаларын
экономикалық, құқықтық және техникалық тұрғыдан негіздеуге қойылатын
талаптар күрт жоғарлады. Ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы - бұл
жаңа жер формаларын қалыптастыру және оларды экономикалық тұрғыдан дәлелдеу
жөніндегі есептер мен сызбалар жиынтығы. Республиканың бүкіл территориясы
және жер иеленушілер мен жер пайдаланушыларға белгіленген. Жалпы жоба
ұғымы әртүрлі құжаттар жиынтығы болып табылады. Бұлар жерге
орналастыруды жобалаудың объектілері болып табылады. Осы объектілерден
өзгерістерді жоспарлау, оларды экономикалық және техникалық есептермен
дәлелдеу, соңғылардың нәтижесінде территориялық жаңа кеңістік реттілігін
қалыптастыру жерге орналастыруды жобалаудың негізгі мазмұнын құрайды. Бұл
ic-қимылдардың нақты нәтижелері экономика жағынан тиімді. Алқаптар
аудандары, жер иеленушіліктер мен жер пайдаланушылардың, шаруашылық
орталықтары мен ауыспалы егістердің, сонымен катар тағы да көптеген жер
реттілігіне қатысты элементтердің орналасуы мен межелері.
Жобада белгіленген шаралар агроэкономикалық, инженерлік-экономикалық
және смета-қаражаттық есептермен жан-жақты мұқият дәлелденеді. Осылармен
жобаның графикалық құрамына қатысты құжаттар жалпы жоба – сметалық
құжаттаманы құрайды. Heгізгі құжат болып жобалық план саналады. Бұнда жер
иеленушіліктің ауданы, орналасуы және мәселелері көрсетіледі. Осымен катар
тағы да көптеген, жоғарыда аталып өткен, жер реттілігінің элементері план
бетіне түсіріледі. Демек, жобалық план белгіленген экономика жағынан
тиімді, территориялық реттестіру формаларының жалпы графикалық сипаттамасы
болып табылады. Планнан басқа жобаны жер бетше түcipy мақсатымен жұмыс
сызбалары жасалады. Қалған құжаттардың керектігі арнайы әдістемелік
нұсқаулармен анықталады. Жобаның жазба бөлігіне есеп-түсініктемесі,
агроэкономикалық дәлелдеу және смета-қаражаттық есептер енеді. Бұл
бөлігінің соңында жобаның жоспарланған тиімділігін сипаттайтын техника-
экономикалық және экономикалық көрсеткіштер келтіріледі.
Жерге орналастырудың қай түрі болмасын мынандай 4 ең басты
принциптер туындайды:
1) Жерге орналастыру ұсыныстарының жоғары экономикалык және
әлеуметтік тиімділігі. Әрбір жобалық шешім экономика жағынан дәлелді болуға
тиісті. Ондай дәлел ретінде жобалау шешімдердің жүзеге асырылу нәтижесінде
пайда болатын қосымша өнім болып табылады.
2) Жерді ысырапты пайдаланудан және қолайсыз табиғи жағдайлардан
қорғау. Әрбір жобалық шешім құқықтық және экологиялық турғыдан делелді
болуға тиіс. Ол үшін олардың жер заңы мен басқа, жер құнарлығын
сақтау бағытталған, нормативік актілерге негізделуі қажет.
3) Жобалық мақсат-міндеттердің кешенді түрде жүзеге асырылуы.
Жобаның құрам бөлшектері мен элементтері бip-бipiмен, сонымен қатар болжау-
жоспарлау жұмыстарының қорытындыларымен, жермен үзбес байланыстағы өндіріс
құралдардың орналасуымен сәйкесті болуға тиісті.
4) Жерге орналастыруда аймақтық ерекшеліктердің ескерілуі. Басқаша
айтқанда, жер қорын табиғи-ауылшаруашылық аудандау жөніндегі материалдарды
толығырақ пайдалануды, сонымен бipгe жердің кеңістік қасиеттерін ескеруді,
жер кадастры мәліметтерін кең қолдануды қамтамасыз ету. Бүкіл жерге
орналастыру жұмыстары осы қысқаша сипатталып кеткен жалпы талаптар мен
принциптерің негізінде жүргізіледі.
Жерге орналастыру процесінің алдында бipқатар өте маңызды іздестіру
және зерттеу жұмыстары жургізіледі. Олардың қатарына топографиялық,
геодезиялық, топырақ-эрозиялық, топырақ-мелиорациялық, геоботаникалық, су
шаруашылығы жөніндегілері және т.б. жатады [14].
Жер заңдарында елдің жер ресурстарын пайдалану жөніндегі ғылыми
негізде жасалған схемаларды әзірлеу ескерілген. Республикалық бас схемамен
аймақтық схемаларда біртұтас мемлекеттік жер қорының құрамы, оның
халықшаруашылығы салаларында пайдалануылуы жөнінде ұзақ мерзімді болжаулар
жасалады. Бұнда ауылшаруашылық мақсаттағы жерлерге, олардың әр түрлі
мелиоративтік және мәдени техникалық шаралар арқылы жақсартылуына басты
назар аударылады. Әкімшілік ауданның жерге орналастыру схемасында жер
пайдаланушылықтар мен жер иеле-нушіліктерді жетілдірудің негізгі багыттары,
ауданның террито-риясындаорналасқан барлық шаруашылық қүрылымдардың маман-
дандырылгандығы, өңдеу және жергілікті өнеркәсібінің орналасуы, қоныстану
жүйесінің орналасуы мен бүкіл инфрақұрылым белгіленеді.
Барлық деңгейдегі (республикалық, облыстық жөне аудандық) жер
ресурстарын пайдалану схемасы халық шаруашылығы салаларын, әсіресе
агроөндірістік кешенін, оның шешуші саласын – ауыл шаруашылық өндірісін
дамыту жөніндегі индикативтік және оперативтік жоспарлаудың объективтік
ғылыми негізіне айналуда.
Жерге орналастыру жобалары әрдайым олардың алдында жасалған схемаларға
негізделеді. Солардың ішінде жер ресурстарын пайдалану жөніндегі бас схема
және облыстар мен аудандардың жерге орналастыру схемалары. Бұл құжаттардың
басты мақсаттары жердің пайдалануының, оның қорғалауының ең қолайлы және
тиімді бағыттарын белгілеу. Бұнда нақты жобалық шешімдері болмайды.
Жерге орналастырудың бұл тарапынан кешенді жобалардың 4 түрі бар:
өндірістік кооперативтердің шаруашылық жерін орналастыруды жүргізу
жөніндегілері;
әртүрлі өндірістік бағыттардағы кәсіпорындарда жерге орналастыруды
жүргізуге байланыстылары;
кооперативтерде, шаруа қожалықтарында ішкішаруашылық жерге орналастырудың
жүргізілуіне қатыстылары;
суармалы және құрғату аймактарында жасалатын осындай жобалар.
Келтірілген жобалар және олардың алдында жасалатын құжаттар жүйесі
жалпы жерге орналастырулық кешенді құрастырады. Кешенді жоба түрлерінің
ішінен қарастырылатын жоба – шаруа қожалықтарын ішкі шаруашылық жерге
орналастыру жобасы.
БЕРЕКЕ шаруа қожалығының территориясын ұйымдастыру жолында мына
мәселелер шешіледі:
- топырақтың құнарлығын сақтау және жақсарту;
- ауыл шаруашылық алқаптарды неғұрлым жақсы пайдалану, жыртылатын
жерлерді неғұрлым қарқындылы пайдалану;
- эрозияны тоқтату және оның болмауына әсер ету;
- суарылатын жерлерде тұздалмауына, ирригациялық эрозияның болмауына
әсер ету;
- мәдени ландшафттарды қорғау және жаңадан құру;
- жерді пайдалануда бос қалған жерлердің болмауына және шаруашылықты
ұйымдастырудың прогрессивтік, ғылыми негізделген жүйелерін енгізу үшін
ұйымдастыру территориялық жағдай жасау;
- адамдардың жұмыс істеуіне, дем алуына, тұрмысын жақсартуға жағдай
жасау;
Теория бойынша ішкі шаруашылық жерге орналастыру алты құрам
бөліктерден тұрады. Бірақ, ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасының
мазмұны табиғи және экономикалық жағдайларға және шешілетін сұрақтарға
байланысты әр түрлі болады. Оған қарамастан ішкі шаруашылық жерге
орналастыру жобасынын келесі шартты құрамды бөліктерге бөлуге болады:
1. Өндіріс бөлімшелерін және шаруашылық орталықтарын орналастыру;
2. Ішкі шаруашылық жолдарды, су шаруашылық немесе басқа инженерлік
ғимараттарды орналастыру;
3. Ауыл шаруашылық алқаптарды ұйымдастыру;
4. Ауыспалы егіс жүйелерін және олардың территорияларын ұйымдастыру;
5. Көпжылдық екпе ағаштарының аумағын ұйымдастыру;
6. Мал азықтық алқаптарын ұйымдастыру;
БЕРЕКЕ шаруа қожалығы жобасында ішкі шаруашылық жерге орналастырудың
барлық құрам бөліктері орындалмайды. Мұның өзі көптеген себептерге
байланысты болып келеді. Олардың бірқатары келесідей:
- шаруашылықтың жер пайдалану аумағы бөлімшеге бөлуге және шаруашылық
орталықтарын орналастыруға мүлдем келмейді, жері тым аз - 10,0га, жалпы
айтқанда, негізгі өнім алуға ғана жеткілікті;
- шаруашылық бағыты тек көп жылдық екпелерді отырғызу бағытына
арналғандықтан, мал азықтық алқаптарды ұйымдастыру, ауыл шаруашылық
алқаптарды ұйымдастыру, ауыспалы егіс жүйесін ұйымдастыру
қарастырылмаған және жүргізілмейді.

4.2 Шаруа қожалығын ұйымдастыруда жиналатын деректер

Шаруа қожалығын ұйымдастырар алдында және жобаны негіздеу үшін,
қазіргі кезде қалыптасқан шаруашылықтың жерін мінездемелейтін құжаттар мен
мәліметтер жиналады. Жиналған мәліметтер тізімі:
1. Жоспарлы-картографиялық материалдары - жер пайлалану жоспары, әр
түрлі жүргізілген зерттеу жұмыстарының сызбалары (топырақ, топырақ-
эрозиялық, топырақ-мелиоративтік, геоботаникалық, т.б.);
2. Жер пайдалану жоспары – жобалау жұмыстарының техникалық негізі,
яғни план ретінде аэрофототүсіріс арқылы жасалған пландық материал;
Елімізде аймақтар бойынша 1:5000 тан 1:50000-ға дейінгі масштабтағы
жоспарлар қолданылады. Масштабты таңдау жер пайдаланушылықтың өлшеміне,
оның конфигурациясына, контурлық ситуациялардың санына, олардың көлеміне,
бедердің күрделілігіне, алқаптарды пайдалану интенсивтік дәрежесіне және
т.б. байланысты болады. Әр түрлі зерттеу жұмыстарының сызбалары бірдей
масштабта жасалады [24].
3. Жер-кадастрлық құжаттар арқылы келесі мәліметтер жиналады:
жер иелігінің бекітілгені, көлемдері және сапасы жайында есепке алу
материалдары, топырақты бонитеттеу және жерге экономикалық баға беру
жайында материалдары;
Жердің құрамын мінездемелегенде келесілер берілді:
1) Мемлекеттік актісі бойыша жалпы жер көлемі;
2) Ұзақ уақытқа, өмір бойы қолдануға берілгендігі;
3) Сапасы жайында мінездемелер: топырақтың механикалық құрамы, эрозия,
тұздалған жайында және т.б. құнарлығын азайтатын жем-шөп
пайдаланулардың мәдени-техникалық жағдайы жайында, топырақтың
агроөндірістік мінездемесі;
Бұл зерттеу жұмыстарының жүргізілген уақыты, сапасы, олардың жобалау
жұмыстарына жарайтындылығы және қосымша қандай зерттеу және ізденіс
жұмыстарының керек екендігі анықталды.
Топырақ зерттеу материалдар бойынша топырақ жамылғысының физико-
химиялық қасиетін горизонттардың қалыңдағын, механикалық құрамын,
сортандылығын және сортандалануын, зерттейді топырақтың агроөндірістік
топтарын және оларды пайдалану жайында ұсыныстарды зерттелді.
Жер пайдалануда келесі инженерлік ізденістер жасалды:
1. 1:2000 масштабта рельефі 0,5 м сайын қиылып отырған
топотүсіріс;
2. 1:5000 масштабта баққа жарамдылығын тексеру ізденісі негізгі
топырақтық – мелиоративтік жұмыстар;
Осы ізденістің қорытындысы бойынша түсіндірме хат пен есеп
дайындалып, жердің баққа жарамдылық картасы жасалды. Өз кезегінде, картаны
жобаны жер бетіне шығарып, жобалауға септігін тигізеді.
Жасанды суландыру әрдайым сұр топырақтың жағдайына үлкен көлемде әсер
етеді. Агроирригациондық қабаттың түсі диагностикалық қасиеттеріне
–суландыру қарапайым сұр топыраққа сәйкесінше болады және целина
топырағының қалдықтарының бар болуын көрсетіп отыр.
Мінездеме беріліп отырған топырақтың морфологиялық ерекшеліктері
келесідей болады:
- жыртылмалы қабаттың біртекті сұр түсте болуы, қуаттығы 26-30см болды;
- жыртылмалы сұр түсті топырақтар жоғары дәрежеде қалыңдаған, кей
жерлерде қара – сұр түсті топырақ жамылғысы да кездеседі;
- ауыспалы гумус қабатының түсі сұр, төменгі қабаттарға қарай суармалы–
қоңыр да болып кездеседі;
Жер бетіндегі ірі тесіктер суару кезінде жоқ болып жабылып қалады.
Төменде топырақ түзуші жыныс –суландыру әсерінен кішкене өзгерген орманның
саздағы. Механикалық құрамына қарай –саздақты. Топырақтың физикалық
батпағының жоғарғы қабатындағы сомасы – 33,3 % құрайды. Саздақтылардағы
фракция - ірі шаң. Оның құраушы бөлігі – 19,03 – 35,98% дейін. Гумус –
0,66 % құрайды. Қабат бойынша топырақтағы түрлі миниралдық тыңайтқыш
элементтерінің көрсеткіштері төмендегі кестеде беріледі.

Кесте 4.2.1 Қабат бойынша топырақтың түрлі миниралдармен қамтылуы

Қабат атауыАзот Фосфор Калий Магний Кальций
0-10см 0,062 0,108 0,60 1,2 0,01
0-50см 0,030 0,100 0,40 1,0 0,01

0-10 см қабаттағы азоттың жалпы көрсеткіші аз ғана – 0,062 % немесе
гумустың пайда болуына байланысты оның да мөлшері сәйкесінше - 0,040 %
азайып отырады.
0-10 см қабаттағы фосфор – 0,108 см % . Карбонаттылығы жоғары болуы
көмірқышылдың деңгейі жоғары екендігін , яғни – 5,21 – 7,95 % екендігін
атап көрсетеді.
Топырақ ортасының реакциясы – азсілтілік рН = 7,1 – 7,9
0-60 см қабаттағы жылжымалы фосфор 100г топыраққа 0,40мг, бұл
жемістілерге және жүзімдікке жарамсыз екендігін білдіреді.
100г калий – 19,1 мг Мачигин градациясына сәйкес, 0-50 см топырақ
қабатындағы кальций 100г топ – 6,29мг.экв., магний 1,0мг. экв. б.д.е.
жұтылған негізінде.
0-10 см жоғары қабатында натрий мүлдем болмайды. Кальций катиондары
да кездеседі. Топырақ тұзданбаған. 0-50см қабаттағы – 0,090 % .
Жоғарыда айтылған сараптамаға сай, топырақтың жылжымалы фосфор мен
калий аз қамтылған кейін, миниралды тыңайтқыштарды енгізу керек. Профильдің
литологиялық құрылысы біртекті және орташа саздақтардан тұрады. Жергілікті
жерге жақын орналасқан бұрынғы кен орны болғандықтан, ауыр металлдарға
сынама жүргізілі. Бұл жер пайдаланудың бау-бақша егуге жарамдылығын тексеру
үшін, топырақтың химиялық сынамаларын біртекті тексеру үшін жасалды.
Сараптама жүргізілуінің басты себебі Қарнақ ауылынан 10км жерде орналасқан
бұрынғы өнеркәсібтің болуы, бұл өнім өндіруде кері әсерін тигізуі мүмкін.
Төменде (кесте 4.2.2) жүргізілген сынамалар Қарнақ ауыл округінің орталық
аумағынан және жер пайдаланудың аумағынан алынған топырақтармен
жүргізілді[24].

Кесте 4.2.2 Топырақтың химиялық сынамаларының нәтижелері

№ Сынақ pH Гумус, %Pb Cu Cd Zn
жүргізілген орын
1 Қарнақ ао 1,1 2,25 0,8 0,04 0,02 0,01
орталығы(жантақ)
2 Жер пайдалану 0,8 3,20 0,1 0,01 0,01 0,00
аумағы(жантақ)
3 Қарнақ ао 1,0 2,35 0,5 0,02 0,01 0,00
орталығы(көккекі
ре)
4 Жер пайдалану 1,0 3,25 0,2 0,01 0,00 0,00
аумағы(көккекіре
)

Химиялық сынамаларының нәтижелері бойынша, беріліп отырған жер
пайдалану бау-бақша дақылдарын өсіруге жарамды және баудан алынған өнім
адам денсаулығына ешқандай кері әсерін тигізбейді.
Жер телімі жемісті және жүзімдікті өсіруге қолайлы, сол себептен
органикалық және миниралдық тыңайтқыштарды үлкен мөлшерде енгізу
жағдайында, ауыспалы егіншілік жүйесін дұрыс сақтауда, бұл жерді баққа
жарамды деп есептнуге болады. Өзінің агроөндірістік қасиеттеріне қарай,
бұл топырақ қолайлы және ауыл шаруашылық мәдениетінің өндірісін жүргізуге
әбден лайық.
4) Жол зерттеу жұмыстарының мәліметтері - ортақ және ішкі жолдардың
жүк тасымалын, қозғалыстың қарқындылығын, жол жамылғысының түрін, жол
ғимараттары жайында мінездеме берді;
5) Территориялы инженерлік жабдықтау жобалары, оның ішінде
мелиорациялық, орман-мелиорациялық, елді мекенді пландау және салу, т.б.,
немесе мәдени-техникалық, эрозияға қарсы және басқа шаралар бойынша техно-
жұмыс жобаларының көшірмелерін, сызбаларының көшірмелерін жасап, керекті
деректерді жазып алу керек. Осы камералдық дайындық жұмыстарында жиналған
материалдарды зерттей отырып, далалық жұмыстардың көлемі, мазмұны
анықталды.
Далалық дайындық жұмыстарында жер беті зерттелді, камералдық жиналған
материалдармен салыстырылып, сәйкестілігі тексеріліп, толықтырылды.
Далалық- дайыдық жұмыстарын жүргізігенде келесілер анықталды:
- шекаралардың және межелік белгілердің сақталуы;
- жер меншігінің және жер пайдаланудың құқықтық, жерді есепке алу және
пландық-картографиялық құжаттарға сәйкес келуі;
- жерге орналастыруды қамтитын жерлердің топырағы, рельефі, өсетін
өсімдіктер, өндірісте қолданылуының жиналған материалдарға сәйкес келуі
тексеріледі,
- топырақтың құнарлығы және ауыл шаруашылық алқаптарының өнімділігі
қарастырылды;
- елді- мекеннің сумен қамтамасыздығы, негізгі жолдар жер бетінде
тексерілді;
- жерге орналастыру жұмыстары қамтитын жер массивтерінің елді
мекендермен, шаруашылық орталықтарымен, үлкен жолдармен, су көздерімен
байланыстары анықталды;
Далалық ізденістердің нәтижесі әр жер иесі және жер пайдалануы бойынша
актіленді, оған ізденіс сызбасы қосылды. Камералдық және даладық ізденіс
жұмыстарының нәтижелері бойынша ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасын
жасауға әзірленген пландық негіз қалып, жобалау жұмыстары қамтитын жер
иелері мен жер пайдаланушылардың әрқайсысы бойынша жерлерінің экспликациясы
дайындалды. Жерге орналастыруда жобаларды дұрыс негіздеу және жылдам жүзеге
асару мақсатымен, басқаша айтқанда, жоғары экономикалық, әлеуметтік және
экологиялық тиімділікке барынша тез жету үшін, осы заңдарды жан-жақты
ескеру қажеттілігі туындайды.
Экономикалық жағдайлардың арасында, негізінен шаруа қожалығын ішкі
шаруашылық жерге орналастыруда келесі мәселелер ескерілді:
- жер алқаптарының құрамы, аудандары, оларды әр түрлі
мақсаттарға игеру;
- жалпы өнімге, шығындардың өтелуіне және дифференциалдық табысқа
қарай, құндық немесе ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жерге орналастыру жобалау
Жоба алды жұмыстар
Жерге орналастыру жобаларын топтастыру
Жерге ораналастыруды жобалау
Шаруашылық аралық жерге орналастыру жобалары
Жерге орналастыру жобасы
Жерге орналастыру жобасының түсінігі
Ішкі жерге орналастыру жобалары
Жер пайдалануларды зерттеу жолдары және әдістері
Ауыл шаруашылығы жерлерін басқару жөніндегі жобалар
Пәндер