Түркі тілдерінің этнонимдері тарихынан



1 Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздері
2 Қарақалпақ халқы жайлы мәліметтер
Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне сүйенсек, оның негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға ұқсайды. Өйткені, тарихта «тукюэ», «түркі», «түрік» деген атпен пайда болған халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог, академик А.Н. Кононовтың пікірінше, «ту-кюэ» тұлғасындағы терминді қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз «түркут» немесе «түркләр» болуы мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И.Бичурин және монғол тілінің маманы Шмидт «Ту-кюэ» монғол сөзі дейді. Себебі монғол тіліндегі «дудулға» сөзі «шлем» деген мағынаны білдіреді.
Түркі сөзі туралы алғашқы түсінік еуропада б.э.д. VII ғасырда пайда болған. Ол «Троя» аңызының шығуына байланысты «трюк» сөзінің пайда болуы. Бұл жалған этимология болуы да мүмкін, дегенімен бәрібір «түрік» сөзіне келіп тіреледі.
Этнограф ғалым Д.Айтмұратовтың еңбегінде «түрк» сөзі шығыстың бір ханының аты. Ал «Авестада» болса, ол бір қаһарманың аты. Е.Блоше Тұран жеріндегі жасаушы түрк тайпаларының аты «Turya» деп көрсетсе, кейбір ғалымдар түркі сөзі «тура» деген сөзден шыққан деген пікірді айтады.
«Шахнама» дастанының дүние жүзіне танулы бұл «Тұран» сөзінің «Тұр» есімінен пайда болғанын, яғни Феридумның аты «Тұр» сөзі, «Түрік» сөзімен байланысты екенін дәлелдейді.
1. Н.Бичурин. Собрание сведений о нородах обитавших в средней Азии.
2. Д.Айтмұратов. Тюркские этнонимы. Н.,1999г.
3. Ә.Бахадурхан. Түркілер шежіресі. Н.,1988ж.
4. С.Әбушәріп. Түркістан тарихы. А.,2001ж.
5. К.Мәмбетов. Қарақалпақтар шежіресі. Н.,1993ж.
6. Н.А.Баскаков. Ввдение в кыпчакские языки. Н.,1984г.

Пән: Тілтану, Филология
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:   
ТҮРКІ ТІЛДЕРІНІҢ ЭТНОНИМДЕРІ ТАРИХЫНАН

Ә.Ө. Кәрібаева
Тараз институты, Тараз қаласы

Қазіргі түркі тілдерінің шығу, пайда болу негіздеріне сүйенсек, оның
негізгі қайнар көзі көне түркі заманынан да әрі басталғанға ұқсайды.
Өйткені, тарихта тукюэ, түркі, түрік деген атпен пайда болған
халықтар өз негізін қайдан алды. Мәселен, кейбір ғалымдар түркі
халықтарының негізі шумерлерден басталған десе, ал отандық түрколог,
академик А.Н. Кононовтың пікірінше, ту-кюэ тұлғасындағы терминді
қытайлар шығарған, негізінен бұл сөз түркут немесе түркләр болуы
мүмкін деп мәлімдейді. Себебі қытайлар ертедегі түріктерді, басқа көршілес
елдерге қарағанда ерте әрі жақсы таныған. Ертеде Алтай тауының тұлғасы
дулығаға ұқсас болған көрінеді. Таудың етегінде Ту-кюэ деген лагерь
жайласқан. Ондағы жасаған адамдардың киген шілемі ту-кюэ деп аталғандықтан
оны киген тайпаны да Ту-кюэ деп атаған. Ал қытай тілінің маманы И.Бичурин
және монғол тілінің маманы Шмидт Ту-кюэ монғол сөзі дейді. Себебі монғол
тіліндегі дудулға сөзі шлем деген мағынаны білдіреді.
Түркі сөзі туралы алғашқы түсінік еуропада б.э.д. VII ғасырда пайда
болған. Ол Троя аңызының шығуына байланысты трюк сөзінің пайда болуы.
Бұл жалған этимология болуы да мүмкін, дегенімен бәрібір түрік сөзіне
келіп тіреледі.
Этнограф ғалым Д.Айтмұратовтың еңбегінде түрк сөзі шығыстың бір
ханының аты. Ал Авестада болса, ол бір қаһарманың аты. Е.Блоше Тұран
жеріндегі жасаушы түрк тайпаларының аты Turya деп көрсетсе, кейбір
ғалымдар түркі сөзі тура деген сөзден шыққан деген пікірді айтады.
Шахнама дастанының дүние жүзіне танулы бұл Тұран сөзінің Тұр
есімінен пайда болғанын, яғни Феридумның аты Тұр сөзі, Түрік сөзімен
байланысты екенін дәлелдейді.
Ал, түрк халықтарында бұл туралы аңыздар көп. Мәселен, біз М. Қашқаридің
еңбегінен, хадистерде жазылған құдайдың сөзі туралы мәліметтерді
келтірсек, онда былай көрсетілген Бізді жаратушы құдай: - менде күшті
әскер бар, мен оларға түрк деген ат бердім және оларды шығысқа
жайластырдым. Мен қай кезде, қандай да бір халыққа қаһарлансам сол халыққа
түрк деген қолданысты беремін деген екен.
Сондай-ақ түрк этнонимі туралы ғалымдар арасында әртүрлі пікірлер
бар. Дегенмен бұл пікірдің барлығын түрк сөзінің келіп шығуы тарихына
байланысты жалған этимологияға қарағанда ғылыми этимологияға негізделген
дұрыс.
Мәселен академик А.Н. Кононов, Н.Я. Марр түрк сөзінің шығуы тарихы
туралы Құдайдың атаған түрк сөзінің қолдайтынын және өзінің пікірі де
осымен мазмұндас екенін айтады.
Түрк-монғол тілдерінің байланысы қайдан келіп шықты деген пікірге
үңілсек, біз ең алдымен түркі-монғолдарының татар-монғол болып бөлінуінен
дерек көздерін табамыз. Өйткені, түркі халықтарындағы оғұз этнонимінің
шығуы тарихы жайлы дерек көздерге сүйенгенімізде. Оғұздың арғы атасы Монғол
ханнаң тараған. Одан төрт ұл туылып, оның бірі Қарахан болған.
Қараханнан туған Оғұз, түркі халқын пайда етуші қаһарман, ол осман
түріктері, түркмен, әжербайжан халықтарының ата тегі яғни бабасы. Сондықтан
түркі халықтары арасында үлкен бір мұра Оғызнама дастаны қалған.
Сондай-ақ Ә. Бахадырханның Түрктер шежіресі еңбегінде көптеген
деректерді келтіреді. Себебі, түркі тілдерінің негізін оғыз, қыпшақ, қарлұқ
тайпалары құрайды. Ал оғыз негізінен монғолдан туылған ұл, дегенімен ол
өзінің дүниеге келуінен ерекше болып туылып, бүкіл монғолдарды мұсылман
дінін қабылдауға мәжбүр еткен. Оғұз дүниеге келгенде әкесі Қара хан бір
жылға дейін өзгеше туылған ұлына ат қоя алмаған. Соңында Оғұз ханның
салтанаты Шыңғыс ханнан кем болмағанын шежіреден байқаймыз. Ол өз дәуірінің
ханы болған. Түркі халықтарының оғыз тайпасы осы Оғыз ханнан тараған ұрпақ
болып саналады.
Ал қыпшақ тайпасы оғұз тайпасынан кейін пайда болғанын дәлелдейтін
мына пікірлерге сүйенсек, Оғұз ханның батыр, бектерінің бірі соғыста қайтыс
болып, оны іздеп келген әйелі, баласын ағаш қуысында туады. Оны естіген
Оғұз хан баланың атын Қыпшақ қойды, себебі ежелгі түркі тілінде Қыпшақ
сөзінің мағынасы іші қуыс ағаш дегенді білдірген. Сондықтан қуыс ағаш
ішінде туылған деген мағынаны білдіретін Қыпшақ сөзі, қазіргі күнде
барлық қыпшақ елінің бабасы. Өйткені, Оғұз хан оны тәрбиесіне алып, Еділ
жұртына патша етіп дайындаған.
Осы уақыттағы түркі тайпалары: ұйғыр, киікті, қыпшақ, қалаш, қарлұқ
болатын Қыпшақтар Еділ, Жайық бойында, киіктілер түркімендермен бірге,
қарлұқтар Сыр бойында еді, - дейді профессор К.Мәмбетов. Біздің пікірімізше
Еділ, Жайық бойында сол кезеңде қазақ және қарақалпақ халықтарының қыпшақ
тайпалары жасаған. Оны тарихи деректер мен шежірелер дәлелдейді. Ал
түркмендермен бірге киіктілер деп отырған тайпалар ысықтар болуы мүмкін.
Өйткені, ысықтарды киік сауған, киікті деп те атайды. Себебі Каспий
теңізінің жағалауында ығысықтар деген тайпалар жасаған. Сыр бойындағы
қарлұқтардың негізі қимақтардан тараған, осы күнгі дулаттар болуы мүмкін.
Қазіргі дулаттардың өзі қарлұқ тайпасының өкілі екені тілдік
ерекшеліктерімен әдет-ғұрып, салт-сана дәстүрлерінен айқын көрінеді.
Ұйғыр этнонимі бір заттың ұйуынан алынған сөз. Мәселен, сүт құрамындағы
заттарды бір-бірінен айыруға болса да,ол ұйығаннан кейін бір –бірінен
ажыратып болмайды. Сондай-ақ тоғыз сайда отыратын тоғыз санды ұйғырлар
атанған тайпа ұйғыр халықтарының негізін құрайды.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Түркі тілдерінің жіктелуі туралы ақпарат
Түркі тілдерінің жіктелуі жайлы
Махмұд Қашқари өмірі
Лингвистика - тіл туралы ғылым
Көне түркі сөздік құрамының қалыптасуының түркі тайпалалары мен байланыстылығы
Тарихи этнонимдердің ерекшеліктері
Сөздіктің элементтері мен параметрлері және тарихи сөздіктер
Түркі тілдерінің зерттелу тарихы
Түркі тілдерін жіктеу тарихы мен болмысы
М.Қашкаридің түркі тілдерін топтастыру классификациясы
Пәндер