Мұнай өнңдеу кәсіпорындары


Пән: Мұнай, Газ
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Қарағанды облысының білім басқармасының

"Қарағанды көлік-технологиялық колледжі" КММ

РЕФЕРАТ

Тақырыбы: Мұнай Өнеркәсібі

Дайындаған: 9КПО 14-1 тобының

студенті Қуатбеков Ә. Т.

Тексерген: география пәнінің

мұғалімі Жунусбекова Г. Е.

Қарағанды 2014

Мұнай Өнеркісібі

Мұнай Өнеркәсібі - Мұнай өнеркәсібі отын өнеркәсібіндегі жетекші рөлді атқарады. Сонымен бірге негізгі стратегиялық шикізат көзі болып есептелінеді. Мұнайды өңдемей қолдана алмайды.

Одан 300 түрлі өнім алады: ең, қажетті өнімдерінің бірі машиналарға арналған отын (бензин, керосин) және химия өнеркәсібіндегі шикізаттар.

Қазакстаннан түрлі маркадағы мұнай өндіріледі.

Мұнай мен газды ірі компаниялар өндіруде:

  • «Шеврон-Тексако» (Теңіз)
  • ҚӨБ консорциумы (Қарашығанақ)
  • Қытай ұлттық мұнай компаниясы (Жаңажол, Құмкөл) .
  • «Қазмұнайгаз» Қазақстаннын, ең ірі ұлттық мұнай компаниясы.

Мұнай өнеркәсібі - дүниежүзілік шаруашылықтың Екінші дүниежүзілік соғыстан кейін қарқынды өркендеген саласы. Дүниежүзіндегі басты мұнай алаптары дамушы елдер аумағында орналасқан. Әлемдік нарықта бағасының ұдайы өзгеріске түсетіндігіне қарамастан, мұнай мен одан алынатын өнімдер стратегиялық маңызы бар ресурс болып отыр. Мұнайды көп мөлшерде өндіріп, шетке шығаратын елдердің халықаралық деңгейде айрықша орны бар, тіпті олардың геосаяси жағдайына мұнай қоры елеулі түрде ықпал етеді деуге болады.

Мұнай өнеркісібі - күшті монополияланған саланың бірі, дүниежүзі бойынша мұнай саласында АҚШ пен Батыс Еуропаның аса ірі ұлт аралық компаниялары жетекші орын алады. Бұған қарсы тұру мақсатында 1960 жылы мұнай экспорттайтын дамушы елдер арнайы ұйым (ОПЕК) құрды. Ұйымның негізгі мақсаты - осы ұйымға мүше елдердің мұнайды өндіру және сыртқа сатумен байланысты қызметін халықаралық деңгейде үйлестіру. XX ғасырдың соңына қарай дүниежүзінде өндірілген 3, 5 млрд тонна (газ конденсатымен қоса) мұнайдың 40%-ға жуығы ОПЕК елдеріне тиесілі болды. Ресей әлемдегі жетекші мұнай өндіретін елдердің бірі (сызбанұсқа) . Жан басына шаққанда мұнай өндіруден дүниежүзінде Кувейт 1-орын алады. (2008 жылы 54, 6 тонна) . Қазақстан Республикасында 2008 жылы 70, 7 млн тонна мұнай өндірілді.

Мұнай - аса маңызды экспорттық тауар, дүниежүзінде өндірілетін мұнайдың 45%-ға жуығы сыртқа сатылады. Мұнайды өндіретін (Парсы шығанағы елдері, Латын Америкасы және Африка елдері) және тұтынатын аудандардың (Еуропа, АҚШ, Жапония) аумақтық алшақтығына байланысты мұнай тасымалы күрделі көлік жүйесіне айналып отыр. Қазіргі заманғы ірі порттар мен жүк сыйымдылығы аса жоғары танкерлер, қуатты мұнай құбырлары осы мақсатқа жұмылдырылған. Негізгі тасымал жолдары Парсы шығанағынан Батыс Еуропаға және Жапонияға, АҚШ-қа бағытталған. Сонымен қатар Венесуэла мен Мексика мұнайы АҚШ порттарына жеткізіледі. Аса ірі мұнай құбырлары Ресейдің мұнайлы аудандарын Еуропа елдерімен байланыстырады. Канада мұнайы АҚШ-қа құбыр арқылы жеткізіледі. Теңіздегі қайрандық (шельф) кен орындарында өндірілген мұнай құрлыққа суасты құбырлары арқылы тасымалданады. Қазіргі кезде 500 м-ден төмен терендікте орналастырылады. Мұнай өндіру мен тасымалдау қоршаған ортаға зиянды әсерін тигізуде. 1977 жылы Оңтүстік Африка жағалауында әрқайсысының жүк сыйымдылығы 330 мың тонна болатын екі мұнай таситын танкер соқтығысып қирады. 1989 жылы Аляска жағалауында қайраңға тұрып қалған «Вальдес» танкерінен суға 40 мың тонна мұнай ағып жайылған. 2002 жылы күзде Испания жағалауларында (Галиссия) болған мұнай апаты да қоршаған ортаға зор зиян тигізді.

Мұнай өңдеу кәсіпорындары , әдетте, шикізат көзіне жақын жерде немесе аса ірі портты қалада орналасады. Қазіргі кезде дүниежүзінде ірілі-ұсақты 700-ден астам мұнай өңдейтін зауыттар жұмыс істейді. Олардың 30-ға жуығының қуаттылығы жылына 15 млн тоннадан асып түседі. Мұнай өнімдеріне қатысты экологиялық талаптардың күшейтілуі бұл салада ғылым мен техниканың жетістіктерін кеңінен қолдануға итермелейді. Мысалы, дүниежүзінде өндірілетін бензиннің жартысынан астамының құрамында зиянды қорғасын жоқ, ал АҚШ пен Германияда, Жапонияда тек осындай бензин ғана пайдаланылады.

D:\Users\Админ\Desktop\imgpreview.jpg http://gdb.rferl.org/8739B9AA-2D5C-4D5A-99E9-D34D85E6B2DC_mw800_s.jpg

http://newskaz.ru/images/325/21/3252163.jpg http://gdb.rferl.org/524EC4C0-4867-499E-9BE7-DBAF3A98359D_w640_r1_s.jpg

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Delphi ортасында
Еттің құрамы мен қасиеттері
Delphi ортасында кітапхана жұмысына МБ құру
«БҚО, Бөрлі ауданындағы Қарағанды селолық округінде орналасқан «Тулеугалиев Б.Е.» шаруа қожалығының территориясын ішкі шаруашылық жерге орналастыру жобасы»
Машина жасау өнеркәсібі
Қазақстанның экономикалық аудандары туралы
Қазақстанның экономикалық аудандары
Оңтүстік Қазақстан облысы туралы мәлімет
Қазақстанның мұнай-газ саласында машина құрастырудың дамуын мемлекеттік реттеу
Қазақстан Республикасы машина жасау өнеркәсібінің қазіргі даму жағдайы мен болашағы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz