Жамбыл Жабайұлы - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы



1 Жамбыл Жабаев
2 «Сұраншы Батыр» дастаны
3 «Өтеген Батыр» дастаны
Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық –жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың «қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды» деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан – Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен – Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан – Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары – бір жағынан, Қоқан хандығы – екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің «Шағым», «Жылқышы», «Шәбденге», «Сәт сайланарда», «Өстепкеде», «Патша әмәрә тарылды», «Зілді бұйрық» сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның «Туған елім» атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы «Правда» газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен «Өтеген батыр», «Сұраншы батыр» сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл – ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. «Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру – біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз» - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.

Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл Жабаев

Жамбыл Жабайұлы
(1846-1945) - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Туған жері - Жамбыл облысындағы
Жамбыл тауының етегі.
Топырақ бұйырған жері - Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.
Жамбыл Жабайұлы
(1846-1945) - қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы, өлең сөздің дүлдүлі, жырау, жыршы.
Туған жері - Жамбыл облысындағы
Жамбыл тауының етегі.
Топырақ бұйырған жері - Алматы облысының Ұзынағаш елді мекені. Шыққан тегі - Ұлы жүз Шапырашты тайпасының ішіндегі Екей руы.

Жамбылдың өсіп-өнген топырағында ән-күй, ақындық - жыраулық өнер айрықша биікке көтерілген. М. Әуезовтың қазақ халқында ерекше дамыған айтыс өнері ХІХ ғасырдан бергі жерде өзге жерлерде саябырсып, Жетісу, оңтүстік өлкелерінде шоғырлана бастайды деуінде үлкен тарихи себеп бар. Біріншіден, Қазақстанның өзге өңірлерін ертерек шарпыған отаршылдық ел ішінің дәстүрлі қалпына өктемдігін жүргізіп, шырқын бұзып үлгергенде, Жетісу алабы әзірше қағаберісте еді. Екіншіден, бұл өңірдің ертеден тамырын тереңге жайған өнерпаздық дәстүрі шын мәнінде ХІХ ғасырдан бергі жерде айрықша биік өреге көтеріліп еді. Осы кезеңде Жетісуға сонау Арқадан ұлы Абайдың келуі, Біржан, Шашубай, балуан Шолақ сияқты дауылпаз әнші-ақындардың келуі, Таластан - Жалайыр Түбектің келуі, оңтүстіктен - Майкөт пен Майлықожаның келуі, Атыраудан - Құрманғазының келуі, сөз жоқ, ең алдымен олардың алыстан жаңғырығы жеткен ұлы өнер мектебіне деген ұмтылыстарына байланысты еді.
Жамбылдың ақын-жырау ретінде қалыптаса бастаған кезі Ресей отаршылдары - бір жағынан, Қоқан хандығы - екінші жағынан, жергілікті жандайшаптар- үшінші жағынан қазақ халқын әлеуметтік саяси қыспаққа алған шақ еді. Жаны сергек, санасы өрелі Жамбыл өзінің Шағым, Жылқышы, Шәбденге, Сәт сайланарда, Өстепкеде, Патша әмәрә тарылды, Зілді бұйрық сияқты өлеңдерінде елдің әлеуметтік саяси өмірін ақындық шыншылдықпен азаматтық жауапкершілікпен бедерлейді. Жамбыл Қазан төңкерісінен кейінгі елдің саяси-әлеуметтік өміріндегі тарихи өзгерістерге үлкен үмітпен ден қояды. Оның Туған елім атты толғауы 1936 жылы жарық көріп, онан соң орыс тіліне аударылған нұсқасы Правда газетінде жарияланып, қарт ақынның даңқы бүкіл әлемге жайылды. Халқына қадірі артып, даңқы өрлеген Жамбыл, шабыт тұғырына қонған Алатаудың ақ иық қыранындай, жыр нөсерін селдетеді. Оның 1936-1945 жылдар аралығында шығарған жырлары 13 мың тармақтан асады екен. Ол ел өміріндегі табыс пен жаңғыруларды, жеңіс пен ерлік істерді ерекше шабытпен жырлайды. Шағын жыр-толғаулар ғана емес, оның қарт көкірегінен Өтеген батыр, Сұраншы батыр сияқты эпикалық туындылар қайта жаңғырып ақтарылады.
Жамбыл - әрі эпик, әрі айтыс ақыны; абыз жырау әрі жауынгер жыршы. Ол шын мағынасындағы биік парасатты өнерпаз, азаматтық саяси поэзияны қалыптастырушы. Жамбылдың ұлылығы оның тек ақындық шеберлігімен ғана емес, сонымен бірге халық поэзиясының бұтақ жайған жаңа бір бәйтерегі болуымен, басқаша айтқанда , халық ақындарының жасампаздық рухтағы жаңа ұлы көшін бастаған даралығымен де өлшенеді. Оның сөздері ұранға айналып, өзі халық поэзиясының атасы аталды. Ол жыраулардың байтақ эпикалық дәстүрін, қазақ сөз өнеріндегі ғажайып импровизациялық үрдісті бүтіндей жаңа арнаға бұрып, оған жаңа мазмұн дарытты. Жамбыл - ізгілік жолындағы азатшыл азаматты нәсіліне, ұлтына бөлмеген шын мәніндегі интернационалист ақын. Жамбыл жырлары теңіз түбінде шашылып жатқан маржан секілді. Оны жинап алып халқының қолына беру - біздің әрқайсымыздың азаматтық борышымыз - деген еді Сәкен Сейфуллин. Жамбыл - жырдың толассыз бұлағы, өшпес өнегесі, тозбайтын асылы. Ол жасампаз ұрпақпен сырласындай, қимасындай мәңгі бірге жасай береді.
1945 жылы 22 маусымда Жамбыл дүние салды.
1946 жылы ақпанда Қазақстан жұртшылығы даңқты ақынның жүз жылдығын салтанатпен атап өтті. Мерейтойына қарай ақынның таңдамалы шығармаларының академиялык жинағы орыс және қазақ тілінде басылып шықты. Жамбыл Жабаев Ленин орденімен, Еңбек Қызыл Ту және Құрмет белгісі ордендерімен марапатталған.

Сұраншы Батыр дастаны

Сұраншы (1815 - 1864) - батыр. Ұлы жүз шапырашты ішінде есқожа руынан. Арғы атасы - Қарасай батыр. 1848 - 60 жылдары Қоқан билеушілерінің Жетісу басып кіруіне қарсы күресті. 1864 - 65 жылдары Ресей әскері сапында Ұзынағаштан Сайрамға дейінгі қазақ ауылдарын азат етуге қаты "Сұраншы батыр" тарихи жыр. Қоқан хандығынын Жетісу казақтарына жасаған зорлығына қарсы бас котерген Сұраншы батыр ерліктеріне арналған жырлар мен аңыз-әңгімелер топтамасы. Батырдың жорықтарына қатысқан атақты ақын Сүйінбай Аронұлы шығарған алғашқы "Сұраншы батыр" жыры Қырғызстанда тұрған Рысбек деген карияның айтуынан жазылып алынды. Жыр нұсқасы толык болмағанына қарамастан Сұраншының Сайрам түбіндегі соғысы "Сайрам деген қаланың, Жасы менен кәрісін Жау қолынан босатқан"деген жыр жолдары арқылы накышталып, батыр ерлігі тарихи оқиға ізімен баяндалады да, "Қарасайлап" ұран сап, жауға қарсы шауып, ерлікпен қаза табуымен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жамбыл - әлем түркілері поэзиясының алыбы
Жамбыл Жабаев өмірі мен шығармашылығы туралы ақпарат
ЖАМБЫЛ ЖАБАЙҰЛЫ
Қырғыз бенен қазақтар
Жамбыл Жабаев өлеңдерін мектепте оқыту
Сөзден жеңілген төре
Жамбыл - жүз жыл өмір сүрген ақьн
Жабаев Жамбыл– қазақ халық поэзиясының әйгілі тұлғасы
Тарих қойнауынан сыр тартқан
Жамбыл жырлары - теңіздің терең түбінде жатқан тұңғиық сырдай қол жетпес асыл қазына
Пәндер