ҚР-дағы кедендік режимдерді ұйымдастыру мен реттеудің ережелері



Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен әкетуге тыйым салы; әкелу мен әкетуді шектеу, өткізу тәртібі; кедендік режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі; кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау, кеден шекарасынан өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және басқару. Осы институттың мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді.
Кеден режимдерін қолдану тәжірибесі оларды құқықтық реттеудің ерекшелігн айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап ету мүмкін. Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне жалпы және тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Ресейдің Кеден Кодексінің 24-бабы заңды актілердің қабылданғанына дейін бұл мәселелерді шешу құқығын атқарушы органдарға жүктеген.
Қазақстан Республикасының Кеден ісі жөніндегі («Кеден ісі туралы» Жарлығы, 1999ж, 16 шілде) Заң күші бар Президент Жарлығы тұлғаларға тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге теңдей негізде құқық береді және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқықтан айырылмауынан және әкелу мен әкету (тыйым салуды) құқығының шектелмеуіне кепілдік береді. Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық-имандылық мүдделері және адам өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен өсімдіктер дүниесін, Қазаұстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем, тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуальды меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді. Ресейдің Кеден Кодексі Ресей Федерациясының халықаралық шарттары мен заңдары негізінде анықтаған басқа мүдделрді (20-бап) шектеуді дұрыс деп санады.

Пән: Құқық, Криминалистика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
2.1. ҚР-дағы кедендік режитмдерді ұйымдастыру мен реттеудің ережелері
Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу, әкелу мен
әкету құқығын бекіту келесі негізгі қағидаларға негізделеді: әкелу мен
әкетуге тыйым салы; әкелу мен әкетуді шектеу, өткізу тәртібі; кедендік
режимді таңдау мен өзгерту; кедендік рәсімдеу мен бақылаудың міндеттілігі;
кедендік шекарадан өтетін орын мен уақытты анықтау, кеден шекарасынан
өткізілетін тауарлар мен көлік құралдарына билік ету, шартты түрде
шығарылған тауарлармен, көлік құралдарымен пайдалану және басқару. Осы
институттың мазмұнын толықтыра түсу үшін кеден шекарасы арқылы тауарлар мен
көлік құралдарын өткізуді жүзеге асырудың құқықтық механизмі және кеден
режимдерінің жиынтық мәселелерін қарастыру өте маңызды болып келеді.
Кеден режимдерін қолдану тәжірибесі оларды құқықтық реттеудің
ерекшелігн айқындауды немесе басқа кедендік режимді анықтауды талап ету
мүмкін. Міне, сондықтан да Қазақстан Республикасындағы кеден ісіне жалпы
және тікелей басшылықты жүзеге асырып отырған Үкіметке және кеден
органдарына жоғарыда айтылған мәселелерді шешу құқығын беру керек. Ресейдің
Кеден Кодексінің 24-бабы заңды актілердің қабылданғанына дейін бұл
мәселелерді шешу құқығын атқарушы органдарға жүктеген.
Қазақстан Республикасының Кеден ісі жөніндегі (Кеден ісі туралы
Жарлығы, 1999ж, 16 шілде) Заң күші бар Президент Жарлығы тұлғаларға
тауарлар мен көлік құралдарын әкелуге, әкетуге теңдей негізде құқық береді
және онда құқықты жүзеге асыру кезінде ешкімнің ол құқықтан айырылмауынан
және әкелу мен әкету (тыйым салуды) құқығының шектелмеуіне кепілдік береді.
Бір жағынан мемлекет тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуге тыйым
салуды, мемлекеттің қауіпсіздік, моральдық-имандылық мүдделері және адам
өмірі мен денсаулығын сақтау, айналадағы табиғи ортаны, жануарлар мен
өсімдіктер дүниесін, Қазаұстан Республикасы мен шетел халықтарының көркем,
тарихи, археологиялық игіліктерін, меншік құқығын қорғау, интеллектуальды
меншікті, тұтынушылардың және мемлекеттің басқа да өмірлік маңызы бар
мүдделерін қорғау тұрғысынан негіздейді. Ресейдің Кеден Кодексі Ресей
Федерациясының халықаралық шарттары мен заңдары негізінде анықтаған басқа
мүдделрді (20-бап) шектеуді дұрыс деп санады.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуді шектеу қағидасы
Үкіметтің, Президенттің заң актілерінде және халықаралық шарттарға
негізделген. Қазақстан Республикасы Кеден ісі туралы Заңның 21-бабы
юойынша шектеулер қолданылатын тауарлар мен көлік құралдарын сыртқа
шығаруды кеден органдары тек Республика заңдарымен белгіленген талаптарды
сақтаған жағдайда ғана жүргізе алады.
Тауарлар мен көлік құралдарын әкелу мен әкетуді шектеуді айқындайтын
бап Ресейдің Кеден Кодексінде анық көрсетілген.
Онда, біріншіден, шектеулер экономикалық саясат тұрғысынан,
халықаралық міндеттемені орындаудан, экономикалық егемендік негізін қорғау
мәселесінен, ішкі тұтынушылар нарығын қорғаудан, ресейлік тұлғалардың
мүддесін бұзатын дискриминацияға немесе басқа да шетел мемлекеттерінің
акциясына қарсы жауап шарасы ретінде және басқа да Ресейдің халықаралық
шарттары мен заңды актілеріне сәйкес бекітілуі мүмкін, ал екіншіден, осы
көрсетілген шектеулерді бекіткен жағдайда ол күшіне енгенде шектеулер
қолданылатын тауарлар мен көлік құралдарын шығаруды Ресейлік кеден
органдары тек заңды актілер мен Ресейдің халықаралық шарттарында
бекітілген ережелерді сақтаған жағдайда ғана жүргізе алады.
Кеден шекарасы арқылы тауарлар мен көлік құралдарын өткізу тәртібі
оларға мәлімделген кеден режиміне, сондай-ақ кеден рәсімдеуі мен кеден
бақылау процедурасына сәйкес кеден заңымен анықталады.
Тұлғаның кез келген уақытта тауар мен көлік құрамының сипатына,
санына, шыққан еліне қарамастан кез-келген кеден режимін таңдауға немесе
өзгертуге құқығы бар.
Тауарлар мен көлік құралдарын кеден шекарасынан өткізу орны мен
уақытының практикалық маңызы зор, мұнда өткізу орны кеден орнымен
белгіленеді, ал уақыты олардың жұмыс уақытымен анықталады. Ал басқа
жерлерде және кеден органдарының жұмыс уақытынан тыс уақытта көлік
құралдары мен тауарларды кеден шекарасынан өткізу тек кеден органдарының
келісімі арқылы жүзеге асады (Қазақстан Республикасының Кеден ісі туралы
Заңның 25-бабы). Қазақстан заңы мемелкеттік шекара мен кеден шекарасы
ұғымын ажырата түсті. Бұл мәселелер заңда бұрын басқаша қарастырылды,
кеден шекарасы ұығымы мемлекеттік шекара ретінде қабылданды. Бұрын
мемлекеттік шекарадан (орнынан) өту орны мен уақыты төмендегідей реттелетін
болған. Мысалы: ол 5 сәуір 1925 жыл (С.У. 1925г. № 21; 160-бап). Халық
коммиссариаты кеңесінің қаулысынан анықталады.
§1. Жерасты және тас жолдармен жүретін тауар таситын көліктер кеден
шекарасынан тек күндіз күн шыққанан күн батқанға дейін өткізіледі.
§2. Егер кеден шекарасының өзінде орналаспаса, онда көліктерді алдыңғы
кеден мекемесі арқылы өткізу кеденге күндізгі уақытта жетуді көздейтін
уақыт есебіне сүйену керек болады.
§3. КСРО-ның Кедендік кодексі тауарлардың және басқа заттардың
кедендік шекара арқылы өту кеден мекемелері орналасқан жерлерде жүзеге
асырылатынын, сондай-ақ осы мекемелердің басқа өтетін жерлерді анықтайтынын
атап кеткен, бірақ өткізу уақыты жөнінде сөз қозғалмаған.
Кедендік мағынада тауарлар деген ұғымның кез келген қозғалатын
мүлік, сондай-ақ валюталық құндылықтар, электр жылу және басқа энергия
түрлері, тауарлар мен жолаушыларды тасымладау үшін қолданылатын көліктен
басқа көлік құралдары деп түсінеміз. Тауар және көлік құралдары деген
түсінікті қолдану осы айтылған тұжырыммен түсіндіріледі. Сонымен қандай да
болмасын кеден режимінің ауысқанына қарамастан Қазақстан Республикасының
кеден шекарасы арқылы әкелінген тауарлар мен көлік құралы шындығында өту
тиіс.
Кеден құқығының маңызды құқықтық институттарының бірі – кеден
төлемдері. Соңғы заңды бекіткенге дейін 1991 жылғы 25 желтоқсандағы
Қазақстан Республикасындағы салық жүйесі туралы және 1991 жылғы 17
желтоқсандағы Қазақстан Республикасындағы бюджеттік жүйе туралы заңдарына
сәйкес кеден тарифі мен төлемі деп аталады, бұл атау 1991 жылы 24
желтоқсанда қабылданған Кедендік тариф және төлем туралы заңында
толығырақ айқындалды, мәні ашылды.
Бұл заңдар салық заңдарында қарастырылған тәртіпке сай Қазақстан
Республикасының кедендік шекарасынан тауарлар мен көлік құралдарының өтуі
барысында акциздер мен қосымша құн салығын алу кеден органдарына
жүктелетіндіктен Кеден құқығының аталған институтының құқықтық негізіне
енеді. Қазақстанда кеден тарифі іс жүзінде кеден төлемдерінің мөлшерін
бекітетін қаулыларда қабылданған. ҚР Кедендік тариф және төлем туралы
Заңына сай Президент қаулысымен бекітілуі тиіс.
1992 жылғы 28 қарашада Қазақстан Республикасының уақытша импорттық
кеден тарифі туралы 1994 жылғы 14 қаңтарда Қазақстан Республикасының
импортталатын тауарларға кеден тарифі туралы Президенттің жарлығы
қабылданды.
Қазіргі Қазақстан қажеттілігіне жауап беретіндей кеден тарифі моделін
ұсынуға болады.
Кеден тарифі кеден төлемі алынатын тауарлар жүйесінен, төлемдер
(олардың түрі бойынша) алынатын тауарлар атауларынан, нақты кеден төлемі
мөлшерінен, пайдалануға және алып келуге, шығаруға немесе транзиттеуге
тыйым салынған тауарлардан тұратындықтан оны бір мөлшерден кеден бажын
бекітеді, мұнда кеден жеңілдіктері мен преференциялары қолданылмайды.
Күрделі кеден тарифі тауардық шыққан еліне байланысты кеден бажының екі
немесе одан да көп мөлшерін қарастырады.
Қазақстанның Кедендік тарифі 1983 жылғы 14 маусымда Брюссельде
қабылданған концепциясына қолданған. Үйлестірілген тауарларды кодтау мен
сипаттау жүйесіне негізделуі керек және кеден бажының жүйелендірілген кеден
төлемдерінің жинағы болуы керек. Көрсетілген Конвенцияға Қазақстанның Кеден
Одағы немесе ТМД елдері арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.
1998 жылғы 22 қаңтарда Үкімет бас шылар кеңесінің шешімімен, Кеден
Одағы туралы келісім – ТМД мемлекеттері Жалпы кедендік тариф туралы
келісім қабылдады. Оны жүзеге асыру бұл мәселелер бойынша дауларды
туғызбауды көздеп, біртұтас кедендік тарифті қабылдауға мүмкіншілік береді.

Жалпы кедендік тариф дегеніміз дамушы елдерден кедендік Одақ
мүшелерінің қатарындағы мемлекеттердің Кедендік аумақтарына әкелінген ТМД
елдерінің сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауарлар номенклатурасына
сай жүйеленген, тауарларға қолданылатын және әкелінетін тауарларға
қойылатын кедендік өлшемдердің, бірыңғай мөлшерінің келісілген тізімі.
2000 жылғы 1 қаңтардан бастап ТМД мемлекеттері тағайындаған елдер
қағида бойынша өзара саудада қосымша салық салудың бірыңғай жүйесін
қолданатын болады.
Заң бойынша кеден режимі Қазақстан кеден шекарасы арқылы кедендік
мақсат үшін өткізілетін тауар мен көлік құралдарының мәртебесін айқындайтын
ережелер жиынтығын білдіреді және бұл Кеден ісі туралы Заңды
мазмұндалған. Бұл айқындама ТМД қатысушы мемлекеттердің Кедендік заңдарының
негізінде және Ресейдің Кеден Кодексінде аталып кеткен тұжырымға ұқсас.
Соңғысынан айырмашылығы Кеден ісі туралы Жарлықта 14 кеден режимі
анықталған еді (Кеден ісі туралы заңда бұл түзетілген), сол кезде-ақ 15
режим бекітілген; тауарларды еркін айналысқа шығару; тауарлардың кері
импорты; тауарлардың транзиті; кеден қоймасы; бажсыз сауда жасайтын дүкен;
кеден аумағында тауарларды уақытша әкелу және әкепту; еркін кеден аймағы;
еркін қойма; тауарларды кеден аумағынан тысқары жерде ұқсату, тауарлар
экспорты, тауарлардың кері экспорты, тауарларды жою, мемлекет пайдасы үшін
тауарлардан бас тарту.
Еркін қойма режимі бірге бекітілген еді, бірақ іс жүзінде екі түрлі
режим туралы әңгіме болып отыр.
Кеден Одағы Кеден Кодексі жабық мемлекетке жауап беретін үш кеден
режимін қарастырды: КСРО аумағында және осы аумақтан тыс еркін айналыс
үшін; КСРО кеден аумағына уақытша әкелу немесе осы аумақтан уақытша әкету
мақсатында; КСРО аумағы арқылы транзит үшін. М.А.Сәрсембаев тауарлар мен
көлік құралдарының өткізілуін төмендегідей қағидаларын атап кетеді.
Мемлекеттердің кедендік шекаралары арқылы өтуін қамтамасыз ету қағидасы;
тауарларды әкелу мен әкетуге шектеудің мүмкіндігінен туындайтын қағида.
Тауарларды еркін айнлысқа шығару режимі әкелінген тауардың кеден аумағында
қалуы немесе тұтынылу үшін белгіленеді. Мұнда оларды әкету үшін ешқандай
міндеттеме берілмейді. Осы көрсетілген режим бойынша тауар өткізу үшін
кеден төлемдері мен салықтарын төлеу, экономикалық саясат шараларын және
басқа шектеулерді сақтау кеден рәсімдерін аяқтау қажет (10; 96).
Тауарларды еркін айналысқа шығару үшін мынадай жағдайларда жүзеге
асырылады:
– кеден төлемдерімен салығын төлеу;
– тарифтік емес реттеу шарасы мен валюталық бақылау аймағындағы
талаптарды сақтау;
– заңда қарастырылған басқа да талаптарды орындау;
– кеден рәсімдерін аяқтау барысында;
Тауарлардың кері импорты кедендік режим ретінде экспорттық кедендік
режиміне сәйкес кеден бажы мен салығы алынбай, сондай-ақ, тауарларға
экономикалық саясат шаралары қолданылмай әкетілген тауарды кері әкелу
мүмкіндігі үшін арналған.
Заң бойынша кері импортталатын тауар әкетілген кезден бастап үш жыл
ішінде кеден аумағына табиғи тозумен келуіне байланысты болған
өзгерістерден басқа уақытта тауар әкетілген кездегі күйінде қайтарылуы
тиіс. Ресей заңдылығы және кеден заңдарының негіздері 10 жылдық мерзімді
белгілеген. Кеден органдары кері импортты тұлғаға бұрын төлеген кеден
төлемін қайтарып береді. Өз кезегінде тауарларды өткізуші тұлға экспортқа
шығару кезінде төлемдер ретінде немесе өзге жеңілдіктер нәтижесінде алған
сомаларын қайтарады. Осы салалардан басқа олардан Қазақстан Республикасының
Ұлттық Банкі белгіленген ресми пайыздық мөлшері бойынша пайыздар өндіріліп
алынады.
Кедендік режимнің кер импорттық тауарларының қатарына төмендегідей
тауар түрлерін енгізуге болады.
– экспорттың кедендік режиміне сәйкес бұрын Қазақстан Республикалық
аумағынан тыс әкетілген тауарларды; жетілген кезінен бастап үш жыл ішінде
Қазақстан Республикасының кеден аумағына әкелінген тауарды;
– дұрыс тасымалдау және сақтау жағдайларындағы табиғи тозуы мен
шығынының болуы табиғи күштің немесе апаттың салдарынан таурлардың бұзылуы,
сапасының төмендеуі, сондай-ақ бұл тауарларға сақтап қалу мақсатында оның
құнын өзгермейтіндей кіші-гірім жөндеу жұмыстарының жүргізілуі сияқты
өзгерістердің болмаған жағдайда, жетілген кезіндегідей сол қалпында
сақталған тауарларды.
Табиғи тозу не тасымалдау мен ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кедендік тасымалдаушының міндеттері
Мемлекеттік тәуелсіздік алу Қазақстан Республикасының кеден саясаты мен кеден ісін қалыптастырудың алғы шарты ретінде
Әкімшілік - құқықтық режимнің түрлері
Төтенше жағдай режимінің құқықтық негіздері
Кедендік одақтың теориялық аспектілері
Арнайы экономикалық аймағының кеден заңнамасындағы өзгерістерге талдау жасау. Арнайы экономикалық аймағының кеден кодексі
Еркін сауда аймақтары
Кеден бақылауы органдарының рөлі. Контрабанданың қылмыс ретіндегі кылмыстық мәні
Кеден құқығының негізгі түсініктері, пәні, міндеттері және жүйесі. Кеден одағының және ҚР кеден заңнамасы
Қазақстан Республикасының кедендік шекарасы арқылы өткізу пункттері
Пәндер