Шығармашылық іс-әрекетке оқушылар мотивациясын қалыптастыру


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 79 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Бастауыш оқыту теориясы

мен әдістемесі кафедрасы

(іштей бөлімге арналған)

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ОҚУШЫЛАР МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУ

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ 3

1 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ОҚУШЫЛАР МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ-ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ 9

1. 1 Шығармашылық, іс-әрекет, мотивация ұғымдарына теориялық сипаттама 9

1. 2 Бастауыш сынып оқушыларының шығармашылық қабілетін дамытудың педагогикалық-психологиялық негіздері 23

1. 3 Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында шығармашылық іс-әркет мүмкіндіктері 37

2 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ОҚУШЫЛАР МОТИВАЦИЯСЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТИІМДІ ЖОЛДАРЫ 51

2. 1 Қазақстанда шығармашылық іс-әрекетті қолданудағы озат тәжірибелер 51

2. 2 Эксперимент жұмысы мен қорытындысы 58

3 ҚОРЫТЫНДЫ 71

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР 74

ТІРКЕМЕ А 80

ТІРКЕМЕ Ә 81

ТІРКЕМЕ Б 82

ТІРКЕМЕ В 83

ТІРКЕМЕ Г 85

ТІРКЕМЕ Д 87

КІРІСПЕ

Зерттеу көкейкестілігі: Қазақстан Республикасының ғылыми техникалық, экономикалық, ресурстық және рухани дамуының жаңа деңгейіне бағытталуда. Республика өміріндегі бұл өзгерістер, сөз жоқ, білім беру саласына соның ішінде мектепте оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу ісіне де әсерін тигізуде.

Сондықтан мектеп оқушыларын ғылыми білімнің қоғамдық қажетті деңгейімен қамтамасыз ету, оларды сусындату - басты міндет болып қала береді. Өйткені егеменді елдің оқу-білімнің тереңдігімен өлшенеді. Толассыз, үздіксіз өзгеріп тұрған әлем адамнан да қабілет пен қажеттіліктерді толассыз дамытуды талап етеді. Осыған байланысты мектептегі оқушыларды дара тұлға етіп тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмыстың мақсаты мынандай болуы тиіс:

1) оқушыларды өзгермелі өмірде қорықпай, еркін өмір сүруге бағыттау;

2) білім мен білігіне сай келетін дәрежеде тәрбиелеу;

3) өз бетінше жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыру, дамыту;

4) шығармашылық қабілетін дамыту;

20 ғасырды артта қалдырып, 21 ғасырды бетке алып келе жатқан Қазақстанның бастауыш сатыдағы мектептері өздерінің тарихи миссиясын орындап болды, сондықтан бастауыш мектепті реформалау қажеттігі туды. Өйткені белгілі бір мөлшердегі «білім жиынтығын» алу жүйесі ескірді, ертедегі ойшылдардың сөзімен айтсақ, «шәкірт-нығарлай беретін ыдыс емес, керісінше тұтандыруды қажет ететін шырақ». Ал мектеп конвейер емес, керісінше кең түрде ойлай алатын жеке адамды қалыптастыратын сфера. Олай болса мектепте білім беру ісіндегі басты мүмкіндіктерін дамыту және оларды шынайы өмірдегі дара тұлға етіп әзірлеу.

Ел Президентінің «Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламасында білімге ерекше көңіл бөлетіндігі белгілі. Ол бүгінгі өскелең өмірдің талаптарына сай маңыздылығымен ерекшеленеді.

Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңында білім беру жүйесінің басты міндеті ұлттық және адамзаттық құндылықтар, ғылым мен практика жетістіктер негізінде жеке адамды қалыптастыруға жеке кәсіби шыңдауға бағытталған білім алу үшін қажетті жағдайлар жасау, білім беруді ақпараттандыру деп білім беру жүйесіне одан әрі дамыту міндеттерін көздейді.

Қазақстан Республикасының гуманитарлық білім беру тұжырымдамасында «Білім берудің гуманитарлық сипаты, онда адам тек зерттеу объектісі ретінде ғана емес, ең алдымен, шығармашылық пен таным субъектісі құдіретті мәдениет үлгілерін дүниеге әкелген, әрі өзінің шығармашылыққа деген құлшынысымен оқушыларды баурап әкететін субъектісі ретінде көрінуімен бедерленеді» делінген.

Оқыту екі жақтың да, мұғалім-оқушы, бірдей еңбек етуін талап ететін үрдіс, сондықтан ұстаз өзінің іс-әрекетін ұйымдастырып, тек оның орындалысымен ғана қанағаттанып қоймай, оқушының да белсенділігін, білім игерудегі әрекетін дамытуға ықпалын тигізуі қажет.

Қазіргі қоғам шығармашылық қабілеті бар, талантты іскер мамандарға мұқтаж.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы» деген 1992 жылғы еңбегінде мемлекетіміздің егеменді, тәуелсіздігіне жеткізетін төрт күш аталған: біріншісі-жеріміздің қойнауындағы байлық; екіншісі-жеріміздің бетіндегі байлық; үшіншісі-өндіріс байлығы; төртіншісі-тапқырлардың ақыл-ой байлығы, тапқырлардың үйреншікті қалыпқа сыймайтын, бүкіләлемдік деңгейдегі жасалымдары» - дегеннің өзі шығармашыл тұлғаның ерекше, дәстүрлі емес ой-пікірінің нәтижелі мағынасын береді. Мектептегі оқыту үрдісінің негізгі мақсаттары баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастыру, сол арқылы таным әрекетін белсендіру. Бұл оқушының өзіндік әрекеттерін, дербес жұмыс істеу қабілеттерін дамытудың маңыздылығын айқындайды.

Бұл мәселе Қазақстан Республикасының Білім туралы заңындағы білім беру жүйесінің міндеттері туралы бабында:

- жеке адамның шығармашылық, рухани және жеке мүмкіндіктерін дамыту, адамгершілік пен салауатты өмір салтының берік негіздерін қалыптастыру, жеке басының дамуы үшін жағдай жасау арқылы интеллектік байытумен қатар әлемдік және отандық мәдениеттің жетістіктеріне баулу, қажеттігі атап көрсетілген.

Педагогика ғылымы мен мектеп практикасы баланың білім игеру кезінде ойлау қабілетін қалыптастырып, сол арқылы таным әрекетін белсендіру қажеттігін көрсетеді. Осы мәселелер оқушының шығармашылық қабілеттерін, шығармашылық әрекеттер қырларын дамытудың өзекті екенін анықтайды. Ол үшін не істеу керек, қандай шаралар ойластырылуы қажет? Оқуға деген қызығуы, өзінің білім алуға ұмтылысы керек. Ол ұстаз тарапынан сабақ өткізудің әртүрлі жолдарын қарастырып, әдіс-тәсілдерді жетілдіріп, сабақ түрлерін әдістемелік тұрғыда дұрыс ұйымдастырылуды талап етеді. Осындай еңбек оқушының оқу әрекетін тиімді меңгеруіне, соның нәтижесінде оқуға деген ынта, құлшыныс, талап туып бұрынғы игерілген білім, білік, дағдыны пайдалана отырып, әртүрлі оқу тапсырмаларын шешуде шығармашылықпен еңбек етіп, өз әрекетін бақылауды, басқаруды және дамытуды үйренуіне себебін тигізеді [ 45, 3б ] .

Жас ұрпақтың қабілеті мен талантын ашу, шығармашылық ойлау қабілетін жетілдіру, осы арқылы өзіне деген сенімін нығайту, бір сөзбен айтқанда, өз жолын өзі таңдауына түрткі болу-міне, бүгінгі таңның басты мәселесі болып отыр.

Қазақ тілі сабағында шығармашылық іс-әрекеттің мақсаты - өз бетімен жұмыс істеу дағдыларын, шығармашылық, ойлау қабілетін қалыптастыру, шығармашыл тұлғаны дамыту жолында жұмыс жургізу.

Дей тұрғанмен, зерттеу барысында мынандай қарама-қайшылықтардың орын алғанын байқадық. Олар:

- бастауыш сыныпта белгілі шығармашылық іс-әрекет толық мәнді ұйымдастырылмауынан оқушылардың шығармашылық тапсырмаларды орындай алмауы;

- бастауыш сынып оқушыларының қазақ тілі оқу процесінде орындайтын шығармашылық тапсырмаларды орындай алмауынан оқушылардың шығармашылық, ойлау қабілетінің дамымауы;

Сонымен, анықталған қарама-қайшыылықтар біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын: «Шығармашылық іс-әрекетке оқушылар мотивациясын қалыптастыру» деп алуымызға себеп болды.

Зерттеу мақсаты: Бастауыш сыныптарда қазақ тілі сабағында шығармашылық іс-әрекетке оқушылар мотивациясын қалыптастырудың ғылыми- теориялық, іс-тәжірибе тұрғыдан зерттеп, оқу үрдісінде тиімді қолдану жолдарын анықтау.

Зерттеу объектісі: Бастауыш сыныптағы қазақ тілі сабағындағы оқу процесі.

Зерттеу пәні: Бастауыш сыныпта қазақ тілі оқу процесінде шығармашылық іс-әрекетке оқушылар мотивациясын қалыптастыруда мұғалім мен оқушының іс- әрекеті.

Зерттеу болжамы: Егер бастауыш сыныпта қазақ тілі сабағында шығармашылық іс-әрекетті жүзеге асырса, онда оқушылардың білім деңгейі артады, шығармашылық қабілеті қалыптасады. Өйткені, шығармашылық іс-әрекет баланың өз бетімен жұмыс істеу дағдысының, ойлау, шығармашылық қабілетінің қалыптасуына ықпал етеді.

Зерттеу міндеттері:

- шығармашылық, іс-әрекет, мотивация ұғымдарына түсінік;

- ғылым педагогикалық-психологиялық және лингвистикалық әдебиеттерді талдау;

- шығармашылық, іс-әрекет, мотивация ұғымдарына ғылыми теориялық әдебиеттер негізінде терминдік анықтама беру;

- озат тәжірибелі ұстаздардың тиімді әдіс-тәсілдерімен, еңбектерімен танысу;

- баланың білім, білік, дағдысының сапалық көрсеткіштерімен танысу;

- зерттеу барысында жиналған материал көлемінде дайындалған баяндамамен ғылыми конференцияға қатысу;

- оқу процесін бақылап, шығармашылық жұмыстар әзірлеу;

- шығармашылық жұмыстарды жүзеге асыруда мұғалімнің әрекет қадамын бақылау арқылы салыстырмалы түрде зерттеу;

- оқу процесін салыстырмалы сипатта эксперимент жұмысын ұйымдастыру, қорытындылау;

Зерттеу әдістері:

- ғылыми теориялық әдебиеттерге талдау;

- зерттеу материалдарын талдау, сараптау, жинақтау;

- озат тәжірибелі ұстаздармен пікір алмасу;

- педагогикалық іс-тәжірибеде өткізу; (эксперимент және бақылау сыныптарын іріктеу ) .

- эксперимент бағдарламасын дайындау;

- эксперимент және бақылау сыныптарының диагностикалық картасын жасау;

- оқу процесін ұйымдастыру;

- шығармашылық жұмыстар жүргізу;

- эксперимент қорытындысын сараптау;

Зерттеу кезеңдері:

- 2004-2005 жылы осы тақырыпта теориялық материалдар жинастырылды, курстық жұмыс қорғалды;

- 2005-2006 жылы іс-тәжірибеден өтілді.

- 2006 жылы ғылыми конференцияда баяндама жасалды, мақала жасалды. - осы жылы рәсімделіп, өңделіп, эксперимент жұмысы жүргізіліп, диплом жұмысы қорғалды.

Зерттеу базасы: Өскемен қаласы А. Байтұрсынов атындағы № 20 гуманитарлы-эстетикалық бағыттағы орта мектеп.

Зерттеу практикалық құндылығы: Дипломдық жоба негізінде ұйымдастырылған зерттеу жұмысының қорытынды материалдары, ғылыми теориялық, ғылыми практикалық пікірлердің негізінде тұжырымдалып, нәтижелі жүйеде құрылуына байланысты, бастауыш сынып мұғалімдері мен педагогикалық колледж мұғалімдеріне, бастауыш оқыту теориясы мен әдістеме ісі бөлімінде оқитын студенттерге септігін тигізер дайын дидактикалық құрал болып табылады.

Зерттеу жұмысының құрылымы: Диплом жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, әдебиеттер тізімінен, тіркемеден тұрады. Көлемі 87 бет.

1 ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТКЕ ОҚУШЫЛАР МОТИВАЦИЯ-

СЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ҒЫЛЫМИ- ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ

1. 1Шығармашылық, іс-әрекет, мотивация ұғымдарына теориялық сипаттама

Бүгінгі мектептің білім беру саласындағы саясаттың тұжырымдамасындағы міндеттердің бірі - білім беру жүйесі мен оқытудың сапасын арттыру, сабақтың әдістерін және мазмұнын жетілдіру, әдістемелік жағынан дамыту болып табылады.

Бастауыш білім - үздіксіз білім берудің алғашқы басқышы. Осыған сәйкес оқушыға белгілі бір көлемдегі білім, білік-дағдыларды меңгертумен бірге табиғат, қоршаған дүние туралы түсініктерін кеңейте отырып, оларды шығармашылық бағытта жан-жақты дамыту - бүгінгі күннің талабы [ 23, 25 б] .

Қазіргі заманда білімді механикалық түрде меңгеру емес, оны дамыту - негізгі мәселенің бірі. Яғни, оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін дамыту арқылы білім деңгейін көтеру талап етіледі. Сондықтан, педагогика жаңалықтарын пән ерекшелігіне қарай қолдана білу - оқыту мақсатына жетудің бірден - бір жолы. Мақсатқа оқушының іс -әрекеті арқылы қол жетеді [ 63, 33 б] .

Шығармашылық іс-әрекет ұғымының теориялық сипаттамасын бастамас бұрын, шығармашылықтың ғылыми педагогикалық әдебиеттерде қаншалықты мәні барын қарастырған жөн.

Егер «шығармашылық» ұғымының мазмұнын толық ашып, түсінік беретін болсақ, төмендегідей анықтамалар дәл көрсетеді.

«Шығармашылық оқушының даралық бейімделіктері мен қабілетінің көрінуі» деп Қ. Қожабаев анықтама береді.

«Шығармашылық» - адамның белсенді және өзіндік іс-әрекетінің ең жоғарғы формасы. Шығармашылықтың масштабы әр түрлі болуы ықтимал. «Бірақта, - дейді зерттеушілер, - онда міндетті түрде әлеуметтік құндылықпен жаңашыл шешім болуы қажет» [ 10, 98б ] .

«Шығармашылық» - бұл адамның өмір шындығында өзін-өзі тануға ұмтылу, іздену [ 56, 35 б ] .

«Шығармашылық» - бүкіл болмыстың, қозғалыстың, дамудың, бір сөзбен айтқанда, тіршіліктің көзі [ 15, 3б] .

«Шығармашылық» - бұл жекелеген мотивациялық құрылымарқылы берілетін ақыл-ой жемісі, ол қабілеттіліктерінің әсерімен берілетін қоғамдық маңызды мәселе . . . Шығармашылық потенциал әр адамның миында әрбір іс-әрекетінің формасы ретінде жинақталады [ 9] .

Ю. Н. Кулюткиннің пікірі бойынша, шығармашылық ұғымынан екі өзара байланысты құбылысты көруге болады. Біріншіден, шығармашылық - бұл тұлғаның материалдық және рухани байлықты жасаудағы әрекеті. Демек, бұл жерде адамдар ұжымы немесе тұлға арқылы жасалған өнім жайлы, нәтиже жайлы, соның ішінде жаза, соны, бірегей, қоғамдық мәнді нәтиже жайлы сөз болмақ. Екіншіден, шығармашылық желеуімен нәтижеге жету процесінің өзін ұғуға болады, соның ішінде тұлға өзінің әлеуметтік қуаты мен қабілетін жүзеге асыруы және нығайта отырып, өзін-өзі дамытатын процесті атау ағаттық емес.

Шығармашылық адамдардың кез келген өмірлік әрекетінің, тіпті адамдар арасындағы қатынастың мәні болып қалыптасады. Бұған бірқатар әлеуметтік үрдістер мен құбылыстар мүмкіндік туғызады [ 5, 41 б ] .

Исаева З. А шығармашылық-бұл өзіне жол ашу, өзіндік жетілуге ұмтылу деп анықтама береді. Ол үшін белсенділік пен табандылық үйлесімділігі қажет.

Төзімділік, өзін-өзі құрбан ету, өзін-өзі ұстап, сабырлық таныту - шығармашылық тұлғаға тән сипат. Педагогика ғылыми шығармашылық тұлғаны тәрбиелеу мен оның өзіндік тәрбиеленуінен келіп шығады [ 18, 47б ] .

Дегенмен шығармашылық дарынды тұлғаның артықшылығы болып есептелмейді. Шығармашылық - еңбек достық, ынтымақтастық, өзара түсінікті қалыптастырып, кедергілерді жеңуге көмектесуге, сондай-ақ өзіндік басқаруды дамытуда, жағымды және тоқырау құбылыстарын жеңу үрдісін тездетуде еңбек ұжымында өте маңызды орын алады.

Шығармашылық - адамның өнімді еңбегінің басты факторы.

Шығармашылық тұлға:

- пікірлестің шығармашылық тобын шоғырландырып және сонымен өзінің әлуетін бірнеше есе ұлғайта алады;

- еңбек үлгісін өзінің еңбегінде көрсете алады;

- істі ұйымдастыруды жаңартуға қол жеткізу;

- өзінің жаңа идеяларын өмірде жүзеге асыра алады [ 20, 138 б ] .

Шығармашылық деп әдетте нәтижеде жаңа және сонымен бірге әлеуметтік мәнді өнім жасалатын іс-әрекетті айтады [ 52, 67 б ] .

Л. С. Выготский шығармашылық деп білімді жаңа жағдайға тасымалдай білу деп анықтама берсе, Л. Н. Лук мәселені шешудегі көрегендік, қырағылық деп тануды ұсынды.

В. В. Давыдов «жеке тұлға негізінде шығармашылық бастау жатыр; жеке тұлғаның маңызы оның жасампаздыққа, мұқтаждығына және қабілеттілігіне байланысты» деп есептеген. Б. Д. Эльконин шығармашылыққа мынадай анықтама береді: «Шығармашылық -бұл ерекше тұрғыдағы жасампаздық, жаңадан жасалған нәрсе, бұрынғы нәрселердің механикалық қайталануы емес, өзінің куәландыратын, дәлелдейтін болса, онда бұл нәрсені туғызған шығармашылық акт туралы сөз қозғауға болады».

Оқушылардың шығармашылық мүмкіндіктері В. В. Давыдов пен В. В. Репкин еңбектерінде қарастырылады [ 24, 16 б] .

Дегенмен, айтылып өткен анықтамалар мынаны көрсетеді: олар мазмұны жағынан жақын, қайшы келмейді, қайта бір-бірін өзара толықтырып, өзара байыта түседі. Әрбір автор анықтама бере отырып, өзінің басты назарының нысанасы болған саланы көрсетуге тырысады. Сондықтан жоғарыда аталған анықтамалар нақты өмір сүруге қақылы және әр бірі өзін мақұлдатады.

Шығармашылықтың басты көрсеткіші іс-әрекеттің жаңалығы және әлеуметтік мәнділігі деп саналады. Шығармашылық іс-әрекеттің мәнін ашуда жалпы іс-әрекет мәселесіне қазіргі әдебиеттерге талдау жасадық.

Келесі «іс-әрекет» ұғымына қазақ тілі терминінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігінде адамның ақиқат дүниемен өзара белсенді әрекеттестігінің іс жүзіндегі көрінісі деп түсінік берілген [ 26, 241 б ] .

Іс-әрекеттің жалпы теориясын М. Б. Демин, Н. Д. Гордеева, Б. П. Зинченко, Г. С. Батищев, М. С. Каган, А. Н. Леонтев т. с. с ғалымдардың еңбектерінде қарастырылады:

А. Н. Леонтьев - іс-әрекетке нақтылы процесс, әрекеттер мен операциялардың жиынтығы [ 35, 95, 108 б] .

Э. С. Маркарян - мәдениетті жасаушы күш [ 50, 637 б ] .

Б. Г. Ананьев - өмірде әрбір индивидке қажетті ойын, оқу, еңбек әрекеттер

[ 36, 46 б ] .

«Іс-әрекет - адамның белгілі бір мұқтаждығын қанағаттандыруға арналған белсенді қылықтары», - дейді Ә. Алдамұратов [ 67; 112 б ] .

Іс-әрекет - бұл қарым-қатынас, ұжымның өздігіне ізденушілік және ішкі процесіне көзі, нақты мақсатқа жету [33, 110 б ] .

Іс-әрекет түрткісі аламның түрлі қажеттіліктеріне, қызығушылықтарына, жауапкершілігіне, сезіміне, санасына қызмет етеді. Іс-әрекетке түрткі белгілі бағыт береді. Түрткісінің мазмұны мен санасына лайық адамның тұрақтылығы байқалады, көздеген мақсатына жетеді. Іс-әрекет мақсаты мен түрткісі - қиындықтарды жеңіп, нәтижесіне қол жеткізу. Кез келген іс-әрекет субъект арқылы мақсат, құрал үрдіс, нәтиже көрінеді. Адамның іс-әрекеті дене және ой еңбегі арқылы көрінеді. Өнімді еңбек материалды құндылықты, ал ой еңбегі рухани құндылықтар жасайды. Тұлға іс-әрекет арқылы тәжірибе жинақтайды, шындықты игереді, іскерлігі артады, дамиды [ 26, 242 б ] .

Іс-әрекет арқылы адамның рухани өмір байлығы; ақыл-ой тереңдігі, күйіну - сүйіну қалпы, қиялдау қабілеті мен ерік-жігері, икемділігі мен мінез-құлық сипаты ашылады.

Іс-әрекет адамның жолын анықтайды. Психика мен іс-әрекет арасында күрделі ара қатынас бар. Бір жағынан, психика іс-әрекетте қалыптасады және көрініс танытады, екінші жағынан - психика іс-әрекетті реттеп отырады. Әрбір адам іс-әрекет кезінде белгілі бір жайларға байланысты және қандай да бір мақсат көздеп қимыл жасаушы ретінде іс-әрекет етеді [ 6, 105 б ] .

Іс-әрекет барысында адамның жан-жақты және бір тұтас тұлғалық дамуы жүріп жатады, оның қоршаған дүниеге көзқарас, қарым-қатынасы қалыптасады. Оқушы неғұрлым белгілі салада көбірек іс-әрекет жасаса, оның сол саладағы даму деңгейі соншама жоғары келеді. Әлбетте, бұл заңдылықтың шексіз қолданыла беруі мүмкін емес. Ол жағдай әрбір адамның қабелеттеріне, жасына, іс-әрекетінің өзінің қарқындылығымен ұйымдасуына тәуелді келеді [ 4, 73 б ] .

Жас кезде игерілген ойдың оралымдылығы, ақылдың икемділігі дүниенің қыр-сырын меңгеруге шексіз мүмкіндік береді. Аталған проблеманың психологиялық жақтарын зерттеген М. А. Блох, Н. А. Лук, Л. С. Выготский, Я. А. Пономорев, А. Н. Леонтьев сияқты ғалымдардың еңбектері арқау болады.

Педагогикалық және әдістемелік тұрғысынан бала әрекетін белсендіру жөніндегі мәселелерді Т. И. Шамова, Н. А. Половникова, И. Я. Лернер, Л. П. Аристова, Г. И. Щукина, М. И. Махмутов, М. А. Анилов, М. Н. Скаткин, В. И. Орлова, Б. П. Есипов және басқа ғалымдар еңбектерінде қарастырған.

Жалпы шығармашылық іс-әрекет деген не ?

Бұл мәселені зерттей келе, мамандар бұл ұғымға мынандай анықтамалар береді:

- И. Я. Лернер - білім, білік, дағдыны жаңа жағдайда тасымалдай білуді, объектінің жаңа қызметін көре білуді, жаңа шешім таба білуді шығармашылық іс - әрекет деп түсіндіреді.

- Л. Н. Лук шығармашылық іс-әрекетті мәселені шешудегі көрегендікке, қызығушылыққа балайды, идеяларды іске асыру болжай білу қабілеттерін айтады

[ 27, 18 б ] .

- Шығармашылық - жаңа рухани және материалдық құндылықтарды жасау жолындағы адам әрекетінің нәтижесі, жемісі. К. Маркстың айтуы бойынша, адамның қызметінің, іс-әрекетінің хайуанаттардың тіршілігінен өзгешелігі, оның дүниені өзгертуінде.

- Әл-Фараби шығармашылық іс-әрекет - адамның өз таңдауымен, қиялы мен ерік күшінің арқасында қол жететін өнімді ойлау процесі [ 28, 153 б ] .

- Шығармашылық іс-әрекет - дербестіктің пайда болуының жоғары көрінісі, сондықтан барлық шығармашылық тұлғаның өзіндік іс-әрекетінде, оның өмірлік күш қуатында, тәрбиесінде, дарыны мен қабілетінде көрініс береді. Бұл жағдайда басқару дарын иесімен ғана істес болады, ал бұл адамға деген арнайы амалды болжайды. Шығармашылық іс-әрекет - бұл орасан еңбек, өзіндік барлық күш - қуаты мен қабілетін жұмсау [ 53, 45 б ] .

- Шығармашылық іс-әрекет - оқушының өз жеке шығармашылық бағытын таңдау қажеттігін және шығармашылық өнім, нәтиже туғызуға бағытталған жауапкершілігін қамтитын әрекет [ 24, 17 б ] .

Жеке адамның даму жолы «мотивацияның іс-әрекетке және іс-әрекеттің мотивацияға» өзара әсері арқылы сипатталады.

Ғылыми әдебиеттерге зер салсақ, «мотивация» ұғымына былайша түсінік берілген.

Мотивация адам мінез-құлқының ынталандырушы, реттеуші күші ретінде, барлық іс-әрекет түрлерінің нәтижелігіне үлкен әсерін тигізеді. Психологиялық зерттеулерде мотивация мен іс-әрекеттің өзара байланыстылығына көптеген ғылыми жұмыстар арналған.

Іс-әрекет мотивациясының маңыздылығына А. Н. Леонтьевтің, П. М. Якобсонның, Л. С. Выготскийдің, С. М. Жақыповтың, Т. К. Құдайбердиевтің, В. И. Ковалевтің, Х. Хекхаузеннің, С. Г. Москвичевтің, С. Л. Рубинштейннің, В. Д. Шадриковтың, Е. А. Климовтың, И. Аткинсонның, Н. Миллердің, В. Г. Асеевтің, М. Ш. Магомед - Эминовтың және т. б зерттеу жұмыстары арналған [ 21, 21б ] .

Мотивация мәселесіне байланысты ғылыми әдебиеттердің талдауы іс-әрекет пен мінез-құлықтың жүйелі ұйымдастырылуындағы мотивтердің маңыздылығы мен рөлін зерттеуде өте көп жұмыстар арналғанын көрсетті, бірақ адамның мотивациялық саласы осы күнге дейін толық зерттелмеген. Осындай тұжырымдарға әкелетін себептердің біреуі - мотивацияға байланысты ғылыми зерттеулерде мотив және мотивация түсініктерінің мән - мағынасының әр түрлі бағыттан қарастырылуы. Сондықтан осы мәселеге байланысты ғылыми зерттеулерді белгілі бір жүйеге әкелу қиынға түседі.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық іс-әркетін мотивацияландырудың педагогикалық шарттары
Бастауыш мектеп оқушыларының мотивациясының теориялық негіздері
Шығармашылық қабілетті дамыту
Бастауыш мектеп оқушыларының оқу-әрекеті мотивтерін қалыптастырудың басты мәселелері
Бастауыш сынып оқушыларына жүргізілетін өзіндік жұмыстар
Оқушылардың танымдық белсенділігін қалыптастыру
Оқушыларының оқу іс-әрекетінің мотивтерін қалыптастыру
Бейіндік оқыту сатылары
Кіші мектеп жасындағы балалардың оқу танымдық мотивациялық сферасы
Шет тілін үйренуге қызығушылықты арттырудың бір әдісі - мотивация
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz