Қазақтың ұлттық мінез – құлықтың қалыптасу мәселелері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ . . . . . . …… . . . 4
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
1. 1. Қазақ ұлты туралы жалпы түсінік . . . … . . . …… . . . 6
1. 2. Ұлттық мінез - ұлттың негізгі құраушысы ретінде . . . …… . . . … . . . 13 1. 3. Қазақ халқының мінезі туралы әртүрлі пікірлер . . . …… . . . … . . . 17
1. 4. Ұлттық мінезді зерттеудегі негізгі мәселелер . . . ……… . . . 22
2. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМ
2. 1. Эксперименттік зерттеудің мақсаты, болжамы, міндеттері. . ……… . . . 27
2. 2. Зерттеу әдістерінің сипаттамасы мен барысы . . . ……… . . . 27
2. 3. Зерттеу нәтижелерін сапалық талдау . . . ……… . . . 30
ҚОРЫТЫНДЫ . . . ……… . . . 38
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . ……… . . . 39
ҚОСЫМШАЛАР
Тақырып: Қазақтың ұлттық мінез - құлықтың қалыптасу мәселелері.
КІРІСПЕ
Қазіргі таңда ұлттық мінезді зерттеу мәселесі ерекше мәнділікке ие. Ұлттық мінездің этнопсихология ғылымында алатын орны туралы, оның мазмұны туралы ғалымдар арасында бірауыздылық болған емес. Оның басты себептерінің бірі - осы уақытқа дейін бұл тақырыптың үстемдік етіп келген идеологияның талабына сәйкес зерттелініп, насихатталынып келгендігі хақ.
Өткен кезеңдердегі қоғамдық прогресстердің өрескіл іркілістері халықтар санасында жалпы адамзаттық абстрактілі мінез-құлық ережелерін барынша сіңіріп бақты да, ұлттар мен ұлыстардың өзіне тән этнопсихологиялық асылдарын еске алмады. Осындай «саясаттың» нәтижесінде жас ұрпақтың ұлт мәдениетін жасаушы, этнос тілінің иегері, оны алға жалғастырушы екенін ұмыта бастадық, ұлттық мақтаныш сезімінен ат-тонымызды ала қашатындай жағдайға душар болдық, ұлттық пен интернационалдықтың диалектикасы тек сөз жүзінде ғана үйлесімін тауып, бұл жайт нигилистер мен мәнгүрттердің, маргинал «тұлғалардың» көбеюіне әкеп соқтырды. Мәселен, Қазақстанда ғана жүздеген қазақ мектептері жабылды, ана тіліндегі газет-журнал, кітап тираждары құлдырап кетті. Күні бүгінге дейін 600 мыңнан астам қазақ баласы орыс мектептерінде тәрбиеленіп келеді. Мың жарымнан астам аралас қазақ-орыс мектептері, мыңдаған балабақша топтары тоқырау кезеңінен қалған жаны сірі сарқыншақтар екені даусыз. Бұларға ұлттық тіл мен сананы қалыптастыру туралы сөз етудің өзі артық. Солақай саясаттан барып бізде тегі мен тілін, әдет-ғұрпын білмейтін, ұлттық тәрбие мен психологиядан, салт-дәстүрден бейхабар қазақтардың жаңа бір шоғыры дүниеге келді. Олардың жалпы саны халқымыздың 40 пайызын құрайтынын ескерсек, ұлттық асыл қасиеттеріміздің басына қаншалықты қатер төнгендігін айқын сезінеміз. Жерімізді мекендейтін ұйғыр, кәріс, неміс, татар сияқты туысқан халықтар да осындай жағдайға душар болған. Кең байтақ қазақ жерінде жүздеген жылдай бойы бізбен бірге өмір кешіп келе жатқан орыс ағайындардың 99 пайызын жергілікті халықтың тілі мен рухани өмірінен мақұрым екендігін несіне жасырамыз?! Өзге тілдерді менсімбеушілік, орыс тілінің үстемдік жүргізуіне әбден дағдыланған менменшілдік, орыс тілінің үстемдік жүргізуіне әбден дағдыланған менменшілдік ұлттық санамызға салқынын тигізгені хақ.
Осындай жағдайда біздегі ұлт педагогикасы мен психологиясы қалай өсіп-өркендесін ?! Ұлт пен ұлыстарды жансыры жағынан зерттейтін арнаулы ғылыми мекемелер болмаса да, бұл салада біршама жұмыс жүргізілген сияқты.
Үлкенді-кішілі қазақ ғалымдары, тәлімгер қауым көп ұлтты республика халықтарының әдет-ғұрпын, салт-дәстүр, жөн-жосық, жол-жорлғы, тіл мен дін секілді этностық ерекшеліктерінің психологиялық астарларына бойлап, олардың қайталанбас жақтарының күнгейі мен көлеңкесінің қалыптасу, даму жолдарын іздестіріп, зерттеулері қажет. Мәселен, қазақ халқының кезінде барша жұртты сүйсіндірген тамаша қасиеттерін (үлкенді сыйлау, ата-ананы құрметтеу, иманжүзділік, қонақжайлылық, бауырмалдық, балажандық, ақкөңілділік, қайырымдылық, суырып-салмалық, ақылжандылық, т. б. ) тереңдете зерттеумен қатар, социализм тұсында теріс бағытта белең алған келеңсіз қасиеттердің (үлкенді, ата-ананы сыйламау, алауыздық, қызғаншақтық, күншілдік, рушылдық, бақталастық, дүниеқоңыздық, енжарлық, маскүнемдік, неке бұзарлық, т. б. ) неден пайда болып, ауа жайылып кететіндігін, бұлардың біртіндеп арылудың жолдарын іздестіру де маңызды.
Жоғарыда аталған ұлттық сананың түрлі көріністерінің бесіктен қалыптасатыны белгілі. Сондықтан да зертеу жұмыстарын сәбилер мен бөбектерге, балдырғандар мен мектепке дейінгілерге бағыттауымыз қажет. Имандылық, инабаттылық, мейірімділік секілді халқымыздың тамаша қасиеттерінің түп төркіні, ілкі бастаулары нәрестенің жерге шырылдап түскенінен басталады.
Біз нарықтық қатынастарға көшудің қиын да күрделі кезеңінде тұрмыз. Осы жағдай сауда-саттықпен бұрын сонды кәсіп ретінде айналыса қоймаған қазақ халқының психологиясына оңай түсейін деп тұрған жоқ. Олай болса, қалың жұртшылық арасында ақылға тиімді, ғылымға негізделген, өмірге бейімделген кеңестер мен үгіт-түсінік жұмыстарын байсалдылықпен жүргізуді де ұмытпауға тиіспіз.
1. ТЕОРИЯЛЫҚ БӨЛІМ
- Қазақ ұлты туралы жалпы түсінік
Ұлт дегеніміз мәдениеттің қауымдастығында көрінетін тілдің, аймақтың, экономикалық өмір мен психикалық қырдың ортақтығы негізінде пайда болған, тарихи қалыптасқан адамдардың тұрақты қауымдастығы.
«Ұлт» және «ұлттық» деген түсініктерді анықтай отырып, оларға екі параметр бойынша қарауға болады: «Біріншіден, ұлттық-мемлекеттік, мәдени атрибуттарға бірнеше тұтастықты (мәдени, аймақтық, шаруашылық) айқындайтын объективті символика бойынша; екіншіден, субъективті реакция, индивидтердің әлеуметтік идентификациясы, олардың құндылық бағдарлары бойынша, яғни әрбір индивид, бір жағынан, объективті, екінші жағынан субъективті түрде, саналы ұлтты болып келеді, ол өзін мәдениеттің белгілі-бір қауымдастығы ретінде мойындайды» (Бороноев А. О., Смирнов П. И. Этническая психология Я, 1994г., стр. 56-57) . Әрбір ұлт оның құрамындағы адамдардың тұрақты ішкі байланыстары мен қатынастарының жүйесі есебінен тіршілік етеді. Бұл байланыстар мен қатынастар этникалық даму процесінде қалыптасады, осы ортада қабылданған дәстүрлермен және жүріс-тұрыс нормаларымен реттелінеді, және өздігінен пайда болған ұлттық мәдениеттің, тіл мен психологияның қалыптасу және даму шамасы бойынша жетіледі.
Ұлттың психологиялық негізіне мыналар кіреді: көненің көзін, ата-бабалардың өсиетін, туыстық сезімін, яғни өз руының, ұлтының, халқының, Отанының рухани борышына жалпыланғандықты білдіретін тарихи ес. Тарихи еске ие адам ұрпақтардың рухани жарысындағы өз орнын саналайды.
Ұлттың ұзақ ғұмыр сүру мүмкіндігі, ұлттық санада және өзіндік санада, ұлттық құндылықтарда, қызығушылықтарда, талғамдар мен өзіндік бағалауларда, ғылыми мәдениет пен тілде көрініс табатын, оның ішкі мазмұнын үнемі жетілдірумен және оның қызмет етуімен шарттанады. Барлық осы компоненттердің көрінуі ұлттың өмірін құрайды.
Қазақ ұлты туралы айтқанда, тарихымызға тоқтамай кету мүмкін емес.
Осыдан екі мың жыл дерлік бұрын біздің жерімізде дамыған мал шаруашылығы мен егін шаруашылығын бір-бірімен шебер ұштастырған өзіндік бірегей андронов мәдениеті пайда болды. Арийлер деген атпен ұлы мәдениеттер жасап, ұлы мемлекеттер құру үшін бір кезде Үндістанға қарай бет алған тайпалар тап сол андронов мәдениетінің иелері еді. Қазақстанның сақ тайпалары андронов мәдениетін жасаушы халықтың «Авестада» айтылатын арий, тур, дах және дайлардың тікелей ұрпақтары болып табылады. Мұндай даусыз қорытындыны андронов және сақ мәдениеттері арасындағы өзара байланыстың тікелей жүйесі бар екенін тапқан археолог ғалымдар мен қола дәуіріне қатысты сақ заманындағы халықтардың генетикалық тұрғыдан олардың мұрагер жалғасы екенін анықтаған ғалымдар дәлелдеп отыр.
Қазақ даласын мекендеген тұрғындар арасында сақ дәуірінен бастап бет-бейне жағынан Орталық Азиядан шыққанын көрсететін монғол тұрпатты аралас адамдар пайда болады. Шаруашылықты жүргізудің сол кездегі жағдайында неғұрлым погресшіл тәсілі болыптабылған көшпелі мал шаруашылығына қарай ойысу да тап сақ дәуіріне сай келеді.
Мұнда Иран басқыншыларының, үлкен Ескендір Зұлқарнайын армиясының шабуылдарын тойтарыс беріп тоқтатқан мемлекеттер пайда болды. Мұнда адам мен ат одағы құрылып, соның арасында түркілер мен басқа да көшпелі халықтар сол кезде өздеріне белгілі болған әлемнің тең жартысын тізе бүктіріп, бағындыра білді және оның қалған бөлігі - Батыс Еуропа мен Қытай үрелі қорқыныштан көз аштырмады. Мұнда Ертістің, Іленің, Сырдарияның, Жайықтың және Еділдің жағалауларында орасан зор империялардың - ғұндардың, түркі қағанаттарының, қарлұқ мемлекетінің, моңғол хандары мен олардың мұрагер ұлыстарының - ғажайып астаналары пайда болды.
Орасан зор Евразия құрлығындағы орталық кең-байтақ алқапты сайын дала мен құмды шөлдер белдеуі алып жатты. Міне, тап сол кеңістікте көшпелі ұлы мемлекеттер пайда болды. Қазіргі Қазақстанның және оған шектес жатқан аймақтардың аумағында дүниеге келген алуан түрлі мәдениеттер әлемнің көптеген халықтарының дамуына айқындаушы аумағында дүниеге келген алуан түрлі мәдениеттер әлемінің көптеген халықтарының дамуына айқындаушы ықпалын тигізеді.
Орталық Азиядағы алғашқы ірі көшпелі империя біздің дәуірімізге дейінгі ІІІ ғасырдың соныңында құрылды. Ол сюнну (хунну, ғұндар) империясы еді. Ол көп ұзамай-ақ Байқал сыртынан Тибетке дейінгі, Орта Азиядан Хуанхэге дейінгі аймақты басып алып, өзінің дүркін-дүркін басакөктеп кіріп баратын шабуылымен ежелгі Қытай мемлекетін жарты мың жыл бойы қалтыратқан үрейлі қорқынышта ұстады. Біздің дәуіріміздің 4-5 ғасырларында ғұндардың Еуропа мен Батыс Азияға жасаған шабуылдары туралы жылнамалар хабарлайды.
VI ғасырда Евразиядағы тарих сахнасына жаңа тарихи тұлға - Түрік қағанаты - Түркілердің даналық империясы шықты. Ол өзінің гүлденіп өсуінің шырқау шегіне жеткен кезінде Қиыр Шығыстағы Кореядан Қара теңіздегі Қырымға дейінгі орасан зор шетсіз-шексіз кең-байтақ аумақты алып жатты. IV-VIII ғасырлардығы жылнамалар Еуропадағы түркілердің алғашқы легі аварлардың, бұлғарлардың, суарлардың, хазарлардың пайда бола бастағанын жазады. Содан кейін шығыстан батысқа қарай оғыздар, түркілер, салжұқтар, сондай-ақ қарлұқтар, қыпшақтар (половцылар, құмандар), қырғыздар ағылды. Түркі тайпалары Қазақстан мен Орта Азияның мол аймағын мекендеп қалды да, Иран мен Закавказьеге басып кіре бастады. Ал, XI ғасырда олардың бір бөлігі (оғыздар мен түрікмендер) Кіші Азияға қоныс аударды. Қысқасы, түркі тайпалары осылай тарала келіп бірте-бірте отырықшылыққа көшкеннен және жергілікті халықтармен араласа бастағаннан кейін, ал кейде көшпелі өмір салтын сақтап қала отырып, шығыстағы якуттардан (сахалардан), тувалықтардан, алтайлықтардан, қазақтардан, ұйғырлардан бастап батыстағы шуваштарға, гагауздарға, Еділ мен Қырым татарларына, құмықтарға, қарашайларға, балқарларға және түріктерге дейінгі халықтардың орасан зор тобы құрылды.
Біздің арғы ата-бабаларымыз Қиыр Шығыстан Батыс Еуропаға дейінгі, Сібірден Үндістанға дейінгі аумақты алып жатқан мемлекеттердің дамуында екі мың жыл бойы елеулі рөл атқарып келді.
Орасан зор кең-байтақ аумақта қоныс аударумен болған көшпелілер Евразияның этностық және мемлекеттік бет-бейнесін бір емес, бірнеше рет өзгертті. Дүние жүзіндегі аса маңызды тілдік топ - алтай тілдік тобының (негізінен оның түркі және моңғол тілді тармақтарының), оған қазақ тілі де кіреді, ежелгі және орта ғасырлық замандарда кеңінен таралуы ортаазиялық көшпелілердің ұдайы қоныс аударып отыруына байланысты болды. Мейлінше кең тараған тілдік топтардың бірі - түркі тілдік тобының Евразияға қарай жылжып ене бастауы - сол кезеңде пайда болған құбылыс.
«Алғашқы кезде көшпелі өмір салты көшпелілердің (номадтардың) табиғи дене бітімінің жетілгендігі және психологиялық жинақылықпен жұмылғыштығы арқасында серпінді қарқынмен жедел дамудың маңызды факторына айналды. Сол заманның бізге дейінгі жеткен қорым-қорғандарынан табылған аңдардың ширыққан бейнелері, шайқас пен текетірес көріністері ілгері дамудың нысаны болғаны тіпті де тегің емес. Техникалық тұрғыдан жетілудің жаңа деңгейі байланыс жасау саласында шын мәнінде соны серпіліс жасауға мүмкіндік берді. Дүние көкжиегінің шекарасы кеңейе түсті, орасан зор аумақтарда жаңа үлгілер мен өлшемдер көзді ашып-жұмғанша дерлік тез таралатын болады» (Массон В. М. Номады и древние цивилизаций. Алматы, 1989, 87-88беттер)
Бәріде бұдан бірнеше ғасыр бұрын басталған болатын. Аңыздың айтуы бойынша, жау қырғынға ұшыратып кеткен тайпаның тас-талқаны шыққан жұртында тірі қалған нәрестені бір қаншық қасқыр Шығыс Тянь-Шань тауындағы өз апанына алып барып, аман асырап өсіреді, кейіннен одан тапқан он баланың анасына айналады. Ержеткен балалар өздеріне жар тауып, үйлі-баранды болады. Қаншық қасқырдың немерелерінің бірі Ашина деген атқа ие болады. Соғды және сақ тілінде бұл есім көк түсті реңк дегенді білдіреді. Егер қаншық қасқыр асырап өсірген ағайынды Ромул мен Рем билікке таласып, өз бауырын өзі өлтірген Ромул Римнің негізін қалаушыға айналаса, Тянь-Шань қасқырының балалары Евразияның көптеген халықтарының арғы аталарына айналды. Ол халықтар өздерінің бір-бірімен туыс екендігін әлі бүгінге дейін айқын сезінеді. Көк бөрінің жалпы түркі тілдес халықтардың бәріне ортақ қасиетті тотемге айналуы, ал біздің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік туының негізінен көгілдір аспан түстес болуы тіпті де кездейсоқ нәрсе емес.
Тарихи деректерде «түркі» терминдік атауы 6 ғасырдың екінші жартысында кездеседі және сондықтан бастап кеңінен таралғаны көрінеді. Түркі қағанаты құрылғаннанға дейін «түркі» сөзі он (кейіннен он екі) тайпаның 460- жыл шамасында Алтайда пайда болған одағы деген мағынаны білдіріп келген болатын. Түркі елі дүниеге, міне осылай келген еді.
Бірінші түркі қағанаты (552 - 603 жылдар) Византияның, Иранның, Қытайдың саяси және экономикалық қарым-қатынас жүйесіне енді. Түркі қағанаты өзінің гүлденуінің шарықтп тұрған кезінде Манчьжуриядан Кречь бұғазына дейінгі кеңістікке созылып жатты. Сөйтіп түркі қағандары алғашқы евразиялық империяларды құрушылар болды.
Көшпелілер әлемі әртүрлі сипатта болғанымен де оны біріктіретін нәрсе мәдениет пен шаруашылықты жүргізудің ортақ тұрпаттылығы еді. Ұлы дала шеңберіндегі табиғи ортаны игеру егіншілікпен айналысатын отырықшы халықтар қоныстанған әрі игеріп болған аймақтарға көшпелілердің сұғына енуімен аяқталды. Отырықшы халықтармен күресте көшпелілердің әскери жағынан артықшылығы айқын байқалды.
Отырықшы халықтардың елдеріне баса-көктеп кірген көшпелілер тұтас мемлекеттердің өз көсемдерінің - шаньюлердің, қағандардың, хандардың, әмірлердің, сұлтандардың билігіне бағындырды. Көшпелілердің - сюннулердің немесе ғұндардың, түркілердің, моңғолдардың ірі ұлы мемлекеттері, міне, осылай пайда болды.
Орта түркі дәуірінде ( X-XV ғасырлар) түркілер Шыңғыс ханның әскерінің бәрін де қиратқан жойқын шабуылы салдарынан орын алған тіршілік тәлкегі мен аппатты оқиғаларға толы аумалы-төкпелі заманда да сол кездегі неғұрлым белсене іс-қимыл танытқан халықтардың бірі болды. Түркі тілдес тайпалар Орталық, Оңтүстік және Кіші Азияда, Сібір мен Шығыс Европада күшті қарқынмен кеңінен тарала бастады. Олар өз заманындағы дамудың белсенді де қуатты қозғаушысы бола білді.
X-XI ғасырларда Орталық Азия халықтары үшін Шығыс пен Батыстың ұлы мемлекеттері тарапынан пәлендей сыртқы қауіп-қатер бола қойған жоқ.
Бұл жағдай бүкіл аймақта бейбіт өмір орнап, жоғары дамыған күшті мемлекеттердің пайда болуына мүмкіндік туғызды. Олардың арасында ең ірі әрі гүлденіп өскендері Саманидтердің, Қараханидтердің және түркі-парсы халқы аралас Ғазнауилердің мемлекеттері болды. Ол кездерде халықтың жалпы саны 5-6 миллионға жеткен еді. Мұның өзі салыстырмалы түрде алғанда, ол кез үшін оншалықты көп халық емес. Бірақ олар соның өзінде ең жоғарғы сатыдағы экономикалық және мәдени дамуға қол жеткізді.
Араб басқыншылығы Орталық Азия халықтарының әлеуметтік-экономиалық, саяси және мәдени өміріне күшті ықпал етті.
Қоғамдық өмірдегі аса маңызды өзгерістердің бірі жаңа мемлекеттік дін - ислам, араб тілі мен жазуының кеңінен таралуы болды. Орасан зор аймақта ортақ бір тілдің енгізілуі, даму деңгейі мен өмір сүру салты әртүрлі халықтардың бәртұтас діни-саяси бірлестік шеңберіне шоғырландырылуы халифат құрамындағы барлық халықтардың салт-дәстүрлерін жасампаздық шеберлікпен ұштастыра білген мәдениеттің дамуына, сондай-ақ ежелгі мәдени қазыналарды қайта қарап жаңартуға мүмкіндік береді.
Түрік қағанатынан кейін оның негізгі мұрагерлері мекендеген аумақ осымен екінші рет Шығыс пен Батысты бір-бірімен байланыстырушы көпір рөлін атқарды және ұлан байтақ кеңістікте бір-бірінен байланыстырушы көпір рөлін атқарады және ұлан-байтақ кеңістікте бір-бірінен шалғай жатқан Қытайдың, Үндістанның және Европа құрлығының батыс бөлігің (Испанияның мұсылманданған бөлігі) өркениеттерін өзара ұштастырады. Ал бұл жағдайда өз кезегінде Таяу Шығыстың өз тағдырына орасан зор ықпалын тигізді, сол арқылы Жерорта теңізі елдерінің мәдениетіне ықпал етіп, Европадағы қайта өрлеу дәуірінің негізін қалады, яғни оның іргетасы болып табылатын ежелгі мәдениетті сақтап қалуға жағдай жасады.
Халықтың Қытаймен, Үндістанмен, Жерорта теңізінің бүкіл елдерімен кең көлемді байланыс жасауы тек тауар алмасумен және техникалық жаңалықтарды бөлісумен ғана шектеліп қалған жоқ, сонымен қатар әртүрлі идеялық жүйелерді бір-бірімен салыстыру арқылы жемісті жұмыс жүргізуді де қамтамасыз етті.
Моңғол экспансиясы Орталық Азияның аумағындағы халықтардың қалыптасуын қатты тежеді. Ірі-ірі тайпалық топтардың қоныс аударып, бір-бірімен мидай араласып кетуіне душар етті. Түркілердің кейбір бөлігі өздерінің атамекенінен тыс жерлерге көшіп кетуге мәжбүр болды. Міне, тап осы кезден бастап көптеген түркі тайпалары Жерорта теңізінен бастап Үнді және Тынық мұхиттарына дейінгі аралықтағы бөтен елдерден бір-ақ шықты.
XV ғасырдың аяқ кезінен бастап қазақтар, өзбектер және басқа да халықтар этностық тұрғыдан бір-бірінен бөліне бастады. Мұның өзі көптеген ғасырлар бойы жүріп келген этногенетикалық терең үрдістердің нәтижесі еді.
XVI ғасырдан бастап Орталық Азияда тайпалар немесе тайпалық одақтар туралы емес, қайта бұл аймақтағы жаңа этносаяси сипаттағы құрылымдар ретінде өздерінің дербес этнониміне (өз халқының атына) және мемлекеттік түзіліміне ие болған түркі тілдес халықтар туралы сөз етуге болады.
XVIII ғасырдан бастап Орталық Азияның түркі тектес халықтары ұдайы жалғасып, тереңдей түскен экономикалық, қоғамдық-саяси және мәдени дағдарыстар кезеңіне душар болды әрі өз аймақтарын отаршылдық саясат есебінен кеңейте түсуді көздеген мемлекеттердің оңай олжасына айналды.
Олардың солтүстігінде өздерінің тауарларын өткізетін рыноктарға және арзандау түсетін шикізат көздеріне, эквивалентік теңдігі жоқ экономикалық айырбас жасауға қатты мұқтаж Ресей империясы жатты. Ол өзінің шығыс және оңтүстік бағыттағы әскери және саяси сұғанақтығын барған сайын күшейте түсті.
Соның салдарынан Қазақстан, Азербайжан, Орталық Азия мемлекеттері Ресей империясының отаршылдық саясатының орбитасына тартылып шыға келді. Мұның өзі түптің түбінде түркі тілдес халықтардың ұлттық мемлекеттілігін айырылып қалуына, метрополия тарапынан жүргізілген орыстандыру саясаты салдарынан ұлттық және әлеуметтік қыспаққа ұшырауына ұрындырды.
Ең күшті соққы әуелі ұлттық сана-сезімнен айыруды нысана етті. Ресей империясының отаршылдық саясаты түркі халықтарының осы заманғы ұлттарға айналуының табиғи-эволюциялық сипатын қатты тежеді.
Отаршылдық тәртіптің басты міндеттерін бірі бодан болған түркі халықтарының өздеріне тән мәдени, тілдік, тарихи этностық бірлігі болуы туралы түсінігін оладың сана сезімінен біржола жою жолында күрес жүгізу болды. Түркі тілдік мәдениеттің көрнекті ағартушы өкілдерінің отаршылдық сааясатқа қарсы бас көтеру жөнінде кез келген әрекеті рухани салада қатты қуғын сүргінге ұшырады.
Қазақстан өзінің географиялық ерекшелігіне орай басты соққыға көп жағдайда кеуде тосумен болды. Қазақстан ол кезенде саяси тұрғыдан алғанда Орталық Азияны отарлау үшін қажетті орасан зор полигон және плацдарм саналады. Ол отаршылдық басыбайлық пен құлдықта ұстаудың түрлі тәсілдерін сынап көретін аймаққа айналады.
Міне, осындай қиын қыстау жағдайдың өзінде де түркі халықтарының аса көрнекті өкілдері ұлттық және жалпытүркілік сана сезімді оятып, күшейте түсуге ұмтылды. Олар прогрессшіл ағартушылық идеяларды дамытты, мешеулік пен артта қалушылыққа қарсы күрес жүргізді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz