Ұлттық элитаның қалыптасуы


2 Ұлттық элитаның қалыптасуы
Белгілі бір қөзқарастар жүйесі ретінде ХХ ғасырдың басында пайда болған қоғамдық ғылымдардың элита теориясы бұрынан қалыптасқан дәстүрлі тарихи танымды тың соқпаққа жетелейді. Элита қоғамдық өмірді өзінің бастамшылдығмен, тұлғалық ерекшелігі, кәсіпқойлық сапасымен танылатын адамдар тобы дер болсақ, ол топтың саяси әрекеті ғылыми талдаудан өткізілгенде қоғамдық құбылыстар мен тарихи оқиғалардың даму заңдылығын жаңа қырынан танып, білуді жеңілдетеді.
Саяси элита әлеуметтік жағдайына байланысты қоғамды басқару процесіне тікелей немесе жанама түрде ықпал еттіп, қоғамның даму стратегиясын жасап, оны іске асыруға өз үлесін қосады. Әдетте, халықтың басым бөлігінің саяси белсенділігі төмен болғандықтан олар саясаттан бейтарап өмір сүреді. Осындай жағдайда қоғамдық өмірідің даму бағыттарын айқындайтын саяси элитаның рөлі арта түсері сөзсіз.
«Элита» сөзі француз тілінде «қоғамның белгілі бір бөлігін құрайтын топтың ең көрнекті, таңдаулы өкілдері» деген мағына береді. Бұл анықтама «элита» деген ұғымның қоғамдағы түрлі топтардың қандай бөлігіне байланысты қолданылатындығынан анық хабар берсе керек. Бүгінгі гуманитарлық ғылым элитаны саяси, басқарушы, ғылыми, ғылыми-техникалық деп түрлі жіктерге бөледі.
Ғылымда басқарушы топтың, яғни элитаның қызметін арнайы ғылыми талдауға алатын саланы «Элиталогия» деп атайды. [19]
Ұлттық элита ұғымы осы кезге дейінгі ғылыми әдебиетте ұлттық интеллигенция ұғымының контекстінде қарасытырлып келеді. Ал кеңестік қоғамдық партиялық номенклатураның сипаты саяси элитаның жекелеген ерекшеліктерін ғана танытқан.
Ұлттық элита деп арнайы аталмағанымен оны қозғаушы, бағыттаушы қызметтін атқарған әлеуметтік топ тарихтың қай кезінде де болған. Осы құблыстың ХIХ ғасырдың соңы ХХ ғасырдың алғашқы ширегін қамтыған бөлігін бір тұтас бірлікте қарстыруға енгіз бар. Ол негіз ұлттық элитаның отаршылдыққа қарсы азаттық күресінің сипаттық ерекшеліктеріне байланысты. Бұл кезеңде ұлт-азаттық күресттің саяси тәсілдері пайда болды, қалыптасты, және қоғамдық идеялардың практикасына айналды. Жаңа замандағы қазақ тарихының ұлт-азаттық қозғалыстардан туындаған саяси және құқықтық тарихының ХIХ ғасырдың соңынан Алашорда қозғалысы таратылған 1919-1924 жылдарға дейінгі аралығын бес кезеңге бөліп қарастырылу ұсынылуда.
Ұлт-азаттық қозғалыс кезеңдерінің дәуірі базалық негізі бір текті болғандықтан оларды салыстырмалы тәсіл мен егжей-тегжейлі ой елегінен өткізуге болады. Осы тұрғыдан алғанда, ұлт-азаттық қозғалыс шеңберінде ұлттық саяси элитаның даму эволюциясы, қалыптасу ерекшеліктері және саяси іс-әрекетін жан-жақты қарастыруға мүмкіндік аламыз.
Зиялылар тарихын зерттеген мамандардың есебі бойынша 1917 жылғы қазан революциясына шейін негізінен еуропалық, сондай-ақ бірлі-жарым шығыс жоғары оқу орындарын аяқтаған дипломы бар қазақ зиялыларының саны 120 адамнан, ал Ресейлік орта арнаулы оқу орындарында білім алған мамандардың саны 700 асып жығылатын еді. [20]
Екі ғасырдың тоғысында Ресейдің түрлі қалаларында 700-ге жуық қазақ жастары білім алған болса, олар туған халқын отаршылдықтың бұғауынан құтқару үшін монархиялық тәртіпті құлатуға бағыталған кез-келген саяси күштерді қолдап, Ресейдегі түрлі ағымдардың қызметіне араласып, тәжірибе жинақтады.
Қазақтың кемшілігін сынау, ұлттық қалғыған рухын оятуға қатысты идеялар ұлт зиялыларының саяси әдеби қызметіне арқау болды.
Патшалық билік жаңа қалыптаса бастаған ұлттық элитамен екі жақты ойынға түсті. Бір жағынан ұлт зиялылапының өкілдері Мемлекетттік Думаға депутат болып сайланса (Ә. Бөкейханов, А. Бірімжанов, А. Қалменов, Б. Қаратаев, Т. Нұрекенов, т. б), екінші жағынан белсенді саяси қызметпен айналыса бастаған жеке қайраткерлер (Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов, Ж. Ақпаев, т. б) саяси қуғын нысанына айналды.
Патшалық билік пен жаңа қалыптаса бастаған ұлт зиялылары арасындағы егес, қазақ қоғамында ресеми билікке қарсы тұрған саяси оппозицияның қалыптасумен аяқталды. Сондай-ақ ол ұлттық мемлекеттік дербестік және тәуелсіздік идеясын жаңа сапада қайтадан көтерді.
Уақытша үкімет органдары мен тығыз бірлікте жұмыс жүргізген ұлттық элита өкілдері саяси тұрғыдан қолайлы жағдайды ұлттық мүддеге пайдалана алды. 1912 жылдың науырызында Түркістанда «Шуро-и-Исламия» ұйымы құрылса, осы жылдың шілдесінде алаш саяси партиясы құрылды. Олардың ұйымдық құрылымы нығайып, саяси тұғырнамасының айқындалуына жоғарыда аталған қайраткерлер өлшеусіз үлес қосты.
Түркістан өлкесінде М. Шоқай, М. Тынышбаев, С. Лапин және т. б қайраткерлер мұсылмандық қозғалыс аясынан Түркістан Мұхтариятын құрып, өлкедегі кеңес өкіметіне баламалы ұлттық мемлекеттік құрылым жасақтады. Ал Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, М. Дулатов бастаған ұлттық элита өкілдері алаш қозғалысының идеяларын іске асырып, Алашорда Уақытша үлкен үкіметін жасақтады. Күрделі жағдайда орнаған бұл ұлттық мемлекеттік құрылымдардың саяси тағдары бәрімізге белгілі. [21]
1917 жылдың соңына қарай өмірге келген Алашорда және Түркістан (Қоқан) Автономиясы үкіметтері ұлттық элитаның жігерлі еңбегінің нәтижесі ғана емес, сонымен бірге оның ұлт өмірін қайта жаңғыртудағы потенциялдық мүмкіндігінің де көрінісі де болатын.
Ұлттық саяси тарихындағы бұл кезеңнің тарихи ерекшелігі: саясат сахнасына ұлт тағдырын, заман ағымын уақыт сұранысна лайық теориялық дәрежеде қорта алған, сондай-ақ онымен шектелмей ұлт өмірін жаңа талапқа сай мазмұнда қайта құруға (модернизация) ынталы да жігерлі саяси күш келді. Бірақ империялық күштер, яғни олардың оңшылдары мен солшылдары, ақтары мен қызылдары енді ғана бой көрсеткен ұлттық зиялы-элитаның ұсыныстарына құлақ аспақ түгілі, одан тезірек құтылуға тырысты. Сондай-ақ бұл ойды большевиктер іске асырды да.
Түркістан АКСР-і (1918-1924 жылдарда өмір сүрген автономиялы республика) Кеңестерінің Орталық Атқару Комитеті (Түрікатком) жанында құрылып, қызмет атқарған Қазақ бөлімінің тарихы отандық тарих ғылымы тарапынан әлі күнге дейін толық зерттелініп, ғылыми түрғыдан таразыланған жоқ. XX ғасырдың 20-жылдарының басында Түркістан өлкесі қазақтарының саяси, әлеуметтік, қоғамдық, мәдени өмірінде үлкен орны мен ықпалы болған аталған бөлімнің сан-саналы қызметін жан-жақты да толық ашып көрсету үшін іргелі зерттеудің қажет болатындығын ескертеміз.
Түрікатком жанында қызмет атқарған Қазақ бөлімінің құрылуының өзіндік тарихы бар, ол 1917-1920 жылдары Түркістанда орын алған қым-қиғаш саяси процестердің нәтижесінде дүниеге келген еді.
Тарихтан белгілі, 1917 жылы қарашада Ташкент большевиктерінің қарулы төңкерісінің нәтижесінде Түркістан өлкесінде Кеңестердің саяси билігі орнайды. Аталмыш кеңестер өлке халқының небары 5 пайызынан аспаған орыс-еуропалық келімсектердің жұмысшы - мұжық - солдат бұқарасының мұң-мұқтажын жоқтаған, мүддесін күйттеген, сойылын соққан саяси-әскери органы болды. Құрылған кеңестердің құрамында алғашында Түркістанның жергілікті мұсылман - түркі халықтарының өкілдері саусақпен санарлықтай болса, ал Ташкенттегі Орталық билік орындарында (Комиссарлар Кеңесінде) бірде-бір жергілікті ұлт өкілдері болмады. Қара шекпенді патшалық империяны қызыл түсті кеңес империясы алмастырды.
Орыс болышевиктері билеп-төстеген кеңестердің билігіне балама түрде Түркістанның мұсылман-түркі халықтарының зиялылары 1917 жылы күздің соңында Қоқан қаласында, Түркістанның жергілікті халықтарының еркін орындай отырып, «Түркістан Мүхториятың» (Түркістан автономиясын) дүниеге әкелді, бірақ бұл құрылым 1918 жылы ақпанда Ташкент большевиктерінің агрессиясы нәтижесінде қанға бөктеріліп, қиратылды [22] .
Түркістанда монополиялы саяси билікке ие болған орыс большевиктері ұзақ уақыт бойы өлкенің саяси статусын анықтау мәселесі бойынша ешқандай нақты қадам жасамай, саяси көрсоқырлық танытты. Тек 1918 жылы сәуір айының аяғында ғана Түркістан өлкесі - революцияға дейінгі Ресей империясының Түркістан генерал-губернаторлығы «Ресей Социалистік Федерациясының Түркістан Республикасы» деп жарияланды [23] . Бірақ республиканың барлық ресми құжаттарында қысқаша «Түркістан Республикасы» деген атау қолданылды. Дүниеге келген Түркістан Республикасында ұзақ уақыт империялық отарлық саясат жүргізіліп, Түркістанның жергілікті халықтарын «бұратаналар», «түздіктер» деп кеміте атауды жалғастыра берді. Тек 1919 жылдың көктемінен бастап белгілі қайраткер Т. Рысқұловтың жетекшілігімен құрылған Мұсылман Бюросының [24] ұлт мәселесі бойынша жүргізген позициялы күресінің нәтижесінде ғана жергілікті халықтарды кемсіте атаушылыққа тыйым салынып, ресми құжаттарда «Түркістанның жергілікті халықтары», «түркі халықтары», «мұсылмандар»деп атау дәстүрі қалыптасады. Республика коммунистері де осы уақыттан бастап, «мұсылман коммунистері» және «еуропалық коммунистер» деп аталатын екі үлкен топқа жіктеледі. Т. Рысқұловтың төңірегіне топтасқан мұсылман Коммунистері Түркістандағы орыс коммунистерімен және Түркістанға арнайы аттандырылған Мәскеудің коммиссарлы органы - Түріккомиссиямен ымырасыз күресе отырып, Түркістан Республикасын түркі тілдес халықтық ұлттық мемлекетіне айналдыруға, республика егемендігіне, яғни Ресей Федерациясы құрамында болса да, саяси, экономикалық, дипломатиялық, әскери және мәдени мәселелер бойынша нақты болуы тиісті дербестік қүқықтарына ие болуға ұмтылады. Ол үшін, ең алдымен, Түркістанның түркі халықтарының ішкі бірлігін қамтамасыз етіп, барлығын (қазақтарды, өзбектерді, қырғыздарды, түрікмендерді, қарақалпақтарды және түркілермен мың байланысы бар тәжіктерді) «Біртұтас Түркістан», «Біртұтас түркі халқы» идеясына топтастыру қажет еді. Сондықтан да Т. Рысқұлов 1920 жылы қаңтар айында Ташкент қаласында болып өткен Мұсбюроның III конференциясында арнайы баяндама жасап, «Түркістан Республикасының автономиялылығы туралы» деген атақты тезистерін қабылдатқан еді. Тезистердің 6-бабында: «Түркі халықтарының - татар, қазақ, қырғыз, башқұрт, өзбек және т. б. болып бөлініп, жеке ұсақ республикалар құруға ұмтылу идеясын жою, біртұтастық мақсаты үшін . . . түркі халықтарын Түрік Кеңес Республикасының төңірегіне топтастыру» [25] қажеттілігі ерекше атап көрсетілген болатын. Өз идеяларын іске асыру мақсатында Т. Рысқұлов басқарған Түркістан делегациясы 1920 жылы 7-мамыр - 12-шілде аралығында арнайы сапармен Мәскеуге барып, В. И. Ленинмен ауыр келіссөздер жүргізгені белгілі [26] . Нәтижесінде «Біртұтас Түркістан» идеясынан шошынған В. И. Ленин Түркістан Республикасын тез арада жою, республиканы мекендеген түркі халықтарын ұлттық белгілеріне қарай жіктеу, Орталық Азияда саяси жағынан Мәскеуге толық бағынышты «ұлттық республикаларды» құру туралы тапсырма береді [27] .
Әрине, «Біртұтас Түркістан» идеясын көтерген кезде Т. Рысқұлов Түркістанды мекендеген түркі тілдес халықтардың жеке ұлттық белгілерін тіптен жоққа шығарған жоқ, тек Ресейдің отарлықсаясатына, қызыл империяға бірлесе қарсы тұру, бостандық пен егеменді жолында күш біріктіру, бөлініп бөріге жем болмау жолында тактикалық тегі мен қаны қазақ болған соң, Т. Рысқұловтың жаны да үнемі қазаққа тартып тұрды әрі шешуші мәселелерде қазақ ұлтының мүддесін бәрінен де жоғары қоятын еді. Қазақ жерлерін бір республика аясына біріктіру, автономиялы статуста болса да қазақ мемлекетін қалпына келтіруді назарда ұстады. Т. Рысқұлов 1919 жылы қарашада Орынборға арнайы хат жазып барлық қазақ жерлерін бір республикаға біріктіру, Қазақстанның астанасын Ташкентке көшіріп әкелу туралы ұсынысын жеткізеді [28] . 1920 жылы Түрікатком төрағасы болып сайланған соң, Т. Рысқұлов өзі басқарып отырған органның жанынан таза қазақ істерімен шүғылданатын арнайы бөлім құруға күш салады. Бірақ 1920 жылы шілдеде, яғни жоғарыда біз тоқталып өткен Мәскеудегі саяси тартыстар нәтижесіз аяқталған соң, Т. Рысқұлов бастаған саяси топтың өз қызметтерін тастап шығуларына байланысты Түркістан қазақтарының арнайы бөлімін құру, Жалпытүркістандық қазақ сиезін ұйымдастыру ісі аяқсыз қалады [29] .
Тарау-II. КЕҢЕСТІК ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ ИНТЕЛЛИГЕНЦ
Тарау. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы Қазақстан және
ұлт зиялылары
1. 1. ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
Қазақ қоғамының экономикалық өміріңде XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басыңда болған өзгерістер қазақ халқының қоғамдық санасын едәуір қайта құруға жеткізді. Қарастырылып отырған кезеңде Ресейдің патша үкіметі Қазақстанды отарлауын толық аяқтады деуге болады, оның ең басты әлеуметтік-экономикалық зардаптары: қазақ халқын біртұтас ел ретінде бытырату мақсатымен қазақ жерлерінің аумақтық жағынан әскерилеңдірілген бірнеше облыстарға бөлінуі; байырғы турғыңдарды жақсы жерлер мен шурайлы жайылымдардан жаппай көшіру, шаруашылық жүргізу саясатын өзгерту; тұрмыс жағдайының күрт нашарлатылып, оған қоса рухани қысымның күшейтілуі. Қоғамдық тұрмыстағы мұндай елеулі өзгерістер ұлттық сана сезімді оятты, қазақ қоғамында жаңа идеялар, ойпікірлер, көзқарастар қалыптасуын бастап берді.
XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамының озық ойшылдары қоғамды, адамдардың өздерін күш қолданылатын революция емес, қоғам мүшелерінің сезімін өзгерту мен адамдардың бүкіл қоғамды жаңарту практикасына тартылуы ғана өзгерте алады деп санап, қоғамдық сананы қалыптастыру процесін нақты жүзеге асырды. Адамдардың бүкіл бұқарасы мұндай өзгерістерге қатыса алмайды және оған қатысуға қабілетсіз, оны бірдей түсіне бермейді және оған бірдей дәрежеде мүдделі де емес. Қоғамдық тұрмыс пен қоғамдық сананың байланысын әдетте барша жұрт бірігіп немесе әрбір адам жекедара белгілемейді, қайта адамдардың ерекше топтары, сананы әзірлеумен кәсіби түрде айналысатын интеллигенттер анықтайды. XX ғасырдың бас кезінде қазақ қоғамыңда «Қазақ» газеті мен «Айқап» журналы төңірегіне топтасқан жас қазақ интеллигенциясы осындай интеллектуалдар тобы болды.
XX ғасырдың басында Қазақстанда қоғамдық сана қалай қалыптасты, адамдардың санасын ояту үшін оларға қазақ интеллигенциясы қаңдай идеялар ұсынды, қазақ қоғамының болашағын олар қандай деп білді? Бұл сұрақтардың бәріне осы басылымдарға талдау жасау арқылы жауап беруге болады.
Ең алдымен, Түркістанның Ресейге қосылуы нәтижесінде дала өңірінде байырғы халық тілдерінде алғашқы газеттер пайда болғанын атап өтейік. «Түркістан уәлаятының газеті» 18701882 жылдарда өзбек және қазақ тілдерінде шығып тұрды. Газетті Ішкі істер министрлігі қатаң қадағалап отырды, мұның газет мазмұнына әсер еткені күмәнсіз. «Түркістан уәлаятының газеті» беттерінде орыс мемлекетінің өмірін, оның байырғы халықтар жөніндегі саясатын көрсететін материалдар, әр түрлі өкімдер мен үкімдер, орыс халқы мен басқа мемлекеттердің өміріндегі елеулі оқиғалар туралы хабарлар басылып тұрды. Патша үкіметі тарапынан қатаң цензура жасалғанына қарамастан, газет тарих, этнография, экономика, археология, орыс әдебиеті мен мәдениеті жөнінде де қазақ тілінде материалдар жариялады.
«Дала уалаятының газеті» шығуы қазақ халқының мәдени өмірінде елеулі оқиға болғаны өткен тарауда айтылды, шын мәнінде газет патша үкіметінің ресми органы еді. Газет екі бөліктен тұратын. Ресми бөлігіндеүкімет материалдары, ал ресми емес бөлігінде қазақ халқының тарихы жөніндегі материалдар, қазақтардың шаруашылық өмірі, билердің жұмысы туралы, байырғы халық арасындағы сауаттылықтың жайкүйі және дала өңіріндегі көптеген проблемалар туралы әртүрлі мәліметтер басылды. Газет қазақ халқын дүниежүзілік мәдениетке тарту, қазақ ғылымы мен мәдениетін дамыту ісінде теңдесі жоқ рөл атқарды. «Дала уәлаятының газеті» беттерінде орыс классиктері А. С. Пушкин, Л. Н. Толстой, И. С. Тургенев, Н. А. Добролюбовтың шығармалары, Қазақстанды зерттеген орыс ғалымдары Г. Н. Потанин, В. В. Радлов, И. И. Крафт, А. Е. Алекторов және басқаларының публицистикалық мақалалары мен хабарлары аударылып басылды. Аударма жасағандар Е. Абылайханов, Д. Сұжанғазин, Р. Дүйсенбаев және Абай Құнанбаевтың інісі Халиолла Өскенбаевтар болатын. Орыс оқырмандарын қазақ халқының рухани өмірімен таныстырғандардасолар.
«Дала уәлаятының газетінде» Абайдың «Жаз», «Болыс болдым, мінеки», «Күлембайға» деген өлеңдері, Ы. Алтынсариннің, М. Ж. Көпеевтің, А. Құрманбаевтың шығармалары жарық көрді, революцияға дейінгі Қазақстанның тарихы, әдебиеті мен мәдениеті жөніндегі материалдар да назар аударарлық. «Біздің қырғыздардағы сенімнанымдар», «Қырғыз тілінің транскрипциясы туралы», «Саяхатшы француздар қырғыз даласында», «Қырғыздардың лирикалық әндері», «Қырғыз интеллигенциясының міндеттері», «Қырғыздардың шыққан тегі туралы аңыз» сияқты мақалалардың қазақ халқының тарихы, географиясы, экономикасы, мәдениеті мен тұрмысы үшін маңызының теңдесі жоқ.
Газет беттерінде қазақтың оқығандары мен ғалымдарының өмір деректері туралы құнды мақалалар жарияланды. Ш. Уәлихановтың туғанына 60 жыл толуына арналып берілген газеттің 1894 жылғы 18 санындағы мақалада: . . . Шоқан Уәлиханов ғалым, өнер иесі, халықтың ғадет заңын біліп, даңғыл, биік жолға шықса да өзінің туған жайын жатырқамай һәм ұмытпады . . . Тағы дағалым өнерінің қымбат екенін біліп, құрмет тұтып өзінің халқын бек жақсы көрер еді. Ләйкін Россия халқының қорғап, қоршап болысқаныменен Азия халықтары ілгері басып һәм надандықтан құтылар ма деп ойлар еді» деп жазылған. Сонымен қатар газетте оқуағарту, өнербілімге үндеген мақалалар көптеп басылды.
Газетте саяси тақырыптағы материалдар жарияланбады деуге болады. Біздің ойымызша, бұл патша үкіметінің қатаң цензурасына байланысты. Ал жалпы алғанда, газет қазақ халқының рухани өмірінде елеулі рөл атқарды.
Сонымен бірге қазақ халқының ұлттық санасезімін ояту және жаңа қоғамдық сананы қалыптастыру ісіне «Қазақ» газеті де зор үлес қосты. «Алаш» партиясы сияқты, оның органы болған «Қазақ» газеті (19131918 ж. ) де ұзақ уақыт бойы «буржуазияшылұлтшылдық» газет саналып келді.
Қазақ даласындағы ұлттық қозғалысқа жас интеллигенция жаңа тыныс берді. Тарихи тәжірибенің дәлелдеп отырғанындай, әлеуметтік күрт өзгерістер кезеңдерінде әрқашанда интеллигенция едәуір белсенділігімен, дербес бастамасымен ерекшеленіп отырған. Әлеуметтік, интеллектуалдық және адамгершілік сезімі жоғары интеллегенция жеке адамның қоғамда алатын жағдайы туралы, оның санаға және санасезімге қатынасы туралы мәселе көтерді.
С. Асфендияровтың жазғанындай, «Мемлекеттік аппаратты қалыптастыру қажеттігі патша өкіметін белгілі бір дәрежеде кадрлар даярлау мен айналысуға мәжбүр етті». Сөйтіп Ресейдің оқу орындарынан қазақтан шыққан болашақ дәрігерлер, инженерлер, мұғалімдер, чиновниктер, офицерлер, аудармашылар, жазушылар жоғары білім алды.
Белгілі марксист А. Грамши Ресей интеллигенциясының қалыптасу заңдылықтарын зерттей келіп былай деп жазған: «ең белсенді, жігерлі, алғыр және білімді адамдардан тұратын беткеұстарлар шетелге барады, Батыстың неғұрлым алдыңғы қатарлы елдерінің мәдениеті мен тарихи тәжірибесін игеріп, бұл орайда өздерінің ұлттық мәдениетінің ең елеулі белгілерін жоғалтпайды, яғни өз халқынан рухани және тарихи байланыстарын үзбейді, сөйтіп интеллектуалдық даярлығын аяқтап, олар отанына оралады да, халықты күштеп оятып, ілгері қарай жедел қозғалуға, кезеңдерден аттап өтуге мәжбүр етеді».
Бұл заңдылықты біз XIX ғасырдың аяғы XX ғасырдың басындағы қазақ интеллигенциясының қызметінен көреміз. Қазақ интеллигенциясының алдыңғы қатарлы бөлігі XX ғасырдың басындағы Ресейдегі революциялық күрес, 1905 жылғы бірінші орыс революциясы идеяларының және сол кездегі қазақ қоғамының тарихи нақтылықтарының ықпалымен қалыптасты.
Оның ең басты сіңірген еңбегі мынада: ол бүкіл ресейлік даму кезеңінің басталуын дер кезінде байқап, қазақ қоғамын да қозғалысқа келтіру амалдарын іздестірумен айналысты, бұл үшін бірінші орыс революциясы берген әлеуметтік және саяси бостандықтарды пайдаланып, туған халқын мешеуліктен шығаруға, патшалық езгіден азат етуге, оған білім мен прогресс, мемлекеттік тәуелсіздік алу жолдарын көрсетуге ұмтылды. Мұның қиын күрес, күрделі жанжалдар мен ізденістер жолы болғаны күмәнсіз. Ал бұл жолда жетістіктермен қатар, әрине, қателесулер де, адасулар да болды. Алайда оларды, кейіннен сталиндік идеологияның түсіндіргеніндей, өз халқына жаулық көзқарастар емес, халық тағдырын жеңілдету жолындағы күрестің табиғи қиындықтары туғызған еді. Қазақ интеллигенциясының ең басты ізгі мақсаты халқына қызмет ету болғанын «Алаш» басшыларының бірі М. Дулатов 1929 жылы Бутырск түрмесінен жазған хатында былай деп айқын баяндайды: « . . . Мен өзімнің құлдыққа түсіріліп, езгіге салынған бейшара халқымның осы құлдық жағдайдан шығуына көмектесуді өз борышым деп санадым . . . Саяси саладағы оқиғаларды дер кезінде болжай алмадым деп санаймын, ал қазір кеңес өкіметіне қарсы күрес деп отырғанның бәрі менің қазақ ұлтын дербес, тәуелсіз, бақытты жағдайда көргім келген тілегім ғана».
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz