Орман – біздің байлығымыз


Жұмыс түрі: Материал
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 4 бет
Таңдаулыға:
Орман - біздің байлығымыз
Еліміздің өсімдіктер әлеміне бай екендігін білесіңдер. Осынау мол байлықтың бірі және бастысы - ормандар.
Ағашты өңдеп, одан 20 мыңнан астам алуан түрлі бұйымдар жасалуда. Ағаш сүрегінен қағаз, жасанды жібек, нитроклетчатка, оқ-дәрі, целлулоид, пластмасса, фотокинопленкалар, нитролактар, бояулар, жасанды тері, этил және метил спирттері, сірке қышқылы, жүзім қанты, жасанды каучук және т. б. алынады.
Орман-биосфераның құрамды бөлігі, ол тіршіліктің қалыптасуы мен дамуына, жер бетіндегі тепе-теңдіктің сақталуына айтарлықтай әсер етіп отыратын басты факторлардың бірі. Құрлық бетінің үштен бірін алып жатқан бұл жасыл мұхит орасан мөлшердегі Күн энергиясын сіңіреді. Бұл энергия жасыл лабораторияда сақталып және өңделіп, тіршілік процесі үшін пайдаланылады.
Орман қоршаған ортаны оттеепен байытып, ондағы жинақталған көмірқышқыл газын сіңіреді. Мамандардың есебі бойынша 1га орман жылына шамамен 10т көмірқышқыл газын сіңіреді екен. Орман өзінің өсу процесінде көптеген мөлшерде оттекті бөліп шығара отырып, ғаламшарымыздың ауа құрамын реттеуге қатысады. Техниканың дамуы қаншама оттекті жұтады. Бір автомобиль ғана 950км жүргенде 1 адамның 1 жылдық оттектік нормасын тұтына -ды. Биосфераға оттектің 60% - дан астамын құрлық бетінің өсімдіктері, орман бөліп шығарады. Орманның 1га-сы жылына шамамен 18 млн м ауаны тазартып, 1 сағатта ғана 8кг көмірқышқыл газын сіңіреді. Бұл - 200 адамның 1 сағатта бөліп шығаратын көмірқышқыл газы. Егер дәлірек есептесек, әр адамды оттекпен (жылына шамамен 400кг) қамтамасыз етуге 0, 1-0, 3га жасыл алқап қажет екен.
Егін егу үшін ашық алқап дайындау мақсатында орманды аяусыз кесу, өртеу сияқты іс-шаралар зор зиян келтірді. Табиғи жамылғысынан айырылған жер жалаңаштанып, тез арада топырақ эрозиясы басталады, жел эрозиясы күшейе түседі. Мәселен, бәрімізге белгілі Ливия шөлі орналасқан аймақ Карфагеннің (Солтүстік африкадағы ежелгі қала мемлекет) жасыл желекті, гүлді алқабы болатын. Орманды аяусыз кесуде жасыл алқап шөлге айналды. Мұндай мысалдар көптеп кездеседі.
Орманды қалпына келтіру өте қиын және ол ұзақ мерзімді қажет етеді. Оның үстіне жер бетіндегі ормандардың пайдаланылу қарқыны мен оның қалпына келтірілуі бір-бірін теңестіре алмайды. Тек соңғы 300 жылдың ішінде жер бетіндегі ормандардың ауданы 3 есе дерлік кемігендігі анықталып отыр. Ормандар ғаламшарымыздың 27% - ын алып жатыр. Ормандардың жыл өткен сайын азайып бара жатқандығы -на жол беруге болмайды. Өйткені, орман- ғаламшар ландшафтысының құрамды бөлігінің бірі, табиғи биоценоз. Ол оттекті өндіретін жасыл лаборатория және климатты реттеуші фактордың бірі. Өзен, бұлақ суының молдығы орман алып жатқан ауданға да байланысты. Ылғалды өз бойына жинақтай отырып, орман табиғаттағы су көздерін сақтау рөлін атқарады. Оған мынадай мысал келтіруге болады. Кавказдағы әлемге белгілі «Есентуки» минералды су көзі, бұдан 60 жылдан сатам уақытқа қарағанда шипалық суды тәулігіне 7 есе кем береді. Тексере келгенде мынадай жай анықталған. Су көзінің айналасындағы тау беткейінің орманы ХХ ғасырдың басында көп кесілген. Тау беткейінің ормандары біртіндеп қалпына келтіріле бастаған кезде шипалы су көзінің мөлшері де көбейе түскен.
Орман тек көптеген ағаш жиынтығы ғана емес. Ол ауаны шаң-тозаңнан тазартады. Орман- ағаш, бұта, шөптесін және т. б. өсімдіктер (мүк, қына) өсетін және аңдар, құстар, көптеген жәндіктер мен микро- организмдер тіршілік ететін табиғи кешен. Сонымен қатар таза, демалыс орны, мол сулы өзендері бар, құнарлы топырақты аймақ.
Қазақстанның орман алқаптары, оларды дұрыс пайдалану
және орманды қорғау
Қазақстан орманға кедей өлке емес. Орманды аумағының көлемі жағынан Қазақстан Ресейден кейін екінші орында тұр. Қазақстанағы орман қорының жалпы ауданы -21, 5 млн га. Кенді Алтай ормандарының ағаштары құрылысқа, жиhаз жасауға пайданылады. Алтайдың майқара-ғайлы ормандары ғана 371 мың га алқапты алып жатыр. Алтай тайга -сын, Шығыс Қазақстанның таулы ормандарын - республикамыздың жасыл алқабы дерсіз. Шығыс Қазақстанның таулы ормандарында өсетін самырсын, қарағай, шырша-аса бағалы ағаш шикізаттары. Бұлардан дайындалған бұйымдар жоғары бағаланады.
Еліміздің шөл аймағындағы ормандардың да маңызы зор. Қарақұм, Қызылқұм, Мойынқұм және Оңтүстік Балқаш бойында миллиондаған гектар жерді алып жатқан сексеуіл алқаптары бар. Орман шаруашылықтары бұл алқаптың 400 мың га-дан астам жеріне сексеуіл тұқымын септі. Бұл алқаптар жайылымдарды жел эрозиясынан қорғап, мал басын арттыруға жағдай жасап тұрған еді. Қазіргі кезде жағдай басқаша, адамдар сексеуіл ормандарын шауып, ол жоюға айналды. Егер осы ормандарды шабу әрі қарай жүргізілетін болса, онда бұл алқаптардың экологиялық жағдайы да өзгереді.
Республикамыздың ормандарына көз жіберсек, оның солтүстіг-де қайың, көктеректің көптеген орамндары Көкшетауға дейін жетеді. Одан оңтүстігіне қарай ормандары шағын алқаптар түрінде орналасқан. Шығыста Алтай тауын майқарағай, балқарағай, сібір шыршасынан тұратын қылқанды ормандар мен қайың, көктерек алып жатыр. Жетісу (Жоңғар) Алатауы мен Күнгей Алатаудың солтүстік беткейінде Тянь-Шань шыршасы өседі. Шөлді аймақта(Сырдарияның сол жақ жағалауы Шу өненің бойын, Есіл және тағы басқа өзендерінің бойын) талды, бұта-лы, қанды-ағшты орман өсімдіктері алып жатыр. Сырдария Шу, Іле өзендерінің су жайылымдарында жиде, тал, тораңғы, жыңғыл, шырғанақ-тан тұратын ну тоғай, ал Шарын өзенінің су жайылмасында шарын үйеңкісі өседі.
Республика ормандарынан едәуір мөлшерде ағаш сүрегі алынады. Орман топырақтағы ылғалды сақтай отырып, су балансын тұрақтандырады. Топырақ, су және жел эрозиясын болдырмайды. Егістік алқаптарын қорғауда рөлі зор. Көптеген аң-құстардың мекені болып табылады. Тау ормандары өзендердің су қорын сақтауда, су эрозиясынан қорғауда айтарлықтай рөл атқарады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz