Есіл жағасындағы бас қаланың даму перспективасы


Мазмұны
Кіріспе . . . 8-11
1 Арқа төсіндегі бас қаламыз - Астананың физикалық және географиялық жағдайы
1. 1 Астананың физикалық - географиялық орны . . . 12-17
1. 2 Табиғаты және табиғи қоры . . . 18-22
1. 3 Ертеңі еңселі Елорда . . . 20-22
2 Астананың даму тарихы
2. 1 Тарихтан табанында таңба қалған . . . 23-32
2. 2 «Астана - жаңа қала» ЕЭА туралы жарғы . . . 32-39
2. 3 Астана қаласының тұрғындары . . . 39-47
3 Астананың әлеуметтік - экономикалық даму барысы
3. 1 Жасампаздыққа жарқын жол . . . 48-50
3. 2 Қаланың архитектурасы және бет - бейнесі . . . 50-57
3. 3 Бас қаланың әлеуметтік - мәдени іс - шаралары мен
білім беру бағыттары . . . 57-63
3. 4 Он жылдағы он ерекшелік . . . 63-66
Қорытынды . . . 67-68
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . . 69-70
Қосымша . . . 71-77
Аннотация
Диплом жұмысының барлығы 72 беттен тұрады. Негізгі бөлімінде үш тарау қарастырылған. Студенттің зерттеу жұмысының тақырыбы: «Есіл жағасындағы бас қаланың даму перспективасы». Зерттеу жұмысында тақырып бойынша слайд дайындалынған. Слайдтың көлемі 38 беттен тұрады. Салыстырмалы түрдегі жасалған бейне таспа, интернеттен алынған қосымша материалдар тіркелген.
Қысқартулар мен белгілер
1. АЛЖИР - Отанын сатқандардың әйелдерінің Ақмола лагері. (Акмолинский лагерь жен изменивжих Родине)
2. АЖӨ - Аймақтық жалпы өнім
3. ЖІӨ - Жалпы ішкі өнім
4. АҚ - Акционерлік қоғам
5. М-2 - Мост
6. ЖШС - Жауапкершілігі шектеулі серіктестік
7. ЕЭА - Еркін экономикалық аймақ
8. БАҚ - Бұқаралық ақпараттық құралдар
9. АДСК - Алғашқы дәрігерлік - санитарлық көмек
10. ӨБ - өндірістік бөлім
11. БҰҰ - Біріккен ұлттар ұйымы
12. ҚР - Қазақстан Республикасы
13. ТМД - Тәуелсіз мемлекеттер достастығы
14. ХӘЖА - Халықаралық әріптестік бойынша Жапон Агенті
15. АЖІӨ - Аймақтық жалпы ішкі өнім
16. ҚББ - Қалалық білім бөлімі
17. ЖОО - Жоғарғы оқу орталығы
18. ЖЭО-1 - Жылу электр орталығы
19. ПМПК - психологиялық, медициналық - педагогикалық консультация
20. МАБО - мультисервистік ақпараттық - білім ордасы
21. ЮНЕСКО -
22. КСРО - Кеңестік социалистік республикалар одағы
Кіріспе
Тақырыптың көкейтестілігі: Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының перспективалық даму белестері. Сонау 1911 жылдағы Астананың тарихи белестерінен бастап қазіргі жаңа астананың әлеуметтік, демографиялық, экономикалық, мәдени - эстетикалық, қала құрылысы (архитектурасы), білім және денсаулық сақтау ерекшеліктеріне нақты мәліметтер бере отырып ғылыми зерттеу жұмыстарын жүргізу.
Мәселенің өңделуі: Студенттің ғылыми зерттеу жұмысында Есіл жағасындағы бас қаланың әлеуметтік - экономикалық қазіргі саяси жағдайына тұжырымдамалар және пікірлер айтылады. Қаланың өсу қарқыны мен құрылыстар салынып жатқан индустриялық алыптар, 30-50 жылдары салынған ең маңызды ғимараттар қатары мен қазіргі жаңарулар және статистикалық мәліметтер, ақпараттық басылымдарда жарияланған материалдар пайдаланылған.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Астана қаласының өткені мен бүгінін зерттей отырып, дамып келе жатқан бас қаланың экономикалық - әлеуметтік жағдайына аса назар аудару. Қаланың денсаулық сақтау, білім жүйесі мен басқа да әлеуметтік жағдайларға талдау жүргізу.
Рухы жағынан да, мағынасы жағынан да бізге барынша жақын сәулет конструкциясы, көптеген өз жобаларымыздың шеберлікпен іске асқаны қарастырылған. Қаланың кешенді мәселелерінің ішінде қала аумағын көгалдандырудың жоспарлық құрылымы, қаланың инфрақұрылымдағы сарқынды су мәселесі.
Көлік қатынасы, көлік жолдары және өндірістік өнеркәсіп орындарының әкелетін пайдасы, әрі бас қалаға тартылған инвестиция көлемі мен әкелетін үлесі қарастырылған.
Зерттеу жұмысының міндеті: Қазіргі Астана қаласының өткен тарихында көп сыр жатыр. Байтақ жатқан Сарыарқаның төрінде құрылған астананың өткен күндері халықтың дәстүрлі өмірімен, өнегесімен, үлгісімен тікелей сабақтас. Оның беттерінде халықты қынадай қырған ашаршылықтың тебіренетін тебі, ел сөзін сөйлеген азаматтардың басына зобалаң тудырған репрессия жылдарының жүрекке мұз болып байланған жан жарасы, Ұлы Отан соғысының жарақаты да елес беріп тұрғандай. Кейінгі тың игеру кезеңінде Қазақстанда ондаған ірі зауыттар мен фабрикалардың салынғаны, дала төсін қақ жарып темір жол магистральдары жүргізілгені, ірі ауыл шаруашылық кәсіпорындары мен мал шаруашылығының қарқынды дамуы, Есілдің жағасына ел қондырып, Астана қаласын Қазақстанның басқа қалаларымен салыстыра отырып:
- географиялық орналасу ерекшелігі
- климаты
- архитектурасы
- экономикалық дамуы
- табиғаты және табиғи қоры
- экологиялық ахуалы
- жер асты байлықтарын зерттеу болып табылады.
Зерттеу жұмысының нысаны: Салыстырмалы - аналитика, жүйелі түрдегі талдау, синтез, тарихи тұрғыдан зерттеу, экономикалық және статистикалық зерттеу, картографиялық зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының тәрбиелік құндылығы: Астананың көркейюі - ел дамуының негізгі көрсеткіштерінің бірі. Астананы ауыстырудың «Қазақстан - 2030» Стратегиясын қабылдаған жылмен тұспа-тұс келуінің үлкен мәні бар. Астананы көшіру - еліміздің тарихындағы ерекше белес. Ұлттық тарихымыздың жұлдызды сәті. Елордамызды Арқа төсіне көшірген 10 жылдан астам уақытта қала халқы 3 есеге өсті. Бас қала халқының орташа жасы - 32 жас екенін ескерсек, онда Астана сәулеттік жағынан ғана емес, тұрғындарының жасы бойынша да әлемдегі ең жас ел астанасы екендігін бағамдауға болады.
Астана елдің жаңаруының символына айналды. Астананы салу арқылы біз өз мүмкіндігімізге анық көз жеткіздік. Осы жобаның ойдағыдай жүзеге асуы біздің басқа саладағы жұмысымызға да зор сенім берді, үлкен серпін қосты. Астана бүгінде Қазақстандық бірегей брэндтердің бірі.
Диплом жұмысының құрылымы: Кіріспе бөлімінен және негізгі үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда Арқа төсіндегі бас қаламыз - Астананың физикалық және географиялық жағдайы қарастырылса, екінші тарауда Астананың тарихы, ал үшінші тарауда Астананың әлеуметтік - экономикалық даму барысына ғылыми тұрғыдан түсінік берілген. Қорытынды бөлімі және жұмыс барысында пайдаланылған әдебиеттер тізімі көрсетілген. Қосымша бөлімінде Астана қаласының перспективалық ерекшеліктері, халық санағы материалдары мен статистикалық мәліметтер жинақталған.
… Ерке Есіл жағасында бой көтерген,
Ерекше сәулеттік ландшафты бар,
бірегей мүсіндік нышандары сап түзеген
жоғары технологиялы болашаққа
ұмтылған өзгені сыйлап,
өзінің жаңа астанасы мен өз елін
шексіз мақтаныш тұтатын көп ұлтты және
көп дінді халқы бар әсем де мейірлі астанамыз,
міне осындай қала.
Н. Назарбаев.
Бұл планетаның саяси картасында жаңа, тәуелсіз, егемен мемлекеттің дүниеге келгенін бүкіл әлемге жариялап, паш етудің біртуар мүмкіндігі болатын. Мыңдаған, он мыңдаған қазақстандықтардың қажырлы ұмтылысы арқасында біз мұны жасай алдық және ойдағыдай жасадық.
Ақмола жері әрқашан да өзінің ерліктерімен, ұлы адамдарымен даңқы шыққан жер. Бұл есімі алыс өлкелерде белгілі, қазақтың ұлы батырлары мен билерінің, ақындары мен сазгерлерінің, жазушылары мен ғалымдарының отаны болған жер. Бөгенбай батыр, Саққұлақ би, Құлтума, Балуан Шолақ, Ілияс Есенберлин және тағы басқа көптеген түлектері барлық қазақстандықтардың мақтанышына айналған. [1]
Ұлы Отан соғысы жылдарында 38 ақмолалық жауынгерге Кеңес Одағының батыры атағы берілді, жетеуі үш дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды. Ал қазіргі уақытта ол тәуелсіз егемен Қазақстанның астанасы болу құрметіне ие болды. Осынау шыңға шырқап шығу үшін ұзақ та қиын жолдан өтуге тура келіп еді.
1830 жылдың маусым айында өлкені ойсыратқан шапқыншылықтардан қорғау мақсатында, бекіністің іргесін қалау үшін Қараөткел шатқалына казак подполковнигі Федор Шубиннің отряды келіп жетті. Қамалдың іргетасы алғашқы көзделген орыннан 30 шақырым жерде қаланды. Ал оның тұратын жері Нұра өзенінің алқабы болуы керек еді, өзі Александр Невскийдің атымен аталуы тиіс еді. Алайда өзен суының аса қатты тасуы таңдалған орынның жаңсақтығын айқындап берді. Осыдан кейін қонысты Қараөткел шатқалында, Есілдің оң жақ биік жағасында салу туралы шешім қабылданды. Дегенмен де, қоныс Ф. Шубиннің бастамасы бойынша өзі қағаз бойынша тұруға тиіс шатқалдың атауымен Ақмола деп аталды. [16]
1830 жылғы 18 маусымда (жаңа стиль бойынша 1 шілде) сұлтандар мен болыс старшиналары округтік әміршілік құрылысын салу үшін таңдалған орынды құптап, қолхат берді.
Ақмоланың негізгі қаланған күн осы күн болды.
Егемен Қазақстанның болашақ астанасының алғашқы кірпіші осылай қаланды. Мылтық атылып салют берілді. Бірақ ол кезде ешкім де, өзінің ең бір ұшқыр қиялында да, не үшін салют беріп тұрғанын болжай алмап еді. Осыдан кейін орын алған барлық оқиғалар, қамал - қаланың және тұтас елдің кейінгі бүкіл тарихы оларды әлем астаналарының қоғамдастығындағы «Астана» деген әуезді, сырлы есімі бар ең жас күншығыстық бауырласының дүниеге келетін күніне тоқтаусыз жақындата берді. [12]
Тарихи және археологиялық материалдар бұл жерлерді адам баласының ежелгі заманнан бері қоныстағанын куәландырады. Археолог В. С. Волошин Батпақ ауылының жанынан 1 млн жыл бұрынғы қоныс орнын ашқан.
ХVІІІ - ХІХ ғасырларда шығыстанушылар осы жерлерде әскери қамалдардың, кеніштердің, күйдірілген кірпіштен соғылған діни құрылыстардың қалдықтарын тапқан. Археолог К. Ақышев Астананың орталығынан 7 км жерде өнері асқан шеберлер тұрғызған, көшпенділердің көне бекінісінің қалдықтарын тауып, оны шартты түрде Ақжол деп атаған.
1832 жылы қамал сыртқы округ болып қайта құрылды. Тамыз айында Ақмола әміршілігінің ашылуы болып өтті. Бұл жерде тұрғын жай ретінде де, шапқыншылық кезінде қорғаныс ретінде де қызмет еткен бірнеше сабан қазарма мен ағаш үй болған еді.
Олардың бір бөлігі әрі - бері өткен көпестер үшін қойма мен уақытша тұраққа айналатын.
1840 жылы 5 бастионы бар далалық бекініс, жанында қазақ мектебі бар мешіт, кейінірек Константин-Елена шіркеуі салынды. Әскери - стратегиялық тұрғыдан алғанда, бекініс ыңғайлы орналасқан әрі жақсы қорғалған еді.
1845 жылдан бастап қамал Ақмола казак станицасы деп атала бастады да, 1862 жылы қала мәртебесін алды.
1869 жылы орталығы Омбыда орналасқан осы аттас облыс құрылады. Ақмола ояздық қалаға айналады. Ол Қамал, Слободка, Казак станицасы және Қала болып 4 бөлікке бөлінді. Онда 169 квартал, 56 көше мен 4 алаң болатын, 20 мың адам тұрып жатты. Жел диірмендері қала көрінісінің айнымас бір бөлігі еді. [24]
Бұл өлке ежелден Ұлы Жібек жолы жүйесіне кіретін еді де, енді теріскей және күншығыс бағыттағы толып жатқан керуен жолдарының тоғысына айналды. Бұл жерде Отырардан, Шавгар мен Яссыдан, Сауран мен Янгмкенттен шығатын жолдар қиысатын. Осы жерден олар әрі қарай шығысқа, Ертіс жағалауына немесе Алакөлге, және солтүстікке беймәлім Сібірге кететін. Қала маңызды сауда орнына айналды. Мұнда ірі - ірі сауда жәрмеңкелері (Константинов, Дмитриев) өткізілетін, онда мал, астық, Үндістаннан, Кіндік Азия елдерінен, Қытай мен Ресейден әкелінген тауарлар сатылды. 1907 жылы облыста сол кез үшін орасан зор 80 млн. сом сауда айналымы бар 100-ден астам жәрмеңке мен «саудашық» жұмыс істеді. [2]
Кеңес өкіметі кезеңіндегі қала тарихы бұрынғы Одақ қалалары тарихымен біртектес. Революциядан кейін ел күйзелістен біртіндеп шыға бастады, шаруашылық дамып, нығая берді. Ақмоланың жылдам дамуына оның оңтайлы географиялық орналасуының септігі болды. 1929 жылы Бурабай - Акмола, ал 40-ыншы жылдары Ақмола-Қарталы теміржол желілері салынды. Теміржол магистралына қосылу қала мен өлкеде түрлі өнеркәсіп салаларының дамуына септігін тигізді, Ақмоланы аса ірі көлік торабына айналдырды. Ол сол аттас облыстың орталығына айналды.
Ұлы Отан соғысы жылдарында көлік жолы байланыстарының арқасында Ақмола әскери бөлімдер мен құрамаларды қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Осы жерде үш атқыштар және бір атты әскер дивизиясы қалыптастырылды. Осы елдің майдан жанындағы аумақтарынан кәсіпорындар мен тұрғындар көшірілді, осы жерде мыңдаған науқастар жатқан көшпелі госпитальдар орналастырылды. Соғыс жылдарында ауыл шаруашылығы машиналарын жасау саласының тұңғышы «Қазақауылмаш» зауыты салынды. Облыстың өнеркәсіп өндірісі 1941-1945 жылдары ішінде республика бойынша 37 пайызбен салыстырғанда 63 пайызға өсті. [2]
Шаруашылықтың барлық салаларының дамуына «тың дастаны» жаңа қозғалыс салды. 50-60 жылдары қалада машина жасау құрылыс материалдары өнеркәсібі, энергетика, жеңіл және тамақ өнеркәсібі, көліктің барлық түрлерінің байланыс және телекоммуникациялар салаларының кәсіпорындары жұмыс істей бастайды. 4 институт, бірқатар техникумдар мен училищелар ашылады. Егін шаруашылығы ғылыми - зерттеу институты құрылады. Тың игерушілер сарайы, жастар сарайы, Компартияның өлкелік комитетінің ғимараты (онда болашақты үкіметті орналастыру есебімен) тұрғызылады. Қала тың және тыңайған жерлерді игеру орталығы ретінде таңдалды.
1961 жылы Ақмола Целиноград деп қайта аталып, құрамына республиканың бірнеше облысы кірген тың өлкесінің орталығына айналады. Инфрақұрылым қарқынды дамытыла бастады. Одақ басшылығы Қазақстанның астанасын Целиноградқа көшіру туралы мәселені шындап талқылай бастайды. Целиноградтың бас жоспары қала құрылысы теориясы тұрғысынан дәрістік және ғылыми әдебиетте үлгі ретінде насихатталды.
Білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет салалары айтарлықтай табыстарға қол жеткізді. ХІХ ғасырда облыста (Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Көкшетау облыстары, Қарағанды облысының бір бөлігі кіретін) 3000 шәкірт оқитын 76 оқу орны болатын. Ғасырдың соңына қарай олардың саны үш есе өсті. Бірақ балалардың 85 пайызы мектептен тыс қала берді. Кеңес өкіметі кезеңінде 1920 жылдың өзінде - ақ тек Ақмола мен Атбасар уездерінде 300 мектеп және 14 мың оқушы болды. 90 жылға қарай Ақмолада 36 орта мектеп, 90 мектепке дейінгі мекеме, 35 кәсіптік-техникалық училище, 16 орта арнайы оқу орны болды. Қала тұрғындарына 64 емдеу профилактикалық мекемесі дәрігерлік көмек көрсететін, қалада 2 стадион, 2 дене шынықтыру мен спорт және сауықтыру кешені, спорт және жастар сарайы болды, 2 драма театры, 4 кинотеатр, 4 мәдениет сарайы мен мәдениет үйі, 100-ден астам кітапхана, 2 мұражай жұмыс істеді. [13]
1 Арқа төсіндегі бас қаламыз - Астананың физикалық және географиялық жағдайы
1. 1 Астананың физикалық - географиялық орны
Жалпы мәлімет. Бүгінгі заман қаласы - өзін қоршаған экономикалық кеңістікпен және табиғи ортамен алуан түрлі экономикалық - географиялық қарым - қатынастағы, демографиялық жолмен қалыптасатын, әлеуметтік - экономикалық күрделі жаратылыс. Антропоэкологиялық тұрғыдан алғанда - ол, ең алдымен, адам өз қолымен жасаған ортада оның тығыз қауымдылығы. Әлеуметтік-техникалық прогрестің көптеген белгілері осы «қала» ұғымымен астасып жатыр, алайда қалаға шоғырланған өркениет адам баласына тек игілік сыйлай бермейді. Техногенді қалалық орта адамның әлеуметтік басты сапасы - оның денсаулығына зор әсерін тигізеді. Қарқынды қала құрылысы, соған орай тұрғындар санының артуы жылу мен су қорына, көлік пен коммуналдық инфрақұрылымға деген сұранысты үдете түседі, осыдан келіп ауаны ластанудан тазарту, өндірістік және тұрмыстық қалдықтарды жиыстырып отырудың жүйелі жолын қарастыру мәселелері туындайды. Табиғи ортаның басты көздері - су, ауа, жер атаулы қалың нөпірдің қолданысына түсіп, үлкен өзгеріске ұшырайды. Мұндағы басты мәселе, ауа мен су көзінің қашанда жаңарып, тазарып отыруы, табиғатты қоқысқа толтыратын қалдықтардың мөлшерін мүлде азайту ғана қала өмірін жақсартуға мүмкіндік әкеледі. Қаланың топырақ жамылғысы да ерекше күтімді қажет етеді. [3]
ҚР Үкіметінің 1999 жылдың 8 сәуіріндегі № 381 қаулысымен Астана қаласының болашақтағы дамуы ескеріліп, қала маңы аумағын қарқынды игеру жағдайына орай аумаққа Целиноград, Шортанды және Ақмола облысының Аршалы ауданы жерінің бір бөліктері және Вячеслав бөгені аймағы енгізілді.
Астана қаласының аумағы ҚР Үкіметінің 2000 жылдың 8 тамызындағы №432 жарғысымен Промышленный, Железнодорожный, Көктал, Интернационал, Мичурин кенттері мен Күйгенжар, Пригородный, Тельман атындағы ауылдардың және Целиноград пен Шортанды аудандары жерінің бөлігін қосу есебінен ұлғайтылды.
Бүгінде Астана - 71014 га (1998 ж. - 25, 8 мың га болған) аумақты алып жатқан ірі мегаполис, соның ішінде, Алматы ауданы - 46257 га; Сарыарқа ауданы 24757 га аумақты қамтиды. Тұрғынының саны 2007 ж. 574, 4 мың адамнан асты.
Бүгінгі таңда Астана - мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың сөзімен айтқанда, ол жаңаны кейіптейтін, Қазақстанның динамикалық дамып келе жатқан жаңаруының, біздің тәуелсіз республикамыздың нышаны. Статистикалық деректер бойынша Астананың аймақтық жалпы өнімі (АЖӨ) 2007 ж. 830, 7 млрд. теңгені құрады. Елдің жалпы ішкі өнімінің (ЖІӨ) 10 пайызы Астана қаласының үлесіне тиесілі.
Жер бедері. Астана қаласы Есіл өзенінің жағалауындағы жазықта және ішінара өзен аңғарында орын тепкен. Аумақтық жер бедері еңісі мен биігі байқалмайтын жазық болып келуімен сипатталады. Мұндағы ойдым - ойдым көлтабандарда ғана қар суы мен көл немесе сор - сазда уытты көлшіктер пайда болады. Қала қуаң дала белдеуінде, оның күңгірт қоңыр, қоңыр топырақты, бетегелі - селеулі ішкі қуаң белдеуінде орналасқан. Топырақ жамылғысы біртекті емес, алуан сипатты. Қала орналасқан өңірдің 2/3 аумағын жадағай толқынды, суайрықты жазықтық алып жатыр. Қала аумағының жер бедерінен айтарлықтай еңіс немесе көзге шалынардай өр байқалмайды, мұндағы геморфологиялық бөлшектер бір - біріне ұласа жалғасып кете барады. Жазық Есіл өзеніне қарай аздап еңістеу болып келеді.
Тектоникалық құрылымы, топырағы, өсімдігі мен жануарлар дүниесі: Астана қаласы орналасқан аймақ тектоникалық тұрғыдан алғанда Теңіз ойысының шығыс сағасының (бортының) Сілеті синклинорийнің оңтүстік жағасымен түйсікен тұсына келеді. Ұлан - байтаққа ұласып жатқан Теңіз ойысы өзінің Бірінші мамыр (Первомайск) синклинолды құрылым түрінде солтүстік - шығыс шеткі бұрышымен Астана қаласы аумағына сұғына кіріп жатыр. Қала орналасқан жердің жер қыртысы фаментурней және визей қатпарының баяу көшкінді девон және тас көмір жыныстарынан қалыптасқан. Жыныстардың литологиялық көрсеткіші әртүрлі мергельді қатпары бар әктас, алевролит, құмдауытты саздан тұратыны аңғартады. Бұл жыныстардың жер беті қыртысына көрініп жатқан тұсы Софиев тас жолының бойы. Сілеті синклинорийі ордовик дәуірі жыныстары түрінде көрініс тапқан, бұл Астана аумағынан кездесетін ең байырғы тау жынысы болып табылады. Бұл жыныстар литологиялық тұрғыда шұбар құмтас, кангломерат, алевлорит, мөлдір бор тас түрінде кездеседі. Бұл жыныстар қаланың солтүстікке қараған іргесінен ұшырасады. Есіл өзенінің оң жағалауында, қала өңірінде күңгірт қоңыр, қоңыр, сортаңды топырақ түрлері тараған, ұнда бетегелі - селеулі және жусанды далалық өсімдік жамылғысы қалыптасқан. Өзен аңғарлары мен көл қазан шұңқырларының төңірегінде шалғындық өсімдік басым тараған. Қаланың төменгі тұрысындағы сортаң топырақты сол жағалауында қуаң далаға көпек жусанды, ши - бұталы, жантақты, қурай - тікенді өсімдік жамылғысы басым. Астананы қоршап жатқан өзен - көлдің, тау - жынысты, орман - қорықты өңірлер ақбөкен, елік, арқар, сілеусін, қасқыр, түлкі, қарсақ, суыр, борсық, қоян, ақкіс, ондатра, ақ тиін; құстардан: қоқиқаз (Теңіз көлінде), дуадақ, шіл, құр т. б. мекендейді. Өзен - көлдері балыққа бай. Қорғалжын көлінде жан - жануарға, құсқа бай ірі қорық бар. [3, 5]
Экология, қоршаған ортаны қорғау мәселесі: Аймақтың экономикалық дамуы, оның кейбір салаларының жедел қарқын алуы қоршаған ортаға өз әсерін тигізетіні, табиғи ортадан орын тепкен өндіріс мекемелерінің ауаға, суға, жер бетіне шығаратын қалдықтары мен іркінділері техногендік ластандырудың көзі екендігі қоршаған ортаны қорғау мәселесін жедел қолға алуды қажет етеді. Қаланың тұрақты дамуы көп жағдайда оның экономикалық әлеуеті, жер, адам және басқа қорларымен ғана емес, қала экожүйесі ахуалымен сабақтас екені белгілі.
Қаланың әуе бассейнін ластайтын негізінен үш шығарынды көзі бар. Олар: тұрақты ластағыштар (жылу беру орталықтары, қазандықтар), автокөлік және бір жүйеге түспеген іс-әрекет барысында пайда болатын шығарындылар (құрылыс алаңы, өндіріс алаңы, цемент нүктелері, асфальт бетон зауыттары және т. б. )
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz