Ақша қаражаттарының есеп айырысу және валюталық шоттардағы есебі



Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .3
І Бөлім. Ақша қаражаттар есебі
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .9
ІІ Бөлім. Ақша қаражаттарының есеп айырысудағы есебі
2.1 Есеп айырысу операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .13
2.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
ІІІ Бөлім. Ақша қаражаттарының валюталық шоттардағы есебі
3.1Валюталық шоттарға сипаттама ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .20
3.2 Валюталық шоттардағы қолма . қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... ... ...25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29
Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30
Қосымшалар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .32
Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары — бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар — банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары — бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша" шоты кредитінен 1280 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының калдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
1 Мырзалиев Б. С. «Бухгалтерлік операцияларды жүргізудің әдістері».
2 Оразбекұлы Бахыт. «Инвестициялық институттардағы бухгалтерлік есеп».
3 Көкенова Фатима. «Кәсіпорындардың бухгалтерлік есебі».
4 Бухгалтер бюллетені 2009 №16
5 Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
6 Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
7 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
8 Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
9 Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 .2009
10 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003.
11 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
12 Нысанбаев С.Н., Қожамкүлова Ж.Т.Коммерциялық кәсіпкерлік негіздері. Оқу құралы. — Алматы Казақ университет., 2004. — 138 бет..
13 Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005.
14 Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
15 Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62. 2008 ж.
16 14. 01. 1997ж. Өзгерісі және толықтылығымен Қаржы министрлігінің Бас салық инспекциясымен №37 «ҚҚС есептеу мен төлеу тәртібі жөнінде» нұсқауы.
17 24. 08. 1993ж. Министрлер комитеті шешімі негізінде шығарылған Қазақстан Республикасының ұйымдары мен кәсіпорындары және мемлекеттік бірлестік жұмысшыларының іс – сапарлық қызметі жөнінде нұсқауы.
18 А. Үмбеталиев, Ғ. Керімбек, «Кәсіпорын экономикасы және кәсіпкерлік».
19 В. В. Ковалев «Финансовый анализ», Москва 1995г.
20 А. Д. Шеремет, М. И. Баканов «Теория анализа хозяйственной деятельности», Москва 1987г.
21 Алтынбаев Б.А, Истаев А.А.
Основы маркетинга/Учебное пособие-А.,Экономика,2002
22 Есімжанова С.Р., Маркетинг/оқу құралы.- А.:Экономика, 2003
23 Жолдасбаев Г.Ө. Кәсіпорын экономикасы / Оқу құралы.- А.: Экономика, 2002
24 Кнышова Е.Н., Маркетинг: Учебное пособие.- М.: Форум, 2004
25 Котлер Ф., Маркетинг негіздері, А.: «Жазушы»,2002
26 Маслова Т.Д., Божук С.Г., Ковашн Л.Н., Маркетинг- СПБ: П., 2002
27 Сатыбалдыұлы С., Маркетинг- нарықтану: Жоғары оқу орындарының студенттеріне арналған оқулық- А.: «Білім», 1999
28 Шеденов ¬Ө.Қ., Жинісов Б.А., Байжомартов И.С., Комягин Б.И., Жалпы экономикалық теория, А.-А., 2001
29 Саясат-№1,2002
30 «Халық кеңесі»-№72,1995
31 Ізденіс(Поиск)-№5,1998

Пән: Қаржы
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 35 бет
Таңдаулыға:   
АҚША ҚАРАЖАТТАРЫНЫҢ ЕСЕП АЙЫРЫСУ ЖӘНЕ ВАЛЮТАЛЫҚ ШОТТАРДАҒЫ ЕСЕБІ

Мазмұны

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

І Бөлім. Ақша қаражаттар есебі
1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 5
1.2 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9

ІІ Бөлім. Ақша қаражаттарының есеп айырысудағы есебі
2.1 Есеп айырысу операцияларының есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ...13
2.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17

ІІІ Бөлім. Ақша қаражаттарының валюталық шоттардағы есебі
3.1Валюталық шоттарға сипаттама ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 20
3.2 Валюталық шоттардағы қолма - қол ақшаның есебі ... ... ... ... ... ... ... .. ... .25

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..29

Пайдаланылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...30

Қосымшалар ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32

Кіріспе

Ақшалай қаражат қозғалысы олардың операциялық инвестициялық және қаржылық қызметінің нәтижесіндегі түсімімен жұмсалады. Кассадағы ақшалай қаражатты сақтау, жұмасау және есептеу тәртібі есеп саясатына сәйкес шаруашылық жүргізуші субъект дербес жасайтын кассалық операцияларды жүргізу ережелерді белгілейді. Банк шоттары теңгеменде, шетелдік валютамен де ашылуы мүмкін.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары -- бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар -- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары -- бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша" шоты кредитінен 1280 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Валюталық операцияларды жүргізу үшін 24 желтоқсан 1996 жылғы №54-1 "Валюталық реттеу туралы" Қазақстан Республикасының Заңы және 20 сәуір 2001 жылғы № 115 Ұлттық банкінің Қаулысымен бекітілген "Қазақстан Республикасында валюталық операцияны жүргізудің Ережесі" негіз болып табылады.
Қазақстан Республикасында валютаны реттеудің негізгі органы болып Ұлттық банкі саналады. Кез келген валюталық операцияны өкілеттілігі бар банксыз жасауға рұқсат етілмейді. Осындай операцияларды жасау үшін өкілетті банктер заңды тұлғалар үшін валюталық шоттар ашады.
Қолма-қол валютаны беру Тапсырмамен (валюталық шығыс ордерімен) рәсімделеді, оның толтырылған үлгісі төменде келтіріліп отыр. Банк куәландырған тапсырманың (валюталық шығыс ордерінің) көшірмесі валюталық кіріс касса ордерін жазу үшін негіз болып табылады.
Валюталық шот оның иесінің өтініші бойынша жабылады, содан соң осы өтінішін өзіне қызмет көрсететін банк мекемесіне жіберіледі. Шот жабылған жағдайда, сондай-ақ субъектінің атауы өзгерсе немесе шоттың нөмірі өзгерген жағдайда шот иесі валюталық шоттағы қаржының калдығын растайтын құжатты өтінішке қоса тіркеуге міндетті.
Ақша қаражаттарын сақтау, қабылдау мен беру үшін әрбір шаруашылық жүргізуші субъектінің кассасы болады. Кассир материалды жауапты адам. Ол касса операцияларын жүргізу тәртібімен таныс болуы тиіс. Осыдан кейін материалдық толық жеке дара жауапкершілігі туралы онымен шарт жасалынады.
Кассадағы операциялар есебі 1010 - Кассадағы ұлттық валюта және 1020 - Кассадағы шетелдік валюта түріндегі қолма қол ақша шоттарында жүргізіледі.

І Бөлім. Ақша қаражаттар есебі

1.1 Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Есеп айырысу нысандары

Шаруашылық жүргізуші субъектілер өз ақша қаражаттарын банк мекемелерінің тиісті шоттарында сақтап және міндеттемелері бойынша төлемдерін, әдетте, осы мекемелер арқылы ақшасыз нысанда, ал қажет жағдайда Қазақстан Республикасының Ұлттық банкісінің, нормативтік құжаттарымен белгіленген шегінде нақты ақшамен есептесуді жүзеге асырады. Егер де заңды тұлғалардың арасындағы төлем сомасы 4000 айлық есептік көрсеткіштен (АЕК) асып түссе, онда олар тек ақшасыз тәртіпте айырысуларды жүзеге асырады. Бұл келтірілген мәлімет заңды тұлғалардың арасындағы әрбір мәміле (контракт, келісімшарт) бойынша шартты түрде пайдаланылады. Егер де контракт сомасы көрсетілген лимиттем асатын болса, онда төлем ақшасыз тәртіпте орындалуы керек, тіптен олар жартылай орындалса да, әрбір төлемнің сомасы 4000 АЕК-тен аспауы керек.
Ақша қаражаттарын сақтау үшін және заңды тұлғалар арасында есеп айырысу үшін Қазақстан Республикасының банк мекемелерінде банк шоттарын ашады.
Банк шоттары -- бұл банкмен клиенттер арасындағы келісім-шарттың қатынастарын көрсететін әдіс. Банк шоттары теңгемен де, шетелдік валютамен де жүргізіледі және ол ағымдық, жинақтық және корреспонденттік болып бөлінеді.
Корреспонденттік шоттар -- банк шоттары банктер мен ұйымдардың кейбір операция түрлерін жүзеге асырады.
Ағымдағы (есеп айырысу) және жинақ шоттары -- бұл да банктік шоттар, бірақ олар жеке және заңды тұлғалар үшін, сондай-ақ заңды тұлғаның оқшаланған бөлімшелері үшін де ашылады.
Шетелдік валютадағы қаражаттардың қолда бары мен қозғалысын есептеу үшін субъектіге арнап ағымдағы (есеп айырысу) шоттар ашылуы мүмкін. Ол сыртқы экономикалық қызметін жүзеге асыратын және өнімін валютаға сататын субъект үшін ашылады. Аккредитивтер, чек (аванс) кітапшаларының шоттарын және басқаларын субъектілер ақша қаражаттарын оқшаулап сақтау үшін және тиісті операцияларын жүргізу үшін ашады.
Субъект шоттарындағы қаражат олардың иелерінің әмірі бойынша есептен шығарылады. Субъектінің рұқсатынсыз шоттағы қаражатты есептен шығаруға соттың, мемлекеттік салық қызметінің рұқсатымен және қолданылып жүрген заңдарда көзделген басқа жағдайларда ғана жол берілуі мүмкін.
Субъектілердің шоттарынан төлем жасау, егер заңдарда өзгеше көзделмесе, субъектінің басшысы белгілеген кезектілікпен жүзеге асады.
Қазақстан Республикасының аймағында ақшаны төлеу мен аударуды жүзеге асыруда келесі әдістерді: қолма-қол ақшаны аударуды; төлем тапсырманы ұсынуды; чектерді беруді; вексельдерді немесе олардың индоссаменттері арқылы беруді; төлем карточкасын пайдалануды; тікелей дебеттік банкі шоттарына аударуды; тапсырма-талап төлемдерін ұсынуды; инкассалық жарлығын ұсынуды; республиканың заң актілерімен белгіленген басқа да әдістерін пайдаланады.
Ақшасыз есеп айырысудың негізгі нысандары: төлем тапсырма; чек; вексель; тапсырма-талап төлемдері; кеден мен салық қызметінің органдарының инкассалық жарлықтары болып табылады.
Төлеуші мен алушылар өзара есеп айырысу нысандарын келісім-шарт негізінде анықтайды, сондай-ақ олардың арасында болатын талаптары мен міндеттемелерді зачетқа да жатқыза алады.
Барлық резидент еместердің валюталық операцияларды жүзеге асырған кезде валюта заңының сақталуын қамтамасыз етуі валюталық бақылаудың мақсаты болып табылады.
Валюталық бақылаудың негізгі бағыты операциялардың қолданылып жүрген заңға сай келуін, шетел валютасымен төлеудің негізділігін тексеру; валюталық операциялар бойынша, сондай-ақ резидент еместердің Қазақстан Республикасының валютамен операциялары бойынша есепке алу мен есеп берудің толықтығы мен нақтылығын тексеру болып табылады.
Валюталық бақылау Қазақстан Республикасында валюталық бақылау органдары және агенттері арқылы жүзеге асырылады.
Қазақстан Республикасының заңына сай валютаны ретке келтіру міндеттерін жүзеге асыру құқығы бар Мемлекеттік органдар, Қазақстан Республикасындағы валюталық бақылау органдары болып табылады.
Алған лицензияларына сәйкес операциялар жүргізген кезде валюталық заңның сақталуын бақылау міндеті жүктелген өкілеттіктеріне берілген банкіден тыс қаржы мекемелері мен өкілеттігі берілген банкілер валюталық бақылаудың агенттері болып табылады.
Валюталық бақылау органдары өз міндеттерін жүзеге асыру үшін валюталық бақылау агенттерін жұмысқа тартады және олардың тиісті тапсырмаларды орындауы үшін біршама құқықтарды береді.
Қазақстан Республикасында валюталық операцияларды жүзеге асырып жатқан резидент те, резидент емес те республиканың заңымен белгіленген тәртіппен осы операцияларға қатысты ақпараттар мен тиым салынған құжаттарды валюталық бақылау агенті мен органдарына беруге міндетті: өзінің үй-жайына, құжаттарға және автоматталған базалық мәліметтерге кіруін қамтамасыз етуді; тексеру барысында да, сондай-ақ олардың нәтижесі бойынша да түсінік беруге; валюталық бақылау органдарының талаптарын орындауы тиіс.
Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын ішкі саудада тек резидент еместермен есеп айырысуды жүзеге асыру үшін және міндеттемелерін орындау үшін, сондай-ақ заң актілерінде қарастырылған басқа да жағдайларда ғана сатып ала алады.
Заңды тұлға-резиденттер шетел валютасын сатып алуға тапсырысты әзірлеу кезінде сатып алу мақсатын көрсетуді, сондай-ақ резидент еместермен есеп айырысуда жүзеге асырудың қажеттілігін растайтын құжаттарды қоса тапсыруы немесе өкілетті банктерден алынған несиелер бойынша міндеттемелерді орындауды және осы валютаны, егер ол өз мақсаты бойынша пайдаланылмайтын болса, онда оны сатып алынған күннен (датасынан) бастап, отыз күннің ішінде ағымдағы нарықтық бағасы бойынша ішкі валюталық саудада сатуға тек банкке ғана өкілеттік берілген.


Шаруашылық операцияларының мазмұны
Сомасы, мың теңге
Шоттардың корреспонденциясы

дебет
кредит
1
2
3
4
5
1
Кәсіпорын өкілетті банкіге валюта сатып алу үшін қаражат аударды
7936500
1280
1040
2
Өкілетті банк валюта биржасына 0,05% комиссиялық шығындарды есептен шығарды
3968,28
7210
1280
3
Валюталық шотына конверттелетін сомасын аударды.
7957221,8
1050
1280
4
Айырмасы есептен шығарылды
5500
1280
6260

Банктік валютадағы операция - ол кезде субъект:
1) бағасы банктік валютада көрсетілген тауарларды немесе қызметтерді сатып алатын немесе сататын;
2) ол бойынша төленуге немесе алынуға тиіс сома шетелдік валютада көрсетілген қарыздарды ұсынатын немесе алатын; немесе
3) қандай да бір өзге түрде активтерді сатып алатын немесе сататын, өзіне шетелдік валютада көрсетілген міндеттемелерді алатын немесе өтейтін операцияны қоса алғанда, ол бойынша түпкі есептеме шетелдік валютада көрсетілген немесе жүргізілуі тиіс валюта.
Банктік валютада бастапқы тану кезінде субъект банктік валютадағы сомаға операция күніндегі функционалдық валюта мен шетелдік валюта арасындағы спот-бағамды қолдану жолымен операцияны ескеруге тиіс.
Операция күні - операция осы Стандартқа сәйкес тану өлшемдерін алғаш рет қанағаттандыратын күн. Практикалық тұрғыдан негізге ала отырып, операция күніндегі іс жүзіндегі бағамның жуық мәні болып табылатын бағам жиі қолданылады, мысалы, бір аптадағы немесе бір айдағы орташа бағам осы кезең ішінде жасалған әрбір шетелдік валютадағы барлық операциялар үшін пайдаланылуы мүмкін. Алайда валюта айырбастау бағамының едәуір ауытқуы кезінде кезең үшін орташа бағамды пайдалануға жол берілмейді.
Субъект шетелдік валютаның бағамы өзгерген жағдайда осы өзгерістің күнінен бастап аудару рәсімдерін қолдану қажет.
Субъектінің функционалдық валютасы субъектіге жататын негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайларды көрсетеді. Тиісінше, функционалдық валюта белгіленгеннен кейін ол осы негіз құраушы операцияларды, оқиғалар мен жағдайлардың өзгеруі шартымен ғана өзгертілуі мүмкін. Мысалы, негізінен, тауарлар мен қызметтердің сату бағасына әсер ететін валютаның өзгеруі субъектінің функционалдық валютасының өзгеруіне әкелуі мүмкін.
Банктік валюта бағамының өзгеру әсері перспективалы түрде ескеріледі. Басқа сөзбен айтқанда, субъект өзгерген күнгі валютаның айырбас бағамын пайдалана отырып, барлық баптарды жаңа функционалдық валютаға ауыстырады. Алынған, осылайша монетарлық баптардың ауыстырылған сомасы олардың тарихи құны ретінде қаралады. Бұрын осы Стандарттың 570-тармағына сәйкес капиталда жіктелген, шетелдік қызметті ауыстырудан туындайтын бағамдық айырмалар осы қызмет істен шыққанға дейін пайданың немесе залалдың құрамында танылмауға тиіс.

1.2 Ақша қаражаттары мен есеп айырысу операцияларын есепке алудың міндеттері

Есеп айырысудың мақсаты нарықтық қатынастардың нығаюына, жиынтық қоғамдық өнімнің қозғалысқа түсуіне ықпал ету, кірістер мен шығыстардың шама шарқынша есеп айырысу қытанастарын ынталандыруға жағдай жасау болып табылады.
Елімізде қызмет ететін кәсіпорындар мен ұйымдар ақшалармен есеп айырысу операцияларын Қазақстан Республикасының Ұлттық банк мекемесі белгілеген тәртіпке сәйкес жүргізіліп отырады.
Кәсіпорындар мен ұйымдарда ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларының бухгалтерлік есепте жүргізгенде төмендегілерді басшылыққа алу керек:
+ Ақшалар арқылы есеп айырысу операцияларын толық және уақытылы дер кезінде есептеу;
+ Кәсіпорындар мен ұйымдардағы ақшалардың түгелдігін және олардың тиімді пайдаланылуын бақылау;
+ Есеп айырысу төлеу тәртібін бақылау, кәсіпорындар ақшаларының кіріске алынуымен шығыс етілуін дұрыс есептеу.
Ақша баламалары - бұл ақшаларға ұқсас, бірақ басқаша жіктелген активтер болып табылады. Оларға қазыналық вексельдер, коммерциялық қағаздар және депозиттік сертификаттар жатады.
Овердрафт дегеніміз - кәсіпорынның иелігіндегі, яғни активті шоттың қалдығындағы пайда болатын қалдық.
Банктік овернайд - субъектіні бір түнге (күнге) қысқа мерзімді кредиттеу.
Кәсіпорынның іс әрекеттерін қамтамасыз етудегі міндетті шарт қолда бар айналым қаражаттарының болуы.
Айналым қаражаттары бұл өндірістік айналым қорларын құру, пайдалану және үздіксіз өндірістік процестер мен өнімді өткізуді қамтамсыз ету үшін аванслаудың ақшалай қаражаттарының жиынтығы. Айналым қаражаттарының мәні ұдайы өндірістік процестердің қажеттіліктерін қамтамасыз етудегі экономикалық рөлімен анықталады. Айналым қаражаттары өндірістік процеске бірнеше қатысатын негізгі қорларға қарағандағы айырмашылығы, ол тек бір ғана өндірістік кезеңде қызмет етеді және өндірістік тұтыну тәсіліне тәуелсіз өзінің құнын тікелей дайын өнімге апарады.
Ақша қаражатының қозғалысы туралы есепке субъект ақша қаражатын немесе ақша қаражатының баламаларын пайдалануды талап етпейтін инвестициялық және қаржылық операцияларды қамтымайды. Мұндай операцияларды субъект қаржылық есептердің басқа бөлімінде бұл ашулар субъектінің мұндай инвестициялық және қаржылық қызметі туралы барлық қолайлы ақпаратты беретіндей ашылуға тиіс.
Инвестициялық және қаржылық қызметтің едәуір бөлігі ол субъектінің капиталы мен активтерінің құрылымына әсер етсе де, ақша қаражатының ағымдағы қозғалысына тікелей әсер етпейді. Ақшалай емес операцияларды ақша қаражатының қозғалысы туралы есептен алып тастау осы есептің мақсатына жауап береді, себебі бұл баптар ағымдағы кезеңдегі ақша қаражатының қозғалысына әсер етпейді. Ақшалай емес операциялардың мысалдары мыналар болып табылады:
1) не өзіне тиісті міндеттемелерді қабылдай отырып не қаржылық жалдау арқылы активтер сатып алу;
2) субъектінің капиталды шығару арқылы сатып алуы; және
3) борыштық міндеттемелерді капиталға аудару.
Кәсіпорындағы айналым қаражаттарының құрылымына талдау жасау және оны жетік білу маңызды мәселелердің бірі болып табылады. Себебі: белгілі бір шамада қаржы жағдайы кәсіпорын қызметінің не ал? Не бұл? мезетін сипаттайды. Мысалы: дебиторлық берешегінің шамадан тыс артуы қоймадағы дайын өнімдер, аяқталмаған өндіріс кәсіпорынның қаржы жағдайының нашарлығын білдіреді.
Компанияның ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат қаржы есептілігін пайдаланушыларға компанияның ақша қаражаттарын жасау қабілеті мен олардың баламаларын, сондай-ақ ақша қаражаттарына қажеттілікті бағалау үшін негіз беретіндігімен пайдалы. Пайдаланушылар қабылдайтын экономикалық шешімдер ақша қаражаттары мен олардың баламаларын жасау қабілетін, сондай-ақ оларды уақытқа қарай бөлу мен оларды жасау айқындылығын қажет етеді. Бұл стандарттың мақсаты компанияның өткен кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беру арқылы ақша қаражаттары мен ақша баламаларындағы тарихи өзгерістер туралы ақпарат беруін талап етуде болып табылады, онда кезең ішінде операциялық, инвестициялық және қаржылық қызметтен түскен ақша қаражаттарының түсімдері мен төлемдерін жіктеу жүргізіледі.
Қолдану саласы:
1. Компания осы Стандарттың талаптарына сәйкес ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп дайындауға және оны қаржы есептілігі берілетін әрбір кезең үшін өзінің қаржы есептілігінің құрамдас бөлігі ретінде ұсынуға міндетті.
2. Осы стандарт 1977 жылғы шілде айында бекітілген 7-Қаржы жағдайындағы өзгерістер туралы есеп IAS Халықаралық қаржы есептілігінің стандартын ауыстырады.
3. Компанияның қаржы есептілігін пайдаланушылар компанияның ақша қаражаттары мен ақша баламаларын қалай жасайтынына және пайдаланатынына мүдделілік танытады. Бұл компания қызметінің сипатына қарамастан және ақша қаражаттарының компания өнімі ретінде болатынына не болмайтынына қарамастан, бұл қаржы институты жағдайында болуы мүмкін. Компаниялар, олардың негізгі кіріс келтіретін қызметінің айырмашылығына қарамастан, шын мәнінде бірдей себептер бойынша ақша қаражаттарына бірдей мұқтаж болады. Олар ақша қаражаттарына өздерінің операцияларын жүргізу, міндеттемелерін өтеу және өздерінің инвесторларына кірісті қамтамасыз ету үшін мұқтаж болады. Тиісінше, осы Стандарт барлық компаниялардан ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп беруін талап етеді.
4. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп оны қаржы есептілігінің қалған нысандарымен бірге пайдаланған кезде ақпарат береді, онда өзгеріп отыратын жағдайлар мен мүмкіндіктерге бейімделу үшін пайдаланушыларға компанияның таза активтеріндегі өзгерістерді, оның қаржы құрылымын (өтімділігі мен төлем қабілетін қоса алғанда) және түсімдер мен ақша қаражаттары төлемдерінің деңгейі мен мерзімдеріне әсер ету қабілетін бағалауға мүмкіндік береді. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы ақпарат компанияның ақша қаражаттары мен баламаларын молайту қабілетін бағалау кезінде пайдалы болады және пайдаланушыларға әр түрлі компаниялардағы ақша қаражаттарының болашақтағы түсімдері мен төлемдерінің дисконтталған құнын бағалауға және салыстыруға арналған үлгілерді әзірлеуге мүмкіндік береді. Ол сондай-ақ әр түрлі компаниялардың операциялық көрсеткіштері туралы есептіліктің салыстырмалығын ұлғайтады, бұл бірдей операциялар мен оқиғалар үшін есептің әр алуан әдістерін қолданудан келтірілетін әсерін жояды.
5. Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы тарихи ақпарат ақша қаражаттарының болашақ ағындарының сомасының, уақытының және айқындығының индикаторы ретінде жиі пайдаланылады. Ол сондай-ақ ақша қаражаттарының болашақ ағындарының бұрынғы бағалауларының дәлме-дәлдігін тексеру кезінде және пайдалылық пен ақша қаражаттарының таза қозғалысы және бағалар өзгеруінің әсері арасындағы байланысты зерттеу кезінде пайдалы болады.
Ақша қаражаттарының қозғалысы туралы есеп кезең ішіндегі ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді оларды операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметі бойынша жіктей отырып білдіруі тиіс.
Компания операциялық, инвестициялық қызмет немесе қаржы қызметінен түскен ақша қаражаттарының қозғалысы туралы деректерді өзінің қызметінің сипатына неғұрлым сәйкес келетіндей береді. Қызмет түрлері бойынша жіктеу пайдаланушыларға осы қызметтің компанияның қаржы жағдайына әсер етуін, оның ақша қаражаттары мен ақша қаражаттарының баламаларының сомасын бағалауға мүмкіндік беретін ақпаратты қамтамасыз етеді. Бұл ақпарат сонымен бірге қызмет түрлері арасындағы өзара байланысты бағалау үшін де пайдаланылады.
Бір операцияға әр түрлі жіктелген ақша қаражаттарының түсімі және төлемдері кіреді. Мысалы, кредитті ақшалай өтеуге пайыздар, сондай-ақ борыштың негізгі сомасы да кірсе, онда пайыздарды құрайтын бөлігі операциялық қызмет ретінде жіктелуі, ал негізгі соманы құрайтын бөлігі қаржы қызметі ретінде жіктелуі мүмкін.
Операциялық қызмет
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының түсімдерінің және төлемдерінің мөлшері компания операциялары кредиттерді өтеу, операциялық мүмкіндіктерді сақтау, дивидендтер төлеу және қаржыландырудың сыртқы көздеріне жүгінбестен жаңа инвестицияларды жүзеге асыруға жеткілікті болатын ақша қаражаттарының түсімін қамтамасыз ететін дәрежедегі басты индикатор болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының бастапқы операциялық түсімдер мен төлемдерінің негізгі құрамдас бөлігі туралы ақпарат басқа ақпаратпен үйлесе отырып операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының болашақ қозғалысын болжау үшін пайдалы болады.
Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы компанияның кіріс келтіретін негізгі қызметіне тікелей байланысты. Сөйтіп, әдеттегідей, олар таза пайданы және залалды айқындауға кіретін операциялар мен басқа да оқиғалардың нәтижесі болып табылады. Операциялық қызметтен түсетін ақша қаражаттары қозғалысының мысалдары мыналар болып табылады:
(а) тауарларды сатудан және қызмет көрсетулерден алынатын ақшалай түcімдер;
(b) жалдаудан түсетін ақшалай түсімдер, қаламақылар, комиссиялық сыйақылар және басқа да табыс;
(с) тауарлар мен қызмет көрсетулері үшін жеткізушілерге берілетін ақшалай төлемдер;
(d) қызметшілерге және олардың атынан басқа тұлғаларға ақшалай төлемдер;
(е) сақтандыру компаниясының сақтандыру сыйлықтары мен талап арыздары, жылдық жарналар және басқа да сақтандыру сыйақылары ретіндегі ақшалай түсімдері мен төлемдері;
(f) егер бұлар тек қаржы немесе инвестициялық қызметтермен байланыстырылмайтын болса, ақшалай төлемдер немесе пайдаға салынатын салық төлемі немесе пайдаға салынатын салық үшін өтемақы; және
(g) коммерциялық немесе сауда мақсатында жасалатын келісім-шарттар бойынша ақшалай түсімдер мен төлемдер.
Бір жабдық сату сияқты кейбір операциялар таза пайданың немесе залалдың анықтамасына жататын пайданың немесе залалдың туындауына әкеп соқтыруы мүмкін. Алайда, осындай операцияларға байланысты ақша қаражаттарының қозғалысы инвестициялық қызметтен түсетін ақша қаражаттарының қозғалысы ретінде жіктеледі.
Компанияның коммерциялық немесе сауда мақсатында бағалы қағаздары мен кредиттері болуы мүмкін, бұл кезде олар арнайы қайта сату үшін сатып алынған босалқы ретінде қарастырылуы мүмкін. Сөйтіп, коммерциялық немесе сауда бағалы қағаздарын сатып алуға және сатуға байланысты туындайтын ақша қаражаттарының қозғалысы операциялық қызмет ретінде жіктеледі. Осыған ұқсас, қаржы компаниялары беретін ақша аванстары мен кредиттер де әдетте операциялық қызмет ретінде жіктеледі, өйткені олар қаржы компаниясының кіріс келтіретін негізгі қызметіне жатады.

2.1 Есеп айырысу операцияларының есебі

Банкі шоттары теңгемен де, шетелдік валютасымен де ашылуы мүмкін. Банк келісім бойынша ағымдағы немесе корреспонденттік шоттарын ашқан кезде, шот иесінің пайдасына келіп түсетін ақшаны қабылдауды, оның өзіне немесе үшінші тараптарға (жақтарға) тиесілі ақша сомаларын аудару (беру) жөніндегі ұйғарымын орындауды және басқа да қызмет түрлерін көрсетуді өз міндетіне алады. Банк шоттары бойынша жасалған келісім-шарты келесі мәліметтерден тұрады: (жақтардың) реквизиттері; келісім мәні немесе келісім-шарттың жасалған нәрсесі; салық қызметі органдары берген салық төлеуші-шот иесінің тіркеме нөмірі; банктің көрсететін қызметінің шарты және оларды төлеу тәртібі. Келісімде жақтар тарапынан келісілген басқа да жағдайлар қарастырылуы мүмкін.
Банкпен Қазақстан Республикасының резиденті -- занды тұлға мен оның жекелеген құрылымдық бөлімшесі (филиал мен өкілдігі) арасында келісім жасау үшін: қойылған қол үлгілері және мөр таңбасы (оттискісі) бар құжаты (мұның үлгісі төменде келтіріліп отыр); клиенттің салық есебіне қойылғанын растайтын, салық қызметі органдары берген, белгіленген үлгідегі құжаты (жеке тұлғаның үлгісі де төменде келтірілген); аудандық еңбек және халықты әлеуметтік қолдау бөлімі берген шаруашылық жүргізуші субъектінің Қазақстан Республикасының Зейнеткерлік қорына жарналар төлеуші ретінде тіркелгендігі жөніндегі фактісін растайтын белгіленген үлгідегі құжаты; мемлекеттік тіркеуден (қайта тіркеуден) өткендігін растайтын, өкілетті органдар берген белгіленген үлгідегі құжаттың көшірмесі немесе оған теңестірілген құжаттың көшірмесі; Қазақстан Республикасы заң тәртібімен бекітіліп, куәландырылған құрылтайшылық құжаттың (құжаттардың) көшірмесі (көшірмелері) тапсырылады.
Банкте жинақ шоттарын ашқан кезде, банктер салымдарды салушылардан қабылдауға келісім-шартта көрсетілген тәртіпте, оларға марапаттау төлеуге және әрекет етіп тұрған заң актілері мен келісім-шартта қарастырылған тәртіпте және келісілген жағдайында салымдарды қайтаруға өз міндетіне алады.
Егер де банкте шот иесінің пайдасына жаңылыс аударылып кеткен ақша қаражатының фактысы анықталса, онда ол сол қаражаттарды шот иесіне хабарламай-ақ қатесін жөндеуге құқылы. Бірақ бұл жағдай келісім-шартта қарастырылғаны жөн.
Банктегі шоттардың көшірмесін беру келісім-шартқа сәйкес банктер арқылы жүзеге асырылады. Банк шот иесіне олардың есеп шоттарының көшірмелерін беру (жеткізу) қызметін электрондық тәсілмен, егер бұл келісімде қарастырылған болса, арнайы адам жұмсау арқылы атқаруға құқылы. Банктердегі есеп шоттары бойынша операцияларды тоқтату (кірістерден басқа) Қазақстан Республикасының заңына сәйкес, шот иесінің ақша қаражаттарының жұмсалынбауына (тосқауыл қою) немесе алуға тыйым салу құқығы бар өкілетті органдардың тиісті шешімдерінің негізінде жүзеге асады.
Жаңадан ашылатын заңды тұлғалар Қазақстан Республикасының заңына сәйкес жарлық капиталын төлегенін қуаттайтын құжаттарды ұсынуы тиіс, ол үшін банк келісім-шарттың негізінде оларға уақытша жинақ шоттарын ашады. Ал мемлекеттік тіркеуден өткен соң заңды тұлғаға ағымдағы шоттар ашады.
Есеп айырысу және басқа да шоттарды рәсімдеу үшін банкте келесі құжаттар пайдаланылады.
Қолма-қол ақша жарнасына берілетін хабарлама. Шот иесінің банктегі шотына қосып есептеу үшін түсім қаражаттарын және қолма-қол ақшамен салынатын басқа да сомаларды банкке қабылдлу жөніндегі бұйрығы. Хабарлама сиямен бір дана етіп жазылады; қабылданған ақшаға банк түбіртек береді және ол кассаның шығыс ордеріне қоса тіркеледі.
Есеп айырысу шоты бойынша операциялардың есебі 1040 Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша шотында жүргізіледі. Субъектілер шоттары бойынша банк екі дана етіп бет есебін ашады. Бірінші дана бет есептің көшірмесі болып табылады және ол бастапқы құжаттармен бірге шаруашылық жүргізуші субъектіге беріледі, екіншісі -- бет есебі болып қалады.
Көшірме атқарушының қойған қолымен және банктің көшірме үшін мөрінің таңбасымен (оттискісімен) расталынады.
Көшірмелердегі әрбір түзету атқарушы мен бас бухгалтердің немесе оның орынбасарының қойған қолдарымен куәландырылуы және банк мөрінің таңбасымен бекітілуі тиіс. Көшірмелерге қоса тіркелінген құжаттарда көшірмеге қол қойған операцияны жүргізуші қызметкердің қолымен бірге штамп және осы құжаттардың бет есебі бойынша келтірілген жазбалардың күні ( датасы ) көрсетілген календарлық штемпелі қойылуы тиіс. Көшірмелер бірінші немесе екінші болып қол қою құқығы бар адамдарға субъектінің келісімі бойынша бекітілген мерзімде беріледі. Көшірмелер субъектілерге почта арқылы жіберілуін немесе банк клиенттері үшін қолайлы жерде орналастырылған абоненттік жәшік арқылы жіберілуі мүмкін.
Клиент өкілінің көшірмені алғаны жөнінде бет есепте немесе жеке карточкада қойған қолы болуы керек. Банк көшірмесі төменде келтіріліп отыр.
Банк көшірмелері оған қоса тіркелген құжаттармен тексеріледі. Банкінің қате аударған сомаларының мән-жайын анықтағанға дейін 1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма қол ақша" шоты кредитінен 1280 -"Басқа да дебиторлық қарыздар" шотының дебетіне есептен шығарылады, ал есепке алынған сомалар 1040- шотының дебеті және 3370- "Басқа да кредиторлық қарыздар" шотының кредиті бойынша көрініс табады.
Банкі шоттары оның иесінің өтініші бойынша жабылады.
Заңды тұлға -- шот иесін тарату немесе қайта ұйымдастыру кезінде, немесе заңды тұлғаның шотын бір жылдан астам, ал жеке тұлғалардың шотына үш жылдан астам кезеңде ақша келіп түспеуіне байланысты банкі шоттары жабылады, ал басқа жағдайда оны жабуға тыйым салынады.
Банкідегі есепшот жабылғаннан кейін субъект осы жөнінде он күндік мерзім ішінде шот иесінің банкідегі есепшоты жабылғандығы туралы хабарлама жасауы тиіс.
Есепшоты жабылған кезде сондай-ақ иесінің аты немесе есепшоттың нөмірі өзгергенде -- шот иесі қолдарындағы пайдаланбаған чектерді банкіге қайтаруы керек.
Есеп айырысу шоты бойынша мынадай шаруашылық операциялары көрініс табады:
1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" -- шоты дебеттеліп, мына төмендегі шоттары кредиттеледі:
1010 - "Кассадағы үлттың валюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты -- кассадан келіп түскен түсім жонс депоненттелген еңбек ақы сомасы;
1210- "Алынуға тиісті қарыздар" шоты -- сатылған енім, жүмыс пен қызмет төлемақысына;
4410- "Тауарлы-материалдық босалқылармен жабдықтау үшін алынған аванстар", 44102 - "Орындалатын жұмыстар және көрсетілетін қызметтер үшін алынған аванстар" шоттары - сатып алушылар мен тапсырыс берушілерден алынған аванстарына.
1040- "Есеп айырысу шотындағы қолма-қол ақша" шоты кредиттеледі де, мына шоттар дебеттеледі:
4110- "Жабдықтаушылармен және мердігерлермен есеп айырысу" шоты -алынған өндірістік қорлар, орындалған жұмыстар, көрсетілген қызметтер үшін жабдықтаушылар мен мердігерлердің акцептелген шоттарының телемақысына;
1010 - "Кассадағы ұлттық налюта түріндегі қолма-қол ақша" шоты -- еңбек ақыға, іс-сапарларға жөне басқа да шығыстарға жұмсауға арналған кассаға алынған сомасына;
2040- "Еншілес серіктестіктерге салынған инвестициялар", 20402 - "Тәуелді серіктестіктерге салыпган инпсстициялар", 20403 -"Бірлесіп бақыланатын занды тұлғаларға салынған инвсстициялар" - шоттары кәсіпорындардың жарғылық капиталына салынған инисстициялардың сомасына;
2040- "Акциялар";
1610 - "Тауарлы-материалдық құндылықтар мен жабдықтау үшін берілген аванстар", 16102 - "Орындалатын жұмыстар мен көрсетілетін қызметтер үшін берілген аванстар" шоттары - жабдықтаушылар мен мердігерлерге төленген аванс сомаларына;
3010 - "Банктер несиелері", 3020- "Банктен тыс мекемелерден берілген несиелер" шоттары -- есеп айырысу шотынан өтелген баик несиелері мен заем қаражаттарының сомасына;
3320 - "Еншілес серіктестіктерге қарыздар", 3340 - "Тәуелді серіктестіктерге қарыздар", 3330- "Бірлесіп бақыланатын заңды тұлғаларға қарыздар" шоттары-еншілес және тәуелді серіктестіктерге есеп айырысу шотынан қарыздарды өтеуге;
3130- "Қосылған құн салығы", 3140- "Бюджетпен басқа да есеп айырысулар" шоттары - салықтар бойынша бюджетке төлемдер төленгенде;
3410 - "Жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша есебі" - жеке және мүліктерін сақтандыру бойынша қарыз сомасын төлегенде;
3110 - "Төленетін ағымдағы табыс салық" - бюджетке корпоративтік табыс салығын төлегенде.
Инкассациялау шығындарын қысқарту; бухгалтерияның жұмысын жеңілдету, Қазақстаннан әлемнің кез келген нүктесінен тез автоматталған ақша аударымын жасау мақсатында төлем карточкаларын пайдаланады.
Төлем карточкалары -- ақша қаражатына электрондық терминал немесе басқа да қондырғылар арқылы қол жеткізу, ондағы ақпараттар валютаны айырбастауға, қолма-кол ақшаны жасауға мүмкіндік береді.
Төлем карточкалары: дебеттік, кредиттік және корпоративтік болып бөлінеді.
Дебеттік карточкалар қаржы-шотындағы ақша сомасының шегінде оның ұстаушысына (иесіне) төлем жасауына мүмкіндік береді және оны ұстаушылар, өздерінің қарызын банк берген қаржы көлемінде төлей алады.
Кредиттік карточкалар бойынша банк берген қарыз сомасының шегінде оның ұстаушылары төлем жасай алады.
Одан басқа кәсіпорын іс-сапарының шығыстарын төлеуге, офистік, үстеме шығыстары үшін корпоративтік төлем карточкаларын ашуына болады.
Корпоративтік карточкалар -- бұл да төлем карточкалары, ол оны ұстаушыға банк пен заңды тұлғалардың арасында жасалған келісім шарттың негізінде беріледі.
Бүгінде әлемнің көптеген елдерінде ол қазіргі шақтың қаржылық тегігі (инструменті) ретінде 2 млр. карточкалар қолданыста жүр. 30 жылдан астам кезең ішінде Vіsa және Маster Саrd халықаралық карточка жүйесі үлкен жетістіктерге жетті. Сондықтан оны 14 млн. кәсіпорын төлем карточкалары ретінде өздерінің күнделікті өмірінде пайдаланады. Олардың қатарына: супермаркеттер, авиакомпаниялар, ресторандар, түнгі клубтар, аяқкиім сататын дүкендер т.б. жатады.
Қазақстан Республикасының аймағында Ұлттық банкінің лицензиялауымен шығарылған төлем карточкалары пайдаланады.
Төлем карточкалары келесі көрсеткіштерден тұрады:
- телем карточкаларын берудің жағдайы;
- төлем карточкаларымен жасалатын төлем түрлері және оның жағдайы;
-төлем карточкаларын алған тұлғалардың тізімі;
- төлем карточкаларын қайтарып алудың және тоқтатудың (блокирования) жағдайы; -төлем карточкаларының әрекет ету мерзімі;

2.2 Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу

Төлем тапсырмаларымен есеп айырысу. Төлем тапсырмалары онда көрсетілген соманы бенефициардың пайдасына ақшаны жіберушіге қызмет көрсететін банк-алушының ақшаны аударғаны туралы тапсырмасы болып табылады. Қызмет пен жұмысты және тауарлы-материалдық құндылықтарды өтеу үшін есеп айырысу кезінде, сондай-ақ қызмет пен тауарға алдын-ала төлем жасаған кезде, аванстық төлемдер жасаған кезде төлем тапсырмаларын пайдаланады.
Төлем жасаушы банкке белгіленген нысандағы бланкілердегі төлем тапсырманы ұсынады. Тапсырмаларға қоса төлем жасаушы банктің талап етуі бойынша салынатын салықтың шот-фактуралары және төлемдердің мақсатын растайтын басқа да құжаттары бірге тапсырылады. Төлем тапсырмалары жазылып берілген күннен бастап 10 күн бойы күшінде болады (жазылған күні есепке алынбайды). Төлем тапсырмалары төлем жасаушының шотында қаражат болғанда ғана орындауға қабылданады. Төлем құжаттарын электрондық түрінде де, қағаз ретінде де ұсынуы мүмкін. Бұл құжаттардың данасын әрбір банк өздері дербес анықтайды. Негізінен алғанда, олар екі данада толтырылады, біріншісі банкте қалдырылады да, оның электрондық көшірмесі бенефициарға жіберіледі, ал екіншісі иесіне, яғни ақшаны жіберушіге қол қойылып, штамп басылып қайтарылады.
Төлем тапсырмасын толтыру кезінде келесі реквизиттері (көрсеткіштері) көрсетіледі:
- төлем тапсырмасының нөмірі;
- төлем тапсырмасының жазылған күні;
-жеке теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) коды (ЖТК немесе ИИК);
-жіберуші мен бенифициардың банкі шоттарының нөмірі;
- бенифициардың коды (БК немесе КБе) және жіберушілердің коды (ЖК немесе КОд) бұл кодтар екі символдан (белгіден) тұрады: біріншісі -- резиденттік белгісін, ал екіншісі экономиканың секторын көрсетеді;
- бенефициар аудару жасалған ақша кезде қаражатын алушы;
- банк-алушы -- банк атауы, аударылған ақшада, оның мекен-жайы көрсетіледі;
- бенефициар банкісі -- бенефициардың пайдасына келіп түскен ақша қаражатын қабылдайтын банк жіберушімен жасалған келісім-шарттың негізінде;
-жіберушілердің теңестірілген немесе теңдестірілген (идентификацияланған) банктік коды (ЖТБК немесе ИИК) -- филиал аралық айналымдарының ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қаражаттардың мақсатына және үнемді жұмсалуын тексеру
Ақша қаражаттарының есебінің аудиті
Кәсіпорынның технико-экономикалық сипаттамасы
Ақша қаражаттары аудиті
Ақша қаражаттарының жалпы сипаттамасы. Кәсіпорындағы ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттарының есебі
Ақша қаражаттары есебінің қолданыстағы тәртібі
Ақша қаражаттары есебінің аудиті
Ақша қаражаттар есебі
Валюталық шот операцияларының есебі
Пәндер