Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ РЕТІНДЕ 5
1.1 Есеп түрлері. Қаржылық есеп және басқару 5
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық жұмыстары 9
1.3 Қаржылық есеп берудің негізгі элементтері 13
2 «ТАЛАП» ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ 16
2.1 Қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру 16
2.2 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба 18
3 ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 23
3.1 ХҚЕС №1 және БЕС 330 талаптарына сай қаржылық есепті жасау мен жетілдіру жолдары 23
3.2 Қаржылық есепті жасауда 1С «Бухгалтерия» бағдарламасының мүмкіндіктері 24
3.3 Қаржылық ақпаратты қолданушылар 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМША 1 ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ КІРІСТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП 29

Жылдам шешім қабылдаудың негізі – толық және маңызды ақпаратпен қамтамасыз ету болып табылады. Бұған есепке алу мен есеп беру арқылы қол жеткізіледі.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер, ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып табылады.
Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық есеп беруді білу – оның әрбір баптарының мазмұнын бағалау әдістерін, кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл тақырыптың маңыздылығы сол, қаржылық есеп беру арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер болғаны анық көрінеді.
Сондай – ақ, Қаржылық есеп беру коммуникацияның нақты құралы болып табылады, ол арқылы: басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;аудитор өз тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға мүмкіндік алады;аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.
Сонымен, Қаржылық есеп беру кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен, белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы бойынша және олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып табылады.

1 Бухгалтерлiк есеп пен қаржылық есептiлiк туралы Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 28 ақпандағы N 234 Заңы // "Егемен Қазақстан" 2007 жылғы 12 наурыз N 63-64
2 Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 23 мамыр 2007ж бұйрығымен бекітілген Бухгалтерлік есеп шоттарының үлгілік жоспары
3 Международные стандарты финансовой отчетности (М.Аскери, 2005г.)
4 Қазақстан Республикасының Салық және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдер туралы (Салық кодексі), 10-желтоқсан, 2008 ж // Алматы: ЮРИСТ, 2009 254 б.
5 Баймұханов С.Б., Балапанов Ә.Ж. «Бухгалтерлік есеп». Алматы Экономик'С, 2003
6 Назарова В.Л., М.С. Жапбарханова, Фурсов Д.А., Фурсова С.Д. Басқару есебі. Алматы- Экономика, 2005.-298 бет..doc
7 Бухгалтердің және шаруашылық субъектісі есебін ұйымдастыру.// Бухгалтер бюллетені №15 .2009
8 Кеулімжаев Қ.К., Әжібаева З.Н., Құдайбергенов Н.А.Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы Экономик'С, 2003.
9 Әбдіманапов Ә. Бухгалтерлік және қаржылық есеп принциптері. (халықаралық стандарт) оқулық - Алматы 2006 жыл.
10 Попова Л.А. Бухгалтерский учет на предприятии, Учебное пособие – Караганда: «Арко», 2005.
11 Нурсеитов Э.О. Бухгалтерский учет в организациях/Учебное пособие. – Алматы,2006.-472с.
12 Назарова В.Л. «Шаруашылық жүргізуші субъектілердегі бухгалтерлік есеп» - Алматы, «Экономика» 2005
13 Радостовец В.К., Ғабдуллин Т.Ғ., Радостовец В.В., Шмидт О.И. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» - Алматы, 2003ж.
14 Кеулімжаев Қ.К., Әжімбаева Н.З., Құдайбергенов Н.А., Жантаева А.Ә. «Қаржылық есеп» - Алматы, «Экономика», 2005ж.
15 Ертісбаев Е.Қ. «Сауда кәсіпорынның экономикасы» - Қарағанды, 2003ж.
16 К.Ә. Китебаева «Бухгалтерлік есеп принциптері» - Қарағанды 2002ж.
17 Кривогузова Н.А. «Экономикалық талдау» - Қарағанды, 2004
18 «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2008ж., «БИКО» баспа үйі
19 Сариев Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүесінің бүгінүгі күнгі жетістіктері // Егемен Қазақстан газеті, № 62, 06.07.2008 ж.
20 Қожахметов Д.Б. «1с:кәсіпорын» жүйесінің қаржылық есепті дайындаудағы жеңілдіктері.// «Бухгалтер бюллетені» журналы, №3-4, қаңтар 2008ж

Тақырыбы: Қаржылық есеп және есеп ақпараттарын қолданушылар
МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ 3
1 ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕП КӘСІПОРЫННЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫН БАҒАЛАУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ БАЗАСЫ
РЕТІНДЕ 5
1.1 Есеп түрлері. Қаржылық есеп және басқару 5
1.2 Қаржылық есеп беруді жасау бойынша түгендеу және басқа да дайындық
жұмыстары 9
1.3 Қаржылық есеп берудің негізгі элементтері 13
2 ТАЛАП ЖШС ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕБІНІҢ НЕГІЗГІ ФОРМАЛАРЫ 16
2.1 Қаржылық шаруашылық қызметі туралы есеп беру 16
2.2 Қаржылық есеп беруге жасалған түсініктеме жазба 18
3 ҚАЗІРГІ ЗАМАН ТАЛАБЫНА САЙ ҚАРЖЫЛЫҚ ЕСЕПТІ ЖАСАУ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ ЖӘНЕ
ЖЕТІЛДІРУ ЖОЛДАРЫ 23
3.1 ХҚЕС №1 және БЕС 330 талаптарына сай қаржылық есепті жасау мен
жетілдіру жолдары 23
3.2 Қаржылық есепті жасауда 1С Бухгалтерия бағдарламасының мүмкіндіктері
24
3.3 Қаржылық ақпаратты қолданушылар 26
ҚОРЫТЫНДЫ 27
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ 28
ҚОСЫМША 1 ШЫҒЫСТАР ЖӘНЕ КІРІСТЕР ТУРАЛЫ ЕСЕП 29
Кіріспе
ЖЫЛДАМ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУДЫҢ НЕГІЗІ – ТОЛЫҚ ЖӘНЕ МАҢЫЗДЫ АҚПАРАТПЕН
ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ БОЛЫП ТАБЫЛАДЫ. БҰҒАН ЕСЕПКЕ АЛУ МЕН ЕСЕП БЕРУ АРҚЫЛЫ ҚОЛ
ЖЕТКІЗІЛЕДІ.
Есеп беру дегеніміз – меншіктің барлық түріндегі кәсіпорындардың қаржы-
шаруашылық қызметін және ұйымдық-құқықтық мәртебесін кешенді түрде
сипаттайтын жиынтық көрсеткіштер жүйесі.
Берілетін есептің деректеріне жабдықтаушылар, бәсекелестер, қазіргі
және келешектегі инвесторлар. Қызметкерлер сондай-ақ министрліктер,
ведомстволар, қалың көпшілік мүдделі. Қаржылық есепте инвестициялық саясат
ұсынуға және несие беру жөнінде шешім қабылдауға, болашақтағы ақша ағынын
бағалауға, кәсіпорындардың ресурстары мен міндеттемелерін және оның басшы
органдарының қызметін сараптауға қажетті ақпарат жинақталады.
Үкімет пен оның органдары берілген есеп ақпаратын сол кәсіпорынға
қатысты экономикалық саясат пен салық шараларын белгілеу үшін
пайдаланады.Оларға сондай-ақ субъектілер қызметін ретке келтіріп, салық
салу саясатын жүзеге асыру үшін және табыстарды кіріске алу мен әр алуан
статистикалық деректердің негізі үшін мәліметтер керек.
Қаржылық есеп беру мәні – оның атауына негізделеді. Бір жағынан ол
бухгалтерлік есеп әдістерінің бір бөлігі болып саналса, екінші жағынан
Қаржылық есеп беру –жылдық және кезеңдік есеп берулердің бір формасы болып
табылады.
Қаржылық есеп беру көбіне ақпараттық формаға жатқызылады. Қаржылық
есеп беруді білу – оның әрбір баптарының мазмұнын бағалау әдістерін,
кәсіпорын қызметіндегі алатын орнын, басқа баптармен байланысын білу. Бұл
тақырыптың маңыздылығы сол, қаржылық есеп беру арқылы:
- талданып отырған кәсіпорын туралы көп көлемде ақпарат алынады;
- кәсіпорынның жеке айналым құралдарымен қамтамасыз етілуін
анықталады;
- айналым құралдарының өзгеріс мөлшерін анықтауға болады;
- аналитикалық көрсеткіштерді есептеуінсіз кәсіпорынның жалпы
қаржылық жағдайы бағаланады;
- жыл ішінде кәсіпорынның қаржылық жағдайында қандай өзгерістер
болғаны анық көрінеді.
Сондай – ақ, Қаржылық есеп беру коммуникацияның нақты құралы болып
табылады, ол арқылы: басшылар ұқсас кәсіпорындар жүйесінде өз кәсіпорны
қандай орын алатыны туралы, таңдалған стратегиялық курстың дұрыстығы
туралы, пайдаланылатын ресурстар тиімділігінің салыстырмалы сипаттамасы
туралы мәлімет ала алады, және кәсіпорынды басқару бойынша әртүрлі
сұрақтарға байланысты шешімдер қабылдауға мүмкіндік береді;аудитор өз
тексерісін жоспарлау, аудит жүргізу процесінде дұрыс шешім қабылдау үшін
қосымша мәлімет ала алады, есеп жүйесіндегі әлсіз орындарды анықтауға және
клиенттің сыртқы есеп берулеріндегі кейбір мүмкін қателіктерді анықтауға
мүмкіндік алады;аналитиктер қаржылық анализ бағыттарын анықтай алады.
Сонымен, Қаржылық есеп беру кәсіпорынның мүлкін ақшалай бағамен,
белгілі бір сәтке екі топпен: орналасу мен пайдаланылуы бойынша және
олардың пайда болу көздері бойынша жалпылай көрсетудің әдісі болып
табылады.
Жұмыстың мақсаты – Қаржылық есеп берудің мәні мен маңызын, оның
басқару шешімдерін бақылаудағы рөлін анықтау болып табылады. Осы мақсатқа
сәйкес жұмысымда келесідей міндеттер айқындалады:
- есеп түрлерін анықтап, оның ішінде қаржылық есепке толығырақ
тоқталу;
- қаржылы есеп берудің негізгі элементтерін көрсету;
- Талап ЖШС негізінде шаруашылық қызметі туралы есебіне талдау
жасау;
- ХҚЕС 1 және БЕС 30 талаптары негізінде қаржылық есепті жасау
жолдарын көрсету;
- қаржылық есепті жасауда 1С Бухгалтерия бағдарламасының
мүмкіндіктерін ашып көрсету;
- қаржылық ақпаратты қолданушылар жайлы айтып өту.
Курстық жұмысым кіріспе, үш бөлімнен, қорытындыдан, қолданылған
әдебиеттер тізімі және қосымшадан тұрады және ҚР-ң Заңы, нормативтік
актілерге, теориялық және әдістемелік жағынан көптеген ғалымдар мен
тәжірибешілердің еңбектеріне сүйеніп, кәсіпорынның бухгалтерлік балансына
негізделіп жазылған.
1 Қаржылық есеп кәсіпорынның қаржылық жағдайын бағалаудың ақпараттық базасы
ретінде
1.1 Есеп түрлері. Қаржылық есеп және басқару
Шаруашылық есептің қамтитын объектілері сандық көрсеткіштер арқылы
өлшенеді. Оларды алу үшін есепте заттай, еңбек және ақшалай өлшеуіштер
қолданылады.
Заттай өлшеуіштегі есеп объектілерін бейнелеу үшін масса, көлем.
ұзындык бірліктері мен (килограмм, литр, метр) түрлері, бұрьштары, мөлшері
және т.с.с, шамалар қолданылады.
Еңбек өлшеуіштегі жұмыс уақыты бірлігімен (күндер, сағаттар, минуттар)
еңбекке жұмсалған уақытты анықтауға мүмкіндік береді. Еңбек өлшеуіштерінің
көмегімен затгай өлшеуіштер үлестіріліп. өнімділік мөлшері белгіленеді,
еңбек өнімділігі, жұмыс уакыты мен жалақы қорын пайдалану анықталады.
Ақшалай өлшеуіштер (теңге, тиын ) шаруашылық құралдарын, олардьң пайда
болу көздерін, бірдей ақашалай бағалау арқылы іс-әрекеттің процестері мен
нәтижелерін жинақтап қорыту үшін қолданылады.
Есептік өлшеуіштердің барлық үш түрін өзара байланыстырып есепте
қолдану тек кәсіпорын, сала бойьшша емес, бүкіл Республика ауқьмында да
қорытындыланған көрсеткіштер алуға мүмкіндік береді.
Шаруашылық есептің біртұтас жүйесіне оперативті, статистикалық және
бухгалтерлік есептер кіреді.
Оперативті есеп - кәсіпорынның іс-әрекетін күнделікті бақылауға
мүмкіндік береді, белгілі бір шаруашылық операциялардың жекелеген
деректерін сол болған сәтінде. тікелей орнында өндіріс барысы (жұмысқа
шығу, шықпау есебі, автокөлік, оньң жүру есебі) туралы жүйелі ақпарат алу
мақсатымен тіркеу жүйесі больш табылады. Оперативті есептің негізгі талабы
- мәліметтерді алудың шапшаңдығы. Есепті бухгалтерлер, диспечерлер,
бақылаушылар және тағы басқа қызметкерлер жүргізеді. [5, 66-б]
Статистикалық есеп - экономиканьң әр-түрлі салаларында жалпылама-
көпшілік сипаты бар құбылыстарды. жалпы қоғамдық құбылыстарды олардың
салалық жағынан ажырамас байланыстағы сандық жағын зерттейді. Статистика
оперативтік және бухгалтерлік есептің мәліметтерін пайдаланады.
Бухгалтерлік есеп – кәсіпорынның шаруашылық қызметін үздіксіз құжаттық
байқау мен оны бақылау жүйесі болып табылады. Бұл Қазақстан Республикасының
бухгалтерлік және қаржылық есеп беру туралы заңдарымен, бухгалтерлік есеп
стандарттарымен, сондай-ақ ұйымның есеп саясаты мен (Бухгалтерлік есеп пен
қаржылық есеп беру туралы Заңның 6-бабы) реттелетін кәсіпкерлер,
ұйьмдардың операциялар жайлы ақпаратты жинау, тіркеу және жинақтап қорыту
жүйесі. Есеп қатаң түрде, әр жазба тек арнайы рәсімделген құжат негізінде
ғана жүргізіледі, бұл бухгалтерлік есептің бақылаушылық мәнін, оның
күмәнсіз сенімділігін, шыншылдығын және тағы басқаларын арттырады.
Салыктъқ есеп - бухгалтерлік есептің салық заңдарының талаптарына
сәйкес түзетілген мәліметтерін пайдаланады.
Есеп беру деп кәсіпорынның өткен кезеңдегі қаржылык-шаруашылық
қызметін кешенді түрде сипаттайтын барлық көрсеткіштер жұйесін айтамыз.
Есеп беру процесін жасау есеп жүмысының соңғы сатысы болып табылады.
Қаржылық есеп берудің мақсаты өз пайдаланушыларына занды тұлғаның
каржылық жағдайы туралы сенімді, мәнді және пайдалы ақпараттарды беру болып
табылады. Қаржылық есеп берудің пайдаланушыларының қатарына потенциалды
инвесторлар, кредиторлар, жабдықтаушылар, сатып алушылар, еңбеккерлер,
сондай-ақ мемлекеттік органдар, т.б. кіреді.
Қаржылық есеп беру басқарушы органдардың жұмысын және субъектің
ресурстарын, міндеттемелерін және ақша қаражаттарының болашактағы ағындарын
бағалауға, несие беру бойынша шешімдерге және инвестициялық шешімдерді
қабылдауға пайдалы ақпараттарды береді.
Есеп беру мәліметтерін кәсіпорынның тиімділігін бағалау үшін, сондай-
ақ шаруашылық қызметін талдау үшін сыртқы пайдаланушылар пайдаланады.
Осымен қоса, есеп беру кәсіпорынның шаруашылық кызметін жедел басқару
үшін қажет және ол болашақ кезендерді жоспарлау мен болжау үшін басты
(бастапқы) база болып табылады.
Есеп беруге қойылатын негізгі талаптар: кәсіпорын қызметінің нәтижесін
анық және объективті көрсету, барлық көрсеткіштерді бір-бірімен қатаң түрде
үйлестіру, бухгалтерлік пен жедел-статистикалық есеп берудің сабақтастығын
(үйлесімділігін) сақтау, әдістемелік және басқа да ережелерді сақтау болып
табылады.
Бұрмаланған есеп бергені үшін кәсіпорынның басшысы мен бас бухгалтері
Қазақстан Рсепубликасының әрекет етіп тұрған заңдарына сәйкес жауап береді.
Қаржылық есеп берудің негізгі қағидалары болып:
Есептеу. Қаржылық есеп беру есептеу кағидасының негізінде жасалады,
соған сәйкес өнім жөнелтілген, жұмыс аткарылған кезінен бастап, олардың
төлену нәтижесіне қарамастан табыс болып танылады (көрініс табады), ал
шығысы мен зияны орын алынған кезден бастап танылады.
Толассыздық. Субъект өз қызметін жақын арада тоқтатпауды топшылайды
және ондай ниеттің көз жетерлік болашақта пайда болуын да мақсат тұтпайды.
[6, 112-б]
Түсініктілік. Қаржылық есеп беруде берілген ақпарат пайдаланушыларға
түсінікті болуы тиіс.
Маңыздылық. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар ондағы мәліметтерге
қанағаттануы тиіс; қаржылық, шаруашылык, жедел жағдайларын (оқиғаларын)
бағалаған кезде олардың кабылданған шешіміне алынған (немесе пайдаланған)
мәліметтер өз септігін тигізуі керек.
Мәнділік. Қаржылық есеп беру негізінде кабылданған экономикалық
шешімдер олардын ұғымдарының дұрыстығына немесе дұрыс еместігіне әсер етуі
мүмкін.
Дұрыстық. Есеп беру негізінен анық мәліметтердің көрсеткіштерінен
құрылады, егер де онда мәнді кателер немесе күні бұрын пішілген ойлар
болмаса.
Шындық және алалықсыз ұсыну. Қаржылық есеп беру субъекттің ақша
қаражатының козғалысы, операцияның нәтижесі, қаржылық жағдайы туралы
пайдаланушыларға шындық және алалықсыз мәліметтерді ұсынуы тиіс.
Бейтараптылық. Қаржылық есеп беруде берілген ақпараттар күні бұрын
ойластырылған мәліметтен алшақ болуы керек, яғни сенімді болжамы болғаны
абзал.
Сақтық. Кез келген шешімді қабылдаған кезде сақтық деңгейін сақтаған
жөн, белгісіз жағдайда активтер мен табыстың, сондай-ақ міндетгемелер мен
шығыстың қайта бағалануына барынша жол бермеу керек.
Аяқтау және салыстыру. Қаржылық есеп берудегі ақпараттардың
анықтылығын қамтамасыз ету мақсатында ондағы мәліметтер толық болуы тиіс.
Ақпараттың пайдальлығы мен мазмұндылығын арттыру үшін бір есептік кезеңі
екінші бір есептік кезеңмен салыстырылуы тиіс.
Жүйелілік. Пайдаланушы субъекттің қаржылық есеп беруін, оның әртүрлі
есептік кезеңімен салыстыру мүмкіндігін қалыптастыру керек, өйткені оның
көмегімен қаржылық жағдайдың тенденциялық өзгерістерін анықтай алады, демек
қабылданатын шешімдердің жүйелілігін сақтау мүмкіндігі артады.
Есеп беруге қойьлатын ең басты талап оның тазалығы (ашықтығы) болып
табылады, яғни акционерлер мен инвесторларға есеп берудің мәліметі
түсінікті болуы тиіс. Есеп беру белгіленген мәліметтердің мерзімінде
жасалғаны жөн.
Балансты және басқа да берілетін есептерді уақытында, әрі сапалы жасау
үшін бухгалтерия өндірістік бөлімшелеріндегі барлық мәліметтердің
(деректердің) құжатталуын, белгіленген материалдық және басқа есептерін
толық көлемде берілуін қамтамасыз ету керек.
Бухгалтерлік есептің ақпараттары балансқа дейін қажет өңдеулерден
өтеді. Бұл өндеу процесі төрт кезеңнен тұрады:
Бірінші кезең. Әр түрлі шаруашылық фактілері құжатталады (іскерлік
мәміле жасалады).
Екінші кезең. Есеп мәліметтері есеп талабына байланысты жіктеледі,
содан соң бухгалтерлік есеп шоттарында көрсетіледі (есеп регистрлеріде ЖО,
ведомость, Бас кітап).
Үшінші кезең. Есеп жиынтығы есеп беру нысандарына көшіріледі (баланс,
қаржылық-шаруашылық қызметі туралы есеп беру, ақша-қаражаттарының қозғалысы
туралы есеп беру т.б.). [8, 108-б]
Төртінші кезең. ШС-нің қаржылық-шаруашылық, қызметі талданады.
Есеп беру жөніндегі жүмыстарды мүлтіксіз ұйымдастыру ісінде есепші
кызметкерлердің міндеттерін өзара дұрыс бөлудің және есеп жұмыстарының
кестесін белгілеудің маңызы зор. Берілетін есеп тиісті жиынтық
құжаттарында, саралау парақтарында және белгіленген көлемдерде есептік
тізімдемесінде жинақталады. Аталған деректердің негізінде талдау
жасалынады.
Жасалған баланстық және басқа берілетін есептердің көрсеткіштерінің
дәлдігін қамтамасыз ету үшін арифметикалық және логикалық тұрғыдан мұқият
тексеру керек. Баланстың сабақтастығын есепті кезеңнің басындағы баланс
баптарының деректерін ағымдағы кезеңнің осы баптағы деректерімен
салыстырып, жыл соңындағы көрсеткіштердің әрбір жолы анықталады. Қаржы
есебін беру тәртібі бухгалтерлік есептің стандарттарымен реттеледі:
№ 2 "Бухгалтерлік баланс және қаржылык есептің негізгі көрсеткіштерін
ашып керсету" (2 БЕС); "Қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі туралы есеп
беру" (3 БЕС) және "Акдша каражатының қозғалысы туралы есеп беру" (4 БЕС)
арқылы жүзеге асады.
Жылдық есептің меншік иелерінде (қатысушьшарында, құрьлтайшыларында)
немесе құрылтай құжаттарында көрсетілген мәліметтері бойынша тиісті
органдарға: салық инспекциясына (кәсіпорынның тұрған жері бойынша);
жергілікті қаржы органына, мемлекеттік статистика органдарына есеп береді.
Тараптары бар кәсіпорындар өздерінің бухгалтерлік есептерін берумен
қатар, жалпы белгіленген тәртіпте біріккен (жиынтық) есебін де береді.
Кәсіпорындар (бұған шетелдіктердің қатысы бар кәсіпорындар да
енгізіледі), егер Қазақстан Республикасының зандарында басқадай
ерекшеліктері ескерілмеген болса, онда жылдык, бухгалтерлік есепті есепті
жылдан кейінгі келесі жылдың 1 наурызьнан кешіктірмей береді. Бухгалтерлік
есеп берудің нақты күнін көрсетілген мерзімдердің шегінде салық
органдарының келісімдері бойынша кәсіпорынның иелері (қатысушылары,
құрылтайшылары) белгілейді.
Бухгалтерлік есеп беру күні болып бір қаладағы кәсіпорындар үшін оның
барлық қажетті ақпараттарын нақты берген күні есептеледі, ал басқа қаладағы
кәсіпорын үшін почта арқылы жіберілген күні есептеледі.
Берілген бухгалтерлік есепке кәсіпорын басшысы мен бас бухгалтер қол
қояды, олар оның уақытында берілуіне жауап береді.
Кәсіпорындардың шаруашьшық қызметінің нәтижелерін, мүлік пен қаржы
жағдайы туралы жылдық бухгалтерлік есептерін мүдделі пайдаланушылар үшін
жариялауға жол ашық.
Бухгалтерлік есепте жазбаларға өзгеріс енгізу жағдайы туындаса, осы
жылға және өткен жылға қатысты берілген есептер мен баланс деректерінің
барлығын түзетуді қажет деп тапса, онда ол есепті айдан кейінгі бірінші
айда жасалады, сонда тиісті түзетулер көрініс береді. Өткен жыл үшін
берілген жылдық бухгалтерлік есептер мен баланстар деректерінің түзетілуі,
сол жыл үшін берілген есептер мен баланстар бекітілгенге дейін жасалады.
Мұндайда өткен жылғы желтоқсан айында есепке алынған деректерге қажетті
түзетулер енгізілуі мүмкін.

жұмыстары
Бухгалтерлік есеп шаруашылық қаражаттарының құрамындағы және оларды
жабу көздеріндегі болған барлық өзгерістерді, шаруашылық процестерін және
олардың нәтижесін толық және дер кезінде көрсетуге арналған. Есеп мәліметі
қолда бар нақты шаруашылык қаражаттарына және олардың жабу көздеріне сәйкес
келуі тиіс, бірақ іс жүзінде есеп мәліметтері шын мәліметтермен үйлесе
бермейді, яғни олардың арасьнда алшақтық орын алуы мүмкін. Аталған алшақтық
табиғи азаюдың, тасымалдаудың, қайта сортталудың нәтижесінде, өлшегіш құрал-
жабдықтарының дұрыс көрсетпеуінен, операцияларды рәсімдеу кезінде
жіберілген қателіктерден, т.б. салдарынан болуы мүмкін.
Ал бұл жыл сайын нақты қолда бар құндылыкгардың мәліметін есеп
мәліметтерімен салыстырып отыруды қажет етеді, және ол есеп айырысуды
дәлелдеу (анықтау) үшін де қажет. Тексерудің мұндай түрін түгендеу (немесе
түгелдеу) деп атаймыз.
Түгендеу (немесе түгелдеу) — бұл бухгалтерлік есеп әдісінің басты
элементтерінің бірі, ол есеп айырысудың ақша қаражатарының, аяқталмаған
өндірістің, тауарлы-материалдық құндылықтардың, материалдык емес
активтердің, негізгі құралдардың нақты колда барын тексеруін және олардың
есеп мәліметтерімен салыстыруын көздейді. Меншік түріне (нысанына), қызмет
түріне және жұмыс істеу тәртібіне қарамастан, оны барлық кәсіпорын
жүргізеді. Ол құжаттаудың міндетті қосымшасы больп табылады. Тек соның
көмегімен шаруашьлықта болатын әрі жасалатын барлық шаруашылык, құбылыстар
бухгалтерлік есепте көрініс табады. Ол өзінің қамту жағдайына қарап екіге
бөлінеді: толық және ішінара болып.
Толық түгендеу әдетте, жылына бір рет жылдық есеп берудің алдында
жасалады, оның мақсаты кәсіпорынның барлык, активтері мен пассивтерін
баланста дұрыс көрсету болып табылады. Мұндай толық түгендеу бақылаушы
органдардың талабы бойынша да жасалуы мүмкін. Ішінара түгендеу, тек кана
түгенделетін объектілердің кейбір бөлігін ғана қамтуы мүмкін, мысалға,
кәсіпорынның кассасындағы нақты ақша қаражаты, кәсіпорындағы негізгі
құралдардың саны т.б. [9, 85-б]
Түгендеу өз сипатына қарап жоспарлы және кезектен тыс жүргізілуі
мүмкін:
– жоспарлы - алдын ала белгіленген мерзімде, қойған мақсатына
және мүмкіндігіне сай етіп жүргізіледі;
кезектен тыс - бұл кәсіпорын басшысының тапсырмасы бойынша, бақылаушы
органдардың талабы бойынша материалды жауапты тұлғаның ауысқан кезінде,
табиғи апаттардан кейін жүргізіледі. Ол БЕС 24 "Бухгалтерлік есепті
ұйымдастыру" стандартына сай етіп жасалынады. Онда оның кезектілігі
түгендеуді жүргізудің мерзімі, түгендеу комиссиясының құрамы және т.б.
қағидалар қарастырылады.
Кәсіпорын басшысы түгендеу жұмыстарын жүргізу тәртібін белгілейді,
оның ішінде түгендеу комиссиясының құрамын, есепті жылдағы түгендеу санын,
олардың күнін белгілейді.
Түгендеу жұмыстарын жүргізу үшін әрбір кәсіпорында тұрақты жұмыс істеп
тұратын комиссия болады және оның құрамын кәсіпорын басшысы белгілейді.
Түгендеу комиссиясының істейтін жұмыстары сақтау органдарындағы және
өндірістегі мүлікті, сондай-ақ қаржы жөніндегі барлық міндеттемелерді
тексеру; кәсіпорынның бухгалтерлік қызметкерлерімен бірге түгеңдеу
нәтижелерін анықтауға және қайта сұрыптауға арналады; сондай-ақ кем
шыққандарды табиғи кему нормаларының шегінде есептен шығаруға; тауарлы-
материалдық құндьлықтарды қабылдауды, сақтауды және босатуды реттеуге,
есепке алуды жақсарту және олардьң сақталуын бақылау мәселелері жөнінде,
сондай-ақ пайдаланылмайтын мүлікті сату туралы ұсыныстар әзірлеуге;
мүліктің сақталуын камтамасыз ету жөніндегі шараларды жүргізуге; екі
түгендеу аралығындағы сақтау және кайта өңдеу орындарындағы тауарлы-
материалдық құндылықтарды түгендеуге, іріктеп түгендеудің әдістемесі
бойынша да бақылау жұмыстарын жүргізуге бағытталады.
Түгендеу комиссияларының мүшелері кем шыққандарды және талан-таражға
түскендерді, бүркемелеу мақсатымен мүліктің нақты қалдығы туралы немесе
артық шыққан тауарлар, материалдар және басқа да кұндылықтар туралы жазбаға
біле тұра дұрыс емес деректерді енгізбегені үшін Қазақстан Республикасының
Зандарында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікке тартылады.
Мүліктің нақты қолда барын тексеруді бастағанға дейін түгендеу
комиссиясы кіріс-шығыс құжаттарының түгендеу кезіндегі соңғы тізімдерін
немесе материалдық құндылыктары мен ақшалай қаражаттарын есепке алады.
Түгендеу комиссиясының нәтижесі де тексеріледі, ол үшін ішінара
бақылау жұмыстары жүргізіледі, сол бақылау барысында комиссияның мүшелері
де қатыса алады және ол да актімен хатталады.
Екі түгендеу аралығындағы кезеңде құндылықтардың номенклатурасы
бойынша үлкен кәсіпорындардың сақтау және қайта өндеу жұмыстары іріктеу
әдісімен тексеріледі. [10, 201-б]
Түгендеу нәтижесі бойынша салыстыру тізімдемесі жасалынады, сосын оның
деректері бухгалтерлік есептегі деректерімен салыстырылып, олардың
арасындағы айырмашылықтары (ауытқулары) көрсетіледі. Түгендеу нәтижелерін
көрсету үшін Қазақстан Республикасының Мемлекеттік статистика комитеті
бекіткен бірінші реттегі толтыратын есеп құжаттарының мынадай үлгілері
қолданылады.
Негізгі құралдардың түгендеу жазбасы жалға алған және күнделікті жалға
бергендерді қоса есептегендегі негізгі қорлардың нақты қолда барын көрсету
үшін қолданылады.
Түгендеу қағазы өндірісті ұйымдастыру ережелері бойынша материалдық
құндылықтарды бірден санап, жазбаға жазуға мүмкін болмаған жағдайларда
колданылады. Бұл түгендеу қағазы саналған құндылықтармен бірге солардың
түрған орындарында сақталады.
Түгендеу кезінде және басқа да тексерістердің көмегімен анықталған
мүліктің нақты қолда бары мен бухгалтерлік есептегі деректердін арасындағы
алшақтығы белгілеу тәртібі бойынша реттеледі. Сортталу нәтижесінде
анықталған кем шыққандар мен артықтардың өзара есеп айырысуы тек ерекшелік
ретінде ғана, сол тексеріліп отырған кезең үшін, тексерген комиссияның
жұмысын бағалау үшін және тауарлы-материалдық құндылықтардың сапасы мен
мөлшерін анықтау үшін кажет болуы мүмкін. Сорттаудың болғандығы жөнінде
материалдық жауапты адамдар түгендеу комиссиясына егжей-тегжейлі
түсініктеме берді. Сортталудың өзара есепке алынуы туралы ұсыныс тұрақты
жұмыс істейтін түгендеу комиссиясының қарауына беріледі және оны кәсіпорын
басшысы түбегейлі шешеді; ал ол ұсынылған барлық материалдарды зерттегеннен
кейін, есепке алу туралы тиісті шешімдер қабылданады. Сортталуы
(пересортицасы) бойынша олардың артық, ие кем шығуын есепке (зачетқа)
алғаннан кейін, жетпей қалған құндылықтар жауапты адамдардың
жауапкершілігіне жатқызылады. Егер де сортталу кезінде нақты жауапты
адамдар анықталмаса, онда оның сомасы кем шыккан мүліктер ретінде қаралады
да, кәсіпорынның зиянына жатқызылады. Сортталу салдарынан анықталған күн
айырмашылықтары материалдық жауапты адамдардың кінәсінен болмаса, ол
түгендеу комиссиясының хаттамаларында бұл аталған айырмашылықтар жауапты
адамның мойнына қойылмау себептерін ашып керсетеді. Есеп айырысудың барлык
түрлерінің түгенделуінде өзіндік ерекшеліктері болуы мүмкін. Бюджетпен,
сатып алушымен, жабдықтаушымен, есеп беретін адамдармен, қызметкерлермен,
депоненттермен және басқа дебиторлармен, кредиторлармен есеп айырысуды
түгендеу есеп айырысу шоттарында есептелген сомалардың мұкият
негізделгендігіне саяды. Есеп айырысу инкассо тәртібімен жүргізілмейтін
барлық сатьп алушылардың және басқа дебиторлардың мәліметтерінің дұрыстығын
тексеру үшін кредиторлардың берешегі туралы дербес шоттардьң көшірмелері
жазылады. [11, 83-б]
Дебитор кәсіпорындар көшірмелерді алған соң, берешек қалдықтарын
растауға немесе өздерінің толық келіспейтінідігі туралы хабарлама жасайды.
Түгендеу комиссиясы құжаттарды тексеру жолымен, сондай-ақ банк
мекемелерімен, қаржы және салық органдарымен, кәсіпорынның жеке баланстарға
бөлінген құрылымдық бөлімшелерімен және бас кәсіпорындарымен есеп
айырысудың дәлме-дәлдігін анықтайды. Бұл есеп айырысулар бойынша
кәсіпорынның балансында реттелмеген сомалар қалмауы керек; баланста есепте
тұрған кем шыққан және тонауға байланысты берешек сомаларының дұрыстығы мен
негізделгендігі; баланста есепте тұрған дебиторлық және кредиторлық берешек
сомалары, сондай-ақ дебиторлық берешекті өндіріп алуға қойған талаптары да
тексеріледі. Түгендеу нәтижелері актімен хатталуы тиіс. Онда түгенделген
шоттардың аттарын атап, сәйкес келмейтін дебиторлық және кредиторлық
берешектің, күмәнді қарыздардың, талап ету мерзімі өткен кредиторлық және
дебиторлық берешектің анықталған сомаларын көрсеткен жөн. Берешектің
көрсетілген түрлері бойынша есеп айырысуды түгендеу актісіне анықтама қоса
тіркелу керек, онда дебиторлардың немесе кредиторлардын аттары мен мекен-
жайлары, берешек сомасы, берешектің не үшін есептелгені, қай уакыттан бері
және қандай құжаттардың негізінде есептелгені келтіріледі.
Талап ету мерзімі өткен дебиторлык берешек сомалары бойынша анықтамада
бұл мерзімнің өтуіне кінәлі адамдар көрсетіледі. Талап ету мерзімі өткен
дебиторлық берешек, өндіріліп алынуы неғайбыл басқа да қарыздар кәсіпорын
басшысының шешімімен есептен шығарылады да, күдікті қағаздар бойынша резерв
қаражатының шотына немесе шаруашылық қызметінің нәтижелеріне жатқызылады.
Түгендеу және басқадай тексерістер кезінде анықталған қолда бар
негізгі құралдардың, материалдық құндылықтардың және ақшалай қаражаттың
бухгалтерлік есептегі деректермен алшақтығы мынадай тәртіпте реттеледі:
– артық немесе кем шықкан кезде олар өзара зачетқа жатқызылады,
бірақ зачетқа жатқызылған мүліктер бухгалтерлік есепте көрініс
таппайды;
– артық шыққан негізгі құралдар, материалдық құндылықтар мен
ақшалай қаражат кәсіпорынның табысына кірістеліп, есепке
алынады, бұлардың артық шығу себептері мен оған кінәлі адамдар
кейін анықталады;
– құндылықтардың кемуі (жоғалуы) белгіленген тәртіпте бекітілген
нормалардың шегінде кәсіпорын басшысының өкімімен өндіріс не
айналым шығындарына көшіріліп жазылады;
– материалдық құндылықтардын, ақшалай қаражаттың және басқа
мүліктің кем шыққандары, сондай-ақ табиғи кемуі нормаларынан тыс
ысырап болған жағдайда кінәлі адамдардың мойындарына койылады.
Кінәлі адамдар анықталмаған немесе кінәлі адамдардан өндіріп
алуға сот тыйым салған жағдайларда кем шықкан мүліктер және
ыссыраптардан келген зияндар шаруашылық кызметінің нәтижелеріне
көшіріліп жазылады.
Тұрақты жұмыс істейтін түгендеу (түгелдеу) комиссиясының қолда бар
құндылықтар мен бухгалтерлік есеп деректерінің арасында түгендеу кезінде
анықталған алшақтықтарды реттеу туралы ұсыныстары айтылған хаттамасын
түгендеу аяқталған соң кәсіпорын басшысы бекітеді, Түгендеу нәтижелері
түгендеу аяқталған айдағы есепте және есеп беруінде, ал жылдық түгендеу
бухгалтерлік жылдық есеп беруінде көрініс табады.
Есеп берер алдында үлкен дайындық жұмыстары жүргізіледі. Бухгалтерия
цехтардан, қоймалардан, есеп беретін адамдардан т.б. құжаттардың толык
түскенін (немесе түспегенін) тексеруді; ай ішіндегі немесе жыл ішіндегі
барлык шығындарды өндіріс шығындарына косуды; негізгі құралдардың
амортизациясын, демалысқа төленетін резервін және басқа мақсаттарға
арналған резервті, материалдық емес активтердің тозуын толық есептеуді;
алдағы кезендердегі шығындарды есептен шығаруды; құндылықтардың барлық
шоттары мен топтарында есептік баға бойынша нақты өзіндік құнын, орташа КДШ
процентін не ауытқушылықтарын (+,-) есептеп шығаруды; жұмсалған
материалдардың нақты өзіндік құнын анықтап, оны өндірістік және басқа
шоттарға көшіріп жазуды тексеруі қажет.
1.3 Қаржылық есеп берудің негізгі элементтері
Қаржылық есеп беру мәміленің және басқа да оқиғаның нәтижесін класқа
топтастырып, экономикалық мазмұнына сәйкес көрсетіледі. Экономикалык мазмұн
қаржылық есеп берудің элементтері болып табылады.
Актив — бұл құндық бағасы бар субъектгің құқығы мен жеке мүліктік жөне
мүліктік емес игілігі.
Активтер болашақта жүзеге асатын экономикалық олжа ретінде
көрсетіледі.
Ол өткен мәміленің немесе баска оқиғаның нәтижесі болып табылады,
бірақ ол өздігінен активтің пайда болуына әкелмейді. Актив өнімді (жұмысты,
қызметті) өндіру үшін, сондай-ак, өндірісті басқару және басқа мақсаттар
үшін пайдаланылады. Болашақ экономикалық олжа ретінде жұзеге асатын
активтер өндірісте және күрделі құрылыста сатылуы немесе баска активтерге
айырбасталуы, кәсіпорынның міндеттемесін өтеу үшін қолданылуы, меншік
иелерінің арасында бөлінуі мүмкін.
Активтердің физикалық нысаны да бар болуы мүмкін (ғимараттар,
қондырғылар, машиналар т.б.) және ондай нысаны болмауы да мүмкін (лицензия,
"ноу-хау", гудвилл және т.б.); сондай-ақ активтер дебиторлық қарыз іспеттес
те болып келуі мүмкін.
Шаруашылық жүргізуші субъекттің активтерге меншік құқығы болуы да және
оның болмауы да мүмкін (жалға берілген мүліктер, консигнацияға немесе қайта
өндеуге қабылданған тауарлар т.б.), бірақ сол активтер кәсіпорынның өз
меншігіне жатпаса да, олардың сақталуын қамтамасыз етеді және оларды
пайдаланудан алынатын олжаны бақылай алады. Жаңа активтерді жасау мен
оларға жұмсалған шығыстардың арасында тікелей байланыс болады, бірақ олар
уақыт кеңістігінде әр уақытта бір-бірімен тұспа-тұс келе бермейді (мысалға,
аякталмаған құрьлыс, көп жылдық екпе ағаштарын егу және негізгі табынды
қалыптастыру). Бұл жағдайда шығын тек болашақ олжаны іздестіру үшін
жасалғандығын көрсетеді (пайдалануға берілген объектіден, көп жылдык, екпе
ағаштарын пайдаланудан, малды өсіруден), бірак бұл активтердің түпкілікті
өз арналымдарына сәйкестігін көрсетпейді. [5, 58-б]
Міндеттемелер - бұл өткен мәміленің нәтижесі, ол жүзеге асқандықтан
қарызданушының міндеттемесінің пайда болғанын, белгілі бір әрекетгің
кредитор пайдасына жасалатындығын көрсетеді: қарызды төлеу немесе одан бас
тарту, ал кредитор қарызданушьдан өз міндетемесін орындалуын талап етуге
құқығы бар. Міндеттеменің осы шақтағысы мен болашақтағысының жігін ашу
қажет. Субъекттің болашақта активтерді алу ниеті міндеттеменің пайда
болуына әкелмейді. Міндеттеме тек актив алынған кезде немесе субъект
келісім-шарттық қатынасқа отырған кезде пайда болады. Міндеттеме оны төлеу
жолымен өтеледі, немесе басқа активті берген кезде жойылуы мүмкін. Сондай-
ак, міндеттемеден кредитордың өзі бас тартқан кезде ол өтелген болып
саналады (сот шешімі бойынша, немесе іздестіру мерзімі өтіп кетсе). Меншік
капиталы бұл субъекттің міндеттемесі шегерілген активі. Бухгалтерлік есепте
ол бірнеше классқа бөлінеді: жарлық капиталы, қосымша төленген капиталы,
резервтік капитал, таратылмаған табыс. Қаржылық есеп беруді пайдаланушылар
үшін бұндай бөліну, шаруашылық қызметін талдаған кезде қажет. Егер де
баланс пассивінің құрылымында меншік капиталының үлес салмағы көп болса,
онда ол субъектінің қаржылық жағдайының тұрақтылығын көрсетеді.
Қаржылық нәтижесі - бұл есепті жылдағы кәсіпорынның қаржылық-
шаруашылық қызметінің нәтижесі (шығыс пен табыстың айырмасы). Қаржылык
нәтижесін өлшеу элементі: табыс пен шығыс болып табылады.
Табыс - бұл есепті кезендегі активтердің өсуі, не міндеттемелердің
азаюы; шығыс - бұл есептік кезенде активтердің азаюы, не міндеттемелердің
көбеюі (өсуі). Бұл жерде иеленушілердің жарлық капиталына салған салымы
субъекттің табысы болып табылмайды, ал субъект иелеріне меншік капиталын
таратып беру - шығыс болып танылады.
Қаржылық есеп беруде шаруашылык жүргізуші субъект қызмет түріне
(өндірісіне) қарап табыс пен шығысты бөліп көрсетуіне болады. Мысалға,
өнеркәсіп өндірісі, делдалдық қызмет, ауыл шаруашылық қызметі бойынша және
т.б., сондай-ақ табыс пен шығысты әдеттегі қызметі мен төтенше жағдайдан
алатын табыстары немесе шығыстары бойынша бөлуі мүмкін.
Табыстар — бұл субъекттің негізгі және негізгі емес қызметінің
нәтижесі. Негізгі қызметтен алатын табыстардың қатарына: өнімді, жұмысты,
қызметті сатқаннан алынған табысы; сондай-ақ тауарлы-материалдық
құндылықтардан, жалға беруден, инвестициялық қызметтерден түсетін табыстары
жатады. Ал негізгі емес қызметтен түсетін табыстардың қатарына: негізгі
құралды, материалдык емес активтерді, бағалы қағаздарды (акция бойынша
табыс және пайыз түріндегі табыс) сатқаннан және бағамдық айырмадан түскен
табыстары жатады.
Шығыстар - өнімді өндірумен, жұмысты атқарумен, қызметті көрсетумен
байланысты шығындар, негізгі және негізгі емес қызметтен шеккен зияндар
және төтенше жағдайдан туындаған шығындары. Шығыстар, әдетте, шығыс (отток)
нысанын қабылдайды немесе активтердің пайдалануын көрсетеді (ақша
қаражаттары, материалдык запастар, негізгі құралдар т.б.). Зиян
экономикалық олжаның азайғанын көрсетеді. Зиян өз табиғаты бойынша,
шығыстан айтарлықтай ерекшеленбейді және ол жеке элемент болып та
саналмайды. [11, 99-б]
Қаржылық есеп берудің элементтерін тану - бұл бухгалтерлік баланска
енгізу процесі немесе қаржылық-шаруашылық кызметінің нәтижесі туралы есеп
берудің бабы, ал ол элементтерге берілген анықтамаларына сәйкес келеді және
мынадай тану тұжырымдамасын (критериясын) қанағаттандырады:
– кез келген болашақтағы олжаның осы баптарда көрініс табу
ықтималдылығы бар, оның түсуі де, шығып кетуі де мүмкін;
– баптың құны бар, ол үлкен дәлдікпен өлшенуі мүмкін.
Қаржылық есеп берудің элементтерін бағалау. Бағалаудың көмегімен
олардың құны анықталуы мүмкін, соның нәтижесінде олар (активтер мен
міндетгемелер) ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz