Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеу
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ
I ТАРАУ Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде
ұжымдық iс.әрекетке тәрбиелеудiң теориялық
мәселелерi.
1.1 Ұжымдық қарым.қатынасты қалыптастырудың
педагогикалық.психологиялық негiздерi.
1.2 Жеке пәндердi оқыту барысында оқушылардың
ұжымдық iс.әрекетi арқылы саналылыққа тәрбиелеудiң
жолдары.
II ТАРАУ Бастауыш мектеп қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың
әдiстемелiк ерекшелiктерi.
2.1 Ұжымдық iс.әрекетке тәрбиелеуде қазақ тiлi пәнiнiң
алатын орны.
2.2 Ұжымдық iс.әрекет арқылы саналылыққа тәрбиелеудiң
барысында 2 сынып қазақ тiлi пәнiнен орындалатын
тапсырмалар жүйесi.
2.3 Сабақ жоспары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР

Кiрiспе:
Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан жас өспiрiм адамның қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше роль атқарады. Атап айтқанда, бастауыш мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап-тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Бастауыш мектеп ұжымында, оның сан қырлы қарым-қатынастарымен бiрге ұжым мүшелерiнiң жалпы қызметi.
Бүлдiршiндердi қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi арқылы ұлттық рух-қазақ тiлi бастауыш мектепте тәрбиеленедi.
Тiлiдiң дамуы –елдiң дамуын яғни бастауыш сыныпта қазақ тiлi сабақтарын оқыту барысында ұжымдық iс-әрекет арқылы оқушыларды саналыққа тәрбиелеу.
К. Крупская, А.С. Макаренко, А. Сухомлинский, К. Крупская, С.Шальний, И. П. Иванов, мектеп ұжымына зор мән берген. Тәрбие жөнiндегi iлiмiн негiзге ала отырып, олар педагогикалық теория мен практиканың барлық мәселелерiн ұжымшыл жас ұрпақты даярлау тұрғысынан шештi.
Сонымен қатар қазақ тiлiн қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин, А.Байтұрсынов негiзiн қалаған болса, қазiргi кезде оны жалғастырып, көркейтiп әрi қарай жаңғыртушы Аханов, Ысқақов ғалымдарымыз танымал.

Пайдаланған әдебиеттер
1. В.А Сухомлинский “Коллективтiң құдiреттi күшi” А.,1979
2. В.А сухомлинский “Балаға жүрек жылуы“ А.,1976
3. Т. А Ильина “Педагогика” А.,1977
4. Макаренко “Нравственное воспитание школьников” М.,1969
5. Н. В Савин “Педагогика” М.,1976 стр. 177
6. Ш. А Амонашвили “Педагогикалық iзденiс” А., 1990
7. М. И Кондакова “Краткий педагогический словарь пропагандиста” М., 1988
8. В.А Сухомлинский “Методика воспитания коллектива” М.,1981
9. А. С Макаренко “Ұстаздық дастан”
10. А. Синицин “Педагогикалық әдеп және ұстаздық шеберлiк” А.,
11. Ж. Б Қоянбаев “Педагогика” А.,1992
12. Ж. Б Қоянбаев, Р. М Қоянбаев “Педагогика” А., 2000
13. Жарықбаев “Жантану негiздерi” А.,2002
14. Қазақстан мектебi журн. N 7 2003
15. “Бастауыш мектеп” журн. N2 2003
16. “Бастауыш мектеп” журн. N7 2004;
17. “Бастауыш мектеп” журн. N1 2004
18. “Бастауыш мектеп” журн. N5 2004
19. “Бастауыш мектеп” журн. N 6 2004
20. “Бастауыш мектеп” журн. N 9 2003
21. “Бастауыш мектеп” журн. N 12 2004
22. “Бастауыш мектеп” журн. N 3 2004
23. “Бастауыш мектеп” журн. N 8 2004
24. М. М Жанпеисова “Модульдiк оқыту технологиясы оқушыны дамыту құралы ретiнде” А., 2002
25. Н. К Крупская “Воспитать обùественника коллективиста”
Т.5 М.,1958

ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеудiң теориялық
мәселелерi.
1.1 Ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық негiздерi.
1.2 Жеке пәндердi оқыту барысында оқушылардың
ұжымдық iс-әрекетi арқылы саналылыққа тәрбиелеудiң
жолдары.
II ТАРАУ Бастауыш мектеп қазақ тiлiн оқытудың, ұйымдастырудың
әдiстемелiк ерекшелiктерi.
2.1 Ұжымдық iс-әрекетке тәрбиелеуде қазақ тiлi пәнiнiң
алатын орны.
2.2 Ұжымдық iс-әрекет арқылы саналылыққа тәрбиелеудiң
барысында 2 сынып қазақ тiлi пәнiнен орындалатын
тапсырмалар жүйесi.
3. Сабақ жоспары.
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР
ҚОСЫМШАЛАР
Кiрiспе:
Елiмiздiң болашақ азаматының жеке басының қалыптасуының маңызды
кезеңi оның мектепте болған жылдарында өтедi. Сондықтан жас өспiрiм
адамның қалыптасуында бастауыш мектеп ұжымы ерекше роль атқарады. Атап
айтқанда, бастауыш мектеп ұжымы негiзгi әлеуметтiк орта болып
табылады, осы ортада адамның тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап-
тiлегi ашылып, жеке басының қабiлеттiлiгi қалыптасады. Бастауыш мектеп
ұжымында, оның сан қырлы қарым-қатынастарымен бiрге ұжым мүшелерiнiң жалпы
қызметi.
Бүлдiршiндердi қазақ тiлiнiң дыбыс жүйесi арқылы ұлттық рух-қазақ
тiлi бастауыш мектепте тәрбиеленедi.
Тiлiдiң дамуы –елдiң дамуын яғни бастауыш сыныпта қазақ тiлi
сабақтарын оқыту барысында ұжымдық iс-әрекет арқылы оқушыларды
саналыққа тәрбиелеу.
К. Крупская, А.С. Макаренко, А. Сухомлинский, К. Крупская, С.Шальний,
И. П. Иванов, мектеп ұжымына зор мән берген. Тәрбие жөнiндегi iлiмiн
негiзге ала отырып, олар педагогикалық теория мен практиканың барлық
мәселелерiн ұжымшыл жас ұрпақты даярлау тұрғысынан шештi.
Сонымен қатар қазақ тiлiн қазақ ағартушылары Ы. Алтынсарин,
А.Байтұрсынов негiзiн қалаған болса, қазiргi кезде оны жалғастырып,
көркейтiп әрi қарай жаңғыртушы Аханов, Ысқақов ғалымдарымыз танымал.
Диплом жұмысының ғылыми аппараты:
Диплом жұмысының зерттеу мақсаты :
Кiшi мектеп жасындағы оқушыларды ұжымдық iс-әрекет негiзiнде
саналыққа тәрбиелеудi қазақ тiлi пәнi сабақтарында жүзеге асырудың
жолдарын анықтау.
Зерттеу мiндеттерi:
1 Педагогикалық психологиялық тұрғыда жазылған ғылыми еңбектермен
мақалаларға бүгiнгi күн тұрғысынан талдаулар жасау.
Бастауыш мектеп оқушыларын ұжымдық iс-әрекетiн ұйымдастырумен
саналық тәрбиесiн қалыптастырудағы озат педагогикалық тәжiрибелер
жинақтау, сұрыптау, қазақ тiлi пәнiнiң мүмкiндiгiн көрсету.
Зерттеу обúектiсi: Бастауыш мектеп оқушыларының оқу барысындағы ұжымдық
iс-әрекетi мен саналылық тәрбиесi.
Зерттеу пәнi: Бастауыш мектептiң 2 сынып қазақ тiлi пәнi.
Зерттеу әдiстерi: Оқулық ,оқу құралдарын талдау, сұрақ-жауап,
педагогикалық ýксперимент.
I ТАРАУ Бастауыш сынып оқушыларына бiлiм беруде ұжымдық
iс-әрекетке тәрбиелеудiң теориялық мәселелерi.
1. Ұжымдық қарым-қатынасты қалыптастырудың
педагогикалық-психологиялық негiздерi.
“Ұжым” деген ұғым тек көпшiлiк немесе топ адамдар ретiнде айтылмайды,
бұл, негiзiнде, қоғамның iсi, қылығы өзгелерiне байланысты деген мағынаны
бiлдiредi.
Жалпы ұжым – жас өспiрiм адамның қалыптасуында ерекше роль атқарады.
Атап, айтқанда, ұжым бұл негiзгi әлеуметтiк орта болып табылады, осы ортада
баланың тұтыну қажеттiлiгi тәрбиеленiп, талап- тiлегi ашылып, жеке басының
қабiлеттiлiгi қалыптасады. Балалар ұжымы, негiзiнде, жеке сынып және мектеп
ұжымына бөлiнедi. Солай болса да, ұжымның ең негiзгi ôормасы-сынып ұжымы.
Сынып ұжымы деп атау үшiн, мұнда тәрбие жұмысы жақсы қойылуы шарт және оның
өзiнше белгiлi бiр критерилары кездеседi. Бұл критериялар мыналар: 1)
ұжымдағы оқушылардың мақсаты мен талабы бiр келiп, араларында назарлық
болмай “бiрi барлығы үшiн, барлығы бiреу үшiн” моральдық принциптi
орындауға ұмтылуы шарт. 2) Оқушы сыныптың (қоғамның) мүддесiн өзiнiң жеке
мүддесiнен жоғары санап, өзiнiң iсiн ұжымның талабына бағындыруға ұмтылуы
тиiс. 3) Оқушы арасында сын және өзара сынды өрiстетiп, бiреу: өзгелерiнен
қорықпай және ештеңенi жасырмай, көпшiлiк алдында пiкiрлерiн ортаға салуы
қажет. 4) Ұжымда бiрiн-бiрi сыйлаушылық, тәртiп барлығына бiрдей болып және
тиiстi iстер туралы шешiм аларда, мұны әкiмшiлiк ретiнде жүргiзбей,
көпшiлiктiң пiкiрiмен сынаса отырып алынуы шарт.
Осы критериялардың бiрi болмаған жағдайда, сыныпта ұжымның
негiзi толық қалыптасқан деп айту қиын.
Ұжым балалар үшiн өзiнше қоғамдық орта болғандықтан, мұны әрбiр жеке
оқушының тәрбиеленуiне әсерi зор.
Сынып ұжымының жобасын құрып, осындағылардың жұмыс жүргiзу бастауыш
сыныптардан басталынады. Сыныпта ұжымның iзiн құрып, балаларды оқу
мiндеттерiн орындауға жұмылдыру немесе қоғам жұмысына тарту, сөйтiп,
олардың өзiндiк инициативаларын арттыру т.б сынып жетекшiсiнiң
ұйымдастырушылық қабiлетiне байланысты iстер. Әдетте, оқушылармен жұмыс
жүргiзу үшiн көп уақыт керек. Бiрақ соған барлық педагогтардың мүмкiншiлiгi
бола бермейдi. Сондықтан бұл жерде ұйымдастыру қабiлетi деп уақытты үнемдi
пайдаланып, ұжымның күшiн шеберлiкпен бiрiктiрiп, әртүрлi мiндеттердi
орындауға талпындыра бiлудi атайды.
Оқушылар ұжымы – тәрбиенiң шешушi ôакторы және бiздiң қоғам жағдайында
бала өмiрiн ұйымдастырудың негiзгi ôормасы. Жеке тұлғаның дамуы үшiн ұжымда
қолайлы жағдайдың болуы қажет. Тұлға жан-жақты даму мүмкiншiлiгiн ұжымнан
алатын болғандықтан ұжымда тұлғаның бас бостандығы болуы басты шарт болып
табылады. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттi қоғамның өзi бiртұтас ұжым
ретiнде өмiр сүретiндiгiнен туындайды.
Оқушылар ұжымы баланың өмiрiн, оқуын, еңбегiн, жасампаздығын, күш-қуат
мәдениетiн, ойын ұйымдастырудың ең тиiмдi құралы.
Баланың тәрбиелеуiнде әр кiм өзiнiң мүмкiншiлiгiн өзi дұрыс бағалай
алуы ерекше орны алады, өйткенi ұнамсыз әдеттердiң басым көпшiлiгi
еркелетудiң нәтижесiнде балалардың менменсiнiп ”Мен өзгелерден артықпын”
деуден болады мұның солай келетiнi оны кiшi жасынан еркелетiп, оның өзiнiң
мүмкiншiлiгiн дұрыс бағалауын үйретпегендiктен.
Айнаға қарағандай сияқты, ұжым арқылы әркiм өз кемшiлiктерiн көруге,
сөйтiп, өзiнiң қолайсыз жақтарын бiлуге мүмкiндiк туады. Әрине, әр кiм
өзiнiң қолайсыз жағын бiле алуы дербес мақсат деуге болмайды, бұл оған өзiн-
өзi тәрбиелеу үшiн ғана қажет. Сонымен қатар ұжымның пiкiрi арқылы оқушы
өзiнiң қолайсыз жағын бiлiп, iсiнiң қандай кемiстiгi бар екенiн түсiнген
жағдайда да, ол өзiнiң қолайсыз әдеттерiн бiрден жойып, жөнделiп кете алуы
тәрбие жұмысының қалай қойылуына және баланың өз еркiн меңгере алуына
байланысты iске асырылады.
Ұжым проблемасын педагогика ғылымының қайраткерлерi және халық ағарту
органдарының озат өкiлдерi А.В Луначарский, Н.К Крупская, А.С Макаренко,
П.П Блонский, С.Т Шацский, И.П Иванов, В.А Сухомлинский мектеп ұжымына
аса зор көңiл аударып зерттедi. Тәрбие жөнiндегi iлiмiн негiзге ала отырып
олар педагогикалық теория мен практиканың барлық мәселелерiн ұжымшыл жас
ұрпақты даярлау тұрғысынан шештi.
А.В Луначарский жаңа адамды қалыптастырудың негiзгi жағдайы ұжым
болады дедi. Оның айтуынша, адамды тәрбиелеу, демек, ол, адам бiздiң
заманымызда ұжымшыл, қоғамдық мүдденi жеке басының мүддесiнен жоғары
санайтын болуы тиiс. Тұлға ұжымы негiзiнде ғана дамиды.
С.Т Шацкий өзi басқарған мектептiң балаларын тату ұжымға топтастыру
үшiн көп күш-жiгер жұмсады, педагогтарды ұзақ уақыт қалыптасқан балалар
ұжымдарын зерттеп бiлуге шақырды, әр сәбидiң жеке басын дамытуда балалардың
ерiктi белсендiлiгiнiң мәнi барын атап көрсеттi. Бұл мекемелердiң
тәжирибесi тек қана бiздiң елiмiзде ғана емес, сонымен бiрге оның шегiнен
тыс жерлерде де кеңiнен қолданылды.
Н.К Крупская тұлғаның дамуы мен қалыптасу ортасы ұжым деп атады.
Мектептегi қоғамдық ұйымдарға, олардағы балалардың қарым-қатынастарына
үлкен мән бередi. Балаларды ұжымда өмiр сүре және жұмыс iстей алатындай
тәрбиелеудiң қажет екендiгiн ескерттi. Ол балалар қозғалысына байланысты
бiр сыпыра мәселелердi атап көрсеттi. Олар: балалардың ұжымдық iс-
әрекетiнiң ôормалары мен әдiстерi, өзiн-өзi басқару және оны ұйымдастырудың
әдiстерi.
И.П Иванов пiкiрiнше ұжым өзiнiң ең басты парызын: әр адамның түлеп
өсуiн қамтамасыз етуi тиiс. Басқа адамдардың игiлiгi жөнiнде пәрмендi
қамқорлық жасау өзiнiң негiзгi қажетiне айналған жеке адамды тәрбиелеуге
тиiс. Мұның өзi бiздiң құрылысымызға iштей тән ұжымшылдық ,демократиялық
бастамаларға негiзделген бүкiл қоғамдық қарым-қатынастарды қайта құру
басталған қазiргi заманғы кезеңде ерекше маңызды.
Көп жылғы тәжiрибесiн көрсетiп өзге адамдардың қуанышы мен игiлiгiне
арналған iс қана әрбiр адамның өз бойындағы жақсы атаулыны аша және
өрiстете алатын тәрбиешiлер мен шәкiрттердiң бiртұтас ұжымын туғызады және
нығайтады. Бiрақ бұл өздiгiнен емес, керiсiнше тәрбиешiлердiң ұжымшылдық,
адамгершiлiк, тәрбиелеу, қарым- қатынастарын жасау және дамыту жөнiндегi
арнайы ұйымдастырылған қамқорлығы арқылы жүзеге асады. Сондықтан тәрбиешi
өзiнiң, балалардың аға жолдасы және ортақ iске жетекшi қатысушы ретiндегi
обúективтi ұстаздық позициясының қажеттiгiн түсiне бiлуi өте маңызды.
Балаларды ұжым үшiн және ұжым арқылы, ұжымда тәрбиелеу жүйесiн жасаған
А. С. Макаренко өзiнiң заманында педагогтар арасында тараған тұжырымды
қатты сынады, педагогтар берген тұжырым бойынша, олар ұжымды “белгiлi бiр
абыржушылықты жиынтық түрде елейтiн өзара әрекетте адамдар тобы” деп
түсiндi .
А. С. Макаренко ұжымда жеке адамды тәрбиелеудiң бiр iздi педагогикалық
теориясында жасады. Оның идеялары осы уақытқа дейiн құндылығын сақтауда
және iс-әрекетi, қарым-қатынас, дәстүр сияқты тәрбие проблемалары ұжым
өмiрiнде шығармашылық дамудың негiзi болды.
А. С. Макаренко ұжымда жеке адам тәрбиесiнiң қоғамдық бағыттылығын
ерекше атады. Ұжымда тек жай ғана мейiрiмдi адам болу жеткiлiксiз, ол ұжым
мүддесiмен өмiр сүре бiлуi қажет.
А. С. Макаренко жеке адам тәрбиесiнiң қоғамдық бағыттылығы
тұрғысынан ұжымның кейбiр сапасын, яғни белгiлерiн көрсеттi.
1. Ұжым тәрбиенiң мақсаты және обúектiсi, жеке адам ұжымнан тыс
дамымайды.
2. Ұжым адамдарды жалпы мақсатқа, еңбекке және еңбектi ұйымдастыруға
бiрiктiредi.
3. Ұжым барлық ұжымдармен табиғи байланысты қоғамның бөлiгi.
4. Ұжымның өзiн-өзi басқару органдары және өкiлдерi-
ұйымдастырушылары болады.
А. С. Макаренко айтқандай, бастауыш және жалпы мектептiк ұжымдардың
өзара дұрыс байланыста және арақатынаста болуы ұжымның бiр белгiсi болып
табылады. А. С. Макаренконың мекемелерiнде бастауыш ұжым-топтар болды.
Оларда А.С Макаренконың көрсеткенiндей, ұжым мүшелерi тұрақты, достық ,
тұрмыстық және идеологиялық бiрлестiкте болады. Бұл алғашқы ұжым мектептiң
бүкiл ұжымының өмiрiмен тығыз бiрлiкте болуы қажет. Оның өмiрi мен қызметi
жалпы терең мазмұнға толы болуға, бүкiл ұжым қызметiнiң басты бағыттарын
бейнелеуге тиiс.
Ондай ұжым, А.С Макаренконың дәлме-дәл атағанындай, “тамаша iскер,
қатаң, дәл де бiлгiр күш” бола алады. Ондай ұжымның құрылуы бiр сәттiк
емес, қайта ұзақ процесс. “Бiрақ ондай ұжым құрылған кезде ғана, -деп жазды
А.С Макаренко,-оны сақтау керек, әрi сонда ғана барлық тәрбие беру процесi
өте-мөте жеңiл өтедi“.
Әрбiр ұжым-бұл топ, бiрақ әрбiр топ ұжым бола алмайды. Ұжым контактылы
және негiзгi болып екiге бөлiнедi. Контактылы ұжым-бұл ұжым белгiлерi бар
бастауыш топ.
А.С Макаренко ұжымға былай деп сипаттама бердi:
“Бiздiң пiкiрiмiзше, ұжым- бiрiгудiң қоғамдық принципiне негiзделген
контактылы жиынтық.”
Жеке адам жөнiнде ұжым бүтiндей ұжымның жекелiгiн бiлдiредi.
Ұжым адамдарды қоғам үшiн анық пайдалы қызмет мiндеттерi негiзiнде
бiрiктiрген жағдайда ғана ұжым болуы мүмкiн.
“Бiз тәрбиелейтiн адамдар ұжымы,“ - деп атап көрсеттi Антон Семенович,-
тек жастардың ғана жиналысы емес, басқа да барлық ұжымның бүкiл
ерекшелiктерiне, мiндеттерiне ие болатын қоғамның ұясы болып табылады“.
Ұжым – бейнелеп айтқанда, балапаның қанаттанып, өздiгiнен ұшуға
аттанатын ұясы.
Қазiргi кезеңде А.С Макаренко идеясын дамытуда И.П Ивановтың “Коммунар
әдiсi“ игi әсер етуде. Коммунар әдiсiнiң мәнi, ұжым өмiрiнiң айқын бейнесiн
ұйымдастыру. Онда барлығы өнегелiк принципiне, шығармашылыққа негiзделедi.
Ұжымдық шығармашылық бiрiккен iс-ерекетiнiң әдiсiне ұжымдық жоспарлау және
жүзеге асыру, күнделiктi iс-әрекеттерi, ұжымдық талқылау, шешiм қабылдау
және баға беру кiредi. Бұл мәселелер И.П Ивановтың “Коллектившiлердi
тәрбиелеу“атты еңбегiнде қарастырылған.
Сонымен ұжым - бұл көзделген мақсатқа жетудегi ұйымшылдық пен
мақсаттылық, iс-әрекетiмен сипатталатын адамдар тобы.
В.А Сухомлинский балалар ұжымын дамыту теориясына айтарлықтай үлес
қосты. Оның терең ойлары бiр сыпыра ғылыми еңбектерiнде “Мудрая власть
коллектива “, “Коллективтiң құдiреттi күшi“ т.б баяндалды.
В.А Сухомлинский пiкiрi бойынша әрбiр бала тәрбиесi ұжымда негiзгi
тәрбие құралы болады. Балалар мен тәрбиешiлер арасындағы рухани қарым-
қатынас ұжымдық қатынастың даму процесi. В.А Сухомлинскийдiң қарым-қатынас
жайындағы идеясы жаңашыл мұғалiмдердiң идеяларымен ұштасып жатыр. Демек,
ынтымақтастық балалармен қарым-қатынас жасаудың нәтижесiнде туды.
Ынтымақтастық идеялары жаңашыл мұғалiмдердiң еңбектерiнде ғылыми -
әдiстемелiк тұрғыдан қарастырылған.
Сұлулық, ýмоциялық тереңдiк, рухани толысу мен рухани байлық , қарым-
қатынастық идеялық толымдығы – осы игiлiктер болмайынша , ұжым өмiрiнде
өзiндiк таным мен өзiндiк тәрбие болуы мүмкiн емес. Адамның қарым- қатынасы
– бұл адамның адамды қажет етуiнiң төтенше кең, жан-жақты
қанағаттандырылуы. Осы қарым- қатынасты жеке адамды рақатқа бөлейтiндей,
оның моральдық сұлулығын ұштайтындай, жолдастармен араласудан адам
қуанышшаттықты сезетiндей, адамдармен бiрге болуды толассыз тiлейтiндей ету-
ұжымдық тәрбие мiндетi.
Балалар сұлулықты жасау үшiн бiрiгетiн болса, қарым-қатынас игiлiкке
бөлейдi.
Бiздiң елiмiзде қазiргi қоғамның маңызды ұясы - мектеп ұжымы баланы
дамытуда және қалыптастыруда үлкен роль атқарады. Мектептегi оқушылар ұжымы
-бұл iс-әрекетiмен ( оқу, еңбек т.б.) бiрiгiп топтасқан балалардың мақсатқа
бағытталған тұрақты бiрлестiгi.
Мектеп ұжымының негiзiнде бiрнеше өзара байланысты оқушылар
ұжымдарының типтерi пайда болады. Олар: мектеп сыныбы, ұзартылған күн тобы,
оқушылардың еңбек бiрлестiктерi т.б. Бұлардың барлығын бастауыш ұжымдар деп
атайды.
Оқушылар ұжымы балаларды ұжымшылдыққа тәрбиелеудiң маңызды құралы.
Ұжымшылдық адам мүддесiнiң ұжым және қоғам мүддесiмен мызғымас
байланыстылығын көрсетедi.
Адам ұжымда өз күшiнiң, өз қабiлетiнiң керек екенiн түсiнедi.
Сондықтан оларды үнемi дамытып, жетiлдiрiп отыру педагогикалық ұжымның
оқыту және тәрбие жұмысын шығармашылықпен ұйымдастыруына байланысты. Қорыта
айтқанда, ұжым-тәрбиенiң маңызды құралы.
Педагогика ғылымында оқушылар ұжымын ұйымдастыру қажеттiгiн, оның
тәрбиелiк қызметiн ашуды негiздеу ғана емес, оны жасаудың теориялық негiзгi
де бар. Балалар ұжымы олардың өмiр мен қатынастарының жүйесi ретiнде бiр
орнында тоқырап қала алмайды. Даму, iлгерi қозғалу- ұжым өмiрiнiң заңы.
Адамның болашаққа ұмтылуы, өмiрге үмiт артуы, адам мен ұжым дамуының
маңызды сәттерiнiң бiрi. А.С.Макаренко болашақ үмiт дүниесiнiң
педагогикалық маңызды ерекшелiктерiнiң бiрi – баланың алдында мақсат жүйесi
ретiнде ашылып , ол баланың тiлеген нәтижеге жету мүмкiншiлiгiмен
елiктiредi, өзiнiң және ұжымның болашағын құруға қатынасу ынтасын, қуанышты
көңiл күйi мен iлгерi ұмтылуын туғызады деп есептедi. Қалыптасқан
қажеттiлiктердi, тiлектердi , мүдделердi қанағаттандыруға ұмтылу оқушының
iс-әрекетiн әлеуметтiк құнды арнаға жұмылдыру мен бағыттау болып табылады.
Оқушылар ұжымын қалыптастырудың пәрмендi құралы олардың өзiн-өзi
қызмет iстеу шамасына сай қатынасуы болады. Мұны ұйымдастыру барысында
балалардың жас ерекшелiгiн ескерiп еңбектiң көлемi шамадан тыс кетпеуiн
қадағалау керек.
Оқушылар iс-әрекетi туралы бiраз пiкiрлер айтылады.
Iс-әрекетi –бұл қарым-қатынас, ұжымның өздiгiнен iстеушiлiк және iшкi
процесiнiң көзi, нақты мақсатқа жету. Ұжымның iшкi процесi қарым-қатынас
және ақпарат арқылы iс-әрекетiмен байланысты. Iс-әрекетiнiң барысында қарым-
қатынас дамиды.
Қарым-қатынас бұл адамға адам қажеттiлiктерiн қанағаттандыру.
Сондықтан педагогикалық ұжымның мiндетi - жеке адам қарым-қатынас жасаудың
негiзiнде басқа адамдармен бiрiгiп, қуанышты көңiл күйiн жеңiлмейтiн
тiлектi сезуi тиiс.
Балалар қарым -қатынасты бағалайды. Осы тұрғыдан және қатынастың
тұрақты жүйесiн және кiшi топтың ролiн еске алу қажет. Жеке қатынас
жүйесiнде әр бала өз орнын алады. Бiреулерi өзiнiң әйгiлiлiгiмен
жолдастарының алдында беделдi, ал екiншiлерiмен ешкiмнiң қарым -қатынас
жасағысы келмейдi. Бiрақ барлық балалар қатынас жасауды қажет етедi.
Әсiресе сынып ұжымындағы оқушылар қатынас арқылы ынтымақтық достықты
тiлейдi. Осыған байланысты кiшi топ дербес қатынас жасаудың негiзiнде
стихиялы пайда болады.
Кiшi топтардың құрамы тұрақты немесе тұрақсыз болу мүмкiн. Кiшi
топтардың маңызды ерекшелiктерi өзара қатынасының тартымдылығы. Егер мұндай
ерекшелiк болмаса топты сақтау мүмкiн емес. Әрбiр оқушы бiр сыныптың
оқушыларымен немесе құрдастарымен ынтымақты қатынас жасау үшiн олардың
арасында өзара ұнатушылық, бiр-бiрiне сүйiспеншiлiк болуы қажет.
Оқушылардың түрлi тақырыптарға өзара әңгiмелесуi, достық кездесуi, ақпарат
алмасуы, әрбiр баланы қызықтырады, ынталандырады. Бұл балалардың әлеуметтiк
тәжiрибесiн молайтады.
Балалардың дербес аралық қатынастарын және олардың мақсаттылығын
сынып жетекшiсi зерттеп, балалардың қарым-қатынасын реттеуде және дамытуда
қамқоршы болуы тиiс. Дербес қатынас жүйесiнде мұндай шығармашылық тәсiл
ұжымда педагогикалық меңгеру жолдарының бiрi.
Өзара жауапкершiлiк қатынас жүйесiнде қабылданған мақсатқа сәйкес
жалпы iстi орындау үшiн ұжым мүшелерiнен жауапкершiлiк және өзара
тәуелдiлiк талап етiледi.
Өзара жауапкершiлiк қатынастың мынадай жағдайларды еске алған жөн:
- ұжым мүшелерi тең құқықты болады;
- басқарушы мiндетiн орындаушы ұжым мүшесi тарапынан қысым жасамайды
;
- жауапкершiлiк және өзара тәуелдiлiк жүйесiнде жалпы iстi орындаудың
барысында әр түрлi бейiмдеушiлiкке жол бермейдi.
Осындай жағымсыз жайларды болдырмау үшiн әрбiр ұжым мүшесiнiң әлсiз
және әлдi жақтарын еске алып, оның жағымды позициясын қамтамасыз ету керек
.Ең бастысы-адамгершiлiк, мораль және демократия принциптерi негiзiнде ұжым
өмiрiнiң нормаларын нығайту.
Ұжым өмiрiнде гуманистiк қатынас ерекше орын алады.
Гуманистiк қатынастың негiзгi белгiлерi:
- сергектiк стиль – ширақтық, белсендiлiк, қайырымдылық ұжым
мүшелерiнiң достық бiрлiгi, бiр-бiрiне iлтипаты болу, өзара жәрдем
беру:
- балалар арасында бақталастық, өз қамын қөздеушiлiк, тұйықтық,
бөлшектенушiлiк,лидерлiк болмауы тиiс;
- басқа ұжымдарға жолдастық көмек беру, үн қосуға дайын тұру .
Мұндай гуманистiк қатынас тек қана iс қатынасының көзi емес, ол
ұжымда балалардың жеке байланыстары дамуының құралы болады.
Ұжымда балалардың iс-әрекетi және қарым-қатынасы процесiнде жеке адам
аралық қатынас жүйесi, өзара жауапкершiлiк және тәуелдiлiк қатынасы, сондай-
ақ гуманистiк қатынас балалардың дамуы мен қалыптасуына әсер етедi.
Ұжымның жасампаз iстерi қазiргi кезде тәрбие жұмысы құралдарының
iшiнде ең өзектiлерiнiң бiрi. Шындығында, мәселен, еңбек мерекесi, ән-жыр
көктемi, тақырыптық кештер, т.б мектепте үйреншiктi құбылыстарға айналды.
Осындай iс-әрекеттер түрлi жастағы оқушылар жiгерiн бiрiктiрiп аға ұрпақ
өкiлдерiнiң бiрлескен қатынастарын дамытуға көмектеседi.
Жалпы мектеп ұжымы – бұл тек мектеп оқушылары ғана емес. Бұл ондаған
бастауыш ұжымдар ,олар мейлiнше әр түрлi қарым-қатынастар арқылы, рухани
өмiрдiң, тұтынудың, мүдденiң мейлiнше бай сарындары арқылы құралады.
Тәжiрибе жалпы мектеп ұжымының рухани байлығы едәуiр дәрежеде топтар
ұжымдарының арасындағы өзара байланыстың қаншалықты әр түрлi және сан
қырлы екендiгiне байланысты болатындығын көрсетедi. Төменгi сынып оқушылары
ұжымдарының арасындағы өзара қарым-қатынастар адамның адамға деген
азаматтық жауапкершiлiгiнiң бастапқы мектебi болып табылады.
Мектепте азаматтық жауапкершiлiктi дамытушы және орнықтырушы мынадай
әр түрлi өзара қарым - қатынастар болады;
Интелектуалдық өзара қарым-қатынастар. Төменгi сынып оқушылары
арасындағы нағыз берiк, нағыз ұзақ мерзiмдiк қарым- қатынастар. Мұндай
қарым- қатынастардың арқасында ұжымның рухани өмiрi байытылады, ақыл-ой
мүдделерi достық, жолдастық мүдделерiмен ұштастырылады. Оқудың , ғылымның
ұжымдық өзара қарым-қатынастардың, мүдделердiң, байланыстардың негiзiне
айналуы – тәрбие жұмысының ең киын салаларының бiрi болып табылады.
Танып бiлуге ақыл ой жұмсамайынша, ақылмен ынталанбайынша,
талпынбайынша ұжымдық бай өзара қарым-қатынастар болуы мүмкiн емес. Әрбiр
жас өспiрiмдi өз бiлiмiн кiшi жолдастарына беруге, сөтiп өздерiнiң
интеллектуалдық баþына үйретуде. Тек осының арқасында ғана бiлiмге нағыз
құштарлық, танып бiлуге қажеттiлiк қалыптасады. Көп оқып, көп бiлетiн жас
өспiрiмнiң өзiнiң жасы кiшi жолдастарының алдында сөйлеуге құштарлығы пайда
болады. Осы құштарлықты баулу-педагогтың күрделi мiндеттерiнiң бiрi. Бұл
құштарлықтың маңызы мынада; осындай бiрлiктiң негiзiнде оқушылар ұжымында
интеллек туалдық мүдделер бiрлiгi орнығады, аса берiк достық қатынастар
қалыптасады.
Идеялық-тәрбие қатынастары. Бұл қатынастар интеллектуалдық
қатынастармен тығыз байланысты, бiрақ бұл арада қоғамдық белсендiлiк
жөнiндегi , азаматтық қызмет жөнiндегi қамқорлық бiрiншi кезекке
қойылады. Идеялық сенiм ең алдымен адам бiр нәрсе үшiн күрескен кезде, бiр
нәрсенi жақтаған кезде орнығады. Бiр пiкiрлес оқушылардың идея жолындағы
күресi ұжымдық өзара қарым-қатынастардың жоғары ôормасы болып табылады.
Оқу-еңбек қатынастары. Бастауыш ұжымдар үлкен роль атқарады, оларда
ересек тәрбиеленушiлер өздерiнiң кiшi жолдастарына еңбек iскерлiктерi мен
дағдыларын үйретедi. Жас еңбекерлер үйiрмесiн басқару төменгi сынып
оқушылары үшiн өзiн көрсетудiң, өзiн орнықтырудың, өзiн тәрбиелеудiң
мейiлiнше айқын ôормасы болып табылады. Өзiнiң бойындағы бар бүкiл тәуiр
қасиетi өзiнiң жолдастарына беруге тырыса келе үйiрме жетекшiсi тәрбиешiге
, адамды жасаушыға айналады.
Еңбек қатынастарының тәрбиелiк бағалылығы мынада; азаматтық идеялар
нақты еңбекте көрiнедi, өзiнiң көрiнiсiн жауапкершiлiк қатынастарынан
табады; бұл ретте ұжым алдындағы жауапкершiлiкпен ұштасады.
Мектеп ұйымдары әр түрлi өзiндiк қызмет ететiн еңбек ұжымдарын
құрады, олардың жұмысы қоғамдық идеяларымен жiгерлендiрiледi.
Көркемөнер- шығармашылық және ойын сауық қатынастары. Төменгi сынып
оқушыларының драма, хор, би ұжымдарына , живопись ,сәулет өнерi
,үйiрмелерге басшылық етедi. Ұжым мықты болсын десең және оның мүшелерi
арасындағы өзара қарым- қатынастар олардың рухани өсуiн ынталандырсын
десең, рухани игiлiктерге тұтынушылық тұрғыда қарауға жол беруге болмайды.
Ұжымның күш-жiгерiн тек қоғам үшiн материалдық игiлiктер жасауға ғана
бағыттап қоймау керек , сонымен бiрге ұжымның рухани , ýстетикалық
қажеттiлiктерiн өтеуге де бағыттау керек . Дарынды балалар – мектептiң баға
жетпес байлығы, ұжымның рухани тiрегi. Өзiнiң талантын, қабiлетiн
жолдастарына берумен бiрге , олар өздерi ғана ұжымшылдар болып қоймайды,
сонымен бiрге өздерiнiң жолдастарын да ұжым рухында тәрбиелейдi
Мектеп оқушыларының арасында өлең, әңгiме, ертек жаза бiлетiн ұлдар
мен қыздар әр уақытта болады.
Өзiндiк өмiрдiң бастапқы қадамынан бастап-ақ бала адамның өзара қарым-
қатынастарын практика жүзiнде танып бiле алмайды. Адамның өзара қарым-
қатынастар дүниесi өте күрделi. Мұның өзi ата-аналар алдындағы; отбасы
өмiрiнiң белгiленген және бекiтiлген әдет-ғұрып дәстүрлерiн сақтау
жауапкершiлiгi болып табылады . Мұның өзi мектеп ұжымындағы қарым-
қатынастар ; ережелердi мiнез-құлықты ретке келтiретiн адамның тұтыну
қабiлетiн ынталандыратын , ал сонымен бiрге оны тежейтiн , адам мүддесiн
дамытатын ережелердi орындау қажеттiгi болып табылады. Осы орталарда –
отбасында , сынып және жалпы мектеп ұжымдарында азаматтық тәлiм алады.
Бiрақ осы өзара қарым-қатынастардың бәрi азаматтық әлiппесi ғана , алғашқы
қарапайым сабақ қана.
Кез – келген өзара қарым-қатынастар негiзi - ол еңбек , қызмет,
шығармашылық.
Ұжым мен қоғамның қарым-қатынасы жекелеген еңбек тапсырмаларын үздiк-
сөздық орындау арқылы болып қоймай, мақсаты айқын қоғамдық идеямен жарқырап
көрiнетiн ұзақ, көп жылдық жұмыс арқылы болуы тиiс.
Адамның бойында адамдық қасиеттерi тек мына себептен ғана
қалыптасады, өз өмiрiнде тұңғыш рет тыныс алған кезден бастап ол -қоғамдық
зат. Адамның қоғамдық мәнi оның басқа адамдармен қатынастарында,
байланыстарында, өзара қарым-қатынастарында көрiнедi.
Бала тәрбиелеудiң қалыпты процесi үшiн оның тiлегiне қарай қараудың
зор маңызы бар. Баланың - болашақ ұжымшыл – азаматтың басқа адамдарға қарым-
қатынасы осыған байланысты болады. Бұлар әуелi анасына, әкесiне, ал содан
кейiн “бөгде адамдарға”, “алыс адамдарға ”, ”сыныптастарына”, ”
жолдастарына” деген қарым-қатынастар .
Ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеудi бiртұтас тәрбие ұжымында
тәрбиелеу ретiнде, оның жетекшi бөлiгi тәрбиешiлер ұжымының басқаруымен
тәрбиелеу ретiнде мейлiнше терең түсiнуiмiз және барынша табысты құруымыз
керек.
Бiртұтас тәрбие ұжымы – бұл тәрбиешiлер мен шәкiрттер бiрлестiгi,
мұнда олардың ортақ азаматтық қамқорлығы- үлкендердiң кiшiлерге жолдастық
тәрбие қамқорлығы (ашық және елеусiз арқылы бағытталатын) ұйымдастыру,
практикалық, тәрбиелiк қам-қарекеттерi. Басқаша айтқанда, бұл жолдастықтық
тәрбиелiк қарым-қатынастары ортақ қамқорлықтық нақты қатынастарының және
жолдастық құрмет пен жолдастық талаптың рухани қатынастарының бiртұтастығы
жағдайында дамитын бiрлестiк.
Бiртұтас тәрбие ұжымында тәрбиешiлер шәкiрттердi тәрбиелеп қана
қоймай, кiшiлердiң де, үлкендердiң де өзiн- өзi тәрбиелеуi жүрiп жатады.
Ұжымнан тыс өз еркiнше мен бiлемiн деп жүретiндер болады. Ондай
балалар ұжымға ұнамайды.
Соларды ұжымшылдыққа баулу көп дәрежеде отбасының, мектептiң,
жұртшылықтың және еңбек ұжымдарының күш жiгер мен бiрауыздылығына және
оқушыларға қоятын талабының бiрiңғайлығына байланысты. Бұдан туатын мәселе:
шәкiрттi ұжымшылдық рухында тәрбиелеу- мектептiң маңызды iсi. Ең алдымен
достық қарым-қатынастарындағы өзара сыйластықты жан-жақты бiлiп алған
орынды. Тiптi өзара татулықтары жөнiнде сұрап бiлу де қажет. Бiр-бiрiне
қалай сөйлесетiндiгiне назар аудару арқылы да олардың сыйластығына көз
жеткiзуге болады. Әрине, ұжымшылдық сезiмдi қалыптастыруда балалардың өзара
қатынасы мен мiнезiн толық аңғарған пайдалы. Кейде олар өрескел әдеттерiн
жасырып, мүлдем айтпауға тырысады. Бiрiн – бiрi қорғап, жақтайды. Бұл әдет
мүлдем дұрыс емес. Оның ақыры неге апаратынына мән бермейдi. Балаларды
қоғамшыл рухқа бағыттау үшiн ең алдымен жасы үлкендердi құрметтеуге
баулыған абзал. Жас өспiрiм кезiнде әр түрлi жайыттарға ата-аналар
араласқаны оңды. Бiрақ балаға ара тұрудың да орны бар. Ең алдымен
шындықты, айтылған өтiрiктi жарыққа шығару, мойындату керек. Онсыз
балалардың арасына кiрiсемiн деп қолайсыз жайтқа душар болу ғана емес.
Баланың қандайда болсын әрекетiн жасырып қалу, оны дер кезiнде
талқыға салмау өкiнiшке қалдырады, ұжымшылдыққа баулуға тиiмсiз әсер етедi.
Сол сияқты ата-ана әр қашан тек өз баласын жақтап, ұжым пiкiрiмен
санаспаса, ұстаздық қызметiн ауырлатқаны. Осындай ”қорғаныс” тапқан бала өз
достары туралы үнемi шағым жасауға дағдыланады, ұжымда кiнәсi жоқ балаларды
жазғырады. Кейде ата-аналар балаларының жолдастарымен қарым-қатынастарына
мән бермейтiнi бар.
Көбiнесе мектептен тысқары жерлерде, көшелерде болатын күрделi
оқиғалар мiнезi толық қалыптаспаған балаларды алаңдатады. Кейде қысқа
таныстық жалған достыққа жақындастырады. Өзара шүйiркелесуден бейтаныс
топтағы күштiрек балалардың басқаруымен бос жүрiске салынатын жстарда бар.
Осындай жүрiске үйiр болғанда өкiнiшке тап болатын сәтсiздiктер де
кездеседi.
Ұжымшылдыққа тәрбиелеуде балалардың мектептегi қоғамдық жұмыстарға,
сынып болып қатысса, iс нәтижелi болады. Мұнда әр нәрсенi сылтау етiп, ата-
анасының қамқорлығына сүйенетiн, сөйтiп, қоғамдық жұмысқа қатысқысы
келмейтiндер ерiксiз кендiге бастайды. Тәкәппарлық, өзiн басқалардан жоғары
ұстайтындар байқалса, сынып ұжымы оларға өзiндiк ықпал ете алады. Сынып
жетекшiлерi шәкiрттерiн сезiмталдыққа, әсерленушiлiкке тәрбиелей бiлсе,
ұжымдық көзқарасына орынды бақылау жасаса, iс нәтижесiн бередi. Бала
тәрбиелеуде әке мен шешенiң адамгершiлiк бейнесi ерекше әсер етедi.
Небiр жағдайларда дұрыс ұжым таппаған балалардың оғаш мiнез-
құлықтарын лезде аңғаруға болады.
Достық қарым-қатынастың белгiлерi бiр-бiрiнiң үйiне бару, араласу,
хабарласу арқылы және т.б байқалады. Осындай қызығы мол жүздесу, тiлдесу,
қарым-қатынас балаларға ауадай қажет. Рахаттанып өздерiнiң жүрек
түпкiрiндегi сырларын шертiскен, ұмыт қалған сабақтарын сұрасқан балалардың
ынтымағы жарасып, ұжымдық белгiлер нышан бередi. Алайда кейбiр ата-аналар
балаларының досы келсе, сұсты көзбен қарап, жақтырмағандық байқатады.
Қазiргi жастар өте сезiмтал да сыршыл келедi. Онысын байқатпай кетуге
асығады.
Ұжымшылдыққа баулуда мақал-мәтелдердi естерiне салу, әңгiме арасында
орынды келтiру пайдалы.
Баланы дұрыс жолға бастамайтын әдет көбiнесе еркелiк, тiлазарлық.
балардың мұндай мiнездерiн табандылықпен түземейiнше iс оңға баспайды.
Тәрбие жұмысы дұрыс жолға қойылмаған отбасында ”қиын” оқушылар болады.
Оларды жөнге салуға ынталы ата-аналар сынып жетекшiмен жиi қатынаста болса,
жағдай жақсарады.
В.А Сухомлинский сөзiне жүгiнсек: Отбасының басты мәнi де, мақсаты да
– балаларды тәрбиелеу, ұжымшыл да баур етiп шығару. Бұл орайда жасы
үлкендер кiшiлерге әрқашан өнеге көрсеткенi абзал. Ал дайын асқа әзiр
тұратын балалардың өзiне қызмет көрсете алмайтынын ұжымшыл, қоғамға пайдалы
iске ынтықтар жақсы бiледi. Ондайларды ұжымшылдық қарым-қатынасқа, еңбек
сүйгiштiкке, тәртiптi болуға баулу- қоғам алдындағы жауапкершiлiк болып
табылады.
Мұндай аса күрделi қарым-қатынаста ата-ана, мектеп, қоғамдық орындар
да, белсендiлiк танытса, қызмет пайдалы нәтижесiн бередi.
Демек бiз ХХ ғасырдың ұлы педагогi А.С Макаренко iлiмiнiң өмiршең
екенiн қазiр уақыттың өзi дәлелдеп отыр. Оны педагогиканың классигi десек,
қателеспеймiз. Өйткенi, ол мектептiң барлық өзектi мәселелерi мен
педагогиканы қамти отырып, бiрнеше идеяларды ұсынған: тәрбиенiң
бағдарламасы, педагогикалық жоспарлау, оқу мен өндiрiстiң байланысы,
мiнездi қалыптастыру, жақсы дәстүр негiзiнде тәрбиелеу, тәбиелеушi ұжым
педагогикалық ұжым, тәртiптiлiк пен өзiн-өзi басқару, тәрбиешi мен
тәрбиеленушiнiң жеке қарым-қатынасы, педагогтың беделi, шеберлiгi.
Тәрбие жұмысының ең негiзгiсi - ұжымда жеке адамды тәрбиелеу. Ұлы
педагог кешегi социалистiк қоғамда өмiр сүргендiктен, оның тәрбие
ұстанымдары коммунистiк идеологияны мақсат етсе, қазiргi демократиялық
қоғамда өмiр сүретiн бiздiң мақсатымыз – тәуелсiз елдiң еркiн ойлы азаматын
тәрбиелеу.
А.С Макаренко өзi құрған М. Горький және Ô. Дзержинский атындағы
коммунаның өзiн-өзi басқару ұйымына және оның демократиялы болуына көп
еңбек еттi. Ұжымның конституциясы, сайланған командирi, өзiн-өзi басқарудың
жоғары ұйымы, жиналыс және командирлер, кеңесi жұмыс iстедi. Макаренко
ұсынған бұл жалпы ұстаным мен тәрбие әдiсiн коммунада ғана емес, мектептеде
қолдануға болады. Ол өнiмдi еңбек, демократия, мұғалiм мен оқушының тең
дәрежедегi қарым-қатынасы, педагогикалық шеберлiгi, үнемi шығармашылық
iзденiсi.
А.С Макаренконың мұндай жұмыс iстеу жүйесiн пайдалану қазiргi кездегi
жаңашыл педагогтардың бiрi И.П Ивановтың ұжымдық шығармашылық iс-әрекет
әдiсiнен көруге болады.
А.С Макаренко И.П Иванов
1 Жалпы қарым-қатынас 1 Балалардың ұжымдық шығармашылығы мен
қарым-қатынасы
2 Командирлер кеңесi 2 Iскерлiк кеңес
3 Құрама топтар 3 Шығармашылық топ
4 Звенолар 4 Микро ұжым
И.П Ивановтың бұл әдiсi 6 сатыдан тұрады.
1. Тәрбиенiң алғы жұмыстары;
2. Ұжым болып жоспарлау және қарым-қатынас жасау;
3. Ұжымның шығармашылық жұмысына дайындық;
4. Ұжыммен шығармашылық жұмыс жүргiзу;
5. Балалардың ұжымдық шығармашылығына талдау жасау;
6. Үмiт нәтижелерi.
Бастауыш сынып жетекшiлерi 1997 жылдан берi И.П Ивановтың осы әдiсiн
пайдаланып жұмыс iстеп жүр. Бұл әдiс оқушыларда кездесетiн көптеген
кемшiлiктердiң себебiн ашуға көмектеседi. Бұл әдiстi бұрындары да сыныпта,
мектепте әр түрлi шаралар дайындалып, өткiзiлiп жататын, бiрақ барлық
ашараны мұғалiмдер, үлкендер өздерi жобалап, ал оқушылар тек жай орындаушы
ретiнде ғана қатысатын. Әрине, бұл оқушыларды аса қызықтырмайтын.
Қазiр егемендi ел болып тәрбиелеу нәтижесi қазiргi заман
талабына сай жасалады. ”Ең бастысы, адамға деген жаңа қарым-қатынас адамның
ұжымдағы жаңа позициясы, оған деген жаңа қамқорлық...” деп А.С Макаренко атап
көрсеткендей ұжымда тәрбие iсiндегi қарым-қатынас түбегейлi өзгерген.
Қатысушылардың бiрдей құқықтық қарым-қатынасы, нәтижеге бәрi бiрдей қызығуы
артып, әр қатысушының өз мүмкiндiгiне қарай нәтижеге жетуге қосар үлесi
молайды.
Тәрбие сағаттарын өткiзерде оқушылармен келiсе отырып сабақтың
тақырыбын, оның мақсатын анықтайды. Кiмдер қатысады, кiмдердi шақырады,
қалай қызықты да пайдалы етiп өткiзу, бәрi-бәрi сараланады. Тақырыбын,
мақсатын белгiлiгiннен кейiн, ендi сынып сағатын қалай өткiзу керек, қайда
өткiзген қолайлы, қандай iстер атқару керектiгi жайлы да оқушылармен
ақылдаса келе жоспар жасалады. Әр оқушы өз ойын ашық айтып үлесiн қосады.
Содан соң ғана жоспар бойынша дайындық басталады. Әр топ микро топтарға
бөлiнiп дайындалады, әр топтың өз жетекшiсi сайланып, жетекшiлер
тәлiмгермен қажет кезiнде ақылдасып отырады. Сынып жетекшiсi тек ақыл
қосушы, әр топтың құпиясын сақтаушы бiр-бiрiн қайталамас үшiн бiлдiрмей
бағыт берушi ғана болады.
Сынып сағатын өткеннен кейiн талдау жасалады. Оқушылар сабақта кеткен
кемшiлiктермен жетiстiктердi өздерi талдайды. ßғни қандай шара өткiзсе де
ұжым болып iзденедi, жоспарлайды, даярлайды, бiр-бiрiмен тығыз қарым-
қатынаста болады, бiрге өткiзедi, талдайды.
А.С Макаренконың ”Ұжымдық өмiрдiң тәжiрибесi ... бұл ұжымдық қозғалыстың
мақсатшыл өте күрделi тәжiрибесi , оның iшiнде ұйғарым жасау, талқылау,
қарым-қатынас жасау, көпшiлiкке бағыну, жолдастың жолдасқа бағынуы,
жауапкершiлiкпен үйлесiмдiлiк принциптерi ең көрнектi орынға ие болады ”
дегендей баламен жұмыс iстеу жолдары мен тәсiлдерiн қалыптастырады.
Оқушылардың белсендiлiгiн арттыру, қарым-қатынасын қалыптастыру, қоғам
алдындағы жауапкершiлiк пен парызды, ұжымдылық пен жолдастықты,
мейiрбандылық пен қайырымдылықты, қарапайымдылық пен сыпайылықты, өзiн-өзi
қадiрлеу, өзiне талап қоя бiлуi, алдына қойған мақсатқа жету үшiн еңбекқор
бола алатындай жеке тұлғаны ұжымда тәрбиелеу қажет.
Оқушылар ұжымы үш кезеңнен өтедi. Ұжымның даму кезеңдерiн айқындаған
А.С Макренко. Ол балалар ұжымы дамуының мақсатына, iс-әрекетiнiң мазмұнына,
тәртiбiне, балалардың ара-қатынасы тәуелдiлiгiне байланысты ажыратты.
Бiрiншi кезеңде оқушылар ұжымы жеткiлiксiз ұйымдастырылған топ.
Сондықтан мұғалiм сынып өмiрiн ұйымдастыру үшiн жұмысты талап қоþдан
бастайды. Талап iс-әрекетiнiң барысында орындалуға тиiстi нақты мiндеттер.
Талап қоþ балаларды мiнез-құлық нормасына үйрету, әлеуметтiк тәжiрибеге
тарту. Бұл кезеңде балалар ұжымы сирек кездесетiн құбылыс. Мұндай жағдай
бастауыш сыныптарда және әр мектеп бiтiрген оқушылардың жоғарғы
сыныптарында болуы мүмкiн.
Бұд кезеңде ұжым iс-әрекетiнде белсендi, ынталы оқушыларға сүйену
керек. Ұжым өмiрiне мұндай тәсiл сынып белсендi жұмыс iстейтiн оқушылар
тобын көбейтуге және балалар мен мұғалiмдердiң жұмысты бiрлесiп iстеуiне
әсер етуi мүмкiн.
Бiрiншi кезең аяқталу үшiн мына мәселелердi еске алған жөн:
- Ұжымды нығайтуға бағытталған мақсатарды анықтау;
- Ұжым iс-әрекетiнiң дамуы;
- Жеке адам арасындағы қарым-қатынас, iскерлiк және гуманистiк
қатынастардың пайда болуы;
- Барлық ұжым мүшелерi қолдайтын белсендiлер тобының бөлiнуi.
Бұл кезеңде мұғалiмнiң негiзгi қызметi - оқушылардың ұжымдық iс-
әрәкетiн ұйымдастыру, оларды әр түрлi iс-әрекеттерiне қатыстыру, ұжымды
балаға педагогикалық ықпал жасайтын құралға айналдыру.
А.С Макаренко ұжымды нығайту үшiн тәрбие жұмысын барлық ұжымды
тәрбиелеуден бастау қажет дейдi.
Екiншi кезеңде ұжым өзiн-өзi басқаруға, яғни сынып жетекшiсiнiң
ұйымдастырушылық қызметiнен тұрақты ұжым органдарына көшедi. Сондықтан бұл
кезеңде белсендi топпен жұмыс iстеудiң маңызы зор. Мысалы, жұмысты бiрiгiп
жоспарлау, әр түрлi оқу, қоғамдық еңбек тапсырмаларын орындау, әрбiр ұжым
мүшелерiне көмектесу, iс-әрекеттерiн бақылау т.б.
Мұғалiмнiң қызметi – коммуникативтi, яғни балалармен қарым-қатынас
жасау, ұжымның өмiрi үшiн оқушылардың ынтасын қуаттау, жалпы мiндеттердi
орындауда барлық оқушылардың күш-қуатын нығайту.
Ұжымның бұл даму кезеңiнде паралелдi ықпал жасау принципi қолданылады,
яғни тұлғаға талап қоþ ұжым арқылы жүзеге асырылады.
Үшiншi кезең - бұдан былай белсендi топтың және ұжым (сынып) iс-
әрекетiнiң дамуымен сипатталады. Онда қоғамдық өмiрдегi деректердi,
құбылыстарды бағалауда қоғамдық (ұжымдық ) пiкiр пайдаланылады. Бұл саты
өрлеу кезеңi. ұжым өмiрiнде, оқушылар арасында жалпы iстi бiрлесiп
орындаудың арқасында ұжымдық, гуманистiк қатынастар дамиды, демек, ұжымда
тiлектестiк, бiр-бiрiне илтипаты болуы, жолдастарының қуанышына,
мұқтаждығына үн қатуға дайын тұру, мiнез-құлық нормасын сақтау, нормаға
бағыну сияқты болымды қасиеттер пайда болады.
Ұжым қоғамдық пiкiрмен сипатталады. Қоғамдық пiкiр – бұл ұжым
мүшелерiнiң талаптарды, пiкiрлердi бағалаудағы бiрлiгi. Бұл бiрлiктi ұжым
кейбiр ұғымдар және құбылыстар жайындағы пiкiрлердi мақұлдайды немесе
кiналайды. Демек, ұжымдық талқылау, бағалау, жариялылық, әрекеттiлiк -
қоғамдық пiкiрдiң ерекшелiгi.
А.С Макаренко балалар ұжымы дамуының мақсатына, iс-әрекетiнiң
мазмұнына, тәртiбiне, балалардың ара-қатынасы тәуелдiлiгiне байланысты
үшке ажыратты.
- Күнделiктi өмiрде пайда болып жеке адамды әр түрлi iс-әрекеттерiне
ынталандыру, қызықтыру. ”Егер балалар алдында қуанышты, қызықты
iстер болмаса, онда олар өмiр сүре алмайды. А.С Макаренко адам
өмрiрiн шын ынталандыруды ертеңгi қуаныш” – дедi.
Шын ынталандыруға: жарыс, саяхат, жексенбiлiк серуен, цирк, музей көрмеге
бару, үйiрмелердегi қызықты жұмыстар тағы басқалар жатады.
- Балалар лагерiне бару, жыл сайын өткiзiлетiн ән, сурет, мақал-
мәтелдер сайыстарына қатысу, ýстетикалық тақырыпқа байланысты
әңгiме өткiзу т.б. жатады. Мұндай алда тұрған оқиға оқушылар үшiн
өте қуанышты болады.
- Ұжымның немесе жеке адамның бiр iстi ұзақ мерзiмде орындауға
талаптану мақсаты. Бұл жолға келешек мамандықты таңдау, бiлiм алу,
мектеп бiтiргеннен кейiн халық шаруашылығында жұмыс iстеуге тiлек
бiлдiру немесе орта және жоғары арнайы оқу орындарына түсу жатады.
Осы аталған жолдарды оқу және тәрбие барысында тиiмдi пайдалануда әр бiр
мұғалiмнiң мiндеттерi: бiрiншiден, баланың, сыныптың, мектептiң пайдасы
үшiн тыңдап ала бiлу; екiншiден, оқушылардың жас ерекшелiктерiн және жалпы
дайындық дәрежесiн еске алу.
Ұлы немiс педагогы А. Дистергвергтiң әйгiлi “мұғалiмдердiң бiлiм
беру iсiне басшылық“ атты еңбегiнде: “Жаман мұғалiм ақиқатты өзi айтып
бередi, ал жақсы мұғалiм оқушының өзiн iзденуге жетелейдi,ойлауға
үйретедi“,- деген. Ал ойлауға үйрететiн сабақты дамыта оқыту сабақтар деп
бiлемiз.Бұл сабақтағы ерекше ахуал, мұғалiм мен оқушы арасындағы ерекше
қарым-қатынас. Мұғалiм бұл жағдайда танымдық iс-әрекеттi ұйымдастыратын
ұжымдық iстердiң ұйытқысы болғандықтан, оқушының шығармашылығын арттырады.
Оқушы қоғамнан тыс өмiр сүре алмайды. Өйткенi оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесiнде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы бала белгiлi мазмұнға ие болады. Адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмiрiнiң болуы
мүмкiн емес.
Кез-келген адам дүниеге келiсiмен екiншi бiр адаммен қарым
-қатынасқа түсудi қажетсiнедi. Мәселен, нәрестенiң анасымен ңтiлдесуiң
қажетiн қанағаттандырмау – бiртiндеп оның қасаң сезiмдi, мейiрiмсiз болып
өсуiне, кiшкентайынан айналасына деген сезiмiнiң азаþына әкелiп соқтыратыны
байқалып жүр. Сүйтiп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу -қай жастағыларға
болмасын, оған киiм-кешек, баспана, ұйқы, демалу қандай қажет болса ,
айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай бiлу де сондай
қажет. Мәселен, баланы қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең
ауыр түрi екендiгiне шүбә келтiруге болмайды. Өзгелермен қарым- қатынас
жасау- бұл тiршiлiкке аса маңызды ақпарат (хабар) алмасу деген сөз. Бала
қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлiмет алады, еңбек пен
тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлi құндылықтарды
меңгередi. Әрине, қарым -қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейдi, оның
шеңберi аса кең, бұл көп қырлы ұғым Спектакль көрсе де сабақты тыңдаса да,
телеôонмен хабарласса да , дос-жандармен сөйлессе де–осының бәрi- қарым-
қатынастың сан алуан қырлары.
Осындай қарым-қатынастың мән мағынасы, олардың түрлi көрiнiстерi жеке
адамдармен топтық ұйымдардың тiршiлiгiнен жақсы байқалып отырады.
Қарым-қатынас ңтопң, ңұжымң, деген ұғымдармен тiкелей байланысып
жатады.
Адам баласы жалғыз жүрiп, көздеген мақсат-мұратына жете алмайды, сондықтан
ол ылғи да басқалармен бiрлесiп тiршiлiк етедi. Мұндайда адам ылғи да
топпен бiрге өмiр сүретiнi белгiлi. Ал топтың түрлерi са алуан. Мәселен,
мұның бiрi- нақты (реалды) топтар. Бұл–ортақ мақсат көздеп ,бiр
кеңiстiкте, белгiлi уақыт iшiнде, бiр-бiрiмен қоян-қолтық араласып, iс-
әрекетке түсетiндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро), ресми, бейресми,
ôормалы, ôормасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды, табиғи, реôеренттiк
болып бiрнешеге бөлiнедi.
Бiршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бiр-бiрiмен
тiкелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған балалар
бiрлестiгiн ңшағын топ ң деп таталады. Осындай топтың барлық мүшесiнiң
күш –жiгерi бiр мақсатқа (оқу, еңбек, т.б) бағытталады. Мұндағылар бiрiн-
бiрi жақсы бiледi, топ алдында тұған ортақ мiндеттi орындау кезiнде өзара
қоян-қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерiнiң саны екi-үш баладан
құралып, әрiсi 30-40 баладан аспайды.
Мектептегi сынып сияқты бiрлестiктер шағын топ деп аталады. Мәселен,
кейбiр оқушы мектепте жүргiзiлетiн әртүрлi iс-шаралардың бәрiне де
қатысады. Ол ôутбол командасының, не пән үйiрмесiнiң мүшесi, не жетекшiсi,
т.б. Бiрақ осылардың бiреуiне ерекшеден қояды. Шағын топтағылардың өзара
қарым-қатынасына шек қойылмайды.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрi-ұжым (колектив) деп
аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олрдың мүдделерiнiң бiр-
бiрiмен ұштасып, ңбiр жеңнен қолң, ңбiр жағынан басң шығаратындай халге
жетуi, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда ңырың-жырыңныңң орын
алмауы, дамудың биiк деңгейiне көтерiлу-ұжымның басты белгiсi. Кез келген
топтың көп жағдайда ұжым деңгейiне көтерiле алмайтыны да көбiнесе осындай
топта келеңсiз жағдайлардың орын тебуiнен туындайды.
Әр адам топта қандай болмасын белгiлi бiр рөль атқарады. Бiрақ оның
бұл рөлi тұрақты болмайды. Мәселен, сен бiр кез сынып старостасы болдың
дейiк, бiраз уақыттан кейiн сен ендi санитар мiндетiн атқаруың мүмкiн. Осы
ұжымның қатардағы мүшесi болатының тағы өз алдына. Кiсiнiң атқаратын iсi
неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның
ұжымға ықпалы тиiмдiрек болады.
Адамның топқа ықпал ету дәрежесi оның жеке басының қасиеттерiне де
тәуелдi. Орамды ақыл, терең сезiм, күштi ерiк- жiгер, қажыр-қайрат,
қабiлеттiлiк осының бәрi ұжым игiлiгiне айналса, кiсiнiң рухани өмiрi бай
болса, дағды икем, шеберлiгi жектiлiктi болса, ол соғұрлым топ iшiне тез
сiңiп, беделi де жоғары болады. Ал, адам өзiн ұжымнан жоғары қойса, әсiресе
оған қарсы келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы
төмендеп, бара-бара беделiнен айрылатын болады.
Зерттеу нәтижесiне қарағанда мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның
iшiнен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгiлi болады екен.
Мұның себебiне келсек: бiрiншiден, олардың топ мүшелерiмен қатынас жасай
бiлу қасиетiнiң жоғарлығында, яғни басқаның ң жүрегiне жол таба ң бiлiп,
қашанда көпшiлiкке жақын, белгiлi болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау,
жағымпаздану жолымен емес, өзiнiң табиғи болмасымен, қадiр-қасиетiмен, ашық
мiнезбен табады. Сөйтiп, адамның топ iшiнде белгiлi болуы оның басқалардың
жағдайын түсiне бiлуi негiзiнде қалыптасады екен. Екiншiден, ондай адам
бiлiмдiлiгi, iскерлiгi, өз бiлгенiн басқалардан аямай, олармен риясыз
бөлiсуге, көмектесуге әзiр тұрушылығымен де ерекшеленедi.Үшiншiден,
кiсiнiң сырт бейнесi мен келбет-кескiнiн, яғни дене күшi ôакторын да
ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие,
жұдырық жұмсай бiлетiн құбырларын құрметтейдi.
Топ мүшелерiнiң көпшiлiгi өзара тату-тәттi тiршiлiк еткенмен, ондағы
әр адамның өзгелерден гөрi жиi байланысқа түсетiн, мүддесi бiр, әңгiмелерi
жарасқан ортақ iстi құлшына орындайтын жолдастық, достық қатынастағы
адамдар да болады.
Ендi бiр жағдайда топтағы адамдардың iшiнде ешкiммен жеке қатынасқа
түспей, яғни өзiне ылайықты серiк таба алмайтындарыда кездеседi. Жұрт
ондайлары дек көрiп, маңайларына жуытқысы келмейдi.
Оқушы топтарында жекелеген балалардың өзгелермен араласпай, оқшау
жүруi, топ мүшелерiнiң кейбiреулердi жандарына жолатпай жүретiндiгiнiң
себептерi ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz