Сезім мен эмоция жайлы



І Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3

ІІ Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
1. Эмоция ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 7
1.1 Негізгі эмоциялар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...7
1.2 Классификациялық белгілері ... ... ... ... ... ... ... ...9
1.3 Эмоция мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау...15
1.4 Эмоциялық жағдайлар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .18
1.5 Конфликті эмоционалды жағдайлар ... ... ... ... ... .20
2. Сезім ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..21
2.1 Сезім туралы ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 21
2.2 Сезімнің негізгі салалары және олардағы дара айырмашылықтар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 23
2.3 Сезім білдіру және іс.әрекет ... ... ... ... ... ... ... ... .26
2.4 Сезімнің физиологиялық негізі және адамның жеке басы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...29
ІІІ Қорытынды ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..33
ІҮ Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 34
Адам баласы өмір сүру барысында көптеген жағдайлар мен соларға байланысты әр түрлі сезімдерді басынан өткізеді. Оның ішінде жағымдысы да, жағымсызы да, интенсивтісі де, аса байқалмайтыны да, ұзағы да, қысқасы да бар. Психикада әр алуан мақсаттарда жұмыс жасайтын механизмдер болады. Мысалы, сезім мүшесі механизмінің нәтижесі болып ыстық пен суықты, аштық пен тоқтықты сезіне білу, есту және көре білу т.б. табылады. Зейін қою механизмінің нәтижесі – оның бір объектіні өзгелерден оқшауландырып, ерекше көңіл бөліп көре алуы. Одан да жоғары деңгейдегі зейінді «жинақылық», «аса көңіл бөлушілік» секілді тіркестермен сипатталатын сезім деп түсінсек, ал зейін қоя білмеуді салғыттық, бос белбеулік, опақтық деп бағалауға болады. Шаршаңқылық, жинақылық, ұйқышылдық дегендер адамның физиологиялық жағдайлары екені сөзсіз.
Осы молшылықтың ішінен эмоционалдық құбылыстарды ерекшелеп алған жөн. Олардың өзі де әр алуан. Ішінде әлсіз, жылдам өзгеріп отыратын, кез-келген болмашы жағдайлардың септігінен туындайтындары да болады, ол – көңіл-күй. Одан өзге, созылыңқы әрі тұрақты, өз бойында әр текті білім, эмоция, мақсат секілді көптеген компоненттерді қамтитын күрделі калыптар бар. Оларға махаббат, достық, қызғаныш пен қуаныш секілді сезімдер жатады. Келесі ретте, адамның өзіне бағынбайтын, белгілі бір сыртқы жағдайларға байланысты, адамның олар туралы біліміне байланыссыз болып жататын эмоциялық жағдайлар да кездесіп отырады. Және де адамның өзіне байланысты, оның белгілі жағдайды қабылдауына байланысты, атап айтқанда, сол жағдайлардан қалай шығу мәселесін немесе оларды өз пайдасына шешу, қолдану туралы толғану барысында болып жататын қалып. Бір ғана эмоциональды модальдықтың (эмоцияның бір түрі) өзі көңіл-күй, санасыз эмоция және эмоция болуы мүмкін. Осылайша, адамда қорқыныш сезімі өзі ешқашан көрмеген, ешқашан зиян таппаған, тіпті басқа адамдар немқұрайлы қарайтын кейбір жәндіктерден де тууы мүмкін. Қорқыныш сезімі күрт жасалған қимылдардан немесе оқыс дыбыстардан да туындауы мүмкін. Бұл санасыз, алдын ала ойланып-толғанылмаған кейбір нейрондардың жәндіктердің сыртқы бейнесіне немесе заттың қимылына байланысты көрсететін спецификалық реакциясы. Бұл құбылыс адаммен алдын ала жоспарланбайды әрі оның қалауы мен тәжірибесіне байланыссыз пайда болады. Қорқыныштың әлсіз түрі көңіл-күй болып, түсініксіз үрей ретінде білінуі мүмкін. Ең ақырында, қорқыныш эмоциясы қауіпке деген саналы реакция түрінде пайда болуы мүмкін. Бұл қалыптың түбегейлі пайда болуы әр түрлі жағдайларға байланысты әр алуан, әйтсе де оны адам феноменологиялық түрде бірдей сезінуі мүмкін.
1. Анохин П.К. Эмоции / Большая медицинская энциклопедия. 2–е изд. 1964, т. 35, с. 339–367;
2. Аргайл М. Психология счастья. М.: Прогресс, 1990;
3. Бергсон А. Смех // Психология эмоций. Тексты / Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М.: Изд–во МГУ, 1984, с. 186–191;
4. Васильев И.А., Поплужный В.Л., Тихомиров О.К. Эмоции и мышление. М.: Изд–во МГУ, 1980;
5. Вилюнас В.К. Психология эмоциональных явлений. М.: Изд–во МГУ, 1976;
6. Джемс У. Что такое эмоция? / Психология эмоций. Тексты / Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М.: Изд–во МГУ, 1984, с. 83–92;
7. Изард К. Эмоции человека. М.: Изд. Мос. Унив., 1980;
8. Лазарус Р. Теория стресса и психофизиологические исследования / (Ред.) Леви Л. Эмоциональный стресс. Л., 1970;
9. Мак–Дугалл У. Различение эмоции и чувства / Психология эмоций. Тексты / Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М.: Изд–во МГУ, 1984, с. 103–107;
10. Психология эмоций. Тексты / Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М.: Изд–во МГУ, 1984;
11. Рейковский Я. Экспериментальная психология эмоций. М.: Прогресс, 1979;
12. Роджерс К.Р. Эмпатия // Психология эмоций. Тексты / Под ред. В.К. Вилюнаса, Ю.Б. Гиппенрейтер. М.: Изд–во МГУ, 1984, с. 235–237;
13. Селье Г. Стресс без дистресса. М., 1979, с. 123;
14. Симонов П.В. Потребностно–информационная теория эмоций / Вопросы психологии. 1982, N 6, с. 44–56;
15. Симонов П.В. Эмоциональный мозг. М.: Наука, 1981;
16. Спрингер С., Дейч Г. Левый мозг, правый мозг. М.: Мир, 1983;
17. Франкл В. Человек в поисках смысла. М., 1990;
18. Ханин Ю.Л. Исследование тревоги в спорте / Вопросы психологии, 1978, N6, с. 94–106

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 34 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

Қазақ Ұлттық Аграрлық университеті

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Сезім және эмоция

Қабылдаған: _____________________

Орындаған:_______________________

Алматы 2007 ж

Жоспар

І
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
... ... 3

ІІ Негізгі
бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7

1.
Эмоция ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ..7
1.1 Негізгі
эмоциялар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... .7
1.2 Классификациялық белгілері ... ... ... ... ... ... .. ... .9
1.3 Эмоция мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау...15
1.4 Эмоциялық
жағдайлар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ...18
1.5 Конфликті эмоционалды жағдайлар ... ... ... ... ... .20

2.
Сезім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... .
... ... ... ...21
2.1 Сезім туралы
ұғым ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .21
2.2 Сезімнің негізгі салалары және олардағы дара
айырмашылықтар ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...23
2.3 Сезім білдіру және іс-
әрекет ... ... ... ... ... ... ... . ... 26
2.4 Сезімнің физиологиялық негізі және адамның жеке
басы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... 29

ІІІ
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
...33

ІҮ Қолданылған
әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... 34

І Кіріспе

Адам баласы өмір сүру барысында көптеген жағдайлар мен соларға
байланысты әр түрлі сезімдерді басынан өткізеді. Оның ішінде жағымдысы да,
жағымсызы да, интенсивтісі де, аса байқалмайтыны да, ұзағы да, қысқасы да
бар. Психикада әр алуан мақсаттарда жұмыс жасайтын механизмдер болады.
Мысалы, сезім мүшесі механизмінің нәтижесі болып ыстық пен суықты, аштық
пен тоқтықты сезіне білу, есту және көре білу т.б. табылады. Зейін қою
механизмінің нәтижесі – оның бір объектіні өзгелерден оқшауландырып,
ерекше көңіл бөліп көре алуы. Одан да жоғары деңгейдегі зейінді
жинақылық, аса көңіл бөлушілік секілді тіркестермен сипатталатын сезім
деп түсінсек, ал зейін қоя білмеуді салғыттық, бос белбеулік, опақтық деп
бағалауға болады. Шаршаңқылық, жинақылық, ұйқышылдық дегендер адамның
физиологиялық жағдайлары екені сөзсіз.
Осы молшылықтың ішінен эмоционалдық құбылыстарды ерекшелеп алған жөн.
Олардың өзі де әр алуан. Ішінде әлсіз, жылдам өзгеріп отыратын, кез-келген
болмашы жағдайлардың септігінен туындайтындары да болады, ол – көңіл-күй.
Одан өзге, созылыңқы әрі тұрақты, өз бойында әр текті білім, эмоция, мақсат
секілді көптеген компоненттерді қамтитын күрделі калыптар бар. Оларға
махаббат, достық, қызғаныш пен қуаныш секілді сезімдер жатады. Келесі
ретте, адамның өзіне бағынбайтын, белгілі бір сыртқы жағдайларға
байланысты, адамның олар туралы біліміне байланыссыз болып жататын
эмоциялық жағдайлар да кездесіп отырады. Және де адамның өзіне байланысты,
оның белгілі жағдайды қабылдауына байланысты, атап айтқанда, сол
жағдайлардан қалай шығу мәселесін немесе оларды өз пайдасына шешу, қолдану
туралы толғану барысында болып жататын қалып. Бір ғана эмоциональды
модальдықтың (эмоцияның бір түрі) өзі көңіл-күй, санасыз эмоция және эмоция
болуы мүмкін. Осылайша, адамда қорқыныш сезімі өзі ешқашан көрмеген,
ешқашан зиян таппаған, тіпті басқа адамдар немқұрайлы қарайтын кейбір
жәндіктерден де тууы мүмкін. Қорқыныш сезімі күрт жасалған қимылдардан
немесе оқыс дыбыстардан да туындауы мүмкін. Бұл санасыз, алдын ала ойланып-
толғанылмаған кейбір нейрондардың жәндіктердің сыртқы бейнесіне немесе
заттың қимылына байланысты көрсететін спецификалық реакциясы. Бұл құбылыс
адаммен алдын ала жоспарланбайды әрі оның қалауы мен тәжірибесіне
байланыссыз пайда болады. Қорқыныштың әлсіз түрі көңіл-күй болып,
түсініксіз үрей ретінде білінуі мүмкін. Ең ақырында, қорқыныш эмоциясы
қауіпке деген саналы реакция түрінде пайда болуы мүмкін. Бұл қалыптың
түбегейлі пайда болуы әр түрлі жағдайларға байланысты әр алуан, әйтсе де
оны адам феноменологиялық түрде бірдей сезінуі мүмкін.
Эмоция (латын тілінен аударғанда, emovere - уайымдау, қозу) –
индивидтің өзіне әсер ететін факторларды бағалаумен тығыз байланысты қалып.
Ол, әдетте, өзінің қажеттілігіне деген қанағаттанарлық немесе
қанағаттанарлықсыз немесе уайымдаулар түрінде байқалуы мүмкін. Эмоцияның
әсерінен адам өзінің ішкі сезімдерін немесе оның сезімдерінің мәнін түсіне
бастайды. Күшті, бірақ аз уақыттық эмоцияны аффект деп атайды. Ал терең әрі
тұрақтыны сезім деп атайды. Эмоция – бұл психикалық процесс, әрекетті
импульсивті қалыптастыратын негізгі сезім бейнесінің қажеттілігінің сыртқы
әрекетінің мәні. Индивидке сыртқы жағдайлардың жағымды және жағымсыз әсер
етуі.
Эмоция организмнің эволюцияда жақсы адаптациялану нәтижесінде пайда
болды. Эмоция - әр уақытта қосвалентті (екі полюсі бар). Олар: жағымды және
жағымсыз. Жеке заттар құрылымы және жағдайлардың маңыздылығы эмоцияны
тудыра отырып, организмге сай келетін әректтерге бағыттайды.
Эмоция түйсік сияқты психиканың негізгі құрылысы. Егер түйсікті
материалды жағынан бейнелесе, ал эмоцияда әртүрлі жағдайларда субъективті
қарым-қатынаста болады.
Сыртқы жағдайлардың әсерінен импульстер миға екі ағынмен әсер етеді.
Оның бірі ми қыртысының өзіне сай зонасына бағытталып, осы импульстер
қабылданып, оны түйсіну мен қабылдау ретінде қабылданады. Екінші ағын
оларды мидың қыртысастылық қабатына (гипоталамус) алып барып, артынша
оларды субъективті эмоция түрінде орындауға мүмкіндік береді.
Адам шындыққа көзі жете отырып, өзіне деген, басқа адамдарға деген әр
түрлі қатынаста болады. Ол жағдайлар оны қуантады, ал біреулері өкіндіреді,
үшіншісі ашуландырады. Қуану, өкіну, таңырқану – мұның барлығы адамның
субъективті қатынасы. Психологияда эмоция процессі адамның өмірлік
әрекетінің ішкі және сыртқы жағдайларына байланысты. Эмоция – сезім
субъективінің қатынасы ретінде адамның өзіне және оны қоршаған ортағ
қатынасы. Адам өмірінде эмоцияның болуы – ол аффектіге байланысты. Өзіндік
эмоциялар: сезім, көңіл-күй және стресс. Сезім – ол эмоциядан да күшті,
тұрақты психикалық заттық қасиетке ие жағдай. Олар – қандай да бір
объектіге байланысты тұрақты қарым-қатынас. Адам сезімсіз ойлана алмайды.
Сезім мынадай бөліктерден тұрады: моральды (адамның қайғысы, оның басқа
адамдармен қарым-қатынасы), интелектуалды (сезім, танымдық іс-әрекеттермен
байланысты), эстетикалық (өнерді қабылдайдағы сұлулықты сезіну). Бұның
табиғаттан беріледі. Сезім адамның іс-әрекетіне байланысты.
Әрбір саналы азамат өзінің эмоцияларын оңай ажырата алады. Ол үшін
өзінің ашулану, өркөкіректік, үміт т.б. секілді эмоцияларын бір-бірінен
ажырату қиындыққа соқпайды. Бірақ адам баласы нақты бір ситуацияда өзінде
қорқыныш немесе үміттің орнына ашулану эмоциясының неліктен туындаған
қарапайым жағадайлар да ғана түсіндіре алады. Менің мақсатым эмоциялар мен
сезімдердің бір-бірінен айырмашылығын түсіндіру болып табылады.

ІІ Негізгі бөлім

1. Эмоция

1.1 Негізгі эмоциялар

Бастапқы эмоция қатарына мыналар жатады:
← Қызығу
← Қанағаттану
← Үміт
← Қуаныш
← Ойлану
← Қорқыныш
← Ыза
← Қайғыру
← Күлкі
Негізгі эмоционалды адам сезінетін жағдайлар, эмоция және болып
бөлінеді. Сонымен қоса, мынадай жағдайлар бөлініп қаралады. Олар: аффект,
стресс, құштарлық, көңіл-күй.
Тарахи дамудағы адамның жоғарғы эмоциясы сезім болып табылады. Ол
адамның әлеуметтік жағдайына байланысты. Эмоция және сезім жеке басты
құрылым. Мысалы, эмоция қуанышы және сезім қуанышы. Егер жеке эмоциялар
қажеттілікке байланысты және оны қанағаттандыруына байланысты
қорытындыланса, онда сезім заттық характерге байланысты. Сезім нақты
объектіге байланысты, мысалы, адамның махаббаттық сезімі.
Сезім эмоциядан басқа, дамуы, тәрбиеленуі олардың практикалық
әдістерінің рухани және идеологиялық сезімге негізделеді. Сезім, тарихи
характерге байланысты. Сезім – моральдан өзгеше. Егер бір жағымсыз жағдай
болса, сезім бұзылады. Бұл ашуланудың көтерілуінің сезімі. Моральды сезім
адамның басқа адамға деген қарым-қатынасынан туындайды.
Индивидтің сезімі қажеттілік салдарынан пайда болады. Сезімнің
эмоциядан айырмашылығы – ол санамен байланысты әрекет нәтижесінде пайда
болады. Құштарлық – бұл эмоционалдық жағдайдан пайда болады. Барлық
эмоционалды жағдай (жеке эмоция, сезім) ерекшелігі оның қасиетіне
байланысты. Стресс – психикалық нервтік қысымның, күштің әсерінен
туындайды. Стресс болған жағдайда, жаңа жағдайды үйрену пайда болады. Қатта
тітіркендіретін жағдайды стрессор деп атайды. Стрессор субъектінің барлық
қауіп төну натижесінен пайда болады. Стресс синдромы кез-келген адамның
көзіне жағымсыз көрініп қалмау нәтижесінен пайда болады.
Гансон Селье стресс түйсігін қалыптастырып, оны былай түсіндіреді:
Адаптациялық қорғану реакциясы организге әсер ететін физикалық және
психологиялық жағдай. Селье стрестік жағдайдың үш сатысын крсетті:
1. Қауіптіліктің өсу сатысы – стресс пайда болған жағдайда адам оны толық
түсінбей, қауіптің өсуін сезінеді. Адам күші көп жұмсалып, оны санасыз
түрде қабылдап, түсінген. Мысалы көп тамақ жеу немесе ұйықтау.
2. Стабильдеу сатасы – адам әрекетінің стресі адаптацияланады. Және оның
сыртқы жағдайы жақсы сақталады.
3. Күйзелу сатысы – егер әрекет стресі екінші сатыда бітпесе, онда
адамның нервтік ауытқулары болуы мүмкін.
Тұлғаның әрекетінің стресті жеңуінің екі түрі көрсетіледі:
1. Интернал – адамдар өзінің күшіне сенеді;
2. Экстернал – адамдар ауыр ситуация жағдайында басқа адамның көмегіне
сенеді.
Стресс адамға қауіп төндіреді сонымен қоса ол адамға қажет.

1.2 Классификациялық белгілері

Орыс тілі, ағылшын тілі және т.б. тілдерде психикалық жағдайды
білдіретін көптеген сөздер бар, олардың барлығы эмоциямен байланысты. Әр
түрлі эмоциялардың байланысы зерттеліп, ондағы сөздіктердің саны
көрсетілді. Бір уақытта адам бірнеше эмоционалды жағдайда бола алады. Соның
салдарынан қиын эмоциялар пайда болады. Бұлардың классификациясымен
айналысу үшін екі сұраққа жауап бері қажет.
1. Осы сөздер мен айтылған жағдайлардың барлығы эмоция болып
табылады, сондықтан олардың классификациясымен айналысу керек пе?
2. Барлық эмоциялар тілдегі конструкциямен бейнеленеді ме?
Бірінші сұрақ фундаменталды сұрақпен сәйкес келеді. Эмоцияны басқа
эмоционалдық жағдайлардан бөліп көрсетуге болады. Мысалы, көңіл-күй,
аффект, эмоционалды ерекшеліктер. Қазір біз барлық эмоционалды күйдің
классификациясын жасайсыз. Тек адамның қажеттілігін өтеу барысындағы
мақсатқа жетудің бағасын береді. Бұл эмоцияны белгілеуге жақын психикалық
процестің ситуациясын бағалау және организмнің осыған деген қатынасын
қарастырмай-ақ қоюға болады. Өйткені ол зейін аудару концентрациясының
процессімен байланысты. Ол, алдына қойған мақсатпен байланысты емес.
Сонымен қоса, махаббат, қызғаныш, бақыт, көре алмаушылықты қарастырмаймыз.
Сөзбен берілетін түйсіктің эмоционалды жағын да қарастырмаймыз. Мысалы,
ауру – бұл түйсіну, түйсіктің эмоционалды тонынан пайда болады. Қазіргі
кезде эмоцияның теориясының жеке түрі жоқ. Көп қолданылатын теория болып
П.В.Симонов теориясы табылады. Оның теориясы мына формулаға сүйенеді:
Э = F (П, И н - И с )
Э – эмоция күші және белгісі; П – қажеттілік көлемі; Ин – Ис –
қажеттілікке байланысты орындалған тәжірибе бағасы; Ин – қажеттілікке
байланысты объект туралы информация.
Осы теорияға байланысты қажеттілік өтелгенде, жағымды эмоция пайда
болады. Егер информация жетіспесе, жағымсыз эмоция пайда болады. Эмоцияның
көп түрлілігі, қажеттіліктің әтрүрлілігіне байланысты негізделген .
Эмоцияның жасы қазірден белгіленген қажеттілік түріне байланысты. Егер
тура айтатын болсақ, объективті зерттеуші тура айта алмайды. Барлық аламның
қуанышы бірдей жағдайда пайда болмайды. Бір жағдайда кейбір адамға жағымды
әсер етсе, екіншісіне кері әсер етеді. Және бастысы, зейінге объективті
фиксацияның түрін табу қиынға түседі. Бұл қиындықтан құтылу үшін
абстракциялы жағдайды қабылдау үшін арнайы эмоция жағдайын жасау керек. Ол
қанағаттандырылған қажеттілік эмоцияға әсер етпеу керек.
Классификация жасау үшін Симонов теориясына сүйене отырып, эмоция
қажеттіліктің өтелуінің бағасына байланысты. Адамның психикалық әрекетінде
эмоция әр түрлі функцияларды атқарады. Әр түрлі өмірлік жағдайларда адамға
әсер ететін факторлар көп. Эмоция адамды ойланбай әрекет жасауға
итермелейді. Эмоция кей кезде қауіпті болады, себебі оптималды шешім
қабылдауға кедергі болады. Бұны біз эмоцияның қауіпті функциясы деп
атаймыз. Осыдан келе, мынадай қорытынды жасаймыз: эмоция адамды әрекетке
итермелейді. Бұл классификацияның қасиеті болып табылады. Кез-келген
классификацияда қасиеттер қолданылады. Классификацияның мақсаты - кез-
келген элементтің қасиетінің көптігін, минималдық қасиеттерін санмен
негіздейді.
В.К.Вилюнас классификациясын қарасақ, мұнда эмоция бағытталуына және
жағдайына байланысты бөлінеді. Бағыттаушы қанағаттандырылмаған
қажеттіліктің сигналын білдіріп, немесе объектіні іздейді. Жағдай бағалау
нәтижесінде туындайды. Жағдайға байланысты эмоция үш бөлімге бөлінді.
1. Тұрақталған жеңіс немесе жеңіліс;
2. Таң қалдырушы жеңіс немесе жеңіліс;
3. Талқыланған жеңіс немесе жеңіліс.
Мұндай классификация, пайдалы және эмоция қасиетіндегі жеңіске бағытталған
мақсат.
П.В.Симонов эмоцияны әрекет харатеріне байланысты классификациясында
шабуыл мен қорғануды бөліп қарастырады. Симоновтің айтуынша, эмоцияның
кейбір түрі екі эмоцияның бірігуінің нәтижесінде пайда болады. Ол эмоцияның
мынадай түрлерін қарастырады: қуаныш, рахаттану, жиіркеніш, қайғыру,
қорқыныш.
Классификация жасау үшін әр түрлі қасиеттердің жиынтығы қажет. Қазіргі
уақытта эмоция қасиеттері мен характері жеткілікті. В.Вунт үш
характеритиканы атап көрсетті.
1. Гендік белгі немесе эмоция белгілерінің жағымды және жағымсыз жағы;
2. Әрекетке дайындық, шаршау, демалу;
3. Активация сатасы, сабырлылық – қозу.
Г.Шлосберг мынадай характеристика туралы айтты: қабылдау итермелеуге
байланысты. Осгуд болса, былай деді: Импульс – қадағалау түсінігі, мұнда
зейіннің қасиеттері де қаралады.
Классификацияның тағы бір жолы қарастырылады. Бұл эмоцияның жеті
қасиетінің қосындысымен өзгертіледі.
1. Күтілген – кенеттен;
2. Кезектес – кезектес емес;
3. Реттелмеген – тілеуші;
4. Жоғары шындықтағы – төменгі шындық;
5. Төменгі – жоғарғы бақылау;
6. Жағдайдың характерлігі – характерлігі емес мәселесі;
7. Тұлғаның немесе оны қоршаған орта жағдайымен байланысты.
Эмоцияда қуану, өкіну, қорқыныш, жиіркеніш төменгі өлшеммен көрінеді.
Мұндай көп жағдайлар өз-өзінің ішінен мәні жағынан классификацияланады. Бұл
көп жақтылық үш жағдайды бөліп қарастырады:
1. Эмоцияның жағымды немесе жағымсыз жақтары. Бұл терминдерді Вунд
қолданды. Бұдан генетикалық эмоцияның тоны немесе субъективті түйсіктің
жағымды не жағымсыз жағы. Изард айтты: Эмоцияның ашуы, қорқынышы,
қиялы түрлері біртекті. Жағымды немесе жағымсыз жағдайларының
жиынтығы. Жағымсыз жағы эмоция белгісімен түсіндіріледі. Сонымен қоса,
белгі екі мән береді: оң және теріс.
2. Эмоцияның уақытының пайда болуы жағдайға байланысты. Эмоцияның белгісін
бөліп қарастырған В.К.Вилюнас болып табылады. Эмоцияның әрекеттерінің
болуына дейінгі мақсатқа жетумен байланыстылығын П.В.Симонов
формуласымен өрнектеді.
3. Эмоция бағыты. Осыған байланысты эмоцияның белгісі өзіне, сыртқы
объектіге және басқа адамға бағытталады. Бұл жағдай эмоция функциясын
қайта қараймен реттеледі.
Бұл жағдайды тура қалыптастыру үшін эмоция функциясын қайта қарау
керек. Бұл – функция организмнен туындайтын ситуацияға байланысты
эмоциялық дайындық. Эмоция шақыратын кейбір жағдайлар да қаралады. Эмоцияны
шақыратын жағдайлар: өкіну – алға қойған мақсаттардың сәтсіздігі; қорқыныш
– алға қойған мақсаттардан сәтсіздікті күті; бақыт – мақсатқа жету. П.Эмиан
айтқандай, эмоцияның функцияларының қорытындысы организнің мобилизация
реакциясындағы ситуациядағы адекватты өткен жағдай.
Осыған байланысты кез-келген эмоция адамның әрекетіне байланысты. Бұл
әрекет сыртқы объектіге немесе адамның өзіне байланысты. Сондықтан сыртқы
объектке бағытталған. Өкініш. Өкініш адамды дұрыс жасамаған, бұрын көздеген
мақсатына жетпеген әрекетті дұрыстауға бағытталған.
Көптеген әдебиеттерде эмоцияның қорытындысы мен модельдері бар. Мысалы,
эмоцияның пайда болуы әр түрлі стильдерінің болуынан көрінеді. Л.Фестингер
айтуынша, эмоция мәнділікке байланысты. Классификация-ның мақсаты –
эмоцияның көп жақтылығын бір көзқараспен қарау. Бұл көрініс эмоцияның пайда
болуының негізгі бөлімдерге бөліп қарастырады:
1. Эмоция адамның жеке қажеттілігін қанағаттандыру-
қанағаттандырылмағанымен байланысты. Бұл көзқарас В.К.Вилюнас
көзқарасымен сай келді.
2. Эмоция – объектінің басқамен салыстыру нәтижесінде пайда болған норма,
стандарт, ереже.
3. Эмоция – объектінің ортақ ереже мен нормаларын салыстыру нәтижесінде
пайда болды.
4. Эмоция – басқа адамның қажеттілігінен туындайды.
5. Эмоция – басқа адаммен қарым-қатынас жасағанда пайда болады.
6. Эмоция – жиіркену нәтижесінде пайда болады.
Төрт түрінің бірігуінің нәтижесінде қырық сегіз түрлі эмоция
қасиеттерін көрсетуге болады. Егер бір-біріне жақын эмоцияларды бөліп
көрсетсе, олардың саны өседі. Бұл көзқарасты Б.И.Додонова аналогиялық
классификациясынан көреміз. Эмоция методтарының жағдайын зерттеуге
қойғанда, кез-келген эмоция теориясы теориялық классификация қасиетіне сай
келді.
Эмоцияның пайда болуы классификация методының мән-жайын зерттеуге
бағытталған. Эмоцияның ситуациялық жағдайының пайда болуы суреттеледі.
Эмоция мен ситуацияның арасындағы байланыс тең дәрежелі. Мысалы, әр текті
қиын эмоция қиын ситуациямен сәйкес келеді. Әр түрлі жай ситуациялардың
құрылымынан күрделі сируация құрылады, эмоция да осы ситуация құрылымымен
сай келеді.
Эмоцияның негізгі үш тобы бар. Нақты эмоцияға бермей тұра, эмоциялардың
атына көңіл бөлуіміз қажет. Сонымен қоса, олардың классификасиялық
қасиетіне сүйені керек. Мысалы, эмоцияға анализ жасау барысында туындайтын
жағымсыз әрекеттер өзіне қажеттілігін өтеуінің бағасы болып табылады.
Эмоция тұлғаның қажеттілігінен туындайды.
Қайғы. Эмоцияның басты қасиеті ретінде қайғыру қарастырылады. Ал қайғы
эмоция мен аффектінің комбинациясының құрылымы болады. Қайғыру қатты
дауыстан, суықтан, ауру туындау нәтижесінен пайда болады. Эмоция қажеттілік
нәтижесінен туындайды, ал қайғыру түйсіктің эмоционалды тоны болып
табылады.
1 - сурет. Жеке қажеттілікке байланысты туындайтын эмоциялар.

Жоғарғы шек – жағымды эмоция
Төменгі шек – жағымсыз эмоция
Сол жақтағы шек – таң қаларлық эмоция
Оң жақтағы шек – тұрақты эмоция
Алдыңғы шек - өзіне бағытталған эмоция
Артқы шек – объектіге бағытталған эмоция
Қайғы қанағаттанбау нәтижесінде туындайды. Оны болашақта
қанағаттандыруға мүмкіндік болмағандықтан, ол төменгі шекте болады. Қайғы
жоғалту нәтижесінде пайда болады, жеке қажеттілік нәтижесінде туындайды.
Бұл қасиеттер факторы қайғы эмоциясының құрылымы эмоция кубымен
түсіндіріледі. (суретте көрсетілген)

1.3 Эмоция мәселелерін теориялық тұрғыдан қарау

Адам өміріндегі эмоциялардың орны аса маңызды. Адамның эмоционалды
өмірінің мәні әр алуан түрлі. Эмоциялар әр түрлі жағдайларда, іс-әрекет
үрдісінде, ондағы нақты жетістіктерге бағалаушы қатынасты анықтайды. Өнер
туындыларын қабылдауда, басқа адамдармен қарым-қатынаста пайда болатын
ойлардың нәтижесінде тұлғаның даму үрдісінде адамның эмоционалды тәжірибесі
өзгеріп, толықтырылып отырады. Эмоциялар бұған қоса адамдардың қарым-
қатынастары реттеуші рөлінде көрінгендіктен, психологияда эмоцияларға
психологтар көп көңіл бөліп, кеңінен қарастыруда. Бүкіл әлем психологтары
адамның эмоционалды аймағының дамуына көңіл аударуда.
Психологтар, эмоциялар өндірісте, отбасында, өнерде, педагогика мен
клиникада, шығармашылықта және адамның рухани дағдарыстарында, яғни адамның
барлық іс-әрекетіне қатысады деп есептейді. Адамдардың эмоцияларының
негізінің зерттелуі психологиялық-педагогикалық тұрғыда маңызды, өйткені
өсіп келе жатқанұрпақтың тәрбиесі балаларға тек білімдердің, іскерліктер
мен дағдылардың нақты жүйесін оқытуды ғана емес, сонымен қатар, олардың
айналасындағы ақиқатқа және адамдарға нақты эмоционалды қатынасты
қалыптастыруды болжайды.
В.К.Вилюнас эмоцияларды жеке үрдістер ретінде емес, тұлғаның бүтіндей
қызмет етуінің көрінуі ретінде қарастырды. Автордың ойынша эмоционалды
құбылыстың құрылымы бір жағынан – қандай да бір бейнелеуші мазмұннан,
екінші жағынан – эмоционалды күйзелістердің өзінен тұрады деп есептеген.
Эмоцияларды теориялық мәселелеріне Л.С.Выгодский көп көңіл бөлген. Ол
эмоцияларды ойлаудың субъектінің сезімдік-заттық іс-әрекетімен байланысының
ішкі, психологиялық механизмі ретінде қарастырды. Олар ағзаның енжар күйі
емес оны белсендікке ынталандырып, оның қоршаған ортамен өзара қатынасын
оятады және реттейді. П.Я.Якобсон өз уақытында сезімдер, көңіл-күй,
аффектілер мен эмоциялар сияқты эмоционалды үрдістерді эмоционалды өмірмен
байланыстырды. Адамда нақты заттардың немесе құбылыстардың шеңберіне
арналған эмоционалды қатынас сезімі ең негізгі сыңары болып табылады.
А.Г.Ковалев сезімдерге жеке тұлғаның нақты заттық бағдарға ие тұрақты
қатынастарын, яғни махаббат және жек көруді, сыйластықты қарастырды. Сезім
– тұрақты құрылым немесе тұлға қасиеті, ал эмоция – сезімнің көрінетін
үрдісі. Сонымен, сезімдер – нақты жағдайлардың жалпылану нәтижесі ретінде
онтогенезде қалыптасатын эмоциялардың дамуының жоғары нәтижесі.
Өмір сүру барысында адамның эмоциялары мен сезімдері күрделеніп және
жіктеліп дамудың ұзақ жолынан өтеді. Адамның эмоционалды аймағында
төмендегідей негізгі жағымды өзгерістер болады:
1. Жақсы мен жаманға барабар эмоционалды реакциялардың пайда болуы;
2. Жаманға мойынсынбауы;
3. Қоршаған өмірдің құбылыстарының кең шеңберіне дауыс беру іскерлігі
сияқты эмоционалды қабілеттіліктің өсуі.
Эмоциялардың дамуы субъектінің іс-әрекетінің мазмұны мен құрылымы, оның
қоршаған адамдармен өзара қатынастарының сипатына, оның нақты қоғамдық
құндылықтар мен талаптарды меңгеруіне, мінез-құлықтың ережелерін меңгеруіне
байланысты.
А.Н.Леонтьев, Л.И.Божович эмоциялардың дамуы мінез-құлық мотивтерінің
дамуымен, баланың жаңа қажеттіліктерімен қызығушылықтарың пайда болуымен
тығыз байланысты екендігін көрсетеді. Сонымен авторлар өздерінің
зерттеулерінде мінез-құлықтың жаңа мотивтерінің қалыптасуы барысында
баланың эмоционалды көріністерінің сипаты біршама өзгереді деген
қорытындыға келді.
Я.Рейковский эмоциялар адамның әрекеттерін реттейді деп есептейді,
яғни, эмоционалды үрдістердің дұрыс жүрмеуі – психикалық ауытқулардың
бастамасы болып табылады.
Эмоциялар психикалық үрдістермен, атап айтқанда, ойлаумен, еспен,
қабылдаумен, қиялмен т.б. тығыз байланысты. Адамның ойлауы эмоционалды
компоненттерді қамтиды. Алайда, психологтар интеллектуалды және эмоционалды
аймақты бөліп қарастыруда.
О.К.Тихомирова ойлау іс-әрекетін дәл эмоциялар реттейді деп есептеген.
Ол лабораториялық үлгілерде ойлау тапсырмаларын шешу барысында пайда
болатын эмоциялардың пайда болу жағдайларын және қызметтерін шешуді
ұсынған.
Соңғы жылдарда эмоциялардың саласына қатысты білімдер ұдайы өсуде. Бұл
білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық
мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияныңұдайы өсуде. Бұл
білімдер әр түрлі мамандықтардан алынуда, өйткені эмоция пәнаралық
мәселелердің бірі болып табылады. Әлеуметтік психологияның өкілдері
эмоцияларды вербальды емес қарым-қатынас ретінде зерттеді. Тұлға
психологиясы эмоциялардың басқа мотивациялы құрылымдармен байланыса алатын
жолдарын көрсетіп, аффектілі күйлердің тұлғаның қызмет етуімен байланысы
жайлы біздің білімдерімізді толықтыра түсті. Сонымен бұл мәселе
психологияда бүгінгі таңда кеңінен жан-жақты қаралып жатыр деуге болады,
бірақ қазіргі кезеңдегі біздің қоғамымызды әлеуметтік-саяси және
экономикалық қарым-қатынастардың өзгеруімен байланысты эмоция мәселесін кең
тұрғыда зерттелудің қажеттілігі талап етілуде.

1.4 Эмоционалдық жағдайлар

Эмоциялар адамның мінез-құлқын ерекше сезім сарынына бөлеп, азды-көпті
ұзаққа созылатын өте берік әсерлер туғызады. Кейде сезім кенеттен пайда
болып, қарқынды өтеді, бірақ біршама тез басылады. Осы ұзаққа созылатын не
қысқа әсерлерді психикалық не эмоциялық жағдайлар деп атайды. Олардың
қатарына көңіл-күй аффект, құмарлық, стрестік жағдайлар жатады.
Көңіл-күй деп біршама бәсең, бірақ әдетте, әжептеуір ұзағырақ,
психикалық үрдістер мен адамның барлық мінез-құлқына көрінетін жалпы
эмоциялық жағдайларды айтады. Кім болмасын көңіл-күйі нашар болса, ешбір
негізсіз көңіл жабырқап, не болса соған абыржып қалады. Ал кей кездерде
адам ешбір себепсіз-ақ шаттық жағдайда болады. Осы кездерде оған барлығы да
тамаша болып көрінеді. Басқа көңіл-күйде болса көңілін бөлмейтін нәрсеге ол
қуанады. Былайша алғанда, мұндай жағдайлардың себебін табу қиын секілді
көрінеді.
Адамның көңіл-күйіне өзінің өмір сүріп және жұмыс жасайтын ұжымы үлкен
ықпал жасайды. Уақытында жақсы ұйымдасқан, демалыспен ауысып келетін сапалы
оқумен ұната істейтін еңбек, әдетте, адамның көтеріңкі және шаттық көңіл-
күйін туғызады.
Кейде адамдарда псизикалық жағдайлардың ерекше түрлері пайда болады,
олар тез өтеді, бірақ күшті және өте қарқында өтеді. Бұлар – аспектілер деп
аталатындар. Әдетте, олар ашу шақыру не қаһар төгу сипатында болып, осындай
сезімдер билеген адамдар көбіне өз басына ие бола алмай қалады.
Аффектілік жағдайлардың туу ми қыртысында күшті қозу бөлігінің болуымен
байланысты. Осының салдарынан тежелу үрдісі бәсеңдейді. Және ми қыртысының
төменгі бөлігіндегі орталықтарынан келіп жататын серпілістер тасқынын
бақылап, басып отыру мүмкіншілігінен үлкен ми сыңарлары қыртысы айырылады.
Сөйтіп ми қыртысы мен ми қыртысының төменгі бөлігінің аралық қажетті іс-
әрекетінің тепе-теңдігі бұзылады. Бірақ мұндай эмоциялық қозулармен әрбір
адам күресе алады. Мысалы, ашу, қысқан сәтті сезе алып, өз ойыңды басқа бір
нәрсеге бөліп жіберуге тырысу өте қажет. Бұл аффектіні ең басынан жойып,
жаңа басталған қозуға жедел, енді тоқтата алмайтын, қатты сезімге айналып
кетпеуіне бөгет салуға көмектеседі.
Аффект жағдайына келген мұғалімнің табанда оқушыларға жаза беруге
болмайды. Өйткені, дәл сол уақытта педагог жазаны бір жақты, әділетсіз
шешуі мүмкін, ал берілген жазаны бұзу қиынға түсетіні мәлім. Жазаны күтіп
жүрген оқушы да ағаттықта неде істедім деп ойға қалады. Мүмкін осындай
жіберілген ағат істі мойындауға жеткізсе – онда жазалаудың да керегі жоқ
болады ғой.
Кейде жаман баға алған оқушылар аффектілік жағдайға түседі. Мысалы,
мұндай бала өксіп жылай бастайды. Осындай халдегі оқушыға ізет жасаса,
шышында да, оның аффектілігі күшейе түсетін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Эмоция функцияларының түрлері
Ч. Дарвиннің эмоциялардың көрінуі туралы түсінігі
Мектеп жасына дейінгі жастағы балаларда уақыт сезімі ұғымының дамуы. Психолого-педагогикалық әдебиеттерде уақыт сезімі ұғымы
Эмоция туралы қазіргі шет ел концепциялары
Сезім және эмоция жайлы
Эмоция және дене
Психикалық денсаулық
Адамаралық қарым-қатынастың эмоционалдық негізі
XVIII ғ. ассоциианализм мен эмпиризмнің үстемдік құруын анықтау
Эмоция және сізім
Пәндер