Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері


Пән: Педагогика
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Бабаев С. Б. Оңалбек Ж. К.

«Жалпы педагогика», Алматы 2005

  1. Дайрабаева А. Дайрабаев Е.

«Педагогика пәнінің негіздері», Алматы 2005

  1. Әбиев Ж. Бабаев С. Құдиярова А.

«Педагогика», Алматы- Дарын 2004

4. Әбенбаев С.

«Тәрбие теориясы мен әдістемесі», Алматы, Дарын 2004

5. Қ. К. Көшербаев, Қ. Жарықбаев

«Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы ІІ-том», Алматы, «Рауан» 1998

6. Ш. Қ. Құрманалина

«Педагогика», Астана 2007

І. Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары мен принциптері.

1. Тәрбие үрдісінің мәні, оның өзіндік ерекшелігі.

2. Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары.

3. Тәрбие принциптері.

ІІ. Қысқаша теориялық мәлімет

1. Тәрбие үрдісінің мәні, оның өзіндік ерекшелігі.

Оқу орындарындағы тәрбие ұстаз бен шәкірттің саналы түрде жүзеге асыратын, ұйымдастырылатын үрдіс. Тәрбиеленуші шәкірттен алдын ала жобаланған әлеуметтік, рухани тәжірибелерді, тәлімдік құндылықтарды меңгеріп, оны бойына дарытуы үшін белсенді түрде ынталанып әрекеттенуі талап етіледі. Ал іс-әрекеттің жүзеге асуы жөніндегі педагогикалық теория тұлғаға біржақты емес, жан-жақты әсер етуді қуаттайды. Осы орайдан келгенде қазіргі тәрбие теориясы бала тәрбиесінің өркендеп жетілуі педагогтің жобалаған жоспарының тұлғаға әсерлі ықпал етерліктей болуы-оның сапалы да саналы болуын қамтамасыз етеді деп қарайды. Сондықтан да мұндағы басты тұжырымдама - өзара қарым- қатынас сыйластыққа негізделген болуы, ынтымақтастық, әлеуметтік даму барысындағы ситуацияның тәлімдік өнеге аларлықтай және өзара ұғыныса білуге бейім болуына ерекше мән береді. Сонда тәрбие баланың өмірі саналы да мазмұнды, дамуы қалыпты жағдайда болуы жүзеге асырудағы ересек адамдармен бірлесе жүргізілген іс- әрекет. Әрине, бұлардың әрқайсының атқаратын қызметі, мақсаты, қарым-қатынасындағы өзінік орны бар.

Тәрбие үрдісіне әсерлі ықпал ететін факторлар өте көп те жан- жақты. Олардың бастылары мыналар: тұлғаның дамуына алдымен ықпал ететін отбасы - семья, мектеп, өмір сүріп отырған айналасы, қоғамдық ұйымдар, көпшілік бұқаралық ақпарат, өнер, әлеуметтік-экономикалық жағдайлар, маңындағы жеке адамдардың тәлімі т. б. Мұндай көп жақтылық тәрбие үрдісін жедел дамытып өркен жаюына игі ықпал етумен бірге кері әсер етіп, теріс жолға бастайтын ықпалы да аз емес. Тәрбие бір сәттік немесе бір күнік, бір жылдық іс емес, тоқтаусыз жүріп отыратын, ұзаққа созылатын құбылыс болуымен қатар оның тірелетін жері тұлғаның өзін- өзі тәрбиелеу. Сондай-ақ тәрбиенің нәтижесі де барлық адамға бірдей емес, уақыт жағынан қарағанда белгіленген бір мезгілде әсер етеді деп қарауға келмейді.

Тәрбие кездейсоқ оқиға емес, ол қоғамның пайда болуына тән қасиет.

Тәрбие жеке тұлғаның санасына, мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына әсер ететін құрал.

Тәрбие - халықтың ғасырлар бойы жинақтап, іріктеп алған озық тәжірибесі мен ізгі қасиеттерін жас ұрпақтың бойына сіңіру, олардың айналамен қарым-қатынасын, өмірге көзқарасын және соған сай мінез-құлқын қалыптастыру құралы.

«Тәрбие - кең мағынасымен алғанда, қандай да болса бір жан иесіне тиісті азық беріп, сол жан иесінің дұрыс өсуіне көмек көрсету деген сөз. Ал енді, адамзат туралы айтылғанда, адамның баласын кәміл жасқа толып, өзіне-өзі қожа болғанша тиісті азық беріп, өсіру деген мағынада жүргізіледі» (М. Жұмабаев) .

«Тәрбие - бұл адам жанын жетілдіру өнері. Тәрбиеде адам табиғатын жетілдірудің ең күшті сыры бар»(Иммануил Кант) .

«Тәрбие - тұлғаны мақсатты түрде дамуын басқару процессі»(Х. Й. Лийметса) .

Олай болса, тәрбие процесінде жеке тұлғаның сана-сезімі мен ақыл-ойына жүйелі түрде әсер етіп, оның дүние танымының дамуына, ерік-жігері мен моральдық бейнесінің қалыптасуына оң ықпал етеді.

Сонымен қатар тәрбие - адамдарды қоғамда еңбекке және басқа да пайдалы әрекеттерді орындауға, көптеген әлеуметтік қызметтерді атқаруға дайындаудың табиғи заңдылық процессі.

Н. К. Крупская «Тәрбие» атты мақаласында (1929 ж. ) : «Тар мағынада алып қарағанда, «тәрбие»деген сөз арқылы балалар мен жеткіншектердің мінез-құлқына әдетте ересек адамдардың алдын ала ойластырылған және жүелі түрде жасайтын белгілі бір ықпалы», ал кең мағынасында « . . . қоғамдық мекемелер, айналаны қоршаған бүкіл жағдай, бүкіл қоғамдық құрылыс тәрбиелейді» - деп түсіндіреді.

Осы жағдайға байланысты К. Д. Ушинский « . . . мектеп, тәрбиеші және ұстаздар - адамның тіпті жалғыз ғана тәрбиешілері емес, оның сонша күшті, ал мүмкін және әлдеқайда күшті әдейі тәрбиешілері: табиғат, отбасы, қоғам, халық . . . және оның тілі болады», - деген осы мәселеге қатысты тұжырымдамасы тәрбие жайындағы ұғымның мәні зор екенін дәлелдейді.

Олай болса, тәрбие көптің ісі. Тәрбие мәселесімен қоғамдық ұйымдар, мекемелер және жұртшылық болып айналысқан жағдайда ғана ол нәтижелі болмақ. Соған сай тәрбие туралы ұғымға тар мағынада емес, кең мағынасында, бір жақты емес, кең көлемде, яғни табиғат және әлеуметтік ортаның, мектеп пен ата-аналардың жеке тұлғаның дамуы мен қалыптасуына мақсатты түрде ықпалы, өзара әрекетінің нәтижесі ретінде қараған жөн.

Сондықтан да тәрбиенің мәнісі, біріншіден, қоғам үшін саналы, белсенді, ізгіленген, іскер азаматты қалыптастыру болса, екіншіден, жеке адам үшін - оны өмір сүре білуге, өзінқоршаған ортамен қарым - қатынас жасай білуге үйрету.

2. Тәрбие үрдісінің жалпы заңдылықтары. Тәрбие үрдісін табысты, нәтижелі ұйымдастыру тәрбиешілерге, алдымен заңдылықтарын жете түсінуді қажет етеді.

Философия ғылымында «заңдылық» деген ұғымды құбылыстар мен үдістер арасында дамуды сипаттайтын мәнді байланыс деп түсіндіреді. Олай болса, педагогикалық құбылыстар мен процестер арасындағы байланыс мәселесін қарастырайық.

Педагогикалық құбылыстар деп - тұлғаның өмір сүруі, әрекеттері барысында жеке басында, айналасында кездесетін, ықпал ететін табиғи немесе табиғи емес әртүрлі жағдайларды айтуға болады. Жалпы заңдылық ауқымынң әрекеті тәрбие үрдісінің жүйесіне таралады. Жалпы заңдылық осы үрдістің маңызды және ірі бірліктерінің арсын байланыстырып отырады. Жүйе ішіндегі бірліктерінің байланысын анықтайтын заңдылық жеке (нақты) заңдылық деп аталады. Тәрбие үрдісі жалпы педагогикалық үрдістің бөлігі ретінде осы үрдістің заңдылықтарына бағынады. Тәрбиелеу тәжірибесі үшін тәрбие үрдісінің кейбір бірліктерін тәрбие сапасына ықпал жасайтын заңды қатынастар пәрменділігімен байланыстыру қажет.

Тәрбиелеу пәрменділігі мыналарға байланысты:

  1. қалыптасқан тәрбиелік қатынастарға;
  2. әрекеттерді ұйымдастыру мен оған қойылған мақсаттардың бір - біріне үйлесуіне;
  3. тәрбиелік әсердің әлеуметтік тәжірибесі мен сипатының (бағыттылығы, мазмұны) тәрбиеленушіге ықпал етуіне;
  4. объективті және субъективті факторлар әрекетінің байланысына;
  5. тәрбиелеудің және өзіндік тәрбиенің қарқындылығына;
  6. педагогикалық өзара әрекеттегі тәрбие процесіне қатысушылардың белсенділігіне;
  7. тәрбиемен ұстасушы дамыту және оқыту процестерінің пәрменділігіне;
  8. тәрбиелік ықпалдың сапасына;
  9. тәрбиеленушінің «ішкі жан дүниесіне» әсер ету қарқындылығына;
  10. тәрбиеленушілердегі сөздік және сезімдік процестердің даму деңгейі мен педагогикалық әсер етудің үлесуіне;
  11. тәрбиеленушіледің өзара бір - бірімен қарым - қатынасының қарқындылығы мен санасына байланысты болады.

Кезінде К. Д. Ушинский тек педагогикалық ережелерді жаттап алу тәрбие процесінде оң нәтиже бермейтіндігін, керісінше тәрбиенң ғылыми заңдылықтарын жете танып білудің қажеттілігіне баса назар аударуға кеңес берген. Сондықтан да тәрбие заңдылықтарын жетік білмейінше тәрбиені жетілдіру, дамыту мүмкін емес.

3. Тәрбие принциптері. Принцип деген ұғым латын тілінде «бастапқы» , «негізгі» деген түсінікті білдіріп, белгілі бір әрекет барысында басшылық ету идеясын көздейді.

Олай болса, тәрбие принциптері деп - тәрбие үрдісінде оның мазмұнын, ұйымдастыру тәсілдері мен формаларын жүзеге асыруда тәрбиешілердің қолданатын басты тәрбие идеяларының жиынтығын айтамыз. Болмаса, бұны кейбір педагогикалық әдебиеттерде «негізгі талаптар» немесе «ережелер жүйесі» деп те түсіндіреді.

Тәрбие принциптері тәрбие міндеттеріне сай анықталады. Педагогика тарихының дамуында тәрбие принциптерінің төмендегідей жүйесі қалыптасқан:

  1. Тәрбиенің мақсаттылығы;
  2. Тәрбиенің өмірмен, еңбекпен, қоғамдық құрылыс практикасымен байланыстылығы;
  3. Еңбек арқылы тәрбиелеу;
  4. Жеке тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі;
  5. Балалардың жас және дара ерешелітерін есепке алу;
  6. Тәрбиенің жүелілігі, бірізділігі және үздіксіздігін қамтамасыз ету;
  7. Жеке тұлғаны ұжымда және ұжым арқылы тәрбиелеу;
  8. Тәбие процесінде мектеп, отбасы, жұртшылық әрекетінің бірлігі болуы.

Тәрбие принциптері ішіндегі ең негзгісі, оның мақсаттылығы . Өйткені, тәрбие процесіндегі тәрбиелік ықпалдар мен әрекеттер белгілі бір мақсатқа бағытталады. Мақсат - тәрбиелік шаралардың кездейсоқтық сипатқа тап болмауын қамтамасыз етеді. Мақсатқа сай тәрбие міндеттері анықталып, оны атқаруда жұмыстардың түрлері, мазмұны мен ұйымдастыру тәсілдері белгіленеді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие жүйесінде жетекші принцип ретінде саналады.

Тәрбиенің келесі принциптерінің мәні жас ұрпаққа тәрбие беруді қоғамның әлеуметтік - экономикалық, саяси өмірімен ұштастыра жүргізуді талап етеді. Ол, мектептегі теориялық білімдерді оқушыларға меңгертуде, оларды өмімен байланыстыру, қоғамдағы болып жатқан өзгерістермен хабардар етіп, оған нақтылы көзқарастарын, сенімін орнықтыру, қоғамдық пайдалы еңбекке қатыстыру т. б. тәрбие мақсатының түпкі мүддесін көздейтін әрекеттерге араластыру.

Жас ұрпақты қоғамдық өмірге ерте кезден араластыру өз еліне, туған өлкесіне деген сүйіспеншілікке баулу, ел азаматтарына, еңбек ардагерлеріне деген құрметтеушілік, ізгілік ниеттерінің орнығуына, қысқасы, «өмір мектебінің» баспалдағынан біртіндеп қуат алып, оның қыр - сырымен танысуға мүмкіндік туғызады.

Еңбек арқылы тәрбиелеу принципінің мақсаты баланы еңбек ете білуге, оны қадірлеп - қастерлеуге, оған деген жағымды көзқараспен қарым - қатынас қасиеттерін орнықтыруды, сонымен қатар қарапайым еңбек құралдарын пайдалана білу қабілеттерін сіңіру қажеттіліктерінен туындайды. Адамды табиғат жаратқанмен, оны нағыз адам етіп қалыптастырған - еңбек процесі. Адам баласының қоғамдағы өмірі тек еңбекпен байланысты, себебі ол оны санлы өмір сүре білуге дағдыландырады. Тек еңбек процесінде адам баласы өз тіршілігін қамтамасыз етіп, қоғамға пайда келтіреді. Сондықтан да бұл принцип тәрбие процесінің өн бойында өзекті мәселе болып қала береді.

Жек тұлғаға талап қоюшылық пен құрметтей білудің бірлігі.

Бұл принциптің көздейтін мақсаты:

  • оқушыларға қоғамдық мінез - құлық нормалары мен ережелерін санлы түрде меңгертуді;
  • оқушыға қатысты өзіне жүктелген міндеттерді мүлтіксіз орындауды;
  • мектепте оқушыларға арналған ережені қатаң сақтауды;
  • мектеп пен отбасы және мектептен тыс мекемелердің тәрбие жұмысының барлық буындарының талап бірлігін үйлестіруді;
  • оқушының мінез - құлқындағы жақсы қасиеттеріне сүйенуді;
  • жеке басына сеніммен қарап, белсенділігін арттыруды;
  • сүйіспеншілік көрсетуді т. б.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Педагогиканың дәрістері
Жоғары мектеп дидактикасы
Тәрбие үрдісі
Тәрбие процесінің негізгі ерекшеліктері
Бастауыш мектеп оқушыларының экономикалық тәрбиесі
Дене тәрбиесі жүйесінің қағидаларының рөлі
Студенттің өзіндік жұмысы
Тәрбиенің ұзаққа созылатын процессі
Ұлттық тәрбие берудегі отбасының маңызы
Тұтас педагогикалық үдерісіндегі тәрбиенің мазмұны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz