Сүйінбай Аронұлы өмір тарихы


Пән: Тарихи тұлғалар
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 3 бет
Таңдаулыға:   

Сүйінбай Аронұлы

http://upload.wikimedia.org/wikipedia/kk/thumb/c/cd/%D0%A1%D2%AF%D0%B9%D1%96%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%90%D1%80%D0%BE%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B.jpeg/220px-%D0%A1%D2%AF%D0%B9%D1%96%D0%BD%D0%B1%D0%B0%D0%B9_%D0%90%D1%80%D0%BE%D0%BD%D2%B1%D0%BB%D1%8B.jpeg

Сүйінбай Аронұлы

(1815, Алматы облысы

Жамбыл ауданы Қарақастек ауылы - 1898, сонда) -

қазақтың әйгілі ақыны,

айтыс өнерінің майталман

жүйрігі.

Жасынан жыраулығымен елге танылған. Жамбыл aқын “Менің пірім - Сүйінбай, сөз сөйлемен сыйынбай” деп оны ұстаз тұтқан. Aрғы атасы Күсеп Жиенқұлұлы (1701 - 1791) жауынгер ақын, жыршы, күйші, қобызшы болған. “Өтеген батыр” жырын шығарып, “Мың бір түн”, “Шаһнама”, “Көроғлы”, “Тотының тоқсан тарауы” дастандарын жырлаған. Күсептің үлкен ұлдары Жаңбыршы мен Жаманақ қазақ арасына жыршы, қобызшы, күйшілігімен белгілі болса, кенже баласы Арон (1750 - 1835) жастайынан өткірлігімен, мәмілегер шешендігімен ел аузына іліккен. Атадан балаға жалғасқан ақындық, шешендік өнер Сүйінбайға дарыған. Сүйінбайдың өзінен үлкен Жаманшал, Жұмық деген ағалары, Оспан атты інісі сыншыл, бірқақпай өлеңдерімен ауыл арасына танылған. Бұл жөнінде Жаманшал Сүйінбайға: “Отбасында мен жүйрікпін, шаршы топта сен жүйріксің” дейді екен.

Тарихи деректерде Қоқан хандығы шапқыншылығының әсерінен жан-жаққа бытырай көшіп, қиын-қыстау кезеңде (1840 - 1860) іргесі ыдыраған қазақ руларының басын біріктіруде Сүйінбай мен Сарыбай бидің ықпалы зор болғандығы айтылады. Осы тұста ақын халықты қоқандықтарға қарсы тұрып, тәуелсіздік үшін күресуге шақырды. “Өтеген батыр”, “Саурық батыр”, “Сұраншы батыр”, “Жабай батыр”, “Қарасай батыр” сияқты толғаулар шығарды. Аумалы-төкпелі қоғамда өмір сүргендіктен, Сүйінбай сал-серіліктен гөрі қоғамдық-әлеуметтік істерге белсене араласқан. Өлеңдерінде Қоқан билеушілері мен жергілікті әділетсіз сұлтан, төрелерден, бай-болыстардан жасқанбай, турасын айтып отырған. Әсіресе, ақын Тезек төремен, қырғыз ақыны Қатағанмен айтыстарында, сондай-ақ “Датқаларға”, “Үмбетәліге”, “Төрт биге”, “Момын малын зұлымға алып беріп”, т. б. өлеңдерінде қиянатшылдықты, озбырлықты аяусыз сынға алған. Оның шешендік нақылдары, болыс-билерге арналған сықақ өлеңдері (“Мақсұтқа”, “Қасымға”, “Болыстарға баға”, т. б. ) сaқталған.

1929 жылы алғаш рет “Жаңа әдебиет” журналында (ғ6) ақынның “Апырмау, мынау жатқан Сарыбай ма?” деген өлеңі басылды. Ақын шығармалары әр кезеңде жарық көрген хрестоматия оқулықтарға енгізіліп, ел ішінде насихатталды. С. Сейфуллин құрастырған “Қазақтың ескі әдебиет нұсқалары” атты жинаққа (1931) “Шапырашты Сүйінбай ақынның қартайған шағында айтқаны” деген өлеңі енген. 1935 жылы Қ. Жансүгіров пен Ф. Ғабитованың құрастыруымен ақынның бір топ шығармасы “Сүйінбай ақын” деген атпен тұңғыш рет жеке жинақ болып жарық көрді. С. Мұқанов пен Қ. Бекхожин 1939, 1940, 1941 және 1944 жылы орта мектептің 8-сыныбына арналған хрестоматиясына Сүйінбайдың бірнеше өлеңін енгізген (“Сүйінбай мен Тезек төре”, “Сүйінбайдың Тезектің өлген баласына көңіл айтқаны”, “Кәрілік туралы”) .

Ш. Уметәлиев пен Э. Мұқанбетовтардың еңбектерін айрықша атауға болады. Сондай-ақ Сүйінбай мұрасының біршамасы Ж. Жабаевтың мемориалдық мұражайының әдеби қорында сақтаулы. “Ақын жырлары”, “17 - 19 ғасырлардағы қазақ ақындарының шығармалары”, “Үш ғасыр жырлайды” атты жинақтарда Сүйінбай шығарм-на кеңінен орын берілген, “Айтыс” жинағының 1-томында “Сүйінбай мен Тезек төренің айтысы” жарияланған.

D:\Users\Админ\Desktop\Безымянный.jpg

Бөрілі менің байрағым

Бөрілі байрақ астында -

Бөгеліп көрген жан емен!

Бөрідей жортып кеткенде,

Бөлініп қалған жан емен!

Бөрілі найза ұстаса,

Түймерей кеткен жан емен!

Бөрілі байрақ құласа,

Күймерей кеткен жан емен!

Жау тисе жапан далада,

Бөрілі найза аламыз,

Қарасайлап шабамыз,

Қызыл қанға батамыз.

Бөрілі байрақ астында,

Ту түсіріп, жау алған,

Қазыбек, Қастек атамыз.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Жоқты жонып табамыз.

Бөрілі байрақ астында:

Ту түсіріп жау алған

Шапырашты батыр бабамыз.

Бөрі басы - ұраным,

Бөрілі менің байрағым.

Бөрілі байрақ көтерсе,

Қозып кетер қайдағым.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
СҮЙІНБАЙ АРОНҰЛЫ ШЫҒАРМАЛАРЫНДАҒЫ ФИЛОСОФИЯЛЫҚ САРЫН
Құрмалас сөйлемнің қкалыптасу мен даму жолдары
Сүйінбайдың айтыскерлігі
Сүйінбай Аронұлы айтыстары
Ұлттық сөз өнерінің дамуы
Сүйінбай Аронұлы (1815-1895)
Жамбыл Жабаев - жүз жасаған бәйтерек
«Зар заман» ағымы ақындарының әдеби мұрасы
Сүйінбай шығармашылығы
Жетісу ақындық, жыраулық дәстүрі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz