Басқару функциясының түрлері



І Кіріспе. Басқарудың пайда болуының объективтілік негізі мен пәні.
ІІ Негізгі бөлім. Басқару функциялары.
2.1 Жоспарлау басқару функциясы ретінде.
а) Ұйым жоспарының өзара байланысы.
2.2 Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде.
а) Басқару құрылымын қалыптастыру.
2.3 Ынталандыру басқару функциясы ретінде.
Қорытынды.
Басқару, басшлықтың еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше іс-әрекеттің айрықша түріне айналуы еңбек коопераиясымен байланысты. Қарапайым формадағы еңбек кооперациясы көптеген жұмысшылардың күш-жігерін жай біріктіру ретінде тіпті алғашқы қауымдық құрылыста болған. Бірақ менеджмент тарихын зерттеушілер оның жекелеген нышандары өте ежелгі қоғамдар – Шумерде, Египетте, Аккада да пайда болғандығын атап көрсетеді – жоары касталы дін қызметшілері діни функционерлерге, дәлірек айтақ, менеджерлерге айналады. Бұған діни принциптердің өзгеруі себеп болған – адамдарды құрбан ету орнына қайыр-садақа, мал, май, қолөнер бұйымдарын беру түріндегі символикалық құрбандықтар орын тебе бастаған. Осының нәтижесінде абыздардың арасында ритуалдық рәсімдерді сақтаудан басқа салықтарды жинауға жетекшілік ететін, мемлекеттік қазынаны басқаратын, мүліктік істерді жүргізетін іскер адамдардың жаңа типтері пайда бола бастады. Олар іс-құжаттамаларын, бухгалтерлік есеп айырылысуларды, есептеулерді жүргізген, бүгінгі күні басқару процесінің мазмұнын анықтайтын қамдау, жабдықтау, бақылау, жоспарлау және басқа да функцияларын атқаран.
Мұндай басқару ісінің жанама нәтижелері ретінде жазу мен есеп жүргізуге қажеттілік туды. Өйткені іс ақпаратын тұтастай есте сақтау мүмкін емес еді. Сөйтіп, ең алғашқы менеджмент коммерциялық әне діни қызмет іс-әрекетін жүргізу құралы ретінде қалыптаса бастады. Уақыт өте келе әлеуметтік институт пен кәсіпке айналады.
Менеджменттің дамуындағы кезекті күрт өзгерісті, секірісті Вавилон әміршісі Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750жж.) есімімен байланыстырады. Кең байтақ иеліктерді басқару үшін ол тұңғыш рет Хаммурапидің заңдар жиынтығын шығарады. Мемлекетті басқарудың 285 заңынан құралған бұл жинақ сан-алуан қоғамдық қатынастарды реттеп, бкіл империяның әкімдеріне жетекші құрал ретінде қызмет еткен. Хаммурапидің өзінің адамдарының қамқоршысы мен қорғаушысы ретіндегі бейнесін ұдайы ұстана отырып, лидерліктің стилін ойлап шығаруы жаңалық болды. Сонымен тұңғыш рет Хаммурапидің билік ету дәуірінде таза зиялы басқару үлгісі жасалып, адамдар арасындағы қатынастарды ұйымдастыру мен реттеудің ресми жүйесі пайда болады және ақыр соңында, лидерліктің стилінің алғаш өскіндері туындайды.
Бұдан едәуір кейін Вавилон мұнарасы мен аспалы бақтар жобасының авторы ІІ Навуходоносор патша (б.з.д. 605-562жж.) тоқыма фабрикалары мен астық қоймаларында өндірістік бақылау жүйесін еңгізеді. Ол жекелей аланда, тоқыма жібінің келіптүсуі мен сақталу мерзімдерін анықтау үшін түрлі-түсті жазба ағаздар қолданған.
Басқару жаңалықтарының айтарлықтай бөлігі Ежелгі Римде орын алған, олардың ішіндегіең танымалдары – Диоклетианның (б.з.д.316-243жж.) территориялық басқару жүйесі мен күні бүгінге дейін ешбір өзгеріссіз сақталған Рим католиктік шіркеуінің әкімшілік ұйымдастырылуы.

Пән: Социология, Демография
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республиасы Білім және Ғылым Министрлігі
Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық Университеті
Философия және Саясаттану Факультеті

Әлеуметтану кафедрасы

КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Басқару функциясының түрлері.

Орындаған: 4-курс студенті Ихсанов Д.Ғ.
Тексерген: Авсыдыкова Қ.Ә.

Алматы – 2007 жыл

Жоспар:

І Кіріспе. Басқарудың пайда болуының объективтілік негізі мен пәні.

ІІ Негізгі бөлім. Басқару функциялары.

2.1 Жоспарлау басқару функциясы ретінде.
а) Ұйым жоспарының өзара байланысы.

2.2 Ұйымдастыру басқару функциясы ретінде.
а) Басқару құрылымын қалыптастыру.

2.3 Ынталандыру басқару функциясы ретінде.

Қорытынды.

І Кіріспе.
Басқарудың пайда болуының объективті неіздері мен пәні.

Басқару, басшлықтың еңбегі, оның тікелей өндірістен өзгеше іс-
әрекеттің айрықша түріне айналуы еңбек коопераиясымен байланысты. Қарапайым
формадағы еңбек кооперациясы көптеген жұмысшылардың күш-жігерін жай
біріктіру ретінде тіпті алғашқы қауымдық құрылыста болған. Бірақ менеджмент
тарихын зерттеушілер оның жекелеген нышандары өте ежелгі қоғамдар –
Шумерде, Египетте, Аккада да пайда болғандығын атап көрсетеді – жоары
касталы дін қызметшілері діни функционерлерге, дәлірек айтақ, менеджерлерге
айналады. Бұған діни принциптердің өзгеруі себеп болған – адамдарды құрбан
ету орнына қайыр-садақа, мал, май, қолөнер бұйымдарын беру түріндегі
символикалық құрбандықтар орын тебе бастаған. Осының нәтижесінде абыздардың
арасында ритуалдық рәсімдерді сақтаудан басқа салықтарды жинауға жетекшілік
ететін, мемлекеттік қазынаны басқаратын, мүліктік істерді жүргізетін іскер
адамдардың жаңа типтері пайда бола бастады. Олар іс-құжаттамаларын,
бухгалтерлік есеп айырылысуларды, есептеулерді жүргізген, бүгінгі күні
басқару процесінің мазмұнын анықтайтын қамдау, жабдықтау, бақылау,
жоспарлау және басқа да функцияларын атқаран.
Мұндай басқару ісінің жанама нәтижелері ретінде жазу мен есеп жүргізуге
қажеттілік туды. Өйткені іс ақпаратын тұтастай есте сақтау мүмкін емес еді.
Сөйтіп, ең алғашқы менеджмент коммерциялық әне діни қызмет іс-әрекетін
жүргізу құралы ретінде қалыптаса бастады. Уақыт өте келе әлеуметтік
институт пен кәсіпке айналады.
Менеджменттің дамуындағы кезекті күрт өзгерісті, секірісті
Вавилон әміршісі Хаммурапи (б.з.д. 1792-1750жж.) есімімен байланыстырады.
Кең байтақ иеліктерді басқару үшін ол тұңғыш рет Хаммурапидің заңдар
жиынтығын шығарады. Мемлекетті басқарудың 285 заңынан құралған бұл жинақ
сан-алуан қоғамдық қатынастарды реттеп, бкіл империяның әкімдеріне жетекші
құрал ретінде қызмет еткен. Хаммурапидің өзінің адамдарының қамқоршысы мен
қорғаушысы ретіндегі бейнесін ұдайы ұстана отырып, лидерліктің стилін ойлап
шығаруы жаңалық болды. Сонымен тұңғыш рет Хаммурапидің билік ету дәуірінде
таза зиялы басқару үлгісі жасалып, адамдар арасындағы қатынастарды
ұйымдастыру мен реттеудің ресми жүйесі пайда болады және ақыр соңында,
лидерліктің стилінің алғаш өскіндері туындайды.
Бұдан едәуір кейін Вавилон мұнарасы мен аспалы бақтар жобасының
авторы ІІ Навуходоносор патша (б.з.д. 605-562жж.) тоқыма фабрикалары мен
астық қоймаларында өндірістік бақылау жүйесін еңгізеді. Ол жекелей аланда,
тоқыма жібінің келіптүсуі мен сақталу мерзімдерін анықтау үшін түрлі-түсті
жазба ағаздар қолданған.
Басқару жаңалықтарының айтарлықтай бөлігі Ежелгі Римде орын алған,
олардың ішіндегіең танымалдары – Диоклетианның (б.з.д.316-243жж.)
территориялық басқару жүйесі мен күні бүгінге дейін ешбір өзгеріссіз
сақталған Рим католиктік шіркеуінің әкімшілік ұйымдастырылуы.
XVІІ-ХVІІІ ғғ. Ұлы өнеркәсіп төңкерісі, алдыңғы төңкерістерге
қарағанда, басқару теориясы мен практикасына әлдеқайда елеулі ықпал етті.
Индустрия мануфактурасының шектерінен асып, акционерлік капиталдың қазіргі
заманғы жүйесі пісіп-жетілген сайын капитал иелері бизнеспен айналысудан
барған сайын алыстай бастайды. Жетекші меншік иесі жүздеген, мыңдаған
акционерлермен ауыстырылады. Жаңа диверсификацияланбаған (бытыраңқы) меншік
формасы пайда болды. Жалғыз жетекші (басшы) – меншік иесінің орнына тек
қана пурсатты (айрықша құқылы, жоғары дәрежелі) таптан ғана емес, барлық
таптар ішінен іріктеп алынған (рекрутталған) бірнеше алдамалы менеджерлер
пайда болады.
Бұл жерде әкімшлік ету компаниясының жалпы мақсаттары мен саясатын
белілеу, ал менеджмет бастапқы әрі аясы тар техникалық мағынада олардың
жүзеге асырылуын бақылау ретінде түсінілетін.
Өндіріс көлемінің өсуі, капитал айналымының жеделденуі, банк
операцияларының ұлғаюы (кеңеюі) қазіргі заманғы ғылыми-техникалық
революцияның ықпалы өте-мөте күрделендіре түсті. Ол енді тек бір ғана дұрыс
мағыналы ойды жұмсау саласы бола алмады, арнайы білімдерді, дағдылар мен
сарашылардың іскерлігін (шеберлігін) талап етті. Болжам мен интуиция тілі
нақты калькуляциялық негізге ие болады – бәрі формулалар мен ақшаға
ауыстырылды.
Әрбір өндіріс процесі дербес функция қызметі мен менеджменттің іс-
әрекет ету саласына бөлініп шығады. Функциялардың саны өсіп, оларды жаңа
негізде үйлестіру мен біріктіру мәселесі ши-- еленісе түседі. Оларды
біріктіру үшін, әрбір функцияға мамандар штаты (бөлім, бөлімшелер)
бекітіледі, ал үйлестіру функциялары (қызметтері) менеджмент үлсіне тиеді.
Бұл жерде келесі заңдылықты атап өтудің маызы зор. Бастапқыда меншік
иесі мен менеджер бір тұлғада көрінген. Кейін басқару капитал мен
өндірістен оқшауланады. Бір капиталист – менеджердің орнына екі –
акционерлер мен жалдамалы басшылар қауымдастығы пайда болады. Келесі даму
кезеңі: менеджерлер көп әрі әрқайсысы нақты функцияны бақылайды. Бұдан соң
бірегей менеджер – маман қайта бөлінеді және оның орнына мамандар
қауымдастығы пайда болады. Енді менеджерлер мамандардың жұмысые
үйлестіреді.Ол үшін арнайы үйлестіру құралдарын, жекелей алғанда, шешім
қабылдау жүйесін, компания мақсатары мен саясатын және т.б. қолданады.
Менеджмент жеке меншік секторда бизнес – менеджмент ретінде
туындаған, бірақ ғылыми және әлеуметтік күш ретінде орта және шағын
фирмаларда емес (онда еркін кәсіпкерлік өте дамыған болса да), ірі
корпорацияларда дамыды. Кейбір корпорациялардың жылдық табыстары көптеген
мемлекеттердің бюджеттерінен асып түседі. Мемлекеттің де, жеке сектордың да
әл-ауқаты арған сайын басқару сапасына тәуелді бола бастады. Менеджмент
ұлттың ең жақсы күштерін өзіне артады. Тіпті қабілеті жағынан орташа
адамдар күрделі басқарушылық жолынан өтіп, көрнекті тұлғаларға айналады.
Егер ХІХ ғ. орта шенінде басты күрестер еңбек пен капитал арасында жүрсе,
ХХ ғасырда ол басқаршылық алысуға айналды. Қазір капиталист дейнгі даму
кезеңінде басқару функциясы тікелей өндірістен әлі оқшауланбаған және
негізінде бақылау мен еңбекке мәжбр ету функциямына пара-пар болса,
капитализмнің дамуы өндірісті басқару функциясының рөлін арттырды. Ол өз
кезегінде барған сайын күрделеніп, дифференцияланып, өз алдына дербес,
өзгеше іс-әрекет ету саласы бола бастайды.
Бизнес мектептері мен білім жүйелерінде арнайы дайындықтан өткен
көптеген мамандар штаты пайда болды. Жеке меншік пен мемлекеттік
кәсіпорындарда негізгі тұлға болып кәсіпқой менеджер-басқарушылар тнституты
пайда болды.
Ғылыми менеджменттің пайда болуы.
Басқару ғылым, ғылыми пән ретінде ХХ ғ. басында АҚШ-та пайда болды.
Оған бірқатар факторлар түрткі болған. Соның ішінде елдің
демократиялылығын, азаматтардың еңбек сүйгіштігін, білім алудың жоғары
мәртебесін, сондай-ақ мемлекеттің экономикаға араласпайтындығын атап өткен
жөн. Ғылыми менеджменттің негізін қалаушы болып Фредерик Уинслоу Тейлор
(20.03.1856ж. - 21.03.1915ж.) деп саналады. Ол елдің қоғамдық және ғылыми
өміріне ерте араласты. Сол жылдарда АҚШ-та өнеркәсіп орталығы,
реформаторлардың әр түрлі қозғалыстары мен өнеркәсіпті жаңарту идеялары мен
сан алуан пікір-таластардын бұқанып жатқан жері – Филадельфия деп
саналатын. Топтардың бірін менеджерлерді, әсіресе адамдар мен техникаға
бүкіл билікті сеніп тапсыран шеберлердің (мастерлердің) рөліне наразы
кәсіпқой инженерлер құрады. Олар машиналық модель деп аталатын өздерінің
альтернативті жобасын ұсынды. Оның мәнісі кәсіпорынды басқару машинаны
құрастырандай, дәл әрі болжамды болуы тиіс дегенге саяды.
Басқалары – бұл консервативті немесе орынды бағыттағы бизнесмендер,
өнеркәсіп иелері және сяси қайраткерлер енген еңбек реформаторлары. Оның
назарында – жұмысшылар мен жұмыс берушілер өзара қарым-қатынастары,
социомәдени орта мен еңбек жағдайы мәселелері, әр түрлі қайырымдылық
жобалары мен бағдарламалары, мысалы, еңбек моралін жақсарту, өндірісте
толық комфорт жасау, тұрғын үй жағдайларын, әлеуметтік сақтандыруларды,
науқастар мен қарттарға күтім жасауды жақсарту.

ІІ Негізгі бөлім.

Басқару функциялары.

2.1 Жоспарлау – басқару функциясы ретінде.
Американдық ғалымдар өз ұмыстарында жоспарлауды басқарудың басты
функциясы деп белгілейді. Олардың түсіндіруіне қарағанда, жоспарлау жүйесі
келесі сұрақтарға жауап беруге тиіс: не нәрсе жасау керек, қашан, кім және
қалай жасау керек, жоспарды белгілеген уақытта орындау үшін қандай
ресурстар қажет. Басқару процесі жоспарлау, жоспар бойынша қызметтерді
ұйымдастыру және онң нәтижелерін бақылау болып табылатыны бәріне мәлім.
Жоғары да аталған этаптар неғұрлым жақсы жүргізіліп және тығыз байланысты
болса, соғұрлым басқару нәтижелі болады. Жоспарлау басқарушыға белгілі бір
уақыт кезеңінде болашақ қызметтерінің сипатын, қалпын және реттілігін
анықтауға мүмкіндік беретін құрал болып табылады.
Жалпы сипаттама бойынша жоспарлауға енетіндер: сыртқы қоршаған
ортаның даму перспективаларын айқындау, мақсаттар мен болашақ
стратегияларды қалыптастыру, бірінші қатардағы нығайта түсу стратегиялық
мақсат болса, онда “мақсаттар ағашының” ең ұсақ бұтағы ретінде фирманың
құралдарымен жабдықтау бойынша бөлім құру болып табылады. Осыған сай, әр
менеджер өзінің неқты мақсаттарымен анықтайды. Мақсаттар қалыптасқаннан
кейін, қойылған тапсырмаларды қай шамада орындағаны арқылы менеджер жұмысын
бағалу үшін жағдай жасалынады.
Иерархия сатысы неғұрлым төмен болса, соғұрлым мақсаттар сипаты,
бағыты, қамтитын уақыты бойынша нақтылана түседеді. Сонымен қатар, әр нақты
мақсат менеджер үшін оның жеке басындағы өнерлігін, ұйымдастырушылық
қасиеттерін көрсетуге мүмкіндік береді.
Жаңадан қойылған мақсаттар ұйым қызметін, оның құрылымын қайта
құруды көп ретте талап етеді. Қойылан мақсаттар нақтылы және өлшенуге тиіс.
Бұл тапсырмаларды оптимизациялау критерийлерін жасауды жеңілдетіп, жүйе
қызметінің тиімділігін бағалауға мүмкіндік туғызады. Пайданы
максимизациялау немесе өндіріс ығындарын минимизациялау сияқты мақсаттарды
толық өлшеуге болады. Ал тұрақтылықты сақтау, жаңа өнім түрлерін шығару
арқылы рынокқа ену сияқты тапсырмалармен бұл жұмыс күрделене түседі.
Онатылған мақсаттардың жеткіліксіз өлшенуі мақсаттарды орындауды қамтамасыз
ету үшін барлық жүйелердің өзара үйлесімділігін күрделендіреді.
Тиімді жоспарлау жұмысын жүргізу үшін:
- негізгі жалпыэкономикалық және рыноктағы жағдайлар, фирманың және
оның бәсекешілерінің рынокқа тигізетін әсері, өткен мерзімдердегі сатулар
мен түскен пайда туралы мәлімет қажет;
- ғылыми-техникалық прогресті есепке ала отырып, әр берілген уақытта
қызмет көрсету мен өндірістің оптимальды құрылымын анықтау керек;
- қолда бар ресурстарды жедел есептеп және оларды икемді, шебер
пайдалану қажет;
- жоспардың орындалу барысын бақылап және қажет болған жағдайда өз
уақытында түзетіп отыру керек;
Жоспарлау – тиімді басқаруды ұйымдастыруда жауапты да қиын жұмыс,
өйткені көбінесе мақсаттарды, туатын мүмкіндктерді, проблемалар мен
альтернативаны белгілеуде орасан зор қиындық кездеседі. Сонымен қатар
нарықты экономикада конъюктура ұдайы құбылып тұратындықтан жоспарларды
түзету, оны дәлірек анықтау қажеттігі жоспардың орындалуын қосымша қиындата
түседі.
Қысқа мерзімді, орта мерзімді және ұзақ мерзімді жоспарлар жүйесінің
құрылу процесі, барлық жоспарлар жиынтығының үйлесуі басқарылатын
объектінің ортақ мақсатқа талпылануына тікелей байланысты. Бұл жерде
жоспарлануда қолданылатын сапалы және сандық көрсеткіштер жүйесінің маңызы
зор.
Ұзақ мерзімді және орта мерзімді жоспарлардың көрсеткіштері қысқа
мерзімді жоспарлар мен бюджет көрсеткіштерімен бірдей болуы керек.
Жоспарланудың дұрыс үйлесуін қамтамасыз ету үшін түрлі жоспарларды құру
процестеріне қатысушы менеджерлер өзара тәуелді жұиыстарды атқару тиіс. Осы
жұмыстар үйлесуіне сай әр менеджердің іс-әрекеті бағыты, оның табсы,
жоспардың орындалуының әрменгі жұмысының сапасы білінеді.
Орталықтандырылған басқару ұйымдарында ұзақ мерзімді, орта мерзімді және
қысқа мерзімді жоспарлар ыли да өзгермейтін адамдар тобымен жасалады,
сондықтан бұл жоспарлар оңай бірігеді.
Ал көптеген ұйымдарға орталықсыздандырылған басқару тән, мұндай
жағдайда жоспарлар түрін біріктіру өте күрделі жұмыс болып ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Базалық механизмдердің түрлері
Математиканы оқытудың жалпы әдістері
Мемлекет функциясының түсінігі түрлері жүзеге асырудың нысандары
Мемлекет функциясы туралы
MATLAB бағдарламасы.Simulink пакеті. Ляпунов функциясына жалпы анықтама.
Жоба және пішін терезесі
Мемлекет түсінігі, функциясы
Мемлекет функциясының ішкі функциясы
Мемлекет функциясының түрлері, орындалу нысаны
Басқарудың сызықты құрылымы
Пәндер