1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісі
1 ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ.АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ
2 «Ұлт.азаттық қозғалыс» ұғымының жалпы сипаттамасы.
3 Ұлт.азаттық қозғалыстардың туу себептері.
4 Махамбет . Исатай ескерткіші
5 Алаш партиясының жетекшілері

Патшалық Ресейдің ХХ ғасырдың басында Орта Азияның шығыс аудандарын отарлауы өте күшті қарқынмен жүргізілді. Тек 1907 – 1912 жылдары империянның еуропалық бөліктерін бұл жаққа 2 млн 400 мың адам келіп қоныстанды. Әсіресе, Қазақстанда отарлау кең ауқымда жүргізілді. Қазақтардың жерлерінде патша өкіметі шаруаларды қоныстандыру үшін жер қорын жасап, 1916 жылға дейін олардың 45 млн. десятина ең шұрайлы жерлерін тартып алды, сөйтіп жергілікті халықтар таулар мен шөл далаларға ығысуға мәжбүр болды. Бұл жерлерде не су, не мал жаятын жеткілікті шабындық болмады.
ХІХ ғасырдың аяғы ХХ ғасырдың басында бұрынғы Түркістан аймағында (Хиуа мен Бұқараны қоспағанда) 941 жаңадан қоныстанған поселкелер пайда болды. Бұл кезде Түркістанда орыс посекілерінің әрбір тұрғынына 3,17 десятина егін егетін жерден келсе, жергілікті тұрғындарға (қазақ, өзбек, қырғыз, және т.б.) 0,21 десятинадан ғана жер келді. Сөйтіп, ешқандай жері жоқ қазақ –қырғыз тақыр кедейлерінің үлкен тобы құрылды. Жетісу губерниясында көшіп келген орыс кулак шаруашылықтарының 90 проценттен астамы қазақ кедейлерінің жалдамалы еңбегін пайдалнады. Қазақ жерлерін күшпен тартып алу жергілікті халықтар мен орыс –украин қоныстанушыларының арасындағы қайшылықтарды шиеленістерді, жер мәселесі жөніндегі күштеу саясаты шеткі аймақтарда да кеңінен тарады.
1914 жылы патшалық Ресей дүниежүзілік соғысқа тартылды. Бұл Бірінші дүниежүзілік империалистік соғыс барлық халықтарға, соның ішінде Қазақстанға да асар ауыр зардаптарын тигізді. Ол патша чиновниктері мен жергілікті әкімдерінің және байлардың зорлық –зомбылығы мен озбырлығын күшейтті. Соғыс қажетіне Қазақстаннан орасан көп жылқы, ауыл шаруашылық өнімдері жөнетілді. Жергілікті халықтан алынатын салық 3 – 4 есе көбейді, шаруалардың ірі қара малы мен мал азығын соғыс қажетіне алу күшейді. Осынның бәрі егістік жердің қысқаруына, ірі қара мал басынның азаюына әкеп соқтырды. Елдің өенркәсібіндегі жалпы күйзеліс пен ауыл шаруашылығының күйзелуі Қазақстан экономикасын құлдыратты. Қалалар мен ауылдардағы еңбекші бұқараның жағдайы күрт төмендеді.
Соғыс жылдары тек Түркістаннан майдандағы әскерлердің қажеті үшін 40, 899, 044 пұт мақта, 38 мың шаршы метр киіз, 3 млн. пұт мақта майы, 229 мың пұт сабын, 300 мың пұт ет, 473,928 пұт балық, 70 мың жылқы, 12797 түйе күштеп алынып, майдан аймақтарына жіберілді. Қазақ шаруаларын кәсіпорындарға, кулак шаруашылықтарына жалдап жұмыс істету күшейді.

ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ 1916 ЖЫЛҒЫ ҰЛТ-АЗАТТЫҚ КӨТЕРІЛІСІ
С.Д. Тоқбергенова
Төле би атындағы №8 гимназиясы, Тараз қ.
Қазақстан Республикасы-қазақ халқының тәуелсіз ұлттық мемлекеті. Тәуелсіз
мемлекетіміздің құрылуы-қазақ халқының талай ғасырларға созылған ұлт-
азаттық күресінің заңды нәтижесі. Халқымыздың даму тарихында мүлдем жаңа
мазмұндағы саяси кезең басталды.
ХХ ғасырдың басында Қазақстан, Ресей империясының капитализмге дейінгі
өндірістік қатынастар үстем болған аграрлы отарлық өлкесі болды. Қазақ
халқының басым көпшілігі, бір жағынан, патша үкіметінің отарлау саясатының
қасіретін, екінші жағынан, ауылдағы бай-шонжарлардың езгісінің ауыртпалығын
көтерді. Қазақстанның экономикасы мен жер байлығына, Ресей алпауыттарымен
қатар шетелдік капитал да қол сұға бастады.
Патша үкіметі қазақ халқының ата қонысын мемлекет меншігі деп жариялап,
шұрайлы шабындық пен құнарлы егіндікті қоныс аудару қорына, орыс-казак
жерлерін (казачествоны) орналастыру және басқа да отарлаудан туындайтын
мақсаттар үшін тартып алып отырды. Күштеп өзіне алу саясатының екі ғасырға
созылған жылдарында ресейлік отарлаушылар Қазақстанның 45 миллион
десятинаға жуық жерін, басқаша айтқанда, ең құнарлы 16 пайыздай бөлігіне
иелік етті. 1917 жылы екі революция қарсаңында бұл жерлерге келіп орын
тепкен ресейлік қоныстанушылар (негізгі орыс ұлттарының өкілдері) сол
кездегі Қазақстанды мекендегендердің 23,1 пайызын құрды [1, 30 бет].
Отарлаушылар қазақ халқының жері мен табиғи байлығының айтарлықтай бөлігіне
иелік етіп қана қойған жоқ, олар қазақтарды рухани жағынан да отарлады.
Халықты тілінен. Дінінен, ділінен біртіндеп айыру бағында қатыгездікпен
ойластырылған шараларды жүзеге асырды.
Бұл жөнінде Міржақып Дулатов Қазағым менің, елім менің атты мақаласында
былай деп ашына жазған еді: ...Ең алдымен қазақ халқы-Россияға тәуелді
халық... Оның ешқандай правосының жоқтығы ыза мен кек тудырады. Халықтан
жиналатын салық қаражатының көп бөлігі халыққа тіпті керек емес нәрселерге
жұмсалады...өздерің көз жазбай байқап отырғандай...чиновниктер, урядниктер
кедей қазақтарды ұрып-соғып, малдарын тартып, ойына не келсе соны істеді...
Енді чиновниктер біздің дінімізге, атадан мұра болып келе жатқан әдеп-
ғұрыптарымызға, біздің молдаларға ғана тиісті неке мәселелеріне араласа
бастады, діни кітаптарды тұтқынға алды...
Енді бұл чиновнитер қазақ даласына мыңдаған мұжықтарды жер аударып,
қазақтардың суы мен шұрайлы жерлерін еркін иемденуде...Бұлар сорлы
қазақтарды ұрып-соғып, бар мүлкін тартып алып кетуде... [2, 211 бет].
Патша үкіметінің отарлау саясаты өзінің шырқау шегіне жетіп, отарлау
саясаты өзінің шарықтау шегіне жетіп, отарлау саясаты күшейген сайын
халықтың қарсыласу қозғалысы да арта түсті. Соның бірі - 1916 жылғы ұлт-
азаттық қозғалысы еді.
Ғылыми жұмысты жазудағы мақсатым: биыл 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің
болғанына 90 жыл толып отыр. Осы уақыттың ішінде қазақ халқының басынан әр
түрлі кезеңдер өтті. Қазақ халқы қайсарлық, қайтпас күрестердің арқасында
тәуелсіздікке қол жеткізді. Тәуелсіздікке жету - қазақ халқы үшін даңғыл
жол болған жоқ, ол ұлы белестерден, қиын-қыстау асулардан тұрды. Болашақ
ұлттық мемлекеттің іргетасы осы тарихи кезеңдерде қалыптасқан болатын,
сондықтан да азаттық жолындағы қасиеті де, қасіретті күрестің тарихын
зеттеу қазіргі таңда зор маңызға ие болып отыр.
Кеңестік тарихтану 1916 жылғы көтеріліске байланысты оқиғаларды баяндауда,
тарихи шындықты ашуды мұрат тұтпай, қалай болғанда да көтеріліске
қатысушыларды реакциялық бағыт ұстанған күш ретінде көрсетуді көздеді. Шын
мәнінде мәселе анағұрлым күрделірек болатын. Бұрын азды-көп мәлім, сондай-
ақ зеттеу жұмыстарына әлі тартылып үлгермеген тың деректік материалдарға
сүйене отырып, көтеріліс қарсаңындағы және барысындағы жағдайлар шынайы
түрде жазыла бастады. Әрине, Қазақстанның шынайы тарихын жазу-
тәуелсіздікке қол жеткізудің жемісі.
Дегенмен де, осы тақырыпқа тікелей қатысы бар жекелеген мәселелер әлі де
болса жан-жақты, әрі терең зерттелген жоқ. Солардың бірі, атап айтқанда,
осы көтеріліске байланысты кезінде көптеген өлең-жырлар шықты. Олардың
көпшілігі уақыт өте фольклорға айналып кетті. Көтеріліске тікелей
қатынасушы Көдек Маралбайұлы кезінде 1916 жылға арналған дастан шығарған.
Ол қазақстандық оқырмандарға әлі толық таныс емес. Осындай дүниелердің
қазақ әдебиеті тарихынан алатын орны мен олардың көтеріліс тарихнамасына
қатысы мен дерек көздері ретіндегі маңызын да ғылыми тұрғыдан қарастырған
жөн.
Мен осы ғылыми жұмысты жазуда тың материалдарды пайдалана отырып бірінші
дүниежүзілік соғыс қарсаңындағы Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық және
саяси хал-ахуалын, бірінші дүниежүзілік соғыстың Қазақстанға тигізген кері
әсерін, 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілістің басты себептерін және
көтерілістің негізгі ошақтары Жетісу мен Торғай өңіріндегі көтерілістің
барысын, Әулиеата уезіндегі Меркі бөлімшесіндегі көтерілістің
ерекшеліктерін, ондағы Ақкөз батырдың өмірін ашу және көтерілістің тарихи
маңызын атап көрсету міндетін алға қойдым.
Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің Тарих толқынында атты кітабында былай
деп жазған еді: Тарих бәрін де сыйға тарта алады, бірақ ішкі еркіндіктің
формасы ретіндегі тәуелсіздікті сыйға алуға болмайды. Тәуелсіздік – бұл
тарих толқынында субъект болу құқығын түсінетін және осы үшін жауап беретін
халық болмысының бірден-бір формасы... [3, 277 бет].
1916 жылғы көтеріліс қазақ халқының көп ғасырлық ұлт-азаттық қозғалысының
тарихында аса көрнекті орын алады. Шындығында да, өз тәуелсіздігі үшін ұзақ
жылдар бойы жүргізген ерлік-күресінің дәстүрінде тәрбиеленген қазақ халқы
1916 жылы ұлттық және саяси бостандық алу мақсатымен Россия империясының
езгісіне қарсы жойқын күреске шықты. Жаңа тарихи кезеңде, империализм мен
бірінші дүниежүзілік соғыс жағдайында Амангелді Иманов, Бекболат Әшекеев,
Ұзақ Саурықов, Жәмеңке Мәмбетов және басқа халық батырлары кезінде, Сырым
Датов, Исатай Тайманов, Махамбет Өтемісов, Кенесары мен Наурызбай
Қасымовтар көтерген бостандық үшін күрес туын қайтадан өз қолдарына алды.
1837-1847 жылдардағы Кенесары бастаған ұлт-азаттық қозғалысынан кейін 1916
жылғы көтеріліс бүкіл Қазақстандық сипатқа ие болып, ұлан-ғайыр
Қазақстанның барлық өңірлерін қамтыды. Көтеріліс ең алдымен отарлыққа қарсы
бағытталды да, қазақ халқының ұлттық және саяси тәуелсіздігін көздеді, ал
оның әлеуметтік мәні екінші кезекте болды да негізгі мақсатпен
салыстырғанда екінші дәрежелі рөл атқарды.
1936 жылдан бастап Кеңес Одағында, әсіресе Қазақстанда, қандай да болмасын
оқиға, коммунистік идеологияға бағындырылды, соның ішінде 1916-1917 жылдың
тарихи мәселелеріне көзқарас күрт өзгерді: жеке адамға табынушылық саясаты
жүргізілді. Доғал соғысында, жанын-тәнін аямай ерлік көрсеткен азаматтар
әдейі ұмыт болды, аруақтарын аяқ асты етті. [4, 5 бет].
Тәуелсіздігіміз бен егемендігіміздің арқасында гуманитарлық ғылымдардың
маңызды салаларының бірі - тарих ғылымында да бұрынғы коммунистік
көзқарастар мен тұрғыда баға берілген тарихи зерттеулерге жаңадан өз
бағасын беруге мүмкіндіктер пайда болды.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу Мазмұны [жасыр]
1 Ұлт-азаттық қозғалыс ұғымының жалпы сипаттамасы.
2 Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.
3 Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.
3.1 Пайдаланылған әдебиет
[өңдеу]
Ұлт-азаттық қозғалыс ұғымының жалпы сипаттамасы.
1820 жылдағы цин империясы
XVIII— XIX ғасырларда қазақ халқы сырттан төнген экспансияға қарсы үздіксіз
күрес жүргізді. Қазақ қоғамы XVIII ғасырдың алғашқы жартысында Жоңғар
хандығымен, оның артын ала Цинь империясымен, Орталық Азия хандықтарымен өз
еркіндігі үшін тынымсыз күрес жүргізіп, ең соңында Ресей империясымен бетпе-
бет келді. Мешеу көшпелі мал шаруашылығына сүйенген және өз ішіндегі
феодалдық алауыздықты жеңе алмаған Жоңғар хандығы жеңіліске ұшырап, жері
Цинь патшалығына қарады. Шамамен осындай дөрежедегі қазақ елін Ресей
империясы өзіне қосып алды. Сөйтіп, екі-үш ғасыр бойы Орталық Азиядағы
елеулі күш ретінде танылған қазақ және жоңғар мемлекеттері көрші қуатты
империялардың тегеурінді ілгері жылжуын тоқтата аларлықтай қарсылық көрсете
алмады.
Ұлт-азаттық қозғалыс — отар елдерге тән тарихи құбылыс. Ұлт-азаттық
қозғалыстың басты мақсаты — ұлтты езгіден азат ету, оның ұлттық мүддесін
қорғайтын мемлекеттілігін қалпына келтіру және отаршылдық билікті жою
арқылы ұлттық дербестікке қол жеткізу. Демек, ұлт-азаттық қозғалыс — отар
халықтардың отарлық езгіге қарсы жалпы халықтық күресі.
Оның басты мақсаты — ұлтты өзге мемлекеттің экономикалық, саяси және басқа
езгісінен азат ету, елдің табиғи ұлттық мүддесін қорғауға қабілетті
мемлекеттілігін қалпына келтіру. Отаршыл жүйені жою және отарсыздандыру
шараларын іске асыру арқылы шынайы дербестікке қол жеткізу. Яғни, ұлт-
азаттық қозғалыс дегеніміз — отарлық тәуелділіктегі халықтардың жат-жұрттық
езгіге қарсы жалпыұлттық күресі.
XVIII ғасырдағы қазақ халқының жоңғар басқыншыларына қарсы азаттық
жолындағы күресі — Отан қорғау мақсатын көздеді. Елдің бір бөлігі жау
қолында қалған жағдайда оны азат ету ісі жалпыұлттық міндетке айналды. Отан
соғысы мен ұлт-азаттық қозғалыстың мақсаты ортақ — елдің мемлекеттік
тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын сыртқы қауіптен қорғау. Сондықтан бұл
ұғымдар бір-біріне жақын, мазмұны жағынан өзара астасып жатыр. Дегенмен ұлт-
азаттық қозғалыстың мазмұны тереңірек. Ұлт-азаттық күрес қоғам өмірінің
барлық салаларымен байланыста дамиды. Мұндай байланыстылық тек саясат пен
экономикадан ғана байқалып қана қоймай, қоғамның мәдени-рухани жағын да
қамтиды. Ұлт-азаттық қозғалыс — бұл ұлттық, әлеуметтік, экономикалық,
саяси, діни, рухани қайшылықтардың түйіні. Демек, ұлт-азаттық қозғалыстар
туралы жан-жақты шынайы тарихи контексте оқып-үйренуіміз қажет.
Қазақ халқының төл тарихы революцияға дейін де, кеңестік дәуірде де отаршыл
саясат, таптық идеология, еуроцентристік қағидалар тұрғысынан зерттелді.
Отаршылдық дәуірде ұлт-азаттық күрестерге бүлік деген айдар тағылды. Ал
оған қатысушылар бүлікшілдер, тонаушылар аталды. Ресейдің империялық
пиғылдарына қарсы, жалпы адамзаттың өркениет көшінде өз этносын сақтап қалу
жолындағы халықтың азапты күресі жоққа шығарылды. Осылайша ұлт-азаттық
қозғалыстардың толыққанды шынайы тарихына қатысты талай шындықтар
бұрмаланды.
[өңдеу]
Ұлт-азаттық қозғалыстардың туу себептері.
Абылай хан
Аса қиын сыртқы саяси жағдайлар Әбілқайыр мен Әбілмәмбетке, Абылай ханға
Ресейдің қол астына кіруге мәжбүр етті. Солай бола тұрса да, Ресейдің Кіші
жүз бен Орта жүзді өзіне қосып алуы күрделі де қайшылықты жүрді. Мысалы,
Кіші жүздің ханы Әбілқайырды Орта жүздің белгілі сұлтандарының бірі
Барақтың өлтіруі қазақ қоғамындағы дағдарысты аңғартады. Ал Абылай ханның
қайтыс болуы Орта жүз бен Ұлы жүз аумағында да саяси дағдарыс туғызып,
хандық биліктің әлсіреуіне әкелді. Патша үкіметі бұдан былай қазақ
хандарының іс-әрекетіне бақылау жасап, хан тағына қабілетті, беделді
үміткерлерді жібермеуге күш салды. Керісінше, Ресей бағытын жақтаушы
хандарды тағайындап, қазақ қоғамын жікке бөлуді одан әрі жалғастырды.
Сондықтан отаршылдықка қарсы күрестің бастапқы кезеңіндегі көтерілістерге
Ресей бағытына қарсы рубасылары, билер, батырлар басшылық етті.
Ресей империясының XIX ғасырдың 20-жылдарындағы реформалары қазақ
мемлекеттілігін түпкілікті жоюды көздеді. Бұл өз кезегінде Қазақ жерінің
тұтастығын көздеген сұлтандар Саржан және Кенесары Қасымұлы бастаған кең
аукымды ұлт-азаттық қозғалыстарды тудырды.
Кенесары Қасымұлы
Ал XIX ғасырдың ортасы мен екінші жартысы қазақ жерлерінің Ресейге
қосылуының аяқталу кезеңі болып есептеледі. Қазақстанның Ресейге түпкілікті
қосылу дәуіріндегі ұлт-азаттық қозғалыстарға К.Қасымұлы, Ж.Нұрмұхамедұлы,
Е.Көтібарұлы бастаған көтерілістерді жатқызуға болады. Отаршыл Ресей
үкіметінің әр түрлі әкімшілік-саяси шаралары қазақ көшпелі қоғамының
дәстүрлі құрылымын бұзды. Мұның өзі оның қоғамдық өмірінде үнемі
дағдарыстық құбылыстар туғызып отырды. Бұл фактор өз кезегінде мақсат-
мүдделері мен табиғи құқығы аяқ асты болғандардың табанды қарсылығын
тудырды. Қоғам дамуындағы тепе-теңдіктің бұзылуы сол қоғамның барлық
әлеуметтік элементтерін азаттық күрес аясына тоғыстырды.
XVIII—XIX ғасырлардағы қазақтардың тәуелсіздік үшін күресі орыс отаршылдығы
өзімен бірге ала келген қоғамдық өзгерістерге қарсы күрес ретінде көрінді.
Ал, шын мәнінде, бұл қазақ халқының ұлт-азаттық күресі, сонымен бірге екі
өркениеттің, екі этностық жүйенің арасындағы қақтығыс еді. Ұлт-азаттық
қозғалыстардың барысында отаршылдық үкімет жойып жіберген хандық билікті
қалпына келтіру әрекеті байқалды. Көтерілісшілер өзінің ұлттық мүддесін
қорғайтын мемлекеттілік белгілерін қайта жаңғыртты.
[өңдеу]
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстардың даму кезеңдері, ерекшеліктері.
Қазақ халқының Ресей отаршылдығына қарсы тәуелсіздік жолындағы күресі
ұзаққа созылып, XVIII ғасырдың екінші жартысы мен XX ғасырдың 80-жылдарын
қамтыды.
Сырым Датұлы
Халық бұқарасының алғашқы әрі тегеурінді әрекеттерінің бірі — Сырым
Датұлының қолбасшылығымен болған қозғалыс. Кіші жүз қазақтарының
көтерілуіне патша өкіметінің қазақтардың "ішкі жаққа", Жайық сыртына өтуіне
тыйым салуы, қазақ билеушілерінің бір бөлігінің құқықтарымен санаспауы
негізгі себеп болған еді. Ресейдегі шаруалар көтерілісінің көптеген
қолбасшылары сияқты Сырым батырға да "жақсы ханға" деген сенім тән еді.
Сырым билердің қазақ қоғамындағы рөлін көтеру мақсатын көздеді. Сонымен
қатар хандық билікті келтіруге де өз келісімін берді. Дегенмен қозғалыстың
отаршылдыққа және хандар зорлығына қарсылық сипаты соңғы кезеңге дейін
сақталды.
Махамбет - Исатай ескерткіші
1836—1838 жылдардағы старшын Исатай Тайманұлы бастаған көтеріліс халық
бұқарасының отаршыл билікке, сондай-ақ сол билікке сүйенген Жәңгір хан
бастаған феодалдар тобына қарсы ашу-ызасының сыртқа шығуы еді. Бұл ретте
Исатай Тайманұлы бастаған қозғалыс қазақ топырағындағы ашық әлеуметтік-
таптық сипат алған алғашқы қоғамдық қарсылық болды.
1836—1838 жылдардағы көтеріліс оған дейінгі қозғалыстардан ерекшелеу
болатын. Бұл уақытта қазақ жерінің негізгі бөлігі Ресейдің қол астына
еріксіз еніп, отаршылдық саясат барған сайын өктем сипат ала түскен еді.
Хандық биліктің жойылуы, жаңа әкімшілік басқару жүйесінің енгізілуі,
қазақтардың құнарлы жерлерден ығыстырылуы, міне, осының бәрі көтерілістің
патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытын айқындап берді. Бұл
стихиялы көтеріліс бола тұра, көтеріліс басшысы мен оның ақтастарының
Ақбұлақ түбіндегі шайқасқа дейін табандылықпен күрескенін атап өту қажет.
Сөйтіп, ол өзінің алдына қойған мақсатты күресінің идеясына, қатардағы
көшпелілер алдында адалдығын дәлелдеді. Ал көтеріліске қатысқан кейбір
билер тобының тұрақсыз әрекеттері, жазалаушы күштердің басымдылығы
көтерілістің жеңіліске ұшырауын жылдамдатты.
Қазақстандағы ұлт-азаттық қозғалыстар тарихында ауқымдылығы, қуаттылығы
жағынан ең ірісі — 1837—1847 жылдардағы көтеріліс. Көтерілістің басталған
уақыты патшалық Ресейдің казақ жеріне тереңдей еніп, әкімшілік-әскери
шараларымен әлі де болса дербестігін сақтап тұрған аудандарға жеткен
кезеңіне тұспа-тұс келді. Орта жүздегі округтік басқару жүйесіне қарсы
басталған бұл көтеріліс Абылай ханның ұрпағы Кенесары Қасымұлының
басшылығымен жүзеге асты. Қозғалыс 10 жыл бойы Ресейдің саясатына ықпал ете
отырып, Орта және Ұлы жүздердің басым бөлігінің Ресейдің қол астына еріксіз
кіру мерзімін біраз уақытқа болса да кейінге шегерді. Кенесары Қасымұлы
бастаған козғалыс жеңіліске ұшырағаннан кейін ғана Орта жүз толығымен
Ресейдің құрамына енген. Патша үкіметі Ұлы жүз иеліктеріне ауыз салуға
мүмкіндік алды. Көтеріліс өлі де толығымен Ресейдің құрамына кіре коймаған
аудандарды, ауқымы жағынан бүкіл үш жүзді қамтыды. Кенесары қозғалысы әлі
де дербестігін сақтап қалған жерлерде орыс отаршылдығының тереңдей түсуіне
қарсы бағытталды. Қазақ елінің Ресей империясының құрамына енгеннен бергі
уақыттағы азаттық козғалысын қозғаушы күштер мен күрес тәсілдеріне
байланысты мынадай кезеңдерге бөлуге болады. Бірінші кезең — XVIII ғасырдың
соңы және XIX ғасырдың екінші жартысы аралығын қамтиды. Қазақ қоғамындағы
қалың бұқара атсалысқан азаттық қозғалыстың бұл алғашқы кезеңінде белгілі
объективті себептерге байланысты билеуші әлеуметтік топ жетекші рөл
атқарды. Сырым Датұлы (1783—1797 жылдары), Исатай Тайманұлы (1836—1838
жылдары), Кенесары Қасымұлы (1837—1847 жылдары), Есет Көтібарұлы (1847—1858
жылдары) және Жанқожа Нұрмұхамедұлы (1856—1857 жылдары) бастаған
көтерілістер, ең алдымен, орталық езгіге ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz