Қазақстан тарихына кіріспе. Дәріс


c
ФКГМА 1 -8 - 22/02
МУ « Организация методической
работы в соответствии с ГОСО
2006 года» от 04. 07. 2007г.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
Дәріс.
Тақырыбы: Қазақстан тарихына кіріспе.
Мамандығы: «051301 - Жалпы медицина»
Пән: «Қазақстан тарихы»
Курс: 1
Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут
Қарағанды - 2008ж.
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама № « ___» ___ 2008ж.
Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина
- Тақырыбы:Қазақстан тарихына кіріспе
- Мақсаты:Қазақстан тарихы пәні міндеті және мақсаты жөнінде Қазақстан тарихының өзекті мәселелерін жан-жақты талқылау. Көшпелі өркениеттер жүйесіндегі, жалпы түркі қауымдастығындағы қазақ халқының, қазақ мемлекеттігінің атқарған ролі мен алатын орнын көрсету. Әлеуметтік құрылысы мен саяси жүйесіндегі негізгі қалыптасу, құрылу кезеңдеріне баса тоқталу.
- Дәріс жоспары:
Қазақстан тарихы пәні, әдістері, мақсаты мен оқып үйренудің міндеттері.
Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлу.
Қазақстан тарихынан тарихшылар мен әдебиеттерге шолу.
Қазақстан тарихының өзекті мәселелері.
- Дәріс тезистері.
Отандық тарих, қазіргі қазақ тарихы ғылымының жетістіктері мен ең жаңа тұжырымдарды есепке ала отырып көне заманнан қазіргі кезеңге дейін өтіледі.
Курсты ең жоғарғы деңгейде оқу, тарихтың түрлі кезеңдеріндегі оқиғалардағы қазақтардың көшпенділердің ролін біліп, түсінуге көмектеседі және олардың әлемдік өркениетке қосқан үлесін байқау.
Пәннің негізгі мақсат - мүддесі өткен мен қазірдегі оқиғалардың мәнін түсініп, ғылыми түрде бағалай білуге, ғылыми әдебиетпен жұмыс істей білуге, өз ойларын сауатты түрде жеткізе алуға, өз пікірін нақты негіздеуге, жарыссөзге үйретуге бағытталады.
Қазақстан тарихын дәуірлеу танымның барлық кезеңдерінде ең алдымен интеллектуалды, гносеологиялық, яғни оқиғаның логикасын бейнелеу қызметін атқарады.
Дәуірлеу міндеті тарихи материалды белгілі заңдылықтар бойынша топтпау. Қазақстан тарихын дәуірлерге бөлгенде формациялық принцип көп укладты, яғни қазақ халқының идеологиясы мен менталитетін есепке алмайтынын ескеру қажет.
Тарих - үнемі даму үстіндегі ғылым. Тарих алдымен әлемді тану, оның өткенін ашып көрсету болып табылады. Тарихтың көмегімен біз уақыт пен кеңістік ішінде серуен құрамыз. Өйткені ой елегінен өткізу бәріміз үшін ортақ нәрсе ғана болып табылмайды, сондай-ақ әркімнің есінде ол уақыт ағымына қарай өзгеріске ұшырайды. Адамдардың түсініктері - білімдердің ауысуына байланысты, қандай да біо қоғамдағы тарихтың атқаратын мідеттерінің өзгерісіне сәйкес, идеологияға байланысты өзгеріп отырады. Әлі күнге дейін тарих ғылымы қазақ қоғамының мәселелерінің көптеген тарихи аспектілерін көшпелілердін әлеуметтік-мәдени өмірінің дамымағандығы туралы дұрыс емес, априорлық көзқарас тұрғысынан қарастырады. Европада XIX ғасырдан бастап Дүниежүзілік тарихты Батыстың тарихы ретінде қарастырды және тарихи кезеңді Ежелгі Греция кезеңінен бастап санайды, ал «басқаның» бәрін нақты тарих шеңберінен тысқарыға жатқызады. ХХғ. 20ж. бастап Қазақстан тарихы маркстік таптық теорияға сәйкес мәскеулік түйіндеме тұрғысынан баяндалды.
Соңғы бірнеше жылдар ішінде Қазақстан тарихын белсенді түрде отарсыздандыру үрдісі жүріп жатыр, алайда өкінішке орай, өзгерістер көбінесе отаршылдар ұстанған сол баяғы әдістер арқылы жүруде, яғни тарих тура 180-қа аударылып түсіп диаметрлік қарама-қарсы түрде пайымдалуда. Осының ықпалымен трайбалистік немесе этноцентристік сипаттағы біршама шығармалар да пайда болып жатыр.
Екі жағдайда да біздің тарихымызгипотезалық күйде қалып отыр. Оның негізгі себебі қазақ халқының тарихын терең білмеушілік, оның ғылыми зерттелмеуінде, немесе Еуразияның ежелгі және ортағасырлардағы көшпелі қоғамдарының тарихи-мәдени мәселелерінің әлсіз зерттелуінде болып отыр. Жалпы алғанда, білімсіздіктің деңгейі тарих ғылымының әлсіз дамуына әкеледі.
Тарих - тек өткен шақ туралы білімдердің қосындысы ғана емес, сондай-ақ әр халықтың бүгінгі дүниедегі өзінің жағдайын айқынырақ сезінуге, өзінің азаматтық ой тұрғысын және болып жатқан оқиғалар мен құбылыстарға өзінің қатынасын нақты анықтауға, олардың мәні мен бағытын терең ашып, түсінуге мүмкіндік беретін үнемі тарихи ойлау. Тарих, сөзсіз, ұлттық мақтаныш пен патриотизмге тәрбиелейді, саналы, белсенді азамат болу ұшін аздап болсын тарихшы болу қажет.
Тарихтың шұғыл бұрылыстарында өткен шақ жандана түседі және оны біз бүгінгі күннің күрделі мәселелерін шешудің белгілі бір кілті ретінде қабылдаймыз. Халық алдында тарихи таңдау мәселесі пайда болған кезде өткен шаққа жүгіну, тарих арқылы халықтың өзін-өзі тануыда қалыпты, табиғи жағдайға айналады.
Қазір ТМД елдерінде жазылып жатқан тарих, егеменді республикалардың халықтарының өзіндік тарихи бейнесін және дүниежүзілік өркениетке қосқан үлесін анықтай отыра, даңқын шығаруға бағытталған. Менің білуімше, бұл тұрғыда жас мемлекеттерде айырмашылық жоқ. Бұл жағдайдағы тарихтың ролі дәрігердің миссиясын еске түсіреді. Жүрегінің түкпірінде әрбір халық, осы дәрігердің білікті маман болуын қалайды, ал сауатсыз дүмше-балгер емдеп жатқан халық қайғыға ұшырайды. Жақсы тарихшы ел руханиятына қажетті нәрді тарихтан тауып береді. Ол үшін өзгені жамандап, өзіңді асырудың да қажеті жоқ.
Жер шарында тарихсыз халықтар жоқ. Адамдар өмір сүрген жерде тарих бар. Өткенді білсең, осы заманды игеру оңайырақ, ал болашақты бағдарлау одан да жеңіл.
Біздің бүгінгі әлемде әрбір халықтың тарихи өткен шағы саяси тартыстардағы су айрығы іспетті, халықтардың, мәдениеттер мен мемлекеттердің мүдделері қақтығысып қалған жағдайда соған жүгінеді. Өз тарихын білмеген ел қоршаған біркелкіліктің арасында жоғалып кете алады. Тарихты қисық түсіндіріп, мүлдем оған деген сенімсіздікті оятуға болады. Біз бүгін осындай таңдау алдында тұрмыз.
Тарихтың негізгі пәні адамның, елдің рухы болу керек. Трахты оқытудың мақсаты тек тарихи оқиғалармен, фактілермен таныстыру ғана емес, сондай-ақ адамның рухын тарбиелеу болып табылады. Самарқау баяндалған, түрлі ойдан шығарылған қағидаларға толы, оқиғаларға жабысып қалған және іргетастық теоря, жүйесі мен құрылымы жоқ тарих таяздыққа тәрбиелейді. Тарих адамзат өмірін саралап, түрлі құбылыстарға тереңірек сұғынып, эмпиризмнен бас тартуы қажет.
Қазақстан тарихының методологиясы, негізі деректері және тарижнамасы.
Методология - зерттеу әдістерінің жиынтығы, теориялар мен жұмыс тәсілдерінен тұратын жүйе. Методология таным мәселесі мен принциптер құрылымын ашып беруі тиіс.
Қазақстан тарихынан кең көлемді дерек көздері бар. Оған археологиялық-этнографиялық, жазбаша және ауызша материалдар кіреді. Әр түрлі және бай дерек көздері ежелгі заманнан бүгінге дейін тарихтың бүкіл қайта жаңғыртуға мүмкіндік береді. Зерттеушілер үшін басты кедергі деректердің жоқтығы емес, олардың әрі мәтіндік, әрі типологиялық аспектілерге байланысты зерттелуі болып отыр. Бізде кең көлемдегі деректанушылық ізденістер мүлдем жоқ. Әсіресе, бұл далалық тарихнамаға қатысты. Қазақстанның обьективті тарихын жасауда ауызша тарихнаманың маңызы төтенше маңызды, өйткені ХХғ. бірінші жартысының аяғына дейін жазбаша әдебиет көшпелілер қоғамында қандай да бір елеулі рөл атқарған жоқ. Ауызша дәстүрде сонау көне заманнан бергі қазақ тарихының барлық маңызды оқиғалары көрініс тапқан.
Археология мен этнография Қазақстан тарихын зерттеуді кеңейте әрі тереңдетеді және көне, ежелгі және ортағасырлық тарихты зерттеудің негізі болып табылады.
Ежелгі және ортағасырлық кезеңдер бойынша қытай, грек, парсы, латын және түрік тілдеріндегі жазбаша-кітаби деректер бар.
Көне жазбаша деректер Ахеменидтер заманында пайда болды(б. з. д. 1м. ж. ортасы) . Онда сақ этномәдени қауымдастығына кіретін, Қазақстанның көшпелі тайпалары туралы айтылады. Б. . з. д. II м. ж. - арийлік көне кезеңдердегі оқиғалар туралы мәліметтер парсы тілінде жазылған зороастризм кітабы «Аестада» бар.
Ежелгі түркі жазба деректері ежелгі түрік көшпелілердің әлеміндегі этникалық, әлеуметтік және мәдени құдылыстар туралы неғұрлым анық түсініктер береді. Олар б. з. д. Iм. ж. басында Орталық Азияда пайда болды. Олардың қатарына Күлтегін, Білге қаған, Тоныкөк, Күл-шора, т. б. қағандардың рухына арналған ескерткіштер жатады.
Қазақстанның ортағасырлық тарихы бойынша мәліметтер көптеген араб, парсы, түркі әдебиеттерінде бар. Саяхатшылардың түрлі мәліметтерге толы жазбалары, саяси трактаттардан бастап көркем әдебиет пен ғылыми зерттеулерге дейін сол әдебиетте бар. Ортағасырлық түркі жылнамалары тамаша бейнелі және көркем тілмен жазылған. Мәтін үздік ақындық образдар мен метафораларға толы. Мәліметтердің берілуі еш жерде өз нақтылығын жоғалтпайды, тіпті кейде ұсақ-түйекке дейін көңіл бөлінген.
Жаңа замандағы Қазақстан тарихы бойынша жазба деректердің басым көбі Ресей мұрағаттарында жатыр. Осы құжаттардың тек аздаған бөлігі ғана жарияланған. Өкінішке орай, оларды жүйелеген кезде құрастырушылар әлеуметтік-көпшілік тақырыптарды бетке ұстаған. Мәселен орыс-қазақ қарым-қатынастары, әлеуметтік қайшылықтар. Дерекнамалық зерттеулердің болмауы тарихшыларды қиын жағдайға қояды, оларды толыққанды жұмыс жасау мүмкіндігінен айырады. Ауызша далалық тарихнамаға сыңар жақты қарау, тарихшылар арасында қазақ тілінің беделінің төмендігі жуық арада қазақтың толыққанды тарихын жасау мүмкіндігіне күмандануға мәжбүр етеді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz