Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір



1. Сақтар тайпалық одағы

2. Үйсін және қаңлылар

3. Ғұндар
Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б. з. бұрынғы 519—518 жж. сақтарға қарсы І-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда, ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады, Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап, бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. дейінгі 330—327 жылдары Александр Македонскии Соғданың астанасы Мараканданы басып алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін.
Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, «еркек кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа олжаларды қарбыта алып кеткен» грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатығездікпен жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата (Шеткі Алексаңдрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын жаудырады, Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап, оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен жеделдетіп өзеннен өтіп, сақтарды қуалай жөнеледі. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың басы осы жортуылда жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қашады. Александр Македонскийдің Яксарт (Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрынғы III г.-б. з. дейінгі III ғ. аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат салысады.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен олардың материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері — қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологиялық зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді.
Үйсіндер (Усундер)
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II г. 160 ж. шамасында үйсіндердің бір белгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды, сөйтіп қолбасшы «гуньмо» (Күн баг — Күң бегі) деп аталатын иеліктің негізін салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен (Кангуй) шектеседі. Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз Чжанцянь Үйсіндер иелігінде 630-мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет қалдырған.
Деректерде б. з. ІІІ-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
ФКГМА 1-8-2202
МУ
“Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года” 4.07.2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір

Мамандығы: 051301 – Жалпы медицина

Пән: Қазақстан тарихы

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут

Қарағанды – 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № ___ ___ ____ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

• Тақырыбы: Қазақстан территориясындағы ежелгі дәуір

• Мақсаты: Көшпелі мал шарушлығына өту себептерін түсіндіру Евразияның
ұлыдаласы және скиф – сақ қауымдастығы. Қазақ мемлекеттігінің
қалыптасуындағы сақтардын алатын орнын көрсету. Сақтардың мәдени
шаруасын қабылдап жалғастырған уйсін, қаңлы, ғұн тайпаларының
тарихымен таныстыру. Этно – мәдени байланыстарды көрсету.

• Дәріс жоспары:

1. Сақтар тайпалық одағы

2. Үйсін және қаңлылар

3. Ғұндар

• Дәріс тезистері:

Сақтардың парсылармен соғысы көптен белгілі. Мәселен, бірқатар
деректерде Кирдің сақ патшайымы Томириспен соғысқаны жазылған. Сақтармен
Ахеменидтер әулетінің өзге де патшалары шайқасқан. Б. з. бұрынғы 519—518
жж. сақтарға қарсы І-Дарий жорық ашқан. Антик авторы Полиэн, Дарийдің жер
қайысқан қолды бастап, сақ жеріне баса-көктеп кіргенін жазады. Тамшы нәрі
жоқ сусыз шөлде қалың әскер қырылып қала жаздайды. Дарий ілдәбайлап әскерін
аппаттан құтқарады, бірақ жалпы алғанда жорық сәтсіз аяқталады. Алайда,
ақыр соңында Дарий сақтарды бағындырады, оларды алым-салық төлеуге, өз
жауынгерлерін парсы соғыстарына қатысу үшін жіберуге көндіреді. Парсы
әскерінің құрамына кірген сақтар Мысыр мен Грециядағы соғыстарға қатысады,
Фермофоль маңындағы айқаста көзге түсіп, Палатея жанындағы шайқаста
жаужүрек батырлықтың небір үлгісін көрсетеді.
Сақтар тарихының тағы бір беті Александр Македонскийдің жиһангерлік
соғысына қарсы күреспен байланысты, ол Ахеменидтер мемлекетін талқандап,
бағындырғаннан кейін Орта Азияны жаулап алуға кіріседі. Б. з. дейінгі
330—327 жылдары Александр Македонскии Соғданың астанасы Мараканданы басып
алып, Сырдарияға қарай беттейді, ол кезде бұл дария отырықшылар мен
көшпелілер арасындағы өзіндік бір шекара болып есептелінетін.
Александр басып алып, оларға өзінің әскери гарнизондарын қойған қалалар
Сырдарияның сол жағалауына ірге тепкен еді.
Өзеннің қарсы бетінде, гректермен айқаса кету үшін қолайлы сәтті
күтіп, сақтар қолы жиналып жатты. Сырдария қалаларын алған кезде, еркек
кіндіктілердің бәрін жусатып салып, әйелдер мен балаларды, тағы басқа
олжаларды қарбыта алып кеткен грек-македон әскерінің рақымсыз қаталдығы
Орта Азияда халық көтерілісін туғызады бірақ ол аяусыз қатығездікпен
жанышталып тасталған.
Александрдың бұйрығы бойынша Сырдария жағасынан Александрия Асхата
(Шеткі Алексаңдрия) деген қала салынады. Бұл қала жаңа мемлекеттің
солтүстік шығыс шебіндегі тірек-пункті ретінде саналады. Оны салу сақтарды
көп алаңдатады. Сақтар өзеннің екінші бетінен гректерге садақ оғын
жаудырады, Александр өз тарапынан көшпелілердің катапульттерімен атқылап,
оларды шегінуге мәжбүр етеді де, өзі әскермен жеделдетіп өзеннен өтіп,
сақтарды қуалай жөнеледі. Бірақ бұл жеңістің аяғы жеңіліске айнала
жаздайды, грек әскері қалаға қайта оралады. Александрдың басы осы жортуылда
жараланғанға ұқсайды, сөйтіп қашады. Александр Македонскийдің Яксарт
(Сырдария) сыртындағы сақтар тайпаларын қырып, бағындырғысы келген ұмтылыс-
талабы сәтсіз аяқталады.
Орта Азия мен Орта Шығыстың тағдыр-талайында сақтар бұдан былай да
маңызды рөл атқара береді. Мәселен, б.з. бұрынғы III г.-б. з. дейінгі III
ғ. аралық тарихына ықпал жасап отырған Парфия мемлекетінің құлауына, Грек-
Бактрия патшалығының талқандалуына және Кушан империясының құрылуына ат
салысады.
Сақтардың археологиялық ескерткіштері. Сақ тайпалары тарихы мен олардың
материалдық және рухани мәдениетінің аса маңызды бастау деректері —
қорымдар, жартастағы суреттер, сақ бұйымдарының көмбелері. Археологиялық
зерттеулері Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан сақтардың аса жарқын, байырғы
мәдениетін ашуға мүмкіндіқ берді.
Үйсіндер (Усундер)
Жетісудағы Тиграхауд-сақтар жерін мұра етіп алған үйсін тайпалары
Орталық Азияның түкпірінен келген еді. Б. 3. дейінгі II г. 160 ж. шамасында
үйсіндердің бір белгі Жетісуға көшіп келіп, сақ тайпаларын бағындырды,
сөйтіп қолбасшы гуньмо (Күн баг — Күң бегі) деп аталатын иеліктің негізін
салды.
Үйсіндердің негізгі территориясы Іле алқабында болды, олардың батыс
шекарасы Шу мен Талас арқылы өтедідағы, қаңлылармен (Кангуй) шектеседі.
Шығысында хұндармен ортақ шекара болды, ал оңтүстігінде олардың иелігі
Ферғанамен (Дуанмен) ұштасып жатты.
Үйсіндердің астанасы Чигучен (Қызылалқап қаласы) Ыстық көлдің жағасына
орналасты. Ол жағалай қыстақтары бар бекіністі қала еді.
Қытай императоры Удидің 138 ж. батысқа жіберілген елшісі кінәз Чжанцянь
Үйсіндер иелігінде 630-мың адам бар және айқасқа 188 мың жауынгер шығара
алады деп жазады. Жазба деректер үйсін билеушілерінің сараланған 30 мың
атты нөкері және оларға бағынатын 10 мың садақшысы туралы мәлімет
қалдырған.
Деректерде б. з. ІІІ-ғасырына дейін із қалдырған үйсіндердің саяси
тарихы олардың Қытаймен байланысы болғанын, елшілік қарым-қатынас
жасағанын, үйсіндердің гуньмолары-билері қытай ханшаларына үйленіп
отырғанын баяндайды.
Үйсіндердің этникалық тегі әлі де ақырына дейін анықталмаған.
Зерттеушілердің біразы үйсіндер шығыс иран тайпаларынан шыққан десе,
екінші біреулері үйсіндер — түрктердің арғы аталары, олар түрікше сөйлеген
деп есептейді. Бірақ, қалай болса да, әйтеуір қазақтың ең ірі тайпаларының
бірі үйсін деп аталады.
Археологиялық ескерткіштері. Жетісу жерінде үйсіндердің ондаған
обатарына қазу жұмыстары жүргізілген және олардың мән жайлары зерттелген.
Үйсіндердің қорымдары тау сілемдерінде, таулы алқаптар мен өзен
жағалауларына орналасқан. Әдетте олар өзен бойын қуалай созылып жататын
обалар тізбегі болып табылады.
Обалардың көпшілігі диаметрі 6—20 және биіктігі 0,5—1,5 м топырақ, тас
қиыршық немесе топырақ-тас аралас үйінділер болып келеді. Үйсін
қорымдарында өзгелерімен салыстыра қарағанда, тым үлкен, диаметрі 50—80 м
және биіктігі 8—12 м обалар кездеседі. Сондай обалардан — тіпті таланып-
тоналғандарының өзінен — археологтар алтыннан жасалған көптеген әшекейлерді
— киім қапсырмаларын, алтын сырғалар мен қола айналарды, ағаш қобдишаларды
тауып алып келеді.
Қорымдардың ертедегі бір шоғыры б. з. дейінгі III—II ғг. жатады. Олар —
Қапшағай III, Өтеген III, Қызыл еспе, Қызыл ауыз III, Қызыл Қайнар. Оларға
ортақ сипат — қорымдар теріскейден түстікке қарай, әрқайыссында 5—6-дан
обасы бар тізбек болып, созылып жататындай жоспарланып істелген.
Зерттеушілер мерзімін б.з. бұрынғы I ғ. — б. з. I ғ. деп шамалайтын,
келесі (орта) кезеңге — Өтеген I, II. Тайғақ I, Қарлақ I, Алтын Емел,
Қаратума, Талғар, Ақтас қорымдары жатады. Бұл кезеңде үйсін қорымдары
жүйесіз түрде, үш обадан тізбектеліп орналасқаны анықталған.
Ақырғы мерзімі II—III ғғ. деп саналатын үшінші — кейінгі кезеңге
Қапшағай II, Шолақ-Жиде I, II, Гүр Қора II, Қалқан IV қорымдары жатады.
Бұлардағы барша обалар мүлде жүйесіз жасалған, тізбектер атымен жоқ.
Қабырлар жерден, лақатты болып қазылған, үстері ағашпен бастырылып
жабылмаған.
Үйсіндердің алғашқы қонысы Шу алқабынан, Қырғыз Алатауының сілеміндегі
Луговое ауылы маңынан табылған. Қазу жұмысын жүргізгенге дейін ол
қабырғалары қам кірпіштен жасалған, едендері балшықпен сыланған тұрғын
үйлер жәдігерін жасырып жатқан төбе болатын. Үй ортасында ас пісіретін жер
ошағы маздап тұратын. Үлкен көзелер сынығының көптігіне, дәнүккіш тастар
мен кетпендердің жиі кездесетініне қарағанда, осынау мекенжайдың халқы үй
іргесіңдегі мал шаруашылығына қоса егіншілікпен айналысқан тәрізді.
Тон-шәннің таулы аудандарында үйсіндердің мекендері көптеген
шатқалдардан кездесті. Солардың бірі Ақтас, Кеген қыстағына жақын жердегі
Құрайлы өзенінің бойында. Ол арадан бес тұрғын үй мен қоражайлар қалдықтары
аршылып ашылды, олардың қабырғалары таспен қаланыпты. Қыстақ қасынан ежелгі
егістіктер табылды, олар өзеннен тартылған арықтармен суарылыпты.
Үйсіндер шаруашылығы. Қытай бастаухаттары үйсіндерді көшпелілер ретінде
сипаттаған. Оларда үйсіндер егіншілікпен де, бау-бақша өсірумен де
айналыспайды, тек оты мол, суы мол жерлерге мал-жанымен бірге көшеді де
жүреді — деп жазылған.
Расында да, мал шаруашылығы үйсіндердің өмір-тіршілігінде шешуші рөл
атқарған. Жетісудың табиғи жағдайы Мойынқұм мен Балқаш өңірін қоныс еткен
қыстаулардан бойлық бағдарымен жүріп отырып, жаз күндері мал қоңданып,
қысқы мерзімге әзірленіп-әлденіп алатын, тау бастарындағы шөбі шүйгін
шалғынды жайлауларға көшіп баруына қолайлы болған. Бұл аймақта жайлау мен
қыстау аралары онша қашық емес —30—100 шақырым шамасында болады. Сол
себепті де үйсіндер ұзақ уақыт қыстаулары мен жайлауларында, әсіресе көктем
мен күзгі жайылымдарында отырып қалады екен. Олар сол арадан тұрақты үйлер
салып, оның қасы мен егін егіп, бау-бақша өсіретін болған. Үйсіндердің
отырықшы болып, егіншілікпен айналысқанының бір дәйекті дәлелі — олардың
тұрақты тұрғын үйлері, қора-жайлары, саздан көптеп жасалған ауыр аяқ-
табақтары, дәнүккіштері, тас кетпендер мен әртүрлі дақылдар қалдықтары бар
мекен жайларының болуы.
Археологиялық материалдарға қарағанда, үйсіндер тарихының ертедегі
кезеңінен кейінгі кезеңіне жақындаған сайын егіншілік ролі артып отырған.
Ендеше үйсіндер шаруашылығы кешенді — малшаруашылықты — егіншілік болған.
Үйсіндер жылқы, қой, ешкі сиыр, түйе және басқа малды өсірген. Үйсін
байларының табындарында 500-ге тарта жылқы болғаны деректерден белгілі.
Оларда жылқының әртүрлі тұқымы болған, оның ішінде асыл тұқымды арғымақтар
да болған деседі. Үйсіннің Теңліқ обасынан табылған алтын қаптырмада
шоқтығы биік айғыр мінген салт кісі бейнеленген.
Дәулетті-текті кісілер киімдерін жібек пен биязы жүн маталардан
тіктіреді, ал қарапайым қалың жұрт киім-кешектерін түрпідей қылшықты жүн
маталарынан, былғары мен қой терісінен тіктіріп киінеді екен. Жібекті
Қытайдан жүрдек аттарға айырбастап алатын болған немесе тарту-таралғы және
салық ретінде алып отырған.
Аяқ-табақты қыруар көп етіп дайындаған, оны әйелдер саздан жасаған, ал
еркектер қайыңнан шағын стол-табақтар, зерендер, қымыз құятын ожаулар ойып
жасайтын болған.
Үйсіндер мыс, қорғаныс, қалайы, алтын кенді орындарын пайдаланған,
темірді балқытып, одан пышақ лең қанжарлар, семсерлер, жебе ұштарын
жасаған. Түрлі түсті тастардан, асыл металдардан моншақтар мен сырғалар,
киім-кешек әшекейлерін істеп шығарған.
Үйсін қоғамы біртектес болмаған, онда байлары — тайпа мен ру
дәулеттілері жасауылдар мен абыздар және қатардағы бұқара-малшылар мен
егіншілер болған. Үйсіндер арасыңда жеке меншіктің өскенше обаларын қазған
кезде табылған, сазбалшықтан, тастан жасалған мөрлер айқын дәлел бола
алады. Үйсіннің кейбір әскер-басылары мен аса көрнекті шенеуніктерінің
қолында алтын мен мыс мөрлері болғаны туралы жазба деректер айғақталады.
Жеке меншік тек малға ғана емес, жер-суға да тараған. Деректерде қоғамның
жоғарғы жігінде қызмет жүйесінің кеңейіп кеткені ай-тылады. Үйсіндер
қоғамында қауымның азат мүшелерімен бірге құлдар да болған, олар негізінен
соғыс тұтқындарынан құралады екен.
Үйсін қоғамындағы әлеуметтік айырмашылықтар археология ма-териалдарынан
айқын байқалады. Үйсін обалары өздерінің қөлемі жағынан үш топқа бөлінеді:
диаметрі 80 м, биіктігі 15 м дейін жететін үлкен обалар; диаметрі 15 және
биіктігі 2 м дейін жететін орташа обалар; диамерті 10, биіктігі 1 м дейін
жететін ең көп кездесетін кішкентай обалар. Қазба жұмысы жүргізілген
кездері, егер қабыры таланбаған болса, үлкен обалардан археологтар көптеген
аттың әшекейлерді, қару-жарақты, саздан жасалған аяқ-табақтарды тапқан.
Мысалы, Теңлік обасындағы қабырдан киімге тағылған алтын қалтырмалар, алтын
сырғалар, алтынмен қапталған темір түйреуіш, қола айна табылған. Ал,
кішкентай обалардағы қабырда бір-екі балшықтан жасалған көзе тұрады,
мәйіттің қаңқасымен қатар темір пышақтар жатады. Мұнда қойылған кісілер бір
кезде қола сырғалар мен қола моншақтар салып жүрген. Хош, сонымен жазба
деректер де, археологиялық материал да үйсіндер қоғамының даму барысында
мемлекеттік деңгейге жеткенінен хабар береді.
Қаңлы (Кангюй)
мемлекеті
Қаңлы, Қытайша Канцзюй жазба деректерде б. з. дейінгі II ғ. айтылады. 138
ж. Қытай императоры Уди Батыс елдеріне Чжан Цянді бас етіп сауда елшілігін
жібереді. Бір жылдан кейін талай қиыншылықтардан өтіп, Чжан Цянь қайта
оралады. Ол бастырған жазбаларда бұрын Қытайға беймәлім болып келген
мемлекеттерге сипаттама беріледі. Солардың арасында Қаңлы мемлекеті де
аталады, оның билеушісінің ордасында Чжан Цяннің өзі болған екен.
Қытай елшісінің мәліметіне қарағанда, Қаңлы Дауанның (Фергана)
солтүстік-батысында 200ли жерде. Осынау көшпелі иелік әдет-ғұрпы жағынан
юечжисылармен өте ұқсас 90 мың әскері бар, бірақ өзі әлсіз болғандықтан,
түскейінде юечжисылардың, батысында хундардың өкіметін мойындайды. Яньцай
Қаңлының терістік-батысында 2 мың ли жерде жатыр. Осы бір көшпелі иелікте
жай қарағанда Қаңлыдан айнымайды. 100 мыңнан асатын әскері жайпақ жағалы
үлкен көл жағасында жатады екен. Солтүстік теңізі дейтіні соның өзі. Батыс
өлке туралы хикаятта және Хань үлкен үйінін тарихында қаңлылар жайлы
көбірек айтылады. Мәселең қаңлы билеушісінің мекен жайы Люени еліндегі
Битэн шаһарында. Билеушінің жазғы мекен жайы Люениден жеті күндік жерде.
Оның халқы 120 мың отбасынан, 600 мың жаннан құралады: саптағы әскері 120
мың адам — деп жазады. Осынау деректен қаңлы сыртқы саясатының кейбір
жәйттары белгілі болды, сонда ол б. з. дейінгі 46—36 жылдары Чжичи бастаған
ғұндарды қолдайды, кейін үйсін және қытайлармен бірігіп, оларға қарсы
шығады. 85 ж. қаңлылар Қашғардағы қытай уәлиі Бань Чаоға қарсы кетерілген
ферға-налықтарды жақтайды. Сол сияқты Қаңлы.. менмен және қияңқы келеді,
үлкендерге сәлем беріп, тәжім етуге қырсығын илікпейді. Оған уәлилер
жіберген шенеуніктерді үйсін елшілерінен төменге отырғызады. Билері мен
ағамандарына ауқатты алдымен береді, уәли жіберген кісіге содан кейін ғана
қояды — деп хабарлайды. Қаңлының билік құрған кезеңдегі сыртқы саясатының
жалпы бағыты Жібек жолының Сырдария бойымен жүретін бөлігіндегі Ферғанадан
Арал өңіріне дейінгі учаскесін өз бақылауында қайтсе де сақтап қалуға
ұмтылушылығы еді. Олар оны уысынан шығармады да. Жібек жолының Сырдария
бойымен жоғары Солтүстік Батысқа — Кавказ бен Қаратеңіз өңіріне, сол сияқты
түскейге — Иран мен Таяу Шығысқа, Үндістанға мігірсіз жүріп, белсенді
әрекет істегеніне қаңлылардың қала жұрты мен обаларын, Яньңай-Алань тұрғын
үйлерін қазған кезде табылған олжалар: Үңдістанның маржан моншақтары,
Қытай теңгелері мен айналары, Европанын қола фибулдары-қаптырмалары,
Иранның бедерлі тасы-инталио куә бола алады.
Қаңлы халқының этникалық сипаты жөніндегі мәселе күрделі де қиын.
Қаңлылардың қай тілде сөйлегені жөнінде де бірыңғай пікір жоқ. А. М.
Бернштамның пікірінше, қаңлылар түрік тілді халық болған. Басқа
зерттеушілер қаңлылар Солтүстік Иранның мал өсіруші тайпалары қатарына
жатады, олар б. з. бірінші мыңжылдығы ортасында Сырдария бойына түрік
тайпаларының қоныс аударуына байланысты өзінің этникалық бейнесі мен тілін
өзгерткен деп болжам жасайды. Б. А. Литвинский қаңлылар ирантілді сақтардың
ұрпағы деп есептейді. Оның пікірінше, Қаңлы атын сақ тайпаларының бірі,
былғары киімді әлде (сауытты) адамдар деп айтуға болады.
Соңғы жылдардағы археологиялық зерттеулерге жүгінсек, қанды
замандастары салған суреттер қаңлылардың сыртқы бет бейнесін көз алдымызға
елестетуге мүмкіндік береді. Олар бізге бір көздері былғарыға тігілген
сүйек пластинкаларға салынған гравюра бейнелері күйінде жеткең.
Пластинкалар Самарқан облысындағы Қорған төбе қалашығы маңындағы б. з.
бірінші ғасырларындағы қаңлы обасын бірінші қазған кезде-ақ табылды.
Олардың біреуінде атты және жаяу батырлардың айқасы, екіншісінде — атпен аң
аулау көріністері бейнеленген. Айқас пен аң аулауға қатысушылар түгелдей
бір этникалық тұрпатқа жатады. Олардың бәрінің де маңдайы тиқиып, төбесі
қушиып қалған. Шаштарын жоғары қарата тарап, самайдағысын кейін, құлағының
сыртына қарай жатқыза салған. Көздері ромбы тәрізді, мұрындары дөңестеу,
иектері жалпақ, ұзын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қола дәуірінің ерекшелігі
«Қазақстанның ежелгі дәуір тарихы» пәні бойынша практикалық (семинар) сабақтарына арналған оқу-әдістемелік нұсқау
Энеолит дәуірі, шаруашылығы мен тұрмысы
Тас дәуіріндегі Қазақстан
ҚР территориясындағы тас және қола дәуірлері
Қазақстанның ежелгі тарихы
Қазақстандағы христиан діні
Құқық және құқықтық жүйе
Кейінгі палеолит дәуірі
Нәтижесінде Қазакстан аумағында түркі мемлекеттері
Пәндер