Қазақстан Республикасының ұйымдармен ынтымақтастығы


Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты. Тәуелсіз мемлекет ретінде Қазақстан Республикасының құрылуы мемлекеттің сыртқы саясаттағы бағдары мәселесін алға қойды. Ол келесі проблемалық аспектілерді қамтыды:
1. Әлемдік қауымдастықтың Қазақстан Республикасын халықаралық қатынастардың субъектісі ретінде қабылдауы.
2. Мемлекеттің сыртқы саяси қызметінің негізгі принңиптерін, оның сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалау.
3. Халықаралық қатынас субъектілерімен халықаралық байланыстарды жолға қою және дамыту.
4. Халықаралық құқық принциптері мен нормаларын тану және игеру.
5. Халықаралық қатынастар мәдениеті: дипломатия мен дипломатиялық қызметті қалыптастыру.
Жас тәуелсіз Казақстан Республикасы үшін сыртқы саясаттағы негізгі мәселе мемлекеттер мен әлемдік қауымдастықтың оны дербес, тәуелсіз мемлекеттік құрылым ретінде тануын, оның территориялық түтастығын, халықаралық істердегі құқықтық субъектілігін тануын қамтитын легитимділік проблемасы болды. Қазақстан Республикасы тәуелсіздіктің 10 жылы ішінде осы түрғыда біркатар табыстарға қол жеткізді. БҰҰ-ға мүше болып қабылданды, әлемнің негізгі мемлекеттерінің барлығымен дерлік дипломатиялық байланыстар орнатты. Қазақстан Республикасының табысты легитимделуі бірқатар ішкі және сыртқы жағдайларға мүмкіндік туғызды.
Біріншіден, КСРО-ның құлауы, осы алып мемлекеттің жойылуы қазіргі кездегі әлемнің басты мемлекеттерінің үкіметтері тарапынан оң құбылыс ретінде қабылданды. КСРО құлағаннан кейінгі оның территориясында пайда болған тәуелсіз мемлекеттерді басқа мемлекеттердің үкіметтері, БҰҰ және оның құрылымдары тез арада таныды. "
Екіншіден, ел басшылығының бастамасы бойынша Казақстан Республикасы тәуелсіздігінің анық құқықтық негізі қалыптасты. 1990 жылдыңқ а з а н ы н д а Қазақ Кеңестік Социалистік Республикасының Жоғарғы Кеңесі мемлекеттік тәуелсіздік туралы Декларацияны қабылдады. Осы құжаттың негізгі ережелері Қазақстан Республикасының мемлекеттік тәуелсіздігі туралы Конституциялық занда, 1993 жылғы Конституцияда және жалпыхалықтық референдум арқылы кабылданған 1995 жылғы Конституцияда дамытылған және нақтыланған. Осы құжаттарда Қазақстан Республикасының сыртқы саясатының негізгі принциптері көрсетілген: ашықтық, бейбітшілікті жақтау, тату көршілік, тең серіктестік, қарулы күшті бірінші болып қолданудан бас тарту, басқа елдердің ішкі істеріне араласпау, ядролық қарусыз ел мәртебесі, екіжақты және көпжақты келісім негізінде, сондай-ақ БҰҰ және оның құрылымдары шеңберінде қабылданған барлық халықаралық міндеттерді орындау.
Үшіншіден, Қазақстан Республикасының халықаралық беделін көтеру және оның легитимділігі экономикалық және саяси реформаларды табысты жүргізуге: қоғамдық өмірдің мемлекеттен тыс және дербес болуына, демократиялануына мүмкіндік береді. Осы экономикалық және саяси процестердің негізінде қазақстандық қоғамды консолидациялау Қазақстан Республикасын халықаралық аренаға іргелі жалпы адами құндылықтарды (нарық жүйесі және баламалы айырбас, тату көршілік және күш қолданбау, тұлғаның құқықтары мен қадір-қасиеті, хдлықаралық келісімдер нормаларының басымдығы және т. б. ) танитын тең құқықты серіктес ретінде алып шықты.
Төртіншіден, әлемдік қауымдастыққа кіруде Қазақстан Республикасының ішкі саяси түрақтылығы ерекше мәнге ие болды. Осының нәтижесінде Қазақстанды әлеуметтік қауымдастыққа, алдыңғы қатарлы елдерге жақындататын инновациялық мәселелерді жүзеге асыруда берік болатын елдегі әлеуметтік жағдайды болжауға болады.
Қазақстан Республикасы тәуелсіз мемлекет ретінде сыртқы саяси қызметтің нақты принциптері негізінде қызмет етуі және мүдделерін халықаралық аренада бейнелейтін жеке сыртқы саяси құндылықтары мен басымдықтарын жобалауы керек. Әрине, осы сыртқы саяси принциптер, құндылықтар мен басымдықтар өлемдік қауымдастық үшін деструктивті болмауы шарт. Олар халықаралық қатынастар принциптеріне және халықаралық құқық нормаларына қайшы келмеуі қажет. Қазақстан Республикасының тәуелсіз мемлекет ретіндегі легитимделуінде, оның негізгі сыртқы саяси принциптерін, құндылықтары мен басымдықтарын жобалау мен дамытуда елдің алғашқы Президенті Н. Ә. Назарбаевтың көрнекті рөл атқарғандығын ескере кеткеніміз жөн.
Қазақстан Республикасы қазіргі әлемнің ірі мемлекеттерінің мүдделері астасып жатқан күрделі геосаяси кеңістікте орналасқан. Бұл жағдай "мемлекет басшысы мемлекеттің ішкі және сыртқы саясатының негізгі бағыттарын айқындайтын, ел ішінде және халықаралық қатынастарда Қазақстанның атынан өкілдік ететін ең жоғары лауазымды тұлға" (Қазақстан Республикасы Конституциясының 40-бабы) болып табылатын ел Президентінен саяси ерік пен бастаманы, ойластырылған және салмақты әрекетті, превентивті шешімдер мен шараларды қабылдау қабілеттілігін талап етеді. Осы түрғыда ҚР президенті Н. Э. Назарбаев тарапынан ұсынылған еуразиялық идеясы ерекше мәнге ие. Бұл идея ТМД мемлекеттерінің интегративтік мүмкіндіктерін, яғни ТМД шеңберіндегі интеграңияны, сондай-ақ экономикалық және сыртқы саяси мүдделері еуразиялыққа жақын басқа елдердің қатыстырылуын қамтиды. Қазіргі еуразиялық идея өркениет дамуының түйінді желілерінде мемлекеттердің жан-жақты ынтымақтастығы үшін аса кең геосаяси кеңістікті құруды көздейді. Еуропа мен Азияны жалғастыратын тарих және дәстүрлі көпір ретінде Қазақстан еуропа елдерімен де, азия елдерімен де өзінің экономикалық байланыстарын кеңейтуге кең мүмкіндіктерін алады. ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың еуразиялық идеясы біздің болмысымыздың геосаяси, экономикалық, тарихи, өлеуметтік-мәдени, этникалық шындығы болып табылады. Осы негізде ҚР үкіметі Президенттің басшылығымен екіжақты және көпжақты келісімдерді, қазақстандық шекараның е бойында тыныштық пен қақтығыстарды болдырмауды қамтамасыз ететін өзімен көршілес барлық елдермен келісімшарттар жасауды қалыптастыру бойынша белсенді саяси қызметтер атқаруда. Қазақстан еуропа елдерінің барлығымен дерлік дипломатиялық қатынастарды жолға қоя отырып ОБСЕ, НАТО тәрізді еуропалық мемлекетаралық ұйымдармен де байланыс орнатты. Қазақстанның НАТО-мен біріккен жаттығулар өткізу үшін әскери бөлімдерді дайындау бойынша жеке ынтымақтастық бағдарламасы бар. Бұл қазақстандық әскери контингенттің БҰҰ бітімгершілік акцияларына қатыстырылуына мүмкіндік береді. Қазақстан үшін сыртқы саяси басымдықтардың арасынан Ресеймен мемлекетаралық байланыс ерекше мәнге ие. Ресей империясының қол астында, одан кейінгі көпұлтты мемлекеттік құрылым КСРО-ның құрамында болған Қазақстан тарихи және дәстүрлі түрғыда аграрлық-шикізат көзі болды, сондықтан Орталыққа, метрополия ретіндегі Ресейге экономикалық тәуелді еді.
Осы жағдай Қазақстанның шаруашылық инфрақұрылымының Ресейге толықтай тәуелділігінің қалыптасуына алып келді және оның салдары экономикалық түрғыда оны Ресейге, оның ішкі проблемаларына қатыстырады. Ресейдегі экономикалық тоқырау мен қиындықтар соған сәйкес бізде де көрініс тауып отырады. Ресейдегі экономикалық жандану біздің экономикамызды да қоректендіреді. Осы жағдайлардын барлығы мемлекеттің тәуелсіздігін қамтамасыз етудің шынайы негізі - көпвекторлы сыртқы саясаттың қалыптасу қажеттілігін тудырады. Бірақ біздің сыртқы саясатымыздың ресейлік векторы көп позиция жағынан басымдыққа ие. Осы ахуал Қазақстан Президенті Н. Ә. Назарбаевтың әрдайым назарында және ол келісімдер, шарттар, мақсаттар тәрізді дипломатиялық акцияларда көрінеді. Көптеген халықаралық проблемалар бойынша Қазақстан мен Ресей біртүтас немесе жақын позиңияларда болады.
Қазақстанның сыртқы саясатында өздерінің тарихи тағдыры, этномәдени құндылықтары бойынша туыс халықтар өмір сүретін Орталық Азия аймағы ерекше орын алады. Бұлар түркі тілдес Өзбекстан, Қырғызстан, Түркіменстан, сонымен қатар Тәжікстан мемлекеттері. Халықтар арасында қалыптасқан осы тарихи байланыстар, тарихтын, мәдениеттің, тілдің ортақтығы елеулі дәрежеде осы мемлекеттерді жақындата түседі. Бұл халықаралық аренада біртұтас, келісілген позиция түрғысынан көрінуге мүмкіндік береді. Қазақстанның сыртқы саясатының ерекше аспектісі Кытай екендігі сөзсіз. ҚХР-мен достық, тату көршілік қатынасты жолға қою - Қазақстан басшылығының сыртқы саясатының аса маңызды проблемасы. Осы саладағы біздің міндеттеріміз - Қытаймен арадағы шекараны делимитациялау, оның қауіпсіздігін қамтамасыз ету, сауда-экономикалық шарттарға отыру, мәдени айырбасты дамыту. Қытай -бұл жақын көршілікте түрған, тез дамып келе жатқан аса ірі этно-демографиялық массив, ядролық держава, супердержава ретінде XXI ғасырда халықаралық қатынастарда басты рөлдерді атқарады. Қазақстан Республикасының басшылығы жүргізіп отырған сыртқы саясатта қазіргі әлемнің басты мемлекеттері де назардан тыс қалмайды. АІСДІ, Германия, Англия, Франция және басқа еуропалық мемлекеттер ең алдымен, мүмкін болатын инвесторлар мен сауда серіктері ретінде қызықтырады, осындай қызығушылық Азияның алдыңғы қатарлы елдері Үндістан, Жапония, Оңтүстік Корея, Пөкістан, Түркия, Иранға да артуда. Қазақстан осы елдердің барлығымен дерлік үздіксіз дамып отырған сыртқы саяси байланыстарды, дипломатиялық қатынастарды жолға қойды.
Қазақстан Республикасының басшылығы Ауғанстан, Таяу ШЫІҒЫС, Балқан елдері тәрізді "дағдарысты аймақтарға" да назар аударады. Қазақстанның бұл жерлерде жеке геосаяси мүдделері жоқ болса да, біз осы "дағдарыстық аймақтардың" әлемге тудырып отырған қауіптілігін сезінеміз. Сыртқы саясатты жүзеге асыруда ҚР Президешінің басшылығымен құрамына сыртқы істер министрлігін, елшіліктер мен консулдықтарды қамтитын атқарушы орган - дипломатиялық қызмет жұмыс жүргізеді. Қазақстан Республикасының басшылығы қысқа мерзімнің ішінде табысты жұмыс істеп жатқан Дипломатиялық қызметті кұра алды. Бұл Қазақстан Республикасының билік құрушы элитасы меңгерген кәсіптік қызметгің жаңа түрі. Осы құрылымда жүмыс істеу кәсіби білікгілік пен білімді талап етеді және бұл міндетті Қазақстан элитасы табысты түрде атқарып отыр деп толық сеніммен айтуға болады. [1]
Қазақстанның сыртқы саясаты
Уикипедия - ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу
Қазақстан Республикасының сыртқы саясаты белсенділігімен, тепе-теңдік сақтауға ұмтылысымен, прагматизмдігімен, сындарлы сұхбат жүргізуге талпынысымен және көпжақты ынтымақтастыққа бағытталғандығымен ерекшеленеді. Халықаралық аренада мемлекетіміз өзінің тарихи, геосаясаттық және экономикалық факторларына байланысты көп ғасырлар бойы сыртқы саясатын халықаралық ынтымақтастық, көршілес мемлекеттермен татуластық және олардың аймактық біртұтастығын кұрметтеу принципіне негіздеп жүргізіп келеді. Қазақстанның өзге мемлекеттермен тең құқылы және екі жаққа да тиімді қарым-қатынас құруға дайындығы оның бүгінгі күні дипломатиялық байланыс орнатқан шет мемлекеттердің санының көптігімен дәлелденіп отыр. 1991 жылы тәуелсіздік алған сәттен бастап біздің республика әлемнің 130 мемлекетімен дипломатиялық қарым-қатынас орнатты. Көптеген себептерге байланысты Орталық Азия мен Қазақстан аймағы әлем саясатында қазіргі кезде ерекше назарға ие. Қазақстан екпінді даму қарқынының арқасында ipi трансұлттық корпорациялардың, өзге мемлекеттердің үлкен қызығушылығына ие. Бұл түсінікті де, Қазақстан Орталық Азиядағы географиялық сипаты бойынша ең ipi мемлекет болып табылады, оған қоса экономикалық даму қарқыны бойынша біздің мемлекет аймактағы көшбасшы. Осы ретте еліміздің болашақта даму мүмкіндіктерінің мол екендігін ескере кету керек. Бүгінгі күні қазақстандық сыртқы саясат басымдылығы ең алдымен Ресей, Қытай, АҚШ, ЕО, Орталық Азия аймағындағы көршілес мемлекеттермен, ислам әлемімен тең құқылы қарым-қатынас құруга бағытталып отыр. Бұл тұрғыда 2006 - 2007 жылдары аталмыш мемлекеттермен және аймақтармен ей жакты байланыс едәір алға басты. Ел мүддeciнe қатысты бірталай маңызды құжатқа қол қойылған мемлекет басшылығының Вашингтон, Мәскеу, Брюссел, Лондон, Бейжің, Каир, Тегеран, Ташкент, Бішкек және тағы да басқа мемлекеттердің астаналарына ресми сапарларының қорытындылары да осыны айғақтай түсуде. Осылайша мeмлeкeтiмiздiң әлемнің жетекшi державалары мен көршілес ТМД мемлекеттepi арасындағы стратегиялық серіктестігі жаңа деңгейге көтерілді деуге болады. Мазмұны [жасыр]
1 Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
2 Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
3 Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
4 Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
5 Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
6 Еуропа Одағымен ынтымақтастық
7 ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
8 Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
[өңдеу]
Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастық
Қазіргі кезде Қазақстанның көп ғасырлар бойы туысқандық, мәдени, саяси және экономикалык, қарым-қатынаста болып келген көршілес Орталық Азия мемлекеттерімен ынтымақтастығы ерекше cepпін алып отыр. Аймактың ең ipi мемлекеті ретінде ғана емес, экономикасы едәуір алға басқан Қазақстан аймақ бойынша көршілес елдермен тығыз қарым-қатынас орнатуға қызығушылық білдіруде. Біздің мемлекетіміздің ендігі жердегі қарқынды дамуы аталмыш республикалармен қалыптасатын қарым-қатынаспен де тығыз байланысты. Сол себепті Қазақстан Орта Азиялық Одақ құру идеясын алға тартып отыр. Бұл бірлестікке Қазақстаннан баска аймактың Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан және Түркменістан сияқты мемлекеттері де кipyi мүмкін. 2006 - 2007 жылдар аралығында Орталық Азия мемлекеттері президенттерінің Астанаға іс-сапарлары барысында және Қазақстан басшылығының аталмыш аймақ мемлекеттеріне ресми сапарлары барысында мемлекетаралық саяси-экономикалық және әлеуметтік-мәдени қарым-қатынастардың дамуына негіз болатын маңызды екі жақты келісімдер қабылданды. Бұл құжаттар Қазақстанның көршілес мемлекеттерімен байланысын нығайта түсіп, Орта Азиялық Одақ идеясын жүзеге асыру үшін айтарлықтай серпін беріп отыр.
[өңдеу]
Ресей Федерациясымен ынтымақтастық
Қазақстанның сыртқы саясатының басты бағыттарының бipi Ресеймен қарым-қатынас болып табылады. Бұл мемлекетпен біздің ел көп жылдар бойы тығыз қарым-қатынаста болып келеді. Өзара бөлісіп жатқан мемлекеттік шекараның ұзындығының өзі 7591 шақырымға созылып жатыр. Мемлекетаралық достастық екі бipдeй президенттің және екі ел халқының өзара тығыз байланысы арқасында дамып отыр. Қазақстан мен Ресей арасында отын-энергетикалық кешен, көлік және коммуникация, әскери-техникалық және қорғаныс өнеркәсібі caлалары бойынша байланыс орныққан. Қазақстан-ресейлік қарым-қатынастың біртұтас спектрі көптеген екі жақты құжаттар және келісімдермен реттелуде. Екі жақты қарым-қатынаспен қоса екі бipдeй мемлекет аймақтағы әскери-саяси және экономикалық сипаттағы көптеген аймақтық ұйымдар шеңберінде өзара белсенді әрекеттесуде. Сөз тиегі болып отырған Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығы, Еуразиялық Экономикалық Қауымдастығы, Шанхай Ынтымақтастық Ұйымы және Коллективті қауіпсіздік туралы келісім Ұйымдары. 2012 жылы Қазақстан мен Ресей өзара дипломатиялық қарым-қатынас құрғанының 20 жылдығын атап өтеді.
[өңдеу]
Кытай Халық Республикасымен ынтымақтастық
Біздің мемлекетіміздің тағы да бір көршілес елмен қарым-қатынасы серпінді даму үстінде. Бұл - Кытай Халық Республикасы. Жыл сайын екі ел арасындағы тауарайналымы өсіп, экономика, мәдени-гуманитарлық ынтымактастық салаларында көптеген ipi жобалар жүзеге асырылып отыр. Ұдайы қарым-қатынас арқасында екі ел басшылылығының арасындағы байланыс нығайып келеді.
[өңдеу]
Америка Құрама Штаттарымен ынтымақтастық
Оған қоса Қазақстанның Америка Құрама Штаттарымен байланысы жылдан жылға нығая түсуде. Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаевтың 2006 жылы АҚШ-қа ресми сапары қазақстандық-американдық ара-қатынастың дамуына және нығая түсуіне септік еткен маңызды шара болды. Сапар барысында екі ел арасында болған сындарлы сұхбаттар кезінде қауіпсіздік, терроризммен күрес, энергетикалық саладағы байланыстың дамуы және Казақстан Республикасындағы жоғарғы технологиялық, инновациялық өндірістерді дамыту процесіне американдық компаниялардың ат салысуы талқыланды.
[өңдеу]
Мұсылман елдерімен ынтымақтастық
Қазақстанның ислам әлемімен қарым-қатынасының тереңдей түcyi турасында 2006-2007 жылдар аралығында бұл байланыстың қарқындылығы байқалғанын атап өтуге болады. 2007 жылы ҚР Президенті Н. Назарбаев Мысыр, Иордан, Қатар, Сирия, Біріккен Араб Әмірліктерінде ресми сапармен болып қайты. Ал Қазақстанға Мысыр Президенті X. Мубарак және Иордания королі Абдалла II келді. Бұның бәрі біздің еліміздің және ислам мен араб әлемі арасындағы қарым-қатынасының жаңа деңгейге көтерілгендігінің бірден-бір белгісі болып табылады. Мысалға 2007 жылдың қараша айында Елбасының Сирия Араб Республикасына ресми сапары елеулі оқиға болды. Бұл біздің ел Президентінің араб және мұсылман әлемінде ықпалы зор Сирия мемлекетіне деген алгашқы сапары болды. Бұл мемлекет территориясында Қазақстанның тарихына тікелей байланысы бар ұлы ғұламалар жерленген. Олар қазақ даласынан шыққан бүгінде Дамаскеде жерленген ұлы ғалым, ағартушы Әбу Насыр Әл-Фараби мен аты аңызға айналған қолбасшы, әмірші Сұлтан Бейбарыс. Осы ретте тарихи және мәдени мұраларды әрдайым сақтап, дәріптеген Қазақстанның Дамаскедегі Әл-Фараби кесенесін салуға және Сұлтан Бейбарыстың кесенесінде жөндеу жұмыстарын жүргізуге қаржы бөліп отырғандығы да кездейсоқтық емес. Бүгінгі күні республикамыз әлем ауқымындағы өзекті Батыстың жетекші мемлекеттері мен ислам әлемі арасындағы «Батыс - мұсылман әлемі» диалогын дамыту идеясын алға тартып отыр, әзірше бұл сыртқы істер министрлері деңгейінде жүзеге асуда. Қазақстан аталмыш идеяны әлем діндерін біріктірген және дінаралық сұхбат кұруға мүмкіндік берген өзінің халықаралық тәжірибесіне сүйене ортаға салуда. Бұған мысал мемлекетімізде 2003, 2006 және 2009 жылдарда үш рет өткен және халықаралық деңгейде жоғары бағаға ие болған Әлем және дәстурлі діндер басшыларының Съезі. БҰҰ Бас Ассамблеясының 62-i сессиясында сөйлеген сезінде ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаев болашақ съездің БҰҰ аясында өткізілуі туралы ұсыныс жасады.
[өңдеу]
Еуропа Одағымен ынтымақтастық
Соңғы жылдары Казақстан Еуропа Одағына мүше елдер арасындағы қарым-қатынас едәуір алға басты. Бұл ретте мемлекетіміздің ЕО-мен «ЕО үштігі - Орталық Азия елдері» диалогы шеңберіндегі ара-қатынасын атап өту қажет. «ЕО үштігі - Орталық Азия елдері» аясындағы соңғы кездесу 2007 жылдың көктемінде Казақстан Республикасының Елордасы Астана қаласында өтті, оның барысында ЕО-ның Орталық Азиядағы 2007-2013 жылдарға арналған стратегаясы талқыланды. Сол жылдың 30 маусымында Берлин қаласында Еуроодақтың Орталық Азияға қатысты Стратегиясының тұсаукесер рәсімі өтті. Демократиялық реформалар нәтижесінде қол жеткізілген Қазақстанның саяси, экономикалық жетістіктерін халықаралық қауымдастықтың мойындауы және әлемдегі энергетикалық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі біздің республиканың ықпалының өcyi мемлекет басшысы Н. Ә. Назарбаевтың ТМД Төрағасы ретінде 2006 жылы Санкт-Петербургте өткен G-8 саммитіне қатысуға мүмкіндік берді. Саммит аясында Н. Ә. Назарбаев әлемдік және аймактық державалардың басшыларымен кездесіп, олармен болған сұхбат барысында екі жақты және көпсалалы ынтымақтастыққа байланысты көптеген мәселелерді талқылады.
[өңдеу]
ТМД мемлекеттерімен интеграциялық процестері
Республиканың сыртқы саясаты стратегиясында бұрынғы кеңес кеңістігінде болып жатқан интеграциялық процестер ерекше орынға ие. Біздің мемлекет бұрынғы КСРО республикаларының басым бөлігін бірлестірген Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығын сақтап, оны дамыту турасында біршама ic атқаруда. 2006 жылдың мамыр айынан бастап 2007 жылдың қазан айына дейін Қазақстан ТМД-да төрағалық етіп Достастықтағы интеграциялық процесстердің дамуына жаңа серпініс берді. Төраға ретінде Қазақстан ТМД ұйымының жалпы тиімділігін арттыру мақсатында Достастықты реформалау бойынша Концепцияны жасап, ТМД мүше басқа елдердің талқылауына салды. 2007 жылдың қазан айында Душанбеде өткен ТМД саммиті барысында аталмыш Концепция қабылданды. 2007 жылдың маусым айында Санкт-Петербургте өткен Достастыққа мүше мемлекеттер басшыларының ресми емес саммитінде Қазақстан Президентінің ұсынысы республикамыздың ТМД ұйымының қажеттілік деңгейін арттырудағы тағы да бір айтарлық қадамы болды. Қазақстан басшысы ендігі жерде Достастық көшбасшылары жылына бip көкейкесті мәселені қарастыруды ұсынды. Бірінші болып ТМД мемлекеттерінің бәріне ортақ өзекті мәселе көші-қон тақырыбы қарастырылды. Ал 2008 жылы ТМД Төрагасы ретінде Қазақстан көлік және коммуникация мәселесін талқылауды ұсынды. Бұрыңғы кеңес кеңістігінде экономикалық беделі жоғары Қазақстан мемлекеті Еуразиялық Экономикалық Қауымдастыққа мүше жетекші мемлекет болып табылады. Аталмыш Ұйымға Қазақстаннан басқа ТМД-ның бес мемлекеті мүше. Олар Ресей, Өзбекстан, Қырғызстан, Беларусь және Тәжікстан. Біздің республикамыздың экономикалық мүмкіндіктері мен белсенділігі бұл ұйымның даму қарқынына айтарлықтай септік етуде.
[өңдеу]
Халықаралық ұйымдармен ынтымақтастық
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz