Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда


Ф КГМА 1-8-22/02
МУ «Организация
Методической работы в
Соответствии с ГОСО 2006
года» от 04. 07. 2007 г
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда.
Пәні: Қазақстан тарихы
Мамандығы: 051301- Жалпы медицина
Курс: 1
Ұзақтығы: 2 сағат
Қарағанды 2008 ж
Кафедраның мєжілісінде талќыланып бекітілген
Хаттама № «» 2008ж.
Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина
- Тақырыбы: Қазақстан моңғол шапқыншылығы кезеңінде. Алтын Орда.
- Дәрісті оқыту мақсаты: ХІІІ ғ. басындағы Моңғол империясының құрылыуының Отралық және Орта Азия мен Шығыс халықтарының тарихи тағдырына орасан зор ықпалын түсіндіру. Қазақстан тарихындағы моңғол шапқыншылығы аталған аймақтарды мекендеген халықтардың қалыптасқан қарым - қатынастарымен өзара байланыстарын бұзып, олардың этникалық саяси, шаруашылық - мәдени дамуының жүрісіне саяси тарихын түсіндіру.
- Дәріс жоспары:
- Түркі тайпаларының моңғол жаулаушылырына қарсы күрес.
- Моңғол шапқыншылығының әлеуметтік салдары.
- Алтын Орда мемлекеті.
- Алтын Орда және қазақ хандығының қалыптасуы. Дәріс тезистері.
Халқымыздың ежелгі тарихын білуді мақсат етсек, Шыңғысхан және оның ізбасарлары кезіндегі түрік, монғол халықтарының тарихын аттап өте алмаймыз. Себебі, мон, ол халықтары ежелгі заманнан бүгінге дейін түркілермен тағдыры бір болып, қилы кезеңдерді бастарынан бірге кешірді.
VII-VIIIғ. Ұлы Қытай қорғанынан Байкалға дейінгі монғол жерінің солтүстік жағындағы Қытай шекарасымен шектесетн, яғни Ұлы Қорғанға барып тірелетін кең алқапты мекен еткен халықты қытайлар «ақ татарлар» деп атаған. Бұл - оңтүстік монғолдарға Қытай мәдениеті әсер тигізген аймақ. Байкал көлінің айналасын мекендеген Солтүстік монғолдарды қидандар немесе «орман қара татарлары» деп атаған.
VII-VIIIғ. монғол шапқыншылығы жайындағы әңгімелерде шапқыншыларды «татарлар» деп атаған. Арабтар Сирия мен Египетте түркі халықтарын «татарлар» деп атаған. Бір ғажабы, монғол тілінде сөйлейтін, монғол тегінен шыққан халықтар да өздерін татарлар дейтін.
Шыңғысханнан кейін бұл сөзді Монғолия мен Орта Азияда монғол деген сөз ығыстырып шығарды. Кейбір еуропалық саяхатшылардың сөзіне қарағанда, бұл сөз рессми түрде енгізілегн. Алтын Орда мемлекетінің халықтары, сонымен қатар кейінгі осы аймақтағы шағын мемлекеттердің халықтары өз заманда өздерін «татарлармыз» деген.
XIIғ. екінші жатрысында Далайнұр және Буйнұр өзендері маңында монғол тайпалары құрамына кіретін татарлар көшіп-қонып жүрді. Олардың батысына қарай теле өзенінің бойындағы түркілер керейт деп аталған. Ал бұлардың батысындағы Алтай жоталарында найман тайпалары өмір сүрді. Татарлардың Онон өзенінің маңында өзіндік монғол тайпалары өмір сүрді. Монғолдардың батысына қарай Хангай тауларында және Байкал көлі маңында меркіттер қоныстанды. Саян таулары мен Байкал көлінің аралығында ойраттар қоныстанды. Жоңғар тауларын негізінен шығу тегі жағынан түркі халқының тармағынан таралған, мәдениет пен жазуы Қытайдан емес, Батыстан алған ұйғырлыр мекендеді. Шығыс Түркістан мен Жоңғария және Жетісу аудандарының үлкен бөлігін, сондай-ақ Байкал көлінің маңайынан тұратын орасан кең аймақты Қарахан мемлекеті ұстап тұрды. Осы жерлерде түркі тайпалары мекендеді. Міне, осынау ұлы дала халықтарының барлығы салт аттылар мен жауынгерлер болды.
Осындай саяси жағдайда тарих арнасына алғашқы істі көршілес тайпаларды біріктіруден бастап, кейіннен бұл халықтың билігін шалғай жерлерге таратуға бағытталған Шыңғысхандай ұлы адамның шығуы тегін, кездейсоқ емес еді. Шыңғысхан кезіндегі монғол- татарлар, керей, найман, мелкіттер туралы біз 1240ж. жазылған «асыл ұтпақтары» ғана оқитын «Құпия шежіреден» білеміз.
Шыңғысхан империясын айтқанда, ескерте кететін жайт бар: Қытай тарихында Шыңғысхан дәуірін Юань дәуірі дейді. Қытай тілінде осы дәуірдің 16 томдық тарихы бар. Соның 11-13 томдары Шыңғысханның керей, найман, қыпшақтарды бағындыру тарихын баян етеді - Түркі қалаларын қалай бағындырғаны туралы айтылады. Әсііресе нацман елімен болған соғыс сұрапылдығы өзгеше.
Темучин(Шыңғысхан) басқарған монғол мемлкетінің құрылуы мен нығаюы
XIIғ. аяғы мен XIIIғ. басында Орта Азия мен Қзазақстан далаларында билік үшін тайпалар арасындағы күрес асқынып кетті. Күрес барысында монғол тайпалары көсемдерінің бірі Темучиннің(Шыңғысхан) мерейі үстем болып, ол Орта Азия тайпаларының басын қосқан құдіретті билеушіге айналды.
Ол белгілі монғол билеушісі ноян Есугэй баһадур отбасында 1155ж. дүниеге келді. Монғол аңызына сүйенсек, Темучиннің әкесі қият-борджигин тайпасынан екен де, шешесі қоңыраттың қызы екен. Әкеден ерте айырылып Темучин жастай көп қиыншылық көріп өсті. Ер жеткен соң сенімді жігіттерден қол жиып, ержүрек жауынгер деген атаққа ие болады. XIIғ. ақырында Орта Азия далаларының ықпалды көсемдері дәрежесіне көтерілді.
Темучиннің мәртебесін көтеруде оның керейіттер ұлыысының билеушісі Тооррил Ван ханмен ынтымақтасуы маңызды роль атқарды. Керейіттердің наймандармен, монғол тектес татарлармен және меркіттермен соғысында Темучин Ван ханның васалы ретінде шайқасып, құрметті атақтарға қолы жетті.
1185ж. Ван хан, Темучин және монғол тайпасы джаджираттан Джамуха Селенга өзенін сағалаған меркіт ұлысын талқандайды. Жеңіс Темучиннің құдіретін арттырып, оны басқа да билеушілер қатарына қосты. Темучинге жалайыр, барлас, т. б. тайпалар келіп қосылды. Темучин өзінің қолдаушысы Ван ханға қызмет жасауын жалғастырды.
1202ж. Темучин татар ұлысын түпкілікті талқандайды. Бірақ сол жылы оған қарсы коалиция құрылады. Меркіттер мен наймандардан құралған бұл одақты Бұйрұқ хан басқарды. Бірақ ол Темучинмен соғысудан бас тартады. Дәл осы кезде Темучин мен Ван арасы да бұзыла бастайды. Алдында керейіттер жеңіске жетті. Дегенмен үш күндік шешеуші шайқаста Ван хан жеңіліс тауып, наймандарға қашады, онда Даян хан әскерлерінің қолынан қаза табады.
Енді Темучин Орта Азия далаларындағы жалғыз билеуші болып шыға келді. 1206ж. Онон өзенінің бастауында Темучинді жақтаушы көшпелі билеушілер бас қосып, қасиетті ақ туды көтеріп, құрылтай шақырады да, Темучинді ұлы хан (Шыңғысхан) деп жариялайды.
Қорыта келгенде, монғол феодалдарының мақсаты - соғыстан олжа түсіру, үстемдік жүргізу еді. Татар-монғол тайпалары Азияның кең-байтақ өлкесін алып жатты. Мұнда XII-XIIIғ. феодалдық қатынастың қалыптасу процесі жүрді. Татар-монғол тайпаларының саяси бірлестігі қалыптасып, қанаушы топ-нояндар мен қаналушы топ-араттарға бөлінді.
Әскери ұйымға негізделегн Шыңғысхан империясы оң қанат(баруңғар), сол қанат(жоңғар), орталық(гол) болып үш аймаққа бөлінді. Әрбір аймақ 10 мың адамнан құралған «тымығқа» ) түмен), «мыңдық» - он «жүздікке», ал «жүздік» - он «ондыққа», бүкіл монғол әскері95 мыңдыққа бөлінді. 1207-1211ж. Сібір мен Шығыс Түркістан халықтары - бурят, якут, ойрат, қырғыз, ұйғыр халықтарын бағындырды.
Шыңғысханның үлкен баласы, монғолдың ірі әскер басшысы Жошы(1187-1227) - Жошы ұлысының негізін қалаушы, Жошы ұлысы Дешті Қыпшақ жерін түгелімен қамтыды. Ол Шыңғысханның барлық басқыншылық әскери жорықтарға қатысты, монғолдар керей мен наймандардыкүйреткен соң (1206), Оңтүстік Сібірді, Алтайды, Шығыс Түркістанды мекендеген көптеген тайпаларды бағындырды ) 1207), Жетісу шекарасына дейін жетті (1211), Қытайды жаулауға қатысты (1211-15) .
Шыңғысханның негізгі жорығы Шығыс Европа мен Алдыңғы Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта Азияға жол ашатын Қазақстан мен Орта Азияны жаулау еді. Бұл жорыққа ол ұзақ дайындық жасады. Монғолдардың батысқа жорығы 1218ж. басталды.
Шыңғысханның Орта Азия мен Қазақстанға жаулап алуы (1219-24) .
Шыңғысхан мен Хорезм шахы Мұхаммедтің арасындағы соғыс себептері тереңде жатыр. Көшпелілер билеушілері үшін ру аралық тартыс әрқашан табыс көзі болды. Орта Азия бір орталыққа бағынған мемлекетке айналуымен бұл табыс көзі қиылды. Енді соғысты сырт елдермен жүргізуге тура келді. Онсыз Шыңғысханның билік басында қалуы мүмкін емес еді. Алғашқыда Шыңғысханның Сібір, Қазақстан, Шығыс Түркістан халықтарын бағындыруы бүркемеленген сипатта жүрді. Ол үшін «киіз туырлықты халықтарды біріктіру» деген ұран қолданылды. Кейде Жетісудағы, Ферғанадағы, Тұрпандағы билеушілермен құдандалы болу арқылы мәселе дипломатиялық жолмен де шешілетін.
Әр тілдегі деректер бойынша, Шыңғысханның құдіретті империясы Орта Азия тайпалары негізінде құрылған. Монғол мемлекетінің формасына көптеген дәстүрлер күшті әсер етті. Шыңғысхан империясының құрылысы соғыс-әкімшілік жүйеде болды.
Шыңғысхан ат тұяғы жетер жердің бәрін өзіне қаратуды алға қойды. Орта Азия мен қазіргі Қазақстан жерін өзіне қарату оған Шығыс Еуропа мен Таяу Шығысқа апаратын жолды ашты. Осы себепті бұл соғысқа ол мұқият дайындалды. Мон, олдарға қызмет еткен мұсылман көпестер мен қашқындар, қарақытай мемлекеті, кейінде Хорезм шахы жөнінде хабар тасумен болды. Шығыс Түркістан мен Жетісудың монғол қолына өтуі қазіргі Оңтүстік Қазақстан Орта Азияда дүрбелең туғызды. Хорезм шахымен Шыңғысхан қайта-қайта елшіліктер алмасумен болды. Ол Орта Азияға сауда керуенін жіберді. Онда 450 адам, 500 түйе болды. 1218ж. жазында керуен Отырарға жетеді. Отырар билеушісі Қайыр хан көпестердің тыңшы екенін байқап, керуенді құртып жіберуге бұйрық береді. Енді Шыңғысхан Хорезм шахы алдында Қайыр ханды қолыма бер деп талап қояды. Бірақ осы талапты айтуға келген елшілер де өлтіріледі. Осылайша Шыңғысхан Хорезмге қарсы жорық жасады.
Жорық 1219ж. қыркүйегінде басталды. Шамамен 150мың әскер жинаған Шыңғысхан Ертістен Сырдарияға бет алды. Отырарды қоршауға Шыңғысханның екі ұлы-Жент пен Янгикентті, үшіншісі қосындарды алуға, ал Шыңғысханның өзі негізгі күшпен Бұхарға келеді.
Отырар билеушісі Қайыр ханның қол астында шамамен 20-50 мың әскер бар деі. Қаланы қоршау бес жуық айға созылды. Хорезмдік әскербасы Қараджахаджибтің сатқындығынан жау қалаға кіреді. 1220ж. ақпанда Отырар толығымен жау қолына көшеді. Жошы Сыр бойындағы қыпшақтар астанасы Сғынақты 7 күн және 7түн қоршады. Ақыры басып алған соң тұрғындарын тегіс қырып жіберді.
Шыңғысхан қолы Сыр бойымен төмен жүріп Өзкет пен Баршынкентті қарсылықсыз алды. Ашнасу қаласын қорғаған кедейлер қатты қарсылық көрсетті. Бірақ күш тең емес еді. Қала халқының көбі қырылып кетті.
Бұдан кейін Жент пен Янгикент қалалары құлады. Осының бәрі 1219-20ж. қысы мен көктемінде болған оқиғалар. 1220жылды Жошы хан Жентте өткізді. Ал 1221ж. Үргеніш қаласын бағындырған соң Аралдың солтүстік шыңысындағы елді мекенге бет алады. Қыпшпқтар қатты қарсылық көрсекенімен ақырында тізе бүгуге мәжбүр болды.
Мұсылман жылнамашысы Жүзжани бұл жөнінде: «Қыпшақ даласының суы мен ауасын көрген Жошы әлемде бұдан көркем жер, бұдан кең жайылым болуы мүмкін емес деген екен. » деп жазды. Жебе ноян мен Сүбедей батыр басқарған 30 мың әскер Солтүстік Иран арқылы 1220ж. Кавказға баса көктеп кірді, аландарды, половецтерді және Калкада орыстарды талқандаған соң Қазақстан даласы арқылы Шыңғысхан ордасына 1224ж. оралды. Осылайша 1219-24ж. монғол шапқыншылығы нәтижесінде қазіргі Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан империясының құрамына енді.
Монғол шапқыншылығына қарсы шыққан арғы аталарымыздың күресі бұдан кейін де жалғасып жатты. 1241-42ж. қыпшақтар Жошы ханның баласына үлкен қарсылық көрсетті.
Жаулап алу барысында монғол шапқыншылары халықты бағындырудың сан алуан түрлерін ( дипломатиялық тәсілді, жансыздарды, үрей туғызуды, арандатуды, кепілдік, аманат алуды, т. б. ) қолданды. Сырдария өңіріндегі елді мекендер мен Оңтүстік Қазақстан қалалары осындай саясаттың құрбаны болды.
Парсы тарихшысы Жувейнидің айтуынша, бес ай қоршауда тұрып, қалың жаумен айқасқан Отырар жұртында аштық басталды. Осыған шыдамаған қолбасшылардың бірі Қараджа хаджиб түн ішінде қаланың «Суфихана» қақпасын ашып, жау қолына қосылады. Соған қармастан Отырар әкімі Қайыр хан бастаған қала халқы тағы бір ай ерлікпен шайқасты. Нисавидің жазбасында Қайыр хан қаруында 20мың әскер, ал Жувейни жазбасында Хорезм шахы оған 50мың әскер жіберегнін жазады. Отырар қоршауда қалар алдына тағы да Қараджахад бастаған 10мың әскер жіберген. 1220ж. ақпанда монғолдар жойқын күшпен Отырарды әзер алып, халқын қырғынға ұшыратты. Отырарды жермен жексен еткен Шағатай мен Үгедей жасағы Бұхара мен Саманрқан аралығында Шыңғысхан әскеріне қосылды. Жошы бастағанқол Сауран, Жент, Баршылығкент, Үзкент қалаларын алды. Сығанаққа мон, олдар 7 күн шабуыл жасап, бүкіл қала халқын жойып жіберді. Әбілғазы баһадүр ханның айтуы бойынша Ашнасу қаласының қарапайым халқы ерлікпен қарсыласып, ақыры қатты қырғынға ұшыраған. Жошы әскері қаланы бінеше күн тонаған. Жент қаласын Хорезм шахының әскерлері қалдырып кеткен. 1220ж. сәуірде Жошы қаланы қоршап, оңғұттық Чин Темір дегенді келісімге жіберген еді, бірақ тұрғындар өліспей- беріспейтінін айтып, қақпаны жабады. Жошы әскері қаланы атқылап басып алады. Шыңғысхан бастаған монғол армиясының бас легі 1220ж. майында Орта Азия аймағын Амударияға дейін қаратты. 1220-21ж. қысында Хорезмді басумен олардың Орта Азияға шабуылы аяқталды. Сөйтіп, 1219-24ж. Қазақстан мен Орта Азия Шыңғысхан Имперясына қарады.
Қазақстан аймағында Жошы, Шағатай, Үгедей ұлыстарының құрылуы және олардың арасындағы бітіспес қырқыстары.
Монғол империясының құрамына кірген Қазақстан жері Шыңғысханның үш ұлының ұлысына бөлініп берілді. Үлкен(далалық) бөлігі Жошы ұлысына, Оңтүстік және Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Шағатай ұлысына, Жетісудың солтүстік- шығыс бөлігі Үгедей ұлысына қарады.
Отпен өртеп, қылышпен қырып, орасанзор империя құрған Шыңғысхан өзінің төрт ұлының әрқайсысына үлес бөліп берді: кіші ұлы Төлей Шыңғысханның негізгі жұртын - Монғолияның өзін, сондай-ақ монғолдың тұрақты 129 мың адамдық армиясының 101 мыңын алды. Монғолияның батысқа қарай жаулап алынған ұлан-ғайыр аумақ үлкен ұлдарына берілді, бұл орайда олардың әрқайсысына тұрақта армиядан 4 мың адамнан бөлініп берілі. Шыңғысханның үшінші ұлы Үгедейге Батыс Монғолия мен ұлысының орталығы орналасқан жоғарғы Ертіспен Тарбағатай аймағы қарайтын болды. Өзін ұлы хан деп жариялағаннаң кейін (1228-29-1241) Үгедей Орхонда. Қарақорымда тұрды.
Жошы ұлысы. Шыңғысханның үлкен баласы Жошы өз ұысын тәуесіз мемлекет етуге күш салды; 1227ж. оның өлуі ғана әкесі екеуінің арасындағысоғысқа кедергі болды. Жошының мирасқоры оның ұлы Батый болды. Батый қолының Руське және Еділден батысқа басқа да жерлерге жасаған қанды жорықтары Жошы ұлысын Алтайдан Дунайға дейінгі байтақ айиақты алып жатқан, орталығы Төменгі Еділге орналасқан ұлан-байтақ мемлекетке айналдырды. Тарихи әдебиетте бұл мемлекеттің Алтын Орда деген атауы орнықты. Алтын Орданың астанасы Сарай Бату болды, кейінірек астана Сарай Беркеге Еділ бойымен көшірілді.
«Алтын Орда» ұғымы біртекті емес: бір жағдайда «Алтын Орда» деп Батый мен оның мирасқоры Беркенің жеке иелігіндегі жерлерді, яғни Төменгі Еділ бойы мен Солтүстік Кавказ, ал енді бір орайда түгелдей Жошы ұлысы деп аталды.
Батый (1124-1255) зор беделге ие болып және іс жүзінде империяны өзінің қолдауымен таққа отырған ұлы хан Мөңкемен бірге биледі. Алайда Батый да, оның мирасқорлары да Алтын Орданың тағында біртұтас мемлекетті басқарушылар болмады. Жошы ұлысы үлестерге - оның көптеген ұлдарының ұлыстарына ыдырады. Өз кезегінде Алтын Ордада ұлыстық жүйе қалыптасты. Әбілғазыда деректемеге сүйенбей келтірілген аңыз бойынша Батый «солтүстік елдеріне» * Шығыс Еуропаға(1236-42) жасаған 7 жылдық жорықтан оралғаннан кейін өзінің інісі Орда -Еженге былай деген: «Бұл жорықта сен біздің ісіміздің аяқталуына жәрдемдестің, сондықтан оң мың отбасынан тұратын халық саған беріледі», енді бір аудармада «сол сенің әкең тұрған жерде», яғни Ертістің жоғарғы ағысына деген сөздер қосылған. Әдет-ғұрыпқа бағып, Батый өзінің басқа да бауырларына да үлес берген.
Орда-Ежен ұлысының әміршілері іс жүзінде тәуелсіз болды, өздерін Алтын Орда хандарына бағынышты деп мойындаса да, олардың құрылтай жиналыстарына бармады. «Әуел бастан-ақ», -деп жазды Рашид-ад-Дин, оның орнына Орда тұқымының қайсыбіреуінің Батый тұқымынан таралған хандарға барған кезі болған емес, өйткені, олар бір-бірінен шалғай орналасқан, сонымен қатар өз ұлысының тәуелсіз патшалары болып табылады. Бірақ олардва Батый орындасары кім болса, соны өзінің патшасы әрі әміршісі санау әдеті болған және олардың есімдерін бұлардың өз жарлықтарының жоғарғы жағына жазып отырады. » Орда-Ежен ұлысына Жетісудың солтүтік - шығыс бөлігіндегі жерлер, Ертіс бойындағы кең байтақ аймақ, Ұлытау мен Қаратауға дейін жерлер кірді. Ұлыстың аумағы біртіндеп кеңейе берді. XIIIғ. екінші жартысында-ақ Орда- Еженнің немересі Қонышаның тұрған жері деректеме бойынша Орта Сырдариядағы Жент пен Үзкент маңында болған.
Іс жүзінде XIIIғ. бастап Орда - Ежен ұлысы жеке мемлекет болды. Шығыс деректемелерінде ол Ақ Орда деп аталды. Оған билік жүргізгенден хан атағын алып, олармен Батый хан және оның мирасқорлары ғана емес, сондай-ақ бүкіл империяның жоғарғы хандары санасып отырды. Рас, кейде Алтын Орданың хандары Ақ Орданың тағына отырғанда ел билеуге жарлық беріп отырған, бірақ мәселе осымен тынып, мемлекет істеріне нақты араласу болмаған. Алтын Орданың хандары Иран әміршілерімен үнемі дұшпандық қатынаста болғанымен, Ақ Орданың хандары XIII-XIVғ. шенінде Хулагу ұрпақтарымен дипломатиялық қатынаста болып, елшілер алмасып отырды.
Орда-Ежен ұлысынан батысқа қарай Шайбани иелігіндегі жерлер енді. Шйбаниұлысының бөлінуі туралы махмуд ибн Уәли былай деп хабарлайды:» Шыңғысханның ұлы Жшы ханның баласы Шайбани хан жеті жылжық жорықта астар, орыстар, черкестер және бұлғарлар елдерін жаулап алған кезде ептілік көрсетіп, ағасы Батый ханнан сыйлық ретінде төрт омақ алды. » «Зубдат әласардаә осы «омақтардың» аттары келтірілген, олар: қосшы, майман, бұйрақ және қарлық тайпалары. Шайбани үлесінің аумағы туралы Әбілғазы былай деп хабарлайды: «Шайбани жазда Орал бөліктеріндегі, Тобыл, Жайық, Ырғыз өзендерінің аралығындағы кең-байтақ жерлерде, ал қыста - Арал теңізі өңірінде, Шу, Сарысу өзендерін бойлап және Сырдарияның төменгі ағысында көшіп-қонып жүрген. »
XIIIғ. екінші жартысындағы - XIVғ. басындағ Алтын Орданың тарихы орыс князьдықтарымен, Иранның Хулагу әулеттерімен болған үздіксіз соғыстарға толы. Бұлардан Берке мен оның және Оңтүстік Каспий маңындағы басқа да жерлерді иелену құқығына таласты. МенгуТемір тұсында (1266-1280) Алтын Орда Монғол империясынан біржола оқшауланып, тұңғыш рет өз атынан теңге соға бастады, Орта Азия мен Жетісуд а Шағатай ұрпақтарының билігін нығайту үшін ұлы ханға қарсы күресінде Хайдуды қолдап отырды.
Өзбек ханның(1312-1342) және оның баласы Жәнібектің (1342-57) тұсында Алтвн Орданың күш-қуаты барында кемел кезіне жетті. Өзбек хан Орда-Ежен ұрпақтарын бұрынғы вассалдық тәуелділігіне қайтаруға тырысып, Сығанақта өзінің баласы Тыныбекті хан тағына отырғызды. Алайда ол көп кешікпей өлтіріліп, билік Орда-Еженнің ұрпақтарына көшті.
Шағатай ұлысы.
Шағатай әкесі мен ағасы Жошы өлгеннен кейін хан тұқымындағы үлкені ретінде зор беделге ие болды. 1228-29ж. ол Үгедейді ұлы хан деп жариялаған ханзадалардың басшысы болған еді. «Яссыны, биліктер мен қағидаларды, патшалықты сақтаудың амлдарын» жетік білген Шағатайдың билігі зор болғаны соншалықты, тіпті ұлы хан Үгедейдің өзі де ағасының мақұлдануынсыз қандай болса да маңызды шешімдер қабылдамайтын болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz