Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы



1 Тың және тыңайған жерлерді игерудің демографияға әсері
2 Одақтық өнеркәсіп құрылыстарының демографияға әсері
3 Кеңестік кезеңдегі ұлт мәселесінің «шешілуі»
Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.

Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС) техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737- ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.

Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.

Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы шаруалар сипатында болды.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 8 бет
Таңдаулыға:   
Соғыстан кейінгі жылдардағы Қазақстанның ауыл шаруашылығы (1946-1960)
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу

Соғыстан кейінгі ауыл шаруашылығының жағдайы. Соғыстан кейінгі бірінші жыл
ауыл шаруашылығы үшін аса қиын болды. Құрғақшылық елдің, әсіресе оның
еуропалық бөлігінің ауыл шаруашылық жағдайына ете ауыр тиді. Жағдай жұмысшы
күшінің жетіспеушілігінен де ушықты; ауыл шаруашылық машиналардың көп
бөлігі соғыс жылдарында істен шықты, ал жаңадан алынатын машиналар саны аз
болды. Басқарудың әкімшілік, күштеу тәсілдерінің, экономикалық заңдарды
есепке алмаудың зардаптары ауыл шаруашылығына кері әсерін тигізді. Жер
өңдеу мәдениеті темен болып, қоғамдық мал шаруашылығы нашар дамыды.

Ауыл шаруашылығының ауыр жағдайының себептеріне талдау жүргізген ел
басшылығы шаруашылық және партия органдарын бұрынғы колхоз және совхоздарға
қатысты бұра тартушылықтарды жоюға міндеттеді. 1949 жылға қарай қабылданған
қаулы бойынша Қазақстанның колхоздарына түрлі ұйымдардың 214 млн сом
қарызы, көп мал, техника, 540 мыңға жуық, заңсыз тартып алынған жер
қайтарылып беріліп, әкімшілік-шаруашылық басқару аппараты елеулі түрде
қысқарды. Ауыл шаруашылығының материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын
шұғыл жақсарту мақсатында мемлекет қосымша қаражат бөлді. Ауыл шаруашылығы
мамандарын даярлау және қайта даярлаудың жүйесі жолға қойылды. Колхоздар
мен совхоздарға қызмет көрсетуге тиіс машина-трактор станцияларын (МТС)
техникамен жабдықтауға үлкен көмек көрсетілді. Төртінші бесжылдықтың соңына
қарай республика МТС-тары күшейіп, колхоздардың 95%-ына қызмет көрсетті, ал
бұл көрсеткіш 1946 жылы 76% ғана болған еді. Соған қарамастан, үкімет
қабылдаған іс-шаралар ойдағыдай нәтиже бермеді. Өндірісті арттыру үшін ұсақ
колхоздар ірі колхоздарға біріктірілді. Колхоздарды қысқа мерзім ішінде
ірілендіру жаппай сипат алды, нәтижесінде Қазақстандағы олардың саны 6 737-
ден (1945 жыл) 2 047-ге (1952 жыл) дейін қысқарды.

Қабылданған іс-шаралар ауыл шаруашылығының жағдайын біршама жақсартты. МТС
техникасы неғұрлым тиімді пайдаланыла бастады. Егін, мал өнімдері бойынша
белгіленген жоспарды асыра орындау үшін қосымша төлемдер енгізілді. Мал
басының саны артты. Бесжылдық ішінде суарылатын жерлер ауданы 16%-ға артты.

Ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-әкімшілік жүйесі. Дегенмен
республиканың ауыл шаруашылығы бүкіл КСРО - ның ауыл шаруашылығы сияқты
азық-түліктегі, өнеркәсіптегі, шикі заттағы халық сұранысын қанағаттандыра
алмады. Бұған колхоздарды, жалпы ауыл шаруашылығын басқарудың әміршіл-
әкімшіл жүйесі себеп болды. Жоғарыдан жоспарлау, бюрократиялық аппараттың
күш көрсетуі өндірушіні өндіріс құралдарынан да, еңбек нәтижелерінен де
шеттетті. Колхозшылардың еңбегіне ақы өніммен төленді (азық-түлік, киім-
кешек). Колхозшыларда төлқұжат болмады, олардың есебі селолық кеңестер
жасаған тізімдер арқылы ғана жүргізілді. Бұл олардың мекенжайын еркін
өзгертуіне мүмкіндік бермеді, олар заңды түрде колхозға байланды, басыбайлы
шаруалар сипатында болды.

Ауыл еңбекшілерінің жағдайына тура немесе жанама түрде әсер еткен барлық
қиыншылықтарға, бұра тарту мен жаңсақ есептерге қарамастан олар елді
қолдарынан келгенше азық-түлікпен қамтамасыз ете берді. Еңбек ерлігі мен
батырлығының үлгілері де аз емес еді.

Соғыстан кейінгі жылдары өнеркәсіп және ауыл шаруашылығында дамудың
біржақтылығын жоюдың кажеттілігі анық сезілді.

Аграрлық секторды дамытуды ынталандыру үшін мемлекет шаруашылықтардың
бұрынғы қарыздарын жойып, салық келемі елеулі түрде азайды. Ет, сүт, жүн,
картоп, көкөністің сатып алу бағасы кетерілді. Дегенмен ауыл шаруашылық
өндірісі жүйесін жақсартуға бағытталған реформалар қалыптасқан шаруашылық
жүргізу кұрылымының негіздеріне әсер етпеді, өміршіл-әкімшіл жүйе әлі де
үстемдік етуін жалғастыра берді.

Мәскеу басшылығы Қазақстанда астықтың және басқа ауыл шаруашылық өнімі
ендірісін шұғыл арттыра алатын мүмкіндіктер бар деп есептеді. Сондықтан да
өкімет билігінің жоғарғы деңгейінде дәнді дақылдар егетін алқаптардың
аумағын кеңейту үшін тың және тыңайған жерлерді игеру идеясы пайда болды.
Міндеттерді табысты жүзеге асыру үшін Н.С.Хрущев республикалық басшылықты
нығайту керек деп шешті 1954 жылы, ақпанда Қазақстан Компартиясының ОК-
нің бірінші хатшылығына Қазақстанда ешкімге белгісіз П.К.Пономаренко
сайланды. Ж.Шаяхметовті қызметінен алу мәселесін Кремльде шағын топқана
шешті. Шын мәнінде Н.Хрущев бұл кезеңде өзінің кадрларын түрлі орындарға
қоя бастаған болатын, ал Ж.Шаяхметов болса тың жерлерді тез арада меңгеру
идеясын қолдамады.

Тың игеру. Одақ ведомстволары қабылдаған Елімізде астық өндіруді одан әрі
арттыру туралы, тың және тыңайған жерлерді игеру туралы қаулы бойынша
Қазақстанның солтүстік аудандарында, Сібірде, Оралда және Солтүстік
Кавказда дәнді дақылдар егуді шұғыл арада арттыру туралы шешім шығарылды.
Жаңа жерлерді игеру есебінен 1954-1955 жылдарда 13 млн гектар жер жыртылып,
1955 жылы одан 1100-1200 млн пұт астық алу жоспарланды.

КСРО-да тың көтеруге байланысты белгіленген тапсырма 1954 жылғы тамыздың
басына қарай орындалды: 13,4 млн гектар жер немесе жоспар бойынша 103,2%,
оның ішінде Қазақстанда 6,5 млн гектардан аса тың жер жыртылды. Тамызда
Астық өндіруді молайту үшін тың және тыңайған жерлерді одан әрі қарай
игеру туралы жаңа қаулы қабылданды. Онда 1956 жылы тың жерлердегі дәнді
дақылдар егуге арналған аудан көлемін 28-30 млн гектарға дейін жеткізу
міндеті қойылды. Ғалымдардың тың жерлерді осыншама кең көлемде игеру өзін-
өзі ақтамайтындығы туралы пікірлерін ешкім есепке алмады. 1955 жылы тың
жерлерде жоспарланған 7,5 млн гектардың орнына 9,4 млн гектар жер жыртылды.
Тың жерлерді игерудің басым көпшілігі негізінен Қазақстанның
солтустігіндегі алты облыста - Қостанай, Ақмола, Солтүстік Қазақстан,
Көкшетау, Торғай және Павлодар облыстарында жузеге асырылды.

Республика еңбекшілерінің алдында 6,3 млн гектар тың және тыңайған жерді
игеру арқылы дәнді дақылдар өнімін арттыру міндеті тұрды.

Партия комитеттерінің қысымымен жалпы жиындарда жоғарылатылған
міндеттемелер қабылданды, олар әрдайым орындала бермеді және жүзеге аспады.
Нәтижесінде тек 1954 жылдың өзінде қосьмша 636 мың гектар тың және тыңайған
жерлер жыртылды. Тек сол жылы ғана колхоздар және МТС-тap 4847 мың, ал
совхоздар 3 684 мың гектар жаңа жерлерді игерді. Осылайша, тың және
тыңайған жерлерді көтеру туралы екі жылға есептелген мемлекеттік жоспар
елеулі қарқынмен бір жыл ішінде жүзеге асты. Республикада жаппай жолдар
салынып, жаңа елді мекендер тұрғызылды.

Қазақстан аумағына тың игерушілерді қоныстандыру. Тың жерлерді игеру үшін
мыңдаған ауыл шаруашылық өндірісінің мамандары, ұйымдастырушылары
аттандырылды. Тың игеру кезінде бұрын-сонды болмаған көлемде жаппай
коныстандыру ісі жүзеге асырылды. Қоныстандыру ісін ұйымдастыру 1938 жылы
құрылған Бас қоныстандыру басқармасына жүктелді. 1954 жылы Қазақ КСР
Министрлер Кеңесінің Жер халық комиссариатының құрамында миграциялық
үрдістерді реттеу енгізілді. 1954 жылдан 1963 жылға дейін Қазакстанға
Одақтың әр түрлі республикаларынан - Украина, РКФСР, Белоруссия, Молдавия
және Литвадан мыңдаған отбасылар қоныстандырылды. Қазақстандық тың игеруге
Болгария азаматтары және Қытай Халық Республикасының қазақ репатрианттары
да қатысты. 1954 жылдың бірінші жартысында тек Ақмола облысына ғана 20
мыңнан астам адам тың көтеруге келді. Бұған қоса, өнеркәсіп орындарының
ұжымдары ауыл шаруашылығына, тың және тыңайған жерлерді игеруге 1 386 маман
мен механизаторлар жіберді. Осылайша, мысалы, Ақмола облысының ауыл
шаруашылық кәсіподағының облыстық комитетінен 300, Қазсельмаш зауытынан
121 адам, оның ішінде дипломы бар 5 инженер келді. 1954-1955 жылдары
совхоздарға 4,5 мың маман жіберілсе, 1959 жылы оларда 15 мыңнан астам
жоғары және орта білімді мамандар еңбек етті. Тек 1953-1958 жылдары ауыл
шаруашылығына 266,6 мың механизатор мамандар жіберілді. Ең танымал тың
игерушілердің бірі Михаил Довжик болды. Ол Қазакстанға 1954 жылы наурызда
алғашқы тың игерушілердің қатарында келді. Ынтымақты бригада құрған
М.Довжик Ақмола облысындағы ауыл шаруашылық техникасын пайдалануда жаңашыл
болды. Ерен еңбегі үшін М.Довжик Социалистік Еңбек Ері атағына ие болып,
жоғарғы заң шығарушы орган - Қазакстанның Жоғарғы Кеңесіне депутат болып
сайланды.

Еңбекшілерге, келіп жатқан тың игерушілерге елеулі жеңілдіктер көрсету,
сондай-ақ өндірістік жоспарды орындаған совхоз жұмысшыларына және олардың
еңбек сіңірген жылдары үшін елеулі сыйақылар беру арқылы тың игеруге қолдау
көрсетілді. Тың игерушілер қоныстану орнына жеке мүлкімен тегін көшіп
келді, отағасына бір жолғы берілетін ақшалай жәрдем келемі 500-1000, ал
отбасының әр мүшесіне берілетін жәрдем келемі 150-200 сом болды, үй салуға
10 жылға 10 мың сом несие берілді (оның 35%-ын мемлекет ез мойнына алды),
мал алуға 1500-2000 сом көлемінде несие берілді, 1,5 центнер астық немесе
үн түріндегі азық-түлік қарызы беріліп, тың игерушілер ауыл шаруашылығы
салығынан 2-5 жылға босатылды. 1954-1959 жылдары Қазақстанның тың жерлерін
игеруге 20 млрд-тай сом қаражат жұмсалды.

Қазақстан аумағына жұмыс күші, көлік құралдарын, құрал-саймандар
жұмылдырылды. Осының бәрін үйлестіру, адамдарды орналастырып, оларды азық-
түлікпен және тұрғын үймен қамтамасыз ету, мәдени-көпшілік мекемелерінің
жүйесін жолға қою қажет болды.

Тың жерлерді игеруге байланысты кеңес кезіндегі еңбектер мен басылымдарда
көптеген қателесушілік, бұрмалаушылық және бұра тартушылық айтылмады. Тың
игеру тек мамандар мен шынайы энтузиастарды ғана емес, көп ақша табуды
ойлаған кездейсоқ адамдарды да өзіне тартты. Мысалы, зерттеушілердің пікірі
бойынша, алгашқы 2 жылда Солтустік Қазақстанға келген 650 мың адамның тек
130 мыңы ғана тың игеру ушін қажет болды. Тың игерілген облыстардың
бірқатарында осының салдарынан құқық тәртібі бұзылып, мемлекет қаржысын
талантаражға салу, урлау орын алды.

Тың игерудің жағымсыз салдарлары. Тың және тыңайған жерлерді жаппай игеру
кезінде дамудың интенсивті жолына түсу туралы жиі айтылды, тыңдағы
колхоздар мен совхоздардың материалдық-техникалық базасын күшейтуге
байланысты қыруар жұмыстар атқарылғанымен, ауыл шаруашылығы өзінің
экстенсивті мәнін жоя алған жоқ. Тыңда ұйымдасқан совхоздарға бөлінген
тракторлар мен басқа да машиналар ауыл шаруашылығын интенсификациялау
жолындағы ірі қадам ретінде кең дәріптелгенмен, сол кезде ірілендірілген
колхоздарға тозығы жеткен комбайндар, тракторлар мен автомашиналар
берілгендігі туралы еш нәрсе айтылмады. Көрсеткішті жоғарылатып керсету
үшін орасан зор аумақ жыртылды. Экологиялық тепе-тендіктің бұзылуы ауыр
салдарларға әкеп соқты: топырақ эрозиясы күшейді, топырақтың құнарлы
қабатын жел ұшырып кетті. Жалпы жаппай тың игеру үшін егіншілікті
жүргізудің тиімді әдістері екі онжылдық өткеннен кейін ғана ұйымдастырыла
бастады. Егін үшін жыртылған миллиондаған гектар жер шабындық пен
жайылымдық алқаптардың көлемін тарылтты. Мыңдаған гектар жерлер елді
мекендер салуға тартып алынып, олардың инфрақұрылымын жүргізу үшін құнарлы
жерлердің елеулі көлемі бөлінді. Нәтижесінде ауыл шаруашылығының дәстүрлі
саласы - мал шаруашылығы орны толмас шығынға үшырады. Мал шаруашылығының
даму деңгейінің төмендеуі өз кезегінде республикадағы ет-сүт енімдерінің
тапшылығын туғызды. Мамандар сырттан республикаға ағылып келді. Мұндай
жағдай тың игерілген облыстардың бәріне дерлік тән болды.

Ресей зерттеушісі А.Тюринаның пікірі бойынша, ... 50-жылдардың аяғы - 60-
жылдардың басында әлі де экономикасы нығаймаған колхоздарға ауыр да
әділетсіз шарттармен таратылған МТС-тердің техникасын сату ауыл шаруашылығы
өнімдерінің құрт төмендеуіне әкеп соқты. Бұл елдегі ауыл шаруашылық өнімін
өндірудегі қарқынның шұғыл төмендеуіне алып келді. Жетіжылдыққа (1959-1965)
белгіленген. жалпы өнімді 70% - га өсірудің орнына 15% ғана өнім алынды.

Көптеген уақыт бойы тыңнан тек қажырсыздар мен жігерсіздер ғана кетті
деген ұғым қалыптасқан еді. Бірақ жаңа жерлерді игеру кезінде мамандардың
тұрақтамауының себептерін талдау мұндай адамдардың көп болмағанын көрсетті.
Материалдық қажеттіліктерді қанағаттандыру деңгейі адамдардың үлкен
құлшынысына, олардың еңбегінің қоғамдык бағасына сәйкес келмеді. Тұрғын үй
және мәдени-тұрмыстық құрылыстар салу ауыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Соғыстан кейінгі Қазақстан ауыл шаруашылығы
Интеллектуалдық әлеует пен этномәдени өмірдің өзара ықпалдастығын зерделеу
Соғыстан кейінгі Қазақстан (1946 - 1980 жж. )
Қазақстан кеңестер одағы құрамында
Шығыс Қазақстанның 1940 - 1950 жылдардағы экономикалық дамуы
Соғыстан кейінгі халық шаруашылығын қалпына келтіру жылдарындағы мәдени ағарту жұмысы
Орталық Қазақстандықтардың 1940-1945 жылдардағы шаруашылығы
Қазақстанға жер аударылған ұлттардың Ұлы Отан соғысы мен одан кейінгі жылдардағы жағдайы
Соғыстан кейінгі жылдары очерктерден құрастырылған жинақтар
Қазақстан соғыстан кейінгі жылдарда (1946-1990ж.)
Пәндер