Қазан төңкерісі



1 Қазан төңкерісі
2 Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада
3 Азамат соғысы жылдарында Кеңес өкіметі
Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК) жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20 қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі, олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне түсті.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 6 бет
Таңдаулыға:   
Қазан төңкерісі
Уикипедия — ашық энциклопедиясынан алынған мәлімет
Мында өту: шарлау, іздеу Бұл мақаланы Уикипедия сапа талаптарына лайықты
болуы үшін уикилендіру қажет.
Осы мақаланы жетілдіру үшін қажетті интерлинктерді енгізіп көмек беріңіз.

Қазан төңкерісі — 1917 ж. 25 қазанда (қарашаның 7) Петроградта болған ірі
әлеуметтік-саяси, тарихи оқиға. Көтеріліс В. И. Ленин басқарған
большевиктер партиясының жетекшілігімен жүзеге асырылды. Оған Петроград
жұмысшылары, қала гарнизонының солдаттары мен Балтық флоты матростарының
өкілдері қатынасты. Көтеріліс жеңіске жеткен күні кешкісін Петроградта
ашылған Кеңестердің Бүкілресейлік ІІ съезі Уақытша үкіметтің
құлатылғандығын және бүкіл елдегі өкімет билігі Кеңестердің қолына
көшкендігін жариялап, В. И. Ленин дайындаған Бітім және Жер туралы
декреттерді қабылдады. Алғашқысында 1914 ж. басталған І-дүниежүзілік
соғысқа қатысушы елдердің үкіметтері мен халықтарына аннекциясыз және
контрибутциясыз демократиялық бітім жасау ұсынылса, Жер туралы декретте
жерге жеке меншік жойылып, ол жалпы халықтық мемлекеттік меншік болып
жарияланды. Съезде В.И. Ленин басқарған және жұмысшы-шаруа үкіметі аталған
Ресей ХКК құрылды. Сонымен қатар Кеңестердің Бүкілресейлік ОАК-нің (БОАК)
жаңа, большевиктендірілген құрамы сайланды. Съезд В.И. Лениннің
жұмысшыларға, солдаттар мен шаруаларға арналған үндеуін қабылдап, ол арқылы
халықты барлық жерде жаппай Кеңес өкіметін орнатуға шақырды. Кеңес үкіметі
көп ұлтты Ресей еңбекшілерін өз жағына тартуда айтарлықтай насихатшылдық
рөл атқарған екі саяси құжат жариялады. Біріншісі 2 (15) қарашада
жарияланған Ресей халықтары құқықтарының декларациясы, екіншісі 20
қарашадағы (3 желтоқсан) Ресей мен Шығыстың барлық мұсылман еңбекшілеріне
деген үндеу болды. Бұл құжаттарда Ресейді мекендеген халықтардың теңдігі,
олардың өздерінің мемлекеттік құрылысын өздері шешуге құқылы екендігі
айтылып, ұлттық және этностық топтардың еркін дамуына, бұрынғы езілген
ұлттардың өздерін-өздері билейтіндігіне кепілдік беріледі делінді. Мұның
үстіне Кеңес өкіметі мен большевиктер партиясы Зауыттар мен фабрикалар
жұмысшыларға!, Жер шаруаларға!, Теңдік бұрынғы езілген ұлттарға! деген
ұрандарды үзбей қайталаумен болды. Осы уәделер мен ұрандарға әуел баста
бұқараның айтарлықтай бөлігі, ең алдымен, қоғамның жаппай кедейленген
мүшелері сенді, сондықтан олардың өкілдері Кеңес өкіметін орнату үшін
күреске қатысты. Петроградтан кейін 1917 ж. қарашаның басында Кеңес өкіметі
Мәскеуде, елдің өнеркәсіпті орталығы аудандарында жеңіске жетті, көп
кешікпей бұл жағдай мемлекеттің ұлт аймақтарын, оның ішінде Қазақстанды да
қамтыды. Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы ұзаққа созылды. Бұл кезде
Кеңес өкіметі негізінен алғанда қалалар мен өлкенің басқа да ірі елді
мекендерінде орнады. Ал ауылдар мен селолардың басым көпшілігінде Кеңес
өкіметінің орнауы азамат соғысы басталғанға дейін, тіпті одан кейінгі
жылдарға дейін жалғасты. Бұл өлкенің әлеуметтік-экономикалық артта
қалуынан, жергілікті жұмысшы табы мен большевиктік ұйымдардың сан жағынан
аз әрі әлсіз болуынан, ұлтаралық қатынастардың күрделілігінен шиеленісіне
түсті. Мұның үстіне ұлттық-демократия Алаш қозғалысының жетекшілері Қазан
төнкерісі мен Кеңес өкіметінің идеяларын қабылдамады. Ал Қазақстанда
орналасқан Орал, Жетісу, Батыс Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери
үкіметтері Кеңес өкіметінің орнауына қарулы қарсылық көрсетті. Кеңес
өкіметінің Қазақстанда жеңіске жетуіне негізінен славян текті халықтардың
(ең алдымен, орыстар мен украиндардың) өкілдерін біріктірген жергілікті
гарнизонның солдаттары мен жұмысшы-солдат және шарауалар кеңестеріне
топтасқан қоғамның кедейленген мүшелерінің өкілдері барынша ат салысты.
Қазақстанда Кеңес өкіметін орнату ісіне Ә.Жангелдин, С.Сейфуллин,
К.Сүтішев, А.Асылбеков, Ә.Майкөтов, И.Дубынин, К.Шугаев, Я.Ушанов,
А.Иманов, С.Цвиллинг, Т.Рысқұлов, Т.Бокин, П.Виноградов, Л.Емелев,
Т.Өтепов, А.Розыбакиев, т.б. неғұрлым белсене қатысты.

Қазан төңкерісі кеңестік тарихнамада, Кеңес Одағы Коммунистік партиясының
құжаттарында күллі адамзат тарихына түбірлі өзгеріс енгізген, жаңа заманды
капитализмнен социализмге өту дәуірін ашқан 20 ғ-дың басты оқиғасы деп
дәріптеліп келді. Шын мәнінде Қазан төңкерісі көп ұлтты Ресейдің, оның
құрамына енген көптеген елдер мен халықтардың табиғи, эволюцияның даму
жолын күштеп [[революция революцияшыл]] қайта өзгерістер үрдісіне түсірді.
74 жыл өмір сүрген Кеңес Одағында ел өмірінің барлық салалары (экономика
мен саясат, мәдениет пен руханият) сталиндік нұсқада, әміршілдік мәндегі
тәжірибелер жасау алаңына айналды. Олардың барлығы да қазан төкерісі,
социализм идеяларын жүзеге асыру үшін жүзеге асырылды деп түсіндірілді.
Түбегейлі өзгерістер жасау тәжірибесінің зиянды салдарлары аз болмады.
Олардың қатарына ауыл шаруашылығын күштеп ұжымдастыру мен көшпенділердің
зорлап отырықшыландырылуы нәтижесінде елді жайлаған ашаршылық салдарынан
сан мыңдаған адамдардың қырылуы мен басқа елдерге ауа көшуін, көптеген
мемлекет, қоғам, мәдениет, ғылым қайраткерлерінің әміршілдік жүйе
ұйымдастырған саяси қуғын-сүргіннің құрбандарына айналуын, демографиялық
саясат пен мәдени-рухани салада орын алған келеңсіздіктерді жатқызуға
болады. Солай болса да, қазан төңкерісінен кейінгі 74 жыл Кеңес Одағы үшін,
оның құрамдас бөлігі болған Қазақстан үшін, тек қана бос кеткен кезең емес.
Атап айтқанда, Республиканың материалдық өндіріс жүйесі түбегейлі жаңарды,
халықтың білім деңгейі күрт өсті, сапалы ғылым жүйесі қалыптасты, адамдар
арасындағы қарым-қатынастар жақсарды. [1]

1914 жылы басталған дүниежүзілік соғыстың салдарынан Ресей империясы үлкен
дағдарысқа ұшырады: бірінші – экономикалық , екінші – саяси дағдарыс.

Соғыстың салдарынан елдің шаруашылығы қирады, өндіріс орындары тоқтады,
теміржол қатынасы бұзылды, ауыл шаруашылығы күйреді. Бұл дағдарыс
жұмысшылар мен шаруалардың өкіметке деген үлкен наразылығын туғызды.

Патша өкіметі бұл дағдарыстан шығудың жолын таба алмады, сөйтіп елді
басқару қабілеті төмен болды.

Осы аталған дағдарыс патша өкіметінің 1917 жылы ақпан айында құлауына себеп
болды. Оны Ақпан төңкетісі деп атайды. Осы төңкерістің нәтижесінде қос
өкімет - жұмысшылар мен шаруалардың кеңесі және буржуазиялық Уақытша өкімет
құрылды.

Патша өкіметі құлатылғаннан кейін бүкіл Ресейдегі сияқты Қазақстанда да қос
өкімет орнады. Бұрынғы патша шенеуліктері, эсерлер, меньшевик- тер және
буржуазиялық ұлтшылдар басқарған буржуазиялық Уақытша өкімет органдарымен
қатар халықтық өкіметтің жаңа органдары–жұмысшылар, шаруалар және солдат
депутаттарынң кеңестері құрылды. Жергілікті жерлерде Уақытша өкіметті
органдары құрыла бастады.

Қазақстанда қазақ интеллигенциясы басқарған қазақтардың ұлттық облыстық
және уездік комитеттері ұйымдастырлды. Оларға комиссарлар болып ұлттық
интеллигенцияның өкілдері, атап айтқанда Торғай облысында Әлихан Бөкейханов
Жетісу облысында Мұхамеджан Тынышпаев, Түркістанда Мұстафа Шоқаев
тағайындалды.

Патша өкіметінің құлатылуын Қазақстан еңбекшілері саяси және ұлттық азат
алудың бастамасы ретінде қабылдады. Бұл жеңіс өлкедегі еңбекшілердің саяси
белсенділігін арттырды. Қазақстанның әртүрлі қалаларында қазақ жастарының
20 шақты үйірмелері мен топтары пайда болды. Олар халық арасында
листовкалар, сол күндердің көкейтесті мәселелеріне арналған тақпақ-өлеңдер
таратты. Әулиеатада Тұрар Рысқұлов Қазақ жастарының революцияшыл одағы
деген ұйым құрды. Оның құрамына қазақ халқының орташа және кедей топтарынан
шыққан алдыңғы қатардағы жастар енді Буржуазиялық уақытша өкіметке үміт
артқан қазақ зиялылары өз халқын еркіндікке жеткізуді, отарлаудан құтылуды
арман етті. Осы мақсатқа жету үшін олар қазақтың ұлттық саяси партиясын
құру жолын іздеді. Олар Қазақ газеті арқылы қазақ халқына арнайы үндеу
жолдады. 1917 жылы 21-26 шілдеде Орынборда болған Бүкілқазақтық съезде
Алаш партиясы қалыптасып, басшы органдарын сайлады. Оның құрамына Әлихан
Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов, Міржақып Дулатов, Мұстафа Шоқай, Мұхаметжан
Тынышпаев т.б. кірді. Бұл партияның сол жылы 5-13 желтоқсанда Орынборда
өткен екінші съезінде Қазақ автономиясы Алашорда үкіметі – ұлт Кеңесі
құрылды. Алаш партиясының бағдарламасы бекітілді. Ол негізгі 10 бөліммнен
тұрады. Олар:
Ресей демократиялық федерация болып жариялану туралы;
Ресей құрамында Қазақ ұлт автономиясын құру;
Халықтар арасында тең құқықтық орнату;
Дін туралы, дінді мемлекеттен ажыратып шығару;
Елдегі билік және сот туралы;
Елді қорғау, әскер және халықтық милиция құру;
Халықтың табысына қарай салық салу;
Жұмысшылар туралы;
Ғылым және білім туралы;
Жер мәселесі.

Жаңа құрылған үкіметтің құрамына 15 адам кірді, оның төрағасы болып Әлихан
Бөкейханов бекітілді. Азамат соғысы басталғанда Алашорда үкіметі екіге
бөлінді: оның Батыс Қазақстандағы бөлігін Халел, Жанша Досмұхамедовтар,
Шығыстағы бөлігін Әлихан Бөкейханов, Ахмет Байтұрсынов т.б. басқарды. Бірақ
Уақытша өкіметтің өмірі де ұзақ болмады. 1917 жылы 25 қазанда Уақытша
өкімет құлап, оның орнына большевиктер басқарған Кеңес өкіметі орнады. Бұл
жұмысшылар мен шаруалардың билігі орнаған ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазан төңкерілісі және Қазақстанның саяси өмірі
Ресей империясы І Дүниежүзілік соғыс қарсаңында
Қазақстанның XX ғасырдағы тарихы
1917 жылғы Қазан төңкерісі және Қазақстанда Кеңес өкіметінің орнауы
Ақпан революциясы жайлы
Алаш қозғалысының қалыптасуы мен дамуы
1917 жылғы ҚАЗАН ТӨҢКЕРІСІ. ҚАЗАҚСТАНДА КЕҢЕС ӨКІМЕТІНІҢ ОРНАУЫ. ӨЛКЕДЕГІ АЗАМАТ СОҒЫСЫ
Кеңес өкіметі және оның орнауы мәселелері ұлт зиялылары еңбектерінде
ТАМЫЗ ТӨҢКЕРІЛІСІ ЖӘНЕ ТОЛҒАҒЫ ЖЕТКЕН МӘСЕЛЕЛЕР
Азамат соғысы
Пәндер