Жаңа дәуір жүйесіндегі Қазақстан мен Ресей


ФКГМА 1-8-22/02
МУ “Организация методической
работы в соответствии с ГОСО
2006 года” 4. 07. 2007г.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.
Дәріс.
Тақырыбы: Жаңа дәуір жүйесіндегі Қазақстан мен Ресей
Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»
Пән: «Қазақстан тарихы»
Курс : 1
Уақыт (ұзақтығы ) : 50 минут
Қарағанды - 2008ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама № « ___» ___ 2008ж.
Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина
- Тақырыбы:Жаңа дәуір жүйесіндегі Қазақстан мен Ресей
- Мақсаты:Қазақстанның жаңа заманға өтуі: мәселенің теориялық аспектілері. Дуәірлеу. Тарихнамасы мен деректеріне тоқталу. Қазақстанның халықаралық жағдайы: ерекшелігі және келешегі. Қазақстанның Орталық Азия жүйесіндегі орның анықтау.
- Дәріс жоспары:
- Дуәірлеу. Тарихнама мен деректер
- ХVIII ғ бірінші ширегіндегі Қазақстанның ішкісаяси және әлеуметтік - экономикалық жағдайы.
- Қазақ - жоңғар соғыстары
- Қазақ - орыс қатынастары
- Дәріс тезистері:
1781 жылы Абылай хан қайтыс болғаннан кейін, Орта жүз ханы болып қазақ елінің жақсылары жиналған кеңесте (ас кезінде) оның ұлы Уәли сайланады. Патша үкіметі оның билігін әлсірету үшін сұлтандардың сепаратистік толқауларын қолдап отырды. 1815ж. патша әкімшілігі Орта жүзде екінші хан сайлауын ұйымдастырды, ол Бұқар ұлы Бөкей хан 1817ж. және 1819ж. Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүздің жаңа ханы бекітілмеді. Уәлидің орнына ел башылары ұсынған Ғұбайдолла патша өкіметі тарапынан қолдау тапады. Ел башыларының арасында да ынтымақ пен ауыз бірлік азайды.
Ресей хандықтың басқару жүйесін Сібір қазақтарының жарғысына сүйеніп жаңартты. Бұл документ 1822ж. М. Сперанскийдің басқаруымен жасалды. Сібір екі бөлікке бөлінген соң қазақ даласының терриориясы Басты Сібірге қарады. 1839 жылға дейін орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан Омскіде орыналасты. Сібір қазақтарының облысы жарғы бойынша ішкі және сыртқы округтарға бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сол жағасын мекендеген көшпелі қазақтар енді. 1822-1838 жылға дейін жеті дуан құрылды -Қарқаралы, Көкшетау, Аягөз, Ақмола, Баянаула, Сарысу және Көкпекті. Округты билеген округтік приказдар- дуан, одан әкімшілік, полиция, сот орналасқан. Приказды аға сұлтандар басқарды, оның қарамағында 4 адам жұмыс істеді-2 қазақ, 2 орыс. Аға сұлтан жарғы бойынша 3 жылға сайланды. Ооған уақытша майор атағы берілді. Үш сайлаудан кедергісіз өткен соң оларға дворяндық диплом берілді. Бір округке 15-20 болыс кірді. Оның басында сұлтан тұрды, ал кейбір руларда сұлтандар болмаған соң, обылысты қарасүйектерден де таңдады. Жагдайы бойынша олар 12 -ші классты шенеуніктермен теңелді, олардын билігі орындаушылык түрінде болды:үкімді орындау, дуанның үкімін жане сот үкімін орындау. Әрбір болыс 10-12 ауылдан тұрды. Ауыл старшындары 3 жыл сайын сайланды және округ приказымен бекітілді. Әрбір осындай әкімшілік аулда -50-70 шаңырықбірікті. Жарғы бойыншасот істері азаматтық және қылмыстық болып бөлінді. Қылмыстық істердің ең маңыздылары би құзырынан алынды. Кішігірім істері болса да, оны округ приказымен бекітіп отырды. Жарғы салық жүйесін енгізді - әр шаруашылық жасақ салығын 100 бастан 1 бас төледі. Оның құрамына түйе кірмеді. Жарғыны қабылдаған қазақтар алғашқы бес жылда салық төлемеді . Жарғында басқа да салық түрлері қарастырылды-керуендік үзету, жүк тасу, байланыс жолдарын бақылау. Окруктердің құрылуы далада жаңа тұрақтардың пайда болуна әкелді-Көкшетау 1824, Қаркаралы 1824, Акмола 1832, Баянаула 1826, Атбасар 1848 және тағы басқалар. Кіші жүзде Нұралыдан бастап хандарын патша шенеуліктері бакылап отырды, халық сайлауы толығымен жойылды. Паша үкіметі сайлаған хандардың жеткілікті беделі болмады халық көтерілісі жыйы болып тұрды. Ол өлкенің өндірістік күштеріне кері әсер етті және хан беделінің халық алдында төмендеуіне әкелді. Жантөре хан ( 1805-1809 ж) өлімінен кейін, үкімет оның мұрагер етіп, Айшуақтың ұлы Шерғазыны тағайындады, ол Әбілқайыр тегінен ең тарынсыз қабілетті (елді басқару, билеу, саясаткер кер қасиеті жоқ) башы еді. Ал халық жиалысы кіші жүз ханы етіп белсенді қайраткер Арынқазы сұлтанды тағайындады. Ол бірнеше жыл билік атқарған уақытында, билікті орталықтандыруға үлесін қосты. Бірақ патша үкіметі хандық билікті әлсіретіп жойғысы келді. 1821ж Арынғазы сұлтан Петерборға келіс сөзге келген кезде тұтқындалып, Каугаға жер аударылады. Бұл беделді ханнан құтылу кейін кіші жүздің хандық билеген жоюға бағытталған шара еді. 1822ж Орынбор генерал губернаторы П. К. Эссен жарғы жобасын жасап және 1824ж Азиялық комитеті бекітті. Осыған байланысты хандық билікті жою туралы шешім қабылданды, Кіші жүздің сонғы ханы Шерғазы Обынборға шақыртылды және ай сайын 150 рубль күміспен жалақы тағайындалып, қарапайым қызыметке қалдырылды. Кіші жүз үшке бөлінді: Батыс-негізінен байұлы, Орта-Жеті ру және жартылай-Әлімұлы, Шығыс-Әлімұлы, Қыпшақтар мен арғындар. Билік басындағы сұлтан- правитель Орынбор шекаралық комиссиясының құрамына еніп, 4-кеңеші және бай қазақтардан 4 заседатель көмекшісі болды. Комиссия өзқызметі бойынша губернатор алдында есеп беріп отырды. Әр сұлтан-правительде офицер басқарумен казак әскері болды және ставкалары казак станциялармен бекінстерінде орыналасты 1831ж бастап, дистанция болыстықтар ұйымдастыра бастады, дистанция ішіндегі ауылдарды старшиндар басқарды Кіші жүзде 19-ғасырдың ортасында 54 дистанция ашылды: батыс бөлігінде-8, орталығында-20, шығысында-28. Дистанциялық жүйе кіші жүздін оң түстігіне таралмады, яағыныи Арал құм, Сырдаримаңы, Қарая, Маңғышылақ, жалпылама айтқанда, жаңа Алексондровка бекінісінің территориясы ескі тәртіппен қалды. Кіші жүздің әкімшілік қызметкерлерін шекаралық комиссия ұсынысымен Орынбор генарел-гувернаторы тағайындады, онда сайлау жүйесі болған жоқ. “Жарғының” еңгізілуі халықтық сот, яғни әдет - ғұрып бойынша ісі жүргізуді және Ресейдік мемелекеттік баскару жүйесіне толық бағыныштылықты бекітті. Жарғы дәстүрлі биліктің негізін бұзды, сонымен қоса көшпелілердің билік-басқаруға құрметімен сенімін төмендетті.
Қазақстанның солтүстік шекарасында. Жарғының қабылдануына байланысты жаңа бекіністер шебі салына бастады. Жеке аванпосттар даланың ішкі жақтарыда да пайда болды. Олар қазақ әскери гарнизондармен толықты, ол үшін кейде үкімет орыс шаруаларын күшпен қазақтарға айналдырды. Сонымен 19- ғ. 20-шы жылдарынан бастап Қазақстанның солтүстік және орталық аймақтары Ресей бодандығын мойындауға мәжбүр болды дегенмен ішкі мәселедегі аздаған тәуелсіздік бұл кезеңді вассалитет кезеңі деуге мүнкіндік берді.
П. Қазақсатндағы қазақ-орыс отаршылдығы. Желілік бекіністер құрылысы.
Ресей қазақ - орыс келісімдері басталып, қазақтың бодандыққа кіруінің алғашқы күнінен бастап-ақ, бүкіл Қазақстан территориясын бағындыруды ойластырды. 1734 жыл қосылған жерді бекіту үшін сенаттың обер-хатшысы Н. К. Криллов бастаған Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. Оған көмекші ретінде кіші жүздің Ресейге сәтті қоылуын қамтамасыз еткен аудармашыдан сол үшін полковник мансабына ие болған А. А. Тевкелевті жіберді. 1737 ж. Н. Криллов қайтыс болғаннан кейін Орынбор экспедициясы Орынбор комиссиясына ауысады. 1735 жылы Орынбордың негізі қаланып, 1744 жылы ол Орынбор губерниясының орталдығына айналды. Ал 1748 жылдан бастап Орынбор казактарының әскери шебіне айналды. Өзінің ұйымдастырылуы бойынша, бұл әскери шеп жоғарғы Еділ шебінің қызметін атқарды (Яицк қалашығынан Жоғары Яицк бекінісіне дейін) . Еділ казактарының жері Жайыққа дейін созылып, оң жағалауда өз күшімен 1745 жылы 7 бекініс және 11 форпост салса, 1769 жылы Еділ бекіністерінде 15 мың казак отбасы тұрды.
Казактар бұл жерлерде отаршылдықпен, мал шаруашылығымен және балық аулау шаруашылығымен айналысты. 1748 жылы бұйрық бойынша казактар жаздан бастап қысқа шөп жинайды. Бекіністердің маңында хуторлар салына бастады. Осыдан бастап, Еділ мен Жайық бойындағы қалалардың арасында көптеген хуторлар пайда болды. Әрине бұл тағы да қазақтардың жерін шектеді. Оларға казактардың шаруашылдықтары салынған аудандарда көшіп-қонуға тиім салынды. Егер Жайық бойында Еділ мен Орынбор казактары мен қалмақтардың иеліктері орналасса, қазақтар үшін Каспий теңізінің жағалауларын пайдалануға дәл солай мүмкіндік болмады. Мұнда помещиктер Безбородко және Юсуповтардың бақшалары орналасты. Еділ атырабынан Жайық атырабына дейін 305 верст бойлай Каспий жағасы бойымен жер иеленушілердің иеліктері орналасты. Бақшаларда мүлдем ештеңе өсірмеді. Жер саудагерлерге арендаға берілді, ал олар мұнда балық шаруашылығын ұйымдастырды. Қазақтарды мұнда үлкен ақы үшін ғана кіргізді.
Тек қана 1740-1743 жылдары ішінде Кіші жүз территориясында және оңтүстік Оралда мынандай бекіністер салынды: Воздвиженная, Рассыльная, Ильинская т. б. Әрине олар қазақтардың келісімдерінсіз салынып, олардың көшіп-қону аумағын азайта берді. ХҮП ғасырдың 50 жылдары Горький, Ертіс, Колыван, Есіл, Орск және басқа да әскери шептер пайда болды. Мұндай саясаттың нәтижесінде жан-жақтан үзіліссіз бекіністермен форпостардың шептері тізбектеліп, Еділ атырабынан Өскемен бекінісіне дейін 3, 5 мың верстқа созылып, мұнда негізінен казактар қоныстанды.
Ш. ХҮШ ғасырдағы Қазақстан мен Ресейдің
мәдени - экономикалық қатынастарындағы
Орынбор, Троицкі, Семей және т. б. қалалардың рөлі.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz