Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)



1 Кеңестік мемлекеттік мекемелер қызметі
2 Кеңестік мұрағаттық құжаттарды зерттеу методологиясы
3 2000 жылдан бастап саяси репрессия тақырыбының зерттелу барысы
Деректану ғылымының озық методологиялық ұстанымдарын отан тарихының мұрағаттық құжаттарын зерттеуге пайдалану түйіндер мен тұжырымдамалар жасауға көмектеседі. Ең басты, негізгі теориялық - методологиялық мәселелерінің шыңы деректердің түпнұсқалығы мен шынтуайтылығын анықтау болып табылады. ХХ ғасырдағы көлемді саяси репрессия деректері кеңес кезінде зерттелмеген, ғылыми айналымға тоталитарлық мемлекет құлағаннан соң ғана енгізіліп отырылған жаңа материалдар екені белгілі. Сондықтан да зерттеу методологиясын қалыптастыруда сан - қырлы әдістерді қолдана аламыз. Деректің тарихи құндылығын анықтауда жасаушының қандай мемлекетте, идеологияда өмір сүріп отырғанын ескеруге міндеттіміз. Әр құжаттан тоталитарлық жүйеге қызмет етушінің қолтаңбасы байқалады. Мәселен, тергеу хаттамаларын алайық. Жартылай сауатты тергеушілердің жазған хаттамаларын сараптау өте қиын. Оған ойдан шығарылған фактілерін қосыңыз. Қатал заңдар, олардың жай түсіндірілдіруі, қорқыныштан пікірдің айтылмауы, тергеушілердің шала сауаттылығы жауап алу хаттамалары мазмұнын бірдей етті. Тергеушілердің қолдан шығарылған істерін зерттеп отырған тарихшы міндетті түрде дәлелдеуі қажет.

Деректануда тарихшы деректі басқа құжаттармен салыстыра отырып, жұмыс жасай алады. Осылайша, деректің толықтығын, шынтуайттылығын ашуға болады. Алдымен мемлекеттің осы мақсатты жүзеге асыру үшін жасап отырған шараларын, сосын репрессияға ұшыраған адамдардың кейін жазған естеліктерін салыстырамыз. Содан соң жазаланушыны жалған құжаттарға қол қоюға нендей жағдай мәжбүр етті деген сұраққа жауап іздейміз. Осындай ізденістер ғана деректі талдауға мүмкіндік береді. Еңбектердегі нақты мәліметтерді анықтамай, деректегі тарихи шындықты табу қиынға соғады. Әрбір тарихи оқиға мұқият салыстырыла қарастырылуы қажет.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 5 бет
Таңдаулыға:   
Рефераты на Stud24.ru Войти Поиск Новые рефераты Задать вопрос На сайте
85661 реферат

Список предметов
Геодезия
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси
репрессиялар тарихының дерек көзі (1917-1956 жж.)
Дата добавления: 01 Декабря 2011 в 16:03
Автор: g***********@mail.ru
Тип работы: автореферат
Скачать полностью (108.34 Кб)
Работа содержит 1 файл
Скачать
Открыть
Открыть mussagalieva.doc — 429.00 Кб

Деректану ғылымының озық методологиялық ұстанымдарын отан тарихының
мұрағаттық құжаттарын зерттеуге пайдалану түйіндер мен тұжырымдамалар
жасауға көмектеседі. Ең басты, негізгі теориялық - методологиялық
мәселелерінің шыңы деректердің түпнұсқалығы мен шынтуайтылығын анықтау
болып табылады. ХХ ғасырдағы көлемді саяси репрессия деректері кеңес
кезінде зерттелмеген, ғылыми айналымға тоталитарлық мемлекет құлағаннан соң
ғана енгізіліп отырылған жаңа материалдар екені белгілі. Сондықтан да
зерттеу методологиясын қалыптастыруда сан - қырлы әдістерді қолдана аламыз.
Деректің тарихи құндылығын анықтауда жасаушының қандай мемлекетте,
идеологияда өмір сүріп отырғанын ескеруге міндеттіміз. Әр құжаттан
тоталитарлық жүйеге қызмет етушінің қолтаңбасы байқалады. Мәселен, тергеу
хаттамаларын алайық. Жартылай сауатты тергеушілердің жазған хаттамаларын
сараптау өте қиын. Оған ойдан шығарылған фактілерін қосыңыз. Қатал заңдар,
олардың жай түсіндірілдіруі, қорқыныштан пікірдің айтылмауы, тергеушілердің
шала сауаттылығы жауап алу хаттамалары мазмұнын бірдей етті. Тергеушілердің
қолдан шығарылған істерін зерттеп отырған тарихшы міндетті түрде дәлелдеуі
қажет.

Деректануда тарихшы деректі басқа құжаттармен салыстыра отырып, жұмыс
жасай алады. Осылайша, деректің толықтығын, шынтуайттылығын ашуға болады.
Алдымен мемлекеттің осы мақсатты жүзеге асыру үшін жасап отырған шараларын,
сосын репрессияға ұшыраған адамдардың кейін жазған естеліктерін
салыстырамыз. Содан соң жазаланушыны жалған құжаттарға қол қоюға нендей
жағдай мәжбүр етті деген сұраққа жауап іздейміз. Осындай ізденістер ғана
деректі талдауға мүмкіндік береді. Еңбектердегі нақты мәліметтерді
анықтамай, деректегі тарихи шындықты табу қиынға соғады. Әрбір тарихи оқиға
мұқият салыстырыла қарастырылуы қажет.

Кеңестік мемлекеттік мекемелер қызметін, оның барысында жинақталған
деректерді ашу да маңызға ие. Себебі большевиктердің жазалау саясатын
жүзеге асырушы құзырлы органдар екені белгілі Ал мемлекеттік мекемелер
құжаттарын даярлаған, яғни оның авторлары кеңестік аппарат қызметкерлерінің
көпшілігі кәсіби революционерлер болды, бейбіт өмірде мемлекеттік
мекемелерді басқаруда олардың өресі жетпеді. Жоғары білімдері жоқ, болса
үзік - үзік білім алған олар тек қана әміршіл - әкімшіл өктемдікке сүйенді.
Бұл туралы К. Нұрпейісов пен Х. Әбжанов дәл көрсеткен болатын: Елдің ішкі
- сыртқы өміріне шектеусіз билік орнатқан большевиктер партиясының, оның
ішінде Қазақстан Компартиясының 30 - шы жылдардың аяғындағы білім, кадрлық
және интеллектік әлеуеті мақтанарлық деңгейде болған жоқ. Мәселен,
республика коммунистерінің 78-80 пайызы бастауыш мектеп бітіргендер мен
шала сауаттылар ғана болса, 600 - ден астамы оқи да, жаза да білмейтін
сауатсыздар еді. Ал 1938-1940 жылдар арасында партия мүшелері қатарындағы
жоғары немесе аяқталмаған жоғары білімді мамандар үлесі 4,2 ден 1 пайызға
дейін азайып кетті [4].

Деректанудың саласының бірі құжаттарға сапалы баға беру болып
табылады. Деректанулық әдістер іс жүргізу материалдарынан шынтуайтты
мәліметтерді алуды көздейді. Әрі қарай деректерді талдаудың әдісі мен
методологиясы жасалады. Дерек түпнұсқа немесе шынтуайтты болғанменен,
тарихи үдерісті толық аша алмауы мүмкін. Ал кейбір құжаттардың бір бөлігі
ғана қалса да, шектелген ақпаратты болса да, оқиғаны аша алмаса да аса
құнды болуы мүмкін. Немесе қарама - қарсы майданда соғысқан саяси
қарсыластардың бір - біріне әдейі жинаған мәліметтері сақталады.
Деректанушы осылардың ішінен, тіпті сөздердің арасынан тарихи шындықты таба
алуы қажет. Ол үшін тарихи үдерісті де жан-жақты игеруі керек. Большевиктер
өз қылмыстарын көрсетпеу үшін көптеген құжаттарға шектеу салды,
кейбіреулерін жойып та жіберді. Дегенменен де, аздаған деректердің өзі де
көп мәселелерді анықтайды. Қандай да құжат болсын, сол уақыттағы тарихи
оқиғаларды жанама болса да ашатынын ескеруіміз керек. Түпнұсқалық деңгейін
анықтауда деректерге сын жасалады. Әрбір деректің тарихи маңыздылығын
дәйектеу үшін зерттеуші бұрмалауларды таба білуі керек. Бұл тұрғыда кеңес
деректерімен жұмыс істеу қиын емес.

Сонымен қатар, түпнұсқа мен шынтуайттылықты жүзеге асыруда құжаттарды
анықтау және жариялауға даярлау, құжаттың авторлығы, құжаттың мерзімінің
қойылуы, көшірме мен түпнұсқаны салыстыру, құжаттың мәтінін оқу
ерекшеліктерін анықтау қажет. Алдымен, тарихи зерттеулерде деректік базаның
толықтылығы міндетті. Келесі мәселе құжаттың авторлығын анықтау болып
табылады. Кеңес өкіметінің кезінде іс жүргізу құжаттарының көпшілігі
мекемелердің алқалық жиылыстарында қабылданды. Әрине, бұл тұста басшылардың
алдын - ала келісіп алатын фактілерін де жоққа шығара алмаймыз. Құжаттың
мерзімінің қойылуына да күмән келтіруге болады. Алқалық мәжілістердің
уақытын өзгерту қиын шаруа емес. Кейде даярланған күнін емес, жарияланған
уақытын айтуы мүмкін. Көшірме мен түпнұсқаны салыстыру мәселесі күрделі.
Кеңестік іс жүргізу құжаттары жасалғаннан кейін бірнеше көшірмелері
даярланады. Немесе орталықтан келген материалдар көбейтіліп таратылды.
Осының әсерінен зерттеушілер түпнұсқа мен көшірмені айыра да алмай қалады.
Құжаттың мәтінін оқу ерекшеліктерін анықтауда бірнеше мұрағаттар
мәліметтерін салыстыра отырып, жұмыс істеу қажет.

Кеңестік мұрағаттық құжаттарды зерттеу методологиясы бізге көп
мәселелерді ашуға көмектеседі. Оның ішінде, саяси репрессиялар құжаттарын
талдау бүкіл кеңес деректерін анықтауға мүмкіндік береді. Ал кеңес
деректері отан тарихының қазіргі заман кезеңін үлкен бөлігін қамтиды.

Тақырыптың тарихнамасына келетін болсақ, саяси репрессиялар тақырыбы
Кеңес өкіметі кезінде жабық болғанын айтып кетуіміз керек. 1956 жылғы ХХ
сиезден кейін де мәселе толыққанды ашылған жоқ. Әрине, бұл жылдарда
қоғамға тарихи тұлғалардың есімдерінің бірқатары және олардың мұралары ғана
қайтарылды. Оның ішінде, саяси репрессияға ұшыраған қазақ интеллигенциясы
өкілдері қоғамдық – саяси қызметіне арналған С. Қирабаевтың Сәкен
Сейфуллин (Алматы, 1958), П. Тибекиннің Ильяс Кабулов (Алматы, 1967), Р.
Сүлейменовтің Темирбек Жүргенев (Алматы, 1968), С. Бейсембаев пен С.
Құлбаевтың Турар Рыскулов (Алматы, 1974) атты еңбектер жарық көрді. Бірақ
ол жылдардағы зерттеу үдерісі саяси репрессиялар тақырыбын толық ашып бере
алмады. Шетелге эмиграцияға кеткен саясаткерлер ішінен большевиктер
билігін, саяси репрессияларды зерттеген М. Шоқай, З. Валидиді айтуға
болады.

Қазақстандық тарихнамада саяси репрессиялардың тарихының жан - жақты
зерттелуі елдегі қайта құру саясатының басталуымен мүмкін болды. Мәселені
шешуде басты ролді Ш. Уәлиханов атындағы Тарих, археология және этнология
институты ғалымдары атқарып, 1988 жылы Социалистік Қазақстан газетінде
аталған институттың белгілі тарихшыларымен жүргізілген Тарихтың әр парағы
қымбат бізге деп аталатын дөңгелек үстелде отан тарихының күрделі
кезеңдерін жаңа көзқараспен қараудың тұжырымдамасының негізін салды. Осы
кезде алғашқы күн тәртібіне қойылған мәселе кеңестік билік тұсында
қудаланған, ұлттық мемлекеттіліктің негізін салған Алаш қозғалысы туралы
тұжырымдама жасап, оқыған азаматтар идеяларын халқына қайтару еді. 1988
жылы қоғамдық қысым әсерінен Қазақстан Коммунистік партиясының Орталық
Комитеті жанынан тоталитарлық жүйенің құрбаны болған қазақ мәдениеті мен
ғылымының көрнекті қайраткерлерінің шығармашылық мұрасын қайта қарау үшін
құрылған комиссия шешімдері жарық көрді. Бұл мәселені зерттеуге жол ашып
берді.

КСРО - ның құлауы, Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде тарихи
аренаға шығуы саяси репрессиялар тақырыбының әр қырларының отан тарихында
іргелі мәселе ретінде қойылуына игі әсер етті. Оның ішінде, Алаш
қозғалысының, шығармашылық интеллигенцияның тарихы мен тарихнамасына
арналған А. Ауанасова Деятельность национальной интеллигенции Туркестана в
первой четверти ХХ века (Алматы, 2001), З. Дүкенбаева Қазақтың
шығармашылық интеллигенциясының тарихы (1917-1941 жж.) (Алматы, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстанның орталық және жергілікті мұрағаттар қорлары құжаттары саяси репрессиялар тарихының дерек көзі
Қазақстан Республикасының ұлттық мұрағаттары
Қазақ зиялылары естеліктеріндегі тоталитарлық қоғам мәселесі
Қазақ КСР
Қазақстан Республикасында мұрағат ісін ұйымдастыру
Қазақстандағы мұрағат ісі
Қазақстанда мұрағат ісін ұйымдастыруға қатысты негізгі нормативтік құқықтық актілер
Оңтүстік Қазақстанда 1920-30-шы жылдары жүргізілген саяси қуғын-сүргін
Қызылорда облыстық мемлекеттік мұрағатының құрылуы мен қызметі (1938-2008 ж.ж.)
Кеңестік Қазақстан тарихының деректемелері
Пәндер