Қазақстанда отаршылдық дәуірдің басталуы



1. ХVIII ғ екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік . саяси дамуы.
2. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты
3. Абылайхан және оның саясаты
4. Қазақ . жоңғар саясаты
Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын кеңейтуге мүдделік көрсетті. Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда айырбасын өзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері едәуір арта түсті.
Иван ІV-нің Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Оңтүстік-Батыс Сібірді жаулап алуы, Қама сауда жолын құруы қазақ хандығымен де тікелей түйісуді жеңілдетті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе, ХV-ХVІ ғғ. екінші жартысынан бастап Ресей ортаазиялық хандықтармен сауда және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді.
Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің ету қауіпсіздігін қамтамасыз етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды. Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хаңдарымен тікелей байланыс орнатуға талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөл атқарды. 1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді, елшілікке қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстан шептеріне жете алмады, себебі оларды жолда Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқұл қырып салды. 1577 ж. Ноғай ордасынан оралған орыс елшісі Борис Доможиров сол кездері ноғайларға сес керсеткен, сондай-ақ Ташкентпен және Үргенішпен байланыстары болған қазақ ханы «патша мен және кінәзбен татулықта» тұранын айты. 1594 ж. Мәскеуге бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед Мәскеуде аманат ретінде ұсталып отырған өзінің жиені Оразмұхаммедті босатуға және орыс үкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Сонымен бірге оның жауласушы феодалық көрші хандықтармен күресу үшін Борис Годуновтан «отты қару» алуға қол жеткізуі тиіс еді. Орыс патшасының Тәуекел ханға жауап грамотасында оған «отты қаруы бар көп әскер» жіберетініне және қазақтарды олардың барлық жауларынан «сақтайтынына» уәде берілді. ХҮ—XVI ғғ. аяғында экономикалық және саяси дамуда елеулі табысқа жеткен орыс мемлекеті елдің шығыс шептершдеп сауданы, әрине, саяси мақсаттарында ескере, барынша көтермелеп отырды. Иван IV Грозныйдың Яков және Григорий Строгановтарға 1574 жылы 30 мамырдағы ескертпе грамотасында оларға Қазақстан және Орта Азия халықтарымен сауда жасасуға рұқсат етілген.
Сауда-экономикалық байланыстар орнатуға екі жақ бірдей мүдделі еді. Товар айырбастау жолымен қазақтар өздерме үй тұрмысы заттарын, дәрімен атылатын қарулар алып отырды, ал орыстар олардан әр түрлі шиқізаттар, мал алды. Орыс мемлекетіне Көшім ұрпақтарымен күресте өзіне одақтас табу, Орта Азия базарына кедергісіз шығу, Қазақстан жері арқылы өтетін керуен жол-дарының қауіпсіздігіне жету аса қажет болатын. Өз кезегінде орта-азиялық хандықтардың әрдайым тонаушылық шапқыншылығына ұшырап тұратын қазақтар Мәскеумен байланысты күшейтуге мүдделі болды. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті жаңа қоныстанушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды жіберумен қатар, Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін салуға қарқынды кірісті.
Қазақстан шекарасына жақын жерден орналасқан, Батыс ыоір территориясындағы бірінші орыс қаласы, Об өзенінің оң жақ жағалауында, Ертіс өзенінің соған құя берісінде салынған «Үлкен Об қалашығы» болды. Өзінің өмір сүруінің қысқа мерзімінде ол орыстардың әскери отрядтарының Сібір түкпірі мен Қазақстан шекараларына қарай одан әрі жылжуы үшін негізгі пункт қызметін атқарды.
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. IV томдық. Алматы; 1996, 1999,
2002ж
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы; 1993 ж.
3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Астана; 2000 ж.
4. Абдакимов А. Қазақстан тарихы. Алматы; 1993 ж.
5. Кузембайулы А. Абиль А. История РК. Астана; 2001 г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   
ФКГМА 1-8-2202
МУ
“Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года” 4.07.2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: Қазақстанда отаршылдық дәуірдің басталуы.

Мамандығы: 051301 – Жалпы медицина

Пән: Қазақстан тарихы

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут

Қарағанды – 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № ___ ___ ____ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

• Тақырыбы: Қазақстанда отаршылдық дәуірдің басталуы.

• Мақсаты: Осы кезеңнің тарихнамасымен таныстыру. Деректерге шолу. ХVIII
ғ екінші ширегіндегі дамуына көңіл аудару. Қазақстанның ішкі және
сыртқы саяси дамуындағы өзгерістердің мәнің ашу. ХVIII ғ қазақ қоғамы.
Қазақстан және Орталық Азиядағы геосаяси жағдайдың динамикасы мен
трансформациясын түсіндіру.

• Дәріс жоспары:

1. ХVIII ғ екінші ширегіндегі Қазақстанның экономикалық және әлеуметтік -
саяси дамуы.

2. Патшалық Ресейдің отарлау саясаты

3. Абылайхан және оның саясаты

4. Қазақ – жоңғар саясаты

• Дәріс тезистері:

Қазақстанның Ресейге қосылуы алдында олардың арасында едәуір саяси
байланыстар болды. Орыс мемлекеті өзінің Шығыстағы мемлекеттік шараларын
кеңейтуге мүдделік көрсетті. Мемлекеттік өкіметтің орталықтандырылуына және
күшеюіне қарай көршілес жатқан шығыс мемлекеттерінің халықтарымен сауда
айырбасын өзара қарым-қатынастың басқа да түрлерін дамытудың мүмкіндіктері
едәуір арта түсті.

Иван ІV-нің Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Оңтүстік-Батыс
Сібірді жаулап алуы, Қама сауда жолын құруы қазақ хандығымен де тікелей
түйісуді жеңілдетті. Орыс мемлекетінің Қазақстанға деген ықыласы, әсіресе,
ХV-ХVІ ғғ. екінші жартысынан бастап Ресей ортаазиялық хандықтармен сауда
және дипломатиялық қатынастар орнатқаннан кейін қатты күшейді.

Ортаазиялық хандықтармен Қазақстан арқылы аралық сауда жолдарын
дамытуға мүдделі болған көпестер керуендерінің ету қауіпсіздігін қамтамасыз
етуге тырысты, ал орыс мемлекеті мұндағы саяси жағдайға және қазақ
хандығының көрші елдермен қарым-қатынасына жанды ықылас білдіріп отырды.
Сондықтан Мәскеулік тақсырлар да қазақ хаңдарымен тікелей байланыс орнатуға
талпынды. Бұл мақсатқа жетуде елшілік байланыстары үлкен рөл атқарды. 1573
жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков бастаған орыс елшілігі жіберілді,
елшілікке қазақтармен сауда жасасуды жөнге салу міндеті жүктелді. Алайда
Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстан шептеріне жете алмады, себебі
оларды жолда Сібір ханы Көшімнің жиені Мәметқұл қырып салды. 1577 ж. Ноғай
ордасынан оралған орыс елшісі Борис Доможиров сол кездері ноғайларға сес
керсеткен, сондай-ақ Ташкентпен және Үргенішпен байланыстары болған қазақ
ханы патша мен және кінәзбен татулықта тұранын айты. 1594 ж. Мәскеуге
бірінші қазақ елшілігі келді. Тәуекел ханның елшісі Құлмұхаммед Мәскеуде
аманат ретінде ұсталып отырған өзінің жиені Оразмұхаммедті босатуға және
орыс үкіметімен достық келісімін жасасуға тапсырма алған болатын. Сонымен
бірге оның жауласушы феодалық көрші хандықтармен күресу үшін Борис
Годуновтан отты қару алуға қол жеткізуі тиіс еді. Орыс патшасының Тәуекел
ханға жауап грамотасында оған отты қаруы бар көп әскер жіберетініне және
қазақтарды олардың барлық жауларынан сақтайтынына уәде берілді. ХҮ—XVI
ғғ. аяғында экономикалық және саяси дамуда елеулі табысқа жеткен орыс
мемлекеті елдің шығыс шептершдеп сауданы, әрине, саяси мақсаттарында
ескере, барынша көтермелеп отырды. Иван IV Грозныйдың Яков және Григорий
Строгановтарға 1574 жылы 30 мамырдағы ескертпе грамотасында оларға
Қазақстан және Орта Азия халықтарымен сауда жасасуға рұқсат етілген.

Сауда-экономикалық байланыстар орнатуға екі жақ бірдей мүдделі еді.
Товар айырбастау жолымен қазақтар өздерме үй тұрмысы заттарын, дәрімен
атылатын қарулар алып отырды, ал орыстар олардан әр түрлі шиқізаттар, мал
алды. Орыс мемлекетіне Көшім ұрпақтарымен күресте өзіне одақтас табу, Орта
Азия базарына кедергісіз шығу, Қазақстан жері арқылы өтетін керуен жол-
дарының қауіпсіздігіне жету аса қажет болатын. Өз кезегінде орта-азиялық
хандықтардың әрдайым тонаушылық шапқыншылығына ұшырап тұратын қазақтар
Мәскеумен байланысты күшейтуге мүдделі болды. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта
Азиямен байланыстарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін орыс мемлекеті
жаңа қоныстанушыларды, көпестерді, елшіліктер мен әскери отрядтарды
жіберумен қатар, Қазақстанмен шекарасында нығайтылған бекініс пункттерін
салуға қарқынды кірісті.

Қазақстан шекарасына жақын жерден орналасқан, Батыс ыоір
территориясындағы бірінші орыс қаласы, Об өзенінің оң жақ жағалауында,
Ертіс өзенінің соған құя берісінде салынған Үлкен Об қалашығы болды.
Өзінің өмір сүруінің қысқа мерзімінде ол орыстардың әскери отрядтарының
Сібір түкпірі мен Қазақстан шекараларына қарай одан әрі жылжуы үшін негізгі
пункт қызметін атқарды.

Орыс мемлекетімен неғұрлым сенімді қатынастар орнатуға сыртқы қауіп-
қатер үдей түскен жағдайда өзінің халықаралық позициясын нығайтуға ұмтылған
қазақ хандығы да ынталылық көрсетті.

Жоңғар хандығының құрылуы Кіндік Азияға елеулі өзгерістер енгізді.
Билік жүргізуші феодалдық топтың мүддесін білдіруші, алысты болжайтын
саясатшы Тәуке хан өз мемлекетінің шекараларын нығайтуға үзбей талпынды,
Тәукенің Ресейге тілектестік қарым-қатынасы оның Ресеймен байланыс жасай
отырып Қазақстанның жағдайын нығайту ниетінен туған еді. Тобольскіге
Тәшім батыр бастаған елшілік жіберілді. Оған орыс көпестерін Қазақстанға
шақыру тапсырылған еді. Миссия құрамына орыс мемлекетімен Сібір қалалары
арқылы экономикалық байлыныстар жасау үшін негіз қалауға ниеттенген қазақ
саудагерлері енді. 1689-1690 жж. басында Тобольскіге Туман батыр бастаған
тағы бір елшілік жіберілді. Алайда бұл байланыстар заң жүзінде, екі жаққа
тиімді нақты келісімдер жасаумен бекітілмеді. Ал мұның себебі, сірә бір
жағы — қазақ иеленушілерінін хандық тәуелсіздігін сақтап қалуға ұмтылуынан,
екінші жағы — Ресейдің сол кездері поляк және түрік істерімен айналысып
жату жағдайынан ғана тууы ықтимал. Қазақ хандығының ішкі жағдайы да оның
Ресеймен сыртқы экономикалық байланыстарын қалыпты дамытуына қолайлық
туғызбады.

Ақназардың, Тәукенің және басқа қазақ хандарынын орталықтандырылған ірі
мемлекет құру әрекеттері ақыр соңында табысты бола алмады. Жүздер
арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстардың болмауы, қазақтың
феодалдық ақсүйектерінің өзара таластартысы агрессивті көршілеріне дем
беріп, қазақ халқын аса зор бақытсыздық пен кемтарлыққа душар етті. XVIII
ғ. алғашқы он жылдықтары, — деп жазды Ш, Уәлиханов — қазақ халқының
өміріндегі қияметті кезең болды, Жоңғарлар, Еділ қалмақтары, Жайық
казактары мен башқұрттар жан-жақтан килігіп, олардың ұлыстарын талқандады,
малдарын айдап, адамдарын тұтас отбасымен тұтқындап алып кетті,
Оңтүстіктен Қазақстан жерін тартып алуға талпынған ортаазиялық хандар
шапқыншылықтар жасады. Әйтсе де, ең қауіпті жау қазақтың феодалдық
мемлекетінің өмір сүру-сүрмеуіне нақты қатер туғызған Жоңғария болды. Сеуен-
Рабдан мен оңың мұрагері Қалден-Серен басқарған жылдар Жоңғар хандығы күш
қуаты неғұрлым арта түсіп, Орта Азия халықтары өмірінде оның белсенді
рөл атқарған кезеңі болды. Сеуен-Рабданның алғашқы ірі әрекеті қазақ ханы
Тәукемен соғысуы еді. Қазақ хандығы қосымша жайылымдық жер жөнінен қатты
мұқтаждық көрді, бірақ бос жатқан жерлерді таба алмады. Дегенмен, жердің
тарлығы әскери қақтығысудың бірден-бір себебі болған жоқ. Екі жақтың да
феодалдық топтарының сауда жолдарына бақылау орнатуға, жауының байлығынан
олжа түсіруге тырысуы соғыстың шығуына белгілі бір дәрежеде түрткі жасады.

Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым қатынаста аңысын андау позициясын
ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады.
Солтүстік-Шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен
сұлтандарын Петр I үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің
шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға қарсы соғысуға
ниеттері бар екенін мәлімдеуге мәжбүр етті.

1717 жылы қазақтардың жекелеген басшылары, Қайып пен Әбілқайыр
сұлтандар қазақ руларының сыртқы саяси жағдайының күрделілігін және
сыртқы жаулар тарапынан нақты қатер төніп тұрғанын, ескеріп, Петр І-ге
өздерін бодандыққа алуды етіне сөз салды. Ал ол Швециямен соғысудан қолы
босамай жатқандықтан және қазақ руларының ішкі ырың-жырың мен өзара талас-
тартысы туралы мәліметтері болғандықтан, қазақ істеріне араласуға тәуекел
ете алмай, Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды
әзірше қадағалай тұруды жөн көрді. Петр І-дің Ресей мемлекеті
құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалаған ынта-ықыласы оның өз
мемлекеті шептерін тек кеңейтіп қана қоймай, сонымен бірге Ресейдің шығыс
шекараларын қауіпеіздендіруге талпынған ниетін білдіреді. Құпия істердегі
аға тідмәш және кейіннен дипломат болған А. Тевкелев хаттарының бірінде
былай деп жазады: ... императорлық ұлы мәртебелі тақсыр император Ұлы
Петр парсы жорығынан оралысымен өзінің отаны Ресей империясы үшін ежелден
есітіліп жүрген және ол уақыттары белгісіз дерлік қырғыз-қайсақ ордасын
Ресейдің бодандығына алуды көздеген ниетін білдіруді қалады және де сол өз
монархым әсіресе төменгі дәрежедегі мені соған ол орда дәл бодандыққа өтуді
қаламаса, бір бет қағазбен Ресей империясының қолдауында болуға
міндеттенгенше, зор шығындарға қарамастан, менің тіптен бір миллионға дейін
(сом) ақшаны шығарсам да, тырысуым керектігін айтты.

Петр І-нің тікелей өзінің жарлығымен салынған әскери-инженерлік
құрылыстар — Ямышевск (1716), Омск (1716), Железинск (1717), Семей (1718),
Өскемен, Коряков (1720) және басқа әскери-қорғаныстық пункттер Жоғарғы —
Ертіс шебін құрап, қазақтарды жоңғар әскерлерінің ойранды шапқыншылығынан
қорғауда белгілі бір рөл атқарды. Зеңбіректердің және жақсы үйретілген
тұрақты бөлімдердің болуы жоңғар феодалдарын тікелей соғыс әрекеттеріне
кешуден тартына тұруға мәжбүр етті. Жоңғарлардың қазақ жеріне басып
кірулері салдарынан (1681— 1684,1694,1711—1712,1714—1717) көшіп-қонудың
дәстүрлі бағыттары мен жолдары және оның-ғасырлар бойы қалыптасқан бүкіл
жүйесі тұтасымен бұзылды. Бұл жағдай ішкі қайшылықтар мен талас-тартысты,
феодалдардың жайылымдар үшін күресін, ру аралық дау-ларды, қақтығыстарды
күшейте түсті. Ал мұндай қиындықтан тек Ресей шекаралары маңындағы суы мен
шөбі мол әрі басқа жердегіден гөрі қауіпсіз қоныстар есебінен құтылуға
болар еді.

Дегенмен, Кіші жүздің бір бөлігінің Ресей азаматтығын алуды тездетуіне
себеп болған негізгі жағдай — жоңғар феодалдарыңың агрессиясы еді. Ақтабан
шұбырынды жылдары (1723-1727) аштық, қайғы-қасірет, материалдық
құндылықтардың күйреуін ала келді, өндіргіш күштерді дамытуға орны толмас
зиян келтірді. Жоңғар әскерлерінің қысымымен қазақ рулары ғасырлар бойы
мекендеген өздерінің туып-өскен жерлерін тастап кетуге мәжбүр болды. Мұның
өзі қазақтардың іргелес аудандарға үдере көшуіне әкеп соқты....Бұл
шұбырушылық адамдарды болмай қоймайтын қырылып-жойылу-шылық пен апатқа
душар етті... қайыршылық пен қайғы-қасірет көру жаппай етек алды, біреулер
аштықтан өліп жатты, енді біреулер өз әйелдері мен балаларын лажсыз тастап
кетті — деп жазды осы жайында А.И.Левшин..

Жоңғар хандығы әскери жағынан алғанда сұсты күш саналады. XVII ғ. аяққы
кезінде-ақ саны жағынан мол жоңғар әскерінің қару-жарағында білтелі отты
қару ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ежелгі Қазақстан
Зар – заман ақындары Д.Бабатайұлы, Ш.Қанайұлы М.Мөңкеұлы
Қазақ ұлт зиялыларының қалыптасуы туралы
Отаршылдық кезеңіндегі қазақ халқы руханилығының даму ерекшеліктер
Ш. Уәлихановтың, Ы. Алтынсариннің, А. Құнанбаевтың ағартушылық қызметі
ХІХ ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы мен зерттелуі
Қазақ әдебиетінің 1956-1990 жылдардағы дамуы
Алаш зиялыларының өмірі мен қызметі
Автор және көркем туынды
ЗАР ЗАМАН ӨКІЛДЕРІНІҢ АЗАТТЫҚТЫ ЖЫРЛАУЫ
Пәндер