XIX ғасыр мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси дамуы


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   

ФКГМА 1-8-22/02

МУ “Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года” 4. 07. 2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: XIX ғ мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы

Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»

Пән: «Қазақстан тарихы»

Курс : 1

Уақыт (ұзақтығы ) : 50 минут

Қарағанды - 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № « ___» ___ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина

  • Тақырыбы:ХІХ ғ мен ХХғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық

және саяси дамуы.

  • Мақсаты:Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық жағдайының ерекшеліктерін көрсету. Қазақстан территориясы мен мемлекеттілігінің бүтіндігін сақтау үшін күрестің мәнін ашу. Осы кезеңдегі реформалардың саясатын түсіндіру. ХХ ғ басындағы Қазақстандағы қоныс аудару саясатының мазмұның көрсету.
  • Дәріс жоспары:
  1. Ұлт - азаттық қозғалыстар
  2. ХІХ ғ екінші жартысындағы патша өкіметінің Қазақстандағы реформалары
  3. ХХ ғ басындағы Қазақстанның әлеуметтік - экономикалық және саяси дамуы.
  • Дәріс тезистері:

Көтерілістің алғышарттары:

- Кіші жүзде хандық биліктің әлсіреуі;

- Ақсүйектердің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы;

- Ресей үкіметінің Кіші жүзді әкімшілік басқаруда өзгерістер енгізіп, Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Сибирск, Уфа басқармасына бағындырылуы. (1744 жылы құрылған Орынбор губерниясы таратылды) ;

- Орыс помещиктері мен Жайық қазақ әскерінің қазщақтарға зомбылығының күшеюі.

1782 - 1783 жылдарда жұт әсерінен малдың шығын болуын қазақ әскерлері жергілікті халыққа қысым көрсету үшін пайдаланды. 1782 жылғы 27 желтоқсан - патша үкіметінің 1775 жылғы 7 қарашадағы жарлығы өзгертілді. Жаңа жарлық бойынша:

Су қөздері жанынан қыста мал айдауға ол жерлерді жалға алғанда ғана рұқсат етілді. Казактар жерлерінің қазақтарға жалға берілуіне тыйым салынды. Жалға алатын жер үшін қазақтар ақы төлеумен бірге, аманат қалдыруға тиіс болды.

Көтерілістің басты қозғаушы күші - қарапайым көшпенділер. Патша үкіметінің қысымына қарсы би, старшын, батырлар да көтеріліске қатысты. Көтеріліс аумағы Еділ - Арал теңізі еді. Көтерілісшілердің басты мақсаты - ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру. Орало қазақ әскерлерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату. Нұралы хан мен оның сыбайластарының озбырлығына шек қою.

Көтеріліс басшысы - Байбақты руының старшыны, батыр және шешен Сырым Датұлы (1742 - 1802ж. ж. ) . Ол 1775 жылы Пугачевтің әскерінде қазақ жасағын басқарған. Қолбасшы А. Суворов граф Панинге жазған хатында (1775ж. 22 маусым) : «Сырым басқарған қарулы топтар тосыннан келіп шабуылдайды, тез арада жоқ болады. Оның артынан қуғанмен ешкім жете алмайды» деп батыр сарбаздарын жоғары бағалаған.

1778 жылы - Орал казактарынмен қақтығыста Сырымның балалары қайтыс болды.

1783 жылдың күзі - батырдың Орал казак әскерімен ашық түрде кекң арпалыс жолына түсуі басталды.

1783 жылғы желтоқсан - Сырымды оралдық казактар тұтқынға алдынды.

Сырымның қарындасына үйленген Нұралы хан 1784 жылы көктемде оны тұтқыннан босаттырды. 1784 жылы маусымда Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі басталды Қазақ жасақтары төменгі Жайық шебі мен Ор бекінісі төңірегінде шайқасты. 1784 жылы қарашада сағызх өзені бойында Сырым тобы 1000 адамға жетті.

Патша үкіметімен бірлескен Нұралы ханның көтерілісшілерге қарсылығы оның Сырыммен ара қатынасын суытты.

1785 жылы 17 ақпан - көтерілісті басу үшін генерел - мацор Смирновтың тобы жіберілді. (300 қазақ, 2000 башқұрт)

Кші жүздің далалық аймақтарына тереңдей ене алмаған жазалаушылар қазақ ауылдарын шабуылдап, 66 қазақты тұтқынға әкетті.

1785 жылғы 15 наурызда - көтерілісшілерге қарсы 1250 казак тобымен старшина Колпаков - және Пономарев аттанды. Бұл кезде Жем өзені бойында шоғырланған көтерілісшілер саны 7 мыңға жетті. Сырым сарбаздары шөлейтті, тақыр жерлерге шегінді. Жем бойына барудан жүрексінген Колпаковтың тобы Беріш және Адай руларын ойраңдап, кері қайтты. Жазалаушылар мақсаттарына жете алмады. Премьер - майор Назаровтың басқаруымен Орал казактары 1785 жылдың наурызында Табын руына шабуылдады.

Сырым тобы Сахарная бекінісін алуға ұмтылып, зеңбіректерге қарсы келе алмай кейін шегінді. Сұлтан Айшуақтың баласы Атақ шайқаста қаза болып, сұлтан Айшуақтың өзі орал қаласында тұтқындалды. Жазалаушылардың Нұралы ханның туыстарына қол көтеруі көтеріліс сипатын өзгертті. Нұралы ханның ашық түрде патша өкіметін жақтауы феодалдық топтар арасында жік туғызды. Нұралыны хандықтан тайдыру - көтерілісшілердің ендігі басты мақсаттарының бірі болды.

1785 жыл - Кіші жүз старшындарының съезі Нұралыны хандықтан тайдыру жөнінде шешім қабылдады. 1785 жылы күзде қазақ билерінің (20 ру өкілдері) мәжілісі болып патша үкіметіне Нұралы тұқымдарын хан тағына жолатпау талаптарын қрйды. Жүзді үш ордаға (бөлікке) бөлу ұсынылды:

  • Байұлы
  • Жетіру
  • Әлімұлы

Сырым үш орданың кеңесшсі болып сайланды. Осымен Кіші жүздегі отаршалдыққа және феодалдыққа қарсы қозғалыстың бірінші кезеңі аяқталды. Нұралы 1786 жылы көктемде Орал әскери шебіне қашып, паналады. 1790 жыл - Уфаға жер аударылып, сонда қайтыс болады.

Кіші жүздегі қайшылықты бақылап отырған барон О. А. Игельстром хандық билікті жойып, отарлауды тездетуді және әкімшілік билеуді іске асыруды ойластырған жоба ұсынды. Игельстром реформасы:

Генерал - губернаторлықШекаралық сот (патша чиновниктері, жергілікті шонжарлар)Ауылдық буындар:

Генерал - губернаторлық

Шекаралық сот (патша чиновниктері, жергілікті шонжарлар)

Ауылдық буындар

Игельстром жоспары бойынша Кіші жүзде қазақтарды билеуді Шекаралық сотқа шоғырландыру ұсынылды. П. Екатерина бұл жобаны уақытша бекітеді.

Сырымның мақсаты - хандық билікті жойып, билердің билігін орнату. Билердің көпшілігі жалпы хандық билікті түбірінен жоюға қарсы болып, сұлтан Батырдың баласы Қайыпты Кіші жүз хандығына дайындайды. 1786 жылы Орынборда шекаралық комиссия құрылады. Кіші жүзде патшаның әкімшілік билігінің төменгі сатылары ұйымдастырылды. Бұл тұста Сырым патша үкіметін қолдамады. Осы кезеңде Ресейде Романовтар әулетіне қарсылық басталып, Игельстром реформасы уақытша тоқтатылды. Көтерілістің қайтадан өрлеуіне түрткі болған оқиға - Орал казактарының қазақтарға қарсы шабуылы.

Атаман Д. Донсков 1500 казактарымен қазақ ауылдарын ойрандап, адамдарды тұтқындап, малдарын айдап кетті. 1790 жылы тамызда Төртқара руының өкілдері шетелдер коллегиясының мүшесі граф А. А. Безбородкаға атаман Донсков үстінен шағым түсірді. Императрица ІІ. Екатерина 1790 жылы 21 қазанда бейбіт ауылдардың тынышын алмау туралы нұсқау шығарды. Алайда генерал - губернатор А. А. Пеутлинг бұл нұсқауды өзінше түсініп, Кіші жүз даласына жазалаушылардың бірінен кейін бірін аттандырып, көтерілістің өршуін тездетті. Бейбіт ауылдарды сақтау үшін 1791 жылы наурыда Сырым Табын және Кердері руларына Мұғалжар тауларына қарай көшуді. Сырым батырдың алдында екі жол тұрды:

  • Патша үкіметімен күресті тоқтатып, отарлауға қарсылық көрсетпеу, Жайық бойындағы шұрайлы жерлерді казактардың қолында қалдыру.
  • Қазақ руларының басын біріктіріп, патша үкіметіне қарсы күресті жалғасытыру.

Батыр екінші жолды таңдады. Көтерілістің жаңа кезеңннің кеңеюіне 1791 жылы Орск қаласының маңында Ералыны хан етіп сайлауы әсер етті. Қазақ феодалдарының бір бөлігі батыр топтарының шоғырланған ауылдарын және батырдың жоспарын орынбор әкімдеріне хабарлап отырды. Патша үкіметінің Жем, Ойыл бойында бекіністер тұрғызуы да көтеріліске кері әсерін тигізді. Сырымның көтеріліске Орта жүзге шекаралас аймақтағы қазақтарды тартуы іске аспады. 1791 жылы маусымда Сырымның көтеріліс мәселелерін талқылау үшін старшындар съезін шақыру талабы орындалмады. Елек қонысы мен Красногорск бекінісіне шабуылы нәтижесіз болып, партизандық күрес әдісіне көшті. Күрес ауқытша бәсеңдеді. 1796 - 1797 жылдары қысқы жұт, ханның салықты көбейтуі көтерілістің қайтадан ұштасуына себеп болды.

1797 жылы Сырым тобының хан сарайына шабуылы кезінде Есім хан өлтіріледі. Хан өліміне Сырымның жеке басының қытысы болмады. Хан отбасының Орал казак әскерінен пана сұрауы, атаман Донсковтың көтерілісті басу үшін жазалау тобын ұйымдастырылуына негіз болды.

Есім ханның қазасынан кейін ақсүйектер тобы патша үкіметінен жаңа ханды тағайындауды өтінді:

  • Сұлтан, старшындардың бір бөлігі Қаратайды қалады.
  • Сырыс тобы хан сайлауда халық пікірін еске алуды талап етті.

Сырым хан кеңесі арқылы старшындық топтық қызметті күшейтуді ойластырды. Орынбор әкімшілігі хандық кеңесте Сырымның ықпалының өсуінен сескеніп, 1797 жылы күзде Кіші жүзде хандық билікті қайтадан қалпына келтіруге бағыт алды: Айшуақ хан болып бекітілді (1797 - 1805 ж. ж. ) 1797 жылы Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырыс Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетеді. 1802 жылы Сырым Датұлы Хиуада қайтыс болады.

Жеңілу себептері:

  • Қазақ феодалдары мен старшындық топтар арасындағы алауыздық
  • Руаралық қайшылықтар
  • Көтерілісшілердің нашар ұйымдасуы
  • Қару - жарақтардың аздығы
  • Сырымның көтерілістің әр кезеңінде мақсаттарын өзгертуі.

Тарихи маңызы:

  • Еділдің шығысындағы ірі халықтық сипаттағы қозғалысы
  • Руаралық қайшылықтардфң басты мақсатқа жетуде зор кедергі болатынын дәлелдеді.
  • Қазақ өлкесіндегі ең ұзақ көтеріліс болып, 14 жылға созылды.

Көтеріліс нәтижесі:

- 1801 жылы патша үкіметі қазақ руларына жайықтың оң жағасына өтуге, мал жjюға рұқсат берілді.

ХІХ ғ. 20 - шы жылдары Ұлы жүздің бір бөлігі мен Кіші жүздің оңтүстігі Қоқан билігінде болып, қазақтардан салық жинады. ХІХ ғ. 20 - 30 жылдары Хиуа хандығы Шекті, Төртқара, Табын, Байұлына қысым көрсетіп, Сыр өзенінің төменгі ағысында бекіністер тұрғызды, сауда керуендерін тонады. 1822 жылғы Жарғы бойынша жаңа округтерді ұйымдастыру қазақтардың шарушылығын құлдыратты. Осының бәрі көтерілістің алғышарттарына жатқызылады.

Орташылдыққа қарсы күресті Абылай ханның немелерінің бірі сұлтан Саржан Қасымұлы /Кенесарының ағасы/ басқарды. Кенесары 1824 жылдан бастап ағасы Саржанның көтерілісіне қатысты. 1836 жылы Саржанды Қоқан ханы өлтіреді, 1840 жылы әкесі, бауырлары қайтыс болады. Патша үкіметінің Жаңа Елек бойына әскери шеп сала бастауы, Кіші жүзде би Жоламан Тіленшіұлы көтерілісінің басталуына себеп болды. ХІХ ғ. 30 - 40 ж. қамтыған ең ірі халықтық сипаты бар көтеріліс басшысы - Абылай ханның немересі, Қасым төренің баласы, сұлтан Кенесары (1802 - 1847 ж. ж. ) . Көтерілістің мақсаты:

Қазақ елінің патшалы Ресейдің құрамына қосылып үлгермеген өңірлерінің дербестігін сақтау.

Қазақ жерлерін бекіністер мен округтік билеу арқылы отарлауды тоқтату.

Қоқандықтардың тепкісіндегі қазақтарды азат ету.

Кенесарының саяси көзқарастарының қалыптасуына әсер еткен әкесі - сұлтан Қасым. Сұлтан Қасымның 40 шаңырақты ертіп Көкшетау бойынан Қоқан шекарасына көшуінің басты себебі - оның патша үкіметінің округтік приказдарды құруына қарсылығы. Көтеріліс бүкіл үш жүзді түгел қамтып, ұлт - азаттық сипат алды. Көтерілістің басты қозғаушы күші - қазақ шаруалары. Сонымен қатар ірі ақсүйектер де қатысты. Көтеріліске әр түрлі ұлттардың өкілдері қатысып, кейде көтерілісшілер саны 20 мыңға жетті. Кенесары қолын басқарған атақты қазақ батырлары: Ағыбай, Иман, Бұхарбай, Жоламан, Бұғыбай, Сұрашы т. б. Көтеріліске Кенесарының інілері Наурызбай, Әбілғазы, әпкесі Бопай қатысты.

1837 жылы Кенесары Петропавл қаласынан шыққан Ақтау бекінісі казактарының тобына алғаш рет шабуыл жасап, патша үкіметіне ашық қарсылық білдірді.

1838 жылғы 26 мамырда Кенесары сарбаздары Ақмола бекінісіне шабуыл жасап, өртеп жібереді.

1841 жыл - Кенесары қолы Ташкентке аттанып, бірақ жұқпалы аурудың таралуынан жорық тоқтатылды. Көтерілісшілер тобының қоқандық әскерлер орналасқан Созақ, Жаңақорған, Жүлек, Ақмешіт бекіністерін қоршауы рухтандырды. Қоқан ханы Кенесарыға одақ жасауды ұсынып, бірақ батыр оны қабылдамады.

1844 жылы 1 және 7 тамызда көтерілісшілер казактардың орынборлық тобымен шайқасып, қазақ сарбаздары шегінді. 1843 жылы 17 тамызда полковник Бизановтың тобы екқандай нәтижеге жетпей Ор бекінісіне оралды. Осы жылғы көтерілістің жеңісінің тарихи маңызы:

- Сарбаздардың рухы көтеріліп, қазақ ауылдарының жаңадан түрткі болды.

- Орынбор әкімшілігін Кенесарымен келіссөз жүргізуді бастауға мәжбүр етті.

Кенесары патша үкіметімен тартысты келіссөз арқылы шешуге бұдан бұрында ойлаған болатын. Батыс Сібір генерал - губернаторы князь Горчаковқа және І Николайға арналған хатты тапсыруға жіберген елшілігінде Кенесарының қойған алғашықы талаптары мынандай болды:

  • Қазақ жерлеріндегі округтік приказды жою.
  • Абылай хан кезіндегі қазақ жерінің дербестігін қалпына келтіру
  • Салық жинауды тоқтату.

Бірақ Кенесарының елшілігінің 5 өкілі тұтқынға алынып, жазаға тартылған болатын. Кенесарының қойған екінші талаптары - әскери бекіністер салынбаған Ақтау, Есіл және Нұра - Жайық өзеніне дейінгі өңірді Ресей билігінен босату. 1845 жылы сәуір - Кенесары ауылына орыс елшілері Долгов пен Герн келді.

Патша әкімшілігінің қойған талаптары:Кенесарыға басқа елдермен дипломатиялық байланыс жасауына тыйым салу. Көтеріліске қатысқан қазақ руларына үкімет межелеген жерлерде ғана көшіп - қонуға рұқсат ету. Кенесарының Орынбор империясының бір бөлігі ретінде мойындаған жағдайда ғана көтерілісшілерге кешірім беру. Екі ай бойы Кенесары ауылында болған елшілер талаптарын орындата алмай Орынборға қайта оралды. Кенесары Ресейдің билігін мойындауы үшін өзінің талаптарын қойды:

Қазақ жеріндегі барлық патша бекіністерін жою.

Жазалаушы топтардың озбырлығына тыйым салу.

Салық жинауды тоқтату.

Екі жақ бір - біріне талаптарын мойындата алмағандықтан, келіссөздер тоқтатылды. 1845 жылдың жазында патша үкіметі қазақ жерін бекіністер арқылы отарлауды жалғастырды. Кенесары жағдайды шешу үшін халықтық кеңес өткізді.

1847 жылғы сәуір - Кенесары 10 мың әскерәмен қырғыз жеріне басып кірді. Көтерілістің бастиапқы сипаты өзгертіп, әскерлердің қырғыз ауылдарын тонауы Кенесарыға қарсы өшпенділік туғызды. Қазақ сұлтаны Рүстем мен Сыпатай би топтарының ұрыс қарсаңында Кенесарыдан бөлініп кетуі, қазақ жасағының жеңілісіне әсер етті. Үлкен ерлікпен жау тобын бұзып шыққан Наурызбай тобы болды. Бірақ Кенесарының жау қолына түскенін естіген ол ағасын қимай, жау ортасына өз еркімен келіп кіреді.

Жеңілу себептері - қазақ халқының рулық - патриархалдық жіктелуі; руаралық қайшылықтыр; Кенесарының өзін қолдамаған ауылдарға озбырлық көрсетуі.

ХІХ ғасырдың І жартысында қалыптасқан саяси - экономикалық жағдайда орталықтандырылған феодалдық мемлекетті басқару жүйесін құру мүмкін болмағандықтан, Кенесары хандығы ұзақ өмір сүре алмады.

Қазақ халқының феодалдық хан мемлекеттілігі калпына келтіру мақсатындағы ХІХғ. Аса ірі халық - азаттық көтерілісі бұл жолы да жеңіліспен аяқталды. Ол Орта Азия мен Қазақстан халықтарының есінде өшпес із қалдырды. Кенесарының күресі, оның халық мүддесіне шын берілгендігі, қолбасшылық өнері, нәзік саясатшы ретіндегі сирек кездесетін қасиеті ХІХғ. өзінде - ақ халық арасында қадірлеушілік тапты.

Қазақ халқының ұлт - азаттық күресінде Исатай Тайманұлы мен Махамбет Өтемісұлының қолбасшылығымен болған көтеріліс маңызды орын алды. Исатай 1791 жылы туған, оның азаматтық көзқарасының қалыптасуына нағашысы Жабай Беғалыұлы зор ықпал етті. Бөкей хан Исатады 1812 жылы 21 жасында Беріш руының Жайық бөлімінің старшыны етіп тағайындалып, 1814 жылы Орынбор шекаралық комиссиясы старшандыққа бекітті. 1817 жылдан бастап батырдың патша чиновниктерімен байланысы салқындай бастады. 1817, 1823 ж. Орынбор генерал - губернаторлығының нұсқауымен сотқа тартылды. Исатайдың ең жақын серігі - ақын, Беріш руының старшыны Махамбет Өтемісұлы (1804 - 1846 ж. ж. ) .

1829 ж. 15 шілде - 1830ж. қыркүйек аралығында Махамбет Калмыков түрмесіне қамалды. Оған халық арасында хан иелігінен кетуге және Жайықтың сол жағасына өтуге үгіт жүргізді деген айып тағылды. Махамбеттің өлеңдерінен Кіші жүзді қамтыған көтерілістің мақсаттарын, басты талаптарын айқындауға болады.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
XIX ғ. екінші жартысы – XX ғ. басындағы Батыс Қазақстандағы жәрмеңкелер: тарихи талдау (1867-1917 жж.)
XX ғасырдың басында Ресей патшалығының отары
Ұлыстың билеушісі - сұлтан
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
ХХ ғасырдың басындағы Қазақстандағы буржуазияның қалыптасу процесі
Педагогикалық ғылымның институциализациясы
XX ғ. Басындағы Қазақстандағы өнеркәсіп саласының дамуы, Ерекшелігі және сипаты
XVIII ғасырдың соңы мен XX ғасырдың басындағы Қазақстанды еуропа және орыс ғалымдарының зерттеуі
ХХ ғасыр басындағы тарихи-әлеуметтік жағдай және оның әдебиеттің дамуына тигізген әсері. Қазақ зиялылары ұлт қамы жолында. Әдеби бағыттардың ерекшеліктері мен ортақ бірлігін ажырату
Зерттеудің жетекші идеялары
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz