«Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары»



Кіріспе

1 Баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын электростанциялар.

1.1 Күн энергиясы.

1.2 Теңіз және мұхит толқындарының энергиясы.

1.3 Жел энергиясы.

2 Қазақстандағы «жасыл энергетиканың» өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы.

1.4 Қазақстанның ең ірі жобасы . «ЕХPO.2017»

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.
Заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Ал өндірісті дамыту үшін электр энергиясы қажет. Сонымен қатар, үстіміздегі мыңжылдықта адамзаттың энергияға деген сұранысын қанағаттандыру қиынға соғып барады. ХХІ ғасырда жаhандық экономика энергетикалық жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмейінше дами алмайды. Мамандардың есептеуінше, тек алдағы 2 онжылдықтың ішінде адамзаттың қуатты қажетсінуі 40 пайызға өседі. Бүгінде 2 миллиард адамның электрге мүлдем қолы жетпейді. Бұл жолдан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы – «жасыл энергетиканы» дамытудың маңызы зор.
Дүниежүзіндегі талай мемлекеттің дамуына тың серпін берген «жасыл энергетикаға» Қазақстан да қадам басып, тың серпінмен ірі жобаларды іске асыруда. Елбасының бастамасымен жүзеге аса бастаған бұл бағдарлама аймақтарда да жалғасын табуда. Осы ретте біздерге Астана қаласында өтетін «ЭКСПО – 2017» халықаралық көрмесі дәстүрлі емес қуат көздерін өндіруге ерекше серпіліс береді.
Қазақстанда балама энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары екені даусыз. Мамандар еліміздің гидроэнергия, жел және күн энергиясынан алынатын қуат көзінің ресурстық әлеуеті 1 трлн. кВт/сағатқа тең келетінін айтқан болатын. Қазірдің өзінде Қазақстанда балама энергия көздерін дамыту мақсатында оннан астам жобалар жүзеге асырылуда. Олар негізінен шағын қуаттағы қанатқақты жобалар болғанымен, «жасыл энергетиканы» дамытуда ерекше серпін беретіні сөзсіз.
Адамзаттың ертеңі – «Жасыл энергетика». Астанада өтетін ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы». Бүгінде бұл барлық саналы адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселе. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның күннен-күнге өсіп бара жатқан энергетикалық сұранысын қанағаттандыру планетамыздың болашақтағы ең бір өзекті проблемасына айналып бара жатыр. Электр қуатын өндіру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану – ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе – дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны – «Болашақтың энергиясы» болып отырғандығы да тегін емес. Қазірдің өзінде Қазақстан бұл көкейкесті мәселе бойынша бірқатар ғылыми жаңалықтар мен озық ойларды алға тартуда. Әрине, «Болашақтың энергиясы» тақырыбының ауқымы өте кең. Бұл – негізінен болашақта адамзат игілігіне айналатын балама қуат көздерін ашу үшін жаңа технологияларды өмірге әкелу. Бұл – жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару.Дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу, жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару.
1. Жуматова Асель Акановна. Проблема использования возобновляемых источников энергий для системы тягового электроснабжения., Москва, 2010.
2. Т. Едіресов. Энергетика ресурстары: бүгіні мен ертеңі., Алматы, 1987.
3. Агеев В.А. Нетрадиционные и возобновляемые источники энергии. Курс лекций.-МЭИ., 2004.
4. Андрианов В.Н., Быстрицкий Д.Н., Вашкевич К.П. и др. Ветроэлектрические станций.-Л.: Госэнергоиздат, 1960.
5. Безруких П.П., Арбузов Ю.Д., Борисов Г.А. И др. Ресурсы и эффективность использования ВИЭ в Росий: - Санкт-Петербург., 2002.
6. Васильев Ю.С., Мухаммадиев М.М., Елистратов В.В. Возобновляемые источники энергии и гидроаккумулирование. Учебное пособие. – СПб.: СПб ГТУ, 1995.
7. Лидаренко Н.С., Рябиков С.В., Стребков Д.С. Преобразование солнечной энергии. – М.: Наука, 1985.
8. Қойшиев Т.К. Қайта жаңғыртылатын энергия көздері./ Алматы, 2001.
9. Ломова, т. 1., часть 2. Топливные ресурсы. М.: Л.: ОНТИ – Госэнергоиздат, 1995.
10. Новые и возобновляемые источники энергии. Импакт 7. М., 1988.
11. Виссарионов В.И., Волшаник В.В. Использование волновой энергии. Москва, 2002.
12. Обрезков В.И. «Возобновляемые нетрадиционные источники электроэнергии». – М.: Энергия, МИЭ, 1987.
13. Ветроэнергетика: Новейшие разроботки./ Под ред. Д. де Рензо. – М.: Энергоатомиздат, 1982.
14. Тлеуов А.Ч., Тлеуов Т.Ч. Использование нетрадиционных видов энергии в Казахстане. – Алматы: Білім, 1998.
15. Фугенфиров М.И. Использование солнечной энергии в России. // Теплоэнергетика. 1997. 4.
16. Нұрсұлтан Назарбаев G-GLOBAL ХХІ ғасыр әлемі, Астана 2013 жыл.
17. М.Қожахмет Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы-Қарағанды: 2006.-362-366 бет.
18. Даффи Д.А., Бекман У.А. Тепловые процессы с использованием солнечной энергий. М.: Мир, 1977.
19. Садыков К. Использование энергий ветра. – Алма-Ата: Кайнар, 1961.
20.
21. Егемен Қазақстан жалпыұлттық республикалық газеті, №39 (28263) 26.02.2014 жыл. www.egemen.kz

Пән: Автоматтандыру, Техника
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданы Сарышаған кентіндегі жалпы орта білім беретін мектеп КММ.



Ғылыми жоба.

Конкурстың тақырыбы: Елбасының тарихи жобалары мен бастамалары
Бағыты: Экономиканы жаңғырту - Қазақстанның гүлденуінің кепілі
Ғылыми жұмыстың атауы: ЭКСПО- 2017 Болашақ энергиясы

Орындаған: Тоқтасын Меруерт 10 Б
сынып оқушысы.
Жетекшісі: Бокишев Рүстем
Қырғызбаевич.

Қарағанды 2016 жыл.
Ғылыми жұмыстың тақырыбы:Қазақстандағы жасыл энергетиканың өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы
Жұмыстың құрылымы мен көлемі: Ғылыми жұмыс кіріспеден, екі тараудан, қорытындылар мен ұсыныстардан, пайдаланылған әдебиет тізімінен, барлығы 25 беттен тұрады.
Негізгі зерттелу аймағы - Қазақстан Республикасы.
Кіріспеде тақырыптың жалпы сипаттамасы, оның зерттелу дәрежесі көрсетіліп, мақсат пен міндеттер тұжырымдалған, зерттеудің объектілері мен әдістері айқындалып, зерттеудің ғылыми жаңалығы берілген, мақұлдануы мен зерттеу нәтижесінің жүзеге асырылуы жайлы мәліметтер келтірілген.
Бірінші тарауда жалпы баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын электр станцияларына сипаттама берілген. Оның ішінде боашағы зор күн, жел және биомасса энергиясына ауқымды талдау жасалған.
Жасыл энергетиканың өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы атты екінші тарауда жаңғыртылатын көздердегі энергетика дамуының экологиялық салдарлары, Қазақстандағы жасыл энергетиканың өзекті мәселелерімен болашақтағы дамуы, атомдық энергетиканы дамытудың пайдалы жағы мен кері әсері, 2017 жылы елімізде өткізілетін Expo-2017 көрмесі жайлы баяндалған. Жұмыс соңында негізгі қорытындылар мен ұсыныстар баяндалады.
Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Зерттеу жұмысының негізгі мақсаты дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу, жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару. Осы мақсатқа байланысты мынадай міндеттер қойылды:
● Баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын электростанцияларды анықтау.
● Қазақстандағы жасыл энергетиканың қазіргі жағдайын бағалау.
● Еліміздегі жасыл энергетиканың дамуы мен таралуына талдау жасау.
● Қазақстандағы жел энергиясының әлеуетіне баға беру.
● Қазақстандағы жасыл энергетиканың өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуын сараптау.
● Қазақстандағы күн,жел,гидроэнергетика секторындағы энергияның жаңғыртылатын көздеріне баға беру.
Зерттеу объектілері: баламалы энергия көздері.
Түйінді сөздер: баламалы энергия көздері, жасыл энергетика, күн панельдері, гидроэнергетика,болашақтың энергиясы.



Мазмұны

Кіріспе

1 Баламалы энергия көздерінің негізінде жұмыс жасайтын электростанциялар.

0.1 Күн энергиясы.

0.2 Теңіз және мұхит толқындарының энергиясы.

0.3 Жел энергиясы.

2 Қазақстандағы жасыл энергетиканың өзекті мәселелері мен болашақтағы дамуы.

0.4 Қазақстанның ең ірі жобасы - ЕХPO-2017

Қорытынды.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі.

Кіріспе

Заман көші алға озып, экономика дамыған сайын қоршаған ортаны қорғау қиынға соғып барады. Өндірісті дамытпаса, экономика алға баспайтыны белгілі. Ал өндірісті дамыту үшін электр энергиясы қажет. Сонымен қатар, үстіміздегі мыңжылдықта адамзаттың энергияға деген сұранысын қанағаттандыру қиынға соғып барады. ХХІ ғасырда жаhандық экономика энергетикалық жағынан жеткілікті қамтамасыз етілмейінше дами алмайды. Мамандардың есептеуінше, тек алдағы 2 онжылдықтың ішінде адамзаттың қуатты қажетсінуі 40 пайызға өседі. Бүгінде 2 миллиард адамның электрге мүлдем қолы жетпейді. Бұл жолдан өгізді де өлтірмей, арбаны да сындырмай аман-есен алып шығудың жалғыз жолы - жасыл энергетиканы дамытудың маңызы зор.
Дүниежүзіндегі талай мемлекеттің дамуына тың серпін берген жасыл энергетикаға Қазақстан да қадам басып, тың серпінмен ірі жобаларды іске асыруда. Елбасының бастамасымен жүзеге аса бастаған бұл бағдарлама аймақтарда да жалғасын табуда. Осы ретте біздерге Астана қаласында өтетін ЭКСПО - 2017 халықаралық көрмесі дәстүрлі емес қуат көздерін өндіруге ерекше серпіліс береді.
Қазақстанда балама энергия көздерін дамытудың әлеуеті аса жоғары екені даусыз. Мамандар еліміздің гидроэнергия, жел және күн энергиясынан алынатын қуат көзінің ресурстық әлеуеті 1 трлн. кВтсағатқа тең келетінін айтқан болатын. Қазірдің өзінде Қазақстанда балама энергия көздерін дамыту мақсатында оннан астам жобалар жүзеге асырылуда. Олар негізінен шағын қуаттағы қанатқақты жобалар болғанымен, жасыл энергетиканы дамытуда ерекше серпін беретіні сөзсіз.
Адамзаттың ертеңі - Жасыл энергетика. Астанада өтетін ЕХРО-2017-нің басты ұраны - Болашақтың энергиясы. Бүгінде бұл барлық саналы адамзатты толғандырып отырған көкейкесті мәселе. Жұмыр жерді мекендейтін жеті миллиард адамның күннен-күнге өсіп бара жатқан энергетикалық сұранысын қанағаттандыру планетамыздың болашақтағы ең бір өзекті проблемасына айналып бара жатыр. Электр қуатын өндіру үшін көмірсутегі шикізатын көптеп пайдалану - ауаны ластап, атмосферадағы тепе-теңдікті бұзды. Сондықтан бүгінгі таңдағы түйінді мәселе - дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу. Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың бастамасымен өмірге келген Астана ЕХРО-2017-нің басты ұраны - Болашақтың энергиясы болып отырғандығы да тегін емес. Қазірдің өзінде Қазақстан бұл көкейкесті мәселе бойынша бірқатар ғылыми жаңалықтар мен озық ойларды алға тартуда. Әрине, Болашақтың энергиясы тақырыбының ауқымы өте кең. Бұл - негізінен болашақта адамзат игілігіне айналатын балама қуат көздерін ашу үшін жаңа технологияларды өмірге әкелу. Бұл - жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару.Дәстүрлі энергетикалық қуат шикізаттарына тиімді балама табу, жаңа балама қуат көздерін игеруге халықаралық қоғамдастықтың назарын аудару.

1 БАЛАМАЛЫ ЭНЕРГИЯ КӨЗДЕРІНІҢ НЕГІЗІНДЕ ЖҰМЫС ЖАСАЙТЫН ЭЛЕКТРОСТАНЦИЯЛАР.

Жаңғыртылатын энергия көздеріне энергияның мынандай түрлері жатады: күн энергиясы, геотермалды энергия, жел энергиясы, теңіз толқындарының энергиясы, мұхит суының ағысынан туындайтын энергия, мұхит суының көтерілуі мен төмендеуі кезінде қалыптасатын энергия, биомасса энергиясы, гидро (су) энергиясы, төмен әлеуетті жылу энергиясы және жаңартылатын энергияның басқа да түрлері.
Шартты түрде жаңартылатын эенргия көздерін 2 топқа бөледі:
1. Дәстүрлі - бұл топқа қуаттылығы кем дегенде 30 МВт-ты құрайтын СЭС-тардан алынатын су энергиясы; жылу алу үшін отынды, торфты және пештерде жанатын жанармай отынның басқа да түрлерін дәстүрлі жолмен жағу арқылы алынатын биомасса энергиясы; сонымен бірге геотермалды энергия жатады.
2. Дәстүрлі емес - бұл топқа күн энергиясы; жел энергиясы; мұхит пен теңіз суының толқындарының, ағыстарының және суының өз деңгейінен көтерілуі кезінде қалыптасатын энергия; кіші және микро СЭС-терден алынатын су энергиясы; дәстүрлі жағу әдісінсіз алынатын биомасса энергиясы; төмен әлеуетті жылу энергиясы және жаңартылатын энергияның басқа да түрлері жатады.
Қазіргі таңда адамзат баласының 13-нен астамы тиісті энергетикалық инфраструктураның болмауының нәтижесінде электр энергиясына қолдары жетпейді. Органикалық отынның шектен тыс жануы ғаламдық климатқа орны толмас әлеуметтік және экономикалық зардаптар әкелуде, адам денсаулығына қауіп төндіруде. Сонымен қатар, дәстүрлі органикалық отын көздері үстіміздегі үшінші мыңжылдықта таусылудың алдында тұр. Ал дәстүрлі емес органикалық отынның түрлерін, мысалы, мұнайлы құмдақты қолдану біріншіден - энергия тасмалдағыштардың бағасының анағұрлым жоғарылауына алып келсе, екіншіден - қоршаған ортаны қосымша ластайды. Жоғарыда аталған деректердің салдарынан меншікті дәстүрлі энергетикалық ресурстары жоқ елдердің электр энергисын импорттауға деген қажеттілігі екі есеге өседі. Ал бұл жағдай болашақта халықаралық шиеленіс пен жанжалға алып келуі мүмкін. Қалыптасқан жағдайда көп елдер мақсатты түрде атом энергиясын ары қарай дамыту жолдарын іздестіруі ықтимал. Ядролық отынды қолдану туралы бір-біріне қарама-қайшы екі көзқарас бар: біріншілері бұл электр қуатын өндіру технологиясының қалыпты жақсы жақтарын атап көрсетсе, екіншілері ядролық апаттардың салдарынан туындайтын күрделі мәселелер мен атомдық қарудың таралу қаупін, ядролық қалдықтардың зиянын алға тартады.
Тап осы сәтте белгілі-бір елдер мен аймақтарда 2 миллиард адам электр қуатынсыз өмір сүріп жатқанда, ядролық отынды қоспағанда, жаңғыртылатын энергия көздерінен өндірілетін электр энергиясын қалыпты бағамен немесе дәстүрлі энергия көздері беретін электр энергиясының бағасынан да төмен бағамен алуға мүмкіндік береді. Бірақ өкінішке орай, бүкіл әлемде жасыл энергетиканы зерттеу жұмыстарына, жасыл энергетиканы дамытуға, энергетикалық орталықтарды салу мен баламалы энергия нарығын құру мәселелері тиісті қолдау таппай, лайықты назарда болмауда. Баламалы энергия көздерінің табиғи әлеуеті ешқашан таусылмайды және органикалық энергия мен ядролық энергияның жалпы жылдық табысын бірнеше мың рет асып түседі, ал бұл дегеніміз дәстүрлі энергия көздерін түгелімен әрі тұтастай алмастыруға мүмкіндік береді. Ал баламалы энергия көздерінің экономикалық әлеуетіне, пайдасына келетін болсақ, уақыт өте келе оның экономикалық тиімділігі сөзсіз арта түседі. Сондықтан алдағы уақытта баламалы энергия көздерін өндіретін электр станциялары кең ауқымда таралады және технологилық жағынан дамиды. Ал дәстүрлі энергия көздерінің бағасы оның қорының аздығы мен қоршаған ортаны ластауы себебінен күннен-күнге жоғарылайды. Қазірдің өзінде, әсіресе біріккен энергиялық жүйесі жоқ аудандарда баламалы энергия көздерін артық шығынсыз қолданысқа енгізуге мүмкіндік бар.
Баламалы энергия көздерін кең түрде қолданысқа енгізу мен энергия тиімділігін арттыруға бағытталған саясаттың негізгі назарында қоршаған ортаны қорғау, табиғат байлықтарын сақтау, энергетикалық қауіпсіздік пен баламалы энергия көздерінің экономикалық дамуы, кедейліктің азаюы, табиғи қорларға бола туындайтын дау-дамайлар мен экономикалық дағдарыстың қаупін ауыздықтау және басқа да энергетика мен табиғи қорларға байланысты туындайтын мәселелер болуы шарт. Жоғарыда аталып кеткен мәселелерді шешу үшін заңнамалық бастамалардың болуы керек. Сонымен қатар әлемдегі елдердің парламенттері демократиялық қозғаушы күш ретінде осы құбылыстардың бастамасын қалыптастыруы қажет [1].



2.1 Күн энергиясы.

Күн - қуатты генератор. Табиғи энергетикалық ресурстардың ішінде жер бетінде мол таралған энергия көзі Күн сәулесінің энергиясы болып саналады. Біздің планетамыздың Күннен бір тәулік ішінде алатын энергия мөлшері 63,8*1016 миллиард кВт сағатқа тең. Бұл ұшан-теңіз энергия. Осыншама энергияның 47%-ы ғана планетамызды қоршаған ауа қабатына сіңіп, қалғаны шағылысып, кері космос кеңістігіне тарап кетеді. Планетамызға жететін Күн энергиясының едәуір бөлігі жердің бетін жылытуға, теңіз және мұхит суларын буландыруға, өсімдіктер дүниесіне қажетті фотосинтез процесіне, су және ауа ағыстары сияқты әр түрлі құбылыстарды тудыруға жұмсалады. Күн энергиясының жалпы мөлшерін бүкіл жер бетінің ауданына бөлсе оның әрбір шаршы метріне орта есеппен 160 ватт қуатынан келер еді. Әрине, жер бетіне Күн энергиясы бірдей таралмайтыны белгілі, оның мөлшері экваторлық ендіктерде көбірек те, полюстерге қарай азаяды. Соған қарамастан Жер шарының кез-келген елді-мекеніндегі әрбір үйінің шатырына түсетін энергия мөлшері сол үйді жылытуға пайдаланатын энергиядан анағұрлым артық екенін біле бермейміз [2].
Жыл сайын Жер Күннен шамамен 1,6*1018 кВтс энергия алады, бұл энергияны тұтынудың қазіргі деңгейіне қарағанда 10 мың есе көп. Және күннің Жердегі энергетикалық балансында энергияның басқа барлық көздерінің қосынды үлесінен 5 мың есеге артады, басқаша айтсақ жер үшін күн энергиясының әлеуеті жылына шартты отынның 123*1012 т құрайды. Сонымен қатар Жерде пайдаланатын энергияның барлық түрі жылу энергиясына трансформацияланады, бұл энергия өндірісінде түсетін күн радиациясының 5%-на тең келетін қайтымсыз өзгерістерге әкеп соғуы мүмкін [3].
Жер бір күнде Күннен әлемдегі барлық элетр станцияларында өндірілетін электр энергисынан мың есе көп энергия алады. Күн энергиясы қоршаған ортаға жоғарғы дәрежеде жағымды әсер қалыптастырады.

Әрине, Күн энергиясын адамдар өз өмірінде қашан да болса пайдалануда. Бірақ ол энергия табиғаттың заңымен өзгерген бір түрден екінші түрге айналып, адам тіршілігінің арқауы болған энергия түрі болып табылады. Жер бетінде жайқала өскен өсімдіктер дүниесі, теңіз бен мұхиттың тулаған толқындары, атмосфераның жауын-шашыны, планетамыздың барлық тіршілік түрлері, жер қойнауының көмірі, мұнайы мен газы және тағы басқасы қуатты Күн энергиясының жемісі.
Жер бетіне түскен Күн энергиясы із-түзсіз жоғалып кетпейді. Оның өзгерген түрі біздің күнделікті ішетін тамағымыз, киетін киіміміз, жағатын отынымыз, зауыттар мен фабрикаларда, қала мен ауылдарда пайдаланылатын энергиялар. Яғни, планетамызда Күн энергиясының құдіретті әсерінсіз бірде-бір тіршілік түрі қалыптасып, дами алмас еді. Солай бола тұрса да адамдар Күн энергиясын пайдалануды әлі толықтай меңгере қойған жоқ. Оның басты себебі Күн энергиясының мөлшері орасан мол болғанымен, ол жер бетіне шашыранды түрде жетеді, оларды жинап өндіріс салаларын арзан, ең тиімді энергия көзімен жабдықтау мәселесі әзірше қай елде болса да өндірістік көлемде өз шешімін таппай отыр [5].
Шынында да Күн энергиясы сарқылмайтын ең арзан да қуатты табиғи энергия көзі болып табылады. Бірақ осы энергияның жер бетінде таралу мөлшері бірдей емес. Жер бетінің Күн энергиясы экваторға жақын жерлерге мол таралған. ТМД-да Күн сәулесі Закавказье, Орта Азия Республикаларына, Қырымға, Қазақстанның оңтүстік облыстарына едәуір мол түседі. Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, бұл аудандардың әрбір шаршы метріне түсетін энергия мөлшері өзінің калориялық қуаты жағынан ауданы 1 шаршы метр, қалыңдығы жарты метр қоңыр көмір энергиясының қуатына тең. Бұл, әрине өте үлкен көрсеткіш. Экваторға жақын орналасқан Нигерияда Күннің ыстықтығы сондай, тіпті көлеңкенің өзінде ауаның температурасы 40-450С-қа жететін көрінеді. Осындай Күн энергиясы мол түсетін жерлер Қазақстан территориясында да бар, олар Маңғышлақ, Қызылорда, Шымкент, Жамбыл, Алматы облыстары, Үстірт, Орталық Қазақстан және тағы басқа жерлер. Ғылыми деректерге қарағанда, осы аудандарда 1 жыл ішінде 150-210 күн ашық, орташа есеппен 370С жылы болып тұрады екен. Әрине, жалпы Күннен таралған энергия жер бетіне түгелдей жетпейтінін жоғарыда айттық. Біздің планетамызға Күн бөлетін энергияның небары 2 миллиардтан бір бөлігі ғана жетеді. Тіпті осы энергияның өзі-ақ Каспий, Азов теңізі сияқты су айдындарын 1-2 минуттың ішінде буландырып, құрғатып жіберуге молынан жетеді. Жыл сайын ғаламшарымыздың бойына сіңетін Күн энергиясының мөлшері 1,3*1014 тонна шартты отын қуатымен бірдей [6].
Жер шары халқының энергияны пайдалануы жыл сайын артуда, оның мөлшері қазіргі даму қарқынымен есептегенде әрбір 10-12 жылда 2 есе өсіп отырады екен. Болашақта да энергия түрлерін пайдалану қарқыны сөзсіз артады. Сонда ғаламшарымыздың тұрғындары өздеріне қажетті энергияны қандай жолмен қамтамасыз етеді деген сұрақ туындайды.
Әрине, қазірдің өзінде халық шаруашылығы салаларын дамытуға энергияның жаңа түрлерін, әсіресе атом, термоядролық, жер асты ыстық сулары энергиясын пайдалану көптеген елдерде қолға алына бастады. Бірақ олардан өндірілетін энергия мөлшері өте аз және тым қымбатқа түседі. Сонымен бірге атом энергиясына қажетті уранның жалпы қоры ғаламшарымыздың байырғы отын түрлері сияқты бір кезде таусылуы мүмкін ғой. Міне, сондықтан да көптеген оқымыстылардың батыл пікірлеріне қарағанда, болашақтың ең тұрақты, әрі арзан, сарқылмайтын энергия көзі - Күн сәулесінің энергиясы болмақ.
Күн энергиясын пайдалануды халықтар ертеден-ақ ойлаған. Ол туралы Египет, Грек, Рим аңыз-әңгімелерінде, ескі жазбаларында баяндалған. Осыдан 2500 жыл бұрын Грек оқымыстысы Ксенофонт: ...егер үйлердің оңтүстікке қараған қабырғаларын биіктеу жасаса, онда қыс айларында ол үй біршама жылы болады деп айтқан екен.
Күн сәулесін пайдаланудың алғашқы әдістерін римдіктер жасаған көрінеді, олар Күн сәулесін жинайтын шынылардың көмегімен от тұтатқан. Архимед өзінің Жандырғыш шынылар деген еңбегінде Күн сәулелерін жинау әдістерін сөз еткен. Мысалы, тарихта Архимед жасаған Күн сәулелерін шоғырландыратын шыныларды пайдаланып гректер Сиракузадағы Римнің әскери флотын өртеп жіберген деген аңыз да бар [7].
Орта Азия оқымыстылары да шыны линзаның көмегімен Күн сәулелерін жинауды, яғни бір нүктеге шоғырландыруды білген. Беруни және Ибн-сина шыны линза мен айналардың Күн сәулелерін жинайтын қасиеттерін біліп, оны пайдалануды ұсынған. Ибн-сина өзінің Даныш-Наме деген кітабында: ...шыны линзасы бойында Күн сәулесін бір жерге шоғырландыратын нүкте бар. Осы нүкте арқылы өтетін сәуле басқа бір денелерге бағытталса, оны қатты қыздырып, ол жанатын зат болса, жандырып та жібереді деп жазған.
М. В. Ломоносов 1741 жылы Петербург Ғылым академиясына шыны линза немесе айна түрлерін пайдаланып, жандырғыш құралдар жасау туралы ұсыныс енгізген болатын. Ал 1878 жылы Парижде болған Дүниежүзілік көрмеде француз инженері Мишо өзінің Күн сәулесін пайдаланып, жұмыс істейтін алғашқы бу машинасының үлгісін көрсеткен еді. Осыдан кейінгі жылдары да Күн энергиясын игеру бағытында көптеген жұмыстар жүргізілді, болашағынан үлкен үміт күттіретін бірнеше жаңа машиналардың үлгілері де жасалды.
Көптеген ғалымдар мен инженерлер бұл күндері Күн энергиясын тиімді пайдалану жолдарын жан-жақты зерттеуде. Алайда Күн сәулесін тұтыну, оны халық шаруашылығының көптеген салаларында пайдаланып, оларды арзан энергиямен қамтамасыз ету мәселесі өзінің техникалық жағынан күрделілігімен қатар едәуір мөлшерде материалдар мен қаржы жұмсауды талап етеді. Сондықтан да Күн энергиясын тиімді пайдаланатын алғашқы гелиотехникалық қондырғы түрлері әрі тиімді, әрі көлемі жағынан шағын болуы керек. Осындай талаптарды ескеріп, Күн энергиясын тиімді пайдалану мәселесін шешуді көптеген елдерде қазіргі уақытта жаппай қолға ала бастады. Ғалымдар негізінен ең арзан, ең қолайлы қондырғыларды жасау, олардың экономикалық тиімділіктерін арттыру мақсатымен гелиотехниканың көптеген үлгілерін, Күн сәулесін жинаудың сан алуан әдістерін ұсынуда.
Бүгінгі таңда ғалымдар Күн энергиясын негізінен 2 бағытта пайдалануды тиімді деп санайды. Бірінші басты бағыт - табиғи энергияның сарқылмас көзін игеріп, электр энергиясын өндіру, ол үшін аса тиімді Күн электр станцияларын көптеп салу. Екінші бағыт - негізінен елді-мекендерді, үйлерді жылыту, ыстық сулармен қамтамасыз ету және теңіз суларын тұщытып, ауыз су мәселелерін шешу болып табылады.
Қазір дүние жүзінің көптеген елдерінде Күн энергиясын пайдаланудың соңғы жолы тиімді саналып отыр, өйткені жекелеген үйлерді жылытуға немесе коммуналдық шаруашылыққа пайдаланылатын ыстық сулар негізінен төмен температуралы болады, демек оларға Күн энергисы да аз жұмсалады. Ғалымдар техникалық қондырғылардың қолайлы әрі тиімді түрлерін жасау бағытында едәуір табыстарға жетуде. Күн энергиясымен жұмыс істейтін қондырғылардың құрылыстары да күрделі болмайды, сонымен қатар оларды кез-келген жерге орнатып, жылу алуға болады [8].
Әрине, Күн энергиясымен үйлерді жылыту, ыстық сумен қамтамасыз ету барлық жерде бірдей іске аса бермейді. Мысалы, ТМД территориясының солтүстік бөлігінде немесе Қазақстанның солтүстік аймағында тұрмыстық қажет үшін Күн энергиясымен жұмыс істейтін бу қазандарын салу экономикалық жағынан тиімді емес. Өйткені ауа-райының құбылмалылығына, оның тәуліктік және маусымдық өзгерулеріне байланысты Күн көзінен тұрақты энергия алу қиын. Сондықтан да бұл жерлерде байырғы отын түрлерімен жұмыс істейтін қосалқы бу қазандарын салу қажет немесе екінші жолы осы аумақтарда жел қатты тұратын аудандарда жел энергиясын өндіретін Жел Электр Станцияларын салған тиімді болмақ.
Еліміздің жылы ендіктерінде Күн энергисымен жұмыс істейтін қондырғыларды әр түрлі шаруашылық салаларына пайдалануға болады. Қазірдің өзінде еліміздің оңтүстік аудандарында күн қондырғыларының көптеген үлгілері жасалынып, оларды шаруашылықтың кейбір салаларында пайдалану кең өріс алып отыр, ал бұл аймақта қондырғылардың тиімділігі де жоғары.
Қазір Күн энергиясы мен су жылытатын қондырғы түрлері көптеген елдерде кеңінен қолданылып жүр. Мысалы, АҚШ-тың тек Флорида штатында ғана 150 мыңға жуық гелиоқондырғыны тұрмыстың әр түрлі саласында пайдаланады, ал Италия, Германия, Францияда осындай қондырғылар тұрғын үйлерді, жылыжайларды, мал қораларын жылытуға кеңінен пайдаланылады.
Қазірдің өзінде көптеген елдерде, ал біздің еліміздің оңтүстік аудандарында Күн энергиясымен жылытылатын алғашқы үйлер, жекелеген коттедждер, балалар бақшасы салынып, жұмыс істеуде. Жалпы аумағы 105 шаршы метр осындай алғашқы тұрғын үй Францияның Шованси-ле-Шато деревнясында бой көтерген болатын. Осы гелиоүйдің авторлары - архитектор Жак Мишель және профессор Феликс Тромбо: Күн энергиясымен үйлерді жылыту мәселесін шешу жалпы үй құрылысына үлкен өзгерістер енгізді. Жылу алудың бұл әдісі өзімізді қоршаған айналадағы ортаны ластаудан сақтауға мүмкіндік береді, дейді. Иә, Күн энергиясын тұрмыстық қажеттерге кеңінен пайдаланудың жалпы оның экономикалық тиімділігімен қатар айналадағы ортаны ластанудан сақтауда да маңызы зор. Бұл жағынан да Күн энергиясы шын мәнінде болашақтың энергиясы екенін айқындай түседі.
Аспан шырағының тегін энергиясын ұтымды пайдалану мәселесімен көптеген елдің ғалымдары айналысуда. Үндістанның бүкіл территориясы өте ыстық ендікте жатқаны белгілі, мұнда әрбір шаршы сантиметр жерге 400-600 калория мөлшерінде жылу түседі. Міне осындай энергияны игеру бағытында үнді ғалымдары да жемісті еңбек етуде.
Қазір Үндістанда бірнеше Күн фермалары жұмыс істейді. Мысалы, Нью-Делиден небары 10 километр жерде орналасқан осындай ферма бір кезде күн күйдіріп, тусырап жатқан өңірді жасыл желекке бөлеп жіберді. Бұл жерде істелетін барлық жұмыс Күн энергиясымен атқарылады. Электр энергиясын өндіру, егістікке су жіберу, үйлерді ыстық сумен жабдықтау, салқындатқыштарды іске қосу сияқты жұмыстар автоматты жүйелермен басқарылады. Мұндай фермалар болашақ қалалар мен ауылдардың көркеюі мен энергияға деген тапшылығын жоюға септігін тигізеді [9].
Күн сәулесімен жылытылатын үйлер климат жағдайы құрғақ, әрі ыстық елдерде ғана емес, ондай үйлер соңғы жылдары солтүстік ендіктерде де салына бастады.
Ғалымдардың есептеулеріне қарағанда, тұрғын үйлерде Күн энергиясын пайдалану жылу жүйесіне жұмсалатын отынның 60%-ын үнемдеуге мүмкіндік береді екен. Әрине Күн энергиясымен жылытылатын үйлердің өзіндік құны әр түрлі қондырғылардың есебінен әдеттегі үйлермен салыстырғанда 15-20%-ға қымбат. Бірақ ол артық жұмсалған қаржы 2-3 жылдың ішінде толығымен өзін-өзі өтеп, одан кейінгі жылдары бұл үйлер тек кіріс қана келтіреді. Бұл әдіс 1 жылда жұмсалатын энергетикалық отын шығынын 3 есе азайтып, 5000 кВтсағат электр энергиясын үнемдеуге мүмкіндік береді. Мысалы, Орта Азия республикаларының ауыл шаруашылығы дамыған елді-мекендерінде жұмсалып отырған отын түрлерін Күн энергиясымен алмастыру мүмкіндігі туса, онда бұдан түсетін 1 жылдық таза пайда 372 миллион теңгеге тең екен. Ал жалпы еліміздің оңтүстігіндегі күн сәулесі мол түсетін елді-мекендер Күн энергиясын жаппай пайдаланатын болса, жылдық үнем 3 миллиард теңгеге жетер еді.
Күн энергиясын тиімді пайдаланудың тағы бір жолы минералды ащы суды тұздандырып, ауыз су үшін пайдалану болып табылады. Табиғатта ащы су көздері өте көп, олар - мұхит, теңіз және көл сулары. Қазірдің өзінде елімізде, Қызылқұмда ащы суларды минералды тұздардан айырып, тұщы суларға айналдыратын гелиоқондырғылар жұмыс істеуде.
Үстіміздегі мыңжылдықта ғалымдар күн сәулесінен электр энергиясын алудың бірнеше әдісін ұсынуда. Соның бірі Күн сәулесін шоғырландырып, кремний батареясына бағыттау арқылы сәулені электр энергиясына айналдыру. Мұндай агрегаттың қуаты үлкен емес, небары 450 ватт қана, бірақ насостың жұмыс жасауына жеткілікті. Әрине, әзірше кремнийлі жартылай өткізгіштердің өзіндік құны қымбат, бұл жағынан ол тиімсіз.
Күн сәулесі энергиясын пайдаланудың практикалық маңызы орасан зор, оны игеру тек жердегі қажеттіліктен ғана туындап отырған жоқ, оның қуатты энергиясы адамдарға ғарыш кеңістігін зерттеу, планетааралық сапарлар үшін де қажет. Мысалы, қазіргі жер орбитасына шығарылған спутниктер, басқа да Күн жүйесін зерттеуге арнайы ұшырылған арнайы ракеталар толықтай Күн энергиясын пайдаланып, жұмыс істейді.
Күн энергиясын халық шаруашылығы салаларына пайдаланудың болашағы зор, әсіресе оны металлургия, ауыл шаруашылығы, энергетика салаларында пайдаланудың алғашқы эксперименттері де жасалуда. Күн энергиясын металл дәнекерлеуге де пайдалану ұсынылып жүр, әсіресе қоспасыз таза металдарды күн пеші өте тез әрі сапалы дәнекерлейтіні дәлелденіп отыр. Күн энергиясымен жұмыс істейтін пештер келешекте энергия көздері жоқ шалғай елді-мекен тұрғындарының тұрмысына, сондай-ақ ғарышты зерттеу техникасы құрамына берік енетін болады.
Дегенмен де Күннің мол энергиясын игерудің мәселесі әзірге, қай елде болса да толық шешімін таба қойған жоқ. Бұл күндері энергия тапшылығына ұшырап отырған көптеген елдер тегін энергия көзін игерудің тиімді жолдарын іздестіруде [2].

Негізінен Күн энергиясын толық пайдалану үстіміздегі ХХІ ғасырдың еншісіне тимек, сонымен қатар ғалымдар да оны игерудің бірнеше тиімді жолын көрсетіп берді. Солардың бірі француз ғалымы Фредерик Жолио-Кюри Күн энергиясын болашақта пайдалану табиғаттың өзі көрсеткен жолмен жүргені дұрыс деген еді, яғни ғалым бұл жерде Күн энергиясын өсімдіктердегі хлорофилл арқылы пайдалану туралы айтып отыр. Ол: мен болашақтың атом энергисына сенемін, оның болашағы зор, дегенмен энергетикадағы ең басты өзгеріс хлорофилл сияқты энергияны синтездеу (ажырату) деңгейіне жеткенде ғана пайда болады деген екен.
Белгілі ғалым, академик А. Ф. Иоффе Күн энергиясын жартылай өткізгіштерді кеңінен пайдаланып, электр энергиясына айналдыру тәсілін қуаттайды. Осы әдіспен Күн энергиясын игеретін гелиостанциялар кешені Қарақұм аумағының үштен біріне орналасқан болса, ғалымның есептеуінше, олардан алынатын энергия мөлшері қазіргі дүние жүзі елдерінің барлық электр станциялары бірлесіп өндіретін энергиядан 20 есе көп болады екен.
Күн энергиясын пайдаланудың болашақтағы басты бағыты - оның шашыранды сәулелерін шоғырландырып, одан арзан электр энергисын өндіру. Бұл мәселені шешудің өзіндік қиындықтары да бар. Өйткені Күн сәулесінің жер бетіне шашыранды түрде таралуына байланысты оның әрбір шаршы метр ауданға түсіретін энергиясының мөлшері 1 кВт-тан аспайды. Міне, осындай аз энергияны жинастыру үшін аумағы тым үлкен қабылдағыш-концентраторлар жасалуы керек. Қазіргі практика жүзінде қолданылып жүрген концентраторлардың кейбір түрлері тиімді емес, олардың негізінде жұмыс істейтін гелиостанциялардың қуаты да жоғары болмайды.
Қазірдің өзінде күн энергиясын транспортта пайдалану жұмыстары іске асырылды. Жер қойнауынан органикалық отын қорларының сарқылуына байланысты жанармай тапшылығы осы күндердің өзінде байқалуда. Сондықтан күн энергиясымен жүретін транспорт түрлері жоғарыда аталған мәселенің ең тиімді шешімі болып табылады [2].

Күн энергиясын көп көлемде пайдаланудың өнеркәсіптік және азаматтық нысаналар үшін де, көлік үшін де (темір жол, автомобиль және су көлігі) электр энергиясымен жеке және топтық қамтамасыз етудегі маңызы өте үлкен.
Күн энергетикалық қондырғыларының келесідей артықшылықтары бар:
электр энергиясының экологиялық таза өндірісі, жылулық газдар шығарылымының мүлдем жоқтығы;
қолданудың әмбебаптылығы;
конструкциясының қарапайымдылығы мен салмағының шағындығы;
жұмыс кезінде шу шығармауы;
қуаттылық жиынтығының модульді принципі;
сенімділіктің жоғарылығы.
Күн энергиясын қолданудың ықтималдығы өте жоғары. Бұл отынның дәстүрлі түрлерін өндіру мен тасымалдауға жұмсалатын шығындардың артуына жол бермейді, энергияны алудың экологиялық таза тәсілін қамтамасыз етеді [8].
Күн (жылу) коллекторлары. Күн коллекторы - бұл күн энергиясын жылу энергиясына айналдыратын жүйелі құрылғы. Күн коллекторы күн сәулесін қабылдағыш панельдерден тұрады. Осы панельдер арқылы күн коллекторындағы қалған құрылғылар қозғалысқа еніп, күн энергиясын жылу энергиясына айналдырады. Күн панелі күн сәулесін қабылдаған уақытта жылу таратқыш сұйықтықтың қызуын қамтамасыз етеді. Сонымен қатар күн коллекторындағы құбыр, сорғы мен аккумуляторды іске қосады. Қазіргі уақытта күн коллекторларының көптеген түрлері бар. Коллекторлардың негізгі құрылымы жан-жағынан жылумен жарақтанған жазық қабылдағыш беттен тұрады. Сондықтан коллектордың қоршаған ортамен энергетикалық алмасуы тек жарықтандырылған беткі қабат арқылы жүзеге асады.
Күн энергиясын жылу энергиясына немесе электр энергиясына айналдыратын күн электр станцияларының, күн панельдері мен күн коллекторларының қазіргі уақытта қолданысқа өте баяу енгізілуінің ең бір басты себебі - құрылғылардың қымбат тұруы. Күн энергиясынан өндірілетін электр энергиясының тарифтік бағасының жоғары болуына қарамастан күн электр станцияларының экономикалық тиімділігі болашақта артатын болады. Өйткені күн энергиясы ешқашан сарқылмайды және басқа дәстүрлі жолмен алынатын энергия түрлерімен салыстырғанда экологияға зиянсыз.

Қазақстандағы гелиоэлектрстанцияларды орналастыруға ең ыңғайлы аумақтар: Арал маңы, Қызылорда және Оңтүстік Қазақстан облыстары [1].

1.2 Теңіз және мұхит толқындарының энергиясы.

Ғаламшарымызды қоршаған су айдыны 361 миллион шаршы километр аумақты алып жатыр. Бұл бүкіл жер шарының үштен екі бөлігі.
Жер бедерінің өзгеруіне, жалпы ғаламшарымыздың даму құбылысына теңіз, мұхит суларының тигізетін әсері орасан зор. Ғаламшарымызда ауа-райының қалыптасуына да осы теңіз, мұхит суларының тынымсыз қозғалысы әсер етеді.
Мұхит пен теңіз суларының көтерілуі және кері қайтуы тәуліктің әрбір 6 сағат 12 минутында бір-бірімен алмасып, қайталанып отыратын құбылыс екен. Табиғатта бұл құбылыс негізінен Ай мен Күннің тартылыс әсерінен болатын гравитациялық құбылысқа байланысты.
Міне, осылай... [2].
Дүниежүзілік мұхиттың энергия қорының зор екені белгілі, өйткені жер бетінің үштен екі бөлігін (361 миллион шаршы километр) мұхиттар мен теңіздер алып жатыр. Тынық мұхитының экваториясы 180 миллион шаршы километрды, Атлант мұхитынікі - 93 миллион шаршы километр, Үнді мұхитынікі - 75 миллион шаршы киломтр ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасының әлеуметтік бағдарламаларын іске асыру тақырыбы бойынша бағдарлама немесе жоспар әзірлеу
Егемендік елдеріндегі жетістіктеріміз
Экономикалық дамудың қазақстандық үлгісі
Франциядағы қаржы дағдарысы
Елбасы еңбектері тарихи дерек ретіндегі шынайлығы мен обьективтілігін көрсету мақсаты
Елбасы еңбектерінің қазақ тарихының дерек көзі ретіндегі маңызы мен ерекшеліктері
Электронды Үкімет туралы Заң
Қазақстан ғылымының нәтижелері мен мәселелері
Германияның Орталық Азиядағы саясаты (92-2009 жж.)
Тәуелсіздік толғауы атты Елбасының 2014 жылғы 15 желтоқсанындағы сөйлеген сөзінің маңызы
Пәндер