Қазақстан мәдениеті ( XVIII ғ. мен ХХ ғ. басы)


Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 10 бет
Таңдаулыға:   

Ф КГМА 1-8-22/02

МУ «Организация

Методической работы в

Соответствии с ГОСО 2006

года» от 04. 07. 2007 г

Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы

Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы

ДӘРІС

Тақырыбы: Қазақстан мәдениеті ( XVIII ғ мен ХХ ғ басы)

Пәні: Қазақстан тарихы

Мамандығы: 051301- Жалпы медицина

Курс: 1

Ұзақтығы: 2 сағат

Қарағанды 2008 ж

Кафедраның мєжілісінде талќыланып бекітілген

Хаттама № «» 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина

  • Тақырыбы:Қазақстан мәдениеті ( XVIII ғ мен ХХ ғ басы)
  • Мақсаты:XVIII ғ Қазақстандағы Ресей экспедициялары. Қазақ әдебиеті. Мұсылмандық және орысша білім беру аспектілерінің мәнін ашу. Қазақ әдебиетінің негізгі бағыттарына тоқталу. ХХ ғ басындағы Қазақстан мәдениетіндегі ағартушылық және реформалық бағыттар. Қазақ халқының материалдық және рухани мұраларының әлемдік мәдени мұрадағы алатын орнын көрсету.
  • Дәріс жоспары:
  1. Қазақ әдебиеті. Жыраулар мектебі.
  2. Ғылымның дамуы
  3. Музыка өнері
  4. Оқу - ағарту мекемелері мен ғылыми қоғамдар
  5. Қазақ халқының білімді және білікті элитасы
  • Дәріс тезистері:

Бір жағынан қазақ қоғамының дәстүрлі негіздерінің талқандалуы және екінші жағынан - жаңа қоғамдық-экономикалық қатынастардың қабылдануы адамдар қызметінің бұрын белгісіз түрлерін өмірге алып келді. Еңбектің қоғамдық белінуінің тереңдей түсуі халықтың мәдениеті мен рухани өміріне шынайы әсер етті. Қазақстан Ресейдің, Англияның, Францияның және басқа мемлекеттердің мүдделері түйіскен жерінде қалған, сөйтіп, өлкені өнеркәсіптік-көліктік, саудалық және басқа тұрғыдан игеру ийтарлықтай тездетілген жағдайда ғылым, техника, мәдениет жетістіктерін кім ертерек меңгерсе, сол халықтың тарихи болашағы жарқын болатындығын түсінушілік қоғамдық санада берік орнықты. Халықтың неғұрлым оқымысты өкілдері мүғалімдердің ұлы міндетін әз еріктерімен мойындарына алды, өздерінің білімдерімен олкенің мәдениетін дамытуға ат салыса бастады. Бұрынғы салттар-ды, дәстүрлерді, әдет-ғұрыптарын сақтау және жаңадан жаңғырту үшін қажетті кеңістіктер едәуір шектелді, бірақ сонымен бірге жаңа әлеуметтік-мәдениеттік бағалықтар мен нысаналар пайда болды.

Халық ағарту ісі

Халықтың сауаттылығы. XIX ғ. ортасына дейін қазақ балаларын оқыту - құран сүрелерін ұғынбай жаттап алу басты жетістік саналатын мектептерде жүзеге асырылды. Оларда мұғалімнің міндетін кебінесе оқыту жоспарлары мен методикасынан ешбір хабары жоқ молдалар атқарды. Мұсылман мектептерінде негізінен ср балалар оқыды. Мұның өзі әйелдер сауатсыздығының жоғары дәрежеде қалуы себептерінің бірі болды. Мысалы, 1884 ж. Верный, Қапал және, Сергиополь уездерінің мұсылман мектептерінде 47, 5 мың ер бала және бар болғаны 17, 3 мың қыз балалар оқыды. 1895 ж. «Киргизская степная газета» мұсылман мектептеріндегі сабақтын, өтуін суреттеп, былай деп жазды: «Балалар оқитын киіз үйден жан дәрменімен айқайлаған ащы дауыстар естідді. Әр оқушы өзінің сабағын айқайлап оқиды . . . Осылайша оқыту төрт жылдай уақытқа созылады. Осы мерзім біткеннен кейін оқушылар білім алудың толық курсынан өтіп, оны ешнәрсе де білмеген, бұрынғы надандық қалпында қалған күйінде тамамдайды».

Қазақстан халқының барып тұрған сауатсыздығы 1897 ж. халық санағын жүргізу барысында, ол ең алдымен сұралғандардың орысша оқи білетіңдігін ғана жазып белгілегенімен, айқын аңғарылады. Ана тіліндегі сауаттылық сұраққа жауап қайтарушы орысша оқи білмейтінін айтқан жағдайда ғана белгіленді. Алайда санақ материалдары жекелеген халықтардың сауаттылық дәрежесін қамтып көрсете алмады. 1897 ж. санақ материалдары бойынша өлке халқының 8, 1 проценті ғана сауаты барларға жатқызылды, еркектердің сауаттылары олардың 12 процентін, әйелдердің сауаттылары -3, 6 процентін құрады. Әліппелік сауаттылықтың біршама жоғары дәрежесі қоныс аударушылардың негізгі бөлігі тұратын солтүстік-шығыс губернияларынан байқалды.

Діни білім беру жүйесінде медресенің ықпалы зор болды. Олар молдалар, мектеп оқытушыларын даярлады және міндетті түрде мешіттер жанында жұмыс істеді. Медресенің үлгісіне қарай олардағы оқу мерзімі - үш жылдан терт жылға дейін созылды. Олардың шәкірттері ісләм дінін үйренумен қатар, философиядан, астрономиядан, тарихтан, лингвистикадан, медицинадан, математикадан мағлұматтар алды.

Бұл ортадан қазақ мәдениетінің А. Құнанбаев, С. Торайғыров, М. Жұмабаев, Б. Майлин және басқалар сияқты аса ірі қайраткері шықты.

Азаматтық тұңғыш қазақ мектебі Бөкей Ордасында Жәңгір ханның инициативасымен 1841 жылдан жұмыс істей бастады. Бұл мектептің оқушылары орыс тілін, математиканы, географияны, шығыс тілдерін, сондай-ақ ісләм дінін оқып-үйренді. Қазақ балаларына арналған келесі оқу орны Орынбор қаласында Шекаралық комиссия жанынан ашылған жеті жылдық мектеп болды.

1850 жылы осы Орынбор Шекаралық комиссиясы жанынан тағы бір азаматтық мектеп ашылды. Жұмыс істеген 19 жыл ішінде ол 48 адамды оқытып шығарды. 1857 ж. бұл мектепті Ы. Алтынсарин табысты бітіріп шықты.

Бастауыш және орта оқу орындары шәкірттерінің құрамында қазақ балаларының саны шамалы ғана болғанды. Айталық, 1911 ж. Верный ер балалар гимназиясында 316 орыс және бар болғаны 10 ғана қазақ баласы оқыды. 1912 ж. мәліметтері бойынша Сырдария облысында 56 орыс-жергілікті халық училищесі болса, оларда 3 мың жергілікті тұрғьшдардың балалары білім алды. Ал бұл олардағы барлық оқушылар санының 2 процентін ғана құрады.

Ғылым және Қазақстанды ғылыми зерттеу

Қазақтар Ресей бодандығың алысымен өлке ғылыми зерттеу орталық мемлекеттік құрылымдары мен әр түрлі зерттеушілер отрядтарының іс-қызметтері шеңберіне берік енді. Қазақстанда дара-дара болса да ғылыми мекемелердің тармақтары құрылды. Олардың ксйбіреулері мемлекеттің каржыландыруы есебінен жұмыс істеді, ал екінші біреулері энтузиастардың (ынта коюшылардың) күш-жігер жұмсауы арқасында пайда болды.

Ресей және қазақ халқы мәдениеттершің жақындасуы мен бір-біріне сіңісуі сайып келгенде жалпы адамдық цивилизациянының жаңалықтар ашумен, жаңа идеялармен және есімдермен байытты.

Ресей XVIII ғ. қолға алған Қазақстанды комплексті зерттеудің алғашқы талабы М. В. Ломоносовтың есімімен байланысты. Ол өлке территориясын экспедициялық зерттеуді және оның географиялық картасын жасауды ұйымдастырудың бастаушысы болды, қазақтардың тарихы, лингвистикасы, экономикасы және этнографиясы бойынша ғылыми ізденістер жүргізілуіне мүмкіндік туғызды.

Орыс ғалымдарының Қазақстанды зерттеуінің ірі қорытындысы А. И. Левшиннің «Қырғыз-қазақтық немесе қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды суреттеу» деген үш бөлімдік кітабының (1832) жарыққа шығарылуы болды. Қазақ проблематикасы В„В. Вельяминов-Зерновтың, И. В. Мушкетовтың, В. В. Радловтың, П. П.

Семенов-Тяньшанскийдің және басқалардың еңбектерінде едәуір орын алды.

Қазақстанды зерттеу жөнінде ғылми қоғамдар жан-жақты іс-қызметтерін өрістетті. 1867 ж. Орыс географиялық қогамының Орынбор бөлімыіесі ашылды, онда А. Алекторов, Ы. Алтынсарин, А. Добросмыслов, Й. Крафт және басқалар жұмыс істеді. Бөлімше өлкенің географиясын, тарихын, этаографиясын, жаратылыстану және статистикасын зерттеумен айналысты, «Жазбалары» мен «Хабарларын» шығарып тұрды. Оның жанында өзге қалалар мен мемлекеттер басылымдарымен айырбастау есебінен кітаптары үнемі толықтырылып отыратын кітапхана жұмыс істеді.

XIX ғ. екінші жартысында Түркістан өлкесін зерттеумен Ауыл шаруашылық қоғамы, Шығыс археологиясы мен тарихын сүйетіндердің үйірмесі, сондай-ақ 1896 ж. ұйымдастырылған Ресей географиялық қоғамының Түркістан бөлімшесі белсеңді айналысты.

XIX-XX ғғ. басы қазақ халқы музыкалық мәдениетінің бұрын кездеспеген өрлеу кезеңі болды. Сазгерлер- Құрманғазы, Дәулеткерей, Дина Нұрпеисова, Тәттімбет, Қазанғап, Сейтек, Ықылас өлмес күйлер шығарды. Бүкіл қазақ даласы Біржан салдың, Ақан серінің, Мұхиттың, Абайдың, Балуан-Шолақтың, Жаяу Мұсаны Мәдидің, ЬІбырайдың, Естайдың және басқалардың әндерін айтты. Халық сазгерлерінің шығармашылығы адамдардың туған өлкесіне деген ыстық сүйіспеншілігін бейнеледі, табиғатты, сұлулығын дәріптеді, бітім-болмысында өнегелілік және эстетикалық бағалылықтарды сақтады

Көркемдік баспасөз. Мәдениет

XIX ғ. қазақ баспасөзінің өмірге келуі басталды. 1870 ж. 28 наурызда «Түркістан уәлаяты» газетінің бірінші нөмірі шықты. Олі қазақ және өзбек тілдерінде шығарылды. Оның беттерінде Шоқан Уәлиханов туралы, Маңғыстау қазақтарының көтерілісі (1870 ж. ) және басқа оқиғалар жөніндегі материалдар басылды.

1911 ж. бірінші қазақ журналы «Айқап» жарық көрді, өмір сүрген төрт жылы ішінде оның 88 нөмірі шықты. 1913-1918 жж. «Қазақ» газеті шығарылып тұрды. «Айқап» пен «Қазақ» қоғам әмірінің барлық жақтарын жазып тұрды. Олар қазақтардың отырықшылықты өмір сүруге көшуін, сөйтіп, егіншілік мәдениетін меңгеруін жақтады және сонымен бірге көшпеліліктің маңызы мен өмірден алар орнын да теріске шығармады. Бұл басылымдар сондай-ақ әйел және ұлт мәселелерін батыл көтерді, дәрігерлік, агрономиялық білімдерді таратты. Бүкіл қазақстандық сьезд шақыру идеясын қолдады.

Қазақ авторларының кітаптарын шығару ұлғайды. Петербургте, Қазанда, Орынборда, Ташкентте Абай Құнанбаевтың, Шоқан Уәлихановтың, Ыбырай Алтынсариннің, Ахмет Байтұрсыновтың, Міржақып Дулатовтың, Әбубәкір Диваевтың және көптеген басқаларадың шығармалары басылып шықты. 1912 ж. Семейде қазақ тіліндегі кітаптарды шығаруға мамандандырылған «Жәрдем» баспаханасы құрылды. Қазан революциясына дейін қазақ тілінде шамамен 700 атаулы кітап (қайта шығарылғандарын есептемегенде) басылып шығарылды.

Сайып келгенде өзгерістер қазақ қоғамы мәдениетінің барлық жақтарын шарпыды.

Алайда, халыққа осы рухани байлақтар мен мәдениет жетістіктерінің бәрі бірдей жете қойған жоқ. Бұған халықтың жаппай сауатсыздығы, мәдени-ағарту мекемелерінің өте аздығы, царизмнің отаршылдық саясаты зардапты әсер етті.

Қазақтардың материалдық мәдениеті.

Әдет ғұрыптары мен ырым жоралары

Қазақстанның көптеген аудандарында ағаштан, тастардан, шикі қыштан және шымнан тұрғызылатын тұрақты тұрғын үйлер тарады. Қандай материалдан салынғанына қарай оларды «ағаш үй», «жер үй», «кірпіш үй» деп атады. Үйдің аумағы егесінің материалдық жағдайына және от басы құрамына байланысты болды, бірақ тұтас алғанда ол үйлер көшпелі тұрмыс жағдайына барынша бейімдендіріліп салынды.

Қазақтың ұлттық киімінде этникалық, экономикалық және климаттық жағдайларына байланысты ежелгі дәстүрлері бейнеленді. Киім мауытыдан, жүн және жібек матадан, киізден және аң терісінен тігілді. Қазақтарда құланның, ақ бөкеннің, жолбарыстың, жанаттың, бұлғынның, сусардың, ақ тышқанның терілері ерекше қымбат бағаланды.

XVII ғ. аяғында бір белігі Орта Азия қалаларынан сатылы алынған, бір белігін қазақтардың өздері жасаған мылтықтар пайдаланыла бастады. Мылтықтардың білтемен атылатын жән күмістен әшекей салынған - білтелі мылтық, әшекейсіз - қара мылтық, қысқа ұңғылы - самқал деген бірнеше түрі болды. Оғы жеті жүз метрдей жерге жететін қысқа ұңғылы мылтық «қозы кеш» деп аталды. Оқ-дәріні қазақтардың өзі әзірледі, бір бөлігін көрші елдерден сатып алды. Қайың сырғауылдарынан жасалатын сойылдар мен шоқпарлар пайдаланылды, бірақ, соғыс кезінде олар сирек қолданылды.

Қазақтардың тамағы негізінен ет және сүт өнімдерінең құралды. Сүт тағамы әр түрлі болды. Бие сүтінен - қымыз, түйе сүтінен - шұбат дайындалды. Сиырдың, ешкі мен қойдың сүті негізінен алғанда айран ұйытуға, май пісуге, әр түрлі құрт, ірімшіктер жасауға пайдаланылды.

Қазақтардың сүйсініп-ішетін сусындарының бірі - айран болды. Айранға су араластырылған сусынды «шалап» деді. Күбіде пісіп, сүттен май алды. Ол майдың ұзақ сақталуы үшін оны суық сумен шайып, тұздап, қарынға салды. Қазақтардың тағам түрлерінде құрт-ірімшіктер маңызды орын алды. Ашыған айран жиынтығынан сығымдалып, күнге кептіріліп жасалатын құртты қысты күндері ыстық сорпаға ерітіп ішті. Сүттен сары ірімшік, ақ ірімшік және басқа тағамдар жасалды.

Революцияшыл әртектілер Қазақстанда

XIX ғ. екінші жартысында Қазақстан мәдениетінің дамуына осы өлкеге жер аударылған мерзімдерін өтеп жүрген революцияшыл әртектілер елеулі үлес қосты. Өлкеде мөп мәселелерді, соның ішінді үлт мәселесін талқылайтын бірқатар халықшылдар үйірмелері пай да болдьг. Әйтсе де олардың негізгі бағыты халық ағартушылыі мақсатқа құрылды. Қазақстанның ғылми-зерттеу орталықтарының бірі - Орыс географиялық қоғамының бөлімшесі мен Торғай статистикалық комитеті орналасқан Орынбор саналды. Олардың мүшелері қатарында Н. Дмитриев, Б. Скалов, П. Добровольсқий, басқа да бірқатар жер аударылғандар болды. Солармен бірге қазақтар Т. Сейдалин, Б. Дау ылбаев, С. Жантөрин, Б. Наурызбаев және басқалар жұмыс істеді. Орал - өлкетану орталығы болды. Мұнда әр түрлі материалдар жиналып, өңделді, сейтіп мақала түрінде жарияланып тұрды. Маңызды мәдени және ғылми орталық болған Омскіде саяси жер аударылғандар Географиялық қоғамның бөлімшесі мен Ақмолл статистикалық комитетшде шоғырланды. Олардың белсенді қатысушылары арасында Ф. Шербина, Г. Н. Потанин, Н. Петропавловский, . И. Сведенцов, Л. К. Чермак, Д. Клеменц, В. Остафьев, Н. Я. Ядринцев болды. Бүлармен Ә. Бекейханов, М. Шорманов, Н. Жетпісбаев бірге қызмет етті.

Семейдегі қазақ өлкесін зерттеу орталығы өзінің құрылғаны үшін саяси жер аударылғандар - Г. П. Михаэлиске, Е. Гроссқа, А. Леонтьевке және басқаларға борыштар еді. Оңтүстік Қазақстанды зерттеу орталығы - Ташкенттің ғылми мекемелері болды. Мұнда ғылми жұмыстармен халықшылдар П. И. Пашино, Г. С. Загряжский, Д. Иванов, Г. Усов, И. Гейер, Б. Смирнов және басқалар айналысты.

Жер аударылған революционерлер қазақ халқының өткені мен бүгінгісін халықшылдық көзқарас тұрғысынан зерттеді. Айталық, олар этнографиялық суреттеуге әрдайым әлеуметтік және саяси мәселелерді енгізіп отырды. Олардың зерттеулері мен мақалаларынан міндетті түрде әлеуметтік сарын сезіліп тұрды. Халықшылдар қазақ болысының экзотика ретінде (оғаш болып көріну) қаралуына қарсы шықты. Тұтас алғанда халықшылдар қазақ қоғамының қүрделі таптық құрылымын аяғына дейін талдап түсіне алмағанымен, біреуді екінші біреудің қанайтындығын атап көрсетті, орыс және қазақ халықтары еңбекшілер бөлігінің езіліп-қаналған жағдайына қоғамның назарын аудартуға тырысты, патшалық шексіз ез бетімен билеушілікті қатты сынады, бостандық идеяларын насихаттады.

XIX ғ. екінші жартысында Қазақстан жерінде көптеген тарихи-статистикалық, этнографиялық, геологиялық және географиялық экспедициялар жұмыс істеді. Әдетте оларға белсенді қатысушылар революцияшыл разночинцылар болды. Әрбір экспедицияға жол көрсетуші және тілмәш ретінде жергілікті ұлттар өкілдері, көбінесе қазақтар қатысып отырды. Олар алғашқылардың бірі болып революцияшыл разночинцылармен байланыс орнатты. Тілмәштар олардан көп жаңалықтарды қабылдап қана қойған жоқ, сонымен бірге оларға өздері білетін мағлұматтарды шын ықыласпен айтып беріп отырды, өз халқының білімін, материалдық және рухани мәдениетін иеленуші ретінде көрінді, даланың аңыз-әңгімелерін, билердің аса маңызды шешімдерін, әдеттегі құқықтық ережелерді, халықтың салт-жоралары мен әдет-ғұрыптарын, мал шаруашылығын жүргізу жүйесін, көшіп-қону бағыттарын және басқаларды бөлетіндіктерін танытты. Кейіндері, міне осы мәселелердің көбі халықшылдардың ғылми еңбектерінде өз көрінісін тапты.

Екі халық өкілдерінің осындай өзара қарым-қатынастары, олардың арасындағы алғашқы көптеген байланыстар қазақтар мен орыстардың жақындасуына мүмкіндік берді. Қазақ және орыс өкілдерінің шығармашылық достықтары қазақ қоғамдық пікірі дамуының де-мократиялық негіздерін қалады. Орыс демократиялық және революциялық ойының өкілдері патша отаршыларына қарама-қарсы орыс және қазақ халықтары арасындағы достық қарым-қатынастардың дамуына күш салды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қасым хан, Хақназар хан
Қазақстанның экономикалық тарихы пәнінен дәрістер
ХIX–XX ғ. басындағы тарбағатай өңірінің қазақтары (тарихи-этнографиялық зерттеу)
ҚАЗАҚ ХАЛҚЫНЫҢ МАТЕРИАЛДЫҚ МӘДЕНИЕТІНІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Шығыс Қазақстан қола дәуірінде
ХIX ғасырдың ортасы – ХХ ғасырдың басындағы орталық Қазақстан қазақтарының материалдық мәдениетіндегі ерекшеліктері
Ежелгі Русь мәдениеті
Сфрагистикалық материалдар
Қазақ шежірелері – тарихи дерек ретінде
Алаш әдебиеттануын совет кезінде дамытқан ғалым
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz