Азамат соғысы – халық қасіреті (1918-1920 жж.)


ФКГМА 1-8-22/02
МУ “Организация методической
работы в соответствии с ГОСО
2006 года” 4. 07. 2007г.
Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.
Дәріс.
Тақырыбы : Азамат соғысы - халық қасіреті (1918-1920 жж. )
Мамандығы: 051301 - «Жалпы медицина»
Пән: «Қазақстан тарихы»
Курс: 1
Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут
Қарағанды - 2008ж
Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген
Хаттама № « ___» ___ 2008ж.
Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина
- Тақырыбы:Азамат соғысы - халық қасіреті (1918-1920 жж)
- Мақсаты: Азамат соғысының басталу себептерін ашып көрсету. Алғышарттарын көрсету. Алғышарттарын түсіндіру. Қазақ өлкесіндегі майдандардың жойылуын сипаттау. Халық қасіретіне айналу себептерін түсіндіру.
- Дәріс жоспары:
- Азамат соғысының алғышарттары
- Партизан қозғалысы
- Ақ гравдияшылардың жеңілуі
- Азамат соғысының халық қасіретіне айналу себептері
- Дәріс тезистері:
Жұмысшы -шаруалар Кеңестерінің орталық пен жер-жердегі өкіметті басып алуы алғашқы күндерден бастап-ақ құлатылған таптардың қарулы қарсылығын тудырды. Азамат соғысы өкімет үшін күрестің жалғасы болды, сол себепті де революция мен азамат соғысы арасында ешбір дәл шекара болған емес.
Қазақстандағы азамат соғысының алғашқы ошақтарының бірі 1917ж қарашасында Торғай облысының әкімшілік орталығы Орынборда қалыптасты, мұнда Орынбор қазақтары әскерінің атаманы Дутов совет өкіметін құлатып, кеңестердің Бүкіл Ресейлік сьезінің делегаты С. Цвиллинг бастаған революциялық комитетті тұтқынға алады. Кеңес өкіметімен күресудің Қарулы орталығы Жетісуда болды, 1917ж. І(13) қарашасында Жетісу қазақтары әскерінің әскери кеңесі Әскери үкімет дегенді ұйымдастырды. Верныйға кеңес үкіметіне қарсы күресу мақсаты мен ақ гвардия офицерлері мен юнкерлер жиналады.
1917ж қарашасында революцияға қарсы ошақ Оралда құрылады. Осында құрылған облыстық әскери үкімет ұзамай жергілікті Кеңесті таратып, өкіметті басып алады. Осынау әскери үкіметтер Қазақстандағы революцияға қарсы ақгвардияшылар қозғалысының басты күші болады. Олар ақгвардияшылар офицерлерге, қазақ станицарлары мен келімсектер селоларының бай-кулак элементтеріне сүйенді., олар және жергілікті кадет, эсерлер меньшевиктерден, Алаш, Шора-Ислами партиялары басшыларынан, тағы басқа бірқатар партиялар мен саяси қозғалыстар тарапынан қолдау тапты.
Кеңес өкіметін құлату үшін ел ішіндегі ақгвардияшылармен бірігіп алған империалистік мемлекеттердің белсенділік көрсетуіне орай 1918ж. жазында азамат соғысы кең көлемде жайылып кетеді. Олардың ең басты пәрменді күші Чехословак корпусы болады, ол революцияға дейін Австро- Венгрияның тұтқын солдаттары - чехтар мен словактар қатарынан құрылған еді. Осы корпустың бөлімдері революцияға қарсы ішкі күштер мен қоян-қолтық бірлесіп, Ақмола, Петропавл, атбасар, Қостанай қалаларын басып алады, 1918жылы ІІ маусымында семейдегі кеңес өкіметі құлатылады.
Сол жылдың жазында ақгвардияшылар Орал, Ақмола, Семей облыстарын, торғай облысының көп жерін шеңгелдеп қамтып алады да, біртіндеп семей облысы жағынан Жетісуға басып кіреді. Ақгвардияшылар басып алған аудандар да кеңес өкіметін құру жөніндегі күрес негізінен партизандық харекет түрінде жүргізіледі. Жетісуда келімсек-шаруалар селоларының қомақты бір тобы, Черкасское селосын орталық жасап, қорғанысқа көшеді.
1918ж. жазында кеңес өкіметі тек жетісу мен Сырдария облыстарының көпшілік бөлегінде, Торғай облысының түскей аудандары мен Бөкей ордасының болмашы бір пұшпағында ғана сақталып қалады.
Антанта елдері үкіметтерінің мегзеуі мен, Чехословак корпусы көмектесіп, самарада-әсер-ақгвардияшыл үкіметі-Комуч- басқарған Сібірдің ақгвардияшыл уақытша үкіметі орнайды. 1918 ж. қаңтарында қуылған атаман Дутов, 1918ж. 3 шілдесінде тағы да бүлік шығарып, орынборды басып алады да, кеңестік Түркістанды Орталық Россиядан бөліп тастайды.
Азамат соғысы өршіп, етек алған, Қазақстан аудандарының көпшілігінде кеңес өкіметі құлатылған алмағайып жағдайда, Алаш орда Орынбордағы Дутов пен одақтасып, Омбыдағы Сібір уақытша Үкіметімен және Самарадағы Құрылтай жиналысының Комитетімен тіл табысып түсініп, Орал мен Сібір, Жетісу казактары мен байланысты күшейтіп, Кеңестерге қарсы тізе қосып күреспек болады. 1918ж. маусымында Алаш Орда укіметі бірқатар жарлық шығарады, бұл жарлықтарға сәйкес Алаш орда территориясында кеңес өкіметі шығарған күллі құжаттар, заң актілері түгелдей күшін жояды деп жарияланып, коммунистерді қуалау заңды деп табылды.
Алаш Орданың басшысы Ә. Бөкейханов, Ә. Ермековпен әскери бөлім меңгерушісі капитан Қ. Тоқтамысовпен бірге 1918ж шілдесі мен тамызында Самар мен Омбыда Комуч пен Сібір Уақытша үкіметтері әскери ведомстволары өкілдері мен кездесіп, Алаш Ордаға көмек беру және оның қарулы күштерін құру жөнінде келіссөздер жүргізді. Алаш Орда Батыс бөлімінің басшылары Х. Мен Ж. Досмұхамедовтар Комуч арқылы Самарадан 600 винтовка мен пулемет алады және таяу уақытта 2000адамнан қазақ отрядын ұйымдастыруға уәде береді, Торғай тобына 300 берданка мылтығы, 20 мың патрон, әскери киім-кешек бөлінді. Дутовтың көмегі мен екі атты полк: біреуі- Қостанайда, екіншісі- Ырғызда құрыла бастады.
1918ж. тамызында семей қаласында құрамында 38офицері мен 750 жауынгері бар Бірінші Алаш атты әскер полкі ұйымдастырылды.
Ақгвардияшылардың көмегі мен асығыс үрейтілген алаш отрядтары көп ұзамай Қызыл Армияға қарсы күрес жүргізуге қатысты.
Қазақстандағы қарулы тайталас Ресейдегі азамат соғысының құрамды бір бөлігі еді. Сол себепті де Қазақстан майдандарындағы күрес-тартыстың дамуы мен барысына азамат соғысының басты майданындағы соғыс әрекеттерінің жүрісі ғана емес, Қазақстанның ақгвардияшылар жаулап алған территориясындағы партизан қозғалыстары мен көтерілістер Қызыл Армияның Шығыс және Оңтүстік майдандарында шайқасып жатқан негізгі күштеріне елеулі көмек көрсетеді. Бұл әсіресе Орынбор мен Оралды босатып алудан және Колчак күштерін біржолата талқандаудан, ақгвардияшылармен олардың одақтастары н Қазақстанның солтүстігі мен солтүстік шығысынан, Жетісудан дүркіретіп айдап шығудан айқын көрінеді.
Азамат соғысы жылдарында Қызыл Армияны құру ісіде ойдағыдай жүзеге асырылды. Орыстармен бірге Қызыл Армия қатарына қазақ еңбекшілері де бара бастайды. Бүкілресейлік атқару Комитетінің 1918ж. жазында бірыңғай Қызыл Армияның құрамды бөлігі ретінде ұлттық әскери бөлімдер құрыла бастайды. Қызыл Армияның Қазақстан территориясындағы ұлттық бөлімдерін жасауға Сырдария, Жетісу облыстары, Бөкей Ордасы мен Торғай облысының кеңестік үйездері табан тірер негіз болды.
1919ж. Степан Разин атындағы бірінші Орынбор қазақ полкі ұйымдастырылды. 1919ж сәуірі мен шілдесі арасында орал қаласын қорғауға қазақ эскадроны қатысады, ол кейін бірінші Кеңестік үлгілі қазақ ь полкі болып қайта құрылады.
Ақгвардияшыларға қарсы күреске қазақстан еңбекшілерімен бірге Қызыл Армия қатарына өз еркімен кірген шетелдердің жұмысшы-шаруалары -венгрлер, немістер, чехтар, поляктар қатысты. Қазақстанның ақгвардияшылар басып алған жерлерінде партизан қозғалыстары мен халық көтеріләістері кеңінен өріс алды.
Партизан қозғалыстарының аса ірі ошағы - Қостанай уиезі болды. Ол Ақмола, Семей, Жетісу облыстарында кең қанат жаяды. Павлодар, Өскемен, Бұқтырма мен Зайсан уездерінде, әсіресе Зырян, Қатон Қарағай, Шыңғыстау, Шемонайха болыстарында партизандар қозғалысы елдіңм едәуәр бөлігінт қамтиды. Черкас қорғанысы, Тарбағатай мен Алтайдың « Тау қырандары» отрядтарының қозғалысы сияқты оқиғалар Қазақстандағы азамат соғысы тарихынан тиянақты орын алады. 22 және 25-ші Чапаев дивизияларының ерең ерлігі, Орал мен Орынборды қаһармандық пен қорғау-тарихи атақ-даңққа бөленді.
1919ж. жазында Шығыс майданындағы Колчак армиясының негізгі күшінің күйретілуі Батыс, Солтүстік, Солтүстік- Шығыс Қазақстан мен Жетісуды азат етуге қажеті жағдай жасады. 1919ж. аяғында Қазақстанның негізгі территориясы ақгвардияшылардан босатылды. 1920ж. наурызында азамат соғысының Қазақстандағы ең соңғы майданы - Солтүстік Жетісу майданы жойылды.
Қазақстан жеріндегі ірі соғыс операциялары М. В. Фрунзе, м. Н. Тухачевский, В, И. Чапаев сияқты белгілі қолбасшылар И. П. Белов, И. С. Кутяков, Иманов секіді талантты командирлер басшылығымен жүзеге асырылды.
Қызыл Армияның ақгвардияшыларымен күрестегі табыстары, алаш полктарындағы толқулар мен көтерілістер, жігіттердің алаш милициясы қатарынан қашуы алашордашылар қатарының бөлініп-жарылуын тездетті. 1919ж. наурызында Бүкілресейлік Орталық Атқару Комитеті Алаш Орда басшыларының бірі А. Байтұрсынов пен оның жақтастарының үлкен бір тобының кеңес өкіметі жағына шығуына байланысты бұл процесс тоқтатуға болмайтын сипат алды.
Қазақстан жеріндегі ақгвардияшылардан босатуға сай, Кеңес өкіметі де қайта қалпына келтіріледі. 1919ж. 10 шілдесінде РКФСР Халық Комиссарлары Кеңесінің жарлығы бойынша Қазақ өлкесін басқару жөніндегі Революциялық Комитет құрылды.
Оның бірінші құрамына: С. Пестковский, А. Байтұрсынов, В. Лукашев, Ә. Жангельдин, М. Тұнғаншин, С. Меңдешев, Б. Қаратаев кіреді. Әртүрлі уақытта Қазақ ревкомының мүшесі болып, Ә, Әйтиев, С. Арғыншиев, А. Авдеев, Ғ. Әлібеков, Б. Қаралдин еңбек етті.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz