«Әскери коммунизм» саясаты (1918 – 1921 жж). Қазақстандағы ЖЭС



1. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
2. ЖЭС . қа көшу.
3. ЖЭС . тың қиындықтары мен табыстары
4. Қазақстанның әлеуметтік . экономикалық және саяси жағдайы
Советтік қоғамтану ғылымы ЖЭС — жаңа экономикалық саясат кезеңін ұзақ жылдар бойы социализм идеалдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде, тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-айла ретінде түсіндіріп келді. Жаңа экономикалық саясат тұтас алғанда «Социалистік таңдау» идеясы бағытын сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының әкімшілік-оміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндырақ жолы болатын.
Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік-экономикалық және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды. Революциялық романтикамен бұдан былайда әуестене берудің, коммунистік өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің аяғы шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл елдің халық шаруашылығы, оның ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың ойранды кесапатын басынан өткерді.
Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын байқалады. Мысалы, егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. деседен (ор. — десятина) 1922 ж. 1,6 млн. десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж. әр деседен түсетін 38,7 пұттан 1921 ж. 18,7 пұтқа дейін азайды. Осы кезеңде астықтың жалпы өнімі 3 есе-ден аса кеміп кетті.
Малшаруашылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы — 2 млн-ға, уақ мал (қой, ешкі) 6,5 млн-дай, түйе — 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда барша мал түрі 10,8 млн басқа кемиді.
Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады. Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921—1922 жж. Орынбор гүбернәсінде 445 м. адам, Қостанай гүбернәсінде — 225 м., Оралда — 400 мың, Ақтөбеде — 360 мың., Бөкей гүбернәсінде — 100 мың адам аштық азабын тартты.
Кейінірек анықталған мәліметтерге қарағанда, республикада 2,3 мың адам ашыққан.
Аштықтан және онымен ере келген аурулардан, сол сияқты ауыртпалық жайлаған аудандардан үдере көшу халық санын күрт кемітті. 1914 ж. өлке жерінде 4.811.662 адам тұрса, 1922 ж. 3.795.963 адам қалды.
Мемлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын күшейте түсті.
Кейбір кезде өкімет қолданған әкімшілік әлек шөлегінен шаруалар айылын да жимады, тіпті қарулы қарсылығын көрсетті. 1920 ж. Семей облысында бүліншілік бұрқ етті, оған өкіметтің азық-түліктік өктемділігіне төзбеген орташалар мен дәулетті топтардың едәуір бөлегі қатысты. Сол жылы мұндай толқу Батыс Қазақстанға да тарады, онда Қызыл Армияның бұрынғы дивизия комаңдирі А. Сапожковтың басшылық етуімен кең көлемді шаруалар қозғалысы қанат жайды. 1921 ж. ақпан-наурызында өлкенің Ақмола, Петропавл, Көкшетау т.б. ояздарда шиеленіс қордалана бастады.
Қазақстанда орын алған хал-ахуал күллі елді қамтыған экономикалық және саяси дағдарыстың жалпы сыңайын танытқандай еді. Барлық жердегі сияқты, мұнда да шаруашылық саясатыны мүлде жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын көрінді, оның негізгі арқауы — тауарсыздық утопиядан — қиялдан ақылға қонымды экономикалық қатынасқа яғни базарлық, тауарлық-ақшалай қатынасқ өту идеясы еді.
РК (б) П X съезі (1921 ж. наурыз) шаруашылық мүддесін іске қосудың пәрменді жүйесін жасау жолыңда шешуші шара қолданды. Тап осы сьезде азық-түлік салымынан азық-түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл шара жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар кешенін түгел қамти алмады. Салық саясатында шаруашылық саласындағы белсенділікке жаңа серпін берген аса мәнді езгерістерйен бірге, қаржыда, кредитте, ақша шаруасында, арендада, еңбек заңында, жер ісін реттеуде және әлеуметтік-экономикалық қатынастың басқа да бірқатар фрагменттерінде пәрменді қам-харекеттер жасалды.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі әсерін тигізді.
1. Масанов Н.Э. Проблемы социально-экономической истории Казахстана на рубеже XVIII-XIXвеков. Алма-Ата. 1984г
2. Акишева З.А. Экономические и политические предпосылки и результаты конфискации собственности крупных баев-полуфеодалов в Казахстане. Изв.АНКазССР.Алма-Ата.1949
3. Абилев А.К., Евдокимов В.В. “Казахстан в древности”, Караганды 1991.
4. Учебное пособие по истории Казахстана А.1992
5. Аманжол Күзембайұлы. “История дореволюционного Казахстана”, А.1992.
6. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін.Төрт томдық, І том. А.1992.
7. Қазақстан тарихы.Очерк: А.1993.
8. Кляшторный С.Г.,Султанов Г.И. “Kaзахстан, летопись трех тысячилетий”,А.1992.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 9 бет
Таңдаулыға:   
ФКГМА 1-8-2202
МУ
“Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года” 4.07.2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: Әскери коммунизм саясаты (1918 – 1921 жж). Қазақстандағы ЖЭС

Мамандығы: 051301 – Жалпы медицина

Пән: Қазақстан тарихы

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут

Қарағанды – 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № ___ ___ ____ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

• Тақырыбы: Әскери коммунизм саясаты (1918 – 1921 жж). Қазақстандағы
ЖЭС

• Мақсаты: Қазақстандағы халық шаруашылығының мән – жайын түсіндіру. Ел
экономикасын соғыс жағдайна ыңғайлап құрудың мәнін түсіндіру. Қазақ
өлкесіндегі еңбекшілер жағдайына тоқталу. ЖЭС – тің мәнін анықтау.

• Дәріс жоспары:
1. Соғыс жылдарындағы экономикалық саясат
2. ЖЭС – қа көшу.
3. ЖЭС – тың қиындықтары мен табыстары
4. Қазақстанның әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы

• Дәріс тезистері:

Советтік қоғамтану ғылымы ЖЭС — жаңа экономикалық саясат кезеңін ұзақ
жылдар бойы социализм идеалдарынан уақытша шегіну кезеңі ретінде,
тактикалық сипаттағы міндеттерден туған амал-айла ретінде түсіндіріп келді.
Жаңа экономикалық саясат тұтас алғанда Социалистік таңдау идеясы бағытын
сақтай отырса да, ол бірақ реформизмнің өзгеше бір моделі, қоғам дамуының
әкімшілік-оміршілдік жүйесі жауып тастаған баяндырақ жолы болатын.
Азамат соғысы аяқталысымен әскери-коммунистік шаралар жаңа әлеуметтік-
экономикалық және саяси өмір болмысымен бітіспес қайшылықтарға тап болды.
Революциялық романтикамен бұдан былайда әуестене берудің, коммунистік
өндіріске және оның өнімдерін бөлуге тікелей өту мүмкіндіктеріне сенудің
аяғы шаруашылықты бүлдіріп, қирататын тенденцияны қатты күшейтті. Бүкіл
елдің халық шаруашылығы, оның ішінде Қазақстанның экономикасы да, олардың
ойранды кесапатын басынан өткерді.
Қатты дағдарыс екпіні Республиканың ауыл шаруашылығынан айқын
байқалады. Мысалы, егістік көлемі 1914 ж. 3,6 млн. деседен (ор. — десятина)
1922 ж. 1,6 млн. десеге дейін қысқарды. Егіннің шығымдылығы сол 1914 ж. әр
деседен түсетін 38,7 пұттан 1921 ж. 18,7 пұтқа дейін азайды. Осы кезеңде
астықтың жалпы өнімі 3 есе-ден аса кеміп кетті.
Малшаруашылығының саласы да ауыр халге ұшырады. 1914 жылдан 1922 жылдың
аяғына дейін ірі қара мал саны 2,1 млн-ға, жылқы — 2 млн-ға, уақ мал (қой,
ешкі) 6,5 млн-дай, түйе — 0,3 млн-ға азайды. Жалпы алғанда осы жылдарда
барша мал түрі 10,8 млн басқа кемиді.
Ауыл шаруашылығында болған апаттың аяғы сұмдық аштыққа апарып соғады.
Әр жерден түскен ақпарға қарағанда, 1921—1922 жж. Орынбор гүбернәсінде 445
м. адам, Қостанай гүбернәсінде — 225 м., Оралда — 400 мың, Ақтөбеде — 360
мың., Бөкей гүбернәсінде — 100 мың адам аштық азабын тартты.
Кейінірек анықталған мәліметтерге қарағанда, республикада 2,3 мың адам
ашыққан.
Аштықтан және онымен ере келген аурулардан, сол сияқты ауыртпалық
жайлаған аудандардан үдере көшу халық санын күрт кемітті. 1914 ж. өлке
жерінде 4.811.662 адам тұрса, 1922 ж. 3.795.963 адам қалды.
Мемлекеттік күштеу саясаты ауыл мен село наразылығын күшейте түсті.
Кейбір кезде өкімет қолданған әкімшілік әлек шөлегінен шаруалар айылын
да жимады, тіпті қарулы қарсылығын көрсетті. 1920 ж. Семей облысында
бүліншілік бұрқ етті, оған өкіметтің азық-түліктік өктемділігіне төзбеген
орташалар мен дәулетті топтардың едәуір бөлегі қатысты. Сол жылы мұндай
толқу Батыс Қазақстанға да тарады, онда Қызыл Армияның бұрынғы дивизия
комаңдирі А. Сапожковтың басшылық етуімен кең көлемді шаруалар қозғалысы
қанат жайды. 1921 ж. ақпан-наурызында өлкенің Ақмола, Петропавл, Көкшетау
т.б. ояздарда шиеленіс қордалана бастады.
Қазақстанда орын алған хал-ахуал күллі елді қамтыған экономикалық және
саяси дағдарыстың жалпы сыңайын танытқандай еді. Барлық жердегі сияқты,
мұнда да шаруашылық саясатыны мүлде жаңа принципіне көшу қажеттігі айқын
көрінді, оның негізгі арқауы — тауарсыздық утопиядан — қиялдан ақылға
қонымды экономикалық қатынасқа яғни базарлық, тауарлық-ақшалай қатынасқ өту
идеясы еді.
РК (б) П X съезі (1921 ж. наурыз) шаруашылық мүддесін іске қосудың
пәрменді жүйесін жасау жолыңда шешуші шара қолданды. Тап осы сьезде азық-
түлік салымынан азық-түлік салығына көшу туралы шешім қабылданды. Бірақ бұл
шара жаңа экономикалық саясат шеңберінде жүзеге асырылып жатқан реформалар
кешенін түгел қамти алмады. Салық саясатында шаруашылық саласындағы
белсенділікке жаңа серпін берген аса мәнді езгерістерйен бірге, қаржыда,
кредитте, ақша шаруасында, арендада, еңбек заңында, жер ісін реттеуде және
әлеуметтік-экономикалық қатынастың басқа да бірқатар фрагменттерінде
пәрменді қам-харекеттер жасалды.
Жаңа экономикалық саясат шеңберінде жасалып, жеделдете жүзеге асырылған
аса маңызды шаралар көп ұзамай ауыл шаруашылығының жай-күйін жақсартуға игі
әсерін тигізді.
1925 ж. егіннің көлемі 3 млн. гектарға жақындады. Орал, Ақмола, Семей
гүбернәларының бірқатар дәстүрлі астықты аудандарында егін түсімі 1913 ж.
деңгейіне жетеді. 1925 ж. 92 млн. пұт астық жиналады, бүл 1914 ж. сәл ғана
кем еді. Мал шаруашылығы саласы да дағдарыс бұғауынан босанды. 1925 ж. мал
саны, 1922 ж. салыстырғанда, екі есе өсті.
Сауда-саттық өркені де кең жайылады. 1926 ж. Қазақстан тер-риториясында
128 жәрмеңке жұмыс істеді. Жәрмеңке саудасының жалпы айналымы 20 млн. сомға
жетеді. Ойыл, Қуандық, Қарқара, Коянды, Темір, Көкшетау, Атбасардағы сияқты
жыл сайын еткізілетін жәрмеңкелер даңқы шартарапқа кең жайылып кеткен еді.
Республика халық шаруашылығында анық көріне бастаған өсу нышаны
дағдарыстан шығудың белгісі ғана емес, тоқырау мен құлау тенденциясының
уақыт еткен сайын жағымды-жарқын қам-харекетке орын бере бастағанының куәсі
еді. Мұндағы ең басты нәрсе шаруашьшық орындары нарық экономикасының өлшем-
мөлшеріне шыға бастағандығы болатын.
Өлке экономикасының көпукладты сипаты анық байқала бастайды. Және
меншіктің әралуан түрлерінің қатар өмір сүре бастауы, олардың бәсекелестігі
мен ұдайы өндіру арқылы бірін бірі толықтырып отыруы халық шаруашылығының
үдемелі қозғалысын анықтады.

Экономикаға мемлекеттік араласу — таптық мұраттың идеологиялық сарынға
шырмалған саясатын ұдайы білдіріп отырса да, қанша айтқанмен де азды-көпті
ақылға қонымды межемен шектелді, ол көбінесе укладаралық ұдайы өндірістік
байланыстарды (салық, кредит, қайта бөлу механизмдері т. б. арқылы)
реттеумен тынды. Мұндай саясат кәдімгідей ақылды сияқты еді. Өйткені ол
меншіктің әралуан түрлеріне төзімділікпен қарауды білдіретін және
экономикалық өмірдің барша шынайы субъектілерінің жұмыс істеу мүмкіндігін
сақтайтын.
Әртүрлі ұйымдық-шаруашылық құрылымдардың бірден-бір тиімді критериі
экономикалық мақсаттылық болды. Кімде кім шектеулі бәсекеде қабылетін
керсетсе, ол табиғи түрде өмір сүру хұқын алды да, бұған сай келмегендері
экономикалық тіршіліктің шет-шетіне ысырылып тасталып отырды.
Өзінің стратегиялық мақсат-мұратында жаңа экономикалық саясат баяғы
таптық мүдденің қиялы идеясын алға тарта берді, сол себепті де социалистік
тенденция бейтарап қалдырыла алмады.
Ұзақ әлеуметтік мәдени эволюция барысында қалыптасқан дәстүрлі
шаруашылық — экономикалық кешені сырттан өндірілетін реттеуші бақылауға
кәдімгідей қарсылық жасап бақты. Алайда қызметтің әбден күйттелген
механизміне және дәстүрлі құрылымның ұдайы өнідірісіне, оның әлеуметтік
мәдени және институтционалды приоритеттеріне, ақырында социумды
ұйымдастырудың экологиялық жүйесінің қалыптасқан тәртібіне кезсіз килігу
уақыт өткен сайын күшейе түсті, бұл әрине бүлдіргіш процесті туғызбай тұра
алмады. Этнос өмірін қамтамасыз ету жүйесіне жасалған кеп соққының
біріншісі 20-шы жылдары берілді.
Шаруашылық-мәдени қам-харекеттің үстем түрі есебінде, Қазақстанның
аридті жағдайында тіршілік ететін мал шаруашылығының мақсаты Күн көріс
экономикасы болып табылады, оған тек өндіріс құралдарын яғни мал мен
жайылымды және қажетті азық-түлікті ұдайы өндіруді қамтамасыз еткен
жағдайда ғана қол жетеді.
Бірақ осынау күрделі міндетті орындауға көшпелі малшының жалғыз езінің
әл-дәрмені жетпеді, ейткені малдың қоныс-өрісін ұйымдастыру, оны жаңғыртып
отыру ж. б. малды белгілі дәрежеде бір жерге жинаған кезде ғана мүмкін
болды. Өндіріс құралын (малды) жеткілікті мөлшерде шоғырландырған кезде
ғана жеке шаруашылық бірқалыпты еңбек ете алатын болады, демек күн көре
алатын еді. Осы мақсатқа жету үшін мал өсіретін шаруашылықтар өзара
бірлесіп, бір-біріне қажетті малды жинап яғни оптиум біткенше өндіріс
құралымен толықтырып отырады. (бұдан анық байқалатын бір нәрсе — қауымға
парласып яғни тең жағдайда тек қосымша толықтыру қызметін атқара алатын
шаруашылық қана кіре алады, ол үшін оның аз да болса қажетті малы болуға
тиіс).
Демек, мұнда шаруашылық мүдде жалпыға бірдей ортақ яғни кооперация
болған. Өндіргіш күштері жеткілікті дамымаған жағдайда тек кооперация ғана
компенсаторлық қызмет атқарады. Жеке адамның қолы жете бермейтін не ішінара
ғана жететін еңбек құралын техникалық жағынан меңгеруді қамтамасыз етеді.
Басқаша айтсақ, еңбекте кұш-жігерін біріктіру қажеттіті обьективтік сипатқа
ие болады.
Әлбетте, қауым өндіріс пен оның өнімін бөлу саласындағы қайшылықтардың
күллі жиынтығын сақтап қалады. Әлеуметтік жіктелу нәтижесінде қауым
мүшелерінің бір бөлегі кедейленіл, қауымнан шығарылады, өйткені өндіріс
құралынан (мал) айырылады.
Сонымен бірге қауымда байлықты яғни малды жинап қорлану харекеті де
жүріп жатады. Мал санын жоғары деңгейде жеткілікті жинаған шаруашьшықтар
енді қауымдық кооперацияға мұқтаж болмайды.
Сонымен ауыл, қауым, ірі бай шаруашылығы сияқты шенеуніктер саналы
түрде қатар қойып, оп-оңай айта беретін, түсініктер шын мәніңде бір-бірімен
мүлде теңбе-тең болмаған. Егер ауыл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Әскери коммунизм саясаты
Әскери коммунизм саясатының мәнін неғұрлым кешенді баяндау
Сібір және Түркістан автономиялары мәселесі
1917 – 1939 жылдардағы қазақ халқы
Қазақстандағы «соғыс коммунизм» саясатының мәні мен ерекшелігі
Жаңа экономикалық саясатқа көшу
Әскери коммунизм саясаты - жер бетіндегі утопияны орнату саясаты
Ресейдегі ақпан буржуазиялық демократиялық революциясы және оның Қазақстанға ықпалының ерекшелігі
Әскери коммунизм
Жаңа экономикалық саясаттың белгілері
Пәндер