Өлкедегі кеңестік мемлекеттің құрылуы


Ф КГМА 1-8-22/02
МУ «Организация
Методической работы в
Соответствии с ГОСО 2006
года» от 04. 07. 2007 г
Қарағанды мемлекеттік медицина академиясы
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы
ДӘРІС
Тақырыбы: Өлкедегі Кеңестік мемлекеттің құрылуы.
Пәні: Қазақстан тарихы
Мамандығы: 051301- Жалпы медицина
Курс: 1
Ұзақтығы: 2 сағат
Қарағанды 2008 ж
Кафедраның мєжілісінде талќыланып бекітілген
Хаттама № «» 2008ж.
Кафедра меңгерушісі: О. К. Никитина
- Тақырыбы:Өлкедегі Кеңестік мемлекеттің құрылыстары.
- Мақсаты:Территориялық - әкімшілік орналасу. Қазақ жерлерін ҚҚАСР құрамына біріктірудің мазмұны мен мәнін түсіндіру. Демократиялық жағдайды түсіндіру. Қоғамдық - саяси оппозиция мәні. Өлкедегі қоғамдық - саяси және идеялық күрестің сипатын көрсету.
- Дәріс жоспары:
- Территориялық - әкімшілік орналасу
- Демографиялық жағдай: 1926 ж халық санағы
- 1921-1922 жж. Жер - су реформасы
- Өлкедегі қоғамдық - саяси және идеялық күрес
- Дәріс тезистері:
Орта Азия республикаларының ұлттық - мемлекеттік жағынан межеленуі - ұлттық мемлкеттік құрылыстың аса маңызды актісі; Орта Азия, Қазақстан халықтарының өз еркімен ұлт саясаты негізінде 1924-1925 ж. ж. Совет мемлекеті жүзеге асырған территориялық мемлекеттік құру кезеңдерінің бірі. Орта Азия халықтарының әрқайсысының өз тарихы, талай ғасырлардан бері келе жатқан ұлттық дәстүрлері мен ерекшеліктері бар. Совет өкіметінің алғашқы жылдарында құрылған Түркістан АССР - ын, Бұқар және Хорезм Халықтық Совет Республикаларын Орта Азия халықтарының түр жағынан шындалған мемлекеттік құрылымдары деп есептеледі. Сондықтан да ол РК (б) П - нің Түркістандағы міндеттері туралы ОК (Орталық Комитет) шешімінің жобасына жасалған ескерпелерінде былай деп жазды: «1) Түркістанның Өзбекистан, Қырғыстан және Түркістан өлкелеріне бөлінген картасын (этнография және басқа) жасау тапсырылған. 2) Осы үш бөліктің қосылу немесе бөліну шарттары егжей - тегжейлі анықталсын». Ол кезде Орта Азияны ұллтық жағынан межелеу үшін саяси және әлеукметтік жағдайлар әлі жасала қоймаған еді. РСФСР құрамына енген көп ұлттық Түркістан АССР - нің саяси, экономикалық және мәдени дамуының шапшан алға басуы Бұхар мен Хорезм еңбекшілерінің өз халық республикаларын социалистік республика етіп қайта құруға деген талабын күшейтті. Совет үкіметінің нығаюы, жұмысшылар мен дихандар одағының күшеюі, Азамат соғысының айқталуы, халық шаруашлығын қалпына келтірудегі табыстар, Орта Азиядағы ұлттық қатынастардың жаңа да әділ негізде үйлесуі мен жергілікті халықтар арасында достастықтың едәір өсуі, совет қызметкерлердің ұлттық кадрларын өсіп - жетілуі Орта Азияда ұлттық мемлекеттік межелудің аса маңызды алғы шарттарын жасады. Бұлардың нәтижесінде Бұхар мен Хорезмге аса ірі саяси, әлеуметтік - экономикалық шаралар жүзеге асырылды. 1923 жылдың қазанында Бүкіл Хорездік құрылтай жиналысы Хорезм Халықтық Совет Республикасының Советтік Социалистік Республика етіп қайта құруға қаулы алды, ал келесі жылы қыркүекте Бүкіл бұқаралық құрылтай жиналысы Бұқар Советтік Социалистік Республикасын жариялатты. 1924 жылы ақпанда, наурызда Түркістан Бұхар және Хорезм Компартиялары Орталық Комитеттерін пленумдарымен партия - совет активтерінің кеңестерінің Орта Азияда ұлттық межелу ісін жүргізуді жақтады. РК(б) П Орталық Комитеті бұл мәселені қарап, Түркістан, Бұхар және Хорезм Компартияларының қызметін реттеп отыратын РК(б) П Орталық Комитетінің Орта Азиялық бюросы мен жергілікті партия органдарына ұлттық межелу жобасын әзірлеп, Орталық Комитетінің қарауна ұсынуды тапсырды. 1924 жылы 12 маусымда Саяси Бюро «Орта Азия республикаларын (Түркістанды, Бұқарды, Хорезмді) ұлттық межелеу туралы» қаулы қабылданды. Өлке халықтардың тілектерімен мүдделерін еске ала келіп, Орталық Комитетінің Түркімен және Өзбек Совет тік Социалистік Республикаларын құруды жақтады. РК(б) П Орталық Комитеті Түркістанның Қырғыз (қазақ) аудандарын Қырғыз (қазақ) АССР- мен біріктіру РСФСР құрамында Қара Қырғыз (қырғыз) автомиялық облысын, Өзбекстан ССР- і құрамында тәжік автономиялы облысын құру қажет деп тапты. Орталық Комитет бұл Одақтас республикалардың СССР құрамына енуін және Түркіменістан, Өзбекстан компартияларын құру туралы мәселені де қарады. РК(б) П Орталық Комитетің Орта Азия бюросы жанынан ұлттық территориялық межелу жөніндегі Орталық комиссиясы құрылып, оған жанадан құрылып жатқан барлық республикалармен облыстардың өкілдері енді. Орта Азия республикаларын ұлттық межелу жөніндегі шешімді Орта Азия халықтары зор қанағаттанғандықпен қарсалды. Бұл ұйғарымды бүкіл халықтық талқылау кезенінде еңбекшілер бұқарасы ұлт саясатын бір ауыздан мақұлдады. Мұның өзі ұлттық межелу туралы шешімнің халық тілегіне сай екенің, бұқара ырқын баянды ететінің көрсетті. 1924 жылы күзге салым межелуге әзірлік негізінен аяқталды. Сол жыыл қыркүекте Түркістан ОАҚ-ның төтенше сессиясы мен Советтердің Бүкілбұхаралық Бүкілхорезмдік құрылтай жиналыстары межелеу ісін Түркістан, Бұқар және Хорезм республикаларының өкіметтері арасындағы келісім негізінде жүргізу жөнінде бірауыздан қауыл қабылдады. Орта Азия республикалары ұлттық межелу жайында Я. Э. Рудзудактың сөзін тыңдай келіп РК(б) П Орталық Комитенің Қазан (1924) пленумы Орта Азия партия, Совет ұйымдарының бұл бағыттағы жұмысы туралы хабарды мақұлдады. Өлкеде жүзеге асырылған орасан зор саяси және ұйымдастыру жұмыстанының нәтижесінде Түркістан, Бұхар, Хорезм Советтік Республикаларының орнына: Өзбек Советтік Социалистік Республикасы, Тәжір Автономиясы Советтік Социалистік Республикасы (бастапқы Өзбек ССР-нің құрамында болды 1929 жылы желтоқсанда одақтас республика қайта құрылды) . РСФСР құрамына енген Қара Қырғыз (қырғыз) автономиялы облысы ( 1926 жылдан АССР 1939 жылдан одақтас республика), ҚазССР - нің құрамында Қарақалпақ автономиялы облысы (1932 жылы АССР болып қайта құрып, РСФСР құрамына енді, 1936 жылы Өзбек ССР құрамында) ұйымдасты. Бұрынғы бытырап жатқан өзбек, түркімен, тәжік, қырғыз, қазақ, қарақалпақ жерлері бірыңғай Советтік социалистік республикалар мен автономиялы облыстарға бірікті. Бұл арқылы Орта Азия халықтарының Советтік ұлттық мемлекеттігін одан әрі дамытуға жаңа қадам жасалды.
1920 жылдың 4-12 қазанында Орынбор қаласында өткен Қазақстан советтерінің Құрылтай съезі 1920 жылғы 26 тамызда Ленин және Калинин қол қойған декрет негізінде РСФСР дің құрамындағы Қазақ автономиялық Советтік Социалистік Республиканың құрылғандығын жариялады. Ресми мәліметтер бойынша 1920 жылдың күзінде Қазақ АССР - нің жер көлемі 2, 285, 26 кв верста болып, халқының саны 4, 068920 адамға жетті. Солардың ішіндегі қазақтар - 2, 441360 немесе 40 проценті.
Қазақ АССР - нің жариялануы Қазақ Совет мемлекеттігінің территориялық тұтастығын қамтамасыз ету жолындағы аса ірі оқиға болды. Алайда қазақтар мекендеген оңтүстік облыстар әлі де Түркістан республикасының құрамында еді. Сонымен қатар қазақтардың айтарлықтай топтары Хорезм және Бұхара республикаларының территорияларында батырап жатты. Олар Түркістан АССР-і тұрғындарының 19, 3 процесінтіне, Бұхара республикасы тұрғындарының 1, 5 және Хорезм тұрғындарының 3, 5 процентіне тен болды. Ал Қазақ автономиялық республика құрамына: Семей (Павлодар, Семей, Өскемен, Зайсан, Қарқаралы уездері ), Ақмола (Атбасар, Ақмола, Көкшетау, Павлодар уездері және Омбы уезінің бір бөлігі), Торғай (Қостанай, Ақтөбе, Ырғыз, Торғай уездері), Орал (Орал, Ілбішін, Темір, Гуреев уездері) облыстары сондай-ақ Маңғыстау уезі Закаспий облысындағы Краснаводск уездерінің 4 және 5 Адай болыстары, Астрахань губерниясының каспий теңізінің жағалауындағы Солтүстік шығыс бөлігі, Бөкей ордасымен теңіз менындағы округтердің болыстықтары енді. Совет Үкіиеті ешқандай да территориялық талас пен алауыздыққа жол бермей кейбір жекелеген жергілікті қызметкерлердің шовинистік және ұлтшылдық көзқарастарын тойтара отырып қазақ халқының біртұтас бірігу мәселесін осылайша әділ шешкен еді.
1921 жылы Ақмола мен Семей облысының Омбы уезінің өзінен басқа жері Сібір ревкомның қарауынан алынып, Қазақ АССР- нің құрамына берілді. Сол жылы Қазақстан Орталық Атырау комитетінің декреті бойынша Жайық пен Ертіс өнірінде қазақтарға тартып әперген он шақырымдық шеп құраған жерлер қазақ халқына қайтарылды. Бұл жекелеген орыс жауапты қызметкерлерінің ызалы қарсылығын туғызды.
Республиканың құрамынанг жекелеген уездерді тіпті губернияларды бөліп әкетуге әрекеттер жасалды, мысалы 1921 жылы маусымда Оралгупкомы казактардың правосын қорғау желеумен Жайықтың сол жақ жағалауында да қазақтанға қайтарылған он шақырымдық шеп құрайтын жерді бермеу туралы хабарлады. Алайда партиялық орталық комитеті мұндай өтінішті қабылдамай тастады. Ал РК(б) партиясының қазақ обкомының президиумы губкомының позициясын саяси қателік ретінде айыптады. Сөйтіп губкомның құрамына өзгерістер енгізілді.
Қостанай губерниясындағы кейбір басшы қызметкерлердің тарапынан да шовинистік әрекеттер көрінді. Ұлт саясатының мәнісін түсінбеген олар Қостанай уезін Қазақ АССР - нан бөліп, Челябі губерниясына қосу туралы талап қойды. Алайда РК(б) ІІ Орталық Комитет және обком Қостанай губкомының жұмысын зерттеп, басшы қызметкерлер тобының шовинистік көзқарасын айыптады. Сөйтіп губкомның хатшысы Шафет бастаған бұл топты қызметтен босатты.
В. И. Лениннің басшылығымен Орта Азия Ұлттық мемлекттік межелеу, Оңтүстік Қазақстанды Қазақ Республикасына қосу жөнінде үлкен әзірлік жұмыстары жүргізілді.
1918 жылы мамырда түркістан автономиясы құрамына кіріп кеткен Жетісу, Сырдария облыстары мен Каспий сырты аймағының тағдырын шешу де күн тәртібінде тұрды. Бұл туралы 1920 жылы 11 қаңтарда Ақтөбеде өткен 1 - ші Бүкілқазақстандық конференция арнайы мәселе қаралды. Онда Ташкент қаласы Қазақ Автономиялық Кеңестік Социалистік Республикасының астанасы болады деп жариялады. Әрине бұл қата шешім еді. Ежелгі қазақ жерлері - Жетісу мен Сырдария облыстарын, Маңғыстау мен Красноводск уездерін Қазақ өлкесіне қосу мәселелерін Түркістан республикасы үкіметінің алдына қою үшін Ташкентке Казревкомның арнаулы өкілі жіберілді. Сібір ревкомына қарап келген Ақмола және Семей губернияларын Қазақ республикасына қосу мәселелерін талқылау мақсатымен және осы екі облысты мекендеген қазақ еңбекшілерімен тығыс байланыс жасап, олардың талап тілектерін жете түсіну үшін Омбы мен Семей қалаларына да комитет өз өкілдерін аттандырды. Олар Қазақ Республикасының түпкілікті шекараларын анықтауға байланысты келіс сөздер жүргізді. Бұл салада Казревкомның жанынан құрылған Қазақ АССР - нің мемлекеттік шекарасын анықтау жөніндегі комиссия қызметі аса маңызды болды. Оның алдына мынадай міндеттер қойылды: Бұл өлкенің экономикалық - саяси және этнографиялық жағдайланы байланысты Қазақ Республикасына қосылуға тиіс байырғы территорияларды анықтау: Республика шекарасын дәлдеп анықтау және оған байланысты Халық Комиссиялары Советі мен Бүкілқазақтық Советтер съезіне ұсыныстар әзірлеу: Көрші губерниялар мен Қазақтсан мен байланысты даулы мәселелер жөнінде қортынды беру және оларды тікелей шешу; республиканың ішкі әкімшілік бөлінуінің жобасы жасау тапсырылды.
В. И. Лениннің Түркістанды болашақта ұлттық мемлекеттерге бөлу мүмкіндігі туралы ескертуі көптеген жан - жақты әзірлік жұмыстарынан кейін, 1924 жылы жүзеге асырылды. Осының нәтижесінде СССР - дің құрамында Өзбек және Түркімен Советтік Социалистік Республикалары, Өзбек ССР-нің құрамында Тәжік АССР - і, РСФСР- дің құрамында Қырғыз АССР - і құрылып, бұрынғы Түркістан АССР - не қарап келген Жетісу және Сырдария облысының Қазалы, Ақмешіт, Түркістан, Шымкент, Әулиетата уездері мен Ташкент, Мырзашөл уездерінің және Самарканд облысы Жизақ уезінің кейбір облыстары, Жетісу облысының Алматы, Жаркент, Лепсі, Қапал уездері, Піспек уезінің қазақтар мекендеген ауыфлдары қосылды, Қазақ АССР - нің жер көлемі 700 мың шаршы шақырымға, халқының саны 1 млн. 468 мың адамға көбейді. 1926 жылға ресми мәліметтер бойынша республика халқының 61, 3 проценті қазақтар болды.
1929 жылы Республика астанасы Қызылордадан Алматыға ауыстырылды. Ал 1936 жылғы желтоқсанда Қазақ АССР -і одақтас Республика болып қайта құрылды. 1990 жылы 25 қазанда Қазақстанның мемлекеттік егемендігі туралы тарихи декларация, 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз мемлекет жарияланды. 1998 жылы 10 маусымда Қазақ Республикасының астанасы Астана (Ақмола) қаласына ауыстырылды.
Іс жүзінде патша самодержавиесінің саясатын жалғастыра отырып, Уақытша үкімет Қазақстанда ұлт мәселесін шеше алмас еді, Әрі ол аграрлық мәселені шешуге де ұмтылмады. Баска езілген халықтар сияқты қазақтардын өзін өзі билеуі немесе автономия алу мәселесін ол тіпті күн тәртібіне қоюға тырыспады. Бұл Ә. Бөкейхановтың «Қазақ» газетінде өзінің кадеттер партиясының шығатындығын жұрт алдында мәлімдеуіне себеп болды. Ол үшін мәселені атап көрсетті: « . . . Кадет партиясы жерді меншік еті бергенді жөн көрді. Біздің қазақ жерді меншік етіп алса, башқұрттарша көбі мұжыққа сатып, біраз жылда сатылып, жалаңаш шыға келеді. Кадет партиясы ұлт автономиясына қарсы. Біз Алаш ұранды жұрт жиналып, ұлт авономиясын тікпек болдық . . . » Біздің қазақ қырғыз дін ісін көркейтетін болса, үкіет ісінен бөліп қойған болады. Мұны орысша «Отдиление церкви от Государства» дейді. Кадет партиясыменің бұл пікіріме өзгеше қарайды. Осы үш жолдың айырылғаны биыл ашыққа шықты. Менен сонан соң қазаққа Алаш партиясын ашуға кірістім». Қазақ либералдық қозғалысының басшылары осы жағдайда дүниенің тез өзгеріп жатқанын және саяси күштердің бағыт ұстану процесінің шапшаңдай түскенін ескеріп, жалпы қазақтық съез өткізуді жылдамдатуға шешім қабылдады.
Қазақстанның барлық облыстарынан дерлік өкілдері қатысқан бірінші жалпы қазақтық съез Орынбор қаласында 1917 жылы 21-26 шілдеде өтті. Күн тәртібінде 14 мәселе болды. Олар: мемлекеттік басқару жүйесі; қазақ облыстарының автономиясы; жер мәселесі; халық милициясын құру; земство; халыққа білім беру; сот; рухани- діни мәселелер; әйелдер мәселесі; Құрылтай жиналысын шақыру және қазақ облыстарында оның сайлауына әзірлік; бүкілресейлік мұсылман съезі; қазақ саяси партиясын құру; Жетісу облысындағы оқиғалар; Киевтегі бүкілресейлік федеративтік кеңеске және Петроградтағы халыққа білім беру жөніндегі комиссияның жұмысына қазақтардың қатысуы туралы мәселелер еді.
Делигаттар ұлттық автономия проблемасына, жер мәселесінің шешілуіне, Құрылтай жиналысына әзірлікке және қазақ саяси партиясын құруға басты назар аударды. Съез басталардан 1 ай бұрынырақ «Қазақ» газетінің беттерінде автономия мәселесі жөнінде әртүрлі көзқарастар айтылған бірқатар мақалалар жазылды. Оларда: егер автономияның қажеттілігі мүлде айқын десек, онда қазақтар үшін қандай формасы неғұрлым ыңғайлы болады - мемлекеттік автономия ма немесе федеративтік автономия ма? Егер біз регионалдық автономия формасына жетсек, онда оның негізі не болады - территория ма немесе мәдениеттің ерекшелігі ме, әлде ұлттың ерекшелігі ме? Қазақтар тәуелсіздікке өз бетімен талаптана ала ма, әлде оған басқа халықтармен бір одақта қол жеткізе ме? - деген сұрақтар қойылды- бірақ оларға тиянақты жауап берілмеді. А. Байтұрсынов пен М. Дулатов тәуелсіз автономиялы қазақ мемлекетін құруды жақтады. Бөкейханов «Демократиялық, федеративтік және парламенттік Ресей республикасындағы» қазақтың ұлттық - территориялық автономиясы болғанын ұнатты. Осы пікірді делегаттардың көпшілігі қолдады. «Қазақ облыстары, - деп көрсетілді. Съез қарарында, -
территориялды - ұлттық автономияны алуға тиіс. » Съезд жұмысындағы өзекті мәселе-жер мәселесі болды. Осы мәселеге байланысты съезд қарарының негізі желісі мынаған сайды: қазақ қоғамы жерінің тартып алынуы тыйылады, конфискеленген барлық жер, сондай-ақ қоныс аудару басқармаларының әлі бөлініп үлгерілмеген жер учаскелері дәстүрлі пайдалануы үшін қазақ қауымдарына қайтарылады; ценз енгізу негізінде далаға көшіп келу тоқтатылады және т. б.
Съезд Құрылтай жиналысына дайындық мәселесін талқылады, депутаттыққа кандидатар тізіміне 81 адам - Қазақстанның барлық аймақтарының, сондай-ақ Бұқарадағы, Ферғанадағы және Хиуадағы қазақ қауымдарының, өкілдері енгізілді. Олардың арасында «Қазақ» газетінің басшылары, қазақ ұлттық - либералдық қозғалысының жетекшілері Ә. Бөкейханов, А. Байтұрсынов, аймақтар жетекшілері: Ә. Ермеков, Х. Ғаббасов (Семей), Ж. Досмухамедов, Х. Досмухамедов (Батыс Қазақстан), М. Тынышбаев (Жетісу), М. Шоқаев, С. Асфен-Дияров (Түркістан өлкесі) болды. Кандидаттар арасында сондай-ақ орыс ғалымы Г. Потанин мен саяси қайраткері В. Чайкин жүрді. Съездің шешімдеріне «Қазақ» газетінің төңірегіне топтасқан қазақ интелегенттері күшті ықпал жасады. Осының арқасында мұсылман діндарларының қазақ халқына ықпал ету мүмкіндіктері азайды: олардың редакцияшыл соттары жойылды. Олардың орнына құқықтық құрылымдар енгізілуге тиіс болды, әйелдер еркектермен бірдей құқыққа ие болуы керек деп саналды, қалымға тыиым салынды. Білім алу міндеті іс деп табылды және оны іске асыру азаматтық өкіметке жүктелетін болды.
Осымен қатар съез шешімдері Ақмола, Семей, Торғай, Орал облыстарындағы және Закаспий облысының қазақ аудандарындағы мұсылмандарды басқару үшін Орынборда тәуелсіз муфтилік құру керектігін ескерді. Бүкіл қазақтық бірінші съез шын мәнінде қазақтың ұлттық саяси партиясы «Алаштың» съезі болып айқындалды. Оның шешімінде: «Қазақ партиясын құруды мойындай отырып, съез бүкіл ресейлік мұсылмандар кеңесіндегі қазақтардан барған өкілдерге осы партияның бағдарламасын жасауды тапсырады, соның өзінде бұл саяси бағдарламаның негізіне демократиялық, федеративтік, парламенттік республиканы талап ету(Ресейде құру) » деп жазылды. А. Бөкейханов, А. Байтұрсынов буржуазиялық-демократиялық бағыттығы қазақ интелегенциясының басқа да өкілдері «Алаш» партиясының жетекшілері болды. Бұл либералды байлар мен ұсақ буржуазиялық демократияның партиясы еді.
«Алаш» партиясына сондай-ақ ғылыми және өкілдері: М. Тынышбаев, М. Жумабаев, Ш. Құдайбердиев, Ғ. Қарашев, С. Торайғыров, Х. Ғаббасов, Ә. Ермеков және Х. Досмухаметов ж, б кірді. Бұлардың басым көпшілігі 1917 жылыдың жазында қалыптасқан жағдайда, тұтасынан алғанда қазақ қоғамы оған дайын болмағандықтан, социалистік бағдарламаны қабылдамады. Олар «Қазақ халқын отарлық езгіден азат ету » ұраны төңірегіне топтасты.
1917 жылдың күзінде Қазақстанда тағы бір ұлттық -саяси ұйым-өзін «Қырғыздың (қазақтың ) социалистік партиясы » деп атаған «үш жүз » партиясы пайда болды. Оның жетекшісі Көлбай Тоғысов еді. Бұл партия большевиктік бағыт ұстап, Қазақстанның қоғамдық - саяси өмірінің көптеген мәселелері бойынша «Алаш» пртиясы-ның негізгі оппоненті тұрғысында оған қарсы шығып отырды .
1917 ж. 24 қазанда ( 6 қарашада) Петроградта қарулы көтеріліс басталды . Ертеніне көтерілісші жұмысшылар. Салдаттар мен матростар астанасының аса маңызды орындарын басып алды. 25 қазанда ( 7 қарашада) таңертең Әскери-революциялық комитет Уақытша үкіметтің құлатылғанын хабарлады
Қазан қарулы көтерілісінің Петроградтағы жеңісінің және орталықта, сондай-ақ Қазақстанмен іргелес ірі қалалар-Таш-кентте, Омскіде, Орынборда, Астраханьда кеңес өкіметі орнауының Қазақстанда бүкіл өкімет билігінің Кеңестер қолына өтуі үшін шешуші маңызы болды. Алайда Қазақстанда кеңес өкіметінің орнату төрт айға, 1917 ж. аяғынан 1918 ж. наурызына дейін созылды. Бұл процесс өлкенің әлеуметтік-экономикалық және мәдени артта қалуына, жергілікті жұмысшы табымен большевиктің ұйымдардың сан жағына аз әрі әлсіз болғандығына, ұлтаралық қатынастардың өкіметінің өлкеде жеңісіне жетуінде салдат депутаттарының Кеңестеріиебіріккен жергілікті гарнизандардың салдаттары, және ақпан революциясынан кейін Қазақстанға оралған әрі барынша қолдаған көңіл күйдегі, өздеріне- бейбітшілік ал-шаруашыларға- жер беруге уәде жасаған өкіметтің болуына жеке мүдделі бұрыңғы майдангерлер шешуші рөл атқарды.
Орал, Жетісу, Сібір және Орынбор казак әскерлерінің әскери үкіметтері деп аталатындардың табанды қарсыласуымен, сондай-ақ Қазақстанның әр түрлі қалаларында ( әсіресе Оралда ) орталық аудандардан қашқан бұрынғы құлатылған Уақытша үкімет жақтастарының шоғырлануымен қиыншылықты жағдай одан бедел күшейе түсті.
Сырдария, Ақмола облыстарының және Бөкей Ордасының көптеген аудандарында большевиктер бастаған күштер шешуші басымдықта болғандықтан да Уақытша үкіметтің жақтаушылары оларға қарулы қарсылық көрсете алмады, сөйтіп Кеңес үкіметі бейбіт жолымен жұмысшылар мен кедей шаруалардың Кеңестерде мықты көпшілікке ие бола алуы жолымен жеңіп шықты.
Уақытша үкіметтің жақтастары едәуір күшке ие болған Торғай, Орал, Семей және ішінара Жетісу облыстарында істің барысы басқаша өргіді. Көптеген жерлерде, соның ішінде облыс орталықтары мен уездік қалаларда Кеңес өкіметі қызыл гвардиялық отрядтардың және жергілікті гарнизондардың большевикшіл солдаттарының күштерімен қарулы көтерілістер жасап, Уақытша үкіметтің жергілікті органдарының және олардың одақтастарының қарсыласушы күштерін басып - жаншушы жолмен орнатылды.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz