Қазақстан топырақтарының экологиясы


Жұмыс түрі: Дипломдық жұмыс
Тегін: Антиплагиат
Көлемі: 76 бет
Таңдаулыға:
1.
1. 1.
Кіріспе . . .
Қазақстанның топырақ түрлері . . .
Жазық аумақтардың топырақтары . . .
3
4
4
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер . . .
72
77
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі: Адам қоғамы табиғаттың бір ерекше саналы бөлігі бола тұрып, табиғат қорынсыз тіпті өмір сүре алмайды. Мысалы, адам организмі ауасыз (оттегісіз) тек 2-5 минут, сусыз 4-5 тәулік, ал тамақсыз 30-35 тәулік өмір сүреді екен . Адам өміріне аса қажетті табиғаттың осы үш қорыда (ауа, су және тамақтық заттар) осы өзіміз мекен етіп отырған жерімізде орын алып, түзіліп, өндіріледі. Сондықтан адам баласы, көне заманнан-ақ ''Жерді - асыраушы анамыз'' деп өте құрметпен атаған. Сонымен қатар жер қабаты тек адам қауымы емес, бүкіл тіршіліктің тірегі, әрі мекені, әрі асыраушысы. Міне сондықтан біздер төменде табиғаттың негізгі байлығы - топырақ жамылғысы мен жер қорлары, оны бағалау, тиімді пайдалану мен қорғау мәселелері туралы сөз болады.
Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеті : Қазақстан Республикасындағы топырақ түрлеріне сипаттама бере отырып, оларды тиімді пайдалану жолдарын айқындау. Сонымен қатар қазіргі кезде бүлінген жерлерді қайта қалпына келтіру іс-шаралыарын ұйымдастыру жолдарын көрсету.
1. Қазақстанның топырақ түрлері
1. 1 Жазық аумақтардың топырақтары
Қазақстан жер көлемі жағынан ірі ел - Англиядан 11 есе үлкен. Ұлан байтақ аумағы терістіктен оңтүстікке қарай 1600 км, шығысынан батысына қарай 3000 км жерге созылып жатқан кеңістікті алып жатыр. Республика ТМД елдері ішінде Ресейден кейінгі екінші орынды иемденіп, оның жері бұрынғы Ресейден басқа 13 одақтас республиканың жер көлемінен артық деген сөз. Бейнелеп айтқанда, Қазақстан жеріне Армения сияқты 90 республика еркін сыйып кетеді екен. Халқының саны жөнінен әлемде шамамен 80-ші орында болып, жер көлемі жөнінен кең байтақ 10 елдің бірі. Дәлірек айтсақ, Ресей, Канада, Қытай, АҚШ, Бразилия, Австралия, Үнді, Аргентинадан кейінгі 9-шы орында. Оныншы орынға Судан мемлекеті ие. Әлем халқының небары 0, 3 пайызын құрай тұрып, Қазақстан жер шарының екі пайызын алып жатыр.
Мұндай, кең алқапта жазықтар мен ойпатты жерлер, биіктігі әр түрлі таулар кездеседі. Кең алқапты жерлердің табиғи, климат, топырақ жағдайлары әр түрлі, ол табиғаттың негізгі зоналық заңына байланысты. Мысалы, Қазақстанның жазық алқаптарында климаттың, топырақтың терістіктен оңтүстікке қарай өзгеруі табиғаттың көлденең зоналық заңына бағынса, таулы алқаптардағы топырақ, климат жағдайларының тау етегінен, таудың биік шыңына қарай өзгеруі табиғаттың тік зоналық заңына бағынады. Енді біз Қазақстан аумағындағы кездесетін зоналық топырақтардың қысқаша сипаттамасына және бұл топырақтарды ауыл шаруашылығында пайдалану мәселелеріне тоқталамыз.
1) Республикамыздың қиыр терістігінде біраз аумақты жеткілікті ылғалданған орманды-далалы зонаша алып жатыр. Бұл зонашада ауадан түсетін ылғалдың орташа жылдық мөлшері 330-350 мм, жерден буланатын ылғалдың мөлшерімен шамалас, ылғалдану коэффициенті бірге жуық. Жер беті жазық, ойпатты келеді, сондықтан бұл аймақта ылғалды-шалғында топырақтар көп таралған. Негізінен шайылған орманның сұр топырағы мен шалғынды қаратопырағы және сілтісізденген қаратопырақтар кездеседі. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 8-9%. Зонаша негізінен Батыс Сібір ойпатында орналасқан. Мұнда суарылмайтын егіншілік дамыған, негізінен жаздық бидай егіледі. Картоп, көкөністер өсіріледі, мал шаруашылығы дамыған. Егістікке жарамды жерлердің бәрі түгелдей игерілген. Қалған жерлері орман, шабындық пен жайылым үшін пайдаланылады. Қазақстан аумағында бұл зонаша небары 0, 4 млн. гектар (республика жерінің 0, 2%), зонаның негізгі бөлігі терістіктегі Ресей жерінде.
2), 3) Осы зонашадан оңтүстікке қарай байтақ қаратопырақты далалы зона басталады. Өзінің топырағы мен климаттық жағдайына қарай бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) орташа ылғалданған дала: б) ылғалы жеткіліксіз қуаң дала. Бұл аймақтың біразы Батыс-Сібір ойпатында жатыр. Солтүстік Қазақстан облысының көпшілік жері, Қостанай, Павлодар облыстарының терістік жағы, Ақмола, Қарағанды, Ақтөбе, Батыс Қазақстан облыстарының солтүстік шеттері осы зонада орналасқан. Ылғал көбінесе күз және қыс айларында түседі, ал мамыр мен шілде аралығы біршама құрғақ болады. Егістік өніміне әсер ететін қатты құрғақшылық бұл аймақта сирек қайталанады. Оның топырақтары қара топырақты зонаның Батыс Сібір провинцияларында кездесетін: 2) кәдімгі қара топырақ (орташа ылғалданған далада) және 3) оңтүстіктің қара топырағы (ылғалы жеткіліксіз қуаң далада) .
Егістікке жарамды жерлердің бәрі жыртылған. Бұл аймақта негізінен суарылмайтын астық егіледі. Дегенмен сортаң, сорланған топырақтар және кешенді учаскелер күрделі мелиорациялауды, ал жыртылған жерлер фосформен тыңайтуды қажет етеді. Бұл зонаның көлемі - 25, 4 млн. гектар, яғни республика жерінің 9%-на жуық. Бұл алқаптың көп жері 1954-1958 жылдары тың игеру кезінде астықты дақылдар үшін жыртылды.
2) Кәдімгі, орташа қара шірінділі, қаратопырақты зонаша республикамыздың 11, 7 млн. гектарын, яғни барлық жеріміздің 4, 3%-ын алып жатыр. Ауадан түсетін ылғал 300-330 мм. Негізгі топырақтары - кәдімгі, орташа қара шірінділі қара топырақтар. Топырақ қара шіріндісінің мөлшері беткі қабатында 0-10 см, 7-8 %-ы, табиғи күйінде құнарлы топырақтар. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық орта есеппен он жылда бір рет қайталанады.
3) Оңтүстік, аз қара шірінділі, қаратопырақты зонашаның көлемі 13, 7 млн. Гетар, республика жерінің 5, 1 %-ы, жоғарғы зонашаның оңтүстік аймағында орналасқан. Ауадан түсетін ылғал жылына 280-300 мм, оның жылы уақытта түсетіні 150-180 мм. Топырақтарының басым бөлігі аз қара шірінділі қара топырақтар. Топырақтың беткі қабатындағы қарашірінді мөлшері 4-6%. Топырақтар жамылғысында сортаңданған, әктенген топырақтар түрлері басымырақ кездеседі. Егістік өніміне әсер ететін құрғақшылық он жылда 2-3 рет қайталанады.
4), 5), 6) Қара топырақты далалы зонаның оңтүстігінде Қазақстанның батысынан шығысына қарай - Шығыс Қазақстан облысына дейін созылып, құрғақ және шөлді-далалы қара қоңыр топырақты зона жатыр. Оның көлемі 90, 4 млн. гектардай (республика территориясының 33, 3%), яғни бұрынғы КСРО-дағы мұндай зонаның 70% жерін қамтиды. Бұл аймақта Павлодар облысының көп жері, Солтүстік Қазақстан облысының батыс жағының біраз бөлігі, Қостанай, Ақмола облыстарының көпшілік жері, Ақтөбе, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды облыстарының көп жерлері орналасқан. Бұл кең зонаның солтүстік бөлігінің топырағы оңтүстіктің қара топырағына өте ұқсас, күңгірт қара топырақ (4) . Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3-4%. Орта бөлігінде ылғалдың азаюына байланысты өсімдіктердің өсуі де сирексіп, топырақтың қарашірігі азаяды, топырақтың түсі жай қара қоңырға айналады (5) . Топырақ қара шіріндісінің мөлшері 3%-дай. Ал аймақтың оңтүстігінде шөлді-далада топырақ түсі ашық қара қоңырға ауысады (6) . Топырақтың беткі қабатындағы қара шірінді мөлшері небары, 1, 5-2%.
4) Зонаның солтүстік бөлігінің топырағы күңгірт қара қоңыр , онда суарылмайтын жаздық бидай егіледі. Бірақ олардан алынатын өнім мөлшері ауа райына тәуелді. Орта есеппен жылына түсетін ылғал 250-280 мм. Мұнда құрғақшылық үш-төрт жылда бір рет қайталанады. Бұл жердің көлемі 27, 7 млн. гектардай (республика жерінің 10, 3%), 5) ал зонаның орталық бөлігінде жай қара қоңырлы топырақтарда құрғақшылық жиі болатындықтан, суарылмайтын егін өнімі мұнда тұрақсыз. Бұл аймақта құрғақшылық екі жылда қайталанып, өнім қанағаттанарлықсыз алынады. Бұл зонашаның көлемі - 24, 3 млн. гектар жер, Қазақстан жерінің 8, 9%. Тың игеру кезінде негізсіз жыртылып кеткен жер көлемі 4-5 млн. гектарға жуық еді. Ол жерлер біраз уақыттардан бері егістіктен шығарылды. Бұл зонашаларда астықты шаруашылықтар, күңгірт қара қоңыр зонашаларда біршама жақсы дамыған. Онда жеңіл топырақтар желмен ұшуға бейім, оның өзі топырақтың жел эрозиясына қарсы күресу шараларын ұйымдастыруды қажет етеді. Сонымен қатар топырағында фосфор аз болғандықтан, фосфорлы тыңайтқыштар қажет. Бұл екі зонашадағы негізгі егістік жерлер тың игеру кезінде игерілген. Ескеретін жай: тың игеру науқанында біршама асыра сілтеушілік болып, қара қоңыр топырақтардың астық егуге жарамсыз біршама құрғақ жерлері жыртылып кеткен еді. Ол жерлер соңғы жылдары егіншіліктен шығарылып, жайылымдыққа қайтарылды. Егістіктермен қатар мал шаруашылығы дамыған, жалпы бұл зонашаларда астық дақылдарының өнімі төмен болатындықтан оның көлемін азайтып, негізінен мал шаруашылығы бағыты әрі қарай өрістемек.
6) Шөлді-далалы зонаша солтүстіктегі далалы аймақ пен оңтүстіктегі шөлді аймақтың аралығында жатыр. Сондықтан бұл зонашада солтүстіктегі далалы зона мен оңтүстіктегі шөлді зонаның табиғи ерекшеліктері кездеседі. Климаттың құрғақ болуына байланысты мұнда өсетін шөптердің түрлері аз, әрі сирек. Топырақтың құнарлылығы кем, әсіресе оның құрамындағы қарашірік аз, топырақ түсі ашық қара қоңыр, көбінесе сортаңданған. Ауадан түсетін ылғал мөлшері жылына орта есеппен 180-210 мм-ақ, бұл егістіктің өнімді шығуын қамтамасыз ете алмайды. Ылғалдану коэффициенті аймақта шамамен 0, 2-0, 3 яғни 20-30%. Бұл қазіргі уақытта негізінен мал шаруашылықты аймақ болып саналады. Жайылымы көктемгі, жазғы, күзгі уақыттарда жақсы.
Құрғақшылық жиі байқалады, яғни 4 жылдың 3 жылы құрғақ болады. Сондықтан егін егіп, тұрақты өнім алу тек суармалы жағдайда ғана іске асады, бірақта суару үшін су көздері жоқ. Көлемі 38, 4 млн. гектар, яғни Қазақстан территориясының 14%-ын алып жатыр.
7), 8) Жартылай шөлді зонашаның оңтүстігін кең алқапты шөл зонасы алып жатыр. Бұл зонада Батыс Қазақстан облысының біраз жері, Атырау, Маңғыстау, Қызылорда облыстары түгелімен, Ақтөбе, Қарағанды облыстарының біраз жерлері, Алматы, Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан облыстарының басым көпшілік жерлері орналасқан.
Бұл зона екі зонашаға бөлінеді: а) сор шөпті жусан өсетін құба топырақтар (7), терістік шөл : б) жусанды-сор-шөптер өсетін сұр-құба топырақтар (8), орталық шөл. Сонымен қатар екі зонашада да, әсіресе, соңғысында тақыр түсті топырақтар мен тақырлар, үйме құмдар және сорланған жерлер көптеп кездеседі.
Аймақ негізінен аз өнімді мал жайылымына қолайлы. Мұнда тек суармалы егістіктен ғана өнім алынады. Өзен бойларында орналасқан тақыртүстес топырақтар күріш егуге ыңғайлы. Топырақ құнарлылығы аз болғандықтан, суарған кезде азотты, фосфорлы және органикалық тыңайтқыштарды қолдану керек. Шөл аймағы Қазақстандағы ең мол жерді алып жатыр. Оның көлемі 119 млн. гектар, яғни республика территориясының 44%-на жуық. Жалпы жартылай шөл мен шөл зоналарын сипаттай келіп, ол алқаптарды өнімсіз, құнарсыз деп айтуға әсте болмайды. Өйткені осы жердің ыстығына бейім, сорланған топырақтарда өсетін сор шөптерді қой малы, оның ішінде қаракөл қойлары, ''шөл кемесі'' атанған түйе малдары сүйсіне жейді. Ал мұнда қолдан су беріп, мелиорация шараларын қолданған кезде, шөлдің ұзақ күнін ұнататын кейбір қымбат дақылдар, суға да қанығып мол өнімдер береді. Дегенмен осыған қарап, барлық шөл жерлерді бау-бақшаға айналдыруға болады деген бос қиялға берілмеген абзал. Себебі қоғам үшін шөлдер шөл күйінде де қажет. Табиғатта бір жер шөл болып, екінші жер көл болып бірін-бірі толықтыратын, бірін-бірі теңгеретін заңдылықтың барын да ескергеніміз жөн.
1. 2. Таулы алқаптың топырақтары
Қазақстан аумағындағы жазық жерлердің көлемі таулы алқаптармен салыстырғанда өте мол. Дегенмен республикамыздың шығысы мен оңтүстік шығысында біраз жерлерді таулар алып жатыр. Олардың көлемі жалпы Қазақстан жерінің 12%-ы. Олар - Шығыс Қазақстандағы Алтай таулары, Алматы облысының оңтүстігіндегі Жоңғар және Іле Алатаулары, Жамбыл облысының Қырғыз Алатауы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Өгем, Қазығұрт пен Қаратау таулары. Енді Іле Алатауы мысалында тау етегінен жоғарылаған сайын топырақ түрлерінің сипаттамасына тоқталайық. Себебі Іле Алатауы биік, онда табиғаттың белдеулік зоналары түгел кездеседі. Бұл жайындағы алғашқы толық мәлімет Аболиннің (1930 ж. ) Ленинградта шыққан ''Балқаш өңірінің шөл даласынан Хан Тәңірінің қарлы биіктігіне шейін'' деген классикалық еңбегінде келтірілген (Аболин Р. И., 1930) (5) . Сондықтан өсімдіктердің топырақтардың биіктік зоналығы жайында халықаралық жиналыстар мен экскурсиялардың Алматы аймағында өтетіні тегін емес.
- Таулы алқаптарда ені әр жерде әр түрлі батыстан шығысқа қарай созылғантау етегіндегішөлді-дала зонасы - белдеуіорын алған. Жазықтағы шөлді-дала зонашасына қарағанда тау етектерінде жатқандықтан, бұл аймақтың табиғи жағдайы өзгеше келеді. Бұл белдеу - таулық белдеулік зоналығының ең төменгі сатысы. Сондықтан бұл алқапты пайдалану жағдайы да басқаша.
Тау етегіндегі шөлді-далалы белдеуінде ылғал мөлшері жазық аумақтағы шөлді-дала зонашасына қарағанда әлдеқайда мол. Ылғалдың орташа мөлшері 250-360 мм-ге дейін жетеді. Ылғал көбінесе жылдың көктемгі және қысқы айларында түседі де, жаз, күз, айлары құрғақ болады. Бұл аймақта қысқы, көктемгі ылғалды дұрыс пайдаланып, ерте пісетін астық дақылдары - күздік және жаздық бидай, арпа егіледі. Ал суармалы жерлерде астықтан басқа бағалы дақылдар: қант қызылшасы, мақта, жүгері, беде мен көкөністер, бау ағаштары мен жүзімдіктер, темекі жақсы өседі.
Негізінен алғашқы екі зонашада Алматы, Жамбыл облыстарының қант қызылша егістері, суармалы жерлердегі астықтары, темекі, көкөніс, бау-бақша, жүзімдіктер, Оңтүстік Қазақстан облысының мақтасы мен дәрілік шөптер, бау-бақша, жүзімдіктер орын алған. Тау етегінің шөлді-далалы зонасының көлемі 14 млн. гектардай, яғни республика жер көлемінің 5, 2 %
10) Тау етегі шөлді-далалы белдеуінен биігірек алқапта аласа таулы-дала белдеуі басталады. Бұл аймақта таулардың топырқ-климат жағдайларына тигізетін әсері үлкен. Ауадан түсетін ылғал мөлшері 500-800 мм-ге жетеді. Мұндай мөлшердегі ылғал терістік жақтың жазық жерлеріндегі ешбір аймағында кездеспейді. Ылғал көп түсетіндіктен шөп жақсы өседі. Топырқтары да құнарлы, негізінен таудың қара қоңыр топырағы мен қара топырақ, ал Батыс Тянь-Шаньда таудың қоңыр топырақтары. Бұл аймақта суарылмайтын егіс егіледі, көбінесе астықты дақылдар өседі, мал жайылымына да қолайлы. Аймақ таулы, жыралы болып келетіндіктен, жаппай егістікке қолайсыз, сондықтан көбіне табиғи мал жайылымы, шабындық ретінде пайдаланылады. Бұл алқапта суарылатын және суарылмайтын жемісті ағаштар, бұталар көп өседі. Алматының әйгілі ''Апорт'' алмасы да осы аймақта өсіп, тамаша өнім береді. Бұл зонаның көлемі 10 млн. гектарға жуық.
11) Орташа таулы, шалғынды-орманды белдеуі аласа таулы-далалы белдеуінен жоғары алқапта жатыр. Бұл аймақта түсетін ылғал мөлшері жылына 850-900 мм-ге дейін жетеді. Шалғынды шөптер аса биік болып өседі. Топырағы аса құнарлы қара топырақ пен күңгірт қара түсті орман топырағы. Таудың қара топырағындағы қарашірінді мөлшері 10-12%-ға жетеді. Жер бетінің бедеріне, аймақтың суықтығына байланысты егістік жері өте аз. Жері негізінен жазғы жайлау мен шабындыққа қолайлы. Көп жері орман ағаштары, негізінен Тянь-Шань шыршасы. Көлемі 4 млн. гектардай.
12) Биік таулы-шалғынды және шалғынды-далалы белдеу - биік таулы аймақтарда орын алады. Бұл аймақтың ауа райы орта таулы аймақтардан суықтау. Ауадан түсетін ылғал мөлшері орта таулы аймақтан аздау. Топырақтары - биік таулы альпілік және субальпілік шалғынды, шалғынды-далалы топырақтар. Таудың биік басында жыл бойы ерімейтін қар мен мұз жатады. Алтайдың таулы аймағында таулы-тундра топырағы кездеседі. Бұл аймақ негізінен малдың, әсіресе уақ малдың жазғы жайлауы, себебі басқа уақыттарда күн салқын. Көлемі 3 млн. гектардай. 1-сурет сызба-нұсқада сипатталған Қазақстан топырақтарының зона, зонашасының реті келтірілген.
1. 3 Қазақстан топырақтарын пайдалану жолдары
Жоғарыда сипатталған Қазақстан топырақтарының сызба-нұсқалық картасы 1-суретте көрсетілген, олардың негізгі климаттық көрсеткіштері мен ауыл шаруашылығына пайдалану бағыты 1-кестеде берілген. Қазақстанның топырақтану саласындағы ғалымдардың көп жылдық зерттеу нәтижелеріне сүйене отырып, Қазақстан территориясындағы топырақ-табиғат зоналарының, зонашаларының қысқаша сипаттамасына қоса зоналар мен зонашалардағы топырақтарды ауыл шаруашылығына пайдалану мәселелеріне тоқталайық. 1- кестеде көрсетілгендей, республикамыздың жалпы территориясының 80%-дан астам жері құрғақ аймақтарда орналасқан. Сондықтан Қазақстанда ауыл шаруашылығы өндірісі ТМД елдерінің басқа бөліктеріне қарағанда қолайсыздау. Жерден мол өнім алу үшін зоналар мен зонашаларда жүргізілетін басты шаралар - құрғақшылықпен күресу, жер суару және мелиорациялау, топырақты эрозиядан қорғау. Осы мәселені түбегейлі шешуге республика дихандары мен ғылыми-зерттеу мекемелерінің негізгі күш-жігері қажет.
Қазақстан Республикасы білім министрлігі - Ғылым академиясының Еңбек Қызыл Ту орденді топырақтану институтының көп жылдық жұмыстары нәтижесінде құнды мәліметтер жинады. Республикамызда күрделі мелиорацияны қажет етпейтін, жыртуға жарамды 61 млн. гектардай жер бар екен, оның 27 млн. гектары - егістіктер, тыңайған жерлер, көпжылдық ағаштар мен меншікті учаскелер. Осы жерлердің көбі - 20 млн. гектарға жуығы терістік, шығыс, терістік батыс қара топырақты және қара қоңыр топырақты, көпшілік жағдайларда табиғи ылғалмен қамтамасыз етілген аймақтарда. Ал ылғалмен қамтамасыз етілмеген, топырағы жай және ашық қара қоңыр, құрғақ және шөлейтті зонашаларда жыртылған жер көлемі соңғы жылдарға шейін 5, 0 млн. гектар шамасында еді. Қазір олар егіншіліктен толық шығарылды. Ал қалған 4 млн. гектар егістік жерлер Оңтүстік Қазақстан, аздап Шығыс Қазақстан және Батыс Қазақстан облыстарында. Бұлар негізінен тау етегіндегі шөлді-далалы белдеуде тараған суарылмайтын және суарылатын егістіктер мен бау-бақшалар. Суармалы жердің біраз көлемі шөл аймағында өзен бойлары мен сағаларында орналасқан. Республикамыздың жалпы суармалы жер көлемі кезіндегі 2, 4 т млн. гектар орнына көп төмендеп қазір шамамен 1, 0-1, 2 млн. гектардай ғана. Бұл жағдайды көп созбай міндетті түрде қалпына келтіру қажет.
Қазақстандағы тың игеру негізінен мамандандырылған (совхоздарды) кеңшарларды ұйымдастыру арқылы жүзеге асқаны белгілі. Егер 1950 жылы республикамызда не бары 22 астық совхозы болса, тың көтерілгеннен кейін астық өндіруші совхоздар саны Қазақстанда 620-ға жетті. Жалпы республикамызда кеңестер кезінде совхоздар саны - 2060, 400-ден астам колхоз бар еді, сондықтан Қазақстан аграрлы республика болды. Оның басым көпшілігі астықты совхоздар, 272-сі қой совхозы, 142-сі сүт, ет совхоздары, ал 50-і шошқа, өзгесі мақта, техникалық дақылдар, бау-бақша, жүзім т. б. совхоздар еді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz