XV – XVI ғғ Қазақ хандығы



1. Қазақ хандығының құрылуы.

2. Қазақ хандығының әлеуметтік . экономикалық және саяси жағдайы.

3. Қасымханның саясаты.

4. Тақ үшін күрес.
Орта ғасырлық Қазақстан аймағында Қазақ мемлекеттігінің өмірге келіп, дамуы қазақ этносының өркен жаюындағы ұзақ жолында оның бірегей құралып-қалыптасуы мен бірігіп нығаюы тұтастығын сақтап қалу үшін аса зор маңызы болды. Жазба матералдарда кейінгі орта ғасырлық ірі мемлекет – Орталық Азия аймағында, евразия халықтары мемлекеттері жүйесінде елеулі роль атқарған Қазақ хандығы туралы деректер аз емес. ХVІІ-XVIII ғасырларда Қазақ хандығы бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Хандықтың басқарушылары өз бетінше дербес сыртқы саясаттарын жүргізді, ал олардың қол астындағылар көрші халықтарымен, Орта және Орталық Азиямен, Ресей мемлекетімен қарым-қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жасап отырды. Бұл қарым-қатынас көбінесе шапқыншылықтар мен созылыңқы соғыстар салдарынан күрт үзіліп қалатын. Ал мұндай соғыстардың шекаралық жерлер үшін дау жанжалдардың барысында тайпалар мен рулардың орын ауысуы жиі етек алып, қорытындысында сол аймақ халықтарының мемлекеттілік және этникалық территориялары қалыптасатын. Соның өзінде Қазақ хандарының басқасын айтпағанда, ұзаө мерзімді этно-саяси және шаруашылық-мәдени дамудан өту арқылы жалпы мемлекеттілікке және бірігуге дайын тұрған жерлерді жиыстырып біріктіргенін атап өту маңызды.
ХVІІ ғасыр кезінде Қазақ хандығы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті, феодалдық ала-ауыздықтар күшейді. Көшпелі ақсүйектердің әртүрлі топтары өзара бақталастыққа берілді. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан бекіді. Табаққұлдың мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды. Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын-Мұхаммед өзін тәуелсіз хан етіп жариялады. Бірте-бірте осы кезеңде үш жүздің әр қайсысында өз алдына жеке хандар пайда болды. Қазақ хандығын барлық, әсіресе оңтүстік және шығыс шептеріндегі сыртқы жағдай қиындай түсті. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап отырды. 1627 жылы Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіріп, бір жылдан соң өзі де қайтыс болады. Бұхар әскерлері Ташкентті қайтадан басып алады. Алайда Есім ханның мұрагері, оның ұлы Жәңгір Бұхар билеушісін шығыстан келетін ортақ қатер ойраттар шапқыншылығын тойтару үшін әскери одақ құру қажеттігіне көндіре алды.
Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы ХVІІ ғасырдың екінші және XVIII ғасырдың алғашқы жартысына келеді. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде сіңіп қалды. Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын байқалған акселерациялық нышандар, отты қарудың пайда бола бастауы, құрлықаралық ықпалдастықтардың қарқын алуы енді ел болып еңсе тіктей бастаған Қазақ ордасына да әсер-ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы тұста Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп айбынды күшке айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда сол кездегі екі орданың батысы мен шығыснда аграрлық мәдениетін дәуірлетіп, технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты жай ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындардың жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса, қауіпті күш еді. Мұндай ахуал, әсіресе Ресей мен Қытайды алаңдатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар қайтсе де осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен Қытай бәсекелес болды, және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бір-бірінен асып түсті. Әсіресе Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен астыртын жасақтап, оларды қайтсе де, Қазақ ордасымен арамдатудың неше түрлі зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хошауыт сияқты іргелі тайпаларына Қазақ ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қанқасап соғыс өртінің тұтануына себепші болды.
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. IV томдық. Алматы; 1996, 1999,
2002ж
2. Қазақстан тарихы. Очерк. Алматы; 1993 ж.
3. Артықбаев Ж.О. Қазақстан тарихы. Астана; 2000 ж.
4. Абдакимов А. Қазақстан тарихы. Алматы; 1993 ж.
5. Кузембайулы А. Абиль А. История РК. Астана; 2001 г.

Пән: Қазақстан тарихы
Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ФКГМА 1-8-2202
МУ
“Организация методической

работы в соответствии с ГОСО

2006 года” 4.07.2007г.

Қарағанды Мемлекеттік Медицина Академиясы .
Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы.

Дәріс.

Тақырыбы: XV – XVI ғғ Қазақ хандығы

Мамандығы: 051301 – Жалпы медицина

Пән: Қазақстан тарихы

Курс: 1

Уақыт (ұзақтығы) : 50 минут

Қарағанды – 2008ж

Кафедра мәжілісінде талқыланып және бекітілген

Хаттама № ___ ___ ____ 2008ж.

Кафедра меңгерушісі: О.К.Никитина

• Тақырыбы: XV – XVI ғғ Қазақ хандығы

• Мақсаты: Қазақ хандығы саяси үстемдігінің Шығыс Дешті – Қыпшаққа
тарауы. Қазақ хандығының Сырдария бойындағы қалалар күрес үшін XVI ғғ
екінші ширегіндегі Қазақ хандығы. Тақ үшін күрес. Қазақ хандығы Қасым
хан тусында Қазақ хандығының өрлеуінің мәнін ашу.

• Дәріс жоспары:

1. Қазақ хандығының құрылуы.

2. Қазақ хандығының әлеуметтік – экономикалық және саяси жағдайы.

3. Қасымханның саясаты.

4. Тақ үшін күрес.

• Дәріс тезистері:
Орта ғасырлық Қазақстан аймағында Қазақ мемлекеттігінің өмірге келіп,
дамуы қазақ этносының өркен жаюындағы ұзақ жолында оның бірегей құралып-
қалыптасуы мен бірігіп нығаюы тұтастығын сақтап қалу үшін аса зор маңызы
болды. Жазба матералдарда кейінгі орта ғасырлық ірі мемлекет – Орталық Азия
аймағында, евразия халықтары мемлекеттері жүйесінде елеулі роль атқарған
Қазақ хандығы туралы деректер аз емес. ХVІІ-XVIII ғасырларда Қазақ хандығы
бірде берік, бірде босаң тұрақтылық дәрежесімен ерекшеленетін шын мәніндегі
бірыңғай саяси жүйе тұрғысында тіршілік етті. Хандықтың басқарушылары өз
бетінше дербес сыртқы саясаттарын жүргізді, ал олардың қол астындағылар
көрші халықтарымен, Орта және Орталық Азиямен, Ресей мемлекетімен қарым-
қатынастар, шаруашылық және мәдени байланыстар жасап отырды. Бұл қарым-
қатынас көбінесе шапқыншылықтар мен созылыңқы соғыстар салдарынан күрт
үзіліп қалатын. Ал мұндай соғыстардың шекаралық жерлер үшін дау
жанжалдардың барысында тайпалар мен рулардың орын ауысуы жиі етек алып,
қорытындысында сол аймақ халықтарының мемлекеттілік және этникалық
территориялары қалыптасатын. Соның өзінде Қазақ хандарының басқасын
айтпағанда, ұзаө мерзімді этно-саяси және шаруашылық-мәдени дамудан өту
арқылы жалпы мемлекеттілікке және бірігуге дайын тұрған жерлерді жиыстырып
біріктіргенін атап өту маңызды.
ХVІІ ғасыр кезінде Қазақ хандығы ішкі саяси өмір тұрақтылығымен
ерекшелене қойған жоқ. Қазақ хандығы барған сайын бөлшектене түсті,
феодалдық ала-ауыздықтар күшейді. Көшпелі ақсүйектердің әртүрлі топтары
өзара бақталастыққа берілді. Оңтүстікте іс жүзінде екі хан бекіді.
Табаққұлдың мирасқоры Есім хан Түркістан қаласын өзінің астанасы етіп алды.
Ташкентте Жәлім сұлтанның ұлы Тұрсын-Мұхаммед өзін тәуелсіз хан етіп
жариялады. Бірте-бірте осы кезеңде үш жүздің әр қайсысында өз алдына жеке
хандар пайда болды. Қазақ хандығын барлық, әсіресе оңтүстік және шығыс
шептеріндегі сыртқы жағдай қиындай түсті. Бұхар ханы Иманқұл Ташкентті
тартып алуға тырысты, кейбір сұлтандардың бөлініп шығу ниеттерін қолдап
отырды. 1627 жылы Есім хан Тұрсын-Мұхаммедті өлтіріп, бір жылдан соң өзі де
қайтыс болады. Бұхар әскерлері Ташкентті қайтадан басып алады. Алайда Есім
ханның мұрагері, оның ұлы Жәңгір Бұхар билеушісін шығыстан келетін ортақ
қатер ойраттар шапқыншылығын тойтару үшін әскери одақ құру қажеттігіне
көндіре алды.
Қазақ тарихының шымыр да шоғырлы тұсы ХVІІ ғасырдың екінші және XVIII
ғасырдың алғашқы жартысына келеді. Осынау кезең қазақ ұлтының тарихындағы
ең ауыр белес болып табылады, сонымен қатар халық санасына жоңғарлардың
шапқыншылығынан туындаған қасірет пен жоқшылық жайлаған жылдар ретінде
сіңіп қалды. Жалпы адамзат тарихында орта ғасырдың соңын ала айқын
байқалған акселерациялық нышандар, отты қарудың пайда бола бастауы,
құрлықаралық ықпалдастықтардың қарқын алуы енді ел болып еңсе тіктей
бастаған Қазақ ордасына да әсер-ықпалын тигізбей қалған жоқ. Дәл осы тұста
Қазақ Ордасымен іргелес өңірде Жоңғар Ордасы да бой көтеріп айбынды күшке
айналып үлгерген. Ұлы дала экожүйесімен кіндіктес көшпенді өмір салты
қалыптастырған Қазақ, Жоңғар Ордалары өздерін әлі де болса табиғаттың
қарсыластары емес, табиғаттың бел баласындай сезінетін. Алайда сол кездегі
екі орданың батысы мен шығыснда аграрлық мәдениетін дәуірлетіп,
технократтық дамуға тұяқ іліктіріп үлгерген елдер үшін көшпенді өмір салты
жай ғана анохранизм емес, олардың кең қарымды стратегиялық ындындардың
жүзеге асуына әрі кедергі, әрі әлі де болса, қауіпті күш еді. Мұндай ахуал,
әсіресе Ресей мен Қытайды алаңдатып, бүйірлеріне шаншудай қадалды. Олар
қайтсе де осынау тау суындай екпінді көшпенді екі мемлекетті бір-біріне
айдап салу арқылы ғана аз шығынмен өз мақсаттарын жүзеге асыруға болатынын
түсінді. Бұл мақсаттарын жүзеге асыру жолындағы әрекет барысында Ресей мен
Қытай бәсекелес болды, және қолданған қулық-сұмдықтары жөнінен бір-бірінен
асып түсті. Әсіресе Ресей жоңғарлармен елшілік орнатып, отты қарулармен
астыртын жасақтап, оларды қайтсе де, Қазақ ордасымен арамдатудың неше түрлі
зымиян шараларын жасады. Ресей патшалығы ойластырған осы шаралардың ішінде
Жоңғар мемлекетінің Торғауыт, Дүрбіт, Хошауыт сияқты іргелі тайпаларына
Қазақ ордасының жерін аттатып өткізіп, Еділ бойынан қоныс беру қазақ пен
жоңғар арасындағы ғасырдан астам уақытқа созылған қанқасап соғыс өртінің
тұтануына себепші болды.
Жоңғарлар мен қазақтардың әскери қарым-қатынас, қақтығыстарын
суреттеуге көшпес бұрын жоңғар атау сөзінің мағынасын аша кеткен жөн деп
есептеймін. Жоңғар – ұлт емес, бұл атау сол жақ, сол қанат деген
түсініктен шыққан. Бір деректерге қарағанда Шыңжаң, Шығыс Түркістан аймағын
Тянь-Шань таулары дәлірек айтқанда Хан-Тәңірі ұлы шыңының өзі екі бөлікке
бөледі. Егер адам Хан-Тәңірінің ұшар биігіне көтерілсе, оның сол қолы
жағында Солтүстік ойпат - Жоңғар, оң қол астында Оңтүстік ойпат -
Қашқар көсіліп жатады. Ғар деген сөз түркі тілінде ойпат, үңгір, шұңқыр
дегенді білдіреді.
Кейбір мәліметтер бойынша, Шыңғысхан армиясы сол қанатының -
жоңғар деген атауы болған. Бұл кезде Жоңғарияны түркілік және моңғолдық
төркіні бар ойраттар жайлады. Ол шорас, хошауыт, торғауыт, дүрбіт
тайпаларының әрқилы атаулары. Бұларды да жоңғарлар деп атаған. Сөйтіп,
жоңғар термині, қалмақтар, ойраттар, элюттер –сайып келгенде сол
жақтың, сол қанаттың адамдары. Олар XIV ғ.екінші жартысында моңғолдар
ханы билігінің астынан шығып, өз жетекшілері – тайпалардың қол астына
қараған, Ойрат Одағын құрып, ыдыраған тайпаларды біріктірген.
Жоңғарлар өз дәуірінде Ұлы Қытай қабырғасы мен Тибет, екінші жағы –
Моңғолия мен жоңғар ойпаты аралығындағы аймаққа билік жүргізген. Олар ғасыр
бойына Қытай империясы мен Қазақ даласы арасындағы жұмсартқыш ролін
атқарып, қытайлардың шығыстан мезгіл-мезгіл тықсыруларын тежеп отырған. XV
ғасырда қытай саяхатшылары жоңғар мемлекетінің ішіндегі алауыздықтарды
пайдаланып, оларға қарсы жорыққа шығады. Жаугершілік зардабынан
жоңғарлардың бір бөлігі өз жерінде қалады да, қалғандары жерлерін тастап
кетуге мәжбүр болады.
Отандарын тастап шыққан жоңғарлардың бір бөлігі Қазақстан аймағында,
Самара далаларында, Қалмақияда тұрақтанып қалады. Қазіргі Қалмақияда сол
жоңғарлардың ұрпақтары өмір сүріп жатыр. Жоңғар тілі қазақ тілімен тамырлас
болғандықтан, біздің жерге орныққандары қазақтарға сіңісіп кетті.
Жоңғарлар мен қазақтар ұдайы жауығып, ылғи шайқасып өткен деген пікір
де – қате түсінік. Рас, олардың арасында әлсін-әлсін саяси, экономикалық,
аймақтық тұрғыдағы келіспеушіліктер болып тұрған. Әскери әрекеттер
көбінесе көрші империялардың саясатынан туындаған. Бұл тұрғыда Қытай мен
Ресейдің қазақтар мен жоңғарлар арасындағы қарама- қайшылықтарды тереңдете
түсу мақсатымен екі елді кезек көтермелеп отырғандықтарын айтсақ та
жеткілікті.
Қазақтар мен жоңғарлардығ ылғи қырғи қабақ емес, бейбітшіл, кей шамада
ағайыншылық қарым- қатынастары турасында мына мәліметтер куәлік ете алады.
1595 жылы Мәскеудегі қазақ елшісі былай деп жазады: Сенің туысың Тәуекел
Қазақ ордасына хан болса, оның інісі Шахмұхамбет қалмақтардың ханы болып
сайланды. Ал хан Тәуекел Ресейге жолдаған хатында: Мен қазақтар мен
қалмақтардың патшасымындеп жазған.
Қазақ хандығы құрылған уақытпен бір мезгілде түркі тектес батыс моңғол
халықтарының тобы, будда дінін ұстанатын қалмақтардың арғы аталарынан
тұратын Жоңғар мемлекеті бой көтерді. Бұл тұста халықаралық жағдай былай
болатын. Батыста – I Петрдің қазақ жерлерін өзіне қосуды мемлекеттік саясат
деңгейіне дейін көтерген Ресей империясы. Қытай империясы тарапынан да
басқыншылық қаупі аз төнген жоқ. Осындай жағдайды пайдаланған және
көршілердің түртпектеуімен жоңғар – қалмақтар 150 жыл юойына, 1599-1750ж.ж.
аралығында қазақ жерлеріне ұдайы жортуылдар жасап тұрды.
Қазақ жоңғар соғысы тарихының айшықты беттерінің бірі Салқам Жәңгір
сұлтанның Ерден-Батыр Қоңтажының жер қайысқан қолына қарсы тұрып, Жоңғар
мемлекеті билеушісінің ең басты мақсаты – Қазақ Ордасын талқандауына
мүмкіндік бермеген ерен ерлігі болып табылады. Бұл әскери әрекеттерде
Жәңгір жау әскерінің саны қаншама басым болса да, Қазақ Ордасының аймағы
мен мақсаттарын қорғап қала алды.
Белгілі тарихшы В.В. Вельяминов-Зернов Орбұлақ жеңісі туралы мақала
жазса, кеңестік зерттеуші И. Златкин осы шайқас жөніндегі мәліметтер
ауқымын өз кітабында толық келтіреді. Сөйте тұра, бес томдық Қазаз ССР
тарихында, 1993 жылы жарық көрген Қазақстан тарихы очерктерінде Орбұлақ
шайқасы жөнінде мардымды ақпарат берілмеуі өкінішті жағдай. Кейбір
авторларымыздың отандық тарихтағы жеңістер мен ұлы істердің маңызын
төмендетуге, немесе елемеуге тырысуы кездейсоқ емес, ол кезінде А.М.
Панкратова атап өткен қазақ тарихшыларына тән тарихи шындықты көпе-көрнеу
бұрмалап, ата тарихымызды әлсіретуге бейім аурудан арылмауымыздың себебі.
Жәңгір сұлтанның батыр Қоңтажыға қарсы әскери әрекеттерін жан-жақты
суреттеген авторлардың ең алғашқыларының бірі жазушы-зерттеуші М.Мағауин
болған. 1644 жылы Жоңғарияға барып қайтқан орыс елшісі Жәңгір сұлтанның 600-
ақ жауынгері болғанын жазады. Бәлкім, бұлар ататын от қаруы бар, әскердің
авангардын құрайтын адамдар болар. Тұтанатын от қару-мылтық ол кезде Қазақ
Ордасы ғана емес, бүкіл Орта Азияның әскері үшін соны жаңалық болатын.
1652 жылы майдан даласында қаза тапқан Салқам Жәңгірдің сүйегін жау
қолына түсірмей Қазақ хандығының астанасы Қасиетті Түркістанға әкеліп,
арулап, әспеттеп Әзірет Сұлтанның саясына қояды.
Қаһарман ханның қазасынан кейінгі отыз жылға жуық уақыт қазақ
тарихындағы ең ауыр кезең болып табылады. XYII ғасырдың соңы, XYIII
ғасырдың басында Қазақ Ордасы үшін ең қатерлі кезде үш миллион халықтан үш
жүз мың әскер жасақтай алмаған құлдырау, кері кету мерзімі болды. Ал бас
аяғы бір миллионға жетпейтін жоңғарлардың жер қайысқан әскері болды, оған
сүйенген билеушілер қазақ ұлысын жаулап алуды мақсат тұтты.
Жоңғар басқарушылары Ресеймен қарым-қатынаста аңысын аңдау позициясын
ұстаса, қазақ рулары жөнінде өздерінің агрессиялық ниеттерін жасырмады.
Солтүстік-Шығыс шекараларындағы шиеленісті жағдай қазақ хандары мен
сұлтандарын Петр І үкіметімен келіссөздер жүргізуге, сөйтіп, Сібірдің
шекаралық өкіметі арқылы Ресеймен бір одақта Жоңғарияға қарсы соғысуға
ниеттері бар екенін мәлімдеуге мәжбүр етті.
Жоңғар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дәстүрлі мал шаруашылғы және егін шаруашылығы
XV-XVII ғғ. Қазақ хандығы Тәуке хан және Жеті жарғы
XV ғасырдың соңы мен XVI ғасырдың басындағы Қазақ хандығының сыртқы саяси қатынастары
Қазақ хандығы дәуірі
Ноғай Ордасы мен Қазақ хандығы халықтарының жақын туысқандығы туралы
Қазақ хандығының қалыптасуы туралы
Түркістан - қазақ хандығының астанасы
XVI ғасырдағы өзара тартыстар мен соғыстар
Ноғай Ордасының қалыптасуы
XVI-XVIII ғғ. Қазақ-Орыс қарым-қатынастарының зерттелуі мен елшіліктер тарихы
Пәндер