Қарым-қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік



I.Кіріспе
1.Қарым. қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
1. Қарым.қатынас түрлері
2.Адамдар арасындағы қарым. қатынастар.Топтар
А. Шартты және байланысты топтар
Б.Ұжымдық топтар
3.Топтағы адамдардың өзара қарым. қатынас түрлері
4..Адамдар бірін бірі қабылдауы мен түсінуі
5.Бұзылуына әсер ететін факторлар
6.Қарым. қатынас мәдениеті
III.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады, қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін емес.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен “тілдесу” қажетін қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз өсуіне, кішкендайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай ұйқы, демалу қандай қажет болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау – жазаның ең ауыр түрі екндігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның щебері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спекталь көрсек те, лекция тындасақ та, телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те – осының бәрі – қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио, теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мұның тікелей “бетпе-бет”, телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды жылытатын, немесе суытатын ерекшк қуат бар десеңізші!
Осындай қарым -қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.
1.Сәбит Балтаұлы Бап-Баба жантану негіздері 2001жыл «Дәнекер» 313 бет, бет 95-112.
2.Алдамұратов Ә жалпы психология 1996 жыл «Білім» баспасы 224 бет, бет 59-62.
3.Қ. Жарықбаев жантану негіздері 2002 жыл «Кітап» баспасы 415 бет, бет 69- 76
4. Интернет

Пән: Психология
Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 25 бет
Таңдаулыға:   
АҚ Қазақ медицина академиясы

Тақырыбы: Қарым-қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік

Орындаған:Ещанова З

Тексерген:Алтаева Н.З.

Астана 2008ж

Жоспар:
I.Кіріспе
1.Қарым- қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
II.Негізгі бөлім
1. Қарым-қатынас түрлері
2.Адамдар арасындағы қарым- қатынастар.Топтар
А. Шартты және байланысты топтар
Б.Ұжымдық топтар
3.Топтағы адамдардың өзара қарым- қатынас түрлері
4..Адамдар бірін бірі қабылдауы мен түсінуі
5.Бұзылуына әсер ететін факторлар
6.Қарым- қатынас мәдениеті
III.Қорытынды.
IV.Қолданылған әдебиеттер

Қарым қатынас психологиясы туралы жалпы түсінік
Адам қоғамнан тыс өмір сүре алмайды. Өйткені оның психикасы тек
айналасындағылармен қарым-қатынас жасау процесінде ғана қалыптасады,
қоғамдық тәрбие арқылы адам белгілі мазмұнға ие болады. Адам санасының
дамуы қоғамның дамуымен байланысты. Қоғамнан тыс адам өмірінің болуы мүмкін
емес.
Кез-келген адам дүниеге келісімен екінші бір адаммен қарым-қатынасқа
түсуді қажетсінеді. Мәселен, нәрестенің анасымен “тілдесу” қажетін
қанағаттандырмау – біртіндеп оның қасаң сезімді, мейірімсіз өсуіне,
кішкендайынан айналасына деген сезімнің азаюына әкеліп соқтыратыны байқалып
жүр. Сөйтіп, басқалармен қарым-қатынасқа түсу қай ұйқы, демалу қандай қажет
болса, айналадағы жұртпен араласып, дұрыс қарым-қатынас жасай білу де
сондай қажет. Мәселен, адамды қамап, басқалармен араластырмай ұстау –
жазаның ең ауыр түрі екндігіне шүбә келтіруге болмайды. Өзгелермен қарым-
қатынас жасау – бұл тіршілікке аса маңызды ақпарат алмасу деген сөз. Адам
қарым-қатынас арқылы айналасындағы дүние жайлы мәлімет алады, еңбек пен
тұрмыс дағдыларына машықтанады, адамзат жасап шығарған түрлі құндылықтарды
меңгереді. Әрине, қарым-қатынас ақпарат алумен ғана шектелмейді, оның
щебері аса кең, бұл көп қырлы ұғым. Спекталь көрсек те, лекция тындасақ та,
телефонмен хабарлассақ та, дос-жарандармен сөйлессек те – осының бәрі –
қарым-қатынастың сан алуан қырлары. Өмірдегі сан алуан тыныс-тіршілікте
адамдар бір-бірімен тікелей, жүзбе-жүз не жанама (хат жүзінде, радио,
теледидар арқылы), не біреу арқылы қарым-қатынасқа түседі. Мәселен, мұның
тікелей “бетпе-бет”, телефон арқылы сияқты түрлерінде қаншама жанды
жылытатын, немесе суытатын ерекшк қуат бар десеңізші!
Осындай қарым -қатынастың мән-мағынасы, олардың түрлі көріністері жеке
адамдармен топтық ұйымдардың тіршілігінен жақсы байқалып отырады.

Қарым-қатынас түрлері.
Адам арасындағы қарым-қатынас түрлері: жеке және қызметтік, дара және
топтық, тең құқықты және тәуелді, қарама-қарсылықты және дау-дамайлы. Жеке
қатынастар екі адам арасындағы сүйіспеншілік пен жеккөрушіліктен, сыйластық
пен араздықтьан, сенім мен күдіктенуден тұрады. Мұндай сипаттағы
қатынастардың пайда болуы әр жеке адамның адамның қоғамдағы орны мен
міндетіне тәуелді емес. Мысалы, бала өз ата-анасын сыйлауы да, жеккөруі де
мүмкін; өз қызметін ойдағыдай атқарып жүрген мұғалім бір шәкіртіне үлкен
суйіспеншілік танытса, екіншісін көргісі келмейді.
Қызметтік қатынастар әлеуметтік топ не мекеме мүшелері арасында
олардың сол топтағы құқы не міндеттеріне орай қалыптасады.
Егер ара қатынастар әрбір адамның меншікті қажеттері сипатында
қаралса, олар жеке қатынастар аталынып, ал ара қатынас тұтастай жүйелікке
сүйеніп, екі, одан да көп адамдардың сипаттамасы ретінде қабылданса, топтық
қатынастар деп аталынады.
Тең құқықты қатынастар – қатынас мүшелерінің құқықтары мен міндеттері
теңгерілген жерде, ал тәуелді қатынастар құқықтары мен міндеттері бірдей
болмаған жағдайда қалыптасады.
Адамдар арасында қарама-қарсылық болмай, өз – ара терең сыйластық
жайлаған ортада үйлесімді қатынастар нышан береді. Адамдар арасындағы
үйлесімді қатынастар өмірде сирек кездеседі, сондықтан мұндай қатынастарды
адамдардың мәнгі арман еткен мұраты ретінде қарастырған жөн. Бұл қатынастар
типіне тұрмыста кезінетін “сүйіспеншілік” қатынасты жатқызуға болады. Егер
бір адамның екіншісіне психологиялық тартымы болса, бірін-бірі адамгершілік
сезіммен қабылдаса, екінші адамға қолынан келген жақсылығын аямаса, міне
мұндай қатынасты үйлесімді қатынас деп бағалау әбден жарасымды.
Топ ішінде кейбір тұлғалардың ұнамды ниеттері екінші біреулердің
келеңсіз ниеттерімен тоғысқан шақтарда қарама-қарсылықты қатынастар бой
тіктейді.
Адамдардың бір-біоіне деген өшпенділігі болған жерде дау-дамайлы,
жанжалды қатынастар өрбиді.
Қызметтік қатынастар жеке қатынастарға қарағанда біршама тұрақты, олар,
әдетте, көңіл-күйге байланысты өзгере бермейді. Мұндай қатынастардың әрбір
тұлғаның көңіл-күйіне бағына бермейтіндігінен, олардың ресми қатынастар деп
те атайды, яғни мұндай өзара байланыстар қатынасқа түскен адамдардың
әрқайсысының жеке ерекшеліктері мен психологиялық кейпіне тәуелді болмауы
қажет.
Қарама-қарсылық қатынастар негізінде толық үйлесім болмағанымен, оған
қатысқан адамдар бір-бірінің әрекеті мен ниетін түгелдей шектемейді. Бірде
келіссе, бірде қарсы тұрып, алға қойған мақсатқа жетуі жолында қажетті
қатынасын үзбейді. Қатынас түгелдей елемеу мен дау-дамайға бармайды.
Кейде екі адам бір ортада бола тұрып, бір-біріне деген ыстық та, суық та
шырай сезінбейді, яғни өзара қатынас жасауға ешқандай қажеттікті таппайды,
мұндайда олар арасындағы қатынас бейтараптық сипат алады. Адамдар
арасындағы және бір ерекшк қатынастар түрі бұл екі ұшты, амбивалентті
қатынастар. Мұндай ара байланыстың себебі бір адамдағы екіншіге деген өзара
тікелей қарсы екі бірдей эмоцияның: жек көрушілік пен құрметтің қосарлана
жүруі. Адамдар қажетсінулерінің арасында өз мәні бойынша ізгі адамгершілік
сипатты байланыстар да болады. Мұндайды психологияда альтруистік қатынас
деп атайды. Альтруист адамдардың барша ойы, іс-әрекеті әрдайым тек
жақсылыққа, қай жағдай да жәрдем етуге бағышталады.

Адамдар арасындағы қарым -қатынастар.Топтар
Жеке адамдар мен топтар күнделікті өмірде басқа да әр түрлі топтармен,
адамдармен істес болып, өзара тығыз қарым қатынас жасайды. Бұл адамның
қызмет немесе оқу орнындағы, сондай ақ, өмір сүретін ортасындағы адамдардың
топтары болуы да мүмкін.Ал ұстаздар мен мектеп оқушылары белгілі бір
мерзім ішінде мақсат мүдделері топтасқан ұжым құрып, ресми топқа
айналады. Бұл топтағы шәкірттер мен жетекшілер топ ішіндегі әлеуметтік
психологиялық жағдайда мақсатты түрде істес, пікірлес болып, қарым
қатынасқа түеді. Мұндай жағдай ұстаздардан арнайы білімділік пен
дағдыларды талап етеді. Ондағы мақсат әр адамның әлеуметтік орнын,
қоғамдық мәнін білу. Жеке адамның өзі де қоғам мүшесі әрі әлеуметтік
тұлға. Сондықтан оның өмір тіршілігінде әрбір қимыл әрекеті, ісі қоғамдық
өмірдің көрінісі болып табылады.
Қарым-қатынас “топ”, “ұжым” деген ұғымдармен тікелей байланысып
жатады.
Адам баласы жалғыз жүріп, көздеген мақсат-мұратына жете алиайды,
сондықтан ол ылғи да басқалармен бірлесіп тіршілік етуі тиіс дедік.
Мұндайда адам ылғи да топпен өмір сүретіні белгілі. Ал, топтың түрлері сан
алуан. Мәселен мұның бірі – нақты (реалды) топтар. Бұл – ортақ мақсат
көздеп, бір кеңістікте, белгілі уақыт ішінде, бір – бірімен қоян – қолтық
араласып, іс - әрекетке түсетіндер. Топтар үлкен (макро), шағын (микро),
ресми, бейресми, формалы, формасыз, ұйымдасқан, ұйымдаспаған, жасанды,
табиғи, референттік болып бірнешеге бөлінеді.
Біршама тұрақты, құрамы жағынан саны онша көп емес, бір-бірімен
тікелей қарым-қатынас жасап отыратын ортақ мақсатқа ұмтылған адамдардың
бірлестігі “шағын топ” деп аталады. Осындай барлық мүшесінің күш-жігері бір
мақсатқа (оқу, еңбек, т.б) бағытталады. Мұндағылар бірін-бірі жақсы біледі,
топ алдында тұрған ортақ міндетті орындау кезінде өзара қоян-
қолтық қатынаста болады. Шағын топ мүшелерінің саны екі-үш адамнан
құрылап, әрісі 30-40 адамнан аспауы тиіс.
Отбасы, өндірістік бригада, ұшақ пен ғарыш кораблінің экипажы, поляр
станциясында қатысушылар, мектептегі сынып сияқты бірлестіктер шағын топ
деп аталады. Мәселен, кейбір оқушы мектепте жүргізілетін әртүрлі іс-
шаралардың бәріне де қатысады. Ол футбол командасының, не пән үйірмесінің
мүшесі, не жетекшісі, т.б. Бірақ осылардың біреуіне ерекше ден қояды. Шағын
топтағылардың өзара қарым-қатынасына шек қойылмайды. Әркім топтағы кез-
келген адаммен өз қалауынша, нақты қажетіне қарай қатынасқа түседі, оның
бір мүшесі екіншісін жақын тұтады, бір-бірімен жиі араласып жүреді,
байланыстары тұрақты сипат алады. Осындай шағын топтар формалы(ресми),
формасыз (бейресми) болып бөлініске түседі.
Формалы топ мүшелерінің арасында белгілі құжаттардың талабына сәйкес
әртүрлі сипаттағы іскерлік қатынастар орнайды. Ондай қатынастардан
жетекшіге бағыну, тиісті құқықты орындау, ресми орындардың алдындағы
жауапкершілікті сезіну ерекшк көрінеді. Формалы топтарда (іскерлік
қатынаста) кейде теріс әмоциялық әуен, яғни бір-бірін ұнатпау, сыйламау,
менсінбеу, жауласу сияқты құбылыстар да болуы мүмкін. Бұл жайт ондағы
іскерлік қатынасқа қолайсыз әсер етеді, ондағы табысты болуына залалын
тигізеді.
Формасыз (бейресми) топ – бұл ұнату, көзқарас бірдейлігін тану сияқты
психологиялық себептер бірлігі негізінде туады. Мұндай топ ресми құжаттрды,
тиісті нұсқауларды қажет етпейді. Мәселен, бірлесіп балық аулау, аңшылықпен
айналысу, отау тігу, дос-жарандық қатынаста болу – осындай топтың
мысалдары. Бұл топтарда бір-біріне бауыр басу ереше байқалады. Егер мұндай
қасиеттер топтан орын алмаса, онда ол біртіндеп ыдырап, топ болудан қала
бастайды.
Әртүрлі деңгейдегі топтардың ішінде референттік топтың мәні ерекше.
Бұл - әр адамның жекелеген топтардың (кісі шамамен 10-нан топқа қатарынан
енуі мүмкін) ішінен біреуіне ғана ерекше тәнті болып, соны ғана қастерлеп,
қадір тұтып, жүрек қалауымен таңдап алған тобы. Мұндай топқа енген адам
ондағы талап-тілектерді, белгілі принциптерді қолдап қана қоймай, оны
қызғыштай қорғайды, тіпті соның жолында жанын пида етуге дейін барады.
Нақты топтардың жоғары дәрежеде ұйымдасқан түрі – ұжым (коллектив) деп
аталады. Адамдардың ерекше ұйымшылдығының арқасында олардың мүдделерінің
бір-бірімен ұштасып, “бір жеңген қол”, “бір жағадан бас” шығаратындай халге
жетуі, топтың психологиялық ахуалының орнауы, онда “ырың-жырыңның” орын
алмауы, дамудың биік деңгейіне көтерілу – ұжымның басты белгісі. Кез-келген
топтың көп жағдайда ұжым деңгейіне көтеріле алмайтыны да көбінесе осындай
топта келеңсіз жағдайлардың орын тебуінен тьуындайды.
Әр адам топта қандай болмасын белгілі бір рөль атқарады. Бірақ оның
бұл рөлі тұрақты болмайдыв. Мәселен, сен бір кез сынып старостасы болдың
дейік, біраз уақыттан кейін сен енді санитар міндетін атқаруың мүмкін. Осы
ұжымның қатардағы мүшесі болатының тағы өз алдына. Кісінің атқаратын ісі
неғұрлым көп болса, соғұрлым ұжыммен тез байланысқа түсе алады, ол адамның
ұжымға ықпалы тиімдірек болады.
Адамның ықпал ету дәрежесі оның жеке басының қасиеттеріне де тәуелді.
Орамды ақыл, терең сезім, күшті ерік-жігер, қажыр-қайрат, қабілеттілік
осының бәрі ұжым иілігіне айналса, кісінің рухани өмірі бай болса, дағды
икем, шеберлігі жеткілікті болса, ол соғұрлым топ ішіне тез сіңіп, беделі
де жоғары болады. Ал, адам өзін ұжымнан жоғары қойса, әсіресе оған қарсы
келуге тырысса, тәкаппарлық көрсетсе, оның жұртқа ықпалы төмендеп, бара-
бара беделінен айырылатын болады.
Зерртеу нәтижесіне қарағанда, мектеп сыныптарындағы (35-40) адамның
ішінен тек үш-төрт оқушы ғана басқалардан айрықша белгілі болады екен.
Мұның себебіне келсек: біріншіден, олардың топ мүшелерімен қатынас жасай
білу қасиетінің жоғарылығында, яғни басқаның “жүрегіне жол таба” біліп,
қашанда көпшілікке жақын, белгілі болатындығында. Адам өз орнын жалбақтау,
жағымпаздану жолымен емес, өзінің табиғи болмысымен, қадір-қасиетімен, ашық
мінезімен табады. Сөйтіп, адамның топ ішінде белгілі болуы оның басқалардың
жағдайын түсіне білуі негізінде қалыптасады екен. Екіншіден, ондай адам
білімділігі, іскерлігі, өз білгенін басқалардан аямай, олармен риясыз
бөлісуге, көмектесуге әзір тұрушылығымен де ерекшеленеді. Үшіншіден,
кісінің сырт бейнесі мен келбет-кескінін, яғни дене күші факторын да
ескермеске болмайды. Расында да, кей жағдайда оқушылар қара күшке ие,
жұдырық жұмсай білетін құрбыларын құрметтейді.
Топ мүшелерінің көпшілігі өзара тату-тәтті тіршілік еткенімен, ондағы
әр адамның өзгелерден гөрі жиі байланысқа түсетін, яғни мүддесі бір,
әңгімелері жарасқан ортақ істі құлшына орындайтын жолдастық, достық
қатынастағы адамдар да болады.
Енді бір жағдайда топтағы адамдардың ішінде ешкіммен жеке қатынасқа
түспей, яғни өзіне ылайықты серік таба алмайтындары да кездеседі. Жұрт
ондайларды жек көріп, маңайларына жуытқысы келмейді.
Оқушы топтарында жекелеген балалармен өзгелермен араласпай, оқшау
жүруі, топ мүшелерінің кейбіреулерді жаңдарына жолатпай жүретіндігінің
себептері де сан алуан. Мұндай оқушы сабақты нашар оқиды, тіпті жақсы оқуға
талаптанбайды. Оның осы немқұрайлылығы ұжымнан оқшаулануына себеп болады.
Бұлар үсті-басына салақ қарайды, кейде қолайлы қарым-қатынас орнатуға
немқұрайлылығы олардың жекелеген “тума” қасиеттерімен (тұйықтық, ұялшақтық,
енжарлық, т.б) тоқайласып жатады.
Енді бір оқушылар өте кінәмшіл, сәл нәрсеге өкпелей қалатын, көбінде
өзгелерге кінә таға сөйлейтін болып келеді. Бұларға ұжымдағы әртүрлі оң
істер, олардың ұйымдастырушылары ұнай қоймайды. Өздері жұртты сынағыш,
мінегіш келеді.
Топ ішінде қатар-құрбыларының, ұстаздарының талап-тілегіне, ақыл-
кеңесіне тілазар, қыңыр балалар да кездеседі. Олардың тағы бір белгісі
сотқарлық, дөрекілік, көргенсіздігі. Топта, сондай-ақ, еңбек сүймейтін,
жалқау, өтірік айтуды әдетке айналдырған оқушылар да кездеседі. Олар
сыныптан өзінше орын алуға тырысып, осы жолда дөрекілікке, жалған
беделдікке құмартады, мектептен тыс уақыттарда өздері секілді балалармен
байланысқа түсіп, “көше” топтарында қабылданған мінез-құлықтың қоғамға жат
нормаларын мектепке әкелуге тырысады.
Топ басшысыз, яғни жетекшісіз болмайды. Кез келген топтың өздері
сайлап алған, не жоғарыдан тағайындалған басшысы болады. Топ әрекетінің
нәтижелі болуы жетекшіге де байланысты. Тәжірибелі ұстаз, өнегелі тәрбиеші
сыныптағыларды ұршықтай үйіріп, оларды пайдалы істі нәтижелі орындауға
бағдарлап отырады.
Топтардағы адамдарды танып танып-білу, басқару мәселесі,
психологиялық үйлесім ұғымымен тығыз байланысты. Бұл ұжымдағы ортақ істің
табысты болуына ондағылардың өз қызметінен рахат, ләззат алуын қамтамасыз
етіуіне мүмкіндік беретін психологиялық жағдай. Топтағылардың бір-бірімен
үйлесімділігі жарасса, яғни бірінің қылығы екіншісіне ұнайтын болса, олар
бір-бірінің мінез құлқын, қарым-қатынасын жатырқамай қабылдаса – онда
психологиялық үйлесімнің болғаны. Ал, мұндай ахуал жоқ жерде, яғни біреудің
харекетін екіншісі ұнатпаған жағдайда, тіпті ақылға сыйымды нәрсенің өзі де
қолдау таппайды, біреуі екіншісін түсінбейді. Топ мүшелері арасындағы
көзқарас пен сенім бірлігі, мүдделермен мінез бітістерінің қарама-қайшылығы
да үйлесімсіздікке себеп болады. Егер адам шамадан тыс қазымыр, тұйық, не
беймаза, тәкаппар, не өркөкірек болса, топтағы адамдармен дұрыс сыйыса
алмайды. Халқымыз “қырық кісі бір жақ, қыңыр кісі бір жақ” деп осындайларды
айтқан. Әсіресе топ жетекшісі не оның жекелеген мінез бітістері қолайсыз
болып келсе, ондайда жағдай тіптен қиын.
Топтағы “моральдық психологиялық ахуал” (кейде мұны әлеуметтік-
психологиялық ахуал деп те атайды) дейтін ұғымның да мәні зор. Бұл топ,
ұжым мүшелерінің өз ара қарым-қатынасындағы ортаұ тәртіп пен жауапкершілік,
яғни жетекші мен оның қарамағындағылардың бірін-бірі түсіне алуы, топтың
үйреншікті жұмыс стилі, онда ортақ пікірдің орнауы, т.б. Топтың көтеріңкі
көңіл-күйі ұжымдық міндеттің нәтижелі орындалуына қолайлы етеді. Білек
сыбанған құлшыныс, өзара жарасқан ынтымақ, өзара сыйластық, ұжым мүддесін
қастерлейтін жерде қандай ауыр жұмыс болса да жеңіл атқарылады. Мұндайда
еңсені басар ауыртпалық сезілмейді, сары уайым, жабырқау, түңілу,
жалғызсырауға орын қалмайды. Тату-тәтті өмір сүретін ұжымда ұрыс-керіс
болмайды, творчестволық іске, білімді терең меңгеру мен саналы тәртіпке аса
қажетті ахуал орнайды, қолайлы жағдай жасалады.
Шартты және әлеуметтік топтар әлеуметтік психологиядағы топтың екі
түрі. Шартты топқа жататындарды зерттеуші олардың белгілі бір тұрақты
қасиетіне орай ажыратады. Бұл топтпрға адамдардың, мысалы, жас
ерекшеліктеріне қарай, жынысына, ұлттық белгісіне не мамандығына тағы
басқа сәйкес бөлінуі мүмкін. Оған енгізілген адамдардың бір біріне және осы
топқа тікелей де, жанама да қатысы болмауы мүмкін. Дегенмен, олар
белгілі бір ерекшелігіне орай осы топқа қатынаста тұрады. Шартты топқа,
мысалы, мектеп жасына дейінгі балалар жатады деп есептеліп, сол жастағы
бірнеше бала іріктеп алынп зерттеледі.Мұндай зерттеу әлеуметтік
психологияның объектісіне жатады.
Байланысты топ белгілі кеңістік пен мерзім арасында мақсат
мүдделерінің бірлігіне сәйкес біріккен адамдар тобы. Мәселен, бір
сыныптағы оқушылар, мектептегі ұстаздар мен тәрбиешілер ұжымы,
жұмысшылар бригадасы, әскери бөлімдер, отбасының құрамы мұның бәрі
байланысты топтар деп аталады. Әлеуметтік психология үшін бұл топтардың
маңызы ерекше. Отбасы адамдардың алғашқы табиғи тобы. Сол топтардан
рулар қалыптасты. Бірлесіп еңбектену нәтижесінде адамдар кооперациялар
құрды. Ал коорпорациялар адамдардың шын мәнісіндегі еңбек тобы болып
саналады.
Байланысты топқа адамдар белгілі бір жағдайда бірігіп, ресми емес топ
құрайды. Мысалы, пойыз ішіндегі бір купеде келе жатқан жолаушылар
біршама уақыт өткен соң өзара тіл табысып, станцияларда бірі қажетті
нәрслер сатып әкеледі, енді бірі өзгелерді сөзге айналдырады, қалжың
әңгімелер айтып, қасындағыларды көңілдендіреді. Сөйтіп, кездейсоқ
адамдар тобы арасында қарым қатынас орнайды. Әдетте, мұндай топ өз
арасындағы біреуді басшы тұтып, қалғандары оның айтқандарын тыңдайды.
Өздерінше ішкі топ болып бірігуі олардың еркінен тыс сыртқы факторларға
байланысты. Ұйымдасқан осындай бір топ сыртқы нұсқау арқылы бірігеді.
Бұған әскери бөлімдерді жатқызуға болады. Кейде ресми және бейресми
топтар бірін бірі толықтырады. Мәселен, өнеркәсіп саласындағы өндіріс
бригадасының ұйымдасып еңбектенуі, ресми топтағы қожалық шаруашылығы,
фермерлер, жеке меншік ретінде құрылған өндіріс бірлестігі осыған мысал
бола алады.
Топтар басшысыз не жетекшісіз болмайды. Кез келген топың сайлап
алған, не болмаса белгілеп қойған басшысы болады. Әдетте, топ алға қойылған
мақсат мүдделерін жүзеге асыру үшін ынтымақты болып, сайланған басшының
жетекшілігімен әр алуан істерді атқарады. Топ мүшелері істернің
нәтижелі болуы жетекшіге байланысты. Тәжірибелі ұстаз, тәлімгер мен
тәрбиеші сынып ішіндегі топтарды қозғаушы күш етіп тәрбиелеп, оларды
пайдалы істерді орындауға бағдарлап отырады.
Ұжымдық топ.Адамдар топтасуының ұйымдасқан түрі ұжым. Оның шығу тегі
отбасы. Отбасы белгілі бір тайпаның не рудың негізгі бөлшегі. Адамдардың
әлеуметтік өмірінің тірегі де осы отбасы.Ұрылар мен гангстерлердің
бандасы да топ.Бірақ, олар ұжым емес. Олардың ұйымдасуының ішкі және сыртқы
мақсаттары жеке бастың қамы, қара ниет құлқы мен қоғамға деген зиянкестік
әрекеттер.
Адамдардың ұйымдасқан тобы ұжымның түпкі мақсаты адамдардың игілікті
мұрат мүдделеріне сәйкес істерді атқарып, қоғамның дамуына өз үлесін
қосу. Ғылыми түрғыдан алғанда, әрбір жеке адам өз қауымдастығында
ерікті болғанда ғана пайдалы істермен шұғылдана алады. Сөйтіп, қоғамға
өз пайдасын тигізеді.

Топтағы адамдардың өзара қарым қатынас түрлері.
Әлеуметтік ортада тіршілік етуші азамат өзінің кім екенін былайғы жұртқа
өзін қоршаған орта мен сыртқы дүниеге деген қатынасы арқылы таныта
алады.Адамдар қарым –қатынасының сыр-сипаты қоғамдық өмірде, әсіресе
өндірістік істердегі әрекетінен айқын байқалады. Топ ішіндегі адамдардың
бір-біріне тәуелділігі, бағынуы,бірлесіп атқаратын ітері,өзара көмектесуі
–олардың нағыз топтық тіршілігінің заңды түрде қалыптасуына көрсететін
сипаттар. Олардың арасындағы қарым –қатынастардың мазмұрды болуы түрлі
әлеуметтік жағдайларға және әрбір азаматтың даралық нақты іс-әрекеттеріне
байланысты. Мұндағы өзекті мәселе-адамдардың қоғамдық ісінің нәтижелі болуы
мен әлеуметтік мақсаттылығы. Адамдар арасындағы тікелей қарым –қатынас бір-
бірін ұнатып, қолдау нәтижесінде өрістесе, ал жанама қарым –қатынас олардың
бағалы заттарды өзара алмасуы мен бірінің ісін бірі бағалау нәтижесінде
қалыптасады.Мұндай қатынас негізінен ұжымдық сипат алады.
Психология пәні адамдар арасындағы
жанама қатынастардың түрлі өзгерістерге ұшырайтынын ерекше атап көрсетіп,
олардың мынадай деңгейлерде қалыптасып отыратындығына мән
береді:а)диффузиялық топ- бұл аралас топ деп те аталады, мұндай топтағы
адамдардың өзара қарым –қатынасы топтың негізгі іс -әрекетіне байланыссыз
жүзеге асады;ә)ассоциация –бұл ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жеке тұлға психологиясы
ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯ кітабі
Менеджмент психологиясы бойынша дәрістер
Менеджмент психологиясы жайлы лекциялар
Балалар психикасының даму сатылары
Басқару психологиясының пәні мен объектісі
Инженер психологиясының принциптері
Психология тарихы туралы
Балалар психологиясы пәні оның міндеті
Педагогика және психология 3 курс мамандығына арналған Әлеуметтік психология ПӘНІНІҢ ОҚУ-ӘДІСТЕМЕЛІК КЕШЕНІ
Пәндер